Аудиторлық мәнділік деңгейін анықтау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Х. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді___________
кафедра меңгерушісі: э.ғ.к.,
аға оқытушы К. М. Утепкалиева
«___» ______________ 2011 ж.
Диплом жұмысы
тақырыбы: «Серіктестіктердегі меншікті капитал есебі, аудиті және талдауы»
мамандығы: 050508 – «Есеп және аудит»
Орындаушы,
күндізгі оқу бөлімінің
4 курс Э-46 топ студенті:
_________________
Сарекенова Д. Н.
Ғылыми жетекші,
аға оқытушы
Атырау, 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Меншікті капитал ұғымы, мәні, маңызы........................
1.2 Есеп объектісі – «Нұрлы жол» ЖШС-нің
экономикалық көрсеткіштерін талдау........................
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру........12
2 СЕРІКТЕСТІКТЕГІ МЕНШІКТІ
2.1 Жарғылық капитал салымының есебі.........................
2.2 Резервтік капиталдың есебі.........................
2.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі…………………………..22
3 МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Меншікті капитал аудитінің мақсаты, ақпарат көздерімен
қамтамасыз етілуі…………………………………
3.2 Меншікті капитал есебінің аудиті…………………………………….29
3.3 Серіктестіктегі меншікті капиталға
талдау........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................... .............................. .......................59
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.
Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік ұйымдар және тағы да басқа иелік ететін объектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану арқылы келісім шартқа түседі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет.
Коммерциялық ұйымның,
кәсіпорындардың негізгі
Сонымен қатар, жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың негізгі мақсатының бірі – табыс көзін сақтап қалу, соның ішінде меншікті капитал. Меншікті капиталдың сол кәсіпорын өзінің әрі қарай жұмыс жасау қабілетін сақтап қалу үшін орны жоғары.
Меншік иелері, соның
ішінде ұжымдық меншік иелері- акционерлер,
сонымен қатар кредиторлар
Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарылатады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама береді: «Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтер»[1].
Шаруашылық субъектісі
алғаш құрылған кезде оның капиталы
Қазақстан Республикасының
Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа көздерден, тегін түскен мүліктермен, ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Ұйымның төлемқабілеттілігін сипаттайтын – меншікті айналым капиталы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің айырмасымен анықталады. Ағымдағы активтер қысқа мерзімді міндеттемелерден әрдайым жоғары болып тұрса, ұйымның меншікті айналым капиталын басқару саясатына сәйкес төлемқабілеттілігіне мақсатты түрде ықпал ете алады[2].
Жоғарыда аталған мәселелер
диплом жұмысының тақырыбының
Диплом жұмысының мақсаты серіктестіктегі меншікті капиталдың есебі мен аудитінің, талдауының есепке алынуын зерттеп, оның іс жүзінде ұйымдастырылуына талдау жүргізу және оған аудит жүргізу тәртібін анықтау.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- Жалпы меншікті капталдың экономикалық мәнін көрсету;
- Есеп объектісінің қызметіне сипаттама беріп, негізгі көрсеткіштеріне
талдау жасау;
- Жарғылық, резервтік капиталдар есебіне тоқталу;
- Бөлінбеген пайданың (жабылмаған зиян) қалыптасу есебін анықтау;
- Нақты көрсеткіштер негізінде серіктестіктегі меншікті капиталды талдау;
- Меншікті капитал есебіне жасалатын аудиттің ұйымдастырылу ережелерін меңгеру.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Нұрлы жол» (одан әрі қарай ЖШС-нің) 2007-2009 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп, аудит, талдау салаларындағы нормативтік–құқықтық ақпараттары, арнайы әдебиеттер пайдаланылды.
Зерттеу пәні меншікті капитал, сонымен бірге меншікті капиталдың құрылымы, түрлері, пайдаланылуы және оны аудиттеу мен талдау жұмыстарын ашып көрсету.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негіздерін отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары құрайды. Зерттеуге алынған объектіні қарастыру барысында экономикалық, салыстырмалы, статистикалық және логикалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың ақпараттық негізі ретінде «Нұрлы жол» ЖШС-ң мәліметтері, Қазақстан Республикасының ресми нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және басқа да ақпараттар қолданылды.
Зерттеу объектісі - «Нұрлы жол» ЖШС-ң қызмет көрсеткіштері.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы оның практикалық маңыздылығында, яғни, мұндағы зерттеу нәтижелері мен қорытындылары серіктестіктердегі меншікті капитал есебін дұрыс жүргізу үшін қолдануға ұсынылады.
Жұмыстың тәжірибелік мәні зерттеудің нәтижелерінің төмендегілерге мүмкіндік беретінінде болып табылады:
– оларды меншікті капитал есебі, аудиті және талдауына қатысты мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға;
– серіктестіктердегі меншікті капитал түрлері мен қатысушылар үлестерінің бухгалтерлік есепте шынайы көрсетілу қажеттілігін қолайлы деп есептеуіне;
– оқу процесінде «Қаржылық есеп», «Шағын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» және басқа қаржылық пәндер бойынша курс жүргізу кезінде теориялық ережелері мен қорытындыларын пайдалануға.
Дипломдық жұмысымның құрылымы мен көлемі: жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бұл жұмыс 61 бетті қамтиды.
1 ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Капиталдың экономикалық сипаттамасы
және оның есебінің
Мекемені капиталдың бухгалтерлік есебінің мақсаты – ресурстардың сақталуы мен дұрыс пайдалануына бақылау жасау. Осы мақсатқа жету үшін бухгалтерлік есеп келесі нысандарға бақылау жасауды қамтамасыз етуі керек:
жарғылық капиталға
құрылтайшылардың (қатысушылардың)
жарғылық капиталды және оның өзгерістерінің жекелеген түрлері бойынша көбеюдің және азаюдың жалпы сомасын бөлшектеп нақты, толық және тиянақты көрсетуді;
меншікті акцияларды сатудан түскен табысты (Эмиссиялық табысты) толық алуды;
инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан алынатын капиталдың сомаларын дер кезінде және тиянақты анықтауды;
қорлық (резервтік) капиталды дер кезінде және дұрыс құрылуын және оны дұрыс пайдалануды;
өткен есепті жылдарда және есепті жылда анық болған бөлінбеген пайданың (жабылмаган залалдың) сомасын дұрыс анықтауды және көрсетуді;
Меншікті капиталды есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 5-ші «Капитал мен резервтер» бөлімінің тиісті шоттары арналған, онда меншікті капиталдың жеке түрлеріне тиісті келесі кіші бөлімдер қарастырылған: 5000 «Жарғылық капитал», 5100 «Төленбеген капитал», 5200 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары», 5300 «Эмиссиялық кіріс», 5400 «Резервтер», 5500 «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)», 5600 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)».
Жарғылық капиталды есепке алу
Мекеменің меншікті капиталында негізгі орынды жарғылық капитал алады.
Жарғылық капитал –
бұл акционерлік қоғамда
Жарғылық капиталдың
нақты міндеті (қызметі), орындайтын
функциялары мен қалыптасу
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің капиталы үш негізгі функциялар атқарады:
ол бастапқы капитал, яғни қоғамның қызметі үшін мүліктік негіз болады;
ол қоғамдағы әрбір құрылтайшының (акционердің, қатысушының) салымының үлесін (пайызын) анықтауға мүмкіндік береді, өйткені оған жиналысқа қатынасушының дауыстарының саны және оның табысының (дивидендінің) мөлшері сәйкес болады;
жарғылық капиталдың
көлемі қоғамның үшінші тұлғаның алдындағы
міндеттемелерді орындауға
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жарғылық капиталдың қалыптасу тәртібі мен мөлшері әртүрлі.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған мекеменің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды оладың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың (инвестордың) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеу арқылы қалыптастырылады және ұлттық валютамен көрсетіледі.
Акционерлік қоғамның жарғылық
капиталының ең төменгі мөлшері
тиісті қаржылық жылына арналған Республикалық
бюджет туралы Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген айлық
Акция – бұл акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның бір бөлігін алу құқығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда және өзге де заң кесімдерінде (актілерінде) көзделген өзге де құқықтарды куәләндыратын бағалы қағаз.
Дивиденд – бұл
акционердің өзіне тиесілі
Акцияның нақтылы құны – бұл барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді).
Орналастыру бағасы – бұл акцияларды бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналастырылған кезде акцияның белгіленетін бағасы.
Акционерлік қоғам жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығы мен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері – акционерлердің жай акциялардың меншік иелері – акционерлеріне қарағанда акционерлік қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын-ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және акционерлік қоғам таратылған кезде заңмен белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес мекемелердің артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Акционерлік қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.
Артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді, келесі жағдайларды қоспағанда, егер:
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса. Шектеу қою орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі;
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру, не тарату туралы мәселені қараса;
артықшылықты акция бойынша дивиденд төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын бір «Алтын акцияны» енізуі мүмкін. «Алтын акция» иесінің акционерлердің жалпы жиналасының, директорлар кеңесі мен атқарушы бойынша вето қою құқығы болады. «Алтын акция» куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуі тиіс.
Акцияның шығарылуын мемлекеттік тіркеуден кейін оны құрылтайшылар арасында орналастырылатын (құрылтайшылар сатып алатын) акционерлік қоғамның (ұйымның) жарияланған акциялардың саны, түрі және орналастыру бағасы, сондай-ақ құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері құрылтайшылық құжаттарда (жарғыда, құрылтайшы шартында) белгіленеді.
Мекеме заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап немесе акционерлердің жалпы жиналасының жарияланған акциялардың санын көбейту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды өткізуге міндетті. Егер акционерлік қоғамның (мекеменің) жарғысымен бұл мәселе акционерлердің жалпы жиналасының құзыретіне жатпаса, онда жарияланған акциялар санының шегінде акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру туралы шешімді қоғамның директорлар кеңесі қабылдайды.
Акционерлік қоғам өзінің акцияларын олардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін аукциондар, жазулар арқылы орналастыруға құқылы. Жазулар арқылы орналастырылатын акциялар қоғамның директорлар кеңесі белгілеген орналастыру бағасы бойынша сатуға жатады. Мұндайда акцияларды сатып алған барлық тұлғалар үшін бірдей болуы керек.
Акцияның құрылтайшылары алдын-ала енгізетін төлем мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға және оны құрылтайшылар акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Мекеменің орналастырылатын акцияларын төлеуге ақша,мүліктік құқықтар (соның ішінде зияткерлік меншік нысандарына құқықтар) және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін, еліміздің заң кесімдеріне көзделген жағдайларды қоспағанда. Акцияларды ақшамен төлеу ұлттық валютамен жүргізіледі.
Акциядан басқа, өзге де мүлікпен төлеу еліміздің заңдарына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет етітін бағалаушы белгілейтін баға бойынша жүзеге асырылады. Егер қоғамның (мекеменің) орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төлейтін ақының мөлшері негізге ала отырып, қоғамның (мекеменің) оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім біткенге дейін қоғам (мекеме) акционерлері жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тиым салынды. Қоғамға (мекемеге) өзінің жарияланған акцияларын бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастырған кезде оларды өзі сатып алуына жол берілмейді.
Жауапкершілігі серіктестік нысанында құрылған мекеменің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады. Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі жүз есептік айлық көрсеткіштің мөлшеріне баламалы (эквивалентті) сомадан кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (мекеменің) жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік (Қазақстан Республикасының секъюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылған арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) болуы мүмкін. Салымдарды жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде енгізуге болмайды.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысандағы (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар және т.б.) немесе мүліктік құқық түріндегі салымдар барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне баламалы (эквивалентті) сомадан асып түсетін болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс. Егер серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілген болса, бұл салымның мөлшері құрылтайлық құжаттартарында көрсетілген бүкіл мерзімге есептелген пайдалану ақысымен анықталады. Пайдалану құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып табылатын мүлікті жалпы жиналыстың келісімінсіз мерзімінен бұрын алуға болмайды.
Егер құрылтай шартында
өзгеше көзделмесе, әрбір қатысушы
салымның жарғылық капиталың жалпы
сомасына қатынасы қатысушының жарғылық
капиталдағы үлесі болып
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жаңа құрылтайшыларды қабылдауға немесе серіктестіктен бұрынғы қатысушылардың бірі шығуына байланысты жарғылық капитал мөлшерінің қандай болса да өзгеруі қатысушылардың жарғылық капиталдағы қабылдау немесе шығу негізінде үлестерін тиісінше қайта есептеуге әкеп соғады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіккке қатысушылар серіктестікті тіркеген кезге дейінгі жарғылық капиталдың жалпы сомасының кемінде 25 пайызын, бірақ жарғылық капиталдың кемінде ең төменгі мөлшерін, яғни жүз айлық есептік көрсеткіштік мөлшеріне баламалы (эквивалентті) сомада енгізуге міндетті. Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестік жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс.
Серіктестікке қатысушы үлесті белгіленген мерзімде енгізу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда серіктестік үлестің қатысушы енгізбеген бөлігін өз капиталы (өзінің таза активтерінің) есебінен төлеуге, не жарғылық капиталды оның енгізген бөлігіне дейін азайтуға тиіс. Өз үлесін мерзімінде енгізбеген қатысушы серіктестікке зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ, егер серіктестіктің құрылтай шартында немесе жарғысында өзгеше көзделмесе, серіктестікке Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайтуға оны толық төлегеннен кейін рұқсат етіледі және ол келесі жолдармен жүргізіледі:
серіктестіктің барлық
қатысушылары қосатын қосымша баламалы
жарғылық капитал мөлшерін серіктестіктің өз капиталы есебінен, оның ішінде өзінің резервтік капиталының есебінен ұлғайту;
бұған қалған барлық қатысушылар келіскен жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салымдар салуы;
серіктестік құрамына жаңа қатысушылар қабылдау.
Жарғылық капитал
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде жарғылық капиталдың ұлғайтылғандығы туралы өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарлауға міндетті. Хабарланған кезге қарай жарғылық капитал ұлғайтылатын соманың кемінде жартысына тең салымдар енгізілуге тиіс.
Егер серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарламаса, жарғылық капитал ұлғайтылмаған болып танылады.
Жарғылық капитал ұлғайтылмай қалған жағдайда қатысушының немесе өз салымын салған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке кіруге ниет білдірген үшінші жақтың серіктестіктен Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес не зияндарын өтеп, оның ішінде салым ретінде салынған мүлікті пайдалану мүмкін болмауы салдарынан қолдан жіберіп алынған пайдасын өтеп, салымды қайтаруды және тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту серіктестіктің барлық қатысушылары салымдарының мөлшерін баламалы (эквивалентті) мөлшерде азайту, не жекелеген қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капитал азайтылған кезде қалған қатысушылардың үлестері тиісінше өзгереді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған кезден бастап серіктестік бұл шешімі туралы шешім қабылдаған соң туындайтын міндеттемелер бойынша несие (кредит) берушілерге хабарлауға міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі ай мерзім ішінде серіктестік өзінің барлық несие (кредит) берушілеріне жарғылық капиталдың азайтылған туралы жазбаша хабарлама жіберуге, не серіктестік туралы мәліметтер жарияланатын ресми басылымда тиісті хабарландыру беруге міндетті. Серіктестіктің несие берушілері хабарлама алған немесе хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде серіктестік қосымша кепілдіктер, не серіктестіктің тиісті міндеттерді мерзімнен бұрын тоқтауын немесе орындауын және зияндардың орнын толтыруын талап етуге құқылы. Талаптар серіктестікке жазбаша нысанда жіберіледі, ал олардың көшірмелері серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органға ұсынылуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының азайтылуын серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген орган серіктестікке талаптар мәлімдеу үшін несие берушілерге ұсынылған мерзім аяқталған соң тіркейді.
Жарғылық капиталдың нақты барын және қозғалысы туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 5000 «Жарғылық капитал» кіші бөлімінің мынандай пассивтік шоттары арналған:

- Аудиторлық тәуекелділік
- Аудиторлық тәуеклділік
- Аудиторная отчетность
- Аудиторска проверка бухгалтерской отчётности
- Аудиторская выбора
- Аудиторская выбора
- Аудиторская выборка
- Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
- Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
- Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
- Аудиторлық қызметтің этикасы
- Аудиторлық қызмет туралы
- Аудиторлық қыорытынды және есептәләк
- Аудиторлық мәнділік