Ақша қызметтерінің теоретикалық негіздері
1 Ақша қызметтерінің теоретикалық негіздері
1.1 Ақшаның пайда болуы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша - бұл тауар өндірісіне тән тарихи категория. Ақша пайда болғанға дейін табиғи айырбас жүрді. Алғашқы қауымдастық арасындағы қоғамдық еңбек сенімінің айырбасы кездейсоқ сипатта болды. Тауарлық айырбастың дамуы алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Тауар айырбасының ұзақ мерзімді дамуы нәтижесінде барлық тауарлардан ерекше тауар ақша бөлінеді. Ақшаның пайда болуы айырбас кезінде пайда болатын тауар қайшылықтарымен түсіндіріледі. Тауар бір мерзімде құн ұстанушы және тұтыну құралы болып табылады, яғни тауар өндірушілердің еңбегін жүзеге асырады. Осыдан тауардың бірінші қайшылығы туындайды-адамның нақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтыну құны және айырбас құны түрінде айырбас кезінде көрініс табатын құн арасындағы қайшылық.
Тауар тұтыну құны ретінде сапасы жағынан бір текті және саны жағынан өлшенбейтін нақты еңбекті көрсетеді. Құн сапасы жағынан бір текті және саны жағынан өлшенбейтін абстракты еңбекті қалыптастырады. Осыдан тауардың тауар өндірісін кеткен абстракты және нақты еңбек арасындағы екінші қайшылық туындайды.
Құн қатынастарының туындау процесінде алғашқы айырбас құны құнды көрсетудің формасы ретінде пайда болды. Бір тауардың құны оған қарсы жеке тауар боламасында көрінеді. Бұл құнның қарапайым немесе кездейсоқ формасы, А тауарының Х-і В тауарының У-не айырбасталғанда. Осы айырбаста А тауары өз құнын көрсете отырып, оны В тауарының тұтыну құнына жатқызады, яғни құнның қатысты формасында болады. Құнның қатынасы және эквиваленттік формасы тауар құнын көрсетудің екі қайшы жағынан құрайды. Жалпы эквивалент түрінде ақшаны анықтау оның мүмкіншілігін сипаттайды, тауарды қамтылған қоғамдық еңбек шығындарын көрсетеді және соның негізінде олардың жалпы айырбастылығын қамтамасыз етеді. Яғни ақша өз құрамы бойынша тауардың айырбас құнының болмысын көрсетеді. Айырбас құны, ақша, т.б. Категориялардың ішкі бірігуі ақшаны өндірістік қатынасытң тарихи анықталған формасы ретінде мәнін түсіну негізі құрайды. Ақшалар: біріншіден, жеке өндірушілердің өзара байланыстарын; екіншіден, қоғамдық тұтыну мен жалпы қоғамдық еңбекке кеткен жеке шығындар қатынасын; үшіншіден, жеке тауардың қоғамда өндірілген барлық тауар массасына қатынасын қамтиды. Ақшалар тауарды өлшмейді, ақшалай формада көрсетілетін қоғамдағы қажетті еңбек өлшейді.
Ақшалар тауар өндірісінің әрбір этапы үшін сипаты бар өндірістік қатынастарды көрсетіді. Ақшалар капитализмге өлшемейді, ол бірыңғай айырбас мәмлесінің тауарды өндіруші-қатысушысының арасында негізделген өндірістік қатынастарды көрсеткен. Монополистік капитализмге дейінгі жағдайларда тауар өндіруші мен қоғам арасында, ал монополистік капитализм кезінде тауар өндіруші мен әлемдік нарық арасында болды.
Алғашқы қауымдық құрылыс
кезінде бір тауардың басқа тауарға
кездейсоқ формалары
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе рәсімделмеген ақша формасын әр түрлі тауарлар қабылдады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және түрлі халықтарда бір мезгілде эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушыларды бөлініп шығуымен мал айырбас құралына айналды. Малды жалпы эквивалент түрінде қолданғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижесінде кездеседі. Латынның сөзі „пекуния“ (ақша) – „пекус“ (мал) сөзінен шыққан. Ал „рупа“ (мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы „рупия“ негізінде жатыр.
Алғашқы қауымдық жұмыс кезеңінде ақша ретінде түтынудың маңызды заттары қолданылды, ол айырбас құнын көрсетудің туындаған табиғи формасын көрсетті. Ақшанаың бұрынғы түріне күн сайын қолданылатын тауарлар жатады, а айырбас кезінде жалпы эквивалент ретінде қызмет атқарады. Тауарлық ақшалар арасында сатылатын (қой, тұз, шай, бидай, күріш және басқалары), еңбек жабдықтары (балта, былғалылар, күректер), әшекейлі заттар (сақина, білезіктер, алқалар) ерекшеленді.
