Ақша айналымы



 

ЖОСПАР

 

 

КIРIСПЕ
I. АҚША АЙНАЛЫМЫ

1.1 Ақша айналымы туралы ұғым

 

 

ІІ. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢЫ

2.1 Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

2.2 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын қызметтері

2.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша  жүйесінің ерекшеліктері

2.4 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері
 

 

 

IIІ. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
 

 


IV. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi

 

 


ҚОРЫТЫНДЫ
 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақшаның атқаратын функциясы және мәні

 

Ақша- маңызды тауар

Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар

пайда болды.

Ақша маңызды тауар болғандықтан, оның келесідей спецификалық ерекшеліктері бар:
-оның тұтыну құнында басқа тауардың құны көрсетіледі;
-оған жасалған нақты еңбек абстрактылы еңбек көрінісінің жалпыға ортақ формасы

қызметін атқарады;

- оның қүрамындағы жеке еңбек тікелей коғамдық еңбек ретінде орналасады. Тауар мен ақшаның айырмашылығы оның тұтынушылық құнынан көруге болады. Кез келген тауардың белгілі қажеттілікті қанағаттандыратын қайталанбайтын, ерекше қабілеттілігі бар. Мысалы, нан-тамақ қажеттілігін қанағатандырса, ал пальто-киім кажеттілігін канағаттандырады. Мұның барлығы ақшалай тауарға да қатысты. Сонымен қатар , ақшаның тауарлардан айырмашылыгы жалпы тұтынушылық құнға ие, яғни тікелей барлық тауарлармен алмасып отырады.
Тауардың ішкі қарама-қайшылығы – бұл тұтыну құны мен құндылықтың арасынан айырбас процесінде ê¼ðóãå болады. Сондықтан тауарларды меншіктеп -тауар және ақша òүрінде бөлінеді . Ақша-жалпыға бірдей тікелей айырбасталатын, тұтыну құнына ие спецификалық тауар болып табылады.
Сонымен бірге, тікелей жөне жасырынды қоғамдық сңбектің арасындағы қарама-қайшылығы тауарды айырбас арқылы жүргізілгеннен көрініс алады. Тауар-өндіруші керек емес затты қоғамға ақшаны өндіріп алу үшін сата алмайды, сол сияқты оның жеке еңбегі мұндай жағдайда қоғамда ешқандай орьш алмайды. Егер ол тауарды сататын болса, онда оның тауарының қоғамга кажет болғаны. Жеке өндірушінің тауарды ақшаға сатқаны, олардың ецбегін қоғам бағалағанын байқауға болады.
Сондықтан, ақша-жалпыга ортақ балама ролін атқарушы спецификалық тауар болып табылады . Тауар шаруашылығында олар жеке өндірушілердің қоғамдық

еңбегін есепке алатын механизм болып табылады.

2.2. Ақша-айналым құралы ретінде

Ақшаның атқаратын әрбір функциясы тауар айырбас процссінен ксліп шығатын тауар өндірушілердіц байлалыс формасы ретінде әлеуметтік-экономикалық жағының ақша мазмұнын көрсетеді. Ақша бірнеше функцияны атқарады:

-құн өлшеуші;
-айналым құралы ретінде;
-қорлану құралы ретінде;

Ақша айналым құралы функциясы кезінде тауарды өткізу уақытында делдал болып табылады. Тауарды қолдан-қолға өткізуде оның айналым сферасына үнемі итере отырып, тұтьнушыға жеткізе де отыра, ақша үздіксіз қозғалыста жүреді. Сатушы тауарьн сата сала, басқа тауарды сатып алуға асықпайды. Ақшаның делдалдық көмегі арқасында осы уақытша және тура келмсйтін кеңістікті жеңе аламыз.
Айналымнан кететін, өз қүньн өткізіп қоятын, ақшаның тауардан айырмашылығы сату және сатып алу процесін қамтамасыз ете отырып, ақша айналым құралы ретінде өз орнын табады. Көбінесе, біздс ақша айналым құрал функциясын атқаруда - мемлекеттік, коопсративтік, коммерциялық саудада, базарда тауарды

сатып алу кезінде орындалады.

