Ақша қаражатының есебі. 2
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І.
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ
ЕСЕБІ-------------------------
1.1 Ақша
қаражаттары мен есеп айырысу
операцияларын есепке алудың
міндеттері--------------------
1.2 Төлем
карточкаларының есебі---------
1.3 Кассадағы
қолма-қол ақшаның есебі-------
1.4 «Кассадағы
шетелдік валюта түріндегі
1.5
Есеп айырысу шотындағы қолма-
ІІ. АҚША ҚАРЖАТТАРЫ, ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ-------22
2.1 Банктегі
арнайы шоттардагы ақша
2.2 Ақша
қаржысы, құнды қағаздарын және есеп
берудің құжаттарын түгендеу----------------------
ІІІ.
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫМЕН
ВАЛЮТА ШОТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ-------------------------
- Валюта шотындағы
қолма-қол ақшаның есебі-------------------------
-29 - Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу------------31
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының "
Кез келген ұйымда
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік
есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі
қазынашылық департаментінің 1998 жылғы
27 қаңтардағы N 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының
әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурыздағы
N 489 тіркелді.
1. Осы бұйрыққа
қоса беріліп отырған Республикалық және
жергілікті
бюджеттердің есебінен
жөніндегі нұсқаулық
- Қаржы министрлігі 1987 жылғы 10 наурыздағы N 61 мемлекеттік бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітуі туралы қол жойылған деп есептелсін.
Ауыл шаруашылық
өндірісін басқаруда
Облыстық және қалалық қаржы басқармаларының бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі төмен тұрған қаржы органдарында, лимиттерге басыт билік етушілердің орталықтандырылған бухгалтерияларда және бухгалтерлік есепті дербес жүргізетін оларға бағынышты бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі және есеп беруді жасау мәселелері бойынша нұсқау береді және бақылауды жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп және есеп берудің жай күйін жүзеге асырады, сондай-ақ облыстық, қалалық аудандық, қалалық әкімдердің және тиісті қаржы органдары басшыларының шешімдері бойынша облыстық, калалық, қаржы басқармаларының аудандық, қалалық каржы бөлімдерінің басқа да қызметкерлерімен бірлесе отырып, селолық, ауылдық және поселкелік әкімшіліктер және жергілікті бюджетте тұратын бюджеттік сметасының атқарылуына тексеріс жүргізуге қатысады.
Қаржы органының бас бухгалтері қаржы органдарының барлық бюджетті атқару жөніндегі жүзеге асыратын операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуді және бақылау жасауды, жедел ақпараттарды беруді, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасауды қамтамасыз етеді.
Бас бухгалтерге жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін оған бухгалтерлік есеп пен бақылау үшін қажетті барлық құжаттар уақыты берілуі тиіс.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем акшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және занды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары — бұл банк мен клиентгер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір олерация түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататың субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын окшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект
шоттарындағы қаражат олардың иелерінін
әмірі бойынша есептен
Субъектілердің шоттарынан тәлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан
Республикасының аймағында
- Қолма-қол ақшаны аударуды;
- төлем тапсырманы ұсынуды;
- чектерді беруді;
- вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
- төлем карточкасын пайдалануды;
- тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
- тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
- инкассалық жарлығың ұсынуды республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерің пайдаланады.
- Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
- төлем тапсырма;
- чек- вексель-тапсырма-талап төлемдері;
- кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші
мен алушылар өзара есеп айырысу
нысандарын келісім-шарт негізінде
анықтайды, сондай-ақ олардың арасында
болатын талаптары мен
І. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1
Ақша қаражаттары
мен есеп айырысу
операцияларын есепке
алудың міндеттері
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1.
Банк жүйесі арқылы қолма-
2.
Қолма-қол ақшамен төлеу
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1)
ҚР Әділет министрлігінде
2)
шетелдік валютадағы
3)
бюджеттік мекемелерге,
4) республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса — есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбек-заңы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма-қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
1. Қолма-қолсыз ақша аудару жолымен және қолма-қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу;
2. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету;
3.
Бөлінген лимиттерге, қорларға және
сметаларға сәйкес ақша
4. Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру;
5.
Кассадағы, есеп айырысу
6.
Есеп айырысу — төлем
1.2 Төлем карточкаларының есебі
Инкассациялау
шығындарын қысқарту; бухгалтерияның
жұмысын жеңілдету, Қазақстаннан әлемнің
кез келген нүктесінен тез автоматталған
ақша аударымын жасау мақсатында
төлем карточкаларын
Төлем карточкалары — ақша қаражаттарында электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мұмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып бөлінеді. Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасының шегінде оның ұстаушысына (иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар бойынша банк берген карыз сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем жасай алады.
Корпоративтік карточкалар — бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстаушыға банк пен заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде беріледі. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық тегігі (инструменті) ретінде 2 млр. карточкалар колданыста жүр. 30 жылдан астам кезең ішінде Visа және Маstег Саrd халықаралық карточка жүйесі үлкен жетістіктерге жетті. Сондықтан оны 14 млн. кәсіпорын төлем карточкалары ретінде өздерінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Олардың қатарына: супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқ киім сататын дүкендер т.б. жатады.
Қазақстан Республикасының аймағында Ұлттық банкінің лииензиялауымен шығарылған төлем карточкалары пайдаланады.
Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:
- төлем карточкаларын берудің жағдайы;
- төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;
- төлем карточкаларын алған тұлғалардын тізімі;
- төлем карточкаларын қайтарып апудың және тоқтатудың (блокирования) жағдайы;
- төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
- тараптардыд құқы мен міндеттері;
- тараптардың жауапкершілігі.
