Ақша құралының айдиті
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
- Аудит даму кезеңі, жоспары және түрлері
- Аудит даму кезеңі........................
.............................. ....................5 - Аудиттің жалпы жоспары және түрлері.......................
.............11 - Ақша қаражатының аудиті
- Банк операцияларының аудиті........................
...........................13 - Кассалық операциялар аудиті........................
.............................1 5 - Ақша қозғалысының аудиті........................
.............................. ..18
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
КІРІСПЕ
Аудит - кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктердің және акционерлік қоғмдардың қаржылық шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит негізінде кәсіпорын басшыларының не болмаса қатарлас және аралас кәсіпорындардың, контрагенттердің мемлекеттік басқару органдарының сұраныс бойынша жүргізледі. Оның негізі кәсіпорынның қаржы-қаражат жағдайын анықтау және оны жақсарту туралы менеджмен және салық ісі мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсетеді. Аудитор – акционерлік бірлестіктердің, фирмалар мен кәсіпорындардың қаражатын, шаруашылық іс-әрекетін басшылармен келісе отырып, жасалған шарт арқылы тексеретін заңды тұлға немесе фирма болып табылады. Аудитордың негізгі мақсаты тексерілген бірлестіктердің кәсіпорындар мен фирмалардың қаражаттары мен іс-әрекеттеріне, шаруашылық қызметтеріне әділ әрі нақты баға беріп жылдық есептің кіріс-шығысын жариялау. Аудиторлық фирмалар тексеру міндеттерімен қатар кеңес беру қызметтерінде атқарады. Аудиторлық қызметтер коммерциялық негізде жүргізіледі. Аудиттің объектісі болып нарықтық экономикада қызмет ететін шаруашылық субъектілері табылады. Қазақстан Республикасының экономика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж. Дүйсенбаев аудиттің мазмұнына келесідей анықтама береді: «Аудит – бұл ұйымдардың қаржылық есеп беруін және басқада экономикалық ақпараттарын тәуелсіз сараптау және талдау, ішкі бақылаудың жағдайын және бухгалтерлік есептің Республикада заңдылықтарымен тексеру, сонымен қатар клиенттердің сұрақтары бойынша қызметтер көрсету».
Жұмыстың негізгі мақсаттары:
Біріншіден, қаржылық есеп-қисаптардың жаппай қол жетерлігі үшінші тұлғалардың (соның ішінде несиегерлердің, жеткізушілердің, жұмыскерлердің жəне т.б.) мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, өйткені бұл кəсіпорындар мен үшінші тұлғалардың арасында ақпарат бөлудегі теңсіздікті қысқартады.
Екіншіден, бұл қоғамды ықтимал негативті экономикалық салдардан қорғауға көмектеседі; ол мысалы, экономикалық маңызды компаниялар жағдайында, егер олардың қызметі жəне/немесе жабылуы жергілікті экономикаға елеулі негативтік əсерін тигізуі мүмкін болса, маңызды бола алады.
Экономиканың қай саласындағы болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда ұйымның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті - аудитор растаған қаржылық есеп-қисаптар жалпыға қол жетерлік болуға тиіс (орта мерзімді перспективада): Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның ішінде оларға ескерімдерге жаппай қол жетерлікке талаптың бірнеше себепке байланысты үлкен маңызы бар.
Аудит даму кезеңі, жалпы жоспары және түрлері.
1.1. Аудит даму кезеңі
Еліміз экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылым мен білімнің практикалық қызметінің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуға алып келді. Тәуелсіз бухгалтер – аудитор кәсібі өткен ғасырда Еуропаның акционерлік қоғамында пайда болды. Мұның өзі акционерлік қоғамның есептілігін объективті баға беру, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы шынайы деректер алу қажеттілігіне байланысты болды. Мұндай обьективті мәліметтерді кәсіпкерлерге тәуелсіз маман ғана бере алады.
Аудит сөзінің өзі латынның audio деген сөзінен шыққан, мұның өзі сөзбе – сөз “ол естиді” дегенді білдіреді. Бастапқыда ол “тыңдаушы” деген мсөзді, яғни бір нәрсені тыңдап отырған адамды білдіретін аудитор сөзі туындаған.
Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған бухгалтермен есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та қоғам бухгалтері, Францияда – бухгалтер сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және т.б деп атады. Аудитордың ең негізгі мақсаты аудиторлық қорытанды жасау. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсеттеді: бухгалтерлік есеп жұмыстарын ұйымдастыру туралы, салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес беру сияқты т.б. сонымен қатар шаруашылық субъектілеріне өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктер кеңес берумен және компонияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат, есеп беру мәліметтерін тексеріп, өзінің аудиторлық қорытынды жасауды және кепілдік береді.
Аудитке қажеттілікті тудыратын объективті жағдайлар
- инвнсторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір – біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі олардың мүдддесі бір емес. Әсіресе кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
- кәспорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;
- кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
- кәсіпорын шаруашылығының күрделілігіне сәйкес “коммерциялық құпияны” сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.
Қазақстан Республикасындағы аудиттің қалыптасуы.
Қазақстан республикасы аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес өкіметінің министірлер кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15.11.1990 жыл №60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы министрлігі жанынан шаруашылық есеп қағидасында аудит орталығы “Қазақстан аудит” фирмасы ашылды, ал обылыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік компания болып, республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорынға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр. Еліміздегі аудит жұмысынан тиянақты дамуына бірбен-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған 1993 жыл 18 қазан айында жоғарғы Кеңес қабылдап, бекіткен “Қазақстан Республикалық қызмет” туралы заңы. Бұл заң
аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шетел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, қолдану жолдары бөлінеді.
Ол заң 1998 жылы өзгеріске енді.
Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет туралы” 1998 жылы 20 қарашадағы заңында көрсетілгендей:
Аудит аудиторлардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес қаржы есептілігінің растығы мен жасалу обьективтілігі туралы тәуелсіз пікірді білдіру мақсатымен заңды және жеке тұлғалардың (аудиттелетін субъектілер) қаржы есептілігін тексерін білдіреді.
Аудит басқа экономикалық ғылымдар сияқты шаруашылық субъектісінің қызметі барысында қалыптасатын өндірістік қатынастарды зерттейді. Бірақ ол бұл қызметтің белгілі бір дербес жағын зерттейді, мұның өзі оның пәнін құрайды.
Қазіргі кезде біздің елімізде үлкен 5 фирмалардың филиалдары жұмыс істейді. (Дэлойд Энд Туш, Эрист Энд енг, Прайс Уотерхауз, Росс эксерта, Фукоп аудит). Сонымен қатар аудит фирмасы да қосылып өзінің қызметін атқаруда соның салдарынан аудит қызметінде басқа да қызмет тексерудің сапасы көтеріліп отыр. Қазақстан Республикасы нарықтық қатынасқа көшу жолында тиянақты қатал бақылау, тексеру ерекше орын алады. Себебі нарықтың қатынастардағы қағидалардың дамуын қамтамасыз ету үшін ол елдерде бәсекелестік шешуші орын алады.Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау, тексеру болу қажет. Сонымен қатар аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептен анықталады. Олар:
- Кәсіпкерлер өз жұмысының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін;
- Өз жұмысын өзі сенімді түрде басқару жүргізу үшін;
- Кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және өзінің капиталының тиімділігіне сенімді олу үшін.
Бухгалтерлік есептілік пен шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы басқа экономикалық ақпаратты олардың толықтығын, дәлдігін және растығын тиімді бағалау мақсатымен шарттық жағынан және құпиялық негізде, тәуелсіз сараптау мен талдауды жүзеге асыру, тапсырыс берушіге кәсіпорынның шынайы қаржы жағдайы мен оның қаржылық болжамдарының мүмкіндігі туралы білікті қорытынды жасап беру, сондай-ақ ішкі бақылаудың жағдайын, қабылдаған есеп саясатының қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру, клиенттерге оларды қызықтыратын мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету аудиттің пәні болып табылады.
Аудиттің обьектісі шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қаржылық жағы болып табылады. Аудитор тексерушіден қолда бар есеп және басқа да қаржы құжаттарын талап етуге құқылы.
Аудит оңтайлы басқару шешімдерінің негізінде жатқан экономикалық ақпараттар жүйесіне негізделеді.
Аудиттің көздері есептік, талдау және есептен тыс болып бөлінеді.
Аудиттің есептік көздеріне жататындар: бухгалтерлік есеп пен есптілік, статистикалық есеп пен есептілік, жедел есеп пен есептілік іріктемелі есептік деректер.
Қаржы нәтижелері бойынша аудиттің ақпарат көздері:
- Сатылған өнімдерден (жұмыстан, қызметтен) түскен түсімдер туралы, өзге сатулардан түскен түсімдер туралы, сатудан тыс нәтижелер туралы ай сайынғы деректер.
- Қандай да бір айдағы қаражаттар қозғалысының елеулі
өзгерістері туралы жазбаша түсіндірмелер
- Өнімдерді (жұмысты, қызметті) сатуға, басқа сатулар мен сатудан тыс нәтижелерге жұмсалған шығыстар мен шығындар туралы ай сайынғы деректер.
- Жекелеген айлардағы қаражаттар қозғалысының елеулі өзгерістері жағдайында берілген жазбаша түсіндірмелер.
- Басқа табыстар мен болған жағдайларды растайтын құжаттар.
- Өнім бірлігінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы.
- Залалдар мен қаржылық санкцияларды, залалдардың есептен шығарылуын растайтын құжаттар.
- Барлық активтердің, негізгі құралдардың, болашақ кезеңдер шығыстарының, тауарлы материалды қорларының, дебиторлық берешектердің, шоттардағы және жолдағы барлық қалдықтар бойынша банк жазбалары өшірмесінің тізімі.
- Барлық салық түрлерінің схемасы, барлық болжанбаған шығыстарға жазылған шолу, барлық қорлар мен резервтерді өсіруді және орындауды растайтын құжаттар.
- Пайда туралы ақпарат және оның орындалуы
Аудиторлар мен аудиторлық фирмалар көрсететін қызметтердің түрлеріне, оның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне орай аудит орындайтан негізгі функциялар туралы тұжырым жасауға болады.
Аудиттің функциялары төртке бөлінеді:
- Сараптамалық:
- есептілікті;
- есептің жәй-күйін;
- ішкі бақылаудың жай күйі.
- Талдаулық:
- талдау;
- болжамдау;
- ұсыныстар әзірлеу.
- Консультациялық (сұрақтар бойынша):
- есеп;
- салық салу;
- құқық;
- мүлікті бағалау және т.б.
- Өндірістік:
- есепті ретке келтіру алдыңғы қатарлы нысандар мен әдістерді өндіру;
- есептілік пен декларацияны жасау;
- есептілікті жасау арқылы есепті тұрақты жүргізу.
Аудиттің жалпы жоспары мен
бағдарламасын әзірлеу
Жалпы жоспарда аудитті жүргізудің және оны жүргізудің кестесін жасаудың, есеп пен аудиторлық қорытындыны әзірлеудің мерзімдерін қарастыру керек.
Аудиттің жалпы жоспарының мағынасы кесте түрінде орындалады.
Жалпы жоспарды мыналар көздеу ұсынылады:
- Аудит маңызды болу үшін нақты салаларды зерттеу қажет;
- Қамтылуға тиіс елеулі сәттер қандай;
- Қандай іріктемелері жоспарларда жасау қажет;
- Аудиторлық топты қалыптастыру, оның саны және мамандардың біліктілігі;
- Аудиторларды аудиторлық тексерудің нақты учаскелеріне бөлу;
- Аудиттің әр бір сатысы үшін жұмыс уақытының бюджеті;
- Топтың барлық мүшелерін олардың міндеттемелерін және аудиттің жалпы жоспарының ережелерімен таныстыру;
- Басшының жоспарының орындалуын бақылауы;
- Аудиторлық рәсімдерді нақты іске асырумен байланысты әдістемелік мәселелерді басшының түсіндіріуі;
- Нақты фактіні бағалау кезінде қайшылықтар туындағанда аудиторлық топтың айрықша пікірін құжатпен рәсімдеу.
Аудитті жүргізудің бағдарламасын әзірлеу аудиттің жалпы жоспарын әзірлеудегі сатылары қамтиды. Бағдарлама аудиттің жалпы жоспарының жалғасы болып табылады және аудиттің жоспарларын іске асыруға қажетті аудиторлық рәсімдердің егжей-тегжейлі тізбесін білдіреді.
Аудитті жоспарлау процесі аяқтал,аннан кейін аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы құжатпен рәсімделуге және белгіленген тәртіппен бекітілуге тиіс. Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының мағынасы кесте түрінді рәсімделеді.
1.2 Аудиттің жалпы жоспары және түрлері.
Аудиттің жалпы жоспары:
- Тексерілетін ұйым;
- Аудит кезеңі;
- Адам – сағат саны;
- Аудиторлық топтың басшысы;
- Аудиторлық топтың құрамы;
- Жоспарланатын аудиторлық тәуекел;
- Мәнділіктің жоспарланатын деңгейі.
Аудиторлық қорытындыға
Әрбір аудитор өзін - өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез-келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:
- Тәуелсіздігі
- Адалдық және объективтілік
- Стандарттарды сақтау
- Құпияны сақтау
- Жарнаманы шектеу.
Аудит әр кезге байланысты әр түрлі болып бөлінеді.
- Даму сатысы бойынша:
- растайтын аудит – тексеруді болжайтын және іс тәжірибедегі әрбір шаруашылық операцияларды растайтын;
- жүйелі бағдарланған аудит – тексерілетін кәсіпорынның ішкі аудиті;
- бақылау жүйесінің қызмет етуін және ұйымның міндетті түрде бағалаушы болжайтын аудит. Егер ішкі бақылау жүйесі жеткілікті тиімді ұйымдастырылса аудиторлар жеке объектінің тексерісте өз дері таңдауы мүмкін және олар тестілеу мен шектелуі мүмкін. Ол клиенттердің операцияларын басқаратын жүйелерге бақылау жасауға мүмкіндік береді.
- тәуекелге негізделген аудит - әр түрлі салаларда тереңінен жүргізгенде мүмкін болатын жоғары қате заңды бұзушылық тәуекелдігін болжайды. Қысқа мерзімді операциялар таңдалынып, яғни тексеру сол операцияға жүргізіледі.
- Құқық негізі бойынша:
- міндетті аудит – ол Қазақстан
Республикасының қойылған
- Индикативті (ерікті) аудит – екі жақты қызығушылығы бойынша жүргізіледі. Егер тексеру заңға байланысты емес болса. Мұндай тексеру клиенттердің білгені бойынша жүргізіледі. Ұйым басшының шешімі бойынша жүргізіледі.
- Субъектінің қызметінің саласы бойынша:
- жалпы аудит
- банкілік аудит – банкті
және несие ұйымдарында
- Аудитордың статусы бойынша:
- сыртқы аудит –
ол тәуелсіз аудиторлардың,
- ішкі аудит – жалпы жүиенің
ішкі тексерулердің белгілі
- Тексеру обьектісі бойынша:
- Операциялық аудит
– админстрацияның қызметін
- Сәйкестікке негізделген
аудит – кәсіпорын
- Қаржылық есеп беру
аудиті – бұл кәсіпорын
- Жүргізу кезеңділігіне байланысты
- бастапқы аудит –
берілген ұйымда аудитормен
- Келісілген аудит – ол аудиторлардың фирма мен қайта және үнемі жүргізіледі. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп дұрыс және дұрыс еместігін клиентпен ұзақ уақыт қарым-қатынастағы нәтижесіне байланысты болады.
- Ақша қаражатының аудиті
- Банк операцияларының аудиті
Ақшалай қаражат аудитіне
банктік операцияларын
Ағымдағы (есептік) шоттағы операциялардың аудитінде бірнеше жағдайларға назар аудару қажет:
- Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі;
- Соманы банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген бастапқы құжаттарды көрсетілген сомаға сәйкестігі;
- Көшірмелерге тіркелеген бастапқы құжаттарда банкте мөр таңбаның бар болуы; жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама-қарсы тексеру өткізген жөн;
- Банкке тапсырылған қолма-қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың кәсіпорының ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы.
Банк көшірмелерін тексеру банк құжаттары бойынша зерттеп білу керек. Сонымен бірге ауитор мыналарды анықтау тиіс: заңсыз банктік операциялар жасала ма, несие немесе қарыз алуға, сондай-ақ есеп беретін адамдарға қолхат арқылы беріле ме, чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасайма және т.б. жатады.
Валюталық шоттары операциялар аудитіне төмендегі келтірілген ерекше жағдайлармен сұрақтарға мұқият көңіл бөлу және анықтау керек:
- Валюталық шот ашылған банк мекемесі;
- Банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарды көрсетілген сомаға сәйкес келе ме?;
- Сыртқы экономикалық істердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі;
- Валюталық шоты ақша үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы;
- Валютаны сатумен сатып алу операциялардың есепте көрсетудің дәлдігі;
- Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көрсетудің дұрыстығы.
Сонымен қатар аудитор мыналарды тексеру қажет:
а) Егер есеп айырысудың бұл формасы шартпен белгіленсе және жабдықтаушы сатып алушыны есеп айырысудың аккредитивтік түрін қолданудың дұрыстығы мен заңдылығына көзін жеткізсе, әр бір аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есептеге арналған. Аккредитивтен қолма-қол ақшамен төлеуге қолданыстағы заңмен тиым салынған
б) Дара балансқа
бөлінген құрылымдық
в) Банктен алынған
депозиттік сертификаттардың
г ) Дара балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімщелер шығынан негізі өндірістің шығыстары немесе айналымшығындары.
Егер арнайы шотта
шетелдік валюта есепке алынса, онда олар
жөніндегі операциялар
Жолдағы ақша аудитімен бухгалтерлік есепте 1030 “жолдағы ақша қаражаттары” шотында есептелетін соманың шынайылығын, сондай-ақ бухгалтерлік өткізбе желі құрудың дұрыстығын және бастапқы құжаттардың бас кітапта осы шот жөніндегі жазбалардың сәйкестігін тексеру қажет.
2.2. Кассалық операциялар аудиті.
Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы кесте түрінде берілген
Кесте 1 - Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы
Аудит процедуралары |
Ақпарат көздері |
1. ақша мен кассадағы басқа құндылықтардың бар жоғы мен жағдайын түгендеу |
Касса ревизиясы бойынша комиссияны
тағайындау, кассирды тағайындау туралы
кәсіпорын басшысының бұйрығы, кассирмен
материалдық жауапкершілік |
2. Кассалық операцияларды |
Кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу, № 1 журнал-ордері, №1 тізімдеме, Бас кітап және т.б. |
3. Қолма-қол ақшаны кіріске алудың мерзімділігі мен толықтығының дұрыстығын тексеру |
Банк көшірмелері, чек кітапшалары,
заңды және жеке тұлғалармен шарттар,
банк көшірмелеріне тіркелген |
4. Ақшаны шығысқа есептен шығарудың дұрыстығын тексеру |
КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5, №1 журнал – ордері, Бас кітап және т.б. |
5. Бухгалтерлік есептегі |
Бастапқы құжаттар, №1 журнал-ордерге №1 тізімдеме, №1 журнал-ордері, Бас кітап және т.б. аналитикалық кестені әзірлеу және тұжырымдармен ұсыныстарды негіздеу |
6. Кассалық операциялар |
Кассаны тексеру актісі, ескертулер, оларды жою жөніндегі ұсыныстар. |
Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілер мыналар:
- Кассадағы ақшаны толықтау, парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды тексеретін, кенеттен болатын ревизияның кәсіпорында жолға қойылмауы;
- Кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанды) кассаға ревизияны сырт көзге ғана өткізу;
- Кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;
- Штатта кассирдің болмауы – бұл функциялар кәсіпорын басшысының қызметкеріне жүктелсе;
- Кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;
Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу, оларды түгел және уақытылы кіріске алуды тексеру, ақшаны шығыстарға есептеп шығарудың дұрыстығын тексеру.
Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды тексергенде бірнеше әдіс қолдануға болады:
- Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс:
- кәсіпорында басшының кассадағы ақшаның;
- бар жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұраұты;
- жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұл бұйрық орындала ма?
- Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті: тексеру құрамында кәсіпорынның кассир мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар тоқтатылады;
- Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерияға беріледі;
- Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрденемесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.
Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуге тиіс. Сонымен бірге, едәуір сомадағы қолма-қол алған немесе салған кәсіпорындармен есептеулерді салыстырған жөн.
Тексеруде кассалық операциялар бойынша есептік құжаттаманың мынадай пішіндері қолданылады: КО-1 “Кірістік кассалық ордер”, КО-2 “Шығыстық кассалық ордер”, КО-3 және КО-3а “кірістік және шығыстық құжаттарды тіркеу журналы”, ақша қабылдау мен берудің ордерсіз рәсімделетін құжаттары, КО-4 “Кассалық кітап”, КО-5 “кассир қабылдаған және берген ақша кітабы” формалары, есептік регистрлер (№1 журнал- ордер, №1 тізімдеме Бас кітап, тиісті ай-күн, жылға баланстар және т.б. қолданылады. ) .

- Ақша қызметтерінің теоретикалық негіздері
- Ақшалай қаражаттар есебін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
- Ақша мәні, қызметтері, теориясы
- Ақша мәні, мен мақсаты
- Ақша мәні мен пайда болу қызметі
- Ақша нарығы
- Ақша нарығының теориялық негіздері
- Ақша қаражатынын жалпы сипатамасы
- Ақша қаражатының аудиты
- Ақша қаражатының есебі
- Ақша қаражатының есебі
- Ақша қаражатының түсінігі
- Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу
- Ақша қозғалысы