Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар

 

Жоспар.

Кіріспе.............................................................................................................1

    1. Құқықтың түсінігі мен мәні.
      1. Құқықтың пайда болуы мен дамуы....................................4
      2. Құқық тектері мен нысандары............................................5

 

 

    1. Мемлекет
      1. Мемлекет белгілері,түрлері...........................................11
      2. Мемлекет басқару түрлері.............................................12
      3. Қызметі, тарихы, даму сатылары..................................13

 

    1. Билік
      1. Билік ұғымы, міндеттері, қызыметтері.............................16
      2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі..........................20

 

    1. Мемлекет және құқықтың пайда

болуы туралы теориялар............................................................24

 

Қорытынды.....................................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................32

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының  Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару  тобын құру, мемлекеттік органдардыеліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгінгі күннің басты талабының  бірі – мемлекеттік органдардың , билік басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.

Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының  қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.

Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы  халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.

Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекет қоғамды басқаруды  жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің  мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық  топтарының мүддесін артықшылықтан  қорғайтын биліктің ерекше ұйымы  болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген  – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.

Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз  талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы мұнда  өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру  айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты:федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың  жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері  мен қызметтерін дифференциациялау  және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау .

Менің курстық жұмысымның мақсаты – жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау.Осыған сәйкес курстық жұмысымның міндеті

  1. Құқық ұғымын жан-жақты талдап көрсету
  2. Мемлекет ұғымына жалпы сипаттама беру;
  3. Қазақстан Республикасындағы органдардың қызметіне, олардың

ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама бер

  1. мемлекет пен құқықтың пайда болу теорияларын талдау болып табылады.

 

Осы зеттеу жұмысымды төрт бөлімнен  құрап жаздым. Мынадай  бөлімдерге бөліп қарастырдым: кіріспе; жұмысымның 1-бөлімде-жалпы құқық  ұғымына тоқталдым; 2-бөлімде –  мемлекет ұғымына сипаттама бердим жіне турлерин атап өттім 3-бөлімде- мемлекеттік  органдардың демократиялық қағидаларға  сәйкес құрылуы, қызмет ету жағдайлары; 4-бөлімде мемлекет пен құқықтың шығу тегін сипаттайтын теорияларға  қысқаша түсінік бердім; қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.

Курстық жұмыста – мемлекеттік  билік, ( Мемлекеттік механизмнің ерте замандағы, ортағасыр мен буржуазиялық замандағы тарихи ерекшеліктерін) Ресей, АҚШ, т.б. шетелдегі мемлекеттік органдар қызметінің ерекшеліктеріне мысалдар келтірдім. Қазақстандағы мемлекеттік билік тармақтарының қазіргі қызмет ету жүйесіне, «мемлекеттік қызмет», заңдарына тоқталдым.

Мемлекеттік – қызметтік  қатынастарды іске асырудың қажетті  алғы шарты мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды, сондай-ақ оларды лауазымдарға тағайындау мен  ауыстыруды, мемлекеттік қызметте болған кезде оларға біліктілік дәрежелер  беруді жүзеге асыру үшін құқық берілетін  нақты мемлекеттік органдар мен  лауазымды адамдарды белгілеу, мемлекеттік органдардың кадрлар жөніндегі жұмысының маңызды элементі-мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыру. Кадр саясаты заңдарда, өзге нормативтік құқықтық актілерде бекітіп және солар арқылы іске асырылатындығы туралы жазып өттім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Құқықтың түсінігі мен мәні.
    1. Құқықтың пайда болуы мен дамуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік  даму процестері бір-бірімен тығыз  байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар  өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі  тарауға бөлінді:

1)     Малшылық

2)     Жер игеру

3)     Өндірістік

4)     Саудагерлер тобы

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін  арттырды, қоғамның шығысынан кірісін  асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса  бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік  заңдардың – қосымша өнімнің  пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару  үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

Құқықтың дамуы мен даму жолдары

Адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол — әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық мемлекетпен бірге  қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы  қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте  – бірте екінші қатардағы нормаға  айналып, құқық әлеуметтік негізгі  нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып  келеді: — деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жақсы білу қоғамды  дұрыс, сапалы реттеп – басқаруға  өте қажет.

