Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары

     ЖОСПАР 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3 

І. ТАРАУ. АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................5

1.1. Аудиттің  мәні және қажеттілігі.......................................................................5

1.2. Аудиттің  пәні, мақсаттары мен міндеттері  және маңызы............................8 
 

ІІ. ТАРАУ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ  ТҮРЛЕРІ.................................12

2.1. Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары......................12

2.2. Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары.......................14

2.3. Аудиторлық қызметтің профилі бойынша көрсетілетін қызметтер.........16

2.4. Аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы және міндеттері........................18

2.5. Аудиторлардың кәсіби этикасы....................................................................23

2.6. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі...............26 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................31 

     КІРІСПЕ 

     Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Аудиттің  түрлері, аудиторлық қызметтер және аудиторлар» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:

  • аудиттің мәні, қажеттілігі, оның мақсаттары мен міндеттері;
  • аудиттің сатылары мен функциялары;
  • аудиттің түрлері, оның нұсқаларын жіктеу;
  • ішкі аудит, оның мақсаттары мен міндеттері және атқаратын қызметтері;
  • операциялық аудит және оның түрлері;
  • экологиялық аудит және оның мақсаттары;
  • аудиторлық қызметтің түрлері;
  • аудиторлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • аудиторлардың жауапкершілігі, құқықтары мен міндеттері.

     Жалпы аудит терминіне келетін болсақ, ол латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді. 

     Аудит Қазақстан Республикасы заңында  белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.

     Курстық жұмыстың мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

     Курстық жұмыстың мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

     Аудиттің  маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне  қол жеткізуге болып табылады. Олар:

  • экономикалық субъектілер (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
  • салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
  • қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
  • аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.

     Ішкі  пайдаланушыларға  басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті қаржылық ақпарат қажет. Сыртқа пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді.

     Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен  кәсіпорынды басқару бөлінген кезде  пайда болады. Бірақ осындай аудитті  жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезеде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.

     Меншік  иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелденуі мүмкін.

     Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

     Аудиторлық  қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептіңжүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындысымен дәлелденбеген кәсіпкерліктерге сенім аз  болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     I ТАРАУ. АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

     1.1 Аудиттің мәні  және қажеттілігі 

     Америкалық  бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы  бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит- бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемде (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».

     Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

     Мұндай  кәсіби бақылау аудитке деген  қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

  1. кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
  2. өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
  3. экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
  4. компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметі мұқтаж;
  5. қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
  6. пайдаланушылар қабылдайтын шешімдер салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

     Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік  қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да ШЖС-дің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялықмазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

     Аудиторлық  іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру  туралы біздің ұғымымыздан бөлек  болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибеде салаларының рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Тексерудің мақсаты – кемшіліктерді құрту жәнежамандықты жою, ал аудиттың мақсаты – кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.

     Әкімшілік құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен қаламайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас  деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

     Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізінде шығындарды ұтымды өту мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және ШЖС-дің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

     Бизнес  аудитін жүргізу үшін белгілі  бір салалар мен компаниялар  іс-әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен ШЖС-лер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар 310 «Бизнесті білу» атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайда бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастыруда қолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында болатын оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудиттің озықтүрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады. Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақтылы жүзеге асыру ШЖС-дің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті, отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық жағдай тудыратын мүмкіндіктерімен белгілі бір өкілеттіліктері болса да елеулі көмек көрсете алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, ШЖС-дің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті  оңтайлы жасау мүмкін емес.

     Нарықтық  экономика жағдайында бизнестің  кәсіби аудитін дамыту  мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:

  1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми

       жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу;  бизнес  аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу.

