Қаржылық жоспарлау. 3
Аннотация
Курстық жұмыс кіріспеден, нормативті сілтемелер, анықтамалардан, белгілер мен қысқартулардан, үш бөлімнен, қорытындыдан және 22 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 6 кесте бар, 39 беттен тұрады.
Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, өзектілігі ашып көрсетілген.
Бірінші бөлімде қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары, қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру және қаржылық жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштері қарастырылған.
Екінші бөлімде кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары, қаржы ресурстарының мәні және оны саралау және қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы ашып көрсетілген.
Үшінші
бөлімде қаржылық жоспар шеңберінде
қаржы ресурстарын тарту
Мазмұны
| Нормативті
сілтемелер
Анықтамалар Белгілер
мен қысқартулар Кіріспе |
4
5 6 7 |
| 1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері, жүйесі мен көрсеткіштері | |
| 1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары | 8 |
| 1.2
Қаржылық талдау және |
11 |
| 1.3 Қаржылық жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер | 13 |
| 2. Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары | |
| 2.1
Кәсіпорынның қаржы стратегиясы
2.2 Қаржы ресурстарының мәні және оны саралау 2.3 Қаржы
ресурстары мен активтердің |
20
23 26 |
| 3.
Қаржылық жоспар шеңберінде 3.1 Қаржы ресурстарын тарту түрлері |
29 |
| 3.2
Қаржы жоспарда коммерциялық
несие тарту механизмдері
3.3 Қаржы ресурстары қажеттілігін есептеу |
31
33 |
| Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
37 |
Нормативтік
сілтемелер
Берілген курстық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылған:
- Назарбаев Н.Ә. - Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Егемен Қазақстан, 1 қазан, 1997 жыл
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Алматы, Қазақстан, 2008 жыл
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, Жеті жарғы, 2008 ж.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2010 жыл. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
- Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2011ж.28.01.) Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!
- Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
Анықтамалар
Берілген курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылған:
жоспарлау — бұл кез-келген іс-әрекеттің маңызды және міндетті сатысы, себебі, ол үрдістің даму басымдықтарын анықтайды;
акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға;
акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз;
акциялардың бақылау пакеті - акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті;
акцияның номиналдық құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді);
аффилиирленген тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;
дауыс беретін акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берілген артықшылықты акциялар. Дауыс беретін акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі акциялар кірмейді;
дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;
жарияланған акциялар - шығарылымын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар;
корпоративтік
веб-сайт - Интернет желісіндегі, қоғамға
тиесілі және уәкілетті орган белгілеген
талаптарға сай келетін ресми электронды
сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік
веб-сайттың болуы міндетті.
Белгілер
мен қысқартулар
Берілген курстық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылған:
ҚР – Қазақстан Республикасы
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
ж. – жыл
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
АҚ – акционерлік қоғам
ОҒИК – оқу-ғылыми инновациялық кешенге
ҒБӨК – ғылыми білім беру-өндірістік кешені
б. – бет
АҚШ
– Америка құрама штаттары
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың құпиясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніп белгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметгерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды [1].
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған жөне орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық
жоспарлау экономиканы және оның
буындарын басқарудың аса маңызды
функциясы болып табылады. Оны
мемлекеттік билік пен
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Қаржылық болжау — мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Шаруашылық
жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен
бірге иңдикативтік, яғни ұсынбалы
(нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады;
ол ақпараттық -үйлестіруші рөлді орындайды
және қаржы қызметінің субъектілеріне
экономикалық реттеушілер арқылы жанама
түрде ықпал етеді.
- Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері,жүйесі мен көрсеткіштері
1.1 Қаржылық
жоспарлаудың мәні, әдістері мен
қағидаттары
Нарықтық
экономика жағдайында болатын экономикалық
қатынастар жүйесінде қаржы маңызды
орын алады. Кәсіпорын қаржысы деп
оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар
жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру,
бөлістіру мен пайдалану
Кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті барысында қаржылық қарым-қатынастар қалыптасады. Қаржылық қарым-қатынастар төрт топтан құралады:
-
өзге кәсіпорын және
-
өзінен жоғары тұратын және
бірлесіп жұмыс атқаратын
-
қаржы-несиелік жүйемен қарым-
Өзге кәсіпорын және ұйымдармен түзілетін қарым-қатынастарға жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, құрылыс-құру және көлік мекемелерімен, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындар және шетел кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастар кіреді. Көлемі жағынан өте көп ақша айналымдарына кәсіпорындардың бір-бірімен өзара іске асыратын операциялары кезінде шаруашылық іс-әрекетті ұйымдастыруға қажетті материалдық құндылықтар сатып алумен және дайын өнімді сатумен байланысты қажетті ақша айналымдары жатады. Мұндай операцияларды ұйымдастыру тікелей түрде кәсіпоран іс-әрекетінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді.
