Ақша несие

1-т а қ ы р ы п. Ақшаның  мәні және қызметтері


[өңдеу]1.1. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

Ақшаның, өндіргіш күштер мен  тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын  зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын  көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы  ақшаның пайда болуының объективтік  алғы шарттарын туғызған.

Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен кұнның арасында тауар  табиғатына байланысты болатын қайшылықтар  айырбас құнның әр түрлі нысандарын туғызды. Айырбас — бұл бір  тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғадысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, нысанына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен  қатар, әртүрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы  қажет.

Мұндай негізге тауарлардың  құны, демек тауар өндірісі үдерісіне (процесінде) жұмсалатын және сол затқа  айналып отырған қоғамдық еңбекжатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның  еңбегі емес) тауарларды өлшенетін  жасайды. Нарықта бір тауарды  екінші бір тауарға айырбастаудың  өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген  тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек  әртүрлі болып, нәтижесінде одардың  құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнының (1 мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.

Айырбас құны — бұл бір  тауардың басқа да бір тауарға  белгілі сәйкестікте айырбасталу  қабілетін білдіреді.

Натуралды шаруашылық тұсында  өнім тек өндірушінің және оның жанұясының қажетін қанағаттандырғаңдықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші  кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім  қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.

Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса  жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа  арналған болса, онда, оның, өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы  үшін тұтыну кұны болуға тиіс.

Сөйтіп, тауарлар айырбасының  дамуы өз кезегінде құнның, мынадай  нысандарының (формаларының) қалыптасуына себеп болған:

Алғашқысы - өндіргіш күштердің  төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ нысаны. Айырбастың бұл нысанында бір еңбек өнімі  екінші бір еңбек өніміне тікелей  айырбасталынып отырған. Мысалға, бір  мал бір қап бидайға айырбасталды.

Екінші нысаны — бұл  құнның толық немесе жалпы нысанымен  сипатталады. Еңбек бөлінісінің  дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде  нарықтағы тауарлар саны мен түрлері  арта түседі. Мұнда, көбіне, бір тауар  басқа да көптеген балама-тауарлардың, айырбасында жүрген. Мысалға:

1 қап бидай = 1 қойға  = 1 балтаға = 1 құмыраға және т.б.

Үшінші нысаны — бұл  құнның жалпылама нысаны. Әр тауар  өндіруші өздерінің еңбектеріне  қарай барлығына бірдей қажет  жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар рөлін, кей халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда және т.б.), аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда), түз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой  пайдаланылған. Бірақ, аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды  және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.

Кұнның жалпыға балама нысанының дамуы нәтижесінде  барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар  — ақшатауары қалыптасты. Ол тауар  рөлін бағалы метал-іттын және күміс  атқарды.

Сонымен, ақша — бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға  барша айырықша тауар.

Ақшаның объективті қажеттігі  тауар өндірісі және айналысының  болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл  тауар айналысының кұралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен  бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, айырықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның, жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан, алтынның басқа тауарлардың  құнын бейнелеуі, оның ең бастысы  мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі  және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте  жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі  мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.

Ақша — өндіріс және бөлу үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде  дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория  ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады: жалпыға тікелей айырбасталу  нысаны; айырбас құнының дербес нысаны; еңбек өлшемінің заттай (материалдану) нысаны.

Жалпыға тікелей айырбасталу  нысаны, оның кез келген материалдық  бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған  еңбектің ақша көмегімен өлшеуге  болатын құнын сипаттайды.

[өңдеу]1.2. Ақшаның түрлері

Ақша, өзінің дамуы барысында  екі түрге бөлінеді: толық құнды  ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар —  номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін  ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл  олардың соңғы нысаны. Монетаның  бет жағы — аверс, артқы жағы —  реверс және жаны — гурт деп аталады.

Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай  қаражаттың көмегімен римдердің  эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo»  — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.

Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б  Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия  мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде  алғашқы монеталардың пайда болуы IX—X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста  алтын монеталарымен қатар, күміс  монеталар да қоса жүреді. Алтын  айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші  орынды, өзінің отарларымен бірге  ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

алтын өндірісі тауар өндірісінің  артынан ілесе алмай, нәтижесінде  айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

жоғары құнды алтын  ақшалар ұсақ құнды айналымға  қызмет көрсете алмады.

алтын стандарты, жалпы алғанда  өндірісті және тауар айналымын  ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары бірінші  дүниежүзілік соғысқа дейін болды  және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты  құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін  ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

Құнның металдық белгілері—арзан  бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

құнның қағаздан жасалған белгілері.

Құнның қағаздай белгілері  екіге бөлінді: қағаз ақшалар  және несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар — бұл  нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта  олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары  ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз  ақшаға ауысу себептері мынадай:

металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы; металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында  бүлінуі;

бағалы металдарды өндірудің  қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда  қымбатқа түсуі;

эмиссиондықтабыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың, нақты құны арасыңдағы айырма) алу  мақсатында қазынаның, қағаз ақшаларды  шығаруы;

бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар  б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания  отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде  пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар  барлық елдерде шығарылды. Қазіргі  кезде қағаз ақшалар қазыналық  билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы  негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында  соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы  нәтижесінде айналымнан алынды.

Қағаз ақшалар (қазыналық  билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға  ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атақарды. Олардың айналыста  ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне  байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан  тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа  басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық  жағдайын жатқызады.

Несиелік ақшалар —  тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың  уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы  банктердің несиелеу операцияларымен  байланысты. Мұндай ақшалардың басты  мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік  жасау.

Несиелік ақшалардың мынадай  түрлері бар: вексель, банкнота, және чек.

«Вексель» сөзі ағылшынша bill note — міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

Вексель — белгілі бір  соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне  «Қазақстан Республикасындағы вексель  айналысы туралы» (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай түсініктемелер берілген:

—Жай вексель (соло) —  вексельді ұстаушыға вексельде  көрсетілген соманы белгілі бір  уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің  еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін  сипаттайтын вексель.

— Аудармалы вексель (тратта) — вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы  вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу  туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша төлеуге  келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель  келесі бетіндегі индоссамент (басқа  біреуге аударуып жазу) көмегімен  айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың кебеюіне байланысты вексель  айналысы ұлғая түседі және мұндағы  әр индоссант вексель бойынша  міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

Жай және аудармалы вексель  — коммерциялық вексельдің түрлері  ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиттерде вексельді мынадай  түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық (банктік) вексель  — белгілі бір ақша сомасын  қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель — бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірі-біріне беріледі.

Бронзалық вексель нақты  қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

Вексельдің келесідей  өзіне тән қасиеттері бар:

дерексіздік, яғни вексельде  мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;

даусыздық, яғни протесттуралы  актіні нотариуспен жасағаннан кейін  тиісті шара қолданылға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;

айналымдылық, яғни басқа  бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде  вексельдің берілуі.

Қазақстанда жоғарыда аталған  заң қабылданға дейін және онан кейін  де вексель айналысы дамып келеді. Вексель айналысын бірінші болып  қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл  банк 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға  шығарып, оларды несие құралы ретінде  клиентеріне берді. Сол клиенттерінің  ішінде атап айтсақ сыртқа астық сатумен  айналысатын «Астық» акционерлік  компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді  тендер бойынша жеңіп алып, оны  өзінің жабдықтаушылары арасында төлем  құралы ретінде пайдаланды.

Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн. теңгеге  бағалаған вексельдерін өтеді.

Мұндағы, «домицилиант» —  вексельде көрсетілген төлемді  жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

Бянкнота (ағыл. сөзінде «Bank-note»  аударғанда «банк билеті») орталық  банктің айналысқа шығарған әр түрлі  номиналдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз  ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның  вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:

мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3—6 айлық), ал, банкнота — мерзімсіз  қарыздық міндеттеме;

кепілдігіне қарай, вексельді  айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық  банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиттерде  банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық  және жай.

Классикалық банкнота—бұл банкнотаның  алғашқы пайда болған нысаны ретінде  алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық  банктің билеті.

Классикалық банкнотаның  қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

жаратылысына қарай—қағаз  ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота — ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;

эмиссиялау әдісі бойынша  — қағаз ақшаларды айналысқа  қазынашылық шығарса, ал банкнотаны — Орталық банк шығарады;

қайтарылуына қарай —  классикалық банкноттар вексель  мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық  банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар  қайтарылмайды, яғни олар айналыста  қала береді;

ауыстырылуына қарай —  классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз  ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын  болған.

Банкноталардың алтынға  ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі Орталық  банктің вексельдік портфелі, көбірек  казыналық вексельдер мен міндеттемелерге  толықты.

Жай банкнота — бұл қазіргі  кездегі айналысқа шығарылған Орталық  банк билеті.

Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық  банктен шығатын жай банкноталар  алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ  олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының  зандылықтарына бағынады.

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының  төмендегідей үш жолын бөліп көрсетуге  болады:

Шаруашылықты несиелеу жолымен;

Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы  барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік  алған жылдардың басында экономикадағы  тұрақсыздыктың нәтижесінде 1993-1998 жылдары  мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995—1996 жылдары бюджет тапшылығы  ЖІӨ-нің 5,5 %-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық Банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине, бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфлияцияның орын алуы.

ұлттық валюта бағамының  тұрақтылығын қамтамсыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін  арттыру мақсатында айналысқа қосымша  ақша эмиссиялау жолымен.

Чек, вексель мен банкнотаға қарағанда, коммерциялық банктердің кұрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай  қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде  біршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.

Чек — ағымдағы шот иесінің  чекті ұстаушыға белгілі бір  ақшалай сачаны төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша  бұйрығы . Чектің мынадай түрлері  бар: ақшалай чек — банктен  қолма-қол ақша алуға арналған төлем  құралы.

атаулы чек — аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;

ордерлі чек — бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент  бойынша басқа бір тұлғаға  беруге құқық береді;

мәлімдеуші чек — чекті  мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырысу чегі —  заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

жол чегі—туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген чек  — банктің чекте көрсетілген  соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайын төлем құралы.

Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:

біріншіден, ол банктен нақты  ақшаны алуға қызмет етеді;

екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;

үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырысу құралы.

Электрондық ақшалар —  компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың  клиенттері, сатушылар мен сатып  алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар —  пластикалық карточка нысанында  болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (твлем) карточка —  банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа  сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер  үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка — оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде  тауарлар мен қызметтер үшін төлемді  жасауға, не қолма-қол ақша алуға  арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың локальдық  және халықаралық түрлерін кеңінен  қолданылуда. Халықаралық карточкаларға: «Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға  арналған дебеттік карточкалар да кеңінен  қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары  көбіне теңгеде ашылады.

Несиелік карточкалар  бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі  уақытта несиелік карточкалардың мынадай  түрлері қолданылады: банктік, саудаға  арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын  төлеуге арналған. Біршама кеңінен  таралған түріне сауда карточкаларын  жатқызуға болады.

2011 жылдың 1 ақпанындағы жағдай  бойынша 20 банк және «Қазпочта»  АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын  шығаруды жүзеге асыруда. Екінші  деңгейлі банктер жергілікті  жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card — «Қазақстанның Халықтық Банкі»  АҚ, Smart AlemCard — «БТА Банкі» АҚ, «Сити банкі» АҚ шығаруда. Бұдан  басқа, қазақстандық банктер келесідей  халықаралық жүйе карточкаларын  шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.

Мысалға Темірбанкі АҚ-ның  шығаратын және қызмет көрсететін төлем  карточаларының түрлері 2- қосыша бетте  берілген.

[өңдеу]1.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі

Ақша экономикадағы рөлін  өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі  тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде  ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы  атқаратын қызметтеріне мыналар  жатады: құн өлшемі және баға масштабы; айналыс (айырбас) құралы; төлем құралы; қорлану және қор жинау құралы; дүниежүзілік ақша.