  1. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау, бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті (потенциалды) пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және ШЖС-дің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу.
  2. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпараттық базалардың мағынасын ашу; аудиторлық бакылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін (процедурасын) жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

     Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу  аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

  • бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;
  • шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептің озық әдістерін анықтау;
  • қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің  озық  түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;
  • бақылаушы-талдамалы жұмыстарды жақтарту бойынша залықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;
  • бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;
  • бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭВМ-ді және экономикалық-математикалық әдістерді қолдану, ШЖС-лер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

     Кәсіби  аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономикалық нақты секторындағы ШЖС-дің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша, ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді. 
 

     1.2. Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу 

     Экономикалық  әдебиеттерде аудиттің түрлері мен  нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:

  • аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;
  • құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл (ерікті), келісуші (мақұлдаушы), реттемеленген және келісімшарттық;
  • қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;
  • толықтығы: кешенді (жалпы, толық), тақырыптық (локальды,жеке), функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
  • әдістемелік тәсілдемемен: есепшіліктік (счетоводческий), тестілік, объекті және циклдік бойынша;
  • жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелі, перланентті (ағымдық), ретроспективтік (тізбекті) және стратегиялық (перспективалық, яғни келешегі бар);
  • қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;
  • қатысушылар санымен, процестермен және техникалық құралдарды қолданумен: бір мазмұнды, көп мазмұнды, дәстүрлі, компьютерлік, жеке және комиссиялық;
  • аудит жүргізілетін субъектілерімен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;
  • тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит, маркетингттік аудит, кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер.

     Ішкі  аудитті ұйымдастыру мәселелерін  қысқаша қарастырайық. Ішкі аудит  басқару есебінің бөлінбес және маңызды  элементі болып табылады. Ішкі аудитке  деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.

     Ішкі  аудиторлардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немес акционерлер жиналысына бағынатын  ірі кәсіпорындардың тексеруші  топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:

  • активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;
  • жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
  • ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өңдеудің тиімділігін талдау;
  • басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.

     Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің  сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын  бақылау да жүзеге асырылады.

               № 1 кесте Аудиттің түрлері

Критерийлер Түрлері
1 Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты
  1. сыртқы
  2. ішкі
2 Заң талаптарына  қатысты
  1. міндетті
  2. бастамашылық (ерікті)
3 Аудит объектілері  бойынша
  1. банктік аудит
  2. сақтандыру 
  3. биржалар, инвестициялық институттар мен зейнетақы қорларының аудиті
  4. мемлекеттік аудит
  5. жалпы аудит                   
4 Тағайындалуы  бойынша
  1. қаржылық есеп беру аудиті
  2. салықтық аудит
  3. сәйкестік аудиті
  4. операциялық аудит
  5. арнайы (экологиялық, операциялық және т.б)
5 Жүзеге асырылу  мерзімі бойынша
  1. бастапқы
  2. келісілген
6 Тексеру сипаты бойынша
  1. дәлелдеуші
  2. жүйелі бағытталған
  3. тәуекелдікке негізделген аудит

 

     Сыртқы  аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттің тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға  мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.

     Сыртқы  аудитті жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы  және қаржылық есеп берудің дұрыстығы  туралы қорытынды жасау және ұсыну  арқылы рәсімделеді. Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңының «Аудит және оның түрлері» деген 4-бабында «Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады» деп көрсетілген.

     Міндетті  аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.

     Бастамашылық (ерікті) аудит – оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімен жүргізіледі.

     Аудит объектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының, биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорларының аудиті, жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді. Мемлекеттік аудиттен басқа аудит түрлеріне ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк беретін қажетті лицензиялар қажет болады.

     Тағайындалуы  бойынша аудит тиісті түрлерге бөлінеді.

     Қаржылық  есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субъектінің қаржылық қорытынды

     есебін  тексеру. Оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.

     Сәйкестік аудиті – бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру. Сәйкестік аудиті әкімшіліктің (басшылықтың), басқарудың белгіленген нормаларын (процедурасын) орындауының ұйым жарғысына сәйкестігін тексеру мақсатында ұйым акционерлері мен меншік иелері тапсырысы бойынша жүргізілуі мүмкін.