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

Адам қоғамы мыңдаған жыл  өмір сүріп келеді. Жеке адамдар  тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар  ежелгі заманнан мемлекет пен құқық  қашан пайда болды, қалай дамып  келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

 

 

 

      1. Құқық тектері мен нысандары.

Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен  ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.

Әлеуметтік нормалардың  белгілері:

-         реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;

-         жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде құрылады.

-         субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен байланысты;

Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық, әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.

Адамгершілік нормалары  – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық туралы қоғамда қалыптасқан  әлеуметтік норманың бір түрі.

Діни нормалар – әр түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар.

Әдет-ғұрып – қауымдағы  адамдардың қарым-қатынасын реттейтін  географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға  байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген әлеуметтік норманың бір  түрі.

Корпоративтік нормалар –  қоғамдық ұйымдардың жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік нормалар.

Құқықтың пайда болуы. Құқықтың қалыптасуының негізгі  себептері мен жолдары. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.

Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай отырып, инструменталдық роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні мен мағынасына қатысты ғылымда  сан алуан көзқарастардың  болу мүмкін. Бірақ құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың, көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әртүрлі мағынада ұғынылатын болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық - қоғамдық қатынастардың анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.

Құқыққа деген әртүрлі  көзқарастар қоғамды демократияландырумен ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар. Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап, өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас түсінігі болуы қажет.

Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар да сан қырлы.

Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады.

Құқықтың функционалдық  анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын, құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.

Құқыққа мынандай белгілер тән:

-еріктілік сипаты болады;

-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;

-нормативтілік;

-мемлекетпен қалыптастырылады  және қорғалады;

-жүйелілік;

-қоғамдық қатынастарды  реттеу қызметін атқарады.

«Құқық» термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші мағынасында «құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын барлық құқықтық ережелердің жиынтығы», ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз «жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс табуы».

Құқық мәнін анықтау барысында  екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.

1.Таптық қөзқарас, онда  құқық экономикалық үстем таптың  заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.

2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының арасындағы келістіруші ролін атқарады.

Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты  көп қырлы екендігін естен  шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни, ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа  мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық  мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік, әлеуметтіктеориялар бар.

Құқықтүсінушіліктің негізгі  типтеріне мыналарды жатқызады:

·         нормативистік;

·         әлеуметтік юриспруденция;

·         табиғи құқық теориясы;

·         философиялық құқықтүсінушілік.

Құқық – қоғамның мемлекеттік  еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі; мемлекетпен шығарылады  немесе санкцияландырылады және бұзылудан мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)

Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын  және бекітілетін, белгілі бір социумның  өкілдерімен жалпы маңызды ретінде  танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен  қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы.(Ромашов  А.И.)

Құқық – мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан  даулы мәселе құқықты қалай түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай қабылдайтындығында - деп санайды Раянов Ф.М.

Экономика, саясат және құқық  түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. Экономика –  нақты қоғамның өндіріс тәсілі, өндірістік қатынастарының жиынтығы. Саясат –  билікке байланысты таптардың, топтардың  қатынасын сипаттайтын қоғамды  басқару өнері. Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың  арақатынасына екі түрлі көзқарас анықталған.

Бірінші көзқарас бойынша  олардың арасында басымдылығымен танылатын  құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы атқаратын  ролі тең деп саналады. Себебі, қоғамдық қатынастардың пайда болуы мен  қызмет етуінің алғашқы факторы  ретінде адамдардың мүддесі танылады. Белгілі бір жағдайларда мүдде  құқықта жүзеге асырылады да, содан  кейін әлеуметтік байланыстардың өзге салаларына таралады. Бұл жағдайда құқықтың экономикаға тигізетін  әсері туралы айтуға болады.

