Ақша айналысы. 2

Мазмұны      

         Кіріспе............................................................................................4   

           1 Ақша  айналысының теориялары

            1.1. Ақша  айналысының сипаттамасы ....................................6

            1.2. Ақша  айналысы  және  ақша  жүйесі................................10

            1.3. Ақша  айналыс  заңы...........................................................12

          2 ҚР  қолма – қол ақша  айналысы 

            2.1. ҚР қолма – қол  ақша  айналысы  түсінігі.........................17

            2.2. Ақша  айналымының ерекшеліктері.................................19

          2.3. Қазақстан Республикасындағы ақша эмиссиясы және ақшаны қамтамасыз ету ерекшеліктері................................................22

            3 Қолма–қол ақша айналысын реттеудегі шетел                    тәжірбиесі...............................................................................................24

           Қорытынды..............................................................................26

           Пайдаланған  әдебиеттер........................................................28 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кiрiспе.  

Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастыұ кұнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн - бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.

Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға  аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл  сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының  әр түрлі формаларының ақырындап алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:

- қарапайым  немесе кездейсоқ форма, ол  алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде,  яғни тауардың бір түрін бас-қасына  қарапайым айырбастау кезінде  (1 қой = 1 қап бидай) туындады. Бұл  жағдайда бір тауар өзіне қарама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар;

- толық  немесе жайылыңқы формадағы құн  егіншілер мен малшылардың алғашқы  ірі қоғамдық еңбек бөлінісі  нәтижесінде туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен (тұз, мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады. Алтынның 10 унциясы 10 кг темірге, 1 қойға, 1 қап бидайға айырбасталады;

 Еңбек  бөлінген соң (алғышқы бөлінісі: егіншілік пен мал шаруашалығы)  адамдар арасында айырбастау  қажеттілігі туындайды,  яғни сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі- тауар пайда болады.

Бірақ кез келген зат тауар емес. Оны  тауар деп айту үшін оның екі қасиетті болуы жөн: тұтыну құны жіне айырбас  құны. Тауардың тұтыну құны міндетті түрде  көрінсе, ал айырбас құны ақшаға теңістірілген  жағдайда көрінеді.

Ақша  тауардан  дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ ақша жалпылылама эквивалент. Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен  тауар өндірішулер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.          

 Жалпыға  бірдей эквивалент ролі тарихи  түрде алтынға бекітілген. Алтынның  басқа барлық тауарлардың құнын  бейнелеу қасиеті, оның табиғаты  емес. К.Марк айтқандай: ″ Табиғат  ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл  қасиет қоғаммен берілген ″       

 Экономикалық  категория ретінде ақшаның мәні  оның үш қасиеттінің бірігумен  көрініс табады:

  • жалпыға бірдей айырбасталу;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
 

            Жалпыға бірдей  айырбасталу формасы - кез келген  материалдық құндылыққа айырбасталу мүмкіндігінің көрсететі. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты (кәсіпорындар, жер, орман, жер асты сатылады) бұл формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.            

 Ақшаның  айырбас құнының дербес формасында ақша тікелей тауарларды өткізумен байланысты емес. Бұл формада олар несие беру, бюджеттің  кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б. арқылы қолданады.          

 Еңбектің  сыртқы заттык  өлшемі формасында ақша тауарды өндіруге жұмсалған еңбектін өлшеу мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.         

 Қоғамның  дамуы мен байланысты алтынның төлем құралы ретінде рөлі жылдан-жылға азаюда, себебі алтынның өндірілуі жалпы өндіріс көлемінен қалуда ( демографиялық өсүімен байланысты). Сол себептен алтындық ақшалар орнына қағаз ақшалар келді.          
 