Ақшаның айналым құралы ретінде атқаратын функциясының ерекшелігі келесідей

болып табылады:
1. ол нақты ақша түрінде орындалады;

2. бұл функцияда ақша-тауар айырбас кезінде делдал болып қызмет атқарса , онда оны нағыз ақша емес/алтын/, оның орнын басатын-ақша белгісі орындайды.
Ақша айналым құралы функциясын және қажетті айналым санын орындағандықтан, сатылған тауарлар бағасы мсн массасы арқылы анықталады. Егер ақша массасы тауар массасынан жоғары болса, онда бұл олардың

құнсыздануына -инфляцияға әкеледі.

2.3.Ақша құн өлшеуші

Құн өлшеу функциясы - тауар өндірісі жағдайындағы нәтижесінен келіп шығады. Бұл дегсн, оның бағаны анықтау кезінде делдалдық қызметті атқаруда, барлық тауарлардың құнын өлшейтін қабілетке ие болып келеді. Материалдың құны болып тек сол тауар өзінің меншікті құнынан тән болса. Сондықтан, алтынды қазып алу үшін жұмсалатын қоғамдық еңбек қүнды жасаушы болып табылады. Сол себепті бұл функцияны толық ақшалар /алтындар/ орындайды. Ақша еңбекпен жасалатын

құнды көрсете алады.

Ақша құн өлшеу функциясы кезінде оймен ұсынылады. Тауар бағасын белгілеуде-оны тауар формасына айналдыру, тауарды ақшаға айырбастамастан бұрын оның қүны өлшенеді. Тауарды өлшеуде нақты ақшаның қажеті болмайды, себебі еңбек өнімін теңестіру оймен жүзеге асырылады. Сондықтан, ақша тауарды өлшемейді, қайта тауар ақшаның көмегімен өлшенеді, себебі олар ақша сияқты адам еңбегінің

өнімі болып табылады.

Тауар ақшалай көрініс құнын тапқан соң, баға түрінде көрсетіледі. Ақшаның айналым кезінде алтынның бағасы болмады. Ақшаға баға коя алмайсың, оны құны

өзімен анықтала алмайды.

Ақша бағаның орнына-тауар санын керсететін, оны сатып алу қабілетіне ие. Құн өлшеу функциясы тауардьщ ақшаға қатынасьн көрсететін жалпы балама сияқты. Бірақ, тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Баға масштабы-бұл бір елдің ақша өлшеміне алған және барлық тауарлардың бағасын өлшеу үшін қызмет атқаратын металдың салмақ мөлшері болып табылады.
2.4.Ақша қорлану құралы ретінде

Қорлану құралы – бұл болашақта сатып алу қабілеттілігін қамтамасыз ететін және тауар мен қызмет керсетуді сатқаннан кейін сақталатын активтер. Активтер – бұл қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік, игіліктер, ақша қаржылары, құнды қағаздар, ресурстар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте қолданылатын немесе оларды жұмсаушы субьекті үшін табыс көзі ретінде пайдаланылуға болатын қоғамдық байлықтың барлық элементтері. Мысалы, адамдар өз байлықтарын бағалы, үй, акция және облигация т.б, көптеген түрде сақтай алады. Ақша осы функцияны орындауда қолайлы болып келеді, себебі оған өтімділік сипаты тән. Өтімділік-бұл активтерді төлем құралы ретінде пайдалану мүмкіншілігі мен активтердің номиналды құнын өзгертпестен сақтау қабілеттілігі болып табылады. Анықтау бойынша ақша өтімділікке бүтіндей тән. Олар төлем құралы ретінде пайдаланылатын болғандықтан және олар өлшеу функциясын орындағандықтан, баға масштабында номиналды құнын өзгертпейді.
Мысалы 1. Федералды үкіметтің қысқа мерзімді құнды қағаздарды шығарғанына қарағанда, жеке корпорациялардың айналымға шығарған акция мен облигациясынын өтімділігі төмен. Бұл активтердің бағасы уақыт ағынында маңызды түрде қатты өзгеріп отырады жоне жасалатын келісімде басқа құнды қағаздарға қарағанда, оның төленетін төлемі жоғары.
Мысалы 2. Қозғалмайтын мүлік/ үй,әмбебап,ферма / өтімсіз болып келеді. Бұл қозгалмайтын мүліктің нарықты бағасы өте өзгермелі жәнс оны келісім жасағанға шейін айту қиын. ‡йді сатып алушы-ны немесе жерді сатып алушыны іздеу көп уақыт алады, ал келісім жасағандағы шығыңдар /жарнама беру, заңды түрде орналастыру төлемі/ одан да жоғары болуы мумкін.
Міне, нақты ақшаны кейбір банк есеп-шоттарына салу, меншік иелеріне ешқандай