Қазақстан
Республикасының аймағында
Төлем карточкаларымен төлем жүйесін жүзеге асырмастан бұрын оларға авторизация жасау керек. Авторизация процесі автоматталған тәртіпте немесе телефон байланыстары арқылы жүреді.
Төлем карточкаларымен операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде не қағаз, не электрондық нысанда құжаттарын жасайды. Егер ол кағаз нысанында жасалса, онда ол: слиптен, электрондық терминал квитанциясынан алынады, ал егер электрондық нысанда жасалса, онда ол: электрондық журнал құжаттарынан немесе банкоматынан алынады.
Қазақстан Республикасында тауар мен қызметін төлеу үшін төлем карточкасының пайдаланғаны слиппен немесе сатып алынған сомасына екі данада берілген сауда чегімен расталуы мүмкін. Слип үш данада рәсімделеді: біріншісі банкке, екіншісі кәсіпорынға, үшіншісі карточка иесіне беріледі. Слип нысаны мынадай болады.
Төлем құжаттары келесі реквизиттерден (көрсеткіштерден) тұрады:
- төлем құжатының нөмірі және жазылған күні, айы, жылы;
-
операцияны жасаған ұйымның
- карточка төлемінің реквизиті;
- төлем сомасы;
- төлем валютасы.
Сауда чегі — төлем карточкасын жұзеге асыру кезінде жасалады, яғни төлем жасалып біткен соқ карточканы ұстаушыға беріледі (слиппен де, слипсыз да) және келесі міндетті реквизитгерден тұрады:
- құжат нөмірі және оның жазылған күні, айы және жылы;
- операцияны жүзеге асырушы ұйымның атауы (коды, идентификаторы);
- төлем сомасы;
- төлем валютасы;
-
төлем карточкаларының
Енді біз төлем карточкасын әртүрлі жағдайда пайдаланған кезде болатын шоттар корреспонденциясын мысал ретінде келтірейік.
Мысал. Кәсіпорын Visа халықаралық корпоратвитік карточкасын шығару мен қолдану үшін банкімен келісім-шартқа отырған. Кәсіпорын сол келісімшарттың негізінде бірыңғай шот-картасын ашып, сонымен коса ондаған еңбеккерлеріне іс сапарымен, офисымен, үстеме шығыстарымен есеп айырысу үшін таратып берген. Шот-картасы шетелдік валютада ашылған және ол АҚШ долларымен есептелінеді. Шот-картасына орналастырылған ақша қаражаты, 1070 шотының дебетінде көрініс табады. Демек, олардың келіп түскен кезінде: 1070 шоты дебеттеліп және 1030,1050 шоттары кредиттеледі.
Төлем карточкалары арқылы жұмсалған ақша қаражаттары 1070 шоттың кредитінен мына шоттардың дебетіне жазылады:
-1250
— қолма-қол ақшаны іс-сапар
мен шаруашылық шығыстарына,
-7210, 7110, 8048 — корпоративтік картаның көмегімен орындалған жұмысқа, көрсеткен қызметке, қонак үйде тұрғанына төлеген кезде;
-
7210 — банкінің комиссиондық
- 1310, 1311, 1330 т.б. — карточка арқылы алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды төлеген кезде.
Ай соңында барлық карточка ұстаушылары бойынша банк төлемдерінің көшірмесі беріледі. Сол көшірменің үлгісі төменде келтірілді.
Шот-картасының көшірмесінде екі дата көрсетіледі:
- "Шот бойынша күні" — шоттағы операцияның жасалған күнін көрсетеді;
-
"Күні" — операцияның өзінің
жасалған нақты күнін
Сауда ұйымдары үшін төлем карточканың негізінде сатып алушылармен есептесуді жүзеге асырған кезде 1030 "Жолдағы ақша аударымдары" деген шот пайдаланылады.
1030
шотының дебеті бойынша сауда
ұйымдарының түсімдері
Түскен қаржыны 1030 шот бойынша есепке алу үшін банкке байланыс бөлімшелерінін квитанциялары, банк инкассаторына түскен қаржыны өткізуге арналған жолдама тізімдемесінің көшірмесі және т.б. негіз болып табылады.
Мысал:
шілденің 29-да инкассатор кәсіпорынның
кассасынан 142900 теңге сомасын қабылдап
алған, бұл түсім есеп айырысу
шотына тек тамыздың 1-ші күні косылды.
1.3
Кассадағы қолма-қол
ақшаның есебі
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек акы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық, жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45 - "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" және 1020 — "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоттарында жүргізіледі.
"Кассадағы
ұлттық валюта түріндегі қолма-
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төл құжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамныңтегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді. Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, оның бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы соманы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол кояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе "Депозитке салынды" деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалакы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)" деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міңдетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып "Алынды" немесе "Төленді" деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (у. NКо-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан ("Басталған күніне дейінгі қалдығы" деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады. Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. "Соның ішінде жалақыға" деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған тәлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 — "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
"Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 451 шоттың калдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

- Ақша қаражатының түсінігі
- Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу
- Ақша қозғалысы
- Ақша құралының айдиті
- Ақша қызметтерінің теоретикалық негіздері
- Ақшалай қаражаттар есебін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
- Ақша мәні, қызметтері, теориясы
- Ақша қаражаттары түсінігі
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі
- Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу
- Ақша қаражатынын жалпы сипатамасы
- Ақша қаражатының аудиты
- Ақша қаражатының есебі