 
 
 

         1 Ақша айналысының теориялары

        1.1 Ақша айналысының сипаттамасы

         Қайта құру кезеiне дейiн "ақша айналымы" мен "ақша айналасы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма - қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма - қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. 
           Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма - қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе,  қолма - қолсыз ақшалар - бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi. 
          Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына,  меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкiн емес болып қалды. 
           Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма - қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы - ақша айналысы деп аталады. 
          Ақша айналысының объективтi негiзi - тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы , ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды. 
Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.  
Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен,  тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн. 
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым  артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу - сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi.  Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.  
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма - қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу , есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi. 
Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен өзгерттi.  Осыған байланысты 1992 - 1993 ж.ж.  қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.  
Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрiс алып жатыр.  АҚШ - та халықтың есеп айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелiк карточталар т.б. көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды.  Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады. 
Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма - қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi.  Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн. Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi,  оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.  Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.  Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,  онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. "Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша".  
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады.  Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады. 
Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра,  1 қой = 1 қап бидай). 
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардң бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп , құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi.  Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. 
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе ресiмделiнбеген ақша формасын , әр түрлi тауарлар қабылдады.  Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады.  Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе, ал тундрада - бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады.  Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi "пекуния" (ақша) "пекус (мал) сөзiнен шыққан. "Рупа" (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы "рупия" негiзiнде жатыр.

"Капитал"  сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл  сөз мал басы санының көптiгiн  бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын  көрсеттi. 
Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды. 
Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ кари көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардығ ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейнi өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ. 20 ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде  бақалшақтардың  үш  түрi:  ең арзаны - қара  түстi  (куррила), ақ  түстi  (галиа),  аса  қымбат  -  қызыл  түстi (ронго) пайдалынады.  
Әлемде  әр  түрлi  экзоотикалық ақшалар болған. Королин аралдары тобына  кiретiн  ява  аралдарында  осы  күнге  дейiн  феи  акша  айналысыда  қызмет  етедi. Олардың  формасы  дөңгелекше тас түрiнде  келе  отырып  диiрменнiң  тасын  еске  түсiредi. Мұндай  монеталардың  диаметiрi  бiрнеше  метрге  жетедi.  Сауда  мәмiлесi  орындалғаннан  кейiн сатушыға  феяға  бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп,  өзiнiң белгiсiн соғады. 
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде құралдарды пайдалынған. Сонымен  бiр  құлдың  құны  үш  сиыр, алты бұзау, он екi қойға теңестiрiлген. 
Өнер  мен  жер  игертушiлердiң  бөллiнуiмен  эквиваленттiң  жетiлуi жалғасты.  Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi - зәйтүн майы , күрiш , кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.   

    Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады . Ежелгi Спартта, Жапонияда , Африкада  темiр , мырыш ,қорғасын , мыс , күмiс  алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды .  Рим императоры  Диониссий сиракуз және орта  ғасырдағы ағылшын  карольдары мырыш ақшаларды құйды .

Металл ақшаларының   артықшылығы олар  - бiркелкi , төзiмдi , ұсақталынады . Металл ақшалардың кен таралуымен  ақша есебiнiң салмақтық жүйесi  нақтылана түстi. 
 Кейiн келе металдардың арасында  басты роль  алтын мен  күмiске өте  басталды  ,  өйткенi  олар  жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие . 
     Әрине , металлдар бұған  дейiнгi ақша формаларын  бiрден ығыстырып  шығарып  тастаған  жоқ . Ұзақ уақыт  бойы  металл ақшалар  тауар формасын  сақтап  келдi . Темiр ақшалар күрек,  таға , шынжыр , шеге  және т. б формаларда  ұзақ уақыт бойы ғана сақталынды .    Грек ақшасының атауы " драхма"  " бiр уыс  шеге " деген мағынаны бiлдiредi . Мыс ақшалар қазындық , құмыры , қалқан  түрлерiнде ғана  айналысқа түстi . Күмiс  және алтын ақшалар  жүзiк , сырға , бiлезiк түрiнде пайданалынды .   Ақша - өндіріс    және    бөлу    процесіндегі     адамдар   арасындағы    қатынасты    бейнелейтін,   тарихи    түрде    дамып   келген     экономикалық   категория.   Ақшаның     экономикалық   категория    ретіндегі    мәні,   оның     мынандай   үш     қасиеттің    біртұтастығынан    байқалады:

  • жалпыға   тікелей   айырбасталу    формасы;
  • айырбас   құнының    дербес    формасы;
  • еңбек   өлшемінің    заттай  (материалдану)   формасы;

    Жалпыға    тікелей   айырбасталу    формасы,   оның   кез   келген    материалдық    бағалы   затқа     айырбасталатынын    сипаттайды.   Екіншісі    тауарларды   сатумен    байланыссыз.   Соңғы   қасиеті    тауар   өндіруге     жұмсалған    еңбектің   ақша   көмегімен    өлшеуге     болатын    құнын    сипаттайды.

    Ақша   өзінің    дамуы    барысында   екі    түрге    бөлінеді:   толық   құнды   ақшалар     және    толық   құнсыз   ақшалар.

    Толық   құнды   ақшалар – номиналдық      құны   оны   дайындауға     кеткен    нақты    құнымен сәйкес    келетін    ақшалар.  Мұндай   ақшаларға     металл    ақшалар,   соның    ішінде:    мыстан,     күмістен    және    алтыннан      жасалғандары   жатады.    Металл  ақшалар    әр     түрлі    формада   болған.   Монета    түріндегі   формасы – бұл   олардың   соңғы   формасы.   Монетаның   бет  жағы – аверс,    артқы   жағы – реверс   және    жаны    гурт  деп   аталады. Алғашқы    монеталар   ҮІІ   ғасырда   б.э.б.   Ертедегі    Қытайда    және    Ертедегі   Лидия    мемлекетінде    пайда  болды.  Бастапқы    кездері    айналыста   алтын    монеталарымен    қатар,    күміс    монеталар  да   қоса   жүреді.

    Алтын   айналысы    тұсында   құнның    қағаздай   белгілерінің    пайда   

болуының    мынадай    обьективті     қажеттіліктері    болған:

  --алтын   өндірісі     тауар    өндірісінің    артынан    ілесе    алмай,     нәтижесінде     айналыстағы    ақшаға    деген      қажеттілікті   толық    өтей   алмады;

  --жоғары   құнды   алтын   ақшалар   ұсақ    құнды    айналымға    қызмет   көрсете    алмады;

  --алтын    стандарты,   жалпы   алғанда   өндірісті   және    тауар    айналымын   ынталандырмады;

    Алтын    айналысы   не   бары    бірінші   дүние   жүзілік   соғысқа   дейін    болды   және   соғысушы    елдер     өздерінің    шығыстарын   жабу    мақсатында   құнның   қағаздай    белгілерін   шығаруды  ұлғайтты.Соның   нәтижесінде,    алтын   айналыстан    шыға   бастады.

    Толық   құнсыз   ақшалар – номиналдық   құны   нақты   құнынан жоғары   болып келетін   ақшалар.  Оларға  мыналар жатады:

  --құнның  металлдық   белгілері – арзан    бағалы   металлдардан   жасалған   ұсақ   монеталар;  мысалға   жез,   алюминий,   т.б

  --құнның   қағаздан   жасалған   белгілері.   Құнның   қағаздай   белгілері   екіге   бөлінеді:  қағаз   ақшалар   және   несиелік   ақшалар.

    Қағаз   ақшалар – бұл   нағыз    ақшалардың    өкілдері.  Тарихта   олар   айналыста   жүрген    алтын және   күміс   монеталардың   орынбасарлары   ретінде   пайда   болды.   Метал   ақшалардың    қағаз   ақшаға   ауысу   себептері:

----металл   ақшалардың   тасымалдап   алып   жүру  қолайсыздығы;

----бағалы   металлдарды    өндірудің   қағаз  ақшаларды   шығаруға     

      қарағанда   қымбаттылығы;

----эмиссиондық   табыс   алу   мақсатында   қазынаның   қағаз   ақшаларды    

      шығаруы;

----бюджет   тапшылығын   жабу  мақсатында   шығарылуы;

    Қағаз   ақшалар   тек   қана   айналыс   құралы   және   төлем   құралы   қызметін   атқарды.   Олардың    айналыста   көбеюі    мемлекеттің    қаржы    жетіспеушілігіне    байланысты   шығарумен   түсіндірілді.    Қағаз   ақшалар   тұрақсыз   және   құнсыздануға   тез   икемді.   Олардың    құнсыздану   себептері: 

    айналысқа   басы    артық    қағаз   ақшалардың   шығарылуын,  эмитетке   деген   сенімнің   төменденуінен   төлем   баланысының   қолайсыздық   жағдайынан  болды.