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде  барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан  аттас, сапасы жағынан салыстыруға  келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру»  қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті  еңбек олардың бір-бірінің өлшенуіне  жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың  құнын өзіндік құны бар нақты  ақшалар (алтын және күміс) өлшей  алады.

Тауар құнының ақшамен  бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен  анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны бағамас- штабы деп аталады.

Бағалардың негізінде  және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі  мен баға масштабы арасында өзара  айырмашылық бар. Құн өлшемі —  бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның  экономикалық қызметін сипаттайды. Құн  өлшемі кызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы — бұл  мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс  пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.

Бүгінгі танда тауарлар алтынға  тікелей айырбасталмайды және олардың  бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның  бұл қызметін алтынның орнында жүретін  оның құндық өкілдері немесе қағаз  және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан  да, оларды толық бағалы емес ақшалар  деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ  өлшеуге қатынасады.

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар  айналысы үдерісінде делдалдық рөл  атқарады. Тауар айналысы мынадай  үдерістерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды  сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл үдерісті арнайы формулада келесідей  түрде беруге болады: Т ( mayap) —A (ақша) — Т( тауар).

Ақша айналысының тауар  айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып  отырады. Ақшаның айналыс кұралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты  және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

Сонымей ақша, айналыс Кұралы қызметін атқаратындықтан да олардың  саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын  тауарлар массасы және бағасы негізінде  анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық  болса, онда ақшаның құнсыздануы  инфляцияға жол береді.

Ақшаның төлем құралы қызметі. Әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі  тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс  мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта  болуы шаруашылық субъектісінде  қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін  туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың  төлемін кешіктіріп сатып алу  және сату, яғни несиеге беру қажеттігі  туындайды. Ақша төлем құралы ретінде  мынадай ерекше бір қозғалыс нысанына ие: Т(тауар) — М(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М(міндеттеме) —  Т(тауар).

Ақшаның төлем кұралы қызметі  мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс  құралы ретінде делдалдық рөлінде  жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы  қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып  алу үдерісінің аякталғандығын білдіреді. Тауар мен ақша арасындағы уақыттағы  алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.

Ақша төлем құралы ретінде  тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады; тауарлар және көрсетілетін қызметтер  бойынша төлем міндеттемелері; мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер; банктік  ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер; сақтандыру міндеттемелері; әкімшілік  және сот алдындағы және өзге міндеттемелер.

Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды  қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау  құралы болып табылады. Сондықтан  да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға  тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға  жүктелген.

Ал ақшаның қорлану  қызметін толық бағалы емес ақшалар  атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі нысанда жүзеге асырылады  десе болады:

1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың  ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктегі  басқа шоттардағы ақшалай қаражат  қалдықтары түрінде қоғамдық  қорлану нысанда;

2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке  қорлану нысанында.

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық  заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем  құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болыптабылады. Халықаралық төлем құралы ретінде  дүниежүзілік ақшалар халықаралық  байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып  алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты  ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы  тепе-тендік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар  бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында  қызмет етеді.

Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі нысанында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы нысаны ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар нысанында  өтеді»—деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде  дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.

Алтын монета стандарты тұсында  дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген  елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын  фунт стерлингі аткарған.

Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ — доллары, Еуропалық  Одақтың қазіргі валютасы - еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық  қордың СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.

1999 жылы қаңтар айынан  бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде  жаңа валютасы «еуро» енгізілді.  Еуропралық валюталық Одаққа  бастапқыда он бір ел қатынасқан: Германия, Франция, Луксенбург, Нидерландия,  Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап, «еуро»  қолма-қолсыз төлемдер үшін және  мемлекеттің жаңа қағаздарын  орналастыру үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1 каңтарынан және 6 айдай  уақыт ішінде енгізіліп, валюталық  одаққа мүше елдердің ұлттық  ақша бірліктері 2002 жылдың 1 шілдесінен  бастап өз қызметтерін тоқтатты,

Ақша несие