Ақша және оның функциялары. Ақша агрегаттары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ  БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

      

         Тақырыбы: Ақша және оның функциялары.

                                                                   Ақша агрегаттары.

 

 

Орындаған: МН-11тобының

студенті Ғазизова А.

Қабылдаған:аға оқытушы

Калмаганбетова Н.М

 

 

 

 

 

Қарағанды- 2012

 

 

Мазмұны:

 

 Кіріспе.....................................................................................................................3

 

1. АҚША –ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР............................... РЕТІНДЕ...................................................................................................................3

1.1 Ақшаның  мәні және пайда болу тарихы........................................................5

 

2. АҚШАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН .................................

ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН АГРЕГАТТАРЫ......................................................................................................8

2.1 Ақша түрлері, қасиеттері, ерекшеліктері және оның атқаратын қызметтері.........

2.2 Ақша агрегеттары............................................................................................16

 

3.ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫ.......19

 

 

Қорытынды............................................................................................................24

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, атқаратын қызметіне,агрегаттары мен маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.

Менің ойымша, ақшаның  экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Ал енді, ақша дегеніміз  не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.

Ақша дегеніміз не? Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет  өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.

Ақшаның сиқыры адамдарды  арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша – тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.

Қазіргі елімідегі ақша-несие  және қаржылық шаруашылық елеулі құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп  отыр. Өйткені әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде  ақша жүйесі түбегейлі қайта құрылып, несие-қаржы институттарының және олар жүргізетін операцияларды жаңа түрлері пайда болуда. Біздің тәуелсіз елімізде Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі қарым-қатынастар жүйесі қалыптасып олар заман талабына сай әрекет етуде. Сондықтан осы курстық жұмыстың тақырыбы мені қатты қызықтырды.

Себебі, балалық шақтан бастап адам ақшаның неге қажеттігін және оның өз өміріндегі атқаратын  ролі жөнінде біле бастағанымен «Ақша  деген не?» деген сұраққа жауап  табуға қиналады.

Ақша адамдарға ежелден  таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Дәл осы мәселені мен мейлінше кеңінен қарастырмақпын.

1.Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері  бар:

1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;

2. онда абстракты еңбек  бейнелейтін құнның да болатындығын;

3. тауар өндірушінің  жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды  шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Соңғы жылдары экономиканы  комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Мемлекеттің ақша-несие  саясаты нақты сектордың дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық,институционалды,ұйымдастырушылық         және құқықтық ортаны қалыптастыруда.

Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына  әсер етеді және ссудалық капиталдың  бағасын өзгертеді.Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.

Мемлекеттің экономикалық саясаты монетарлы деп аталады, негізінен ақша-несие тәсілдерін қолданады.

Көптеген нарықтық экономикасы  бар елдерде ққазіргі кезде  ЭМР-деп  қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда – Ұлттық банк қолданады.Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар.

Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен басқа институттар  жұмыс істейді: мемлекеттік банктер  және арнайы функциялы органдар, Қаржы министлігі және қаржы органдары. Олар несие операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.

Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір 

лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі.

Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 % кұрады.

Қазақстанда 160 алтын  кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр.

Алтын тек қана алтын  валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады.

Жасанды алтынды ойлап  табу сұрақтары әр кез адамзатты  толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

1.1 Ақша реформаларын қарастырмас бұрын, сол ақшаның не екенiн және оның шығу тегiн қарастырып алайық. Күнделiктi өмiрiмiзде кездесетiн, үнемi қолданыста болып жүрген ақшаға тұсiнiк бер десе, “жәй ғана қағаз ақша, монета” деп айта салатын едiк.Ақша-бұл қатысуымен қоғамдық қатынастар туындап пайда болатын экономикалық категория; ақша дербес формада құн өлшемi, айналыс төлем және жинақ құралы бола алады.Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар- бұл сату мен айырбастау ұшiн жасалынған еңбек өiнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар фирмасын қабылдайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойныдалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттыңң рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтанда әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi.Алғашқы қауымдық құрылыс, кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға кезейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнының жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта=5 құмыра, 1 қыт=1 қап бидай және т.б.). Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты неғұрлым жиi айрбасталатын, тауар-барлық басқа тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын тұрде өту басталды. Бiрақ оның ролi тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiл тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын әртүрлi тауарлар қабылдады.Әрбiр тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентiн алға тартады. Бiр халықтың өзiнде әртүрлi уақыттарда және әртүрлi халықтарда бiр мезгiлде әртүрлi эквиваленттер болды. Сонымен, бiрiншi iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал айырбас құралына айналды. Олардың белгiлi-бiр түрлерi табиғи климаттық жағдайларда нақты сол отарда айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейiт аудандарда-тұйе; тундрада-бұғы жалпы құндық эквивалент қызметiн атқарды. Малды жалпы эквивалент ретiнде пайдаланғаны туралы нақты дәлелдер әртүрлi қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда кездеседi. Гомердiң көне Троя батырлары туралы поэмасында өгiздi құн өлшемi ретiнде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгiз” деген атау ойып өрнектелiп жазылып жүрдi. Латынның сөзi ”пекуние” (ақша) ”пекус” (мал)сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы ”рупия” негiзiнде жатыр. Ежелгi Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейiн де ”мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 былай деген: “бiздiң жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан-10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады”. Осы кездегi қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны-мал ұстайтын орын деп аталынды. “Капитал” сөзiнiң шығуы да малменен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi. Солтүстiк халықтары ең бiрiншi тауар ретiнде айырбас үшiн, жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойынша әртүлi тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды (ұкi және т.б.). Құс жүндерi Солтүстiк Сiбiр халықтарында, ал аң жүндерi Солтүстiк Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретiнде пайдаланылды. Жүн ақшалар Моңғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кеңiнен таралды. Ежелгi Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бiрi болды. Ежелгi русь елiнде жұн ақша жүйесiнiң бүгiнi болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күмiс пен 7000 руб жүн табылған. Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ (раковиндi) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ ақшалардың келесi атаулары сақталынды бұлар: чангос, цимбис, бонгес, хайкве және т.б. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендiрулер түрiнде жiпке тiзiлгендерi Ежелгi Үндi елiнде, Қытайда, Үндiқытайда Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалар қызметiн атқарды. Американдық үндiлердiң белдiктерiнде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдар келбет-кескiнiн өрнектеп, былғары белдiктерге көрiк бердi. Бақалшақтарды Солтүстiк Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында аиырбас құралы ретiнде пайдаланылды. Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте бастады, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие. Әрине металдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келдi. Темiр ақшалар күрес, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларды ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “бiр уыс шеге” деген мағынаны бiлдiредi. Мыс ақшалар қазандық құмыра қалқан түрлерiнде айналыста болды. Күмiс және алтын ақшалар жүзiп, сырға, бiлезiк түрiнде де пайдаланылды. Бiрақ б.э. дейiн ХIII ғасырда салмағы көрсетiлген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бiрлiктерi фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бiрлiктерi атауымен аталады. Алғашқыдағы белгiлi массасы бар формасың металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi массадағы бiркелкi формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады. Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. “Ақша-зат емес, ол-қоғамдық қатынас”. Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келедi. Бұл дегенiмiз қоғамнан бөлiнген адамдар үшiн ақша керек еместiгiн бiлдiредi. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам алғы баспайтын аралда қажет болған.

2.Ақша-өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретiнде ақшаның, мәнi оның үш қажетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.

• алпыға тiкелей айырбасталу;

• айырбас құнының  жеке формасы;

• еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.

Жалпыға тiкелей айырбасталу  формасында ақшаның айырбастау мүмкiншiлiгiнiң  бар екенiн көрсетедi. Социализм  жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кездтiкелей айырбастау формасында ақшаның пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды басқа банктерге сатуы және т.б.

Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.

Ғалым экономистердiң  арасында алтынның ақшалай тауар  ретiнгi ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейдi. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi ұшiншi бiреулер алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.

Жекелеген елдердiң iшiнде  алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс  және қорлану құралы болып, алтын  белгiлерi (қоғамдық белгiлерi) қағаз  және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақта алтын дүние жүзiлiк  ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.

Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың  құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар  арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.

2.1 Ақша - өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

толық құнды ақшалар (нағыз  ақшалар);

толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).

Толық құнды ақшалар (нағыз  ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін  ақшалар.

Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

Толық құнсыз ақшалар

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

құнның металдық белгілері—арзан  бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

құнның қағаздан жасалған белгілері.

Толық құнды ақшалар

Толық құнды ақшалар (нағыз  ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін  ақшалар

Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі  нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

Құнның қағаздай белгілері  екіге бөлінді: қағаз ақшалар  және несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар — бұл  нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз  ақшаға ауысу себептері мынадай:

металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

металл ақшалардың мемлекеттік  билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша  табыс алу мақсатында металдық құрамын  төмендетуі барысында бүлінуі;

бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

эмиссиондықтабыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың, нақты құны арасыңдағы айырма) алу  мақсатында қазынаның, қағаз ақшаларды  шығаруы;

бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Қағаз ақшалар (қазыналық  билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға  ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек  қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атақарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

Несиелік ақшалар —  тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың  уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен  байланысты. Мұндай ақшалардың басты  мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік  жасау.

Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар:

вексель;

банкнота;

чек.

Вексель (ағылш. bill note) —  міндеттеме шоты) — белгілі бір  соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай түсініктемелер берілген:

Жай вексель (соло) — вексельді  ұстаушыға вексельде көрсетілген  соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) — вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы  вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу  туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша  төлеуге келісімін бергеннен  бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы  вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударуып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың кебеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

Жай және аудармалы вексель  — коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.

Банкнота (ағылш. Bank-note - банк билеті) орталық банктің айналысқа  шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз  ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның  вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:

мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3—6 айлық), ал, банкнота — мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

кепілдігіне қарай, вексельді  айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиттерде  банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық  және жай.

Классикалық банкнота —  бұл банкнотаның алғашқы пайда  болған нысаны ретінде алтынға еркін  алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотаның  қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

жаратылысына қарай  — қағаз ақшалар ақшаның айналыс  құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота — ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;

эмиссиялау әдісі бойынша  — қағаз ақшаларды айналысқа  қазынашылық шығарса, ал банкнотаны — Орталық банк шығарады;

қайтарылуына қарай  — классикалық банкноттар вексель  мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық  банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;

ауыстырылуына қарай  — классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз  ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын  болған.

Банкноталардың алтынға  ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі Орталық банктің вексельдік портфелі, көбірек казыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.

Жай банкнота — бұл  қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық  банктен шығатын жай банкноталар  алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ  олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының зандылықтарына бағынады.

Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.

Чек – ағымдағы шот  иесінің чекті ұстаушыға белгілі  бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Чектің мынадай түрлері  бар:

ақшалай чек – банктен  қолма-қол ақша алуға арналған төлем  құралы;

ордерлі чек – бір  тұлғаның атына толтырылған, бірақ  индоссамент бойынша басқа бір  тұлғаға беруге құқық береді;

мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есп айырысуларда қолданылады;

жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген чек  – банктің чекте көрсетілген  соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.

Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:

біріншіден, ол банктен  нақты ақшаны алуға қызмет етеді;

екіншіден; ол айналыс  және төлем құралы қызметін атқарады;

үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.

Электрондық ақшалар  — компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың  клиенттері, сатушылар мен сатып  алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар — пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа  сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка —  оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде  тауарлар мен қызметтер үшін төлемді  жасауға, не қолма-қол ақша алуға  арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың локальдық және халықаралық түрлерін кеңінен қолданылуда. Халықаралық карточкаларға: «Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

Ақшаның әрбір қызметі  ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара  байланысының формасы ретіндегі  әлеуметтік – экономикалық маңызының  белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның  барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі  қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда  делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу  үшін қолма-қол ақшаның болуы  қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша түрінде көрінетін  тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.

Ақша айналыс құралы.

Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Өзінің құнын өткізгеннен  кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып  отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

Біздерге ақша айналыс  құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада  тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде  мұндай шектеулер және т.б. қолма  – қол ақшамен есептесуіне  тыйым салынбаған.

Айналыс құралы ретінде  ақша қызметтерінің ерекшеліктері  мыналар:

- тауар мен ақшаның қарама-қарсы  қозғалысы;

- оны идеалды ақшалар емес, нақты  (қолма-қол) ақшалар орындайды;

- ақшаның бұл қызметінде тауарларды  айырбастау өте тез орындалатын  болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ  ақша қозғалысы міндетті түрде тауар  қозғалысымен бір уақытта тоғысуы  тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін  сатып алынған немесе керісінше  болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек  қана тауар айналысына ғана емес, сонымен  қатар қаржы – несие қатынастарына  да қызмет етеді.

Ақша – қорлану және қазына жинау  құралы ретінде.

Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.

Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс  жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

- кәсіпорындар мен  ұйымдардың есеп айырысу және  депозиттік шоттарындағы ақшалай  қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;

- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы  дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Ақша және оның функциялары. Ақша агрегаттары