Тауарды айырбастау жүйесін
сипатта болғанда тауарды өндірушіде
жалпы эквиваленттің ролін
Ақшаның рай металға алдымен әртүрлі кесектер формасында, ал б.э.д. 8-ғасырдан бастап басып шығарылған тиын формасында болды. Капитализмге дейін ақшаның райын мыс, күміс, кейбір елдерде ежелде алтын (Ассириа және Египетте) атқарды. Тауар өндірісінің дамуымен алтын және күміс ақшалай тауарға айналды. Асыл металдардың табиғи қасиеттеріжалпы эквивалентке қажетті шарттарға сәйкес келеді: олар біртектілік, бөліну, нормативтік және сақтау қасиеттерін иемденді. Олар үлкен құнды кіші көлемде көрстеді, нәтижесінде құнның эквивалентті формасы белгілі бір тауардың табиғи формасымен алтынмен, күміспен байланыстырылады, тауар әлемі тауар мен ақшаға бөлінді.
Б.з.д ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда болды. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталды. Алғашкыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.
1.2 Ақшаның қызметтері және түрлері
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралдары қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі. Ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнының көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керсінше толық құнды ақшаны қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауарлар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді. Сонымен, ақшаның бірінші атқаратын қызметі ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ.
Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағыяғни ойдағы ақша ретінде орындайды, себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұру қажеті жоқ. Себебі, еңбек өнімі ойда бағаланады.
Тауарлардың ақша
болып көрінетін құны – тауар
бағасы. Баға деген құнның ақшалай
көрінетін бейнесі. Енді
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметінің баға масштабының арасында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Құн өлшемі- ол ақшаның экономикалық қызметі. Яғни құн өнімді шығаруға кеткен еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен құқықтық сипаттағы техникалық құрал. Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан метал ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятының айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтық бағаға негізделік жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар. Сонын негізінде ақшаның құн өлшемі қызметі жүзеге асады.
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі-айналым құралы. Басқаша айтқанда тауарлардың бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауарлар айырбастау тауар айналыс формасына айналды. Бұнда екі акті бар. Біріншісі, ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі, ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды білдіреді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, біріншіден, ТА процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді. Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керекті тауарды сатып алуға мүмкіндік туады. Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып, керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.
Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген айырбас актілері араласып, түйісіп, біртұтас тауар айналысы процесін құрайды. Осы процестер барысында ақша бірініші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға өтіп, ақша айналысын құрайды. Сөйтіп ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу, сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
- Тауар мен ақшаның бір-біріне қарсы қозғалысы;
- Бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындалуы;
- Бұл қызметіін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп, ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақтыақша материалы емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.
Демек, ақшаның айырбас құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы және тауар ақша айналымының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орнына жүретін кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік туғызады. Ол үшін нақты ақша алтынның символы ретінде кем бағалы монеталар мен қағаз, несие ақшаларының тауар айырбасында қолданылуына қоғамдық кепілдік беріп, адамдар мойындауы қажет. Сонын нәтижесінде әр мемлекеттің ерекше белгілерімен куәландырылған ұлттық айналысқа ұлттық ақшалар мен майда монеталар пайда болды. Ақшаның бұл қызметінде айналысқа қажетті ақша мөлшері сатылатын тауарлардың бағасы мен олардың массасына байланысты анықталады. Ақша неғұрлым тез айналса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерлі ақша қажет. Егер де айналымдағы ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда айналымдағы кем бағалы ақша құнсыздалады. Оны ғылым тілінде инфляция деп атайды. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді, төлемді кешіктіре отырып сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек бұл тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы, несие беруді, ал сатып алушы борышқор деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтілгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей топтастыруға болады:
- Тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
- Еңбек ақы, зейнет ақы, шәкірт ақы, жәрдем ақы төлеу;
- Мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
- Банктік, мемлекеттік тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу
- Сақтандыру міндеттемелерін өтеу;
- Құқықтық сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Ақшаның төлем құралы қызметтінің айналыс құралы қызметінен өзгешеліктері бұл қызметінде ақша сатып алу сату процестерін аяқтайды және қолма қол ақшамен қатар несие ақшалары жүреді. Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде ақша көбінесе төлем құралы ретінде қолданылады. Ақша төлем құралы қызметін орындауға байланысты айналысқа қажетті ақша мөлшері, яғни ақша айналысы заңы толық мәңге ие болады. Атап айтқанда тауар несиеге сатылғанда айналысқа қолма қол ақша түспейді. Сондықтан ол айналымға керек ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем уақыты келгенде қарызды өтеу үшін айналымғаақша қажеттілігі өседі. Ал айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтілетін міндеттемелер сомасына азаяды. Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша уақытында төлемдер түспесе, онда ол төлемеушіліктің тізіміне іліктіреді. Сөйтіп ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары мен несие жүйесін дамытты. Ол алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір айғағы.
Ақшаның келесі қызметі - қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдарын қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әртүрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы тоқтап қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Тауар айналымының үзіліссіз бір қалыпта жүруі үшін қажетті ақша мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша мөлшерін қосып, кейде керсінше ондағы ақшаны шығару қажет болады.
Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп және дипозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар. Ал екіншісіне халықтың банктердегі мемлекеттік облигациялардағы және тағы басқа салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп елдің ішкі қажеттілігін өтеуге толық құны жоқ ақша, яғни қолма қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы. Шаруашылық байланыстарының интернационалдануы, тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализмге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша өзінің ұлттық мундирын шешіп, яғни алтын құймасы формасында айналысқа түседі. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Сол кезде алтын дүниежүзілік ақша ретінде таңылып, үш түрлі бағытта қолданылуда. Атап айтқанда:
- Бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретінде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырысуда қолданылады;
- Бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып алу құралы ретінде шетелдерден қолма-қол ақшаға тікелей тауар сатып алғанда жүреді;
- Қоғамдық байлықты материаландыру құралы ретінде ақша ұлттық байлықты бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция салығын төлегенде депрпция зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады.
Айта кетеін жәйт, дүниежүзілік
ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық
ақша белгілерінің бастапқыда металл
ақшадан біртіндеп несие
Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілеренің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:
Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында жоғарғы үлесті салмағы бар.
Екіншіден, бұл елдердің
басқа елдерге айтарлықтай
Ақшаның айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз- ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, сонын ішінде: мыстан, күмістен, алтын жасалғандар жатады. Металл ақшалар әртүрлі формада болған монета түріндегі формасы. Бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы аверс, артқы жағы реверс және гурт деп аталады. Алтын айналысына бірқатар елдерде ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің орталарымен бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында
құнның қағаздай белгілерінің пайда
болуының мынадай объективтік
- Алтын өндірі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
- Жоғарғы құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
- Алтын стандарты жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары Бірінші Дүниежүзілік Соғысқа дейін болды. Және соғысушы елдер өзінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Сонын нәтижесінде біртіндеп алтын айналыстан шыға бастады.
Толық құнсыз ақшалар- номиналдық құны нақты құннан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:
- Құнның металдық белгілері-арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюмини т.б. монеталар;
- Құнның қағаздан жасалған белгілері.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынадай сатыларды өтті:
- Металдық;
- Қағаздық;
- Несиелік;
- Электрондық ақша
Металл ақшалар- толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Олар монета түрінде шығарылады.
Монета –бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын, салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Метал ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен бекітілген металл құймалар айналымға шыққан.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VІІ ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Макендонский болды.
Айналымға сәйкестірілген, стандартты монаталардың еңгізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құралы қыметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады.
Монаталарды құю, эмиссиясы ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық «emissio» сөзінен аударғанда «шығару» мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы –бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.
Ақшаның ролі тарихи тұрғыдан алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан беріледі. Алтын жалпы балама ролін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:
Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;
Екіншіден, оның жоғарғы құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.
Алтының негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей, Өзбекстан саналады.
Құнның қағаздан жасалған белгілері екіге бөлінеді. Қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар-бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктермен байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері төмендегідей:
- Металл ақшалардың тасмалдап, алып жүру қолайсыздығы;
- Металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарына жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында төленуі;
- Бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
- Эммисиондық табыс алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
- Бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Қағаз ақшалар тапшылығын жабу үшін шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек
қана айналыс құралы және төлем құралы
қызметін атқарады. Олардың айналыста
ұлғаюы мемлекеттің қаржы
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтай алады. Ал процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны бір жапырақ қағазға айналады. Егер нағыз ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады.
Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр түрлі купюра мен бағамен қағаз ақшаларын шығарады. Қағаз ақшалардың кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар несиелік қағаздар пайда болады.
Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың элементтері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.
Қағаз ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қар несиелік ақшалар әрекет
1.3 Ақшаның қажеттілігі және экономикалық маңызы
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516ж) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде: «Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескерілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмтылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді».
ХІХ ғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грен және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан кейін (1917), азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, бар және де бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана «патша арағында» (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен, оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеп соғады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде.
Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1кг алтын алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеу қажет.
Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден жоғары температурада терең жер астарлаында жұмыс істейді. Бұдан бұрын, ОАР-да әлемдік алтын өндірісінің 2/3 өндірілсе, ал қазір 1/3 ғана өндіріледі.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның 3 қасиетінің бірігуімен көрініс табады:
- жалпыға бірдей айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға бірдей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану мен бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

- Ақшалай қаражаттар есебін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
- Ақша мәні, қызметтері, теориясы
- Ақша мәні, мен мақсаты
- Ақша мәні мен пайда болу қызметі
- Ақша нарығы
- Ақша нарығының теориялық негіздері
- Ақша несие
- Ақша қаражатының аудиты
- Ақша қаражатының есебі
- Ақша қаражатының есебі
- Ақша қаражатының түсінігі
- Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу
- Ақша қозғалысы
- Ақша құралының айдиті