Азаматтық іс жүргізу принциптері
Жоспар
Кіріспе.......................
1.Тарау Азаматтық іс жүргізу
принциптері:тарих пен біздің
заман.........................
1.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің
Рим құқығында орнығуы және дамуы.........................
1.2 Азаматтық іс жүргізу
2.Тарау Азаматтық іс жүргізу
құқығының принциптер жүйесі...
2.1 Ұйымдастырушы принциптер......
2.2 Функционалды принциптер.......
3.Тарау Азаматтық іс жүргізу
принциптері:мәселелері мен
3.1 Азаматтық іс жүргізу
3.1 Азаматтық іс жургізу принциптерінің
мәселелері мен болашағы.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Жұмыстың актуалдылығы, азаматтық іс жүргізу принциптерін және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің маңыздылығы - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Принциптер, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Принциптердің мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да, азаматтық іс жүргізудің принциптері түсінігін дұрыс талқылау қажет.
Зерттеу объекті – азаматтық іс жүргізудің принциптері және олардың конституциялық негіздері.
Зерттеу пәні – азаматтық іс жүргізудің заң нормалары, Конституция.
Зерттеу мақсаты – азаматтық іс жүргізу принциптерін талқылау.
Зерттеу гипотезасы: АІЖК-де азаматтық құқық принциптерінің толық зерттелмегендігі, оларға анализ жасау және түзеті енгізу қажеттілігінде.
Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу
- азаматтық іс жүргізу
- толық анализ жасап,
Жаңалық элементі ретінде: диспозитивтік принциптің соңғы дұрыс талқылауы - сот және өзге істерді жүргізудің бастапқы локомотив екендігі анықталғанын айта кеткен жөн.
1 Тарау. Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман
- Азаматтық іс жүргізу принциптерінің рим құқығында орнығуы және дамуы
Өзін жасаған халықтан көп өмір
сүрген және екі рет әлемді жаулаған
рим құқығының адамзат
Бірақ тағдыр Римге өзге болашақ таңдады. Тірлік үшін күресте кішкене civitas Roma өсу жолында көрші civitates-терді басып, өзінің ішкі ұйымдылығын күшейтті. Кейін терреториясы кеңейіп, бүкіл Италия, жақында орналасқан аралдар, Жерорта теңізінің жағалауын қамтыған, сол дәуірдің мәдени орталығы болатын алып мемлекет құрылды; Рим әлем сөзінің синонимына айналды.
Сонымен бірге Римнің ішкі құрылымы да өзгереді: бұрыннан қалған әлеуметтік шектеулер жойылады, натуралдық шаруашылық күрделі экономикалық қатынастармен алмасады, патриархалдық басқару нысаны құлайды. Жаңа өмір әрбір индивидтан барлық күшін, жоғары кәсіби біліктілікті қолдануды мәжбур етеді. Осыған сәйкес рим құқығы индивидуалдылық жағына қарай өзгереді, енді оның негізгі жақтары адам бостандығы, мұрагерлік шарт, келісім шарт жасасу бостандығы болады.
Римнің әскери
және саяси қатынастары оны
Бүлік антикалық әлемнің жалпы құқығы болған рим құқығы осылай пайда болды. Дәлірек айтқанда бұл құқықты бүкіл әлем жасады, ал Рим негізгі халықаралық әдет-ғұрыптады жинап, қорытып шығарды. Индивидуалдық пен әмбебаптық – рим құқығының негізгі бастаулары.
Классикалык период заңгерлерімен жасалған, әлемге мұрагерлікке қалған рим құқығының соңғы танымал жинағы – император Юстинианның Corpus Juris Civilis заңдар тізімі.
Әлемнің тагдырын қолында ұстаған темір колосс құлай бастады: рим мемлекетінде тұратын халықтар әрқайсысы әр жаққа ұмтылды; шекарадан варварлар шабуыл жасап жатты. Бір мезгілде олар бүкіл антикалық әлемді басты. Ұлы халықтар көшу уақыты басталды. Ескі мен жаңаның арасындағы байланыс үзіліп, ежелдің бай мәдениеті құрып, тарих бүрынғыны өшіріп жаңадан жазғандай болды [1, 52].
