Қазақстан көлдері
Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институты
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология және география кафедрасы
Сейдағалиева Жәния Мағауияқызы
Курстық жұмыс
Қазақстан көлдері
Тексерген: Баймағанбетова Қ.Т.
Қостанай 2009
Мазмұны
Кіріспе.......................
- Көлдердің геологиялық қалыптасуы және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуі……………………………………………………………
…………6 - Тектоникалық көлдер типі..........................
.............................. ..............6 - Реликті (қалдық) көлдер типі..........................
.............................. ..........9 - Мұздық, дефляциялық көлдер типі…………………………………13
2. Көлдердің ірі көлдер тобына қарай топтастырылуы……………………15
2.1. Арал – Каспий көлдер тобы
..............................
2.2. Балқаш – Алакөл көлдер тобы..........................
2.3. Теңіз – Қорғалжын - Қарасор
көлдер тобы..........................
2.4. Көкшетау - Құсмұрын көлдер
тобы..........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі ..............................
Кіріспе
Қазақстан көлдерге бай. Мұнда Каспий, Арал теңіздері және көлемі жағынан дүние жүзінде он жетінші орын алатын Балқаш көлі сияқты ірі көлдер бар. Ауданы бір – екі мың шаршы км – ге жететін көлдер де аз емес.
Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді.
Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып тұруы, типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы және олардың көпшілігінің ағынсыз болып келуі жатады.
Қазақстан көлдерінің географиялық
таралуында бірқатар ерекшеліктер бар.
Климаттық жағдайларға
Қазақстан территориясындағы көлдер су алмасу жағдайларына қарай ағынсыз, маусымдық ағынды, ағынды көлдерге бөлінеді. Көлдердің басым көпшілігін ағынсыз көлдер құрайды. Ағынсыз көлдердің су баланысының компаненттері (беткі ағыс, көл бетіне түсетін жауын – шашын, жер асты суы, сүзілу және булану) төменгі деңгейдің тұрақсыздығын, жазда су айдындарының көп бөлігінің құрғап қалуын, қыста қатуын, су аз жылдары толық кеуіп кетуін тудыратын жылдық және көп жылдық өзгерістерге ұшырайды. Көл деңгейлерінде ұзақтығы әр түрлі циклдік ауытқулар (суға тапшы жыл мол сулы жылмен алмасады) кездесіп отырады.
Көлдерге келіп құятын су балансын жер бетімен ағып келіп құятын су, қар, жауын шашын және жер асты сулары құрайды. Жер бетімен ағып келіп құятын судың көлемі көлдің су жиналатын алабына байланысты, ол жазықт ы және шөлейтті жерлерде су балансының 80-85%, ал ылғалды таулы аудандарда 50-60% құрайды. Ылғалды жылдары су ағыны көпжылдық орташа ағыннан бірнеше есе асып түседі де көл деңгейі лезде көтеріледі. Қуаңшылық жылдары жер бетімен келетін су ағынының мөлшері 5-10 есе кемиді. Көл жаз айында 12-39, қыста 5-20% жауын суымен толығады. Жер асты суы буға айналатын судың 5-20% құрайды. Ағынсыз көлде су балансының өзгерісі судың буға айналуынан болады. Оның мөлшері жылына 700-ден 1200 мм-ге дейін жетеді. Осы шығынның 10-15 % судың жерге сіңуінен болады.
Көл суының мөлдірлігі 0,3 метрден 18 метр тереңдік аралығында, қыста мөлдірлік артып, жазда еріген судың қосылуына байланысты кемиді. Көл суының түсі көгілдір жасыл түстен сарғыш қоңыр түске дейін құбылып отырады. Көлдердің көпшілігінің суы күкіртті сутекті, яғни тым ащы болып келеді.
Көл суының минералдығы көл суын пайдаланудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Тұздылығына қарай көл суы тұщы су, кермек су, ащы су және тұзды су болып бөлінеді. Ауыз суға пайдаланылатын судың минералдылығы оның бір литрінде бір грамм тұздан артпайды, ал екі грамм болса орташа мөлшер деп саналады. Қазақстан көлдері суының минералдылығы 0.075 г/л-ден 335 г/л-ге дейін ауытқып отырады. Тұз контентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы режимінің өте тұрақсыз болуына байланысты.