    Несие  ақшалар – тауарлардың   сатып   алу және   сатудың   уақытын   кешіктіріп   төлеуге   байланысты   пайда болған   ақшалар.  Несиелік   ақшалардың   шығуы    банктердің    несиелеу   операцияларымен   байланысты.   Несиелік   ақшалардың   басты   мақсаты – ақша   айналымын   икемді  ету,  ақшаларды   үнемдеу,    қолма – қолсыз   ақшалардың   дамуына   мүмкіндік    жасау.  Несие   ақшалары    өте   ерте   заманнан   пайдаланып   келді.  Сол   кездегі    төлем   міндеттемесінің     жай  түрі  

қолхат   болды.    Қазіргі   несие   ақшалардың   эвалбциясы:  Вексель,  

Банкнота,   Чек,  Несие   карточкалары   болып   есептеліненді. 

      1.2 Ақша айналысы және ақша жүйесі

 

   Көптеген шетел басылымдарына ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердіңбасылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.

   Жоспарлы – орталықтанған экономика  жағдайында ақша айналымының  ерекшеліктері:

  • қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Брлық қрғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы және т.с.с.) сәйкес мемлекеттің сауда жүйесі арқылы бөлінді;
  • мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;
  • ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттлді;
  • ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;
  • ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, мемлекеттік банк бақылау жүргізді;
  • мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеуиен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.

   КСРО негінде құрылған ТМД  елдерінің нарықтық қатынастарға  өту кезінде жүргізген іс-шараларын  кейін ақша айналымында пайда  болды. Шын мәнінде ақша айналысы  – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда “қолма-қол ақша айналысы”.

   Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы  ақша айналымына тән ерекшеліктер:

  • ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
  • қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
  • ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
  • ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
  • ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
  • қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;
  • қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер шығарады.

   Соныен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үдлгіссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл аықтама ақша айналымының қазіргі мазмұны сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.

   Ал металл ақша жүйесінде әрі  тауар, әрі ақша айналымы ретінде  олардың құны айналымда жүрді.  Себеьі металл монетаның (алтын  немесе күміс) өз құны өзінде  көрсетілген (номинал) құнына  сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы мен ақша айналымын біріктірді.

   Қазіргі ақша айналымын құн  айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп – қолма-қол ақша  және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.

   Айналыста жүретін тек қолма-қол  ақша, ол ақша айналымының тек  бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.    

   Ақша  тек айналыс туралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. қарыз міндеттемелерінің бір-сыпырасы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сүйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мелшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.

   Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ү мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда жөне басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекетгерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы телемеушілік проблемасы жай ақша жиынын ұлғайтумен шешілді дегенді керсетпейді. Өйткені төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босандығы, төлемеущшіктің тізбегівде өлуетті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді төжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б. 

1.3 Ақша айналыс заңы 

Адамзат құнының әртүрлі формалардың  өз басынан өткере отырып яғни ақша орнына әртүрлі тауарлар қолданысынан кейін (мал, тері, бақалшақ) адамзат  металл ақша айналысына қол жеткізуі. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен  бастап одан бірте-бірте монеталар пайда болған. Монета — ол формасы, сыртқы пішіні, салмақты құралы заңмен бекітілген. Металдан жасалған ақша белгісі мемлекет пробаны (монетадағы таза металдардың құрамы) массасын, типін ремедиюмді (заңмен рұқсат етілген номиналды массасының нақтыдан ауытқуы) эмиссялау ережесін және де тағы басқа белгіленеді.