Бірақ бұндай ой жалған. Ежелгі әлемге құйылған зор адамдар ресурстары тұрақтылықты қажет етеді, сол себепті, адамзат мәдениетінің дамуы сәл бәсеңдейді. Жаңа келген халықтардың орналасуы мен көшуімен, өзара қақтығыстарымен бірнеше ғасырлар өтеді. Әрине бұның бәрінің кесірінен көптеген құндылықтар жоғалады, бірақ барлығы емес.
Рим құқығы тек практиканы емес, сонымен бірге теорияны да анықтады. Рим құқығын бірнеше ғасырлар бойы зерттеу, әсіресе римдік заңи әдебиеттерді талқылау, бүкіл Батыс Еурапоның заң шығармашылық жұмысына қатысатын жоғары сапалы заңгерлердің, басшылар мен қоғамдық қайраткерлердің заңға деген көзқарастарын қалыптастырды. Рим құқығы Еуропаны практикада ғана емес, теориялық іздеулерде де біріктірді: бірдей мәселелердің шешімін іздеп, бір тілде сөйлеп, франциялық құқық неміс және италиялық құқықтарымен бірге жұмыс істеді. Осылай рим құқығының негізінде, антикалық әлем ойшыларының ісін жалғастырып, бүкіл еуропа заңгерлері жалпы іске бел буды: шексіз қолдан өтіп, белгісіз Юлиан, әлде Папиньянмен жағылған от жалауы қазіргі заманғы барлық ұлттың оқымыстыларына көшті.
Рим құқығының тарихи тағдыры осы. Бүкіл антика әлемінің заңи шығармашылығының синтезі болып, кейін жаңа халықтардың құқықтық дамуының түп негізіне айналған, және Батыс Еуропа халықтарында осы негіз ретінде – Францияда, Германияда, Италияда; Англияда және т.б. елдерде зерттеледі. Заңи ойдың өсіп-дамыған базисі бола тұра, кездейсоқ және ұлттық жақтарынан арылған, негізгі заң институттары мен түсініктері ең таза анықтауды тапқан азаматтық құқық теориясы, құқық жүйесі ретінде қазір де зерттеліп келеді. Бұрынғы заманда рим құқығын ratio scripra – жазылған ой деп жай айтпаған [2, 45-46].
Тағдырдың тілеуімен
біз Батыс Еуропамен
«Рим құқығы»
деп антикалық Римнің құқығын,
құлиеленушілік Рим
«Рим азаматтық құқығының негіздері» пәні меншік құқығының(сонымен бірге неке құқығының) маңызды институттарын зерттейді.
Қазіргі құқық жүйелерінде «азаматтық құқық» термині, сол қоғамдағы меншік қатынастарын реттейтін құқық саласын білдіреді [3, 123].
1.2. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің түсінігі мен мәні
Азаматтық іс жүргізу құқығының, өзге
де құқық салаларының
Кейбір авторлар, азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін, азаматтық іс жүргізуге негізделген, жалпы басқарушылық нормалары деп түсінеді. Бұнда, принциптер жалпы мазмұны бар, құқық нормалары секілді қаралады.
Өзгелердің пікірінше азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері – ол оның түп тамыры. Кейбір ғалымдар, құқық принциптерін, іс жүргізуді реттеу құралдарын және нысандарын анықтайтын, теориялық ережелер деп санайды. Енді біреулер, азаматтық іс жүргізу принциптерін, азаматтық істерде заңдылықты қамтамасыз ететін, осы саланың нормаларымен бекітілген, идеялар, ережелер жиынтығы деп түсінеді.
Латын тілінен аударылғанда «принцип» сөзі «негіз», «бастау» дегенді білдіреді. Бұл терминнің анықтауында(түрлі авторлар пікірінше) рационалдылық бар. Бірақ, бұлардың әрқайсысы осы уникалды құқықтық құбылыстың мәнін дәл ашпайды. Құқықтық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып айтсақ, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәні келесіде.