проценттік табыс әкелмейді.

Инфляцияның жиі болуына байланысты ақша қорлану құралы ретінде өзінің жоғары өтімділік тартымдылығын жоғалтады. Егер күннен күнге доллар немесе теңгеге аз тауар сатьш ала алатын болсаң, онда адамдар сол уақыт аралығында ақшаның құнын ақша формасында сақтағысы келеді. Бізге белгілі, мысалы, кейде гиперинфляция кезінде жүмысшылар ай сайынғы еңбек ақы емес, күнделікті еңбек ақыны талап етеді. Себебі, олар өз ақшасын келесі күнге бағаның өскеніне шейін жүмсағысы келеді. Гиперинфляция – бұл инфляцияның жоғарғы темппен өсуін көрсетеді, яғни жылына бірнеше 100 процентке деңгейі жетуі мүмкін.
Гиперинфляция орын алған елдерде жергілікті валюта - қорлану құралы ретінде, құн өлшеуші ретінде бөлшектеп қолданылмауы мүмкін. Көп адамдар өзінің ұлттық валютасын жаратқысы келмей, тікелей ақшаны долларға немесе басқа елдің ұлтгық валютасына айырбастайды. Кейін сауда жасаған кезде қайта айырбастайды.
Ақшаның қорлануы - тауар өндірісінің үздіксіз дамуына қажетгі жағдай болып табылады. Тауар өндірісі жағдайындағы қорлану екі формада жүргізіледі:
- банктердің, кәсіпорындар, ұйымдардың есеп-айырысу және депозиттік есеп шотындағы ақша құралының қалдықтары түріндегі коғамдық қор;
-халықтың банкіге салымдарды салу, облигация түрінде сақтаудың жеке қоры.
Тауар өндіруші өзінің, өндірісін кеңейту үшін яғни құрал-жабдықтарды, шикізатты, отынды сатьш алу үшін тапқан табысының бір бөлігін ақша формасында жинау қажет. Сонымен бірге, ақшаны жинауға жеке тұлғалар да тырысады /мысалы: керекті заттарды сатып алу үшін машина, үй /
Тарау 3. Ақша айналымы және ақша жүйесі
3.1 Ақшаның шығу тарихы
Ақша ерте заманда пайда болды. Ол өнімнің және міндетті түрде тауар өндірісінің даму шарты болып табылады. Ақша ертеден бастап болған соң, ол адам өркениеті дамығанда немесе одан бұрын болуы мүмкін. Ғасыр бойында ақша үнемі өзгеріп отырады және оның қазіргі жағдайы бітетін және соңғы фаза болып табылмайды. Ақша жаратылысын ізденудегі маңызды жаңалық (немесе ашу) – бұл оның тауардан пайда болуы. Айырбастың дамуы келесідей құның формасы жолымен туындады :
1. қарапайым немесе кездейсоқ, яғни ерте кезде бір тауар басқа тауардың құнын көрсететін еді, (құндары бір- бірімен сәйкес келуі керек ).
2. толық немесе өрістетілген (дамыған) - айырбастың дамуына байланысты құнын көрсететін форма. Мұнда ірі қоғамдық еңбекті бөлумен, мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысатын тайпаға бөлуге тура келді .
Осыған байланысты бұған көптеген қоғамдық еңбек заттары жатады, ал әрбір тауар

көптеген тауарға қарама - қарсы тұрады;