Көлдер әр түрлі табиғат ресурстарына өте бай. Енді соларға қысқаша тоқталайық.
Суы. Халық шаруашылығының қажетіне көбінесе көлемі бір шаршы километрден жоғары, минералдылығы 3 г/кг-нан аз және тереңдігі 2 метрлік көлдер пайдаланылады. Осы көлдердің су деңгейі жылдық орташа өзгеруі, минералдылығы аз болады. Көлдердің көп жылдық орташа қоры (Балқаш көлін қоспағанда) 13 млрд текше метрдей. Көктемде және жаз айларында көл суының жалпы көлемінен 1-5%, яғни 300-700 млн текше метрге дейін пайдалануға болады.
Балығы. Республикамыздағы көлдерде балықтың 35 түрі кездеседі, олардың ішінде ауланатыны - сазан, көксерке, майбалық, ақ балық, алабұға, табан балық. Балқаш, Алакөл, Билікөл, Қамыстыбас және Марқакөлден ауланатын балық мөлшері 05-тен 40 киллограмға дейін. Осы көлден жыл сайын 16-17 тонна балық ауланады. Ал көлдерді ұтымды пайдаланса, балық аулауды екі есеге дейін артыруға болады.
Су өсімдіктері. Олар қағаз және ағаш өнеркәсібінде пайдаланылады. Көл қамысы 500 мың гектар жерді алып жатыр, ол негізінен Балқаш, Алакөл көлдерінің және Шу, Нұра, сырдария өзендерінің жағалауларында өседі.
Есептеулерге қарағанда, 150 мың гектар жерден 1,5 млн. тонна құрғақ қамыс дайындауға болады. Осы қамысты ұтымды пайдаланып, химиялық жолмен өңдесе, 700 тонна ағартылған целлюлоза, 30 мың тонна мал азығы ашытқысы, 300 мың тонна сульфатты спирт бордасын, 7,5 млн. декалитр этил спиртін өндіруге болады екен. Сондай –ақ миллион текше метр ағаш үнемделеді және жылына 5 млн. тонна мал азығы құнарландыруға болатын белок пен витамин алынады.
Жануарлар әлемі. Қазақстан көлдері жағалауларында түлкі, ақ тышқан, тарғыл мысық, солонгая, қасқыр, борсық, қарсақ, сасық күзен, жабайы шошқа, су тышқаны және т.б. тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны ондатр.Алайда соңғы кезде ондатр терісін өндіру 20 есеге дейін кеміді, бұған ондатрды аулауды дұрыс ұйымдастырмау, браконьерліктің етек алуы елеулі әсер етуде.
Курстық жұмыс мақсаты мен міндеттері: Көлдерге физикалық-географиялық тұрғыдан жалпы сипаттама беру және көлдердің таралу ерекшеліктерімен, ресурстарымен, су алмасу жағдайларына қарай бөлінуімен және жасының әр түрлілігне байланысты, яғни қазаншұңқыр типтеріне қарай бөлінуімен жекелік түрде танысу. Ірі көлдерге байланысты топтастырып қарастыру және олардың органикалық дүниесімен танысу.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
-Көлдерге физикалық – географиялық тұрғыдан сипаттама беру;
- Көлдердің таралу ерекшеліктерімен, ресурстарымен, су алмасу жағдайларына қарай бөлінуімен танысу;
- Көлдердің геологиялық қалыптасуын және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуін анықтау;
- Көлдердің ірі көлдер тобына қарай бөлінуімен танысу және оларға толық сипаттама беру;
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның физикалық-географиясының ішкі суларына кіретін Қазақстан көлдері туралы мәлімет беру үшін, оны екі бөлім негізінде қарастырдым: бірінші, физикалық-географиялық тұрғыдан және геологиялық қалыптасуы мен қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуіне жалпы сипаттама; екінші, Көлдердің ірі көлдер тобына қарай бөлінуі.
