Азаматтық іс жүргізу нысанының теориялық негізі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік.......................
.............................. ....5
1.2 Азаматтық іс жүргізу
нысанының құқығы мен
1.3 Азаматтық іс жүргізудің
қайнар көздері................
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.1 Азаматтық процестің
негізгі қатысушылары..................
2.2 Азаматтық істердің
ведомстволық бағыныштылығы....
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі
соттық дәлелдеу мен дәлелдемел
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 18 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамуның барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған мәрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.
Қазақстан Республикасы
өзiн демократиялық зайырлы
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.
Қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік. Нарықтық экономика мен демократиялық тұрғыда таңдап алынған мемлекет Қазақстанға қандай шамада өркендеу мен бостандық әкелерін уақыт өте келе біздің өз тәжірибеміз көрсетуге тиіс.
Қазіргі уақытта жан-жақты заң шығару және нормативтік-әдістемелік құжаттарды қамтитын көптеген заң және құқықтық деректер банктерінің бар болуы құжаттардың әзірлену сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады.
Курстық жұмыс барысында азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері мәселесін қарастырған отандық және шетелдік авторлардың нормативтік-құқықтық еңбектері, мерзімді басылымдар қолданылған. Отандық авторлар ішінде Егембердиев Е.О., Габдулхакова Г.Г., Абдуллина З.К., Байсалов А.Д. редакциясы бойынша жазылған оқулықтар қолданылған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Азаматтық іс жүргізу нысанын зерттеу үшін, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік беру;
- азаматтық іс жүргізу нысанының құқығы мен бастауларын қарастыру;
- азаматтық іс жүргізудің қайнар көздерін қарастыру;
- азаматтық процестің негізгі қатысушыларын анықтау;
- азаматтық істердің ведомстволық бағыныштылығын анықтау;
- азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдеу мен дәлелдемелерді қарастыру.
Зерттеу нысаны. Азаматтық іс жүргізу нысаны.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
І. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік
Азаматтық іс жүргізу нысаны бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтың іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар жөне процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтың іс жүргізу нысаны соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер:
а) сот істерін қарау жөне шешу тәртібі алдын ала азаматтың іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі:
1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;
2) талап қоюмен іс жүргізу істері;
3) ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;
4) ерекше іс жүргізу істері.
Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсат-арга жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды:
1) өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы бойынша;
2) заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.
Азаматтың іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол бойынша тиісті ұйғарым шығарады.
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы.
Азаматтың істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты - істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды:
1) талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселені шешеді;
4) іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын күшін, сондай-ақ балаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді.
Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т.б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
3. Сотта іс қарау сатысы.
Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.
4. Заң күшіне
енбеген сот шешімдері мен
ұйғарымдарына апелляциялық
Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады.
5. Сот актілерін орындау сатысы.
Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай).
6. Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау сатысы (қадағалау өндірісі).
Сот шешімінің дөлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;
2) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, алелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;
3) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;
4) Іс бойынша шығарылған
шешімдердің біреуін күшінде қа
5) Бірінші, апелляциялық қадағалау сатысындары соттың шешімін өзгертеді немесе оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.
Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы үш судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады.
7. Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысы.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады.
Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойыншша қайта қарауға мыналар негіз болады:
1) іс үшін елеулі
маңызы бар, арыз берушіге
2) заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле түра жасаған жалған қорытындысы, аудар-машының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;
3) заңды күшіне
енген сот үкімі бойынша
4) сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы.
Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.
1.2 Азаматтық іс жүргізу нысанының құқығы мен бастаулары
Азаматтық іс жүргізу нысанының құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтык, істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т.б.) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтың іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.
Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқык, жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады.
Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу нысаны құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтың сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жаллы ережелерді, іс жүргізу мерзім-дерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүр-гізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т.б. жатқызуға болады.
Азаматтың сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Процессуалдиқ құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтың іс жүргізу құқықтық нормалардың құрылымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың түрлері.
Кейбір құқық салалары кезінде іс жүргізуді бөлек қарастырып, өзінен бөліп шығарады. Жалпы іс жүргізу құқығы адам мен азаматтың құқықтарын қорғауға бағытталған нормаларды бекітіп, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін реттейді. Азаматтық құқықтарды қорғау әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүргізіледі. АІЖК 9-бабында келесі түрлері бекітілген: құқықтарын мойындау, жағдайларды орнына келтіру, іс-әрекетті тоқтату, шығындарды өтеу, айып пұлды талап ету.
Заңнамада қорғау нысандарының әр түрлі болуына құқықтардың қорғалу ерекшелігі, күрделілігі, құқықтық дәстүр себеп болады. Осы формалар ішінде ең жоғарғы деңгейдегісі - сот арқылы қорғалуы. Өйткені сот билігі - тәуелсіз, ең жоғарғы деңгейде. Негізгі әрекеті - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Конституцияның нормаларын іске асыру. Сондай-ақ ҚР Конституциясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде сот арқылы қорғау құқығы бекітілген.
Азаматтық іс жүргізу нысанының бастаулары дегеніміз – азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары - азаматтық, отбасылық, еңбектік-к,ұқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құра-мына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конс-гитуциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең". Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т.б.) оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызамыз.
Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы -ҚР АІЖК-сі болып танылады.
Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-сі 1999 жылгы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңнын, кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.
Азаматтық іс жүргізу
құқығының өзге құқық салаларым
Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданатын ұғымдар мен категория-ларын еске алу керек. Азаматтық іс жүргізу құқық өзге салалык, құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықдык, институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар.
Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымы іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні:
-тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;
-азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;
-азаматтың іс жүргізу құқығының тарихы;
-шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы мәселелерді қарастырады: құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқықтың қатынастары мен оның субъектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т.б. - жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру - ерекше бөлім. Ғылым азаматтың іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.
1.3 Азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері
Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері:
- ҚР Конституциясы;
- ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы (24.12.2000 ж.);
- ҚР Президентінің
«ҚР Конституциялық Кеңес
- Азаматтық іс жүргізу кодексі 5-бөлім, 45-тарау, 426-баптан тұрады;
- Мемлекеттік (пошлина) баж туралы заң. Сот бажы;
- Прокуратура туралы ҚР Жарлығы;
- Адвокаттардың іс-әрекеттері туралы ҚР заңы. 5.12.1997 ж.;
- «Сот приставтары туралы» ҚР құқықтық актілері;
- Президенттің, Үкіметтің, әділет министрлігінің, салық комитеттерінің актілері;
- халықаралық актілер: келісімдер, мемлекет араларында көмек көрсету;
- шет мемлекеттерінен алимент іздестіру Конвенциясы
(30.12.1999 ж.).
Негізгі қағидалары: - заңдылық; - сот әділеттігі тек сот арқылы орнатылуы; - соттар тәуелсіздігі, заң алдындағы тендік, сот өндірісінің тілі. Осы іс жүргізу заңының әрекеті - мерзім бойынша жүргізіледі (АІЖК4-бабы).
- кеңістіктегі әрекеті барлық ҚР территориясында;
-дипломаттар мен елшілерге қатысты бекітілген заңдарға, мемлекет-аралық келісімдерге сүйенеді;
- барлық ҚР азаматтарына, шет мемлекеттерге аз тарайды. Азаматтық сот өндірісі дегеніміз - соттардың іс-әрекеттері, іске қатысушылардың мәжбүрлеп орындату органдарының әрекеттері.
Іс әрекеттердің сатылар жиынтығын өндіріс дейді. Сот өндірісінде нақты азаматтық істер қаралады.
Сот өндірісінің түрлері:
- талап өндірісі - құқық туралы даудың болуы;
- ерекше талап өндірісі - бір жағы міндетті түрде мемлекеттік орган;
- ерекше өндіріс - азаматтарды белгісіз жоғалды, өлді деп тану.
ҚР Конституциясы мен Азаматтық кодексте белгіленген осы құқықтар азаматтық сот өндірісімен қорғалады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы дегеніміз - азаматтық істер Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша сот төрелігін жүргізу тәртібін реттейтін нормалар жиынтығы, сондай-ақ сот шешімдерін мәжбүрлеп орындау тәртібі.
Азаматтық іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың іс-әрекеттерін, мерзімдерін белгілейтін - құқық саласы. Қарастыратын пәні: сот пен іс жүргізуге қатысушылардың арасындағы қатынастар.
Осы қоғамдық қатынастарды реттеу үшін мәжбүрлеу әдісі (ережелер, шарттар арқылы бостандықтар мен құқықтарды шектеу) қолданылады.
Құқықтық жүйесі: жалпы және ерекше бөлім.
Жалпы бөлім (азаматтық іс жүргізу заңнамасы туралы):
- азаматтық істердің сот қарауына жатуы;
- сот құрамы;
- қатысушылар, өкілдік дәлелдемелер мен дәлелдер;
- сот шығындары, мәжбүрлеу шаралары. Процессуалдық мерзім осы нормаларды ашып береді.
Ерекше бөлім ерекше жеке іс жүргізудің сатылары туралы мәлімет береді. Мысалы, талап өндірісі, ерекше өндіріс, Істі қайта қарау.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі 5 бөлімнен тұрады, атап айтқанда: 1-бөлім Жалпы ережелер; 2-бөлім бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу,осы екінші бөлімнің өзі 4 бөлімшеден тұрады, олар бұйрық арқылы іс жүргізу, талап қою бойынша іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізу, ерекше іс жүргізу; 3-бөлім сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу; 4-бөлім жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру және соңғы 5-бөлім халықаралық процесс.
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.1 Азаматтық процестің негізгі қатысушылары
Құқықтық қатынастар әрекет пен оқиғалардан туындайтын қоғамдық қатынастарда тараптар өзара құқықтарға және міндеттерге ие болып келеді.
Азаматтық (өндіріске) іс жүргізуде екі заңды қатынастар пайда болады:
- талап етуші мен сот арасында;
- жауапкер мен сот арасында.
- хот
- талапкер
- жауапкер
Азаматтық іс жүргізу қатынастары - сот өндірісінде сот пен басқа да сотқа қатысушылар арасында пайда болатын, азаматтық іс жүргізу нормалары мен реттелетін қоғамдық қатынастар.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері - жеке және заңды тұлғалар және заңмен процессуалдық құқықтар мен заңды міндеттерге ие деп белгіленген мемлекет және ұйымдар.
Процесс субъектісі деген нақты іс бойынша қатысушылар құрамына кіретін және осы іске қатысып, белгілі бір орынға ие болған тұлға. Қатысушылар құрамы өте кең, ол істің ерекшелігіне тәуелді. Олардың атқаратын ролі, мақсаттары мен мәселелері де әр түрлі.
Қатысушылар келесі түрлерге бөлінеді:
- сот әділеттігін іске асыратын тұлғалар (соттар, сот, лауазымды тұлға - сот төрағасы)
- сотта іске қатысатын тұлғалар (прокурор, мемлекеттік орган);
- сот өкілдері;
- сотта іс жүргізуге үлес қосушылар (куәгер, эксперт, аудармашы, мамандар, затты сақтаушы).
Азаматтық процестің негізгі қатысушылары.
Азаматтық процестің негізгі қатысушылары - тараптар, АІЖК 44-бабында белгіленген. Тараптардың сипаттары:
- істің нәтижесінде заңды мүдделері бар;
- процесте өз аттарынан сөз алып, өз мүдделерін қорғайды;
- сот шешімінің заңды күшінің әрекетіне түседі;
- заңмен белгіленген процестік құқықтарға ие.
Процесс тараптарының негізгі
ерекшеліктері істің
Тараптардың түрлері АІЖК 48-бабында талапкер мен жауапкер деп белгіленген.
Талапкер - азамат немесе заңды тұлға, өз мүдделері бойынша талап-арыз беруші.
Жауапкер - талап-арыз берілген адам, тұлға. Сондай-ақ процесте тарап ретінде мемлекет те шығуы мүмкін.
Тараптар барлық берілген процессуалдық қүқықтарға ие (АІЖК 47-бап).
Процесте процессуалдық мәртебе (статус) қоса атқарылуы рұқсат етілмейді (тек қана жауапкер немесе талапкер), кейбір жағдайларда 2 процессуалдық статус болуы мүмкін:
- жауапкер талап етушіге қарсы талап берсе;
- егер де қатысушылар өз араларында бір адамға істі жүргізуін рүқсат етіп берсе.
Іске процессуалдық қатысушылық. Бұл бір істе бірнеше талап қоюшылар мен жауапкерлердің болуы, олардың істің нәтижесіне жалпыға бірдей мүдделері болу.
Негізгі мақсат:
- процесте уақытты үнемдеу;
- сот шығынын азайту,
Процессуалдық қатысушылық келесі жағдайларда пайда болады:
- даудың объектісі - бір құқық (мүлік, мұра, авторлық құқық);
- бір әрекет бірнеше қатысушыға бөлінсе.
Тиісті емес жауапкерді ауыстыру. Тиісті және тиісті емес жауапкерлер ұғымы белгіленген. Тиісті жауапкер - даулы материалдық қатынастардың тікелей субъектісі деп танылған тұлға, талап-арызға жауап беруге міндетті тұлға. Тиісті емес жауапкер - істің материалдары бойынша даулы материалдық қатынастардың субъектісі деген болжамға жатпайтын тұлға, іс бойынша жауап беруге міндетті емес. Тиісті емес жауапкер АІЖК 51-бабына сай ауыстырылады. Ол тек талап қоюшының келісі бойынша жүргізіледі, сот шешімімен рәсімделіп, тиісті жауапкер тартылады. Тек осындай ауыстыру жүргізілгеннен кейін жауапкер тиісті емес деп танылады. Сот қайта басынан бастап жүргізіледі.
Процессуалдық мирасқорлық - талаптың бір тұлғаның басқа тұлғаға өтуі (берілуі). Бұл процестің кез келген сатыларында болуы мүмкін.
Азаматтық процестегі үшінші тұлғалар. Үшінші тұлға деп азаматтық процесте қаралған іске өз мүдделерін қорғау үшін қатысатын тұлғалар танылады. Олардың негізгі сипаттары:

- Азаматтық іс жүргізу принциптері
- Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман
- Азаматтық істер бойынша өкілдік
- Азаматтық істер бойынша өкілдік
- Азаматтық істі сот мәжілісінде талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде
- Азаматтық қоғам
- Азаматтық қоғам және капитал
- Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар
- Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер
- Азаматтық іс жүргізу қатынастарының құқықтық объетісі
- Азаматтық іс жүргізу құқығы
- Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды
- Азаматтық іс жүргізу құқығы: пәні, әдісі, жүйесі
- Азаматтық іс жүргізу нысаны