3. жалпыға ортақ, құн формасы. Тауар өндірісінің және айырбастың болашақта дамуы жергілікті базарда (маңызды ) басты айырбас ролін атқаратын, жеке тауарлардың тауар әлемінен бөлініп шығуына әкелді (тұз , жүн, мал және т. с.с.) немесе тауар әлемінен тауарды бөліп қарауға әкелді . Бұл форманың ерекшелігі тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ, әр түрлі уақытта оны алма кезекпен түрлі тауарлармен алмасып орындап отырды .
4. ақшалай формадағы құны - келешекте айырбасқа түсетін бір тауардың нәтижесі жалпыга ортақ эквивалент екендігіндегі ролін бөліп корсетеді . Айырбастың дамуы мен әлемдік базарды құрудагы мұндай роль асыл металдар мен - алтын және күміспен бекітілген.

3.2 Металдық, қағаз ақша және несие ақшасыныц даму эволюциясы
Ақша бірнеше тауарлар (мал, жүн және т.б) ролін атқарғанда және көптеген қүн формасынан өткенен кейін адамзат метал түріндегі ақша айналымына келді. Металдың ақша түрінде қызмет атқару процесінен бірте - бірте теңге {монета ) ақшалар келе бастады .
Теңге (немесе монета)- бұл сыртқы көрінісі, салмағы бар, заңмен белгіленген формадағы металдан жасалган ақша белгісі .
Мемлекет - сынаманы (теңгедегі металдың құрамы ), мөлшерін , түрін , эмиссия тәртібін және т.б . белгілейді.

Егер теңгенің номиналды құны ондагы металдың (алтын, күміс) құрамының құнымен сойкес болса, онда ол толық бағалы ақша . Теңгенің ақша айналым тарихында келесідей ұғымдар бар: 1.Биметализм -қос металды валюта : күміс пен алтын заңды төлем құралы болып саналатын ақша жүйесі. Бұл жүйе бойынша

күміс пен алтын айналымда тең праволы.

2. Монометализм - ақша жүйесі , бұл жүйеде бір метал жалпыға бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде қолданылады, яғни кұн өлшемі ретінде тек бір ғана метал (күміс, алтын) қолданылатын ақша жүйесі .
Метал түріндегі ақша айналымының спецификалық заңы метал ақшаның айналым сферасынан қазынаға үнемі орын ауыстыру нәтижесінен және керісінше , толық бағалы ақшаның айналымдағы саны тауар және төлем айналым тұтынушылығына бейімделуінен тұрады, яғни айналым үшін кажетті ақша санымен теңестіріледі .
Қағаз ақшаның пайда болуы - капитализм тұсында тауар өндірісінің дамуына байланысты ақшаны қосымша тұтыну айналымы мен метал түріндегі айналымының объективті заң қалыптылығымен негізделеді .
Қағаз ақша – бұл лажсыз номинал берілген, әдетте тиынға пайдаланбайтын және мемлекет өз шығындарының орнын толтыру үшін шығаратын ақша белгілері.
Метал ақшадан қағаз ақшаға өтудің бірқатар себептері бар:
1. Метал түріндегі ақша айналымы өте қымбатқа түседі және капитализмнің дамуы мен мәні бойынша мүмкін емес болып келеді, өйткені айналым құралында - шаруашылықта тұтыну өсімінен құнды металдар артта қалып қояды. Метал ақшаның орнына қағаз ақшаның келуі ақша айналымында шығындарды үнемдеуге

қабілетті болып келеді.

2. Теңгенің өшірілуі жөне тозуы .

3. Қағаз ақша белгісінде шығарьлу құны мемлекет шығын орнын толтыру үшін керек б .т.

Мемлекет кез келген мөлшерде қағаз ақшаны айналымға шығара алады, бірақ оны сатып алу күшіне ендіруге қабілетті емес. Бірақ, артық шығарылған қағаз ақша олардың құнсыздануына алып келеді.
Қағаз ақшаның құнсыздануы, яғни артық ақшаның шығарылуы ақша айналымының заңының бұзылуына әкеледі. Мұны инфляция деп атайды .
Ақшаның құнсыздануы әр түрлі себептерден болады:

- әскери және өндірілмеген шығындар , бюджет тапшылығын жабу үшін айналымға артық ақшаның шығарылуы ;

- төлем балансының пассивті түрде болуы . Бұл кезде әлсмдік ақшаға сияқты алтынға деген сұраныс өсіп кетті , ал қазіргі жағдайда тұрақты валюта деп аталады . Тұрақты валюта - меншікті айналымына, сондай –ақ басқа валюталардың курсына қатысы бойынша тұрақты валюта, ал алтынмен және басқа құндылықтармен

қамтамасыз етілген;

- еңбек өнімділігінің төмендеуі және тауар массасының қысқартылуы және тағы басқалар .

Қағаз ақшаның құнсыздануы экономикамыздың тұрақсыздығына әкеледі.
Несие ақшалары – бұл несие қатынасының дамуынан туындаған ақша формасы; қазіргі төлем есеп айырысу механизмінің негізі . Несие ақшасы кредиторляр мен несие алушылар арасында ссудалық капиталдың жүру қозгалысын көрсетеді .
Несие ақшасының негізгі түрлері: вексель, банкнот, чек, несие карточкасы жатады.
Вексель - халықаралық саудадағы төлем міндеттемесінің кең тараған формасы. Бұл вексель ұстаушының белгілі уақытта вексель сомасын төлеуге право беретін борыш міндетгеме қағазы б.т. Вексель коммерциялық несиенің пайда болуынан несие саудасының негізінде туындады.
Коммерциялық несиелеу - бұл сатушылар сатылған тауарларға төлсмді кейінге қалдыру түрінде сатып алушыға тауар күйінде беретін кредит, яғни кәсіпорындардың бір- бірін несиелеу . Вексельдің екі түрі бар:

қарапайым және аударымды .

Жай вексель - бұл қарыз алушымен жазылады . Мұнда вексель ұстаушының вексель берушіге белгілі сома ақшасын міндеті түрде төлеу міндеті .
Аударым вексель - ол бір адамның екінші адамға белгіленген мерзімінде белгілі бір соманы үшінші адамға төлеу жөніндегі сөзсіз орындалуға тиісті ұсынысы б.т. Сондықтан вексель ақша есеп айырысу мен несиенің құралы б.т.
Несие ақшасының кең тараған түрі банкнот б.т. Банкнот - капитализмнен бұрын вексель айналым базасында пайда болды. Ол вексель мен қағаз ақшадан ерекшеленеді. Банкноттың вексельден ерешелігі :
- мерзімі бойынша: вексель мерзіміне қарай борыш міндетгемесін көрсетеді (3-6 ай ), ал банкнот мерзімсіз борыш міндетемесін көрсетеді ;
- кепілдік бойынша : вексель айналымға жеке кәсіпкерлермен шығарылып, жеке кепілдікке ие болса, ал банкнот қазіргі кезде орталық банкілермен шығарылып және мемелекетгік кепілдікке ие. Банкнот айналымы - айтып өткендей орталық банктср шығарган банк билеттерінің айналым құралы мен төлем құралы ретінде қолданылады .
Чек – бұл арнаулы құжат, онда чскке қол қойған адамның ағымдагы шот есебінсн белгілі бір соманы бсру немесе аудару туралы банкігс берілген жазбаша құжат.

Чектердің келесідей түрлері бар :
1. атаулы чек - белгілі бір адамның атына жазылатын чек, оның таратылуы шектеулі болады;

2. ордерлі чек-белгілі бір адамның пайдасына немесе оның бұйрығы бойынша жазылып берілетін чек, яғни чек ұстаушы оны индоссаменттің көмегімен жаңа

иеленушіге бере алады.

3. ұсынушының чегі-ұсынушыға жазылып берілетін чек. Ол қарапайым тапсыру

арқылы беріледі.

4. акцептелген чек-банкімен берілетін чек немесе келісім, ол өзінде көрсетілген соманы алушының шотына қаржының келіп түсуіне кепілдік береді. Акцепт-бұл

айырбас туралы құжат.

Чектің экономикалық жаратылысы мынадан тұрады: біріншіден, банкідсн нақты ақшаны құрал ретінде алу; екіншіден, төлем және айналым құралы ретінде жүреді; үшіншіден, нақтысыз есеп айырысудың құралы ретінде жүрсді. Көбінесе чектер ақшалай және есеп-айырысу түрінде болады. Ақшалай чектер бойынша банктен нақты ақшалар алынады, ал есеп-айырысу чектері ордерлік сипатқа тән болып келеді. Есеп шотта ақшасы бар адамдарға арнайы чек кітапшасы беріледі. Чек кітапшасындағы чектср тауар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда есеп-айырысу үшін қолданылады. Клиент есеп-айырысу чек кітапшасын алу үшін банкіге арыз және тапсырмамен барады. Банк төлем тапсырысы негізінде есеп-айырысу шотынан ақшаны бөліп шығарьш, оны жеке шотқа брон жасайды. Чек кітапшасыньң иесі-өз жабдықтаушысымен сатып алған тауарын чек түрінде жазып беру арқылы есептеседі. Кәсіпорын-жабдықтаушы бұл чекті өз банкісіне береді, онда чекте көрсетілген сома тез арада өзінің есеп-айырысу шотына келіп түседі. Сондықтан, чек несиелік ақша түрінде қолданылады.
Ақша жүйесі туралы ұғым, оның элементтері және негізгі түрлері
Елімізде ақша айналымын ұйымдастыру жалпы мемлекеттік заңдармен реттелуді керсететін ақша жүйесі болып табылады. Әрбір елдің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
ҚР-ның ақша жүйесі Президенттің жарлығына сәйкес 1995 ж. 30 наурызда «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы заңы күшке енген. Жарлықта ақша айналымын ұйымдастырудағы құқықтар негізі және формалары, оның ішінде ақша айналымын ұйымдастыратьн және реттейтін ақша белгісінің эмиссиясы мен арнайы ақша

бірлігін белгіледі.
Ақша жүйесі келесідей элементтердеп тұрады:
1.Ақша өлшем бірлігінің аттары. ҚР-ның ақша өлшем бірлігі 100 тиыннан тұратын 1 теңге болып табылады.

2.Ақша белгісінің түрі. Бұл айналымда алтын немесе күміс ақшалардың белгілі бір мөлшерінің орнына жүретін ақша белгілері, олар-тиын, теңге, қағаз ақшалар. 
3. Эмиссия тәртібі. Бұл нақты ақшаны шығару, оның айналысын ұйымдастыру және оны айналыстан алып тастау. Эмиссия бұл ақша мен бағалы қағаздардың

шығарылымы және айналысы.

4.Ақша түрлері-бұл заңды түрде төлем құралы болып табылады: ақшалай және

несие ақшасы.

5.Валюталық курс-бір ақша өлшем бірлігінің басқа ақша бірлігінде білдірілетін бағасы.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 
1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 
2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 
3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып

табылатындығын көрсетеді. 

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. 
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген. 
Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы

айта кетемін. 

Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі.

Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. 
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет коғаммен берілген". 
Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір 
лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. 
Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 % кұрады. 
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр. 
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады. 
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады: 

1 жалпыға тікелей айырбасталу; 
2 айырбас кұнының дербес формасы; 
3 оның сыртқы заттық өлшемі. 

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау, мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі кысқарды және тек коғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны тікелей пайдаланудың көлемі едәуір кеңейді. 
Акшанын айырбас құнынын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада колдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды баска банктерге сатуы және тағы баска. 
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді. 
Ғалым-экономистердің арасында алтынның акшалай тауар ретіндегі рөлі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша кызметтерін атқару рөлін орындауды тоқтатты дейді.

1.3 Несие ақшалар. 

Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналу мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді. 
Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның кағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының козғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде өмір

сүрудің меншікті формасын алады. 

Несие ақшалардын негізгі турлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады. 
Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі. 
Вексель айналымының қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол 
ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді. 
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келеді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз — кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өту арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады. Сатып алушы- кәсіпорын, тауарларды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген

соманы бере алады. 
Вексельдер жай және аудармалы болады. 

Жай вексельді (соловексель) қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі (тратта) кредитор — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға қарыз алушы (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде (ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат төлеуге келісімін көрсететін оның қолын койған түріндегі акцептен соң ғана тратта бойынша борышқор болып саналады. Вексель бойынша төлем авальмен (векселъдік тапсырма) қамтамасыз етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде және аллонжда (косымша бетте) аваль ретінде саналсын деген жазу болады. 
Сонымен вексель — несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады. Вексель айналасында бірнеше тұлға катысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы

ретінде беріледі. 

Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVII ғасырдың соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл пайдалануға өте ыңғайлы болып келеді. Ол алтынмен пара-пар болды, себебі кез келген уақытта сақталып жатқан

металға айырбасталады. 

Банкнота өзінің мәні жағынан — бұл банкирге арналған вексель болып табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты қамтамасыз етілген: вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің алтын қоры). Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген). 
Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялар тәртібінде

жүзеге асады. 

Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде шығару банкнотаардың банкке кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке қайтарылып отырады. 
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақшалар алтынмен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана занды төлем құралы болып табылады. 
1993 жылы біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несие ақша - банкнота болып табылады, себебі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. 
Банктік салымдар мен қолма-қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті

акшалар айналасы чекпен байланысты. 

Чек — бұл шот иесі чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы. 
Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай чек бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген кызметтер үшін есеп

айырысуға колданады. 

Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар (қызметтер) сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі, бірақ депонирленген сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады, осыдан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады. Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекке көрсетілген сома алынады. Сөйтіп чек — несие ақша ретінде қолданады. 
Өркендеген мемлекеттерде чек айналымынын жедел каркынмен өрістеуі біраз қиындықтарға дұшар еткен. Мысалы, 50-70 жылдары АҚШ-та 90%, Ұлы-британияда-60%, Жапонияда-25% отбасы чек кітапшаларын пайдаланған. АҚШ-та күніне 100 млн. чек толтырылып, чек айналымының шығындары жылына 11 млрд. доллар кұраған. Шығындарды азайту мақса-тында чектерді есептеуге автоматты жүйе енгізіліп, төлемнің басқа экономикалық формаларын іздестіру колға алынған. Қазақстан Республикасында чектерді пайдалану 1993 жылы тоқтатылды. Оның себебі: жалған чектердің пайда болуы коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттарында дебеттік қалдықтың болуы және тағы басқа. 
Несие карточкалары (электронды акциалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өтеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға беретін атаулы құжат. 
Әлемде пластикалық карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол акша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және тағы басқа. 
Қазақстан Республикасында несие карточкаларын енгізудің қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде Әлембанк (қазіргі ТұранӘлемБанк) өзінің "Виза" несиелік

карточкасын енгізген. Павлодар, 

Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда. 
Сонымен қоса ТұранӘлемБанк қызметкерлерінің, несие карточкалары бар. 
Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі рөлі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға колайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау

жұмысы аяқталды. 

Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйе жұмысының тиімділігін арттырып, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды. 
Несиелік карточкаларын пайдалану ақша айналасы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналымының жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл "ақшасыз шаруашылықты" жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді. 
Банктік автоматтар (БА) — ол клиентке банк кызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операииялар жүр- 
гізуге мүмкіндік беретін кұрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырып, тек қолма-қол ақша беруге колданылды. Біртіндеп БА колдану масштабы өзгеріп, ол жүргізетін операциялардың шеңбері кеңейді. Қазір олар халыққа үнемі және көп қызмет көрсететін жерлерде орнатылуда. БА — тың тетігі-пластикалық дебеттік карточка. Ол — банктік шот иесінің мағлұматтарды және жүргізетін операциялар түрі жазылған арнаулы магниттік жолақ. 
Терминалдар — сауда орындарында, ресторандарда және тағы басқа сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының төлем қабілеттігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін құрылғы. Терминалдарды енгізудің мақсаты — қолма-қол ақша айналысын қысқарту. 
Үйде банктік қызмет көрсету — ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның жай түрі — телефонмен тікелей байланысу арқылы — жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді. Ал жеке компьютерді немесе монитордың экранын пайдаланып, клиент банктің компъютеріне қосылып, коммерциалық хабар алуға; өзінің ағымдағы шотын, салымын басқаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан соманы білуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға; бағалы қағаздармен операция жүргізуге, салық төлеуге және басқа