Кәсіпорынішілік қаржылық қарым-қатынастарға кәсіпорынның ішкі бөлімшелері арасындағы қаржылық операциялар кіреді. Бөлімшеаралық қатынастар бекітілген басқару жүйесі мен ішкі коммерциялық есеп жүйесіне негізделеді. Олардың қабылдаған міндеттемелердің орындалуы үшін материалдық жауапкершілік пен ынталандырудың тиімді тетігін құруға арналған.
Қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас әрқилы болып келеді. Ең алдымен, бұл- әр деңгейлі бюджеттермен, сақтандыру жүйесімен, бюджеттен тыс қорлар мен несие беру мекемелерімен болатын қарым-қатынас [2].
Қазақстанның салық жүйесінің кемшілік тұстары баршылық және ол кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызбайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпорынның іскерлік және инвестициялық белсендігін дамыту үшін өндірісті қолдау мен тиімді инвестициялық тетік құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Көптеген елдерде өндірісті дамытуға бағытталған барлық қаржы қаражаттары немесе оның бір бөлігі салықтан босатылады.
Салықтың ауыр қыспағы болған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастырулың басты да маңызды міндеті—бюджетке төленетін салық төлемдерін оңтайландырудың тиімді әдістемесін құру, салық төлемдерін төлеу күнтізбелік жоспарын жасау, салықтық есеп беруді дайындау және салықтық төлемнің ағымдық қорларын құруды қамтитын дербес салық саясатын белгілеу болып табылады.
Қаржылық жүйенің сақтандыру буынымен арадағы қарым-қатынасы кәсіпорынның мүлкін, валюталық және коммерциялық тәуекелдерін және т.б. сақтандырғаны үшін тиісті компаниялар есебіне қаржы аударуды ұйымдастырудан құралады [3].
Коммерциялық банктермен арадағы қаржылық қарым-қатынас қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мен несие алу немесе өтеуге байланысты түзіледі.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу төлеуші мен төлем қабылдаушы әртүрлі банктер қызметін пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай есеп айрысу банктердің корреспонденттік қатынастарын ұйымдастыру арқылы іске асады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тиімділігі кәсіпорынның қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді.
Несие
айналмалы капиталды
-лизинг;
-факторинг;
-форфейтинг;
-траст т.б.
Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеті- әртүрлі ақша қорларын қалыптастырып, оларды тиімді пайдалану. Олар арқылы кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, өндірісті өркендетуді қаржыландыру, бюджетпен есеп айрысу және т.б. іске асырылады [4].
Мұндай қорларға келесілерді жатқызуға болады:
-жарғылық капитал,
-төленген қосымша капитал;
- төленбеген қосымша капитал;
-резервтік капитал;
-бөлінбеген табыс;
-басқа қорлар.
Аталғандардан бөлек, кәсіпорын мезгілді оралымды ақша қорларын құрайды. Мысалы, кәсіпорында айына бір немесе екі рет еңбекақы қоры түзіледі. Қатал мезгілді түрде (салықтарды төлеу күнтізбесіне сәйкес) кәсіпорын бюджетке төленетін салық түрлеріне арнап қор ұйымдастырады.
Оралымды
қор жасақтаудың басты міндеті—
-еңбекақы төлеу;
-салық төлеу;
-несиелік пайыздарды өтеу;
-ғылыми-техникалық іс-шараларды қаржыландыру және т.б.
Сонымен, кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудың мәні - өндірістің соңғы нәтижесіне барынша тиімді түрде ықпал ету мақсатымен ақша қорын қалыптастыру және ақша ағындарының қозғалысымен байланыстырылған қаржылық қарым-қатынас ұйымдастыруды қамтитын қаржы тетігін құру және оның қызмет етуін қамтамасыз ету, яғни кәсіпорынның қаржылық тетігі ұзақмерзімді, орташамерзімдегі және ағымдағы кәсіпорынның қаржылық даму мақсатына жету үшін қаржылық қарым-қатынас пен ақша қорының оңтайлы әрекеттесуін ұйымдастыратын кәсіпорын басқарудағы ішкі жүйесі болып табылады [5].
Кәсіпорынның
қаржы тетігінің жетекші түрде
болуы материалдық өндіріс
Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеті дербес құрылымдық бөлімшесі—қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржы бөлімінің бастығы тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. Қаржы бөлімінің жұмысында пайданы бөлу, өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері маңызды орын алады. Осыған байланысты, қаржы бөлімінің міндетіне мыналар кіреді:
- Өндірістік және әлеуметтік дамуға қажетті қаржы ресурстарын құру, пайданы ұлғайту, табыстылықты арттыру.
- Қаржылық жоспарында көрсетілген бюджет, материалмен жабдықтаушылар, акционерлер алдындағы, сондай-ақ, басқа да қаржылық міндеттемелерді орындау және есеп айрысуды ұйымдастыру.
- Өндірістік қорлар мен инвестицияларды неғұрлым тиімді жолмен пайдалануға көмек көрсету.
- Қаржылық, несиелік және кассалық ( қазынагерлік) жоспар әзірлеу.
- Қорларды тиімді пайдалану, меншікті айналмалы капитал мөлшерін экономикалық тұрғыдан негізделген нормативтерге жеткізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жобалау, айналмалы капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз ету, қаржы ресурстарының дұрыс пайдаланылуын қадағалау.
- Дайын өнім үшін есеп айрысуды тиімді түрде ұйымдастыру және өнім сату жоспарының орындалуын, түсетін пайданы үздіксіз қадағалап отыру және басқа да міндеттер.
Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қиын күйде қалып отыр (өндіріске қажетті капиталдың тапшылығы, несиелік мөлшерлемелердің тым жоғары болуы, төлемдердің дер кезінде өтелмеуі және т.б.), сол себепті дәл қазір кәсіпорынның қаржылық күйін нығайту басты міндет болып отыр.
Кәсіпорынның қаржысын тұрақтандырудың негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен және олардың тапшылығын жоюмен байланысты қаржылық жұмыстарды жетілдірудің басты бағыттары келесі болып саналады [6]:
1.Кәсіпорынның іс-әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде талдау;
2.
Кәсіпорынның стратегиялық
3.Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;
4.Кәсіпорынның
мүліктік құрылымын және
5.Пайданы пайдалануды оңтайландыру және неғұрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау;
6.Бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне қарай бейімдеу;
7.Қаржы
ресурстары көздерін
8.
Кәсіпорын шығындарын
Кәсіпорынның іс-әрекетін кешенді түрде жан-жақты талдап, кәсіпорынның мақсатын орындауға бағдарланған бірыңғай, кешенді даму стратегиясына сәйкес кәсіпорын жұмысын ұйымдастырған жағдайда ғана жоғарыда айтылған түйткіл мәселелерді шешу мүмкін болады.
Кәсіпорынды
кешенді талдау негізінде, оның борышын
орындауға бағытталған кәсіпорынның бірыңғай
кешенді даму стратегиясына сәйкес оның
жұмысын ұйымдастыру тек жоғарыда көрсетілген
мәселелерді шешуді ұйымдастыру арқылы
жетуге болады.
1.2
Қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын
үйлестіру
Жоспарлау — бұл кез-келген іс-әрекеттің маңызды және міндетті сатысы, себебі, ол үрдістің даму басымдықтарын анықтайды.
Елдердің ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау Кеңестік, Америкалық, Француздық, Жапондық, Оңтүстік Кореялық деп бөлінетін көптеген түрлері бар. Кеңес үкіметінің алғашқы бесжылдық жоспары күні бүгін барлық елдер көңіл бөліп отырған аймақтық басқаруды дамыту, басқаруды «төменнен жоғарыға» қарай жүргізуге негізделгенімен, тәжірибе жүзінде іске асу бағыты дәл жоспарлағандай болып шықпады.
Жоспарлаудан
кеңес үкіметі ыдырағаннан
Оның біреуі муниципалды және аймақтық деңгейлердегі жоспарлау, екіншісі, ірі фирмалар деңгейінде жоспарлау. Оған қоса, бұл елде қаржылық, бағдарламалы-мақсатты жоспарлармен қатар аумақтық та жақсы дамыған.
Республикалық деңгейде аумақтық жоспарлаудың эволюциясы өндіргіш күштерді орналастыру, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамтитын әртүрлі мақсатты бағдарламаларды дайындауға мүмкіндік берді. Осылайша бүгінгі күні ол елдің бюджеті жалпы ішкі өнім бойынша (ЖІӨ) 2 трлн. долларға қол жеткізіп, қазір әлемде ең көп ЖІӨ 9,3 трлн. доллар көлемінде осы елде, яғни әр жан басына шаққандағы табыс мөлшері 34 мың долларды құрайды.
Жоспарлаудың маңызды көрсеткіші мерзім болып табылады. Оны үш негізгі формаға бөлу арқылы бұл процеске кешенді әрі нысаналық сипаттама беріп, оның қатысушыларына бір келісімге келу қамтамасыз етіледі, себебі қаржылық жоспарлауда жергілікті басқару органдары бірдей шешім қабылдауға тиіс [8].
Ұзақ мерзімді жоспарлауда жергілікті құрылымның стратегиялық дамуы анықталып, қаржылық жоспарлауға қатысушылардың негізгі мүдделері келісіледі. Ұзақ мерзімді жоспарлау жергілікті басқару органдарының өкілеттіктерінің мерзімімен тең келеді. Басымдықтарды даярлайтын атқарушы билік, қаржылық жоспар мен бюджеттің қалыптасуындағы келесі сатыларда дау — жанжал болып қалмас үшін олардың келісіліп бекітілуіне көп көңіл бөледі.
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін біршама мұқият әрі жүйелі түрде талдауды және оның даму стратегиясын құруды талап етті. Осы кешенді талдау жоспаралау алдындағы зерттеулердің негізі болып табылады. Тек талдау қорытындысына сүйене отырып қана кәсіпорынішілік жоспарлау үдерісін тиімді түрде ұйымдастырып, кәсіпорынның даму мақсатына қол жеткізуге болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Қаржылық талдау келесілерден тұрады:
-бастапқы талдау;
-қаржылық тұрақтылықты бағалау;
-
теңдестіктің абсолютті
-қаржы коэффициентін талдау,
-қаржылық нәтижелерді талдау;
-табыстылық пен іскерлік белсенділігінің коэффициенттерін талдау.
Алғашқы
талдаудың қорытындысы ретінде
кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға
беріледі және теңдестік құрылымның
жарамдылығы мен
Белгілі бір кезең ішінде теңдестік жалпы сомасының азаюы—бұл, негізінен, өндіріс көлемі төмендеуінің нәтижесі болады. Ол төлемқабілетсіздіктің басты себептерінің бірі болып саналады. Пассивтер құрылымын талдау кезінде әдетте келесі бағыттар қаралады:
-
кәсіпорынның меншікті және
-
кәсіпорын шығындары мен
-несиелік
қарыздардың пайда болу
Қаржылық тұрақтылық түріне және оның өзгеру бағытына қарай кәсіпорынның төлемқабілеттілік тұрғысынан сенімділігі жайлы баға беруге болады. Қаржылық тұрақтылықты талдау оның осы жайлы мәнін бейнелейтін көрсеткіштерден басталады. Ұзақ- және ортамерзімді несиелердің негізінен өндірісті дамытуға, қайта жаңғырту мен техникалық қайта жарақтауға жұмсалатынын ескеретін болсақ, төлемқабілеттілік шартын орындау үшін запастар мен шығындарды меншікті айналмалы капиталдың көлеміне сәйкес келетіндей етіп шектеуді қажет етеді.
Запастар мен қаржының меншікті және несиеге алған қаражаттар көздерімен қамтамасыз етілуіне қарай қаржылық тұрақтылықтың келесі түрлері болады:

- Қаржылық жоспарлау
- Қаржылық жоспарлау
- Қаржылық Жоспарлау
- Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
- Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері және шетелдік тәжірибесі
- Қаржылық жоспарлаудың мәні мен мағынасы
- Қаржылық жоспарлау және болжамдар жүйесі
- Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері
- Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері
- Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
- Қаржылық есептілік
- қаржылық жағдайын талдау
- Қаржылық және коммерциялық тәуекел
- Қаржылық жоспарлау