Монетаның бет жағы — аверс, ал келесі жағы — реверс, кесіндісі — гурт  деп аталады.  Монетанаң ақша  айналысы бейметализм және монометализм деп ажыратылады. Тауар өндірісі  мен   айналымның өсуіне байланысты  метал  монеталарды    вексель  банкнот  түріндегі  несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алады. Метал ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері. 

  1. Метал ақша қозғалысы өте қымбат болды.
  2. Монеталардың тозуымен бұзылуы.
  3. Мемлекеттік билік (ремедюм мемлекеттік билікпен  жалған монеталарды  жасаушылардың монеталарды  бұзуы.

     Қағаз ақшаны ақшаның номеналдық  құнының  нақты құрамынан біртіндеп  бүлінуі нәтижесінде пайда болған.Құн  белгісінің соңғы формасы қағаз ақша мемлекеттің өз шығындарын жабу үшін  шығарылады. Әдетте мкеталға айырбасталмайтын еріксіз  номеналға ие. Ақша белгісі қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді.Себебі өздерінің дербес құны жоқ. Қағаз ақшаның меншікті құндарының болмауына байланысты. Олар өздерінің жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемсіз келеді.Қағаз ақшаларды дербес түрінде емес сондықтанда олармен қатар несиелік ақшалары бұл несие кезінде алтынның орнына  келген құнның қағаздай белгісі. Несие  ақшалар несие   беруші мен несие алушының арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және төлем құралы  формасы ретінде өмір сүрудің   меншікті  формасын алады. Несие ақшаның негізгі түрллері: вексель, банкнота,  чек,  несиелік карточкалар.

       Вексель-мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұсынушыға) вексельді көрсетілген  ссомманыы   қаррыз аалушыыдан (вексель ұсынушыға, вексель көрсетілген) вексель  берушіден  төлеуді талап ету  құқын  беретін жазбаша  түрдегі  қарыз  міндеттемесі. Вексель  айналымдық  қасиетке  ие  болғандықтан  яғни  қолма-қол ақшалардың  орнына   айналысқа  түсуге  бейім  болғандықтан   оны   сауда  ақшасы деп  атайды.

       Вексельдің  мәні  сатып  алушы   кәсіпорын  тауарды сатып   ала  отырып  ақшаны  бірден  төлемейді. Жабдықтаушы  кәсіпорынға  вексель  жазып  береді. Егер де несие  берушіге  ақша берік  болған жағдайда  ол банкке барып  векселін есепке  алу мөлшерлестік  алып  қалу  арқылы  вексельде 

көрсетілген  соманы  бере  алады. Вексель  жай  және  аудармалы  болады.

    Жай  вексельде(соло вексель)қарыз алушыға жазып береді.  Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша  соммасын  төлеу туралы    сөзсіз  міндеттемесі.

    Аудармалы  вексель (тратта) предитор  вексель  берущінің үшінші  тұлғаға  қарыз  алушыға   вексельде  көрсетілген соманы  төлеу жөніндегі бұйрығы.

    Чек бұл  шот иесінің   тек  ұсынушының шотына чекте  көрсетілген ақша сомасын қолма-қол  төлеу және аудару туралы банкте  берілген жазбаша бұйрығы.

  Банкнот  — несие ақшаның бір түрі. Алтын  құйманың немесе монетаның  иесі бұл қазынаны банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшегеннен соң банк алтынды сақтауға қабылдананы туралы қолхат береді. Бұл «Банктік хат» банкнота деп аталады. Банкнот дегеніміздің мәні — бұл банкирге  орындалған вексель болып табылады.

Несие карточкалар— бұл банк және сауда  фирмалары шығарған, банктегі шот  несиесінің жеке басын құжаттандыратын  және оған тауарлар мен қызметтерді  бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай  құжат.

   Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол – тауар –ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан айналысы заңмен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына; екіншіден ақша айналымының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі.

    Ақша айналысы заңының мәніақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.

   Ақша тек айналыс құралы ғана  емес, сонымен бірге төлем құралы  қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпыра қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айнылыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң формуламен өрнектеледі.

Ақша айналысы. 2