Кіріспе
1 – Бөлім
Меншік құқығы туралы жалпы ережелер.
- Меншік құқығының
анықтамасы мен мазмұны.
- Азаматтық кодекс
бойынша меншік құқығының нысандары
мен түрлері.
2 – Бөлім
Азаматтардың меншік құқығы.
2.1 Меншік
құқығының субъектілері және
объектілері.
2.2 Мемлекеттік
меншік ұғымы.
2.3 Ортақ
меншік түрлері.
3 – Бөлім Меншік
құқығын қорғау.
- Меншік құқығының
анықтамасы мен мазмұны.
Меншік қай қоғамның да сан
қырлы өзекті мәселесі болып
келді. Сондықтан да меншік
құқығын құқық институты ретінде
қараған кезде оны меншіктен
шығатын экономикалық категория
деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық
игіліктерді – табиғаттың өнімдері
мен еңбекті – меншіктену әрі
иеленуді білдіреді. Ол тарихи
қоғамның ішкі айқындауы арқылы
пайда болады.
Сонымен, меншік затты иелену,
меншіктену екен, оның өзі заттың
пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге
асады, демек, оны меншіктенген
сон өндіріс барысында пайдаланып, оған
билік етіледі. Меншіктің экономикалық
қатынасы құқық нормаларымен реттеліп,
меншік құқығына айналды.
Әлемдік
құқықтану доктринасы мен отандық
заң ғылымы меншік құқығын
объективті жағдайдағы меншік
құқығы және субъективті жағдайдағы
меншік құқығы деп бөледі.
Материалдық
игіліктерді иелену, пайдалану және
билік етуге байланысты қоғамдық
қатнастарды реттейтін азаматтық
құқық нормалары жөнінде ( кодекс,
заңдар мен басқа да заңдық,
нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда
– шын мәнінде объективтік
мағынадағы меншік құқығы, яғни
меншіктің құқық институтын құрайтын
нормалардың жиынтығы екенін
көреміз ( мысалы, АК – тің
188-276 баптары.) меншік құқығының объективті
нормалары негізінде нақтылы
меншік иесі өз қалауы бойынша
өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына
және оған билік етуге құқылы екендігін,
яғни сату – сатып алу , жалға беру
және тағы басқа белгілі зандық фактілерді
жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде
меншік құқығының субъективті жағына
тап боламыз (АК-тің 188 бабы.)
Азаматтық кодекстің 188-бабында
меншік құқығына мынадай анықтама
берілген. “Меншік құқығы дегеніміз
– субъектінің заң құжаттары
арқылы танылатын және қорғалатын
өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша
иелену, пайдалану және оған ету
құқығы”. Бұл анықтама мейлінше
дәл әрі ғылыми жағынан
толық берілген. Өйткені, субъектіге “тиесілі”
деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне
өз қалауынша иелену, пайдалану және билік
ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы
субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік
етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы
деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа
үстемдік етуі заңдастырылған және оған
толық құқылы. Осындай үстемдікке қол
жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат
берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып,
оны өзгертуге, өңдеуге, билік етуге, тіпті
бөтен біреуге беруге,жойып жіберуіне
толық құқы бар. Затқа заң арқылы үстемдік
тану заң құжаттарында көрсетілген шекте
жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті
шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі
бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек,
затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы
мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің
188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай
құқықтың шексіз еместігін көрсетеді,
сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі
затты иелену, пайдалану және билік ету
құқығы заң арқылы айқындалады. Мнешік
иесінің еркіндігін шектеу меншік
иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы
басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға
тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты
немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде
де кездесуі мүмкін, айталық, меншік иесі
өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын
пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа
жол беруі мүмкін (АК 11-бабының 3-тармағы).
Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге
жол бермеу үшін де осындай талап заңға
енгізіледі. Меншік иесі өз құқықтарын
жүзеге асырған кезде азаматтардың деңсаулыгы
мен айналадағы ортаға келтірілуі
мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын
қолдануға міндетті (АК-тің 188-бабының
4-тармағы).
Азаматтық
кодекстің 188-бабында қаралған
меншік құқығының иелену, пайдалану
және билік ету тәрізді құрамдас
бөліктерінен басқа оны заңмен
қорғау да ескерілген. Мұндай
құқық өзгенің құқығына тәуелді
емес, меншік иесі өзінің мүлкін
сақтауға, қорғауға, өзгеде адамдардың
сырттан әрекет етпеуіне тыйым
салуына хақысы бар. Егер осындай
құқықтары бұзылып жатса, онда
ол затты қайтарып алуға, қалпына
келтіруге, келген залалдың орнын
толтыруға құқылы.
Азаматтық
кодекстің 188-бабы 5-тармағына сәйкес
меншік құқығының мерзімі шексіз
болады. Мүлікке меншік құқығы
Азаматтық кодексте көзделген
негіздер бойынша ғана ықтиярсыз
тоқтатылуы мүмкін.
Меншік
құқығының мазмұның меншік иесіне
тиесілі иелену, пайдалану және
билік ету тәрізді өкілеттіктер
құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы
меншік құқығының қажетті элементтері
болып табылады. Меншік иесі аталғандардың
қайқайсысын да үшінші бір тұлғаға бере
алады, тіпті үш өкілеттіліктің бәрін
де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып
қала береді. Мысалы, ол заттарын теміржол,
әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтың
жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты
күзетшінің игілігіне береді.
Кейде заң
талаптарына сәйкес меншік иесінен несие
берушінің талабын қанағаттандыру
үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін,
онда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктен
де айырылады. Бірақ ол мұндай жағдайда
меншік иесі болып қала береді. Қарызын
өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған
қаржы алуға құқылы, сөйтіп, заттардың
кері қайтарғаннан соң оның пайдалану
және билік ету өкілеттілігі қалпына келтіреді.
Иелену
құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін
заң жағаынан толықтай қамтамасыз етуді
жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа
іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп,
затты пайдалану үшін маңызды алғышарт
жасайды.
Заң
иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті
және арам ниетті деп бөледі.
Егер мүлікті иелену заңды
негізде жасалса, онда ол заңды
иелену болып табылады. Яғни құқық
негізінде меншік құқығы жүзеге
асырылуы тиіс. Затты (мүлікті)
заңсыз иелену, егер оны зорлықпен
немесе заңнан жасырын жасалса,
немесе заңсыз иеленуші затты
кездейсоқ иеленіп, оны қайтару
жөніндегі талапты құлағына ілмесе,
бұл да құқық бұзу деп есептеледі.
Сондай-ақ иеленуші иеленген затының
заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті
болса, онда ол арам ниетті иеленуші делінген.
Қарсы жақ өзінің талабын дәлелдемейінше,
зат иеленуші адал алушы қатарына жатады
(АК-тің 261-бабы). Ал, керісінше, егер де
мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған
адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе
және білуге тиіс болмаса (адал алушы),
мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі
мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан
не мұның екеуінен де ұрланған, не олардың
иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс
өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік
иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп
алдыруға құқылы.
Азаматтық
кодекстің 188- бабында иеленудің
әр түрі туралы айтылмаған, тек
аталған баптың 3-тармағында ғана
бөтеннің затына құқық ретінде
иеленудің жасалу жолы мен
тәуелділігі көрсетіледі. Сонымен
бірге заңда ерекше негіз бар
“Иелену мерзіміне” жол беріледі (АК-тің
20-бабы). Иеленудің мұндай құқығы меншік
құқығына тұлғаның затты өз билігінде
нақты түрде ұстауымен ерекшеленеді. Бұл
иеленудің заңдық салдары болады, яғни
иеленуші мүлікке меншік құқығын алғанға
дейін оны басқалардан қорғауға құқылы
(АК-тің 240-бабы 2-тармағы), ал екінші жағынан,
осы баптың нормалары негізңде өзінің
иелігіндегі затты меншіктенуге құқық
алады. Сонымен, иеленудің мерзіміне мынадай
белгілер тән: а) ол иелік ететін мүлікке
нақты үстемдік етеді; ә) осы тұлғаның
затқа адал, ашық және үздіксіз түрде нақты
үстемдік етуі. Демек, иеленудің мерзімі
иелену құқығынан меншік құқығының құрамдас
бір бөлігі ретінде ерекшеленеді. Оған
қоса бұл иелену түрі затты иелену
құқығынан да ерекшеленеді, сонымен бір
мезгілдек затты иелену құқығын өзгеге
бергенімен, меншік иесі болып қала береді
(мысалы, кепілдік шарты бойынша).
Пайдаланудың
өкілеттік құқығы дегеніміз –
мүліктең оның пайдалы табиғи
қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан
пайда табудың заң жүзінде
қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс,
өсім, жеміс, төл алу және өзге
нысандарында болуы мүмкін (АК-тің
188-бабы 2-тармағы).
Пайдаланудың
өкіліттік құқығынан жай пайдалануды
ажырата білу керек. Пайдаланудың
өкіліттік құқығы – затты пайдалануға
құқығы қамтамасыз ететін меншік
құқығы субъектісінің өкілеттілігі.
Пайдалану – осы құқықты жүзеге
асыру болып табылады, яғни затты
нақты пайдаланып немесе оны
қашан кіріс алғанша тұтыну.
Меншік
иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік
құқығын қалай жүзеге асыруды
өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның
6 – бабын бұрмаламауы тиіс, яғни
меншікті пайдалану қоғамдық игілікке
қарсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық маңызы
бар объектіні пайдаланғанда, меншік иесі
тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін
ойлауына тура келеді. Мысалы, қазақ өнерінің
көрнекті шығармаларын, айталық мұрагер
меншік иесі ретінде бүлдірмеуге міндетті.
Меншік иесі басқа тұлғаға өзінің пайдалану
құқығын беруіне хақылы (мысалы, жалға,
арендаға беру т.б.). пайдалануға өкілеттік
алған тұлға оны өзі үшін пайдалана бастайды
(мысалы, затты пайдалану, өнім алу). Мұндай
жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттілігіне
сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді,
айталық, затты пайдаланудан түскен кірісті
иеленеді, немесе белгілі бір пайызды
еншілейді.
Заң
негізіңде немесе басқада құқылық
құжаттарға орай меншік иесі өкілеттігінен
айрылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен,
тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрғын
жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы
заң арқылы жүзеге асады (“Тұрғын үй қатынастары
туралы” Заңның 4-бабы).
Билік
ету құқығы дегеніміз – мүліктің
заң жүзіңдегі тағдырын белгілеудің
заңмен қамтамасыз етілуі (АК-тің
188-бабы 2-тармағы).
Билік
етудің өкілеттігі меншік құқығың
объектілеріне қатысты мәмілелержасауға
өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің
меншік құқығын өзгеге беріп, кепілдік
құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса
, онда ол билік құқығын жүзеге асырғаны
болып табылады. Билік ету құқығы арқылы
мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің
құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде
өтеді (мысалы, арендаторға иелік ету жәнепайдалану
құқықтары беріледі). Билік етудің өкілеттігін
жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің
мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға
беруі болып табылады.
Нарықта
өз орнын табу үшін меншік
иесіне билік ету қажет. Әдетте
тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі.
Ауыстыру кезіңде меншік иесінің
құқығы сатушыдан сатып алушыға
ауысады. Сондықтан да сатушы
тауардың меншік иесі ретінде
меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік
алуы тиіс. Билік ету құқығын
жүзеге асыру мақсаты меншіктің
әр түрлі түрлеріне сәйкес
келеді.
Әдетте
меншік иесі өзінің билік өкілеттігін
қалай да жүзеге асыруға міндетті
деген ереже жоқ. Шешімді қалай
қабылдайды, қалай билік етеді
– оны бір өзі шешеді. Дей
тұрғанмен, ол бұл арада заңды
бұрмлауға жол беруге тиіс емес.
Әрине, кейбір жағдайда меншік иесі өзінің
билік ету құқығын қоғам мүдделі болғанда
жүзеге асыруға міндетті. Заң мен басқа
да құқықтық негіздерге орай меншік
иесінің билік ету құқығы алуына не тоқтатылуы
мүмкін мүмкін. Белгілі бір жағдайларда
билік ету құқығы тек мемлекеттің келісімімен
жүзеге асады. Мысалы, әрекет ету қабілеті
шектеулі адамдармен бтлік ету құқығын
асыру үшін келісім жасаған кезде заңды
өкілінің рұқсаты талап етіледі.
Билік
ету құқығы затқа меншік иесі
болып табылмайтын тұлға арқылы
да жүзеге асады. Бұл заңның
арнайы нұсқауымен болады, немесе
меншік иесімен жасалған келісім-шарт
негізінде (мысалы, теміржол жүкті
иесіне беруге мүмкіндік болмаған
жағдайда басқа тұлғаға тапсырады.)
болады.
Меншік
иесі өз меншігінің игілігін көріп
қана қоймай (мүлкін пайдаланудан пайда
тауып, тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру),
меншігіндегі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы
да жүктеледі. Айталық, күрделі жөндеу
жүргізіп, сақтандыру шараларын жүзеге
асырады және т.б. Егер заңда қаралмаған
болса, өзіне түсетін ауыртпалықты үшінші
біреуге жүктеуіне болмайды. Егер мүлік
заңды түрде үшінші жақтарда болса, олардың
өзгенің мүлкін күтіп ұстауға жұмсалған
шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе,
меншік иесіне өтуге тиіс. Мысалы, оған
қараусыз кеткен малды ұстап, баққанға
кеткен шығынды айтуға болады.
Шартпен
басқа да мәселелер қаралуы
мүмкін. Мүлікті басқа біреуге
уақатша пайдалануға берген кезде
оны күтіпсақтау пайдаланушыға
жүктеледі. Күтімсіз және заңсыз
ұстаған адамға мүлікті күтіп
ұстауға жұмсалған шығындары
өтелмейді (АК-тің 189-бабы).
Ауыртпалық
жағдайы деп заттардың кездесоқ
жойылу немесе кездесоқ бүліну
қаупін айтады. Иеліктен айрылған
заттардың кездесоқ жойылу немесе
кездейсоқ бүліну қаупі, егер
заң құжаттарында немесе шартта
ол өзгеше белгеленбесе, сатып
алушыда меншік құқығы пайда
болуымен бір мезгілде соған
көшеді. Мүліктің бүлінуі не жойылуына
байланысты қауіп басқа мезгілде
заң немесе шарт негізігде
сол мүлікті алушының мойына
жүктеледі. Мысалы, шарт жасаушылар
ондай қауіпті шарт жасау кезінде
алдын – ала ескереді (сатып
алу-сату), яғни зат берілмей тұрып,
сатып алушыға меншік құқығы
ауыспай тұрғанда мәселенің басы
ашылуы тиіс.
Екінші
бір жағдай мерзімінің өтіп
кетуіне байланысты. Мәселен, егер
иеліктен айырушы адам заттарды
беру мерзімінің өткізіліп жіберілуіне
кінәлі болса немесе сатып алушы оларды
қабылдау мерзімінің өткізіліп жіберілуіне
кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе
кездейсоқ бүліну қаупінмерзімін өткізіп
жіберген тарап көтереді (АК-тің 190-бабы
2-тармағы).
- Азаматтық кодекс
бойынша меншік құқығының нысандары
мен
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 6-бабында:
“Қазақстан Республикасында мемлекеттік
меншік пен жеке меншік танылады және
бірдей қорғалады”, - деп жазылған.
Азаматтық
кодекс меншіктің екі нысанды
– жеке (191-бап) және мемлекеттік
(192-бап) екендігін тәртіптейді.
Конституцияда
меншікті екі нысанға бөліп
қарау олардың мемлекетке меншік
құқығының субъектісі ретіндегі
қатынасының белгісіне орайластырылған.
Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес
меншік болып саналады. Егер меншік құқығының
субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе
тиісті мемлекеттік органдар арқылы),
онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде
болады. Ал субъект мемлекеттік емес заңды
тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда
жеке меншік деп есептелінеді.
Сонымен,
меншікке субъектілер: мемлекет,
әкімшілік – аумақтық бөліністер,
заңды тұлғалар мен азаматтар
бола алады.
Заң
меншікті түрлерге де бөледі.
Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік
меншік республикалық және коммуналдық
болып екіге бөлінеді (192-бап).
Конституцияның
87-бабында коммуналдық меншікті
басқару жергілікті атқару органдарының
қарауына жатады делінген.
Мемлекет
өкілеттігін жүзеге асыра отырып
, қарауындағы мүліктерді өзінің
органдары мен мемлекеттік заңды
тұлғаларды арқылы басқарады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен
реттелетін қатнастарға осы қатынастардың
өзге қатысушыларымен тең тең негіздерде
кіреді.
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік өкімет
билігі мен басқа органдары
өздерінің осы органдардың мәртебесін
айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде
және өзге де құжаттарда белгіленетін
құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының
атынан өз әрекеттері арқылы
мүліктік және жеке мүліктік
емес құқықтар мен міндеттерді
алып, оларды жүзеге асырады, сотта
өкілдік ете алады.
Заңдарда
көзделген реттер мен тәртіп
бойынша Қазақстан Республикасының
арнайы тапсырмасымен оның атынан
өзге де мемлекеттік органдар,
заңды тұлғалар мен азаматтар
өкілдік ете алады (АК-тің 111-бабының
1 және 2 тармақтары).
Азаматтық
кодекстің 191-бабына сәйкес жеке
меншік азаматтардың және мемлекеттік
емес заңды тұлғалар мен олардың
бірлестіктерінің меншігі ретінде
көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік
пен азаматтардың меншігі “жеке
меншік” деген терминің аясына бірігеді.
Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау
арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы
ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық
саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік
әкімшілік аппараттың жөнсіз араласуынан
қорғайды.
Мемлекеттік
емес заңды тұлғалар мен азаматтар
өздеріне қарасты барлық мүліктің
меншік иесі болып табылады. Мысалы,
акционерлік қоғамның акциясының
белгілі бір бөлігін мемлекетке
тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік
меншік деп айтуға келмейді, себебі
ол жеке меншік болып қала
береді.
Азаматтардың
жеке меншік категориясы жеке
дара өзіндік меншік ұғымына
май келді. Сонымен бірге, біздің
пікірімізше ол азаматтардың
меншігіне деген жеке дара (өзіндік)
(тұтынушылық ) және жеке меншік
ішкі дифференциациясы болуы
қажет.
Меншік
иесінің құқығын жүзеге асыру,
яғни оның иелік етуі, пайдалану
және билік етуі мүліктің мүддесі
мен мақсатарына орай заңға
сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан
Республикасының “Тұрғын үй қатынастары
туралы” заңының 40-бабында меншік иесінің
үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін
немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен
байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта
жоспарлауына және қайта жабдықтауына
тыйым салынады.
Жеке
меншіктің ерекше түріне кондоминиум
меншігі де жатады. Кондоминиум
ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса
да (“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының
31-бабы 1-тармағы) біздің Азаматтық кодексте
ұжымдық меншік ұгымы жоқ екендігін ескерте
кеткен жөн. Үй – жай меншік иелерінің
әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік
құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы
бойынша иеленуге, пайдалануға және оған
билік етуге құқылы.
Үйдің
бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын
бөліктері (кіре беріс, баспалдақ,
лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар,
пәтерден тыс не үйге ортақ
инженерлік жүйелер мен жабдықтар,
жер учаскесі, оның ішінде көріктендіру
элементтері және ортақтасып
пайдаланатын басқа да мүліктер)
үй – жай меншігі иелеріне
ортақ меншік құқығы бойынша
тиесілі болады.
Үй
–жайдың әрбір меншік иесінің
ортақ мүліктегі (ортақ меншіктегі)
үлесі оған тиесілі үй –
жайға бөлек (өзіндік) меншікке
бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер меншік
иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе,
бөлек (өзіндік) меншіктегі тұрғын үй –
жайлардың немесе тұрғын емес үй – жайлардың
пайдалы алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына
қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті
заттай бөліп беруге болмайды.
Кондоминиумның
әр алуан түрінің құқылық тәртібінің
ерекшеліктері заң құжаттарымен
айқындалады, ал “Тұрғын үй қатынастары
туралы” заңда тұрғын үй кондоминиумы
жайында айтылған.
Азаматтық
кодекстің 209-бабына сәйкес екі
немесе бірнеше адамның меншігіндегі
мүлік оларға ортақ меншік
құқығымен тиесілі болады.
Меншік
құқығының түрлеріне сипаттама
берген кезде мүліктің құқықтық
тәртібінің мазмұны мен ерекшелігі
мүліктің қайсы бір түріне
жататындығына байланысты келеді.
2 – бөлім
2.1 Меншік құқығының субъектілері
және обектілері.
Меншік құқығының
субъектісі жеке тұлға болып табылады.
Бірақ, ол жалданған жұмысшы, жеке кәсіпкер,
заңды тұлғаның кәсіпкер- құрылтайшысы
қатысушы түрінде, яғни әрқилы рөлдерде
көріне береді. Азамат өзінің үлесін қосу
арқылы мемлекеттік емес заңды тұлғаны
қалыптастырады. Азаматтар ғана толық
серіктестіктің қатысушылары және сенім
серіктестігіндегі толық серіктер бола
алады (АК-тің 58-бабы, 3-тармағы). Азамат
меншік иесі ретінде көбіне көп жеке кәсіпкердің
рөлінде болады.
Заң
жеке кәсіпкерлікті жеке және
бірлескен кәсіпкерлікке бөледі.
Жеке кәсіпкерлік бір адамның
меншік иелігіндегі мүлшіктің
дербес базасына енгізіледі, сондай-ақ
ол оған заң бойынша пайдалануға,
билік етуге құқылы.
Бірлескен
кәсіпкерлік бір топ адамның
ортақ меншігіндегі мүліктерден
құралады, демек әрқайсысы өзінің
үлесін ортаға салады, сондай-ақ
олар сол мүлікті бірлесіп
пайдалану, билік ету құқықтарына
ие болады.
Бірлескен
кәсіпкерлік жалпы бірлескен
меншік (жұбайлардың бірлескен жалпы
меншігі), шаруа қожалықтарының ортақ
меншігі, жекешеленген тұрғын үйге деген
немесе оның ортақ меншігіндегі үлесті
меншігі негізінде жүзеге асырылады.
Бірлескен
кәсіпкерліктің нысандары мынадай
болады: 1) ерлі зайыптылардың бірлескен
ортақ меншігін жүзеге асыратын
ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі; 2)
шаруашылық қожалығ немесе бірлесіп
тұрғын үйді жекешелендіру негіздерінде
жүзеге асырылатын отбасылық
кәсіпкерлік; 3) жай серіктестік;бұл
орайда кәсіпкерлік қызмет меншіктің
ортақ үлесін сәйкес жүзеге
асырылады.
“Жеке ккәсіпкерлік
туралы”заңның 9-10 баптарына сәйкес, егер
азамат өз мүлкін айналымға салатын болса,
онда меншік иесі ретінде жеке кәсіпкердің
меншігі екі жағдайда болуы мүмкін: а)
кәсіпті тіркеуді талап етуді; ә)кәсіппен
тіркеусіз шұғылдана беру. Заң азамат-кәсіакердің
тіркеуге байланысты қызметін нақты айқындайды.
Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты
пайдаланатын кәсіпкерлер, кәсіпкерлік
қызметтен түсетін жылдық жиынтық табысы
Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көрсетілген салық салынбайтын жылдық
жиынтық табыс мөлшерінен асатын жеке
кәсіпкерлер міндетті түрде мемлекеттік
тіркеуден өтуге тиіс. Осы аталған жеке
кәсіпкерлер тіркеуден өтпесе, оның қызметіне
тыйым салынады.
Заңды
тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асырушы азаматтар мемлекеттік
тіркеуден өзі барып өтуі тиіс
және жеке кәсіпкер ретінде ол тұрғылықты
жері бойынша аумақтық салық органында
есепке тұруы қажет. Азаматтық кодекстің
19-бабы бойынша оларың мемлекеттік тіркеуді
өз бетіменжасауына рұқсат етілмейді
(“Жеке кәсіпкерлік туралы” заңның 9-бабы).
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру
кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай-ақ
жүзеге асыратын азаматты жекелеу тәсілі
болып табылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға
тиісті қызметті жүзеге асырса, оның осындай
қызметті жүзеге асыруға құқық беретін
лицензиясының болуы міндетті. Лицензия
“Лицензиялау туралы” заңда белгіленген
тәртіппен беріледі.
Жеке
кәсіпкер жалдамалы еңбекті пайдаланып,
кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға құқылы, ол бұл ретте
өзінің жұмысшыларымен еңбек
шартын немесе жалға беру шартын
жасайды. Бұл орайда қолданылып
жүрген заңдарға сәйкес азаматқа
оның еңбегі арқылы түскен
табыстың бір бөлігі тиесілі болады. Азамат
меншік иесінің келісімімен өзі жалданып
істейтін серіктестікке салым сала алады,
сөйтіп, бұл серіктестіктің тапқан табысын
салған салымының көлеміне орай алады.
Еңбек шарты бойынша жалданған жұмыскерге
еңбек заңының нормалары қолданылады.
“Жеке кәсіпкерлік
туралы” заңның 9-бабы 3-тармағына сәйкес
азамат өзінің кәсібін мемлекеттік тіркеусіз
жүзеге асыра алады, яғни кәсіпкерлік
қызметпен айналысуы үшін субъект құқығын
алу талап етілмейді. Заңда көрсетілгеніндей,
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
болмауы кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыру үшін кедергі болып табылмайды.
Сөйтіп, кез келген жеке тұлға заңмен тыйым
салынбайтын жағдайда кәсіпкерлікпен
шұғылдануға құқылы. Өз қызметін мемлекеттік
тіркеусіз жүзеге асырушы жеке кәсіпкердің
өзі мәмілелер жасақан жағдайда өзінің
кәсіпкер еместігіне сілтеме жасауға
құқығы жоқ (“Жеке кәсіпкерлік туралы”
Заңның 9-бабы 4-тармағы).
Заң
жеке кәсіпкердің өз атынан
кәсіпкерлік қызметпен айналысатындығын,
құқықтар мен міндеттерді алып, оларды
жүзеге асыратындығын бекітеді. Сөйтіп,
азамат өзінің кәсіпкерлік қызметіне
байланысты мәмілелер жасаған кезде, егер
мәміле жасау жағдайының өзінен анық туындамаса,
өзінің жеке кәсіпкер ретінде әрекет жасайтындағын
көрсетуі тиіс. Мұндай көрсетудің болмауы
жеке кәсіпкердің тәуекел етуден және
жеке кәсіпкердің өз міндеттемелері бойынша
жауаптылығынан босатпайды (“Жеке кәсіпкерлік
туралы” Заңның 25-бабы).
1.Қазақстан
Республикасының Конституциясында “Қазақстан
Республикасының азаматтары заңды түрде
алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде
ұстай алады”, - деп көрсетілген (26-баптың
1-тармағы).
Азаматтық
кодекстің 191-бабы 2-тармағына сәйкес азаматарға
немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола
алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен
басқа кез келген мүлік жеке меншікте
болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің
маны мен құны шектелмейді.
Азаматтық
құқықтардың объектілері Азаматтық
кодекстің 3-тарауында реттелген,
Азаматтардың меншік құқығын
шектеу тек заңмен жүзеге асырылады,
оған мыналар қатысты: а) азаматтардың
меншік құқығына алуға немесе пайдалануға
жарайтын мүліктердің аясын шектеу; ә)
осы мүліктің саны мен құнының белгілері
бойынша шектеу; б) мұндай шектеу әдетте
жер учаскесінің аумағын белгілегенде
қолданылады; в) арнайы заң құжаттарында
көрсетілген шектеулер. Мәселен, берілуге
рұқсат етілмейтін теңіз порттары мен
айлақтар және т.б айтуға болады. Бір ескеретін
жағдай, кез келген мүлік азаматтардың
меншік құқығының объектісі бола алады,
біз олардың мейлінше манызды деп аталатындарына
ғана тоқталмақшымыз.
2. “Жер туралы”
заңның 2-бабына сәйкес жер құқық объектісі
болып табылады, яғни жерге жеке меншік
азаматтардың меншігі түрінде болады
( “Жер туралы” заңның 15-бабы 2-тармағы).
Сонымен, жер азаматтық айналымға енеді
екен, сондықтан да жер қатынасы мүліктік
қатынасқа жатады. Мысалы, Заңның 33-бабына
сәйкес жер учаскесінің меншік иелері
жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар
жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын
алуға, пайдалануға және сақтауға бағытталған
шаралар жүргізуге міндетті. Демек, топырақтың
құнарлы қабаты бөлек алынған кезде дербес
құндылыққа ие болады екен. Бұл арада топырақтың
мұндай құнарлы бөлігі өз мағынасынан
нөрі материалдық ерекшеліктерге ие болады,
өйткені, ол пайдалану кезінде минералдық
тыңайтқыштармен тыңайтылып, өнімділігін
арттырады, яғни ол меншік құқығының дербес
объектісі ретінде көрінеді.