Көлдерді геологиялық қалыптасуы және ірі көлдер тобына қарай бөлінуі тұрғысынан анықтауға, қарастыруға, таныстыруға, толық мәлімет беруге тырыстым.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, яғни негізгі мәселелерді қамтитын ІІ тарау, қорытындыдан, қосымшалар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Теориялық негізі: Осы курстық жұмысымды бірнеше әдебиеттерді басшылыққа ала отырып жаздым. Оның ішінде негізінен:
Омаров Т.Р. «Қазақстанның өзендері мен көлдері», Омаров Т, Филонец П, Филонец Ю. «Қазақастан көлдері», Өтемағамбетов М. «Қазақстанның физикалық географиясы» және т.б. әдебиеттерді пайдалана отырып, Қазақстанның көлдеріне физикалық-географиялық тұрғыдан толық сипаттама бердім.
- Көлдердің геологиялық қалыптасуы және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуі.
- Тектоникалық көлдер типі
Қазақстан көлдерінің ерекшелігі – жасының әр түрлі болуы. Қазақстан көлдерінің әр жаста (әр кезеңде пайда болуы) болуы, оның территориясының жеке аудандарының әр түрлі жаста болып келуімен байланысты. Жазық аласа таулы бөліктің көлдерінің көпшілігі өзінің эволюциялық дамуының стадиясына жеткен. Мұнымен қатар шөлдің көлдері тез тұзданып, тұз байланатын көлге айналады. Жергілікті халықтар оларды тұз деп атайды. Мұнан әрі бұл көлдер сорға айналады.
Орманды дала және дала зоналарының көлдері біртіндеп борпылдақ жыныстармен толып, оларды өсімдік қаптауда. Олардың көпшілігі «құрудың» әр түрлі стадиясына жеткен.
Биік таулы аймақтардың көлдері даму кезеңі жөнінен жас көлдерге жатады.
Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Тектоникалық көлдер төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл Қазақстанның оңтүстік – шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралған. Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз – Қорғалжын тобы, Көкшетау тобы, бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі т.б. су айдындары осы топқа жатады.
Марқакөл. Қазақстанның шығысында, Алтай тауының оңтүстігінде орналасқан. Оның ұзындығы 38 километр, ені 19 километр, көлемі 1455 шаршы километр. Жағалауының ұзындығы 106 километр. Көл теңіз деңгейінен 1449,3 метр биіктікте жатыр.
Марқакөлдің су жиналатын алабы таулы. Оның көлемі 1180 шаршы километр.Марқакөл көлі Марқакөл ойысында жатыр. Оның оңтүстігінен Азутау, солтүстігінен Күршім тулары қоршап тұр.
Көл жағалауларында ағаш өте қалың болып шыққан. Мұнда қарағай, шырша, самырсын, ақ қайың, көк терек, шетен ағаш, мойыл сондай-ақ қарақат, ырғай, тобылғы, үйеңкі, тал өседі. Көлге шағын – шағын 27 өзен құяды.
Көлдің су деңгейі мамыр айынан бастап көтеріліп, маусым, шілде айында ол ең жоғары шегіне жетеді, сонан соң ол төмендеп, қазан, қараша айларында бірқалыпқа келеді. Көлдің оңтүстік – батыс жағының терең жері 27 метрге дейін жетеді. Солтүстік – шығыс жағының суы тайыз келеді, ол бірте бірте тереңдейді.
Көлдің түбі кедір беті кедір – бұдырлы. Көлдің орта шені түбінің шамамен 300 километр жерін сұр лай басып жатыр. Ірі тас жыныстары тек қана мүйістерде кезеседі. Құятын өзендердің сағалары жырымдалғаны болмаса,Марқакөлдің жағалаулары онша бұзыла қоймаған. Көлдің батыс жағынан тас көмір және девон шөгінділерінен пайда болған тақтастар, ал оңтүстігінен граниттер көзге түседі.
Оңтүстік жағалауында тау жақпары мен су астына құлаған ірі тастар бар. Марқакөлдің ең терең жері 27метр болса, оның орташа тереңдігі 14,3 және метрдей. Көлге 6,5 текше километр су жиналады.
Көлге құятын су балансы алабына түсетін жауын шашын мен жер асты суымен молығады.
Марқакөлдің суының түсі жасыл –көк, 4-5 метр тереңдікке дейін мөлдір, иіссіз. Көл суының жылдық температурасы мынадай сипатта болады: қыстан көктемге қарай бірте – бірте көтеріліп, шілде-тамыз айында 16-17°-қа жетеді, сонан қайта бірте-бірте төмендеп, қараша айының басында 0° болады.
Марқакөл Қазақстанның
ең суық аймағында жатыр. Көлге қараша
айында мұз қатқаннан кейін
Марқакөлдің суы жұмсақ, аздап қышқылдау. Химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класына кальций тобына жатады. Суында йод, бром, фтор, бор, мырыш, мыс, марганец, молибден, кобальт және никель аз кездеседі.
Планктоны. Фитопланктонында жасыл, көк жасыл және диатомдық балдырлар басым. Ал зоопланктонының 60 түрі бар. Мұнда коловратклардан сабақ мұртты және ескек ақ шаяндар, дафнин, босминдер кездеседі.
Мұнда қамыс, жебе жапырақ, ал шығанақ пен өзен сағаларында құрлық пен суда өсетін қарақұмық, балдыр, мүйіз жапырақ, т.б. өсімдіктер өседі.
Ихтиофаунасы. Марқакөлде ленок (ускуч), хариус, голец және шабақ балықтары өмір сүреді. Бұл балық кәсіпшілік негізінде ауланады. Көлде жабайы үйрек, шағала т.б. құстар мекендейді. Тихушки өзенінің сағасында Қалжыр өзенінің бастауында ондатр көп кездеседі.
Зайсан көлі Алтай мен Сауыр-Тарбағатай тауларының арасындағы тектониклық ойыста жатыр. Зайсанның формасы ұзынша келген. Оның ұзындығы 111 км, бассейннің ауданы 1860 км2.
Зайсан – ағынды көл, оған көптеген өзендер келіп құяды, олардың ең ірісі Қара Ертіс. Көлден Ертіс ағып шығады.
Зайсанның жағалауы біркелкі және нашар тілімденген. Көлдің түбі жалпы алғанда тегіс, бірақ орталығында 8-9 м тереңдікте Қара Ертісті Ертіспен қосатын су асты арнасы өтеді. Көлдің суы тұщы, түсі қоңыр жасыл, температурасы жазда біршама жоғары 22º-тан 26º-қа дейін жетеді. Қыста көл қатып қалады.
Зайсанның деңгейі ауытқып тұрады. Ол екі түрлі болады. 1. Көп жылдық кезеңдік ауытқу. Бұл климаттың өзгеруіне баланысты. 2. Маусымдық ауытқу бұл ағын судың мөлшеріне байланысты.
Көл деңгейінің жоғары болуы мамырдың аяғынана маусымның басына дейінгі аралықта, төмен болуы қыста байқалады.
Зайсан ихтиофаунаға бай. Онда балықтың 23 түрі кезедеседі. Оның 17 түрінің кәсіптік маңызы бар. Олар: сазан, шортан, нәлім, алабұға т.б. Зайсанмен Тополев мүйісі пристанына дейін кеме қатынайды.
Теңіз көлі. Қорғалжын ауданының солтүстік-батысында орналасқан. Биіктігі 304,4 метр, көлемі 1161,5 шаршы километр, ұзындығы 74,4 километр, ені 32 километр, жағалауының ұзындығы 488 километр, ең терең жері 8 метр, су жиналатын алабы 94900 шаршы километр.
Теңіз көлінің ойысы тектоникалық процестен пайда болған. Жағалауы өте көп тілімденген, көптеген мүйістер, аралдар бар. Аралдардың көбісі биік, тік келген ( су бетінен 5 метрге дейін жоғары тұр) – бұл батыс жағалауы жазық, төмен. Көл түбі тегіс,жазық, лайлы.
Теңіз көлінің жағалауы төмен, ылдилы, қатты балшықтан құралған, оның ішінде гипс араласқан шығыс жағалауы өте тілімденген және де құрлыққа қарай мүйіс арқылы тірелген, осы мүйісті көптеген аралдар бар.
