Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу. 3
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы –«Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу» деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей:
- Аудиторлық қызметті реттеуші заңдардың тізімдерін құрастырып және оларға қысқаша түрде сипаттама беру;
- Әрбір заңның қолдану өрісін қарастыру;
- Аудиторлық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесін пайдалану;
- Стандарттардың мазмұнын ашу;
- Аталған құқықтық базаның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
Мазмұнына тоқталатын болсам, ол негізгі екі тараудан тұрады: 1-тарау ҚР-дағы аудитті реттеуші заңдар «ҚР аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер» деп аталады, яғни бұл бөлімде: ҚР аудиторлық қызметті нормативтік реттеудің қажеттілігі және ішкі аудит қызметін нормативтік-құқықтық реттеудің халықаралық тәжірибесі,ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына тоқталдым. 2-тарау “ ҚР-дағы сыртқы аудитті реттеуші заңдар ” аталады, яғни бұл бөлімде: аудиттің халықаралық стандарттары және ҚР-ның “Аудиторлық қызметі туралы” Заңын ашып көресеттім.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы аудиторды жүзеге асырудың кұкықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бүрса, онда халықаралык келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсіби қызметті канағаттанғысыз дәрежеде орындамауы үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, материалдық, қылмыстық жауапкершіліктері жүктеледі. Клиенттер, оның кредиторлары мен инвесторлары, мемлекет және оларға өкілеттілігі жүретін тәртіп сақтау және басқа органдар аудиторга қарсы сот немесе төрелік сот іс қозғауы мүмкін.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтық (территориялық) палаталары мен Республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады.
I тарау.
ҚР-дағы аудитті реттеуші
ҚР аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер
Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз - бұл аудиторлық тексеру жүргізу обътісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде ( ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу.
Аудиттік қызметтерді
жүзеге асырумен байланысты құқықтық
және этикалық нормалардың өзара
қарым-қатынасын мемлекеттік
- ҚР Конституциясы;
- ҚР азаматтық кодексі;
- ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;
- ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңы;
- ҚР қылмыстық кодексі;
- «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексі;
- ҚР әкімішілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі;
- ҚР бюджет кодексі;
- ҚР «Акционерлік қоғамдары туралы»;
- «Банкроттық туралы»;
- «Шетелдік инвестиция» туралы;
- «Шектеулі және косымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы»,
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және т.б. заңдары.
Жоғарыда аталған занды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.
Аудиторлық тексерулердің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.[3]
250 “Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру” деп аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: “Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі мүмкін, оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сейкес келмеген кезде мүмкін болады”. Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі етуі бас тарту, жалған құжаттарды салып қою, сқөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.[6]
Қазақстан Республикасында аудитті нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдар мен нормативтік құжаттар кіреді.
| |
| |
| |
| |
| |
| |
|
|
| |
|
|
| |
| |
| |
| |
| |
|
|
28 маусымдағы
№161 бұйрығымен бекітілген №33-ші
«Заңды тұлғалардан алынатын
табыс салығын есептеу және
бюджетке төлеу тәртібі туралы» | |
| |
|
Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, методология мәселелерін, сондай-ақ, аудиторлар қолдануға тиісті базалық принциптерді айқындайды. Алайда, ол стандарттар тексеру жүргізу процессінде қолданылатын накты іс-әрекеттерді, тәсілдерді, процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмай-ды. Ондай мақсаттағы қызметті аудиттің фирмаішілік стандарттары атқарады.
Жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін аудиторлар мен аудиторлық фирмалар халықаралық аудит стандарттарының негізінде, аудиторлық фирма жұмысының спецификасы (ерекшелігі) ескерілетін және тексеру жүргізудің нақгы процедураларының, ауди-торлық дәлелдеулер жинаудың, оларды құжаттаудың, клиентпен өзара қарым-құтынас саясатының, ішкі бақылаудың және фирманың ішкі қорытынды есебінің мазмұны ашылып көрсетілетін өздерінің ішкі стандарттарын жасауға тиісті. Тексеру жүргізу кезінде ол қажетті дәлелдеулер жинауды жеңілдетеді, тексеру жүргізу уақытын қысқартады, аудиторлық қорытынды жасау кезінде кдте жіберу тәуекелдігін азайтады.[5]
Аудиттің ішкі стандарттары белгілі бір аудиторлық фирмада ауди-торлық тексерудің бірегей (фирмалық) тәсілін қамтамасыз етеді. Орындалатын жұмыстардың көлемін үлғайту және сапасын көтеру, тексеру жүргізу үшін аудиторларды - ассистенттерді кеңінен пайдалану, аудит технологиясын жетілдіру мүмкіндігі туындайды. Бірақ, стандарттар артық нақгыланбауға, аудитордың еркін тежемеуге тиісті. Себебі, ол аудитті кәсіби ой-пікірмен нығайтылмаған, жай ғана мәліметтер жинауға айналдыруы мүмкін. Фирманың экономикалық және қоғамдық статусы үшін ішкі стандарттардың маңызы жоғары болғандыктан, олардың мазмұны коммерциялық құпия болып табылады.
Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.
Фирмаішілік аудиторлық стандарттарды үш блокқа біріктіруге болады:
- аудиторлық фирмалардың күрылымы және оның қызметін ұйым-дастыру технологиясы;
- заңдар мен стандарттардың талаптарын жүзеге асыру бойынша құжаттар;
- тексеру жүргізу әдістемесі.
Бірінші блоктың құжаттары аудиторлық фирма жұмысының ерекшелігін, оның ұйымдық құрылымын, клиенттерімен өзара кдрым-кдтынас жасау принциптерін, ішкі бақылаудың жөне ішкі қорытын-ды есеп берудің күрылымын, жұмыскерлердің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіліктерін, олардың білім деңгейіне қойылатын талаптарды, кәсіби этика мәселелерін және тағы баскдларды ашып көрсетеді.
Екінші блок құжаттарының негізін бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру мәселелерін реттеуші нормативтік құжаттардың тізімі; бастапқы құжаттардың, аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлерінің құрамы; есептің белгілі бір салалары бойынша болуы мүмкін бүзушылықгарды топтастырушы (классификатор); аудиторлық процедуралардың орындалу реті; аудитті жос-парлау кезеңінде сүрақ беруді өткізу үшін жасалынған тестілер немесе сұраулар тізімі кұрайды.[10]
Үшінші блокқа қатысты әдістемелер келесі бағыттар бойынша жа-салынады:
- бухгалтерлік - клиенттің бухгалтерлік есебінің жекелеген бөлімдері бойынша әдістемелер;
- зандық- клиент қызметінің күқыктықжағынан кдмтамасыз етілуін тексеру әдістемелері (күрылтай күжаттарының және жарғьшық капиталдың аудиті, шаруашылық келісім-шарттарының сараптамалары, салық заңының сакталуына талдау жасау және т.б.);
- арнайы - ортақ арнайы белгілерді иеленуші кәсіпорындар тобына тексеру жүргізу әдістемелері (шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, шетелдік инвестициялары бар объектілердің өкілдіктерінің және т.б. аудиті).
Бұл стандарттардың әркайсысында төмендегілер болуы мүмкін:
- тексерудің мақсаты мен міндеттері;
- тексерілетін болімдер корсетілген аудит өткізу бағдарламасы;
- нормативтік-құқыктық кұжаттар;
- клиенттің бухгалтерлік және басқа күжаттары (қаржьшық есеп беруі, регистрлер, бастапқы кұжаттар);
- есептің осы участогы бойынша болуы мүмкін бүзушылықгарды топтастырушы (аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізуге арналған тестілер немесе сұраулар тізімі; осы участокқа тексеру жүргізу кезінде қолданылатын аудиторлық процедуралардың тізімі);
- аудиторлық процедуралардың орындалу реті;
- аудитордың жұмыс құжаттарының жасалынған нысандары (үлгілері).
Сондай-ақ, аудиторлық стандарттардың болуы аудиторлық фирма мен оның жұмыскерлерінің қызметіне тиімді ішкі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1995 жылғы шілде
айында аудиторлар Палатасының
кезектен тыс конференциясында
Қазақстан Республикасы
Аудиторлар палатасының Кеңесі бұл кодекстің нормативтік акт ретінде күші бар екендігін және оны орындауға Қазақстан территориясында жұмыс істейтін аудиторлық фирмалар мен аудиторлар міндетті екендігін атап көрсеткен.
Этика – адамзаттың таңдау
мәселелерін, адамдар
Этиканың үш элементі:
- шешімдерді таңдау мәселелері;
- моральдық принциптер;
- шешім қабылдаудың салдарлары.
Қазақстанда қабылданған этикал
- аудиторлардың мінез-құлық стандарттарын;
- жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін аудиторлар сақтауға тиісті негізгі принциптерді.
Кодекстің кіріспе бөлімінде
қоғамның қажеттіліктерін
Аудиторлардың алдында тұрған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар шарттарды немесе принциптерді орындау қажет.
Адалдық. Аудитор өзінің кәсіби міндеттерін орындауда адал болуға тиісті.
Әділдік ( объективтілік). Аудитор әділ болуға және жоқ нәрсеге сену, қате түсінік тағы сол сияқты факторлардың әділдікке әсер етуіне жол бермеуге тиісті.
Кәсіби біліктілік. Аудитор қызмет көрсетуге келісерде, бұл тапсырманы орындау үшін өзінің кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесінің жеткілікті дәрежеде екендігіне сенімді болуға тиісті, олай болмаған жағдайда ол мұндай тапсырманы орындаудан бас тартуға тиісті.
Аудитор кәсіби қызметін үлкен
ықыласпен, жетік біліммен, ынта
жігермен көрсетуге тиісті. Онда
әрдайым кәсіби білімін және
тәжірибесін шыңдауға деген,
Құпиялықты сақтау. Тексеру нәтижесін меншік иесіне немесе тексеруді белгілеген органға беру сияқты жағдайларды есепке алмағанда, тексерілетін субъектінің рұқсатынсыз кәсіби қызмет көрсету барысында алынған ақпараттарды, коммерциялық құпиямен қоса, жария етуге құқығы жоқ.
Кәсіби мінез-құлық. Аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін мінез-құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез-құлқы осы кәсіптің беделіне сай іс-әрекеттерге сәйкес болуға тиісті.
Кәсіби стандарттар. Аудитор кәсіби қызмет көрсетуді заңдық және нормативтік актілерде қабылданған тиісті кәсіби стандарттарға сәйкес қарастыруға тиісті. Аудиторлар адалдыққа, әділдікке және тәуелсіздікке жанаспайтын кез-келген мүдделерден азат болып табылады және болуға тиісті де.
Қазақстан Республикасының «
Аудиторлық қызмет туралы»
Аудитор үшін этикалық
- Ішкі аудит қызметін нормативтік-құқықтық реттеудің халықаралық тәжірибе
сі. Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары
Кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесінің талаптарын бейімдеу АҚШ-тың 5 кәсіби өздігінен реттелетін ұйымдарының қатысуымен 1985 жылы «Есептіліктің бұрыстылығына қарсы күрес» деп аталатын американдық ұлттық комиссияның құрылуынан бастау алады. Оның алғашқы төрағасы Джеймс Тредуэ атымен белгілі немесе осы уақытқа дейін Тредуэ комиссиясы деп аталады. Олардың 1987 ж есебі басқа ұсыныстармен қатар, Тредуэ комиссиясының демеуші ұйымдарына аталған ұйымға бірігуге үндеу тастайды. Негізгі мақсат – ішкі аудиттің(ішкі бақылаудың) бәрімізге ортақ негізгі ұғымдары туралы келісімге қол жеткізу. Тредуэ комиссиясының демеуші ұйымдарының құрған коммитетіндегі жұмыс тобы ішкі бақылау бойынша сол кездегі бар әдебиеттерді талдау жасады. Бұл жұмыстың нәтижесінде «Ішкі бақылаудың интеграцияланған тұжырымдамасы» деген атаумен 1992 жылы қоғамға ұсынылады. Бұл құжат комитеттің қысқартылған атымен қабылданып COSO (Committee of Sponsoring of the Thredway Organization) заңы қабылданды. Бұл модельдің маңызы бақылау жауапкершілігінің кәсіпорын басшыларына жүктелуінде және ішкі бақылау жүйесінің анықтамасы және оның компоненттері анықталған.
1992 жылы шығарылған корпоративтік басқару кодексіне Лондондық фондалық биржаның төрағасы Эдриан Кедбердің ұсынысы бойынша қойылған талаптарды COSO тұжырымдамасына сәйкес болды. Мұнда Ұлыбритания нарығындағы листингтігтерінде ресми бар болатын компаниялар 1995 жылдан бастап ішкі қаржылық бақылаудың тиімділігін тексеріп, талдауы және директораттың арнайы жыл сайынғы есебінде бұл тексерулердің нәтижесі хабарлануы керек.[6]
2002 жылы Джордж Буш 30шілдеде қол қойған Сорбейнс Оксли актісі кейінгі 60-жылдардағы құнды қағаздар нарығындағы қабылданған ең маңызды құжат болып саналады. Мұндағы негізгі мақсат – ірі компониялардың менеджерлерінің алаяқтыққа барып, сыбайлас жемқорлықтың болуын тоқтату. Акт бөлімінде:
- Пайдалану ауқымы;
- Жалпы сипаттама:
- Корпоративтік тәртіп кодексі;
- Құнды қағаздар бойынша комиссияға беретін құжаттарға атқарушы директор және қаржылық директордың қол қойылуы;
- Ұйымның директорлары мен лауазымды қызметкерлеріне қарыз бен ссуданың берілуін тоқтату;
- Ұйымның директоры мен лауазымды қызметкерлеріне марапаттау, сыйақы төлеуді немесе құнды қағаздарды сый ретінде беруді тоқтату;
- Аудиторларға қысым жасамау;
- Ақпарат берушілерді қорғау;
- Қаржылық және басқа да есептіікті беру уақытын азайту;
- Бухгалтерлік есеп пен аудит жүргізуді бақылау;
- Аудиторлар комитеті мен аудиторлардың жаңа рөлі;
- Проблемалар;
- Сілтемелер.[7]
Ал Қазақстан
Республикасында қор биржасы
нарығында тіркелген
Ішкі аудит дәстүрлік сипаты мен мәдени және құқықтық жағынан айырмашылық туындаған жағдайда; өзінің белгіленген бағыты, көлемі, күрделілігі және құрылымы бойынша ерекшеленетін ұйымдарда; ұйымның қызметкерлерімен қоса сыртқы орындаушылармен де жүргізіледі. Осы және басқа да жағдайларда ішкі аудиттің тәжірибесінің ерекшелігіне аталған айырмашылықтар енеді, осы тұрғыда ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын(кейінірек - Стандарт) орындау ішкі аудит бөлімшелері мен ішкі аудиторлардың міндеттерін орындауда маңызды нұсқама болып келеді.
Егер заңнама ішкі аудиторларға Стандарттың жеке жағдайларын орындауға мүмкіндік бермесе, мұндай жағдайда ішкі аудиторларға Стандарттың басқа да жағдайларын сәйкесінше ақпараттарды ашып көрсете отырып орындау қажет.
Бұл Стандарттарды атақты ұйымдардың ішкі аудиторлары құрастырғандықтан ішкі аудиторлар аталған Стандартты қолдана отырып, оны өздерінің есептілігінде көрсетіп кетуі тиіс. Егер кәсіби стандарт пен басқа да стандарттардың талаптарының арасында айырмашылықтар туындаған жағдайда, егер ол талаптар қатаң болған жғдайда ішкі аудитор басқа стандарттың талабын орындауға құқылы.
Стандарттың мақсаты:
- Ішкі аудит тәжірибесінің негізгі қағидаларын бекіту;
- Ұйым қызметін жетілдіруге бағытталған ішкі аудит қызметінің спектрін кеңейту үшін концептуалды базаны қалыптастыру;
- Ішкі аудит қызметін бағалауға негіз қалыптастыру;
- Ұйымның ішкі процестері мен жүйені жетілдіруге әсер ету.
Стандарттар қағидаларға
негізделген және орындалуы міндетті
талаптардан тұратын құжат
- ішкі аудиттің кәсіби қызметіне қатысты және оның бүкіл әлемнің жеке тұлғалары мен ұйымдары пайдаланудағы тиімділігін көрсететін базалық талаптар;
- стандартта сипатталған терминдер мен концепцияларды түсіндіретін интерпритациялардан құралады.[5]
Стандарттың құрылымы сапалық сипаттамаларының стандарттарынан, қызмет стандарттарынан және тәжірибелік қолдану стандарттарынан тұрады. Сапалық сипаттамалар стандарты ішкі аудит бойынша қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұлғалардың сапалық сипаттамасын көрсетеді. Қызметтің стандарттары ішкі аудитор қызметінің сипаттамасын көрсетеді және ұсынылатын қызметтерді бағалауға қатысты сапалық критерийлерді белгілейді. Сапаға және қызметке қатысты стандарттар барлық көрсетілетін ішкі аудиторлардың қызметтерінде қолданылады. Тәжірибелік қолдану стандарттары сапалық және қызмет стандарттарының кепілдік беру немесе кеңес беру қызметіне қатысты талаптарын кеңейтеді.
Кепілдік беру дегеніміз- тексеру барысында ұйымның, қызметтің, процестің, жүйенің немесе тексерудің басқа да объектілерінің қорытындысын жасағанда қолдағы бар дәлелдемелер негізінде ішкі аудиторлардың тәуелсіз пікірін білдіру мақсатында объективті баға беруді білдіреді. Кепілдік берудің сипатын, көлемін және тапсырманың мазмұнын ішкі аудитор белгілейді. Негізінен кепілдік беру қызметі үш тараптың қатысуымен жүзеге асырылады: 1) процестің иесі(ұйымға, қызметке, процеске, жүйеге және тексерудің басқа да объектілеріне тікелей қатынасы бар тұлға немесе тұлғалар тобы); 2) ішкі аудитор(бағалауды жүзеге асырушы тұлға немесе тұлғалар тобы); 3) пайдаланушы(бағалаудың нәтижесін пайдаланушы тұлға немесе тұлғалар тобы).
Кеңес беру бойынша қызметтер: сипаты бойынша кеңес беру және ұсыныстар негізінен клиенттің арнайы сұранысы бойынша беріледі. Кеңес беруде негізінен екі тарап қатысады:1) ішкі аудитор;2) клиент. Кеңес беру қызметі барысында ішкі аудитор операциялық қызметке араласпай, объективтілік қағидасын сақтау керек.
Стандарттарды
дамыту және қайта қарау үздіксіз
процесс болып табылады. Іщкі аудит
бойынша стандарттарды
Сапалық сипаттағы стандарттар
1000 – Мақсаттар, мақсаттың жауапкершілігі мен өкілеттілігі, ішкі аудитордың өкілеттілігі мен жауапкершілігі ішкі аудиттің Анықтамасына, этика Кодексіне және Стандарттарға сәйкес ұйымның ішкі құжаттарымен (ішкі аудит туралы Ережесінде) анықталады. Ішкі аудиттің басшысы ішкі аудит туралы Ережені қайта қарауға міндетті және оны жоғарғы басшылыққа және Кеңестің мақұлдануына ұсынады.
1100 – Тәуелсіздік
және объективтілік. Ішкі
1110 – Ұйымдастырылған тәуелсіздік. Ішкі аудиттің басшысы Кеңеске ішкі аудиттің тәуелсіздігі туралы нақты жағдайды кем дегенде жылына бір рет растауға міндетті.
1111 – Кеңеспен тікелей байланыс. Ішкі аудиттің басшысы тікелей Кеңеспен қарым-қатынаста болуы керек.
1112 – Жеке объективтілік. Ішкі аудиторлар өздерінің жұмысында риясыз болуға міндетті және мүдделер қақтығысынан аулақ болу тиіс. Мүдделер қақтығысы дегеніміз – бұл ішкі аудиторда сенімді тұлға бола тұрып, бәсекелесетін жеке немесе кәсіби мүдденің болуы. Мұндай бәсекелестік мүдденің болуы аудитордың міндеттерін атқаруда риясыз орындауға қиындық тудырады. Мүдделер қақтығысы аудитордың өз функциялары мен қызметін анықтауда объективті болуын шектеп қоюы мүмкін.
1130 – Егер ішкі аудиторлардың тәуелсіздігі мен объективтілігі кеңес беруге байланысты кері ықпалға ұшыраған жағдайда, бұл бойынша ақпарат тапсырыс берушіге орындауға тиісті тапсырмалады қабылдамас бұрын ашып көрсетілуі тиіс.
1200 – Профессионализм және жұмысқа деген кәсіби қатынас. Ішкі аудиторлар аудиторлық тапсырмаларды жоғары кәсіби деңгейде орындауға тиісті.
1210 – Профессионализм. Ішкі аудиторларда өзінің персоналды міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті білім мен дағдыға ие болу керек. Ішкі аудиторларға өзінің кәсібилігін халықаралық ішкі аудиторлар Институты ұсынған Сертификатталған ішкі аудитор(Certified Internal Auditor, CIA) және т.б. кәсіби сертификаттар мен квалификацияларды алу арқылы жетілдіруге болады.

- Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу
- Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу
- Аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттеу
- Аудиторлық қызметтің пайда болуының тарихы және дамуы: халықаралық тәжірибе
- Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
- Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
- Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
- Аудиторлық қорытынды
- Аудиторлық қорытындының
- Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары
- Аудиторлық қызмет
- Аудиторлық қызмет және оның түрлері
- Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары
- Аудиторлық қызметті жүзеге асыру