     Ұйым  ішінде оған қызмет көрсету ретінде жүргізілген қызметті тәуелсіз бағалау – бақылаудың басқа түрлерінің бірдейлілігі мен тиімділігін тексеру және бағалау арқылы жүзеге асырылатын бақылау.

     Ішкі  аудиторлар түрлі жұмыстарды орындау  үшін тартылады және төмендегі сәйкестікті  көрсетеді.

     Негізгі құраушы процедуралар мен нормативті актілерге сәйкестікті қадағалау;

     Ішкі  резервтердің пайдаланылуының тиімділігін: тиімділігі, өнімділігі және икемділігіне қатысты ұйым шараларын, әдістерін  және процедурасын талдау.

       Салық аудиті – бұл салықтарды төлеудің, есептеудің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұстану.

     Арнаулы аудит (экологиялық, операциялық және басқалар) – субъект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бір норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.

     Экологиялық аудит – қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.

     Операциялық аудит – басқару үшін тиімділігін, сенімділігі мен пайдалылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизмінің жекелеген бөліктерінің қызмет етуін тексеру.

     Операциялық аудиттегі тексеру басқарудың өлшемдерін, ұйымдық  құрылымын бағалауды, бухгалтерлік есеп, компьютерлік жүйе әдістемесі мен механикасын, маркетинг пен кез-келген басқа салалардың әдістерін ұйымдастыруды қамти алады.

     Жүзеге  асыру уақыты бойынша бастапқы және келісілген аудитті бөліп көрсетеді.

     Бастапқы  аудит – осы клиент үшін алғашқы аудиторлық тексеруді жүргізу. Бұл қаржылық есеп беруді тексеру кезінде аудиторда тұтынушы бизнесінің ерекшелігі, оның ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік болмайды.

     Келісілген (қайталама) аудит – бұл жыл сайын сол бір тұтынушыға аудиторлық тексеру жүргізу: бұл жерде аудиторға бухгалтерлік есеп және ішкі бақылауды ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтары белгілі. Келісілген аудит тұтынушымен қатар аудит үшін де пайдалы. Егер тұтынушының аудиторлары жиі ауысып отырса, бұл қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларда, сонымен бірге келесі аудиторларда күмән және сезік тудырады.

     Сипаты  бойынша тексерудің төмендегі түрлерін бөліп көрсетеді:

     Дәлелдеуші  аудит.Аудиттің мұндай кезеңі тексеруді жүргізу кезінде аудиторлар әр шаруашылық операцияны тексеріп және дәлелдеп, бухгалтермен қатар өз есебіне алу тізімін құрады. Басқаша айтқанда мұндай аудитті есепті жүргізу немесе есепті қалпына келтіру деп атауға болады.

     Жүйелі  бағытталған аудит шаруашылық операцияларды  бақылайтын тұтынушы жүйесін бақылауды  көздейді. Бұл кезде аудитор ішкі бақылауға негіз ұстайды. Ол оған жан-жақты тексеру санын қысқартуға және осы жүйеге сенуге мүмкіндік береді. Себебі ол есептегі қате мен дұрыссыздықты уақытында анықтап, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

     Тәуекелге негізделген аудит бұл кәсіпорын жұмысы жағдайынан шығады, негізінен оның жұмысындағы осы тұстарды (қауіпті нүктелерді) таңдай отырып тексеру жүргізетін аудит.

     Аудиттің  бұл түрі жұмысты тәуекелі жоғары шаруашылық операцияларда шоғырландыруға және тәуекелітөмен салалардағы тексеруді қарапайымдандыруға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ІІ  ТАРАУ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ  ТҮРЛЕРІ 

     2.1. Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары 

     Аудиторлық  қызметтің жалпы қабылданған  стандарттары өзара байланысты 4 тізбекті бөлімнен тұрады:

  • негізгі постулаттар;
  • жалпы постулаттар;
  • жұмыс стандарттары;
  • есеп беру стандарттары.

     Негізгі постулаттар – бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының қызметтің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.

     Олар  ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін мынадай  негізгі постулаттар ұсынылады:

  1. тексеруші орган өз қызметінде барлық мәселелер бойынша аудиторлық қызметтің стандарттарына сәйкес әрекет етуі керек.
  2. аудиторлық (тексеру) органның еш қоспасыз өз пікірі болуы және тексеру барысында пайда болатын әр түрлі жағдайларды дербес бағалауы керек.
  3. Қоғамдық сана өскенде қоғамдық  қаражат сеніп тапсырылған жеке тұлғаны

     немесе  ұйымды бақылауға талап күшейеді; олардың елдің көзінше, яғни көпшілік алдында есеп беруіне және қаржылық-шаруашылық операцияларын дұрыс жүргізуіне қолдау көрсету.

  1. Есеп берушілерді дамыту ақпаратты алу, бақылау жүйксінің дұрыс жүргізілуі мен жетілуіне ықпалын тигізуі керек. Қаржылық есеп берулер және басқа мәліметтер мазмұнының толық болуы мен формасының дұрыс болуына кәсіпорын басшысы жауап береді. Тексерілген (немесе тексерілетін) бірліктер қаржылық жағдайдың сипаты мен өз қызметінің нәтижелеріне, содай-ақ жинау жүйесін әзірлеуге және ақпаратты әзірлеуге жауапты болып табылады.
  2. Басшылық пен үкіметтің тиісті органдары қаржылық есеп берулердің стандарттарын таратуға кепілдеме беруі керек.
  3. Есеп берулердің стандарттарын дәйекті түрде, яғни тізбектілікпен қолдану қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері туралы дәл қорытынды жасауға өз септігін тигізуі керек. Адайда аудитор есеп берулердің стандарттарын дәйекті түрде қолдануды әр түрлі қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен шынайлылығына күмән келтіруге болмайтын дәлел ретінде қарастыра алмайды. Есеп берулердің анықтығы туралы қорытындыны аудитор тек өзінің зерттеулерінің негізінде ғана шығаруы тиіс.
  4. Ішкі бақылаудың барабарлық (адекватной) жүйесі болғанда ықтимал қателіктер мен бұрмаланушылық ең төменгі деңгейде азаяды. Осыған байланысты аудитор ішкі бақылау құралы қабылданған нормаларға сәйкес келмесе немесе ол мүлдем жоқ болған жағдайда тексерілген бірлікке өз ұсынысын енгізеді.
  5. Заң актілері бақылаудағы қызметтерді жан-жақты бағалауда қажет болатын қолда бар ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін тексеруші органдарымен ревизия бірліктерінің ықтымақтастықта болуын мақсат етеді.
  6. Барлық аудиторлық қызмет заң актілерімен, келісімшартпен және басқа да нормативті құжаттармен беогіленетін өкілеттіліктің шегінен шықпауы тиіс.
  7. Тексеруші органдар аудит технологиясын жетілдіруге және шаруашылық операцияларының заңды болуына ықпал етуі керек. Аудиторлар кәсіпорында жүзеге асырылатын шаруашылық шараларын тексеру мен бағалау технологиясын, әдістерін жақсарту үшін ұдайы жұмыс істеуге міндетті.
  8. Тексеру органдар аудитор мен тексерілетін бірлік мүдделерінің қарама-қайшы келуінен сақтануы, яғни олардың арасында жанжалға жол бермеуі керек. Ал бұл үшін аудитор мен аудиторлық стандарттар Әдебі (этика) кодексіндегі тәртіптерді ұсынып, объективті тәуелсіз болуы қажет.
  9. Аудиторлық органдар зерттеу, бағалау және қаржылық есеп берудің жағдайы туралы қорытынды шығару жолымен тексерілетін ұйымның қаржылық қызметін аттестациядан өткізеді, шаруашылық қызметті оның қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған межесімен салыстырып, барлық ресурс түрін қалай пайдаланғанын ескеріп, үнемдеу, өнімділік және тиімділік мәселелері бойынша тексеруден өткізеді.
Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары