Азаматтық құқық. 4
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Азаматтық құқықтың түсінігі және жүйесі
- Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасында біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді. Солардың бірі-азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі. Бұл сала адамдар арасындағы мүлікке қатысты қатынастарды реттеу жағынан қарастырады, яғни жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен тығыз байланыста. Жалпылай алғанда,азаматтық құқық дегеніміз – бір-бірімен мүліктік оқшауланған субъектілер арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Азаматтық құқықтар және міндеттер
АК-тің 7-бабында көрсетіл-гендей, заңдарда
көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар
мен заңды тұлғалардың
Азаматтық құқықты жүзеге асыру да бірнеше шарт пен талаптарды құрайды. Егер онда көзделген талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады. Нақты АК-тің 8-бабында көрсетілгендей, азаматтар мен заңды тұлғалар өз-деріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады; азаматтық құқықты жүзеге асыру кезінде адал,парасатты және әділ әрекет жасауы, кәсіпкерлер іскерлі әдептілік ережелерін сақтауға тиіс; құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға болмайтын және т.б. сияқты шаттарды орындауы тиіс.
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген.
Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік
қатынастармен тығыз байланысты
мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей
мүліктік сипаты мен ақшалай құны
болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық
меншікпен байланысы бар
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік
арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа
келтірілген зиянның нақты
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық
әдісі заңды тараптардың
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқық Қазақстан
Республикасындағы құқықтық-
Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.
Азаматтық құқық ғылымы
Азаматтық құқық нормаларының
талаптарына сәйкес туындайтын
және бұл нормаларға тәуелді
болатын жақтар арасындағы
Әрбір құқық қатынастарында
Құқық қатынастарына
Сол қатынаста құқықтар мен
міндеттер не нәрсеге
Азаматтық құқық нормалары
Кейбір заңдылық фактілер осы
фактілер нәтижесінде туатын
құыққ қатынастарына қатысушы
тұлғалардыңөздерінің қалауы
Заңдылық салдар, яғни белгілі
бір құқық қатынастарын
Көп жағдайларда құқықтар мен
міндеттер құқық тәртібінде
Мәмілелермен қатар, тікелей
Кейбір әрекеттер құыққ тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана , яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мысалы:, АК-тің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру болып табылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқы тарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болғандықтан зиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді. Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Азаматтық құқық – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік бөлшектерінің кұнделікті өмірімен, іс – әрекеттерімен ажырамас байланыстығы Қазақстан Республикасының құқығының бір саласы. Тауар – ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтық пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жаппайтындықтан, әр басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қаныстардың негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қаныстар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс – әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқық тек қана
мүліктік емес, сонымен бірге жеке
мүліктік емес қатынастарды да реттейді.
Қазақстан Республикасының
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.
Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.
Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз – қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:
Біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір-бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; екіншіден, азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады; үшіншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады; төртіншіден, азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелілігі.
Азаматтық құқықтық қатынастардың
пайда болуының негіздеріне заңды
фактілер жатады. Азаматтық құқықтар
мен міндеттер заңдарда көзделген
негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен
заңды тұлғалардың
- Заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
- Заңдарға сәйкес азаматтық құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
- Азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;
- Заң құжаттарында тиым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижеінде;
- Өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
- Басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан;
- Азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
- Заңдар азаматтық құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері. Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілетке және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтық қабілет
дегеніміз – азаматтың заңмен
бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі-бір
міндеттерді атқара алу қабілеттілігі.
Азаматтық құқық қабілеттілігі
барлық азаматтарға бірдей ортақ
деп табылады. Азаматтық құқық
қабілеттілігі ол туған кезден басталып,
қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық
құқықтық қабілет дегеніміз –
азамат Қазақстан Республикасы шегінде
де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның
ішінде шетел валютасын меншіктеуге;
мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға;
республика аумағында еркін жүріп-тұруға
және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан
тыс жерлерге еркін шығып кетуге
және оның аумағына қайта оралуға; заң
құжаттарында тиым салынбаған кез келген
қызметпен айналысуға; дербес өзі
немесе басқа азаматтармен және заңды
тұлғалармен бірігіп заңды
Заңды тұлғалардың құқықтық
қабілеттілігі дегеніміз –
6 жасқа дейінгі балалардың
әрекет қабілеттілігі жоқ деп
танылады. Сонымен бірге, жүйке
ауруы немесе ақыл есінің
Жартылай әрекет қабілеттілігі
6-14 жасқа дейінгі балаларға тән.
Азаматтық заңнамалар бойынша, олар
үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында
өзгеше көзделмесе, олардың атынан
ата-анасы, асырап алушылары немесе
қорғаншылары жасайды. 14 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандар
14 жастан 18 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандардың
Жергілікті негіздер болған
жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық
органы кәмелетке толмаған адамның
өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне
және өзі жасаған зияткерлік меншік
құқығы объектілеріне өз бетінше
билік ету құқығын шектеуі
немесе ол құқықтан айыруы мүмкін. 14 жастан
18 жасқа дейінгі кәмелетке
Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады. Егер заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезінен бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Спирт ішімдіктеріне немесе
есірткі заттарға салыну салдарынан
өзінің отбасын материалдық жағынан
ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың
әрекет қабілеттілін Сот Қазақстан
Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде белгіленген тәртіп бойынша
шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық
белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді
өз бетінше жасауға құқылы. Басқа
мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын,
зейнетақысын және өзге де кірістерін
алуды және оларға билік етуді, ол
тек қамқоршысының келісімімен
ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт
ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға
және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан
жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне
қойылған шектеудің күшін жояды.
Сот шешімінің негізінде
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер құқықтарға: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпайшылық құқығы және материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері. Қатынастардың негізгі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасқандықтан, азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктік қатынастар мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, адамзаттың өмірі, денсаулығы, еркіндігі, бостандығы, қауіпсіздігі, ар-ожданы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады.
Мүліктік, материалдық игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.
Қорытынды
Сонымен, азаматтық құқық
дегеніміз — тараптардың бір-
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қ.И. Оспанов «Құқық негіздері» оқу құралы, Жеті жарғы, 2006
- Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конститутциялық құқығы» Алматы, Жеті жарғы, 2008
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – Алматы, 1995
- Р. Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. – Алматы 2001

- Азаматтық құқық
- Азаматтық құқық жүйес
- Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері
- Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері
- Азаматтық құқық негіздері
- Азаматтық құқық объектілерің жекелеген түрлері
- Азаматтық құқық объектілерің жекелеген түрлері
- Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар
- Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
- Азаматтық құқтағы мәміле және оның маңызы
- Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері
- Азаматтық құқық
- Азаматтық құқық
- Азаматтық құқық