Сот пен заңдылық туралы идеялар бола тұра, принциптер құқық саласына дейін пайда болған. Кейін, құқықтық реттуді жүйелендіру мақсатымен құқық нормалары біріктірілген соң, өмірдің концентрацияланған айна көрінісі болады; қоғамның құқықтық түсінігінде орын алады, жалпы құқықтай өзгеріске ұшырамайтындықтан, азаматтық іс жүргізудің даму болашағын анықтайды.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу принциптері деп, азаматтық іс жүргіудің сипаттамасын, қолдану тәртібі мен даму перспективаларын анықтайтын, азаматтық іс жүргізу құқығында бекітіліп, осыған байланысты оның сапалық ерекшеліктері мен негізгі ережелері болатын, сот және заңдылық жайлы идеялар мен ойларды айтамыз.
Принциптердің мәні ең алдымен, олардың нормативтік шығармашылыққа әсер етуі. Заң шығарушылық органдары заң нормаларына қандай да болсын өзгеріс енгізгенде, сол жаңа өзгерістер осы заманның құқық принциптеріне қайшы болмауы тиіс. Құқық қолдану сферасында принциптердің маңызы зор: олар азаматтық сот ісін жүргізу негізін, азаматтық істер бойынша заңдылықты қамтамасыз етуде, сот пен іске қатысушы тұлғалардың әрекет нысандары мен әдістерін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу принциптерін бұзу, бірінші сатыдағы соттың шешімін жоюға әкеп соғады [4, 93-94].
Н.Б. Зейдердің 1962 жылы ұсынған «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы» туралы идеясы, азаматтық іс жүргізу құқығында осы кезге дейін даулы [5, 86]. Осы идея оппоненттерінің ойларының жалпы мәні келесіде:
1) құқықтық реттеудін жалпы пәні мен әдісін белгілеу мүмкін емес;
2) принциптер құқықтық реттеудін
жалпы пәні мен әдісіне
3) іс жүргізу нысаны, тек заңдылықты жүзеге асыру әрекетіне ғана тән; өзге қорғану нысандары заңшығарулық іс жүргізу негізінде жүзеге асырылады;
4) субъективті азаматтық
Н.Б. Зейдердің идясын қолдамаушылық қазір де бар, өйткені «азаматтық іс жүргізу құқығында барлық құқық қорғау нысандарын «бір шатыр» астына біріктіру теориялық жағынан қате және практикалық жағынын перспективсіз болады».
Азаматтық іс жүргузі құқығы өзінің ерекше болуына қарамастан, «функцияларының дұрыс атқарылуы мен күштеп жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін» мүліктік(жалпы алғанда азаматтық) құқықпен тығыз байланысты.
Азаматтық іс жүргізу құқығын жалпы
құзыретті соттармен
Сондықтан, азаматтық іс жүргізу пәніне тек жалпы құзыретті соттардың, заңдылықты қамтамасыз ету нәтижесінде пайда болатын қатынастар ғана емес, субъективті құқықтар мен мүдделер бұзылған жағдайда, пайда болатын құқық қорғау қатынастары жатады [6, 76-77].
Құқық қорғау нысанына тәуелсіз, азаматтық іс жүргізу нормаларының басым бөлігі «жол беру әдісі» бойынша құрылған. Бұл субъективті құқық немесе заңды мүдде бұзылуына байланысты, қорғанысқа жүгінуді реттейтін нормаларына да, осы құқық пен мүддені қорғау кезінде іс жүргізу құқықтары мен міндеттерді анықтайтын және шыққан актілерді қайта қарау тәртібін белгілейтін нормаларына да, және қабылданған қаулылардың атқарылуына байланысты нормаларына да қатысты. Бірақ қорғанудың қандай да болсын нысанында, азаматтық-құқықтық дауды шешетін құзыретті орган әрекет ететіндіктен, және осы органның әрекеті іс жүргізу қызметі кезінде іске қатысушыларға қатысты императивтік сипатта болғандықтан, азаматтық іс жүргізу нормаларың басым бөлігі «шектеу әдісі» бойынша болмаса да, «тәртібін белгілеу әдісі» бойынша императивтік болып табылады. Бұл жайт, бүкіл азаматтық іс жүргізу нормалары «диспозитивтің-императивтік әдіс» бойынша құрылғандарын білдіреді [7, 25-33].
Мемлекет өз алдына қоятын саяси, әлеуметтік, рухани немесе өзге мақсаттарына байланысты, заң шығарушы қолданатын төрт қорғану әдісі бар: «заңдылық әдісі», «арбитраж әдісі», «әкімшілік әдіс» және «қоғамдық әсер әдісі». Бұзылған азаматтық құқықты қорғау мемлекет атынан(сот жүйесі барлық құқықтық мемлекеттерде биліктің үшінші тармағын құрайды), азаматтық іс жүргізу қатал регламентациаланған заңға сәйкес азаматтық-құқықтық дауды қарастыру мен шешу тәртібі бойынша, тәуелсіз құзыретті органмен жүзеге асырылатын, субъективті құқық пен мүдделердің қорғалуының жоғарғы кепілін беретін, ең әмбебап әдіс - «заңдылық әдісі».
«Арбитраж әдісі» бойынша, бұзылған құқық, құзыретті органның бақылауымен, даулы жақтардың заңға негізделген келісімге жету әдісімен іске асырылады. Бұл әдіс үштілік соттар негізінде қолданады.
«Әкімшілік әдіс» бойынша, заңнамалық қызмет, олардың жалпы өкіліттілігінің бөлігін құрайтын, атқарушы органдардың билік уәкілетін қолданумен жүзеге асырылады. Бұл әдіс, қабылданған өтініштер даусыз болған жағдайында, немесе мемлекетпен азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын саналы түрде шектеу жағдайында қолданады.
Соңғы әдіс, «қоғамдық әсер әдісі» мемлекетпен берілген, заң шеңберінде әрекет ететін, қоғамдық белдеуге негізделеді.
Әрбір қорғану нысанының пәні мен
қорғану әдісі әртүрлі
Заң ғылымында, құқықтық принцип термині астында, әдетте, құқық нормасында(нормаларында) бекітіліп, түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін, сол қоғамдық құрылыммен анықталатын бас идеяны айтады. Азаматтық-азаматтық іс жүргізу әдебиеттерінде принциптерге арналған жұмыстар көп. Оларда, тек принциптер мен олардың жүйелерінің мазмұны ашылып қана қоймай, сонымен бірге азаматтық іс жүргізу принциптерінің әртүрлі классификациялары беріледі. Ол классификациялар жөнінде дискуссияға қатыспай, біздің ойымызша, заңи өкілетті органның табиғатын, құрылымын және өкілеттілігін анықтайтын ұйымдастырушы принциптер, және бұзылған азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша құзыретті органның және субъектілердің азаматтық іс жүргізу әрекеттерімен байланысты іс жүргузу принциптері бар деп санаймыз.
Принциптердің бірінші тобы, ұйымдастырушы-құқықтық нормаларының негізі ретінде, мемлекеттік және әкімшілік құқықтардың бөлінбес бөлігі, сондықтан олар азаматтық іс жүргізу құқығына тікелей қатысты емес.
Азаматтық іс жүргізу құқығының базисі, іс жүргізу нормаларының негізінде жататын, іс жүргізу принциптерінен құралады, осыған байланысты «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығының» принциптері, оның реттеу пәні мен әдісінің шеңберінен тыс деп айта алмаймыз. Қарама-қарсы, іс жүргізу принциптері, біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы саласының құқықтық реттеу пәні және әдісімен тығыз байланысты.
Азаматтық іс жүргізу ғылымынды қарама-қайшы екі ағым бар: бір жақтан «іс жүргізу нысаны» мен «заңшығарушылық іс жүргізу» түсініктерінің арасындағы анық шекараның болуы, екінші жақтан «іс жүргізу нысаны» мен «заңшығарушылық іс жүргізу» терминдерінің шекарасы сәл ғана бар деуге болады, ол іс жүргізу нысанына әмбебап сипат беру.
Бірақ «іс жүргізу нысанына»
жүйелік, іс жүргізу заңымен белгіленген,
іс жүргізу ережелері мен
«Заңшығармашылық іс жүргізу» құқықтық нысанмен белгіленген және бекітілген іс жүргізу ережелері мен әрекеттерінің қатал тәртібін білдірмейді. «Заңшығармашылық іс жүргізудің» ережелері мен әрекеттер тәртібі, әдетте, тек заңмен ғана емес, сонымен бірге нормативтік актілермен де реттеледі.
Түйіндеп айтқанда, «іс жүргізу нысаны» құқық қолданушы органдардың заңи қызметтерімен тығыз байланысты болса, «заңшығарушылық іс жүргізу» құқықты іске асырумен, және қоғамдық немесе мемлекеттік органның заң шығармашылық әрекеттерімен байланысты болады.
Азаматтық іс жүргізу принциптері өзара тығыз байланысты және біртұрас жүйе (грекше «принцип» сөзі «біртұтас» дегенді білдіреді) құрайды. А.Т. Боннер принциптер жүйесін азаматтық-азаматтық іс жүргізу принциптерінің өзара қатынасы мен байланысы бойынша жиын деп атады. Принциптердің әрқайсысы бөлек іс жүргізу институтын, бүкіл бөлімді сипаттайды, бірақ азаматтық сот іс жүргізудің мақсаты мен мәселелері біртұтас болғандықтан, принциптер арасында әрине байланыс бар, бір принциптің қызметі екінші принциптің шарты болады. Әлдебір принциптердің мазмұнын ашу үшін, құқық саласында өзге принциптердің мазмұнын ескеру қажет [9, 9-110].
Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін жүйелеу – оларды анықталған критерий, негіз бойынша топтастыру. Азаматтық іс жүргізу туралы ғылыми және оқулық әдебиеттерінде бұндай критерийлер болып:
1. Принциптердің бекітілу көзі бойынша:
А. Конституциялық принциптер
Ә. Іс жүргізу заңнамасында бекітілген принциптер
2. Реттеу пәні бойынша:
А.Ұйымдастыру принциптері
Ә.Заңдылықты жүзеге асыру принциптері
3. Функционалдық рөлі бойынша:
А.Ұйымдастырушы-функционалды
Ә.Функционалды
Ең ыңғайлы және іс жүзінде мағыналы жүйелеу, азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін, олардың мазмұны мен әсер ету щеңбері бойынша (жалпы құқықтық, салааралық, салалық принциптер және бөлек құқықтық институттар принциптері) жүйелеу болып табылады.
Жалпықұқықтық принциптер – бұл барлық құқық салаларына тән принциптер, олар азаматтық іс жүргізу құқығына да тән. Бұл демократиялылық, гуманизм, заңдылық.
Салааралық принциптер – бұл азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және кейбір басқа құқық салаларының принциптері, оларға: сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы, барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, сотта істі қараудың жариялылығы жатады.
Салалық принциптер – бұл тек азаматтық іс жүргізу құқығына тән принциптер(диспозитивтік, тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы).
Бөлек құқықтық институттар принциптері – азаматтық іс жүргізу құқығында сотта азаматтық істерде(ауызша түрде, тікелей) дауды шешу тәртібін анықтайтын принциптер.
Принциптер жүйесі объективті және біртұтас болып табылады. Оның әрбір элементі басқаларымен тығыз байланысты, осы байланыста олар ашылады және қызмет етеді.
2 Тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптер жүйесі
2.1. Ұйымдастырушы принциптер
Демократизм принципі. Демократизмнің тағы бір нышаны мемлекеттің өз азаматтарына рақымшылдығы мен мейірбаңдығы. Міне осыған байланысты, жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.
Қоғамның, мемлекеттің зайырлылығын, демократиялылығын паш ететін, тұңғыш рет, 30.08.1995 ж. Конституциямызға енгізілген елеулі негізге байланысты - ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Себебі, қоғамда қалыптасып, орныққан ізгілік принциптерін: адамгершілік, жақынына мейірімділік, сүйіспенішлік қадір-қасиеттерді қастерлеу, олардың сақтаулы мен нығаюына мүмкіндік туғызу — демократияның нағыз алға қоятын мақсаты болуы керек. Көзделіп отырған мақсат біріншіден осы болса, екіншіден, адамның қылмыс жасауына көпе-көрінеу, себепші болуды жою. Яғни, адамды жақынына қарсы айғақ беруге міндеттеген жағдайда біле тұра жалған жауап беруге мәжбүрлеу сыңайы танытылатыны сөзсіз.
Демократия — халық билігінің түсінігін білдіреді. Ендеше, ізгісі-судьялардың сайлау жолымен өкілеттік алғаны олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін нағыз демократизмнің нышаны болар еді. Мұндай тәртіп Президент пен заң шығарушы биліктің өкілдерін сайлауға байланысты тиімді деп есептелгенде судьяларға да өкілеттік беру тәртібіне қатысты неліктен қолданылмасына? Сот билігінің ең жоғары органы — Республика Жоғары сотының судьяларына өкілеттікті халық өкілдерінің сайлауы жолымен беру тәжірибесін неліктен пайдаланбасқа? Мұндағы көзделетіні жергілікті соттардың судьяларына сайлау арқылы өкілеттік беру тәртібі.
Осылайша, демократизм принципінің идеясы сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздеп, судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципінін мақсатын белгілейді.1
Яғни, демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі анық.
Ендеше, мемлекеттің ең қымбат қазынасының құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, олардың бұзылуы мәселелеріне байланысты қалпына келтіру, кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану сот билігінің мақсаты етіп қойылады. Бұл мақсаттарды заң сот істерін қарап шешетін сот билігін нақты жургізуші судьяға жүктейді. Қорыта келгенде, тақырыбымыздың атауын белгілегенде судьяның (соттың) тәуелсіздігі әуелі демократияның жетістігі екендігін, мұнымен қоймай, демократияның сапалы жақтарының сот әділдігінің мәселелеріне даруын, одан қалса, сот билігі принциптеріне де сіңуін негіз етіп алдық.
Азаматтық іс жүргізу құқығының демократиялылығы сонда, азаматтық іс бойынша заңдылықты жүзеге асырғанда, сот азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиісті; ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың заңмен бекітілген құқықтары мен мүдделерін қорғауға тиісті. Соттық қызмет құқықтық мемлекеттің күшеюін, әлеуметтік әділеттікті, демократияны қамтамасыз етуді және халықтың өзін-өзі басқаруының дамуын бағдар ұстау керек.
Гуманизм принципі.
Азаматтық іс жүргізу құқығының гуманизмі келесіде: а) іске қатысушылар мәдениет деңгейіне, білім деңгейіне, әлеуметтік деңгейне, жасына, ұлтына, жынысына және с.с. тәуелсіз тең; ә) кейбір істер категориясы бойынша (алименттер төлеу бойынша, жұмыс орнына қайта қабылдау туралы) талап берушілер сот шығындарын төлеуден босатылады; б) азаматтық іс жүргізу құқығы кейбір істер категориялары бойынша жеңіл соттылықты белгілейді т.с.с.
Судьялардың тәуелсіздігі және тек заңға бағынуы.

- Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман
- Азаматтық істер бойынша өкілдік
- Азаматтық істер бойынша өкілдік
- Азаматтық істі сот мәжілісінде талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде
- Азаматтық қоғам
- Азаматтық қоғам және капитал
- Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар
- Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер
- Азаматтық іс жүргізу қатынастарының құқықтық объетісі
- Азаматтық іс жүргізу құқығы
- Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды
- Азаматтық іс жүргізу құқығы: пәні, әдісі, жүйесі
- Азаматтық іс жүргізу нысаны
- Азаматтық іс жүргізу нысанының теориялық негізі