Ақша жүйесі және ақша айналымы. 4
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономика Университеті
Қаржы және Экономика Институты
Тақырыбы: Ақша жүйесі және ақша айналымы
Орындаған: Пернешова А.Т.
Астана,2006
Жоспар
Қосымшалар
Кіріспе |
4 |
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері |
6 |
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері |
6 |
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы |
11 |
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні |
14 |
II-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі |
19 |
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы |
19 |
2.2. Ақшаның түрлері |
25 |
III-тарау
Теңге бағамын тұрақтандыру |
34 |
Қорытынды |
39 |
|
Қолданылған әдебиеттер |
41 |
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс
кезінде бір тауардың басқа бір
тауарға кездейсоқ айырбасталан
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасын жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір туарға нық бекітілмеген еді. Біртіңндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.
Ақшаның оьъективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналыссыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ло айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін аплтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауалардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілшігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу пролцесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
- жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
- айырбас құнның дербес формасы;
- еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екінші тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Курстық жұмыстың мақсаты, ақша жүйесінің және ақша айналымының теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан түрлендірілуі, Қазақстандағы банктік реформалар, банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі, халықаралық валюталық несиелік қатынастар қарастырылған.
Ал курстық жұмыттың міндеті, ақша жүйесі және ақша айналымы теориясы. Ақша жүйесі, ол барлық ақша түрлерінің және валюталық бағамның басты элементі болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі міндетіне ресми ақшалардың бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы сонымен қатар монеталарды жасау кіреді. Ал ақша айналымының міндетіне, қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілері кіреді.
Курстық жұмыс тек қана ақша жүйесінің және ақша айналымының теориялық бағытта қарасьырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Курстық жұмыс негізінен үш тараудан және бірнеше тақырыпшалардан, әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші, тарауда ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері туралы жазылған. Мұнда ақша жүйесінің элементтері және типтері, ақша айналымының құрлымы, ақша айналысының заңы және мәні қарастырылады.
Екінші, тарауда Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы,
ақша түрлері зерттелген. Мұнда металл
ақшаның, қағаз және несие, сондай электрондық
ақшалардың пайда болу себептері
мен қазіргі жағдайы
Үшінші, таруда теңге бағамының тұрақтандыру жолдары, оның ішінде валютамыздың 1993 жылғы 15 қарашада айналымға түсүін және теңгенің валютада неше пайызға өсіп төменджеуі қамтылады.
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері
Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-
қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Ақша жүйесінің
типі: ақша - ерекше тауар ретінде
жүруіне, яғни жалпыға ортақ
эквивалент болуына немесе
- Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
- Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша яғни алтын бір жолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте
жалпыға ортақ құн эквиваленті
ретінде қабылдаған металға
Биметализм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Биметализм үш түрі болған:
- Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.
- Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
- “Қосалқы” валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XYI – XYII ғғ. пайда болып, тіпті XIX ғ. Аяғына дейін кең қолданылады. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездеседі. Дегенмен 1865 ж Франция, Бельгия, Швицария және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865-1878жж.) Латын монеталық одағы конвециясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы 1:15,5 тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.
Биметаллизм жүйесі
өскелең капиталистік
Капиталистік
тауарлы өндірістің қарқынды
дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға
бірдей бір эквивалентті қажет
етті. Сондықтан биметаллизмнің
орнына монометаллизм ақша
Монометаллизм - ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталады. Күміс монометаллизм Үндістанда 1852-1893 жж., Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде 1843-1752 жж. қолданылады.
Патшалық Ресейде
күміс монометаллизм 1839-1843 жж. жүргізілген
ақша реформасының нәтижесінде
енгізіліп, ақша өлшемі болып
құрамында таза күмістің 4 мысқалы
21 бөлігі бар күміс рубль
Алғашқыда алтын
монометаллизмі ақша жүйесі
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмінің үш түрі болады.
Алтын монетлы стандарт – оған негізгі төмендегі белгілері тән:
- елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін атқарады;
- алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
- айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда монеалл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға айырбасталады;
- алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығұға және елге әкелуге, сондай-ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
Алтын монеталы
стандарт капитализмнің
Бірінші дүниежүзілік
соғыс бюджеттің
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір салмағына айырбасталады. Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг стандартты құйма 1700 ф.ст., ал Францияда 12,7 кг – 2105 мың франкке теңгерілді.
Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт – ол банкнотаның девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияд, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айна лыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын девизді ақша жүретін елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық
валютаның тұрақтылығын бір қалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының төмендендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.
1929-1933 жж. әлемдік
экономикалық дағдарыс
1944 ж. Бреттон-Вудсте
құрылған Халықаралық валюта
жүйесі еркін айырбасталатын
валютасы бар мемлекеттердің
қолдануы үшін мемлекетаралық
алтын долларлы стандартты
1976-1978 жж. Ямайка
Халықаралық валюта жүйесі
1.2. Ақша айналымы
туралы ұғым және оның құрлымы.
Көптеген шетел басылымдарына ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек
қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.
Жоспарлы –
орталықтанған экономика
- қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы және т.с.с.) сәйкес мемлекеттің сауда жүйесі арқылы бөлінді;
- мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;
- ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді;
- ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;
- ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, мемлекеттік банк бақылау жүргізді;
- мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.
КСРО негізінде
құрылған ТМД елдерінің
мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда “қолма-қол ақша айналысы”.
Нарықтық экономика
үлгісі жағдайындағы ақша
- ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
- қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
- ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
- ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
- ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
- қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;
- қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер шығарады.
Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үздіксіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұны сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.
Ал металл ақша
жүйесінде әрі тауар, әрі ақша
айналымы ретінде олардың құны
айналымда жүрді. Себебі
Қазіргі ақша айналымын
құн айналымы деп айтуға болмайды.
Оған себеп – қолма-қол ақша және
қолма-қол емес ақша белгілерінің өз
құны көрсетілген құнымен
Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. [1, 30-32 бет], [8, 3 бет]
1.3.Ақша айналысы заңы және мәні
Ақша айналысы
заңы – құн заңының айналыс
аясындағы көрінісі. Ол – тауар
–ақша қатынастары болатын
Стб
А жылд.
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысын бір аттас ақша өлемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс
құралы ғана емес, сонымен бірге
төлем құралы қызметін де
А мөлш.=------------------------
Онда:
А мөлш. – айналыс құралы және төлем
құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;
Стб - сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;
Стбн - несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;
Ст - қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;
Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;
Ақ - ақша қоры;
Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі
ақша
айналымының орташа саны (айналыс жылдамдығы).
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл
Қазақстанда және басқа
да директивалы экономика
Сөйтіп айналысқа
қажетті ақша мөлшері
- несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
- ақша айналымының санының өсуі.
Айналысқа ақша
екі формада эмиссияланады (
Ақша айналымының
екі жағының (қолма-қол ақша
мен банктік айналымдағы
алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауы қажет етеді. Себебі ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.

- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы туралы мәлімет
- Ақша және ақша теориясы
- Ақша және инфляция
- Ақша және оның даму эволюциясы
- Ақша және оның функциялары. Ақша агрегаттары
- Ақша жүйесі
- Ақша жүйесі
- Ақша жүйесі