Екінші көзқарас бойынша  экономика саясатты да, құқықты да анықтайды. Кейінгілер қондырмалық  құбылыс болғандықтан, базиске (өндіріс  тәсіліне) тәуелді болады. Дегенмен де экономиканың үстемдігі шартты, себебі саясат пен құқық экономиканың дамуына немесе кері кетуіне әсер ететіндей күшке ие. Бұнда да саясат экономика мен құқықтың дәнекері болып табылады.

Саясат пен құқықтың да арақатынасы екі түрлі. Кейбір жағдайда ықпал етуші фактор ретінде саясат үстемдігі танылса, кейде үстемдік құқыққа тиесілі болады.

Адамгершілік – адам әрекетін жақсылық пен жамандық, әділеттілік  пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін  нормалар мен қағидалар жүйесі. Адамгершілік пен құқық қоғамдық қатынастарды ретке келтіру барысында өзара  әрекеттестікте болады. Олардың адам әрекетіне қоятын талаптары көбінесе ұқсас келеді. ¦қсастықтары мынада:

-әлеуметтік нормалардың  ішіндегі ең әмбебап түрі, қоғамның  барлық мүшелеріне таралады;

-реттеу объектілері қоғамдық  қатынастар болып табылады;

-қоғамнан бастау алады.

Адамгершілік пен құқықтың өз алдына жеке құбылыстар болуына  байланысты өзіндік ерекшеліктері  де бар:

-шығу тегіне байланысты  әртүрлі. Адамгершілік нормалары  адамзат қоғамымен қатар пайда  болса, құқық нормалары мемлекетпен  бірге пайда болған;

-көрініс табу нысандары  да әртүрлі. Адамгершілік адам  санасында орын алса, құқық жазба  нысандағы мемлекеттің арнаулы  актілерінде көрініс табады;

-әрекет ету аймақтарына  байланысты ажыратылады. Егер  адамгершілік қоғамдағы барлық  қатынастарды ретке келтіре алатын  болса, құқық барынша маңызды  бөлігін ғана қамтиды;

-қолданысқа енгізілу  мерзімі де ерекше. Адамгершілік  түйсікпен сараланған мезеттен  бастап әрекет етсе, құқықтың заңды күшіне ену мерзімі нақты анықталады;

-қамтамасыз ету тәсілдері  бөлек. Адамгершілік қоғамдық  әсер ету шараларымен қамтамасыз  етілетін болса, құқық нормалары  мемлекеттің мәжбүр ету шараларымен қамтамасыз етіледі.

¦лттық дәстүрлер және құқық. Еңбектік және отансүйгіштік дәстүрлер және құқық.

 

Құқық типін анықтау қазіргі  кезеңде екі түрлі нысанда  жүзеге асырылады. Бірінші көзқарас бойынша құқық типі формациялық  тұрғыдан анықталады. Оның басты өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер алынады.  Аталған көзқарас авторларының ойы бойынша базис (өндірістік қатынастардың типі) қоғам дамуының шешуші факторы болып табылады да, тиісінше қондырмалық құбылыстарды – мемлекет пен құқық типін анықтайды. Экономикалық базис типіне сай құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік құқық типтері анықталған. Аталған көзқарастың ұтымды тұстарымен (құқықты әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлумен) қатар осал тұстары да бар. Ол құқықтың нақты тарихи, ұлттық-мәдени және арнаулы заңдық қасиеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Екінші көзқарас бойынша  құқық нақты географиялық, ұлттық-тарихи, діни, арнаулы заңдық белгілеріне  байланысты жіктеледі. Аталған өлшемдерге байланысты құқықтың мынандай типтері анықталған:

1.                           ¦лттық құқықтық жүйелер. Ол белгілі бір мемлекеттің нақты тарихи құқығының, заңдық тәжірибенің және үстем құқықтық идеологияның жиынтығы.

