Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі



ЖОСПАР

 

I КІРІСПЕ .............................................................................................................3

 

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.Шағын бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ..........................5

1.1. Нарық жағдайындағы шағын бизнестің мәні және қажеттілігі .................5

1.2. Шағын бизнестің дамуы және оны мемлекеттік қолдау............................13

 

2.Шағын бизнестің  проблемалары және дамытуға қолданылатын  нақты шаралар ...............................................................................................................20

2.1. Шағын бизнестің дамуындағы кемшіліктер ..............................................20

2.2. Шағын бизнесті дамытудың  нақты шаралары ...........................................22

 

3.Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі .....26

 

III ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................28

IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының  экономикасы әкімшілік-бұйрықтық  экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы- несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын бизнесті дамытудың рөлі ерекше.

Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары -  бұл  көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.

Бүгінгі таңда республикамызда  экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты - кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтың, шаруашылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның өзектілігін көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

Экономикалық белсенділіктің негізгі факторы ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуы көптеген мемлекеттерде орын алған. Шағын бизнестің үлесіне барлық жұмыспен қамтылған адамдардың 50-60%, жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді, ал өндірілген өнімдер мен қызметтер ЖҰӨ-нің тең жартысын құрайды. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - капитал салымдарының тез орын толтыруы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, жұмыспен қамту деңгейінің жоғарылығы, сұраныс өзгерісіне икемділігі.

Конституциялық ережеге сай: «Әрбір тұлға кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға, жеке мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік іс үшін пайдалануға құқылы». Сондықтан мемлекет кәсіпкерлік ісімен еркін айналысуға кепілдік береді және оны қорғап, қолдап отырады. 
            Бірақ, шағын бизнестің дамуында көптеген кемшіліктер бар. Шағын кәсіпорындардың жұмысына әсер етуші кедергілердің арасында бірінші орында дайын өнімді өткізу мәселелері алып тұр. Бұл мәселенің пайда болуы келесі факторларға байланысты болып табылады:

• шетелдік тауарларға қарағанда отандық тауар өндірушілер тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

• жалпы тұрғындардың, әсіресе, сауда және өндіріс орталықтарынан шалғай орналасқан аймақтарда тұратын тұрғындардың төлем қабілеттіліктерінің төмендігі;

• отандық нарық сыйымдылығының төмендігі және отандық кәсіпкерлердің жақын не алыс шетел нарықтарына шығу қиындығы.

Екінші орынды салық жүйесінің жеткілікті дәрежеде орындалмауы орын алған. Соңғы жылдары бұл проблема басты орындарды алуда және шиеленіскен есеп беру жүйесі, салық ставкалары мен жиындарының жоғарылығы, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктердің жоқтығы және салымдар мен төлемдерді жинау жүйесінің күрделілігі тәрізді түрлі кемшіліктерге ие.

Кәсіпкерлердің тұжырымы бойынша үшінші орында несие алу қиындығы, оның ішінде микрокредиттерге (жоғарғы пайыздық ставкалар, несие мерзімінің қысқалылығы, кепілдік мүліктің жоқтығы және несиеге құжаттар толтырудың күрделілігі) қол жеткізу қиын.

Келесі мәселе бұл шикізатпен қамтамасыз ету, оның пайда болу себептері: жоғарғы баға, сапа төмендігі, сапалы отандық шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың болмауы және транспорттауға тарифтердің жоғарылығы.

Бесінші орынды мемлекеттік органдардың араласуы мен бақылауы бойынша мәселесі орын алған, оның пайда болу себептері уәкілдік құқықтарын асыра сілтеушілік, күштеушілік және қайырымдылық жасауға мәжбүрлеушілік. Бұдан басқа кедергілердің саны көп, солардың ішінде нарықтық және өндірістік инфрақұрылымның дамымағандығы. Көптеген кәсіпкерлердің ескертуі бойынша олардың өз кәсіпорындарын ашу барысында ақпараттың жетіспеушілігі тәрізді кедергілер көп кездескен. Кәсіпкерлер нарық конъюктурасы, бәсекелестер саны туралы ақпараттарды көп қажетсінеді. Бірақ мұндай ақпараттардың болмауы салдарынан шағын кәсіпорындар өздерінің бастапқы стадиясында шығындалуына тура келеді.

Сондықтан бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму кемшіліктерін айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.

 

 

 

 

 

1. Шағын бизнестің ел экономикасындағы алатын орны

1.1. Нарық жағдайындағы  шағын бизнестің мәні және  қажеттілігі

 

Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылықтың әртүрлі формаларын дамытпай қалыптаспайды. Оның ең маңызды бөлігі шағын кәсіпкерлік болып табылады. Шағын бизнес нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополизмін шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесін тежеуде, жаңа технологияларды енгізуде, экономика саласын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Сонымен, шағын бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ерекше. Өйткені мемлекеттің  жалпы қоғамның алға жылжуының бірден-бір  рычагы болып табылатыны сөзсіз. Шағын  бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайларға байланысты икемді, жаңа дамып отыратын өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.

Шағын бизнестің субъектісі ретінде  кәсіпкер танылатыны айқын. Шағын бизнестің мәні мен мағынасын терең деп білу үшін, ең алдымен сол шағын бизнесті алып жүруші субъект - кәсіпкер терминіне тоқталсақ.

Кәсіпкерлік феномені баяғы заманнан бері экономикалық, әлеуметтік ғылымдардың зерттеу объектісіне айналған. Кәсіпкерлік, шағын бизнес негіздері теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сэй, кейін И.Шумпетер, Ф.Хайск, А.Чаянов және тағы басқа экономист ғалымдар негізін қалаған. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық кезіне дейін қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой-пікір қалыптасқан. Алайда, батыстың экономикалық теориясында шағын бизнеске шын мәнінде назар аудару XVIII ғасырдан басталды десек те болады. Атақты экономист, ғалым Р.Кантилон, «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.

      «Кəсіпкерлік» ұғымын  (ағылшынша business) XVIII  ғ.  алғаш рет ағылшын банкирі əрі экономисі Ричард Кантильон қолданған болатын.  Кəсіпкерлік дегеніміз –  бұл үнемі түрдегі тəуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сəйкестікке келтіріп отыратын экономикалық қызмет.  Кəсіпкер ретінде Кантильон,  өндіріс құралдарын базардан сатып алып, оларды капиталға айналдырып отыратын адам деп түсінетін. Америкалық экономист Иозеф Шумпетер, кəсіпкерлік –  бұл ең алдымен,  жаңашылдық қызмет, оның нəтижесінде жаңа тауарлар жасалады деп тұжырымдаған.

Кәсіпкерліктің объектісі - адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі қандай? Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты - өз кәсіпорынының пайдасын барынша жоғарлату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл  кәсіпкерліктің ең басты мәселесі.

Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа мүмкіндектері іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың  тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту, тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту және өркендету.

Қазақстан Республикасында  нарықтық экономиканың белсенді қатысушылары шағын бизнес субъектілері - кәсіпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екені белгілі. Республикамызда шағын бизнестің дамуына жан-жақты шаралар интенсивті түрде жасалуда. Кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі - шаруашылық субъектілерінің елсіздігі. Олардың дербестігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіпті қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай өткізе алу құқығын береді. Материалды ресурстар мен ақша капиталының иелері  бұл  ресурстарды қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда, қандай да болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген. Олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінен шығады. Дегенмен, шағын бизнестің басты шарты барлық     мүмкіндіктердің     деңгейі     тұрғысынан    шешім     қабылдаудағы автономиялылығы. Барынша көп табыс табу жалпы бизнестің қозғаушы факторы болып табылады. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Нарық жағдайында өзгерістер күніне бірнеше ретте болып отыруы мүмкін. Олар осы жаңалықтарды өз жұмыстарына енгізеді. Жаңалық процесінің мұраты - пайда табу. Мысал үшін, нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне, осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдауда, творчествалық көзқарас жағынан іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.

Кәсіпкерлікке тән тағы да бір сипат - шаруашылықты жүргізудегі тәуекелге бел бууы, іске кірісер алдында болашақты болжап білу және оны шеше алуы. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, ал оларды өне бойы экономикалық есептеу мүмкін емес. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, елде өткен нарықтық конъюктура жайсыз болғаны.

Шағын бизнестің, кәсіпкерлік қызметтің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану оның негізі болып табылады. Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізу тәсілі жаңа іске адамның жеке энергиясымен капиталын жұмсаудан көрінеді. Мұндағы кәсіпкерлік әрекетінің ең басты тиімділігі - таңдаудың дұрыстығы немесе таңдаған істің кәсіпкердің жеке потенциалына сәйкес келуі деп білеміз.

Шағын бизнестің тарихына көз жіберейік. Ресейде кәсіпкерлік  көне заманнан бері Киевтік Русьте сауда-саттық формасында дамыған. Ең бірінші кәсіпкерлер деп көпестер мен қолынан іс келетін өзі жасаған тауарын сатушыларды айтқан. Петр І-шінің кезінде орта бизнес көркейді. Бүкіл Ресейде мануфактуралар құрылып тігін, қару-жарақ, тау ісі салалары дамыды. Кеңес Үкіметі келісімінен «кәсіпкерлік» деген термин жалпы экономикалық оқулықтан алынып тасталды. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында ғана шағын бизнес халықтың түсінігіне қайта енді. Әрине, өз бизнесін бастау ел тыныш кезде де шешімділікті қажет етеді. Бұл тәуекелге бас тігу өз ақша қаражатын сала отырып табыс алады немесе жоғалту қаупі, бәселелестікке төтеп беру, мұның бәрі белгісіздікке қажет шешімділік. Жер жүзінде миллиондаған кәсіпкерлер тәуекелге бел буып, жаңа бизнес түрлерін ашуда.

Шағын бизнестің Қазақстан Республикасында құрылуы мен дамуы тауарлы нарықтың және кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады. Әрине, мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, нарық экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен шағын бизнеспен айналысуға міндетті етті. Бастапқы кезең ретінде көрінген мұндай бизнес 1995-1996 жылдары делдалдық қызмет ретінде жүзеге асты. Ал соңғы 5-6 жыл ішінде қолынан іс келетін азаматтар, заңды тұлғалар әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген бизнес кілті - өндіріс екендігін түсінді. Республикамыз табиғи жер қойнауларына бай, жер ауқымы кең, ауыл шаруашылығы - фермерлік іс, шаруашылық қожалықтарын құру, төл өсіру, сүт тағамдарын нарыққа шығару соңғы кезде жақсы дамып отыр. Және осылайша көркейе алатынына кәсіпкерлердің көздері де жеткен. Мемлекет тарапынанан заңдылық, құқықтық атмосфера бір арнаға түсті десек те болады.

Қазақстанда шағын бизнесті жұмысшылар санына байланысты анықтауымызға болады және Ресеймен салыстырғанда көптеген айырмашылықтар бар. Бұл мәселені келесі кестеде қарастырдым.

 

Кесте 1

Казақстандағы   шағын   кәсіпкерлікті   Ресеймен   салыстыра   отырып анықтау критерийлері

 

Елдер

Шаруашылық салалары

Адам саны

Қазақстан

Өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы

50 адам

 

Сауда және тұрмыстық қызмет

30 адам

 

Көлік және байланыс

25 адам

 

Ғылым және инновациялық қызмет

20 адам

 

Басқа да салалар (ойынханалар және шоу бизнестен басқалары)

15 адам

Ресей

Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс

100 адам

 

Ауыл шаруашылығы

60 адам

 

Ғылыми-техникалық сала

60 адам

 

Көтерме сауда

50 адам

 

Бөлшек сауда және тұрғындарға қызмет көрсету

30 адам

 

Қызметтің басқада салаларын  жүзеге асыру

50 адам


    «Шағын бизнес» кәсіпорындары мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар:

  • жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға дейін;
  • активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;
  • мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар: толық серіктестік; сенім серіктестігі; жауапкершілігі шектеулі серіктестік; қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.

Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшін шағын бизнесті жандандыру шешуші рөл атқарады. Кәсіпкерлік қызмет  бұл  елдер үшін дағдарыстан алып шығатын бірден-бір жол болып отыр. Шағын бизнес экономиканың тиімді де қомақты секторы. Оның аясында жалпы ішкі өнімнің үлес салмағы артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл индустриалды дамыған экономикасы бар және өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған елдер экономикасы үшін тым жағымды көрініс. Экономикада бірден-бір маңызды элемент жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың кең етек алуы экономикалық әл-ауқаттылыққа зардабын тигізер фактор болса, шағын бизнес аясында көптеген жұмыс орындары ашылады. Осы жаңа жұмыс орындарын аша отырып, шағын бизнес ел экономикасына қыруар көмек етеді. Ол бәсекелестікке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне, оның әлеуметтік тұрмыс жағдайын көтеретін шын мәніндегі қуатты экономикаға жол ашады.

И.Шумпетердің айтуынша: «Кәсіпкерлік шағын бизнесті жүргізу - прогрестің алға тартар күші, іргелі инновация». Инновация ғылыми-техникалық прогрестің, қоғам мен адамның барлық іс аясында жүргізілетін коммерцияның жетістіктері. Ол өндіріспен ғана емес, менеджмент, маркетинг, ойлау. Өмір сүру сипаты мен кәсіпкерлік мәдениеті де ұштасып жатады.

Қазақстан Республикасындағы  шағын бизнес халықтың әл-ауқатының төмеңдеген кезінде, ел экономикасының макроэкономикалық дағдарысқа ұшыраған кезінде де өміршең күй танытты. Елдегі объективті және субъективті қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергі етуде.

Экономиканың жаппай дағдарысқа құрауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетіспеушілігі, міне, осы мәселелер шағын бизнестің кең масштабта қарқын алуына кедергі етуде. Мемлекет өз тарапынан бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық-нормативтік актілерді жолға қоюы, шетелдік және отандық инвесторларды шағын бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауы қажет.

Субъективті негіздегі  қиындықтарға, негізінен мынандай түсіндерме беруге болады. Қоғамның сана-сезімінде қалыптасып қалған пайда табу, табыс алу, бай болу әрекеттерін әлі де болса, психологиялық жағынан дайындық жоқ. Кәсіпкерлер тарапынан да нарықтың тез өзгеру қозғалысына жылдам, әрі тиімді реакциясы толық әдетке енбеген. Кәсіпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыры мен сырын әлі де түсінбеген. Шағын кәсіпорындардың жұмысының тиімділігі - өнімдер өндірудегі тар мамандану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануында. Мұндай өндірістер шектеулі тауар ассортиментін шығарып, қажет болған жағдайда, оны тез ауыстыруыда мүмкін шағын бизнестің дамуы транспорттық шығындар мен өнімдердің құрып қалу қаупін төмендетеді. Сонымен, шағын кәсіпорындар - негізінде алып инфраструктуралық бөлімдердің (қоймалық, арнаулы коммуникациялар, көліктік шаруашылықтар, тазалау құрылғылары) құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндірістің аздаған көлемі бойынша тауарларды сату, айналымға жіберу, материалды-техникалық жабдықтауларды өнім дайын болған кезінде сату тез жүреді. Батыс экономистері тұжырымдаулары бойынша шағын кәсіпорындардың артықшылығы - меншікті менеджменттің бірлігі, ол өз кезегінде басқарушылық және орындаушылық процестерін тездетеді, сонымен қатар бүкіл ұжымның алға қойылған мәселелерін бірігіп шешуін және оны іске асыруын қамтамасыз етеді. Осылайша шағын бизнестің дамуы ресурстар айналымдылығын, өндіріс процесі мен тұтыну процестерін жеделдетеді. Әрине, шағын бизнесті ашып, оны жүргізушілер өз даму сатыларында түрлі қиыншылықтарға тап болуы ықтимал. Шағын бизнестің дамуын жеңілдету үшін қоғамда, заң жүйесінде толығымен өзгерістер енгізілуі керек. Осыған байланысты кешенді түрде шағын бизнестің ел экономикасына тигізетін пайдасы зор және де ірі кәсіпорындардың жанында көмекші өндіріс ретіндегі рөлін арттыру қажет.

Бүгінгі күні шағын бизнестің  алдында ең бір шешімін күтіп тұрған проблема ол - шағын кәсіпорындарды ресурстармен қамтамасыз ету. Өндірістің спецификасы әрине жаңа технологияларды қажет етеді. Одан шығар жол - отандық өндірісті жандандыру. Сөйтіп жаңа техника, құрал - жабдықтар шығаруға мамандану. Ол үшін шағын бизнесті техникалық қолдау бағдарламасын жасап, шетелдік инвесторлардың капиталын тарту керек. Проблеманың екінші аспектісі бұл - шағын бизнесті қаржылық қамтамасыз ету. Бұған алғашқы қаржы құрау мәселесі жатады. Осы проблема тұрғандықтан шағын бизнес қазіргі кезде тек қана делдалдық, алып-сатарлық қызметтер түрімен ғана айналысуға еріксіз. Осы қаржылық ресурстарды табу мен оны қолға ала-алмау мәселесі шағын бизнесті көлеңкелі экономика жағына бұрып отыр. Сәйкесінше, барлық тапқан табыс мемлекеттен тыс жасырын капитал табысына кетіп отыр. Алғаш қойылған мәселелердің жиынтығы шағын бизнестің инфрақұрылымын құрып, оны ақпаратпен қамтамасыз ету, әріптестер іздеу, тағы да басқа жүйелерді құруды қажет деп отыр. Сонымен, шағын бизнестің алдында тұрған проблемалар жеткілікті және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. Бірақ, сөзсіз шағын бизнес секторы - экономикада отандық нарықтың жолға қойылуына дем беретін сектор. Ол біздің өмірімізге толығымен еніп, өндірісті дамытып, әлемдік экономикалық алғы шектерде алғашқыларының санына бізді қоса алатынына сенімдіміз. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес алдындағы проблемаларды былайша топтауға болады:

  • Шағын бизнесті оптималды түрде қолдау мақсатында мемлекеттік стратегияның қажеттілігі.
  • Шын мәніндегі жергілікті жерлерде шағын бизнес мониторингін жолға қою.
  • Тексеруші органдардың бюрократизмін тоқтату.
  • Несие ресурстарына қол жеткізуге жол ашу.
  • Салық саясатын шағын бизнес мүдделерімен байланыстыру.
  • Психологиялық қоғамдық барьерді жеңу.

      Кей деректерге сүйенсек, шағын бизнестің елге әкелетін табысының жартылай бөлігі де мемлекет қазынасына түспей отыр. Мұның өзі елде етек алған бюрократизм салдарынан кең етек жайған. Шағын бизнестің ішкі қуатты резервтері жоқ, содан соң объективті түрде мемлекеттік органдар мен жергілікті басшылықтар арасында әлсіз арақатынастар туындап отыр. Республика бойынша шағын бизнес субъектілерімен жүргізілген анонимді анкеталық сұраудың мәліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең бірінші мәселе - несиелік ресурстарға шығу жолы. Бүгінгі күнде коммерциялық банктер тек сауда-саттық операцияларымен айналысушыларды немесе тауар өндірушілерді ғана несиелеуді қолдап отырғанын айта кетуге болады. Шын мәнінде банктік сектор шағын бизнесті көңілсіз түрде несиелеуге мұқтаж. Себебі, несие берілген жағдайда шағын кәсіпорындардың несиені қайтара алмай қалуынан, оны өтейтін ресурстық базаның аздығы тіпті жоқтығы көңіл алаңдатады. Кепілге қойылған мүліктің нарықта сұранысқа ие болуының екіталайлығы және банктік несиені алған кәсіпорынның оны тиімді басқара алмау проблемасымен түйіседі. Өйткені олардың көпшілігінің жоғары деңгейдегі менеджменті, толыққанды бизнес жоспарлары стандартқа сай келмей отыр.

Қазақстан Республикасы бойынша шағын бизнесті мемлекеттік  қолдау саясатын жүзеге асыру облыстық, аудандық, қалалық шағын және орта бизнесті қолдау орталықтары арқылы жүзеге асырылуда. Олар болашақта бизнес - инкубаторлар болатыны сөзсіз.

Нарықты және еркін экономика  шыныменде тауар мен тұтыну нарығына кең жол ашты десек болады. Осындай экономика жағдайында заттық күйге ие тауарларда және заттық күйге ие еместерде тауар негізінде қатысып отырды, яғни кәсіпкерлікпен барлығыда айналыса бастады. Осыдан мекемелер мен ұйымдар өздеріне тиісті ғимараттар мен бос жерлерді жалға беруден бастап шағын кәсіпорындар мен фирмаларды құрудан аяқтады,  бұлар тек азық-түлік тауарлары мен өнімдерін қайта сатып қана қоймай, сонымен қатар бұрын соңды көрсетілмеген қызметтерді көрсете бастады.

Біздің жер қойнауымыз табиғи ресурстарға бай, географиялық орналасу жағынан   кең   ауқымды   орын   алып   отыр,   осыған   байланысты      шағын кәсіпкерліктер  Республикамыздың  территориясы   бойынша  әр-келкі   болып орналасқан. Оны 2 кестеден көре аласыз.

 

Кесте 2 

Қазақстан бойынша кәсіпкерліктерді білу мәліметтері 2009 жылғы статистикалық көрсеткіш бойынша

 

Облыстар мен  қалалардың атаулары

Шаруашылық  пен айналысушы объектілер

Жұмысшылар саны

Өндірілетін өнім көлемі

Қазақстан Республикасы

87045

100%

36873 6

100%

154350

100%

Ақмола облысы

3486

4,0%

14626

4,0%

735831

4,8%

Ақтөбе облысы

3420

3,9%

27058

7,3%

612920

4,0%

Алматы облысы

6718

7,7%

17988

4,9%

968827

6,3%

Атырау облысы

1738

2,0%

11590

3,1%

861375

5,6%

Батыс Қазақстан облысы

1871

2,1%

15862

4,3%

870122

5,6%

Жамбыл облысы

4330

5,0%

12630

3,4%

256871

1,7%

Қарағанды облысы

7137

8,2%

29556

8,0%

701570

4,5%

Қызылорда облысы

2062

2,4%

6371

1,7%

203845

1,3%

Қостанай облысы

4403

5,1%

21411

5,8%

505453

3,3%

Маңғыстау облысы

2177

2,5%

8533

2,3%

122829

8,0%

Павлодар облысы

5059

5,3%

16052

4,4%

720955

4,7%

Солтүстік Қазақстан облысы

2649

3,0%

18560

5,0%

486284

3,2%

Оңтүстік Қазақстан облысы

8090

9,3%

21311

5,8%

242146

15,7%

Шығыс Қазақстан облысы

5385

6,2%

40723

11,0%

718733

4,7%

Астана қаласы

5616

6,5%

24161

6,6%

703107

4,6%

Алматы қаласы

22904

26,3%

82314

22,3%

343939

22,3%


 

 

Статистикалық көрсеткіштерге байланысты 2009 жылы 2000 жылға қарағанда кәсіпкерлер саны біршама артқан. Бұл дегеніміз жыл сайын республика бойынша шағын кәсіпкерліктің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 40%, ал тауар айналымы одан екі есе өсіп отырады. Бұдан біз Қазақстандағы шағын бизнесті толығымен пісіп жетілді деп айта алмаймыз, оның қалыптасу процесі әліде болса жүріп жатыр және оның аяқталу кезеңін болжау қиын.

         Қазақстан Республикасындағы шағын кəсіпкерлік жаппай жəне айтарлықтай қарқынды құбылыс болды. Тіркелген жалпы шағын жəне орта кəсіпкерлік суъбектілері  санындағы белсенді шағын жəне орта кəсіпкерлік суъбектілерінің үлесі 2005-2009 жылдары 68-69%  тұрақты деңгейде болып келді. Тіркелген қожалық етуші субъектілердің жалпы санындағы тіркелген шағын жəне орта кəсіпкерлік суъбектілері үлесі 2005 жылғы 92%-дан 2009  жылғы 93%-ға дейін 1 пайыздық тармаққа өсті.

         Белсенді шағын кəсіпкерлік суъбектілерінің ұйымдық –  құқықтық тұрғыдағы құрылымы көрсетіп отырғандай, жеке кəсіпкерлер 01.10.2010ж.  шаққанда 383,3мың субъектіні немесе 61,1%-ды, заңды тұлға болып табылатын шағын бизнес кəсіпорындары 65,5мың субъектіні немесе 10,4%-ды, заңды тұлға болып табылатын орта бизнес кəсіпорындары 8,9мың субъектіні немесе 1,4%-ды,  шаруа (фермерлік) қожалықтары – 170,1 мың субъектіні немесе 27,1 %-ды құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Шағын бизнестің дамуы және оны мемлекеттік қолдау

 

Баршамызға белгілі  жай шағын бизнес өз даму жолында  тек қана қаржылық, экономикалық проблемалармен қатар, қоғамдық, психологиялық тұрпаттағы мәселелерге де кезігеді. Солардың ішінде өз шешімін күтіп тұрған Заң актілері мен қатар Салықтық кодекс реформаларына байланысты мәселелер. Шағын бизнес секторы үшін ең бір шешуші мәселе - салық салу жүйесін   реформалау болып табылады. Құқықтық базаны жетілдіру өндіріс жағдайын жақсарту және шағын бизнес субъектілерін әр түрлі қылмыскер, коррупционерлер пиғылдарынан қорғау проблемалары тұрса, экономиканың маңызды секторы шағын бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызу «Аумақтық шағын бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының» жасалынуы оны жүзеге асыру инструменті болып табылады. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылы 6 наурызда «Шағын және орта бизнесті күшейту және оның жұмысын активациялау» Жарлығы жарық көргеннен кейін Республикамызда шағын бизнесті қолдау мақсатында кешенді де толыққанды көмек көрсету шаралары байқала бастады. Ал шағын бизнеспен айналысам деуші субъектілер саны күннен-күнге өсуде.

Шағын бизнес секторында орын алған шағын кәсіпорындар санының тіркелгеннен бергі жұмыс жасайтын бөлігі күрт төмендеп кетуі, бұл бизнес түрінің салалық құрылымы рационалды емес түрде ұйымдастырылуы оның даму эволюциясына кедергі етуде. Әрине мұның себептері шағын бизнес субъектілерін қаржылық - несиелік қолдау аз мөлшерде болуы ғана емес, оның инфрақұрылымының дұрыс дамымай отырғандығында. Шағын бизнес субъектілерін объективті түрде ұлттық, аумақтық, жергілікті масштабта олардың әр қайсысына микродеңгейдегі микрожүйе ретінде қарастырған жөн.

Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі