Қаржылық жоспарлау. 2

                                             Мазмұны

 

Кіріспе...........................................................................................................3

1-Тарау. Қаржылық жоспарлау ұғымы..........................................................

1.1 Қаржылық  жоспарлаудың мазмұны..............................................................

1.2 Қаржылық  жоспарлаудың міндеті.................................................................

2Тарау. Қаржылық жоспарлаудың құрылымы............................................

2.1 Қаржылық  жоспарлаудың қағидалары..........................................................

2.2 Қаржылық  жоспарлаудың әдістері .................................................................

2.3 Қаржылық  жоспарлаудың түрі......................................................................

Қорытынды................................................................................................

Қолданылған  әдебиеттер........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе                                                                                                                                                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Тарау Қаржылық жоспарлау ұғымы.

1.1 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны.

Қаржылық жоспарлау-бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономикалық үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндістің материалдық - заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанға жүзеге асырылады.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру және пайданлану.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны  экономикалық субъектіердің ақшалай  табыстары мен қорланымдарды  жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде  көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай  қорларды қалыптастыру және пайдалану. 

  Кәсіпорын нарық жағдайында қаржыны қазіргі заманғы басқару әдістерін пайдаланбай орнықты жұмыс істей алмайды. Фирма ішінде қаржыны жоспарлау мен бақылауды жетілдіру өаржы менеджментінің тиімділігін арттырудың негізгі бағытының  бірі болып табылады. Отандық және шетелдік практикалық тәжірибе қарқыны микродеңгейде жетілдіру проблемасы  өзінің өзектілігін жоғалтпағанын растайды. Жоспарлау алдын ала болжанбайтын нарықтық қарым-қатынас жағдайында кәсіпорынның қызметін тұрақтандырады.

Ұйымның қызметін жоспарлаудың бір-бірімен  тығыз байланысты әрі өзара себепкер болатын аспектісі бар:

  • Жалпы экономикалық – фирма теориясының көзқарасынан;
  • басқарушылық – менеджменттің компанияның қызметін болжауға және осы болжамды өзінің даму мақсатында пайдалану ептілігін көрсететін функциясы ретінде.

Жоспарлау корпорацияның ішінде жасалатын  сауда мамілесі

(келісімшарт) бойынша, мысалы, сатып алушы мен жеткізушіні іздестіруге, мәміленің мәні жөнінде келіссөз жүргізуге, консультанттың қызметін төлеуге жұмсалатын трансакциялық артық шыгынды жоюға септігін тигізеді.

Жоспарлау арқылы:

    1. Кәсіпорын дамудың қандай деңгейінде (оның экономикалық әлеуеті қандай) және оның қаржы-экономикалық қызметінің нәтижесі қандай?
    2. Кәсіпорынның мақсатына қаржыны қоса алғанда қандай қандай ресурстың көмегімен қол жеткізуге болады деген сұрақтарға жауап алуға болады.

Ұзақ мерзімді және жедел жоспар жүйенсі негізінде жоспарланған жұмыс ұйымдастырылады, қызметкерлер ынталандырылады, нәтиже бақыланады және ол жоспарлы көрсеткіштің көмегімен  бағаланады. Корпорация кәсіпкерлік  тәуекелді толықтай жоюға дәрменсіз, алайда жан-жақты болжаудың көмегімен  оның жағымсыз салдарын төмендете алады.

Жоспарлаудың артықшылықтары мынада: 

    • Жоспарлау өзгермелі нарықтық жағдайында қолайлы мүмкіндікті пайдалануды қамтамасыз етеді;
    • Жоспарлау нәтижесінде туындайтын көптеген проблема анықталады;
    • Жоспарлау басқарушылық қызметті ынталандырады;
    • Корпарацияның құрлымдық бөлімшелері арасындағы іс-әрекетті айқын үйлестіру қамтамасыз етіледі;
    • Басшылық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіледі;
    • Ресурс оңтайлы бөлінеді.

Ұйымның қаржы жоспарын әзірлеу оның ақша шаруашылығын тұрақтандыру жөніндегі іс-шахралар жүйесінде маңызды орын алады. Қаржыны жоспарлаумен байланысты негіззгі ұғымэдажрға анықтама берейік.

Қаржы жоспары – бұл ағымдағы ( 1 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (1 жылдан асатын) кезеңде ақшалай қаражаттың түсуі мен оның жұмсалғанын көрсететін қорытып жинақталған жоспарлау құжаты. Аталмыш жоспар келешектегі ақхша түсімінің сапалы болжамын алу үшін қажет. Осы жоспарлау құжатында ағымдағы және күрделі бюджет, сондай-ақ қаржы ресурсының  1-2 жылға арналған болжамы жасалады.

 

1.2 Қаржының жоспарлау  міндетіне:

  1. Экономикалық, құқықтық, есептік және нарықтық ақпаратты, сондай-ақ компанияның қаржы және инвестициялық саясаты жөніндегі мәліметті пайдалану;
  2. Дивидент, қаржыландыру және инвестиция жөніндегі шешімдердің өзара байланысын талдау және бағалау;
  3. Жағымсыз жағдайдың ықпал етуіне жол бермеу мақсатында, басқарушылық шешімнің салдарын болжау, сондай-ақ жедел және ұзаъқ мерзімді шешімдердің өзара байланысын айқын білу;
  4. Қабылданған қаржы және инвестициялық жоспардың шеңберінде орындалатын шешімді таңдау;
  5. Қаржы жоспарында белгіленген шешім мен мақсаттың орындалған нәтижесін салыстырып бағалау кіреді.

 Қаржылық жоспарлау экономиканы  және оның буындарын басқарудың  аса маңызды функциясы болып  табылады. Қаржылық жоспарлауды  мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғары құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылық жүргізудің рыноктық жағдайларында  шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкі  нәтижелеріне  ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты қаржылық жоспарлау көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Қаржылық жоспарлаудың  құрылымы.

      1. Қаржылық жоспарлаудың қағидалары.

Жоспарлау қағидалары корпарациядағы жоспарлы қызметтің  сипаты мен мазмұнын  анықтайды.

  1. Жүйелік жоспарлау қағидалары:
    • Элементтердің жиынтығын;
    • Осы элементтердің өзара байланысын;
    • Жүйеге кіретін бөлімшелердің корпарацияның мақсатына сәйкес бірыңғай бағытта дамуын қарастырады.

Фирманың  сатылас біртұтастығы жоспарлы қызметтің  бірыңғай  бағытын, сонымен бірге  барлық бөлімшелердің ортақ мақсатын қамтамасыз етеді.

  1. Жекелеген бөлімшелердің жоспарын үйлестіру принципінде:    
    • Бір бөлімшенің қызметін басқа бөлімшенің қызметімен байланыстырмай тиімді жоспарлауға болмайды;
    • Бір құрылымдық бөлімшенің жоспарындағы кез келген  өзгеріс басқа бөлімшені жоспарында да көрсетілуі тиіс деп қарастырылған.

 Демек,  өзара байланыс пен бір уақытта  іске асыру – ұйымда жоспарлауды  үйлестірудің негізгі ерекшелігі  болып табыладыү

  1. Қатысу принципіне сәйкес компаниядның әрбір маманы (менеджері) атқаратын қызметіне және өзіорындайтын функцияға қарамастан жоспарлы қызметке қатысушыға айналды.
  2. Үздіксіз принйіпі бойынша:
    • Жоспарлау процесі белгіленген саты шеңберінде жүйелі турде жүзеге асырылады;
    • әзірленген жоспарлар бір-бірін үздіксіз алмастырады (сатып алу жоспары - өндіріс жоспары – маркетинг (өткізу) бойынша жоспар – ақшалай қаражаттың қозғалыс жоспары ).

Сонымен бірге сыртқы ортаның тұрлаусыздығы  мен ішкі жағдайдың болжанбаган  өзгеруі салдарынан корпарацияның  жоспарын нақтылау және оған тузету енгізу қажет.

Икемділік принціпі үздіксіз принципімен тығыз байланысты. Осы

  1. принципке сәйкес корпация жоспарлы қызметтің шектерінен шығуға мәжбүр болатын күтпеген жағдайдың туындау ықтималдығына жол беріледі. Сондықтан жоспарда қауіпсіздік резерві (өндірістік қуат, ресурс және т.б.) болуы тиіс.
  2. Дәлдік принципінде корпаративтік жоспар компанияның ішкі және сыртқы ахуалы мүмкіндік беретін дәрежеде егжей-тегжейленуі және нақтылануы тиіс деп қарастырылады.

Осы жалпы ережеге сүйене отырып қаржыны жоспарлау принципін нақтылау қажет:

          а) мерзімдердің қаржы арақатынасы принципінде («банкінің алтын ережесі») қаражат белгіленген мерзімде алынуы және пайдалануы, яғни ұзаұ мерзімде өтелетін күрделі салымды ұзақ мерзімді қарыз қаражаты (ұзақ мерзімді банк кредиті мен облигациялық қарыз) есебінен қаржыландыру қажет деп қарастырылады.

          ә) төлем қабілеттілігі принципіне сәйкес ақшалай қаражатты жоспарлау корпорацияның төлем қабілеттілігін жылдың кез келген уақытында қамтамасыз етуі тиіс. Корпорацияның бірінші кезектегі қысқа мерзімді міндеттемені өтеуді қамтамасыз ету үшін өтімді қаражаты жеткілікті болуы тиіс. Мұның өзінде айналым активі әр кезде қысқа мерзімді пассивтен жогары, ал меншікті айналым қаражаты материалдық құндылықтан және қызмет жеткізушінің алдындағы ең жедел міндеттемеден асуы тиіс.

          Айналым активі мен қысқа мерзімді  пассив арасындағы осындай қолайлы  арақатынасқа жету үшін:

  • өндіріс пен өнім өткізу кестесін сақтау;
  • компанияны қаржыландыруға жұмсалатын шығынды барынша төмендету;
  • компанияның өтімділігін бір шама жеткілікті деңгейде ұстау қажет.

Осы мақсатқа жету үшін кредит пен  қарыз өтелетін мерзімнің активтің тіршілік ету ұзақтығымен үйлесуі  үшін тырысу қажет. Осы үйлесімге  қол жетіспеген жағдайда, компания өтімділікті жоғалту тәуекеліне ұшырайды. Мысалы, егер ұзақ мерзімді актив  қысқа мерзімді міндеттеменің есебінен қаржыландырылса, онда корпорация менеджерлерінің  дәл осы сәтте қажет ақшалай  қаражатқа қол жетпеуі немесе оның бұдан да жоғары бағаға сатып  алуға болатындай жағдайда корпорация үнемі қаржыландыру көзін іздестіруге  мәжбүр болады. Ал ағымдағы қажеттілік ұзақ мерзімді кредит пен қарыз есебімен қаржыландыру жөнінде айтатын болсақ, онда бұл жағдайда ұзақ мерзімді қаржыландыруға жұмсалатын шығын айналым активин  қысқа мерзімге салудан алынған  пайдадан жлғары болуна әкеп соқтырады, ал мұның өзі ең соңында копанияның пайдасын төмендеуіне әкеп соқтырады. Корпарация үшін өтімділік параметрі (абсалюттік,ағымдағы және жалпы) маңызы зор. Сондықтан қаржы менеджері  әр уақытта міндеттемені уақытында  төлеуге даяр болуы және қаражатты  тиімді инвестициялау үшін қолайлы  мүмкіндікті пайдалану тиіс.

б) күрделі салымның пайдалылық принципінде күрделі салым үшін ең арзан қаржыландыру тәсілін (өзін-өзі қаржыландыру, қаржы жалгерлігін – лизингті, инвестициялық селенгті) таңдау қажет деп қарастырылады. Қарыз капитал меншікті капиталдың пайдалылығын арттырған жағдайда ғана оны тарту тиімді. Мұның өзінде қаржы тұтқасы (левериджтің) әсерін қамтамасыз етіледі. Леверидж – тартылған капиталдың мөлшерінде қарыз қаражаттың пайда болуына байланысты туындайтын, сонымен бірге меншікті капиталға қосымша пайда алуға мүмкіндік беретін объективті фактор.

в) Тәуекелдің теңгерімділігі принципі. әсіресе тәуекелді ұзақ мерзімді инвестициялық меншікті қаражат есебінен (таза пайда, амортизациялық аударым және т.б.) қаржыландырған орынды.

г) Нарықтың қажеттілігіне бейімделу принципі. Ұйым нарық жағдайын, сондай-ақ ағымдағы және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін меншікті қаражатты барлық жағдайда жеткілікті бола бермейтінін ескере отырып, өзінің кредит пен қарыз алуға тәуелділігін ескеруі тиіс.

ғ) Шекті пайдалылық принципі жол беретін тәуекел деңгейде инвестицияланатын капиталдың барынша жоғары (шекті) пайдалылығын қамтамасыз ететін күрделі салымды таңдаған орынды екенін көрсетеді. Батыс компаниялары қаржыны жоспарлауда қолайлы пайда алуға және тауарлық және қаржы нарығында жайғасымды сақтауға ерекше назар аударады. Пайда деп салық салынғаннан кейін ұйымның иелігінде қалатын таза пайда аталады. Сондықтан ұйымның басшылығы қаржы жоспарын әзірлегенде салық ауыртпалығын да, сонымен бірге оны төмендету мүмкіндігін де ескеруі тиіс.

Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі, бірлік, үздіксіз.

Бірінші қағидат қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) – орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудық жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспалау мемлекетке біріңғай қаржылық саясатты жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржылық ресурстарды бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендетудің және оның нәтижелігін артырудың резервтерін іздесдестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жірдемдеседі.

Биліктің жергілікті органдары  бюжеттерінің олардың аумағында  орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер  қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін  ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде  өңірлердің қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің  кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда  оның рөлін арттыру қажет.

Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспалаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтк даму жоспарларымен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгілеген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кірістіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді.

Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс қимылының мезгілін ұзартумен  және жылдық жоспарлауда олардың  міндеттерін нақтылаумен қол  жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл  қағидаты ағымдағы және перспективалық жодспарлаудың арасында үзілі\сті  болдырмауға, шаруашылық жүргізуші  субъектілерді, олардың нақтылы  даму перспективаларын анықтай отырып,  дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың көбшілігі  үшін, әсіресе мемелекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылыды.

 

 

        2.2 Қаржылық  жоспарлаудың әдістері

Қаржыны жоспарлау стратегиясында ұйымның кіріс орталығы мен шығын  орталығын қарастырылады. Кіріс  орталығы – ұйымға барынша жоғары пайда әкелетін бөлімше. Шығын орталығы – шығыны барынша жоғары немесе залалды, алайда өндірістік коммерциялық процесте маңызды рөл атқаратын  бөлімше. Мысалы, көптеген батыс компаниялары «жиырмаға сексен», яғни капиталдың 20%-ы шығыны пайданың 80%-ы қамтамасыз етуі тиіс деген ережені басшылыққа алады.Демек, капитал салымының қалған 80%-ы тек 20% пайда әкеледі.

Қаржы көрсеткіші бірнеше әдістің  көмегімен жоспарланады. Жоспарлау  әдісі жоспарлы есеп-қисаптың нақты  тәсілі мен жолы болып табылады. Аталмыш әдіске:

    • есеп айырысу-талдамалы;
    • нормативтік;
    • баланстық;
    • жоспарлы шешімді оңтайландыру;
    • экономикалық-математикалық модельдеу жатады.

Есеп айырысу –талдамалы жоспарлау әдісінде қаржы көрсеткішінің қол жетіскен мөлшерінің негізінде оның келешектегк деңгейі болжанады. Аталмыш әдісте қаржы-экономикалық норматив болмайды, ал көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысы тікелей тәсілмен емес жанама, бірқатар кезең (ай,жыл) ішіндегі олардың серпінін зерделеу негізінде межеленуі мүмкін. Осы әдістің көмегімен тауарлық-материалдық өқндыоық запасына салынған айналым қаражатына қажеттілік, амортизациялық аударым мен пайданың мөлшері белгіленуі мүмкін. Есеп айырысу талдамалы әдісі пайдаланылғанда сараптау бағалары жиі қолданылады.

Қаржы көрсеткішін нормативтік жоспарлау әдісінде корпорацияның ақшалай ресурсқа және ол пайда болатын көзге қажеттілігі алдаын ала межеленген норма мен норматив негізінде анықталады. Аталмыш нормативке салық ставкасы, мемлекеттік бюджеттен тыс қорға салынатын жарна тарифі, негізгі капитал мен материалдық емес активтің амортизация нормасы, банк пайызының есептік ставкасы және т.б. жатады.

Қаржыны жоспарлауда жалпы нормативтік  жүйе қолданылады. Аталмыш жүйеге келесі норма мен норматив кіреді:

  • республикалық;
  • жергілікті;
  • салалық;
  • кәсіпорынның өз нормативтері.

Республикалық нолмативтер Қазақстан аумағында  міндетті  болып табылады. Республикалық  номативке:

  • салық пен жиын ставкасы;
  • негізгі құрал- жабдықтың жекелеген топтары бойынша амортизациялық аударым нормасы;
  • коммерциялық банкінің бекітілген қайта қаржыландыру ставкасы және Ұлттық банкіде банкінің депозитке салынған міндетті резервінің нормасы;
  • мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорға, сондай-ақ зейнетақы жинақтау қорына енгізілетін жарна тарифі;
  • ең төмен айлық еңбекақы;
  • айлық есептік көрсеткіш;
  • акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төмен мөлшері кіреді.

Жергілікті норматив жекелеген  салаларда қолданылады және оны  өкілетті және атқарушы билік органы бекітеді. Оған, әдетте, жергілікті салық  пен жиынның ставкасы кіреді. Салалық  норматив жекелеген саланың шеңберінде немесе ұйымның ұйымдастыру-құқықтық тобы (акционерлік қошғам, шетел  инвестициясымен жұмыс істейтін ұйым, шағын кәсіпорын) бойынша қолданылады.

Ұйымның нормативін шаруашылықты жүргізуші  субъект әзірлейді және өндірістік-коммерциялық процесті реттеу, сондай-ақ ресурстың  тиімді пайдалануын бақылау үшін пайданылады. Аталмыш нормативке:

    • айналым қаражатқа жоспарлы қажеттілік нормативі;
    • кәсіпорынның айналымда үнемі болатын кредиторлық берешектің (есептелген ақшаның) нормативі;
    • шикізат пен материялдың, аяқталмаған құрылыстың дайындамасы запасының нормасы, қоймалардағы даяр өнімнің және тауардың күнмен есептелген запасының нормасы;
    • таза пайданы тұтынуға, жинақтау және резерв қорына бөлу нормативі;
    • жөндеу қорына аудару нормативі (негізгі құрал-жабдықтың орташа жылдық құнына пайызда) және т.б. кіреді.

Нормативтік жоспарлау әдісі ең қарапайым және қол жеткізімді болып  табылады. Норматив пен көлемдік көлемдік көрсеткішті білген жағдайда, жодспарлы  қаржы көрсеткішті оңай есептеуге  болады. Сондықтан ұйымның қаржыны  басқаруда негізгі проблема –  бұл ақша ресурстарын қалыптастыру және оны пайдалану үшін экономикалық жағынан негізделген норма мен  норматив әзірлеу, сондай-ақ ұйымдық топтың әрбір құрылымдық бөлімшесінің осы норма мен нормативті сақтауын бақылауды ұйымдастыру.

Қаржы көрсеткішін баланстық жоспарлау әдісінде қолда бар қаржы ресурсы мен оған нақты қажеттілікті үйлестіруге болады. Баланстық әдіс ақша қорынан (тұтыну мен жинақтау) түсетін түсім мен төлемді, кіріс пен шығыстың тоқсандық жоспарын, айлық төлем балансын (күнтізбені)  және т.б. болжау кезінде қолдынылады.

Мысалы, ақша қоры бойынша баланстық  үйлесімінің түрі мынадай болады:

             ПР+,

Мұнда:  және - Қор қаражатының есепті кезеңінің басы мен аяғының қалдығы;

П – есепті кезең ішінде қорға  қаражаттың түсуі;

Р – қор қаражатының жұмсалуы;

Жоспарлы шешімді оңтайландыру әдісінде жоспарлы есеп айырысудың бірнеше  нұсқасы жазылып, оның арасынан ең оңтайлысы таңдалады. Мұның өзінде таурдың бірнеше өлшемін пайдалануға болады:

  • келтірінді шығынның ең аз мөлшері;
  • ағымдағы шығынның ең аз мөлшері;
  • капитал салымын барынша тиімді пайдаланып оның ең аз мөлшерін салу;
  • капитал айналымына жұмсалынатын уақыттың ең аз шамасы,яғни авансыланған қаражаттың айналымдылығын жетілдіру;
  • келтірлілген пайданың ең жоғары мөлшері;
  • салынған 1 теңге капиталға шағылған пайданың ең жошғары мөлшері;
  • капиталдың кірістілігінің ең жоғары мөлшері (салынған 1 теңге капиталға шағылған пайданың сомасы);
  • қаржы ресурсының ең жоғары мөлшерде сақталуы, яғни қаржы, кредит, пайыз, валюта және өзге және өзгеде тәуекелдің төмендеу нәтижесінде ақша ысырабының барынша аз мөлшері.

Экономикалық- математикалық  модельдеу әдісі қаржыны жоспарлауда қаржы көрсеткіші мен оның мөлшеріне ықпал ететін факторлардың арасындағы өзара байланыстың санын анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш өзара байланыс экономикалық процесті математикалық символ мен тәсілдің (теңдеу , теңсіздік, график, кесте және т.б.) көмегізмен дәл сипатталатын экономикалық – математикалық модельде байқалады. Модельге функционалдық және өзара байланысты байланысқа негізділуі мүмкін. Функционалдық байланыс келесі формуламен көрсетіледі:

                                         .

Мұнда: - тиісті көрсеткіш;

         - көрсеткішімен анықталатын функционалдық байланыс.

Өзара (корреляциялық) байланыс –  жалпы түрде және бақылау саны көп болғанда ғана ықтималдық тәелділік. Аталмыш байланыс әр түрлі регрессияның стандартты теңдеуімен көрсетіледі. Мысалы, төмендегі теңдеудің бірфакторлық моделімен көрсетіледі:

  • сызықтық: ;
  • парабола: :
  • гипербола:

Көпфакторлық модель түрлерімен;

    • сызықтық:;
    • логарифімдік: :;
    • теңдеудің, мұнда - теңдеу параматері.

Жоспарлау моделін пайдаланған  кезде зерттеу кезеңінің анықтау  маңызды. Зерттеу кезеңі бастапқы деректердің  біркелкі екені ескеріліп таңдалуы тиіс.

Шамалы зерттеу кезеңінде (тоқсанда) жалпы заңдылықты анықтауға м  үмкіндің бермейді. Алайда кез келген экономикалық заңдылық тұрақсыз және ол ұзақ уақыт ішінде өзгеріске ұшырауы  мүмкін, сондықтан тым ұзақ кезеңді де алуға болмайды. Практикада келешекті жоспарлау үшін өткен 3-5 жылдың жылдық қаржы көрсеткіштерін, ал ағымдағы (жылдық) жоспарлау үшін 1-2 жылдың тоқсандық деректерін пайдаланған орынды.

Жоспарлы кезеңде кәсіпорынның жұмысы айтарлықтай өзгерген жағдайда, экономикалық-математикалық модельдердің базасында есептелген көрсеткішке  қажетті түзету енгізіледі.

Экономикалық-математикалық модельдеу  қаржы көрсеткішінің (пайданы қоса алғанда) орташа мөлшерінен көп нұсқалы  есептеуге көшуге мүмкіндік береді.

Қаржы көрсеткішінің экономикалық-математикалық  моделі келесі бірнеше сатыдан құрылады:

    1. қаржы көрсеткішінің межелеген уақыттағы  (жыл) серпінін зерттеу және осы серпінге ықпал ететін факторларды анықтау;
    2. қаржы көрсеткішінің анықтаушы факторлардан функционалдық тәуекелділігінің (мысалы, пайданың өнім сату мөлшерінен) моделін есептеу;
    3. қаржы көрстекіші болжамының түрлі нұсқасын әзірлеу.
    4. Қаржы көрсеткішінің келешектегі ықтимал серпінін талдау және оны сараптау бағасы.
    5. Оңтайлы нұсқаны таңдау, яғни жоспарлы шешім қабылдау.

Экономикалық-математикалық модельге барлық емес, тек негізгі факторларды  ғана енгізген жөн. Мұның өзінде модельдің  назарда болмауы, яғни зерттелетін  объектіні қадағалау ұзақтығы маңызды.

 

2.3 Қаржылық жоспарлаудың түрі

Ұйымның ағымдағы және ұзақ мерзімді кезеңдердегі қаржы әлеуетін анықтау  үшін қаржы жоспарының (бюджеттің) бірнеше  түрін әзірлеуге құқылы.

Ұйымның әзірлеуі мүмкін жедел қаржы жоспарының мынадай түрі болады:

Қаржылық жоспарлау. 2