2.                           Құқықтық семьялар. Бұл қайнар көздердің, құқық құрылымының және оның қалыптасуының тарихи жолдары ұқсастығы негізінде ерекшеленген құқықтық жүйелердің жиынтығы. Құқықтық семьялардың мынандай түрлері танылған: жалпы құқық, романо-германдық құқық, славяндық құқық, мұсылмандық құқық, индустық құқық және тағы басқалар.

Бұл көзқарастың ұтымды жағы -  онда құқықтың ұлттық-тарихи, нақты географиялық және техникалық-заңдық белгілері ажыратылған. Осал тұсы құқықтабиғатындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың ролі толық бағаланбаған.

Қоғамның құқықтық жүйесі. Негізгі элементтері мен олардың сипаттамалары:заң ғылымы, құқықтық ұғымдар, заң техникасы. Заңды тәжірибе. Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуі.Романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.

Құқық нысаны – жалпыға  бірдей міндетті, заңды маңызы бар, қоғамда орын алған құқық нормаларын ұйымдастыру тәсілі. Құқық нысаны мынандай ерешеліктерімен айшықталады:

-    азаматтардың нормативті бекітілген еркін бейнелейді, әлеуметтік-экономикалық базиспен негізделеді;

-    халықтың саяси билігін бекітеді және қамтамасыз етеді, оның мүддесіне қызмет етеді;

Құқық нысанының негізгі 4 түрі танылған: прецедент, әлет-ғұрыптық құқық, нормативті акт, нормативті келісім.

Прецедент - құзіретті мемлекеттік  органның белгілі бір мәселе бойынша  қабылдаған шешімінің осыған ұқсас  өзге істерді қарағанда міндетті түрде қолданылуы. Прецедент әкімшілік және сот прецеденттері болып екі топқа бөлінеді. Англо-саксондық құқық жүйесінде қолданылады.

Әдет-ғұрып құқығы тарихи қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа берілетін  әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларына  мемлекеттік мәжбүр ету күші тағайындалатын құқық нысанының бір түрі. Қазіргі кезеңде көбінесе діни-ғұрыптық құқықтық жүйелерде (мұсылман құқығы, иудаистік және индустық құқықтарда) танылған. Қазіргі Қазақстанда дүниежүзілік нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес азаматтық және банк құқығы салаларында істік айналым әдет-ғұрыптары қолданысқа енуде.

Нормативті құқықтық акт  – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге  немесе жоюға бағытталған, айқындалған  тәртіпте қабылданатын мемлекеттік  органның актісі. ‡лкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.

Заң - мемлекеттің жоғарғы  өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін  реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт. Оның белгілері.

-    заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс беруімен қабылданады;

-    дайындау және қабылдау тәртібі Конституция мен парламент регламентімен анықталады;

-    халықтың еркі мен мүддесін көздеуі қажет;

-    барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;

-    жоғарғы заңдық күші болады.

Ол мынадан көрінеді: 1)өзге құқықтық актілердің барлығы заңнан бастау алуға және оған қарсы келмеуге тиісті, егер белгілі бір қайшылықтар болатын болса, заң үстемдігі танылады; 2)заңдар оны қабылдаған органнан басқа ешкімнің бекітуін қажет етпейді; 3)заңды қабылдаған органнан басқа ешкім оны қайтарып алуға немесе өзгертуге хақысыз.

Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: конституциялық заңдар, заңдар. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның аса маңызды мәселелерін реттейді және парламенттің басым көпшілік (депутаттардың 2/3 бөлігінің) даусымен қабылданады.

Заңға бағынышты акт дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып қабылданатын, қоғамдық қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын, міндеттілік күш болатын нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:

-    Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

-    ‡кіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;

-    Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің нормативті бұйрық, нұсқау, ережелері;

-    Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қаулылары мен шешімдері;

-    жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім, өкім, қаулылары.

Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмірсүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны. Нормативті келісім құқықшығармашылық субъектілерініңжаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі. Нормативті актілермен қатар қолданылуы мүмкін.

 

 

 

  1. Мемлекет
    1. Мемлекет белгілері,түрлері

 

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. [1]

Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар