Қазақстан металлургиясының кешені

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………….3

І БӨЛІМ

    1. Қазақстан металлургия өнеркәсібі…………………………….4
    2. «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тарихы………………….5

ІІ БӨЛІМ. Өндіріс технологиясы

2.1 Уран өндірісі…………………………………………………….8

2.2 Бериллий өндірісі………………………………………………10

      2.3  Тантал өндірісі………………………………………………….11

ІІІ БӨЛІМ

3.1  Орталық ғылыми – зерттеу зертханасы (ОҒЗЗ)………………..12

3.2   MS Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді

        өңдеу………………………………………………………………...14

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….. 19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………..20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Екінші  дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан  КСРО-дағы республикалар арасында металлургия  бойынша екінші орынға шықты. Мысалы, Шымкент қорғасын зауыты КСРО-дағы қорытылған қорғасынның 73,9%-ін, ал Балқаш зауыты елімізде балқытылған мыстың 51%-ін, Қарағанды бассейні көмірдің 90%-ін берді. Қазақстан мұнай өндіру бойынша да Ресей мен Әзірбайжаннан  кейінгі Үшінші орында тұрды. Мұның  бәрі, сөз жок, жұмысшылардың, соның  ішінде қазақ еңбеккерлерінің еліміздің  жарқын болашағына ұмтылуы, өскелең  ұрпағы Үшін жақсы жағдай жасауға  тырысуы арқасында жеткен жетістіктер  еді.

1928 жылы  қазанда басталған халық шаруашылығың  дамытудың алғашқы бесжылдығы  белгіленген мерзімінен бұрын  орындалды. Осы жылдары қазақстан  экономикасына жұмсалған қаржы  көлемі 1,5 млрд сомнан асып түсті,  олардың жартысына жуығы өнерқәсіп,  транспорт және байланыс салаларына  жұмсалды.Республикада қырықтан  астам өндіріс орындары жаңадан  салынып, қайта жөндеуден өткізіліп,  соңғы техникамен жарақтандырылған  ірі зауыттар, фабрикалар, шахталар, рудниктер, электростанциялары өндіріске  қосылды. 

Үлбі  металлургия зауыты Ашық Акционерлік Қоғамы - өнімді өндіру және өнімді шығарудан 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 1949 жылдың 29 қарашасы. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім келіп түсті. Зауыттың дамуының басты сипаты өндірісті үздіксіз жетілдіру еді.

Бүгінгі күні зауытта қандай да болса күрделі  мәселелерді шешуге қабілетті  6000 астам жұмысшылар, техниктер, инженерлер еңбектенуде.  1999 жылдың  соңында, әлемдік рынокта өз орнын тапқаннан кейін, зауыт тарихында барлық өндірістерді дамытатын ірі инвестициялық бағдарлама  әзірленді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БӨЛІМ

1.1 Қазақстан металлургия саласы

Еліміздің экономикасында тау-кен саласының  алатын орны ерекше. Өйткені, біздің республикамыз  шикізаттар абсолюттік қорлары бойынша, оның әр адам басына шаққанда өндіруі  бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Мұнда дүние жүзіндегі вольфрам қорларының 50 пайызы, уран мен хром кендерінің 25 пайызы, мырыштың 19 пайызы шоғырланған. Басқа металдардың  да қоры өте жоғары.

Біздің  еліміз әлемдегі ең ірі минералды  шикізат өндіруші мемлекеттің бірі. Ол дүние жүзінде рений, уран, бериллий өндіруде бірінші орында, хром кені, феррохром, титан өндіруде екінші орында; марганец кені, ферроқорытпалар, тантал, асбест, ниобий, галлий, техникалық таллий, мышьяк өндіруде үшінші орында, тазартылған  мыс, мырыш, кадмий, бор, күкірт өндіруде жетінші орында, темір кенін өндіруде оныншы орында, көмір өндіруде он бірінші  орында, мұнай мен газ өндіруде он жетінші орында.

Қазіргі таңда республикада жылына 75 млн.тонна  мұнай, 30 млрд. текше метр табиғи газ, 120 млн. тонна көмір, 25 млн. тонна темір  кені, 35 млн. тонна мыс кені (450 мың  тонна мыс концентраты), 8 млн. тонна  қорғасын мырыш кені (50 мың тонна  қорғасын, 450 мың тонна мырыш концентраты), 3,8 млн. тонна хром кені, 12 мың тонна  уран өндірілді.

Кен мен  металл өндірушілер «Қазақмыс», «Қазцинк», «ССГПО», «Қазхром», «Қазахстан алюминиі», «Қостанай минералдары», «Қазақалтын», т.б. бірлестіктердің тау-кен және металлургиялық кәсіпорындары. Өкінішке орай, бұлардың бәрі шетел компанияларының  меншігінде. Ал оларда қолданатын құрал-жабдық пен технология кеңес дәуірінен  қалған, бірен-саран өндірістер ғана жаңар­тылған. Мамандардың бәрі Қазақ  политехникалық институты мен отанымыздың  басқа техникалық оқу орындарының  түлектері. Олардың іскерлігін шетелдік инвесторлар өте жоғары бағалайды.

Тау-кен  металлургия кешені еліміздің ІЖӨ-нің 7-ден астам пайызын, жалпы, өндіріс  табысының 17 пайызын құрайды. Және оның экспорттағы үлесі 20 пайыздан артық. Бірақ тау-кен металлургия кешенінің 85 пайыздан астам өнімі экспортқа  шикізат, концентрат түрінде шығарылады. Ал металдар және олардан жасалатын  өнімдер экспорттың 14 пайызына зорға  жетеді.

Шетелдерге  сатылатын тауарлардың құндылығы  үшінші-төртінші буында өңделетін дайын  өнімнің бағасынан жүз еседен астам төмен. Оның үстіне экспорттан түсетін жалпы қаржының тек бестен бір бөлігі бюджетке түсіп, қалғандары инвес­торлардың қалтасында қалып  отыр. Ал, дамыған елдерде (Ұлыбритания, Норвегия, Швеция және т.б.) мұнай-газдан мемлекеттің бюджетіне түсетін пайда 80-85 пайызды құрайды.

Өмір  жер қойнауының байлығына өте  сақтықпен қарауды талап етеді. Мұндай үлгіні әлемнің дамыған елдері көрсетуде. Мысалы, АҚШ бізге қарағанда  әлдеқайда зор қорларға ие бола отырып, минералды шикізаттың барлық түрлерінің 85 пайызынан астамын сырт елдерден сатып алады, өз қорларын келешек  ұрпаққа сақтайды.

 

 

1.2 Үлбі металлургия зауытының қысқаша тарихы

 

Үлбі  металлургия зауыты Ашық Акционерлік Қоғамы - өнімді өндіру және өнімді шығарудан 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 1949 жылдың 29 қарашасы. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім келіп түсті. Зауыттың дамуының басты сипаты өндірісті үздіксіз жетілдіру еді.

70 жылдардың  басы – СССР-да атом энергетикасы  саласын дамыту кезеңі еді.  Осы кезеңде бірнеше ірі АЭС құрлысын салу көзделді. Оларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылына 1000 тонна құрамында уран қосындысы бар таблеткалар шығару қажет болды. “ҮМЗ” алдында күрделі міндеттер тұрды: ірі қаржылық қолдаусыз жеті айдың ішінде жобалау, жүздеген тонна құнды құрал-жабдық әзірлеу, уран диоксидінің өндірісін қосу және құру, мамандар дайындау қажет болды. Дегенмен де ұжымның күшімен алда тұрған міндеттер мерзімінде орындалды. 70 жылдардың аяғында ядролық реактор құрастырушылары “ҮМЗ” де жоғары сапалы ядролық жылу өндіру мүмкіндігі бар екендігін айтты. Соңынан жылу өндірісі кәсіпорын зкономикасының алдыңғы қатарынан орын алды. Тұрғын үй құрлысы мен әлеуметтік инфраструктура обьектілері қатар жүргізілді. “ҮМЗ”-нің қатысуымен Орталық мәдениет үйі, Спорт сарайы, “Голубой залив” демалыс үйі, Пионерлер сарайы, мектептер мен ауруханалар, бала бақшалары салынды. Стрелка және 90 жылдары Ефим Павлович Славскийдің есімі берілген Ертістің Сол жағалауы шағын аудандарының құрылысы жедел түрде дамыды. Бұл адамның Өскемен қаласы мен ҮМЗ заводының дамуына қосқан үлесі зор. Оның қатарында Владимир Павлович Потанин, Юрий Михайлович Мурин тәрізді адамдар да тұр. Олар бірінен кейін бірі 27 жыл бойы (1961-1974-1988) зауытқа жетекшілік жасаған жандар. Олардың кәсіпорын мен қаланы дамытудағы үлестері ерекше және халықтың есіненен мәңгі орын алды. В.П.Потанин жаңашыл бағытты ұстанды. Оның келуімен зауытта кәсіпорынды дамыту мен көптармақты инфраструктура құруда жаңа бағыттарды іздестіру жолға қойылды. ҮМЗ –ны жаңа көпсалалы өндіріске айналдыру түбегейлі жүргізілді. Жаңа шығармашылық ұжымдар, тантал, бериллий, уран өндіретін жаңа өндірістер құрылды. Оның бастамасымен ауылшаруашылығына қолдау жасала басталды. Осылайша Тарханка селосында ірі совхоз құрылды. В.П. Потаниннің орнын сенімді адам қабылдап алды. Ю.И.Мурин басшылық жасаған кезеңде СССР дағы және әлемдегі ең қуатты АЭС үшін жылу өндіретін өндіріс құрлысы аяқталды. Тантал, бериллий, және оксид бериллиінен алынатын керамика өндірісі дамыды. 90 жылдардағы қайта құру кәсіпорынға біраз қиындықтар туғызды. Тек зауыттың 50 - жылдығы қарсаңында кәсіпорын жаңа нарық жағдайында өз орнын тауып, жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі “ҮМЗ” ААҚ жаңаша өрлеуде. 1997 жылы ҮМЗ “Казатомпром” Ұлттық компаниясының құрамына енді. Бұл компанияның басты мақсаты Қазақстанның уран байлығына иек арта отырып, атом өнеркәсібі саласын жоғары сапалы деңгейге жеткізу. 1998 жылдың 15 желтоқсаны күні “ҮМЗ” ААҚ бас директоры болып Виталий Григорьевич Хадеев тағайындалды. Ол заводта 20 жылдан астам жұмыс істеді және қарапайым аппаратчик пен смена мастерінен кәсіпорын басшысына дейінгі жолдан өтті. Оның бойында “жаңа басшыға” тән жастық пен қуат, зор қабілет пен ұйымдастырушылық дарын, білім тәрізді қасиеттердің бәрі де бар. Басты мақсаты заводтың өркендеуі мен әр зауыт қызметкерінің жағдайын жақсартуға ұмтылыс. Мыңжылдықтар тоғысындағы заводтың қазіргі жағдайы үлкен үміттерге жетелейді. Бюджеттік қарыздар мен берешектер өтелді. Еңбек ақы уақтылы төленеді. Бүгінгі зауыттың даму жоспары бары анық.

Бүгінгі күні кәсіпорынның құрамында:

  • ТМД елдеріндегі  атом энергетикасына арналған ядролық отынның ірі өндірісі;
  • Еуразиялық континентте бериллий қосылған өнімдердің қара құймаметалдан дайын бұйымдарға  дейін  барлық түрлерін өндіруші   жалғыз өндірісі;
  • ТМД елдерінде  заманға лайық қуатты жабдықтармен  жарақтанған, тантал-ниобий қосылған шикізаттың барлық түрлерін  қайта өңдеуге қабілетті   жалғыз тантал өндірісі;
  • заманына сай балқытқыш қышқылының өндірісі;
  • металл өңдейтін  жаңа жабдықтарда  аса жоғары  дәлдікте  бұйымдар жасауға, жабдықтар  дайындау бойынша  бай тәжірибесі бар    көлік жасау  кешені;
  • қуатты ғылыми-зерттеу база;
  • ірі конструкторлық-жобалау институты;
  • қуатты қосымша өндіріс инфрақұрылымы.

“ҮМЗ” ААҚ бериллийді 1951 жылдан бастап өндіреді. Бүгінгі “ҮМЗ” ААҚ маркалы бериллий өнімі бүкіләлемдік үздіктердің қатарынан орын алады. ТМД көлеміндегі тантал өндіретін бірегей өндіріс химиялық – металлургиялық, пеш және қаттау тәрізді қуатты құралдармен жабдықталған. 1950 жылы құрылған. Танталдың барлық түрін және құрамында ниобий қосындылары бар өнімдердің барлық түрлерін (фтортантал калийден бастап дайын құймалар, металл шыбықтар мен сымдар тәрізді өнімдерді) шығарады. Плавика қышқылын шығаратын өндіріс орны. Өндірістің қуаттылығы Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстанды бірге алғанда бәрінің де қажеттілігін өтеуге жарайды. Жоғарыөткізгіш материалдар өндіретін өндіріс орны 1969 жылы құрылды. Мамандардың күшімен жоғары электрлік, техникалық,және іске асатын жаңа өткізгіш сымдар, кабелдік желілер мен шиналардың түрлері пайда болды.

Тармақты  инфраструктура және қуатты ғылыми күш:

Құрал-жабдықтары - механикалық цех, энергожөндеу, электрожөндеу, транспорт цехы, көпсалалы қызмет көрсету цехы (типографиясымен), технологиялық процесстерді автоматтандырудың орталық лабораториясы, өлшеу техникасының орталық лабораториясы, жобалау-құрастыру институты, орталық ғылыми-зерттеу және талдау лабораториясы, қоршаған ортаны қорғау лабораториясы.

 “ҮМЗ”  ААҚ мамандары “ Қазақстанның  тенге сарайын” құрды. 1993 жылдан бастап металл тенгелерді, ал, келесі жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын шекілдеу басталды. Бүгінгі күні фурнитура бұйымдары, құнды металлдардан жасалған бұйымдар, мерейтойлық тенгелер шығарылады. “Үлгі металлургиялық зауыты” Ашық акционерлік қоғамының Тауарлық белгісі Қазақстан республикасында, сол сияқты, Ресей Федерациясында, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Польша, Словакия, АҚШ, Франция, Чехия, Жапонияда тіркелген. 1999 жылы “ҮМЗ” ААҚ ISO 9002 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес өнім сапасын басқару жүйесіне төмендегі салалар бойынша сертификат берді: Уран қосындыларынан алынған өнім өндірісі, оның ішінде ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғыларға арналған өнім өндірісі; түрлі деңгейде әзірленген өнімдерді ала отырып, уранның түрлі қосындыларын өңдеу. 1999 жылдың аяғында бериллий лигатурының өнімдік сапасын басқару жүйесі қызметін тарату бойынша сертификациялық аудит өткізілді. Ол Қазақстан республикасының “КАЗАТОМПРОМ” ҰАК құрамына қабылданды және еңбек етті. Жаңаша басқару стилі, стратегиялық басымдықтар мен нақты тактикалық міндеттер Кенді Алтайдың ірі кәсіпорнының бірі “ҮМЗ” ААҚ ұжымын ұзаққа созылған дағдарыстан шығарды. Қазақстан атом саласының үшінші мыңжылдықта әлемдік рынокқа сеніммен шығатын мүмкіндігі мол.

Бүгінгі күні зауытта қандай да болса күрделі  мәселелерді шешуге қабілетті  6000 астам жұмысшылар, техниктер, инженерлер еңбектенуде.  1999 жылдың  соңында, әлемдік рынокта өз орнын тапқаннан кейін, зауыт тарихында барлық өндірістерді дамытатын ірі инвестициялық бағдарлама  әзірленді.

 «ҮМЗ»  АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК  алдында осы кезде үлкен мәселе тұр: әлемдік уран қорының 25 пайызына ие болған Қазақстанның зор әлеуетіне  сүйене отырып, атом саласын сапалы жаңа деңгейге жеткізу. Бериллий шикізатының маңызды қорына ие бола отырып, ұжым өзіне  сапасы жағынан жаңа технологиялар базасында  дайындалатын бериллий  өнімдерін өткізу көлемдерін  кеңейту  және әлемдік тұтыну үлесінің 20 пайызына дейін  ие болу бойынша міндет жүктейді.  Бүгінгі күні бұл  мәселені  зауыт мамандары мен басшылары табысты шешуде.

 

 

 

 

 

2 БӨЛІМ. Өндіріс технологиясы

2.1 Уран өндірісі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның уран өндірісі - энергетикалық  қондырғыларға арналған уран отынын өндіру бойынша әлемдегі ірі кешендердің  бірі.

Бүгінде «Үлбі  металлургиялық зауыты» АҚ-ның уран өндірісі әлемдік нарыққа келесі  өнімдерді ұсына алады:

  • табиғи ураны закисі-окисі;
  • керамикалық сұрыпты ядролық уран диоксидінің ұнтағы;
  • ВВЭР, РБМК, PWR тұрпатындағы реакторларға арналған отын таблеткалары, оның ішінде эрбий оксиді мен гадолиний оксиді сияқты жанғыш  қоспалы отын таблеткалары;
  • AREVA NP француз дизайніндегі PWR реакторына арналған AFA 3G  типті отын таблеткалары
  • ашылуы қиын уранқұрамдас материалдарды қайта өңдеу бойынша қызметтер.  

Кәсіпорын мамандары  әзірлеген бірегей технология тек  дәстүрлі шикізат түрлерін ғана емес, сонымен қатар, күл, ерімейтін шөгінділер іспеттес ашылуы қиын, оның ішінде жанғыш сіңірушілер (эрбий мен гадалиний) сияқты  уранқұрамдас материалдардың да тиімділігі жоғары қайта өңделуін қамтамасыз етеді. Қолданыстағы технологияның  әмбебаптығы кез келген уранқұрамдас материалды қайта өңдеу мүмкіндігінде, оның ішінде қайта қалпына келтірілген  шикізатты Тапсырысшы спецификациясының  ең жоғары талаптарына сәйкес өнімге дейін өңдеуде.

 

 1-сурет. Уран өндірісі

 

Қызметтердің  кең ауқымы, икемді өндірістік және маркетингтік саясат, өнімнің жоғары сапасы Үлбі металлургиялық зауытын  АЭС-терге арналған ядролық отынның  әлемдік нарығында алдыңғы қатарлы  позицияны ұстап тұруға, АЭС-терге  арналған әлемдік ядролық отын нарығының  белсенді қатысушысы болуына  жол  ашады.

Қатаң мемлекеттік  бақылау жағдайында уранқұрамдас материалдарды  қайтаөңдеу нарығындағы жартығасырлық  жұмыс тәжірибесі, персоналдың жоғары біліктілігі тұтынушылардың кез  келген талаптарын қанағаттандыратын  өнім өндірудің кепілі болуға мүмкіндік береді. Алдыңғы қатарлы технологияны, автоматтандырылған басқару мен заманауй технологиялық құрал-жабдықты пайдалану адамның уранқұрамдас материалдармен және оларды қайта өңдеу өнімдерімен жанасуын минималдандыра отырып,   автоматты режимдегі технологиялық үрдісті жедел бақылауға және реттеуге жол ашады.

"ҮМЗ"  АҚ уран өндірісі экология  саласындағы әлемдік талаптарға  сәйкес, ал қолданыстағы қоршаған  орта менеджменті жүйесі 2004 жылғы  версиядағы ISO 14001 стандартына сәйкестікке  сертификатталған.        

 «Үлбі  металлургиялық зауыты» АҚ-ның  уран өндірісі Қазақстан Республикасында  алғашқы болып халықаралық талаптарға  сәйкестікке сапа менеджменті  жүйесін сертификаттады.  

 Қазіргі  уақытта уран өндірісі:

  • керамикалық сұрыптағы уран диоксиді ұнтағымен жабдықтаушы ретінде General Electric американдық компаниясы сертификаттаған (1988 жылы);
  • керамикалық сұрыптағы уран диоксиді ұнтағымен жабдықтаушы ретінде Nuclear Fuel Industry жапон компаниясы сертификаттаған (2010 жылы);
  • AFA 3G типті отын таблеткаларымен жабдықтаушы ретінде AREVA NP француз компаниясы сертификаттаған (2010 жылы);
  • AFA 3G типті отын таблеткаларымен жабдықтаушы ретінде CJNF қытай компаниясы сертификаттаған (2010 жылы);
  • Westinghouse (АҚШ, Швеция) компаниясында уран диоксиді ұнтағы сертификациядан өтті.

 

2.2 Бериллий  өндірісі

 

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бериллий өндірісі  әлемдегі кен концентратын қайта өңдеуден   сапалық параметрге бағыттап, дайын  өнім түріне дейін шығаратын толық  өндірістік циклі  бар  үш кәсіпорынның бірі.

 

2-сурет. Бериллий өндірісі

 

Кәсіпорында  дайындалған технологиялық  схема  бериллий қосылған шикізаттың  қандай да болса түрін  қайта өңдеуге  мүмкіндік жасайды. Теңдессіз технологиялық  жабдықтар кәсіпорынға  бериллий мен оның құймаларының негізінен  алынған бұйымдардың  кең ассортиментін  өндіруге мүмкіндік жасайды.   Гидростатикалық және  газостатикалық  нығыздағыш қондырғылар  изотоптық  қасиеті бар өнім алуды қамтамасыз етеді.

«ҮМЗ» АҚ бериллий өндірісінің жарты ғасырлық жұмыс тәжірибесі, кәсіпорынның жоғары білікті мамандары  тұрақты тұтынушылардың талаптарына сай   өнім өндіріп  қоймай, әлеуетті  тапсырыс берушілердің де талаптарына сәйкес өнім өндіруге мүмкіндік жасайды.  Электрониканың, байланыс құралдарының, көлік  құрылысының, мұнай мен газ өнеркәсіптерінің  жылдам дамуын ескере отырып, біздің кәсіпорын  берилийлі қоланың және оның бұйымдарының  әлемдік рыногына  өз өнімдерімен  белсенді түрде  енуде.

Соңғы бір  жарым жылда  бериллий өндірісі  бойынша технологияның үнемділігін  жоғарылату және арзандатудың жаңа технологиясын  әзірлеп, енгізуге 4 млн. доллар  жұмсалған.

Металды бериллий мен бериллий лигатурасы өндірісінің  сапалық жүйесі ISO 9001:2000 стандарттары бойынша сертификатталған. Бүгінгі  күндері «Үлбі металлургиялық зауыты»  АҚ  өндіретін бериллий лигатуралары сапалық жағынан  әлемдік  аналогтардан асып түседі.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ  бериллий өндірісі  әлемдік рынокта келесі өнімдерді ұсынады:

  • металды бериллий - құймалар;
  • алюмо-бериллий  лигатурасы,
  • мыс-бериллий лигатурасы;
  • никельбериллий  лигатурасы;
  • бериллий оксиді - ұнтақ;
  • бериллий оксидінен  жасалған  бұйымдар;
  • металды  бериллий - ұнтақ;
  • металды керамикалық  бериллий – бұйымдар мен дайындамалар.

 

 

2.3 Тантал өндірісі

"Үлбі  металлургиялық  зауыты" АҚ тантал  өндірісі  ТМД аумағында  жеке  және әлемде тантал қосылған  шикізатты  қайта өңдеуден  дайын өнім алуға дейін толық  өндірістік циклі бар  аса  ірі кәсіпорындардың қатарына  жатады.  «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісі  тантал-ниобий шикізатының,  оның  ішінде күрделі  өңделетін  қандай да болса түрін қайта  өңдейтін, белгілі  сапа параметрмен  өндірілетін өнімнің  қолайлы  технологиясымен ерекшеленеді.  Кәсіпорынның тантал мен ниобий  өндірісіндегі  негізгі реагент,  фторлы сутек  қышқылын өндіруге  қажетті  өз флюорит рудасының  шикізат базасы (Қаражал кен орны, Қазақстан) бар. 

  3-сурет. Тантал өндірісі 

 

«ҮМЗ» АҚ  жоғары білікті   инженерлік-техникалық және  ғылыми-зерттеу  персоналы, жарты ғасырлық  тантал өндірісі бойынша жұмыс тәжірибесі  тапсырыс берушінің  талаптарына сай   жоғары сапалы өнім  шығаруға мүмкіншілік  жасайды.

Өндірісте қолданылатын технология   тазалығы 99,97 пайыздық  тантал өндіруге кепілдік береді.  Тұтынушыға өнім  белгілі  мерзімде  келіскен спецификация бойынша  жеткізіледі.

Кәсіпорын мамандары, заманға сай  металл рыногының  талаптарын ескере отырып, тантал өндірісінің  инвестициялық даму бағдарламасын  әзірледі, және ол  бес жыл ішінде  осы мақсаттарға 20 млн. долл.  игеруді  көздеп отыр. Бағдарлама орындалса  «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісінің өнімдері  сыртқы және ішкі  рыноктарда  оның   қажеттілігін  қамтамасыз етеді, және Қазақстанның экспорттық әлеуетін  қатайтады.  Бәсекелестік қабілеті бар, жоғары сыйымдылықты  конденсаторлық тантал ұнтақтарының және  заманға  сай конденсаторлар  сымдарының, құйма, илек, сым, ұнтақ, лигатура түріндегі  ниобий өнімдерінің үнемді өндірісін  ұйымдастыру көзделіп отыр.

«ҮМЗ» АҚ  тантал өндірісінің  сапалық басқару  жүйесі  ISO 9001:2000  халықаралық стандарттарға  сәйкестікке сертификатталды.

"Үлбі  металлургиялық  зауыты" АҚ тантал  өндірісі   әлемдік рынокта  келесі өнімдерді ұсынады:

ТАНТАЛ ӨНІМДЕРІ:

  • Екі және үш дүркін  электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген , тазалығы 3N2, 3N5, 3N7, 4N и 4N5 тантал құймаметалдары
  • Ұсақ тіліктер;
  • Жазық және домалақ тантал илегі;
  • Конденсаторлық тантал ұнтақтары;
  • Конденсаторларға арналған материалдар
  • TaY құймалары. TaY өнімдері
  • TaW құймалары. TaW  өнімдері
  • Вакуумдық-доғалық балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 4N5 тантал құймаметалдары

 

 

 

  1. БӨЛІМ

3.1 Орталық ғылыми – зерттеу зертханасы (ОҒЗЗ)

«ҮМЗ» АҚ  орталық ғылыми – зерттеу зертханасы  Қазақстан Республикасының атом  өнеркәсібі  кәсіпорындарының ғылыми, техникалық, технологиялық мәселелерін, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін  шешу үшін құрылған.

Мақсаттар:

  • Әлем  рыногында  «ҮМЗ» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»  АҚ  уран, тантал, ниобий мен бериллий өндіру және қайта өңдеу саласында  жоғары дәрежелі бәсекелестік қабілетін  қамтамасыз ету үшін, ғылыми-техникалық  жұмыс жүргізу;
  • Еліміздің  басымды ғылыми-техникалық  даму салаларында- ядролық технологиялар, нанотехнологиялар, ғарыштық технологиялар, қоршаған ортаны қорғаудың жаңа технологиялары- жаңа материалдар мен технологиялар  әзірлеу;
  • Технологиялар әзірлеу және «ҮМЗ» АҚ  үшін дәстүрлі  негіздегі   металдары мен  аймақтық минералды-шикізат базасының ресурстарын үнемді пайдалануда  жаңа ғылыми жоғары технологиялық өнімдер өндірістерінің  бизнес негіздерін құру;

ОҒЗЗ  өз  қызметін  Қазақстанның  дамуында атом өнеркәсібінің ғылыми-техникалық әлеуетін  толық пайдалану  үшін, «ҮМЗ»  АҚ  мен  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»  АҚ  ұзақ мерзімді перспективаның стратегиялық дамуының  басымды  бағыттарын  басшылыққа  алып, іске асырады.

ОҒЗЗ  ғылыми-техникалық  қызметін  келесі  салаларда іске асырады:

  • «ҮМЗ»  АҚ   мен  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»  АҚ  бәсекелестігін  жоғарылатуға көмектесетін жаңа  материалдарды, ғылыми технологиялар  мен  үнемді  техникалық шешімдерді  әзірлеу  мақсатымен  ғылыми-зерттеу  жұмыстарды (ҒЗЖ) дайындау,  ұйымдастыру, жүргізу;  
  • ҒЗЖ нәтижелерінің негізінде жаңа материалдар мен технологиялардың тәжірибелік үлгілерін  өнеркәсіпке енгізу үшін сынау мақсатымен   тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Нормативтік-техникалық  құжаттаманы   әзірлеу, ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз  ету  бойынша   ғылыми-техникалық,  инжиниринг  және  консалтинг қызметтерін  көрсету.

 

Қызметтің  негізгі  бағыттары:

  • Ядролық-отын циклі мен  өнеркәсіптің басқа салалары үшін,  іс жүзіндегі және жаңа  материалдар мен технологияларды  жетілдіру бойынша  ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Стратегиялық маркетинг зерттеулерінің саласында  консалтинг қызметін көрсету;
  • Инвестициялық  және  инновациялық бағдарламаларды  дайындау;
  • Жоғары технологиялық және ғылыми өндірістерді  бизнес-жоспарлау;
  • Қоршаған ортаны қорғау  және аумақта техногендік  салмақты  төмендету.

ОҒЗЗ  негізгі  тапсырыс  берушілері  «ҮМЗ» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» АҚ әртүрлі  кәсіпорындары.

 ОҒЗЗ  Мемлекеттік бюджеттен  қаржыланатын  елімізге қажетті  басымды  ғылыми-техникалық бағдарламаларды   орындауға  қатысады.

 

«ҮМЗ» АҚ басшылығының сапа саласындағы саясаты

«ҮМЗ» АҚ –  уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерінің  өндірісінде маманданған кәсіби команда болып танылады, мұнда  әркім өз еңбегінің нәтижесі бойынша  жауапты болып, жалпы мақсатты іске асырудағы өзінің рөлін жақсы  сезінеді.

Сапа  менеджментінің саласындағы қызметімізде біз мынаған ұмтыламыз:

  • Біздің өнімімізді тұтынушыларды қанағаттандыруды жоғарылату;
  • Нарықтың стратегиялық сегменттерінде «ҮМЗ» АҚ үлесін көбейту;
  • Өндірістік шығындарды төмендету.

Сапа  менеджменті, қоршаған орта менеджменті  жүйелерін TÜV Thuringen e. V. менеджмент және персонал жүйесін сертификаттау  жөніндегі органы келесі салаларда  ЕN ISO 9001:2008, EN ISO 14001:2004 және OHSAS 18001-2007 стандарттарының  талаптарына сәйкестікке сертификаттаған:

  • уран қосылыстарының және олардан жасалған бұйымдардың өндірісі;
  • берилийдің, оның қосылыстарының және олардан жасалған бұйымдардың өндірісі;
  • танталдың, ниобийдің, олардың  қосылыстарының және олардан жасалған бұйымдардың  өндірісі.  

  

 

 

  

AFA 3G дизайны  бойынша ядролық керамикалық  отын таблеткаларының өндірісі AREVA NP компаниясымен сертификатталды.

 

    1. MS Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу

 

Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі - Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

Мен бұл курстық жұмысымды жазу барысында Excel-де мәліметтермен жұмыс істеуде жиі диаграммаларды пайдаландым.

Excel- де диаграммаларды  тұрғызу. Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парқта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диагамма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді.

Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма  шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде  орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма  тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің  барысында енізуге болады.

Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің алғашқы  сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет. Стандартты қыстырмасындағы  Түр (Вид) тізімінде диаграмманың қолда  бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің  түрлі нұсқаулары көрсетілген. Сонын  ішінен ең қолайысын таңдауымыз қажет. Стандарты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма  түрлері бейнеленген. Диаграмманың түрін таңдап алынғанна кейін  Ары қарай ( Далее ) батырмасын басамыз.

  Мәліметтерді таңдап алу. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) жұмысының екінші сатысы диаграмма тұрғызылатын мәліметтердің таңдап алудан басталады. Егер мәліметтер ауқымы алдын- ала берілген болса, Диаграмма шебері терезесінің үстінгі  жоғарғы бөлігінде орналасқан адын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады. Егер мәліметтер бірдей ауқымды тік төртбұрышты қамтитын болса, онда оны мәліметтер ауқымы (Диапазон данных) қыстырмасы бойынша таңдап  алған қолайлы. Егер мәліметер бірегей топтан емес, жеке қатарладан тұрса, онда оны Қатар (Ряд) қыстырмасы бойынша енгізген дұрыс.

Қазақстан металлургиясының кешені