Су жиналатын
алабы негізінен ірі екі
Теңіз көлі ағынсыз, Нұра және Құланөтпес өзендерінің суымен, жауын шашын суымен және көктемгі қар суымен қорланады. Жаз айында Нұра өзені Теңізге аз құяды. Көл суы желтоқсанда қатып, сәуір айында мұз ери бастайды. Мұзының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Көл суының деңгейі ауытқып отырады. Оның деңгейі сәуір айында көтеріліп, қазан айында төмендейді.
Теңіз көлінің минералдануы өте құбылмалы - 03,3-тен 18,2 г/кг аралығында. Суы кермектіғ сульфат класына, натрий тобына жатады.
Көлде жабайы құстар өте көп кезедеседі және көлдің өзі Қорғалжын мемлекеттік қорығының территориясына енеді. [2,3,5]
- Реликті (қалдық) көлдер типі
Реликті (қалдық) көлдер ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш – Алакөл ойысындағы кейбір көлдер қалдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері – Каспий мен Арал теңіздері.
Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты қалыптасқан.
Каспий теңзі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың км2. Оның беті мұхит деңгейінен 27 метр төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстіке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері – 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29% (2340 км), Ресейге 16%, Әзірбайжанға 20%, Түркіменстанға 21%, Иран Ислам Республикасына 14% тиеді.
Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 метр, жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 метр, ең терең жері 788 метр, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 метр, ең терең жері 1025 метр, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр. Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстігі анағұрлым тайыз болып келеді.
Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан. Солтүстігі қоңыржай континентті климатты, оңтүстік батысы – құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азия шұғыл континентті климаттар арасында жатыр. Жазда Каспий теңізінің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура +24º+26 ºС. Қыста температура өзгеше. Солтүстікте қыс қатты. Қаңтар айының орташа температурасы -7°-11°С. Орта бөлігінде +1°+5°С, ал оңтүстікте +8°+10°С. Қаңтардың ең төменгі температурасы -38°С-қа жетеді. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек сотүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2м-ге дейін жетеді. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температурасы солтүстігінде -1,0°, оңтүстігінде +10º +11ºС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура айдынның бірқатар бөлігінде +24ºс, ал оңтүстікте +28ºС-қа дейін көтеріледі.
Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құылмалы, ал Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2 ‰ болса, орталық бөлігі 10-12‰ –ге дейін көбейеді. Орталық және оңтүстік бөліктерінде тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14‰ болады.
Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалықта кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоұыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ыан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 796 түрі мекен етеді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағала баоық – қортпа (белуга) ұзындыығ 6-7 м –ге, ал салмағы 1800 кг–ға дейін жетеді, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындыығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) ұзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг–ға дейін жетеді. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ т.б. ауланады.
Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрі кездеседі. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіті маңызы бар 2 млн. құс қонақтайды. Кей жылдары суда жұзетін 3 млн –дай құс қыстап шығады.
Ақтау қаласында тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау порты заман талабына сай қайта жөнделіп, жабдықталды, теңіз айлағы кеңейтілді. Теңіз флоты құрылды. Басқа елдермен сауда қарым – қатынастар порт арқылы жүзеге асуда. Теңіз жағалауында – Атырау, Форт – Шевченко, Ақтау және т,б, қалалар бар.
Арал теңізі Қазақстанда көлемі жағынан екінші, дүние жүзінде төртінші орын алатын көл. Оның ең үлкен ұзындығы 420 км, ең кең ені 284 км, ауданы 64 490 кв км, аралдарын қоспағанда - 63 270 кв км, суының көлемі 1 028 куб км.
Арал теңізінің Қазақстанға қарайтын бөлігінің жағалауы әр түрлі. Солтүстік жағалау күшті тілімденген және қойнаулы жағалау типіне жатады. Мұнда бірнеше шығанақтар бар: Сарышығанақ, Паскевич, Түщыбас, Чернышев. Батыс жағалау ойпатты, көп тілімденген. Теңізде айтарлықтай ірі аралдар да бар: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение т.б. Шығыс жағалауда көптеген ұсақ аралдар бар. Арал теңізін әдетте екі бөлікке бөледі. Үлкен теңіз Көкаралдан оңтүстікке қарай жіне Кіші теңіз – одан да солтүстікке қарай. Арал теңізінің тереңдігі көп жерінде 20-25 м шамасында.
Аса терең жері батыс жағалауда – 67 м-ге дейін. Арал теңізінің бассейнінің жалпы ауданы үлкен – 1 834 000 кв км, бірақ су жинайтын бөлігі тек 450 000 кв км ғана, яғни 25%. Теңіздің кіріс балансында Амудария мен Сырдарияның суынан тұратын беткі ағыс 91,1%, мм-дей су қабаты буланады.
Арал теңізінің деңгейі шұғыл ауытқып отырады, бірақ оның бағыты Каспий теңізінің деңгейінің ауытқу бағыиына қарама қарсы. Мұндай айырмашылықтың болу себебі әр теңіздің әр түрлі климаттық аймақтардан қоректенуіне байланысты.
Арал теңізінің деңгейі маусымдық ауытқуға да ұшырайды. Деңгейінің еі жоғары болатын кезі мамырдан қыркүйекке дейінгі аралық, яғни Сырдария мен Амударияның бастауларындағы мұздықтар мпен қардың еріген кезі, ең төмен кезі қыс айлары.
Таяз болғандықтан Арал теңізінде желдің суды айдап, үріп әкетуіне байланысты деңгейдің ауытқулары болып тұрады.
Арал теңізінің ағысы Амударияның сағасынан басталады да, батыс жағалауды бойлап, солтүстікке қарай сағатына 1 км-ден артық жылдамдықпен өтеді. Одан соң солтүстік жағалауды айнала отырып, шыығс жағалауды бойлай оңтүстікке бағытталады. Сырдарияның сағасынан бұл ағысқа басқа ағыс келіп қосылады, ол оңтүстікке Амударияның сағасына қарай жүреді.
Арал теңізі ауданында қаңтардағы орташа температура -12°, шілдедегі орташа температура 26º шамасында. Жылдық орташа температураның амплитудасы 38°, атмосфералық жауын шашын өте аз түседі, жылына орта есеппен 100 мм-ден аспайды. Жазда судың температурасы теңіздің бетінде 26-27°, терең қабатында 3° шамасында. Қыста Арал теңізінің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігі қатады. Мұз 100-140 күн жатады. Қалыңдығы 100см –ге дейін жетеді.
Судың орташа тұздылығы 1,0 – 1,1%. Онда күкірт қышқыл тұзы басым, хлорлы қосындылар аз. Амудария мен Сырдарияның сағасында теңіз суы тұщы.
Арал теңізінің органикалық дүниесімен салыстырғанда кедей. Теңізде балықтың жиырмадай түрі бар. Кәсіпшілік жөнінен неғұрлым құндылары: теңге балық, сазан, плотва, жайын, табан балық т.б. Осында әкелінген каспий қызыл балығы , каспий кефалі және балтық салакасы жақсы бейімделіп кеткен.
Сарықопа көлі. Жанкелді ауданының солтүстік – шығысында орналсқан. Биіктігі 101,2 метр,көлемі 336 шаршы километр, ұзындығы - 51 км, ені 14 км, орташа тереңдігі 0,3 м ( ең терең жері 4 м), мұнда 0,3 текше км су жиналады, су жиналатын алабы 17440 шаршы км.
Сарықопаның ойысы үлкен-үлкен ашық бес көлшіктен және және көптеген ұсақ көлдерден құралған.
Көлдің жағалауы ашық, ылдилы, балшықты топырақтан және балшықтан құралған. Кей жерінде сортаң жерлер кездеседі. Оңтүстік шығыс жағалауы биік (5-16 м), төбе - төбе болып оңтүстік – шығысқа қарай созылып жатыр. Көлдің оңтүсті-батыс жағалауында плотина бар, оның биіктігі 4 м, ал ұзындығы 3 км. Жағалауында бетеге, жусан, сарсазан және т.б. өседі.
Су жиналатын алаптың 30% -дай жері егістік, қалған жерінде бетеге, жусан және сарсазан, ал кейбір жерлерінде пішен өседі. Мұнда шөп дайындалады және жайылымдық ретінде пайдаланылады, ал қамысы 3 мың гектардай жерге өскен.
Сарықопа көлі ағынды, өзен, қар суымен және жауын шашынмен қорланады. Көлдің жағасы көп тілімденген, көптеген мүйістер, жарты аралдар бар. Көлдің солтүстік-шығысынан Сарыөзен, ал солтүстік батысынан Теке өзендері құяды да оңтүстік батысынан Сарысу өзені бөлініп шығады. Су деңгейі көтерілген кезде барлық көлшіктер қосылып үлкен бір көлге айналады.
Сарықопа көлі суының минералдануы өте өзгермелі. Су ішіндегі тұздың мөлшері 0,5-7,5 г/кг аралығында. Көл суы ащылау, аздап сілтілі, кермекті, химиялық құрамы жағынан хлорид класына, натрий тобына жатады, көл суында микроэлементтер өте аз. Көктемде және жаз айында көл суы мал суаруға пайдаланылады. Көлде мөңке, алабұға, қарабалық, шортан бар, әр түрлі құстар мекендейді.[1,3,8]
- Мұздық, суффозиялық, дефляциялық көлдер типі
Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б. мұздық көлдері жатады.
Дефляциялық көлдер бұлар дефляциялық қаазншұңқырларда пайда болады.
Үлкен Алматы көлі. Алматы қаласының оңтүстігінде активті тектоникалық таулы аймақта орналасқан. Көл 2510 метр биіктікте жатыр. Көл шұңқыры суға толған кезде оның көлемі 0,44 шаршы километрге, ұзындығы 1,6 километрге, ені 0,75 километрге дейін жетеді. Көл жағалауының ұзындығы 3 километр, ал ең терең жері 40 метр болады (орташа тереңдігі 30м.), мұнда 14 млн. текше метр су жиналады.
Көл ойысының формасы әр түрлі, солтүстікке қарай ылдилана түседі. Жағалауы жарлауытты, тікшіл біткен, ол тастан, тасты топырақтан тұрады. Жағалауды бойлай әр түрлі ағаштар, әсіресе, Тянь-Шань қарағайы өседі. І
Көлге оңтүстігінен Үлкен Алматы өзені құяды. Көлдің негізгі су көзі – мұз суы. Су ағыны маусым – тамыз айларында күшейеді. Қазір көл суын туннель арқылы бірнеше электр станциясы пайдаланады, сондай-ақ көптеген шаруашылық обьектілерін сумен қамтамасыз етеді. Көлдің жыл сайын 5-10 млн. текше метр суын ең жоғары деңгейге көтеріліп, тамыз айында ақпан – наурыз айларында төмендейді.
Көл суы өте тұщы, сілтілігі төмен. Химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класына, кальций натрий тобына жатады. Көлде фтор, бром, мыс, марганец, кобальт, никель, қорғасын және темір аз кездеседі. Ал иод пен молибден жоқ.
Сілеті теңіз көлі. Көкшетау облысы Қызылтау ауданында орналсқан, ол Павлодар облысымен шектесіп жатыр. Сілетінің биіктігі 64,7 м, көлемі 750 шаршы километр, жағалауының ұзындығы 64,7 километр, ені 22,1 километр, жағалауының ұзындығы 273,6 километр, ең терең жері 3,2 метр ( орташа тереңдігі 2,0 метр), су жиналатын алабы 23400 шаршы километр, ал су қоры 1,5 миллиард текше метр.

- Қазақстан мен ТМД және әлем елдері арасындағы сауда
- Қазақстан мен Туркия туристік байланыстары
- Қазақстан металлургиясының кешені
- Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары
- Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары
- Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
- Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы
- Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі
- Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
- Қазақстан және әлемдік экономиканың дамуы
- Қазақстан және әлемдік экономиканың дамуы
- Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы
- Қазақстан және ислам
- Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы