Қаржылық құқық

 

Жоспар

       Кіріспе...................................................................................................2

Негізгі бөлім:

    А) Қаржылық құқық.......................................................................................3

    Б) Қаржылық құрылым.................................................................................5

    С) Қаржылық бақылау...................................................................................7

    Д)  Қаржылық жоспарлау...............................................................................11

    Е)  Қаржылық құқық бұзушылық..................................................................12

Қорытынды................................................................................................13

          Қолданылған әдебиеттер..........................................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен  мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін  әрі ұйымдастыру – реттеуші ықпалын  тигізетін әулетті құрал болып  табылады. Мемлекет пен мемлекеттік  қаржылар және қаржылық құқық әрдайым  өзара тығыз байланыста болады, сондай – ақ олар бір бірінсіз көрініс  таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам  жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы  дамуының материалдық негізі болып  саналады.

Сонымен қатар, қазіргі кезде  мемлекеттік қаржылардың қоғам  мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне  тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға  сай келтіру және инвестициялық  белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын рөлі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Бүгінде, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай  жүргізуге себін тигізеді, ал қаржылық құқық әлеуметтік – экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі  қуатты құрал ретінде баршаға  мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік  қаржылар бөлу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты  субъектісі мемлекет болып табылатын  экономикалық қатынастардың жиынтығынан  тұрады.

Мемлекеттік қаржылардың  материалдық негізін ақша нысанындағы  құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға  байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.

Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан қарастырылады.

Экономикалық категория  ретінде мемлекеттік қаржылар деп  мемлекеттің және жергілікті мемлекеттік  басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.

Ал материалдық мағынасында, мемлекеттік қаржылар қоғамның және мемлекеттің тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары  қорларының жиынтығын көрсетеді.

Қаржылық құқық

Құқық саласы ретінде –  қаржылық құқық мемлекеттің ақшалай  қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды  ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы боп табылады.

Осы мемлекеттік қаржылық қатынастар мынадай өздеріне тән  белгілермен ерекшеленеді: бұл қатынастар ақшалай қатынастарға жатады; бұл  қатынастар әрқашанда бөлу сипатында  болады; бұл қатынастар тауар нысанындағы  құнның қарсы қозғалысына жолықпайтын  ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіреді; бұл қатынастар мемлекеттің  болмысына, оның өсіп – өркендеуіне  байланысты пайда болады, сондай-ақ оның қаржылық қызметінің нәтижесі ретінде  көрініс табады; бұл қатынастар әрқашанда баламасыз қатынастар қатарына жатады; бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтындықтан әрқашанда құқықтық нысанда болады.

Қаржылық құқықтың  реттеуші әуелеті көбінесе мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына және қаржылық қатынастардың  нақты қатысушыларына әмірлі өктем  ықпал ету арқылы көрініс табады.

Қаржылық құқықта пайдаланылатын құқықтық реттеу әдістеріне императивтік мемлекеттік – өктем билік  әдісі мен диспозитивтік қаржылық – шартты әдіс жатады.

Императивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері  болады: мемлекеттің әмірлі талабы нормативтік сипаттағы біржақты құқықтық акті нысанында көрініс  тапқан; осы әмірлі талап екі жақтың жүріс – тұрыстарын мұқият айқындайды; екі жақтың өзара құқықтары мен  міндеттері мемлекет тұрғысынан туындайды және олар осы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актіде белгіленген; өздері үшін міндетті боп табылатын мемлекеттің әмірлі талабын атқарудан екі жақтың да бас тартуға хақылары жоқ; мемлекеттің әмірлі талабын бұлжыртпай орындау мемлекеттік уәкілетті органдар біржақты түрде не болмаса сот арқылы жүзеге асыратын мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз етіледі; екі жақтың да жүріп – тұру қағидаларын таңдауға, оның ішінде өзара келісім негізінде таңдауға мүмкіндіктері мүлдем болмайды, ал болған жағдайда елеусіз, болымсыз мән – жайларды қамтиды; қаржылық құқықтық қатынасқа мемлекеттің уәкілетті органы ретінде қатысатын субъект, мемлекеттің әмірлі талабын мәжбүрлеп орындатқызуға мүмкіндік беретін өктем өкілеттілікпен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында негізінен императивтік – әмірлі құқықтық реттеу әдісі  жиі қолданылады. Сонымен бірге, қажетті кездерде диспозитивтік  – шартты құқықтық реттеу әдісінің де жеткілікті көлемде қолданылатынын білу қажет. Осы диспозитивтік құқықтық реттеу әдістері мынадай өздеріне тән  айрықша белгілерімен көзге түседі: екі жақтың құқықтары мен міндеттерін  туындатуымен қатар, ол мемлекетке немесе оның уәкілетті органына қажетті  құқықты көбірек береді; диспозитивтік  әдістің көмегімен реттеу кезінде  қаржылық – құқықтық шарт қаржылық қатынастың заңи нысаны ретінде көрініс  табады.

Қаржылық құқықтың нормалары  мен институттары іштей белгілі  бір қыйсындылықты ескере отырып жүйелендірілгендіктен, осыған орай қалыптасқан  қаржылық құқықтың құрылымы оның жүйесін  білдіреді.

Демек, қаржылық құқықтың жүйесі мемлекеттік қаржылық  қатынастар жүйесімен объективті негізделген  қаржылық құқықтың ішкі құрылысын, сондай-ақ оны құрайтын қаржылық-құқықтық нормалардың  өзара бірігуін және өздері реттейтін, негіздейтін тиісті қаржылық қатынастарға байланысты белгілі бір тәртіппен орналасуын көрсетеді.

Қаржылық құқықтың жүйесі көбінесе жалпы және ерекше бөлімдері  арқылы көрініс табады.

Қаржылық құқықтың жалпы  бөлімі:

    • Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері;
    • Ақша жүйесінің құқықтық негіздері;
    • Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару;
    • Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері;
    • Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері;
    • Қаржылық – құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу сияқты институттардан тұрады.

Ал қаржылық құқықтың ерекше бөлімі:

    • Бюджеттік құқық;
    • Қаржылық – банктік құқық;
    • Қаржылық – сақтандыру құқығы;
    • Қаржылық шаруашылық құқығы.

 

 

 

 

 

Қаржылық құрылым

Мемлекеттің қаржылық құрылысының  құқықтық негіздері мемлекеттің  қаржы жүйесінің құрамын және оның ұйымдастырылу құрылымын белгілейтін, қаржылық құрылымды құрайтын және тиісті қаржыларды басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың  жүйесін айқындап, құзыреттерін белгілейтін  қаржылық құқықтың институты боп  табылады.

Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан:

  1. Тиісті қаржылық – экономикалық институттармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен;
  2. Мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесінен;
  3. Мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.

Мемлекеттің қаржы жүйесін  құрайтын қаржылық – экономикалық институттар:

  1. Бюджет жүйесі;
  2. Бюджеттен тыс мақсатты қорлар;
  3. Мемлекеттік сақтандыру қаржылары;
  4. Мемлекеттік банктердің қаржылары;
  5. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары ретінде көрініс табады.

Мемлекеттің қаржылық құрылымын  арнайы мамандандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:

  1. ҚР Қаржы министрлігі;
  2. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
  3. ҚР Қаржы министрлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар;
  4. ҚР Ұлттық Банкі;
  5. ҚР Ұлттық Банкісінің банктік және сақтандыру қадағалауы департаменті, бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті, бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті, төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті құрайды.

Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің  ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым – қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.

Қаржылық реттеудің әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің  құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесінің  құрамына кіретін ақшалай қорлардың  түрлері мен бағдар-бағыттарын айқындау.

Қазақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі тұтасымен алғанда бірлік принципіне негізделген және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақ та белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың элементтері (мысалы, жергілікті бюджеттердің) іс жүзінде бар екенін айтқан жөн.

Орталықтандырылған мемлекеттік  қаржылар жалпы мемлекеттік сипаттағы  қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік биліктің орталық  органдарының қарамағындағы ақшалай  құралдарының қорлары болып табылады.

Орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің (мемлекеттік  кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай  қорлары) қарамағында болады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік маңызы бар  шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін, төтенше жағдайларды республикалық  деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру).

Жергілікті қаржылар жергілікті маңызы бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірліктердің ақшалай қорларымен көрінеді.

Қаржы қызметінің тәсілдері:

  1. Мәжбүрлеп және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу (салықтар);
  2. Мәжбүрлеп және қайтарымды ақша құралдарын өндіріп алу (мәжбүрлі қарыз);
  3. Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу қызметі);
  4. Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);
  5. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді іске асыру негізінде ақшалық құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);
  6. Мемлекеттік мүліктерді пайдаланған және өткізгеннен алынған ақшалық құралдарды мемлекет табысына айналдыру;
  7. Эмиссия (ақшалық құралдарды шығару).

 

Қаржылық бақылау

Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі.  
Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үрдісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн категориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.  
Қаржылық бақылаудың объектісі болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу үдерістері танылады.  
Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау.

Қаржылық бақылаудың міндеттері: 
- ұлттық шаруашылықтың қорлары мен ақшалай табыстарының мөлшері мен қаржы ресурстарын қажетсінуі арасын баланстауға ықпал ету;  
- мемлекеттік бюджет алдындағы қаржы міндеттемесінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;  
- қаржы ресурстарының өсуі, оның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнімнің рентабельділігін арттыру бойынша өндірісшілік резервтерді анықтау;  
- кәсіпорындар мен ұйымдарда және бюджеттік мекемелерде ақша ресурстары мен материалдық құндылықтардың рационалды жұмсалуына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың дұрыс жүргізулуіне ықпал ету;  
- қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде әр түрлі ұйымдық – құқықтық нысандағы кәсіпорындарға салық салу саласы бойынша сақталуын қамтамасыз ету;  
- кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне, оның ішінде валюталық операциалар бойынша белсенді қатынасуына ықпал ету т.б.  

Қаржылық бақылаудың функциялары:  
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (алынған соманың шығындарға сәйкестігін және мемлекеттік қаражаттардың пайдалану тиімділігін);  
2) қаржы жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік ресурстардың толық әрі уақтылы жұмылдырылуын тексеру;  
3) есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын тексеру.  
Бюджеттік бақылауға жергілікті қаржылар және мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары да қамтылады.  
Қаржылық бақылауды жүзеге асыру үшін жоғарғы білікті мамандар қамтылған ерекше бақылау органдары құрылады.  
Елдің заңнамалық органдары бюджет жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік бюджет, ұлттық шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарын бекіту мен қарауды бақылайды. Жұмсалатын шығындардың мақсаттылығы, заңды және тиімді түрде мемлекеттік құралдарды пайдалану бақыланады. 
1. Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарды бақылайды:  
1) бюджет түсімдерінің көздерін, оларды үкімет және заңнамалық органдардың үнемді, ысырапсыз пайдалануын;  
2) мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуын, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік меншіктің жекешелендіру жұмысын;  
3) арнайы қорлар қаражаттарын пайдалану;  
4) қоғамдық ұйымдардың, партияларды қоса алғанда, жарғылық мақсатқа сәйкес алынған кіріс көздерінің пайдалануын.  
2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың арнайы ведомствосы. Қаржы министірлігіне бағынатын қаржылық бақылау комитеті. Қазақстан Республикасының барлық субъектілерінде Қаржылық бақылау комитетінің органдары болады. Бұл аппарат түгелімен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Қаржылық бақылау комитеті – мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын жалғыз жүйе. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырады.  
- мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды және мекемелерді тексеруді құжаттайды;  
- Ішкі істер министірлігінің тапсырмасы бойынша ұйымдасқан қылмыспен күресу шеңберінде тексеру жүргізеді. Бұл құрлымдағы басты мәселе –қаржылық бақылаудағы заңнамалық база.  
3. Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары. Мемлекеттік комиссиялар, мемлекеттік комитеттер, министрліктер мен ведомстволар қаржылық бақылауды арнайы ревизиялық аппаратпен өткізеді.  
4. Қаржы министрлігі басқаратын қаржы органдары бюджет қорындағы қаржының қолданылуы мен жұмылдырылуы үдерісін бақылайды.  
Бюджеттік бақылау экономиканың дамуы мен мемлекеттік бюджет түсімінің максималды өсуін қамтамасыз ететін оңтайлы қаржы саясатын жүргізуге ықпал етеді. Бақылаушы органдар мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы – өндірістік қызметіне ревизияның барлық түрін жүргізеді.

Салық қызметі – бұл қаржылық бақылауды жедел жүзеге асыратын органдар. Салық органдарын Қаржы министрлігінің Салық комитеті басқарады. Салық комитеттері тек өзінен жоғары тұрған органға ғана бағынады.  
Салық қызметтерінің жұмысы болып мыналар табылады:  
а) салықтар туралы заңнаманың орындалуын бақылау, өз уақытында бюджетке салықтық төлемдердің төленуін және толықтылығын қамтамасыз ету;  
ә) ведомстволық бағыныштылығына және ұйымдық-құқықтық нысанына тәуелсіз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тексеру;  
б) салық салынатын табыстың дұрыс анықталуын бақылау;  
в) барлық субъектілерді, сондай-ақ нақты салық салу объектілерін тіркеу;  
г) мемлекет меншігіне өткен иесіз, тәркіленген мүліктерді есепке алу, бағалаумен қатар оларды өткізу.  
Салық қызметінің құқықтарына мыналар жатады; меншіктің әр түрлі нысанындағы ұйымдардан заң бойынша комерциялық құпияны білдіретін ақпарлардан басқа құжаттар мен мәліметтер алу; азаматтардың кәсіпкерлігі туралы заңнаманың сақталуын бақылау; табыс табу үшін пайдаланылатын ғимаратты зерттеу; құжат ұсынбаған жағдайда азаматтар мен кәсіпорындардың барлық операцияларын тоқтату; табыс жасырғанын куәландыратын құжаттарды алу; санкция мен айыппұл қолдану; мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін кәсіпорынды жою туралы сот пен арбитражға талап беру. Салық қызметінің қызметкерлері үстінен шағымдануына болады.  
Қаржылық заң бұзушылықтармен, сондай-ақ, қаржы полициясы айналысады. Олар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, мемлекеттік қаржы ресурстарына ысырап жасау фактілерін анықтайды.  
Тауар –ақша қатынастарының дамуы әр түрлі меншік түрлерін туындатады, қаржы бақылауының әр түрлі нысандары мен құралдарының пайда болуы мен дамуын анықтайды қаржы нарығының қалыптасуына ықпал етеді.

Қаржылық бақылаудың элементтері:

    • Бақылау субъектісі (тексеруші);
    • Объект (бақылаудың) (тексерілуші);
    • Бақылау заты (тексерілетін);
    • Бақылау мақсаттары (не үшін тексеріледі);
    • Бақылау жүргізу тәсілдері (қалай тексеріледі).

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың субъектілері болып мемлекеттік  органдар немесе мемлекеттің тапсырысымен және оның атынан іс – әрекет жасайтын мемлекеттік емес субъектілері.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектілері: мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар: азаматтар. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың заты ретінде осы бақылау объектілерінің тәртібі, оларды өз қаржылық міндеттерін  сақтауы жатады.

Қаржылық заңдар жинағын  бұзушыларға қолданатын шаралардың бірі қаржылық санкция (мақұлдау), ол қаржылық-құқықтық айып немесе қаржылық-құқықтық пұл  ретінде қолданады.

Қаржылық бақылаудың сатылары:

    1. Ақпарттар жию.
    2. Жиналған ақпараттарды бағалау.
    3. Жиналып және талқыланған ақпараттарға көңіл қою.

Тексеріс ең басты тиімді қаржылық бақылаудың тәсілі болып табылады. Және ол басқа тәсілдермен қабыса жүргізіледі. Тексеріс – бұл бухгалтерлік жазулар мен алғашқы құжаттарды зерделеу негізінде қаржылық – шаруашылық қызметін тексеруін қамту көлеміне қарай бөліңеді.

Толық тексерістер тексеру  объектілері бойынша: құжаттылық (құжаттамалар тексеріледі):

Ұйымшылдық белгілері  бойынша бөлінетіндері жоспарлы (бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі), жоспарсыз – тексерістер.

Тексеріс қорытындысы  өте заңдық маңызы бар тексеріс актісімен рәсімделеді.

Қаржылық бақылаудың принциптері:

      • жалпылық және әмбебаптық;
      • іс – әрекеттік және шұғыл жұмыстық;
      • нақтылық және іскерлік;
      • тұрақтылық және қауырт жұмыстық;
      • жариялық және көпшілікті;
      • дұрыстық және заңдық.

 

Қаржылық жоспарлау

Қаржылық жоспарлау мемлекеттің  ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық жоспарлауды әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін жоспарлы түрде басқару немесе қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылған органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгіленген қызметтері түрінде көрініс табады. Қаржылық жоспарлау объектісі ақшалай қор боп табылады.

Қаржылық жоспарлаудың міндеттері: ақшалай қорлардың қалыптастырылу көздері мен жалпы көлемін  айқындау; ақшалай қорларды пайдаланудың басымды бағыттарын айқындау; қажетті  қаржылық резервтерді құру; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарын экономика секторлары мен салаларының  және әкімшілік – аумақтық құрылымдардың  арасында бөлудің ұтымды пропорциясын белгілеу боп саналады.

Қаржылық жоспарлау сатыларына:

  1. қаржылық жоспардың жобасын әзірлеу;
  2. қаржылық жоспардың жобасын қарау;
  3. Қаржылық жоспарды бекіту;
  4. Қаржылық жоспарды атқаруды ұйымдастыру және оның атқарылуына бақылау жүргізу;
  5. Қаржылық жоспарды жабу және қаржылық жоспардың атқарылуы жөнінде есеп беру.

Жоспарлы – қаржылық актілер  қаржылық жоспарлаудың заңи нысаны және қаржылық-құқықтық актілердің бір түрі боп табылады. Жоспарлы – қаржылық актілердің ҚР Парламентінің заңы, жергілікті мәслихаттардың нормативтік  шешімдері, ҚР Үкіметінің нормативтік  қаулысы, министрдің бұйрығы, кәсіпорынның бірінші басшысының бұйрығы сияқты құқықтық нысандары болады.

 

 

 

 

 

Қаржылық құқық  бұзушылық

Қаржылық құқық бұзушылық  деп қаржылық заңдардың нормаларымен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда нақты заңи жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиесілі қаржылық міндеттерін тиісінше орындамағандарына байланысты көрініс табатын қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерін айтуға болады.

Қаржылық құқық бұзушылық: құқыққа қайшылығы; кінәлілігі; зардаптың  болуы; құқыққа қайшы әрекет пен  соның нәтижесінде туындаған  залал-зардаптың арасындағы себептік байланыс; жазаға тартылуы сияқты белгілерімен сипатталынады.

Қаржылық құқық бұзушылықтардың:

  1. Мемлекет пен қоғамның материалдық мүдделеріне қарсы қаржылық құқық бұзушылықтар.
  2. Мемлекеттің қаржы жүйесінің айтарлықтай қызмет атқаруына кедергі жасайтын қаржылық құқық бұзушылықтар.
  3. Қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тараптардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қарсы бағытталған қаржылық құқық бұзушылықтар.
  4. Мемлекеттің мамандандырылған қаржылық органдардың өз қызметтерін жүзеге асыруларына кедергі келтіретін қаржылық құқық бұзушылықтар сияқты түрлері болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән – жайларына  байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастыру тұрғысынан қарастырылады.

Материалдық мағынасында, қаржы  жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың  жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында, қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі  бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық – экономикалық институттардың жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында, қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.

Қаржылық құқықта құқықтық реттеушіліктің 2-тәсіл қолданылады: бұйрықты және келісімді.

Өзінің құқықтық түрі бойынша қаржылық қатынастар келісімсіз және келісімді қатынастары боп бөлінеді.

Қаржылық-құқықтық нормалар – мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде туатын қатынастардың  қатысушыларының тәртібі ережесін орнататын құқықтық нормалар.

Ағымды қаржылық бақылау  – қайбір қаржылық шараларды жүргізу  процессінде асырылады.

Соңғылау қаржылық бақылау қаржылық шараларды жүргізіп болғаннан кейін асырылады. Мақсат қаржылық құқық бұзушылықтың жасалуын және сапасыз қаржылық міндеттемелерді орындалу дәлелдерін анықтауда.

Қаржылық бақылаудың сипаты мен құқықтық мәртебесіне байланысты арнайы, функционалды болып бөлінеді.

Арнайы қаржылық бақылау  – бұл мемлекеттің арнайы қаржылық органдарымен жүргізілетін бақылау.

Функционалды қаржылық бақылау  – қаржылық қызметі жалпылай және көбінесе қаржылық тек бағытындағы (функцияда) қызметін сол мемлекеттік  органдармен жүргізетін бақылау.

Ішкі бақылау – бақылаудың субъектісі мен объектісі бір  ұйымшылдық жүйенің звеносы болып  табылады. Мысалы, Министрлік өзінің қарамағындағы  кәсіпорындардың қаржылық операцияларын  тексереді.

Сыртқы бақылау – ұйымдастыру  қарамағына жатпайтын объектілерге қатынасты жүргізіледі. Мысалы, Қаржы  Минисртлігі басқа министрліктің (ведомствоның) қарамағындағы кәсіпорынды  тексереді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. З.К.Абдуллина, М.Т.Баймаханов, Е.Баянов, Л.Ш.Берсүгірова және т.б. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен Құқығының негіздері, Алматы 2009ж.,
  2. С.Д.Баққұлов, «Құқық негіздері», Оқулық, 2-ші басылым, Алматы, 2004 ж.
  3. Ғ.А.Жайлин «Азаматтық құқық», Оқулық, Алматы 2003.

 

 


Қаржылық құқық