Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері
Мазмұны
Кіріспе.......................
І тарау. Нарықтық экономикадағы кіші және орта бизнестің мәні
мен мазмұны
1.1 Кіші және орта бизнестің түсінігі және оның түрлері ...........................5
1.2 Кіші кәсіпкерліктің артықшылықтары
мен кемшіліктері..................
ІІ тарау. Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі,
даму мәселелері
2.1 Қазақстандағы кіші бизнестің және орта бизнестің
дамуындағы кедергілер....................
2.2 Кіші бизнесті және орта бизнестің даму шаралары, оларды
іске асырудың жолдары.......................
2.3 Қазақстандағы кіші және орта бизнесті дамыту
жолындағы болашақ бағдарламалар.................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына, міне, 15 жыл болды. Осы жылдар ішінде экономикамыз әлемдік нарықта жоғарғы деңгейге көтеріліп, Қазақстан әлемнің бүкіл ұлы державаларына нарықтық экономикалы ел ретінде танылды. Нарықтық экономиканың негізі жеке меншік институты екені белгілі. Сондықтан нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңінен бастап Үкіметтің де, зерттеушілердің де назарында жеке меншіктің, соның ішінде кіші және орта бизнестің қалыптасуы мен даму мәселелері болды.
Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасының қайнар көзі. Осы бағытта атқарылып отырған істер аз емес. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, басты мақсаты азаматтардың жоғарғы өмір стандарттары мен еркін дамуын қамтамасыз ету болып табылатын, әлеуметтік негіздегі экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдай елдің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Осы мақсатқа қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосатын маңызды факторлардың бірі кіші кәсіпкерліктің дамуы екені анық.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстандағы кіші кәсіпкерліктің қызмет ету процесінің күрделілігі, оның ғылыми негіздерін, бағытталу беталыстарын, қазіргі жағдайына бөлшектік талдау жасау, даму формаларын анықтау қажеттілігі, даму барысында туындайтын мәселелерді шешудің жоғарғы тәжірибелік маңызы зерттеудің өзектілігін айқындап, тақырыпты таңдаудағы негіз болды.
Зерттеудің мақсаты республикамыздағы кіші және орта бизнестің дамуындағы қалыптасуы мен даму жүйесін теориялық және тәжірибелік негіздеу мен еліміздің стратегиялық даму бағыттарының бірі – индустриалды-инновациялық Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Курстық жұмысымның бірінші тарауы «Нарықтық экономикадағы кіші және орта бизнестің мәні және мазмұны» деп аталады. Осы жерде мен кіші және орта бизнес дегеніміз не? деген сұраққа толық жауап беруге, оның қанша түсінігі және түрлері бар екендігіне және оның республикамызда қалай орын алғандығы туралы баршамызды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беруге тырыстым.
Екінші тарауым «Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі және дамытудың мәселелері» деп аталады. Бұнда мен еліміздегі бизнестің дамуындағы басты кедергілер мен оларды жою жолдарына тоқталдым. Бірінші сұрақта кіші бизнестің алдында тұрған басты кедергілерге назар аудардым. Осыған орай, екінші сұрағым өрбіді, яғни бұл жерде бизнес дамуының қалай жүзеге асатындығын тереңірек зерттедім. Мемлекетімізде кіші және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл, әсіресе, қабылданған Заңдардан және индустриалды-инновациялық Бағдарламадан өзінің айқын көрінісін табады.
Ал үшінші сұрағында тағы да қандай осы бизнесті дамытатын бағдарламалар, яғни «Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын» қарастырамын.
Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалуда, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана алатындарына сенімім мол!
І. Нарықтық экономикадағы кіші және орта бизнестің мәні мен мазмұны
- Кіші және орта бизнестің түсінігі және оның түрлері
Индивидуалды немесе кіші кәсіпкерліктің мәні мен мағынасын нақтылы түсіну үшін оның қызметтік функцияларына сипаттама бергеніміз жөн.
Кәсіпкерліктің негізгі функциялары және олардың сипаттамасы:
- Жалпы экономикалық. Кәсіпкерлік ұйымдардың жеке кіші кәсіпкерлердің нарық субъектілері ретінде объективті рольде сипатталуы. Кәсіпкерлік тауарларды шығаруға (жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге) және оларды белгілі бір тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Кәсіпкерліктің баяулатып өсуі экономикалық өсімнің, жалпы ұлттық көлемінің көбеюінің, ұлттық табыстың анықтаушы шарттарының бірі болып табылады.
- Ресурстық. Кәсіпкерліктің дамуы қалпына келетін, сол сияқты шектеулі ресурстарды ұтымды пайдалануын көздейді. Осы арада ресурс деп барлық материалды және материалды емес, өндіріс факторларын түсінуді айтады. Кәсіпкер ресурс иесі болғандықтан олардың ұтымды пайдалануында қызығушылық білдіреді. Алайда, максималды табысқа жетуге ұмтылу кері процеске әкеліп соқтыруы мүмкін: еңбек, табиғи және қоғамдық ресурстар уақыт өте келе азаяды.
- Ізденушілік – шығармалық (инновациялық). Кәсіпкерлік әрекетте жаңа идеяларды, сол сияқты қойылған мақсатқа жетудің жаңа тәсілдер мен факторларын пайдаланылуымен ерекшеленеді. Басқа сөзбен айтқанда бұл тұлғалық қарым-қатынастарының жаңа мектебі, кәсіпкерлік болакішіың тәсілдері мен әдістерін зерттеудің полигоны.
- Әлеуметтік. Әрбір ойлауға қабілеті бар адамның өз жеке қожалығының иесі болуына, өзінің индивидуалды таланттары мен мүмкіндіктерін кең дәрежеде көрсете алуға мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, барлық қарсылықты жоя алатын, өзінің табысын әкелетін ісін құруға қабілеттері бар жаңа кәсіпкер адамдардың қабаты қалыптасуда. Кәсіпкерліктің өсуі жұмыс орындарының көбеюіне, жұмыссыздық деңгейінің азаюына, жалданбалы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайларының жақсаруына үлкен септігін тигізеді.
- Ұйымдастырушылық. Жеке істі ұйымдастыруда қабылданатын өзіндік шешімдерді, кәсіпкерлікті басқаруды қалыптастыруда, күрделі кәсіпкерлік құрылымды құруда, кәсіпкерлік фирманың іс-әрекеттік стратегиясының өзгеруінде көрініс табады.
Кіші кәсіпкерліктің өзі үш түрге бөлінетіндіктен, ал бұл бөліну тікелей атқаратын функцияларымен байланысты болғандықтан, кіші кәсіпкерліктің түрлеріне қысқаша сипаттама берейік.
Дәстүрлі түрдегі кіші фирмалар (отбасылық, фирмалар, микро өндірістер, үлкен немесе зауыттар, қызмет көрсету компаниялары және т. б.);
Өз саласындағы «мини-монополистер». Мысалы, норвеждік «Ка Не Ва» компаниясы әлемдегі әскери кемелердің құрал-саймандарына деген сұраныстың 30%-ы қана қанағаттандырады.
Тәуекелі бар кіші өзгерістер, олардың ерекшеліктері туралы американ экономисі Дж. Вильсон былай деп жазған болатын: «Бұл әке-шешенің отбасылық пиццериясы немесе автоматты өнертапқыштың гаражындағы шеберханасы емес. Көп жағдайда, бұл – өндіріс, оның өте жақсы мамандырылған қызметкерлері, құрал-жабдықтары және қаржылық қолдауы бар».
Сонымен, кіші кәсіпкерлік – ел экономикасындағы үлесі аз, жұмыскерлер саны шектелген, жұмыс бағыты кәсіпорынға сәйкес меншіктің кез келген түріндегі экономикалық категория болып келіп, орта және ірі бизнестің, сондай-ақ қоғамдастықтар мен серіктестіктердің одан әрі дамуына ықпалын тигізеді, бастаудың «бастауы» болып табылады.
1.2 Кіші кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Нарықтық экономикада кіші және орта бизнестің іс-әрекет барысында артықшылықтары мен кемшіліктері байқалады. Қазақстан Республикасының нарығындағы кіші бизнестің экономикалық артықшылықтары:
- Нарықтық экономикаға өту барысында кәсіпкерлік процесінің тез арада өтуі, яғни халықтық кәсіпкерлікке қызығуы және онымен айналысуы.
- Кәсіпорынды басқаруда қызметкерлер санының аздығы менеджмент жүйесінің артуына алып келеді.
- Кәсіпорынның ақща айырьасу жүйесінің айқын болуы.
- Кәсіпорының басқа да кәсіпкерлермен келісімдік қарым- қатынас жасауға ыңғайлығы.
- Кәсіпорының есептік жүйесінің нақтылығы да айқын көрсетілуі.
- Кәсіпорының өнім өндіру барысында қаржылық және табиғи ресурстардың тиімді қолдануы.
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінен бизнесті қолдауға арналған несиелерді алуға жеңілдігі.
Қазақстан Республикасынын нарығындағы кіші бизнестің экономикалық кемшіліктері:
- Кіші кәсіпкерлік қызметтің бәсекелістіктен қорғалмауы.
- Кәсіпорының өңдірістік процесіндегі өнім өңдірудің шығындығы.
- Кәсіпорындардың өңдірістік маштабтардың ұлғайтудағы шетелдік инвестиция көздерінің тартымсыздығы.
Қазақстан Республикасының нарығындағы орта бизнестің артықшылықтары:
- Кәсіпорындардың белгілі бір салада әрекет ету үшін қосылып бір-бірімен тәжірибе алмасуы.
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейін банктеріндегі орта бизнесті дамытуға бағытталған мүмкінділігі.
- Кәсіпорындардың өңдірістік масштабтардың ұлғайтудағы шетелдік инвестиция көздерін тартылуы.
- Қазақстан Республикасының экономиканың дамуындағы үлесі.
Қазақстан Республикасының нарығындағы орта бизнестің кемшіліктері:
- Кәсіпорындардың арасындағы қаржылық қатынастардың төмен денгейде болуы.
- Кәсіпорынның ақша айырысуы процестерінің төмен деңгейде болуы.
- Өндірістік және еңбек
- Өңдірісті ұжымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өңдірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің біріне-бірі әсер етуі.
- Бәсекеге төзімді өнім өңдіру.
-өнімді сату.
- Пайда есебінен инвестициялық қор
Кіші және орта бизнестің даму мәселелерін қарастыру барысында артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып алғанымыз дұрыс.
Одан курстық жұмыстың екінші тарауында осы артықшылықтар мен кемшіліктерді реттеудің мемлекеттік шараларымен бағдарламалар туралы жазамын.
Бірақта кәсіпорынның дамуын тікелей кәсіпкерге байланысты. Кәсіпкерлікті басқара білу, оны жетілдіріп, дамыту нарық жағдайында басты талап.
ІІ . Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері
2.1 Қазақстандағы кіші бизнестің дамуындағы кедергілер
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының деректеріне назар аударсақ, әлемдегі дамыған елдерде кіші кәсіпорындардың саны сол мемлекеттегі барлық өндірістік кәсіпорындардың жалпы санының 95 пайызынан асады. Бұл көрсеткіш біздің Қазақстанда биылғы жылдың басында ғана 90,1 пайызға жетті. Тек әлемдік экономикада барлық жұмыс істейтін адамдардың 60 пайызынан астамы осы кіші кәсіпорындардың үлесіне тисе, Қазақстанда ол 19 пайыз ғана. Биыл жыл басында Республикамыз бойынша 626187 кіші кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтсе, оның 481623-і ғана жұмыс істейді екен.
Қазақстан Республикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі – адамдардың нарықты қабылдауы, түсінуі, одан өз орнын табуы. Солардың бір көрінісі ретінде адамдардың кіші кәсіпкерлікпен шұғылдануы. Бірақ тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түскеніне он бес жыл ғана болғандықтан, кәсіпкерліктің де өз кедергілері бар. Әсіресе, бизнесте бәсекелестік жетіспейді, олардың өз жұмысын жандандыруына жергілікті жерлерде әдейі қолдан жасалынып отырған кедергілер көп. Шетелдік сарапшылардың, экономист-ғалымдардың пікірінше қазақстандық компания, фирмалардың жұмысты үйлестіру, бизнестік ортамен байланыс жасау, бизнес жүргізудің тиімді әдістерін меңгеру жағынан іс-тәжірибесі аз. Қазақстандық бизнесмендерге салық тәртібі, бюрократия, сыбайлас жемқорлық та үлкен кедергілердің бірі.
Олардың барлығын бес ірі топқа бөле отырып, мүмкін жою жолдарын ұсынып отырмын.
- Қаржылық. Негізгі капиталдың (жұмыскерлік және өндірістік орындарының, машиналар және техниканың, жердің) жоқ болуы.
Жою жолдары:
- мемлекеттік меншікті, ақшаны жекешелендірудің соңғы сатысына қатысуы;
- кіші кәсіпкерлерге қолданбайтын жекешелендірілген орындарды сатуы (бөліп төлеу мүмкін);
- кәсіпкердің ақпараты бойынша анықталған қолданылмайтын объектілерді жалға беруі;
- Қазақстандағы лизингтің институционалдық негіздерін құру;
- жалға берілген мүліктің пайдалануын қадағалау;
- кіші бизнес жобаларын қаржыландыру үшін халықаралық қаржылық, экономикалық, жеке қорлардың және қоғамдық ұйымдардың гранттары мен жарналарын тарту. Мысалы, Бүкіләлемдік банк, Халықаралық валюталық қор, Халықаралық қаржылық корпорация, Қайта өрлеу және дамудың Еуропалық банкі, Азиялық даму банкі;
- кіші кәсіпкерлікті несиелеу үшін екінші деңгейлік банкті ынталандыру;
- кіші кәсіпкерліктің дамуы қорынан өзекті салалары бойынша несиелеуді жетілдіру;
- кіші бизнеске микронесиелеуді дамыту;
- кіші бизнес жобаларын қаржыландыруын сақтандыру.
- Институционалдық. Кәсіпкерлік институтының нарық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.
Жою жолдары:
- Қазақстанда кәсіпкерлік институтын енгізу;
- Қазақстандық кәсіпкерлік кодексін жасау;
- Қазақстандық жылжымайтын мүлік кадастрын жасау;
- заңды, кеңестік және аудиторлық фирмалар жүйесін құру үшін шарттар жасау;
- кіші бизнеске несие мен жарналарды ұсынатын коммерциялық банктер дамуын қолдау;
- сауда үйлері және биржа жүйелерін дамыту мен қолдау;
- коммуникациялық қызметтерді, қонақ үй шаруашылықтарын дамыту мен қолдау;
- бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторлар, аналитикалы-ақпаратты, көрмелі-ақпаратты, ғылыми зерттеу және кеңестік орталықтарды құру және қолдау.
- Білім алу. Бизнесті басқаруда тәжірибенің, білімнің аздығы.
Жою жолдары:
- бизнес негіздерін үйрететін жаңа оқу бағдарламаларын құру мен енгізу;
- мамандардығ жыл сайынғы оқылымын жетілдіру;
- донор-елдердің техникалық көмегін пайдаланудың сапасын арттыру;
- инновациялық кластерлерді, бизнесті басқару мен ұйым тәжірибесі мен білімді дамытудың инкубациялық орталықтарын құру;
- кәсіпкерлер үшін әрбір облыс және қала әкімшілігінде кезекшілік кеңестік пунктерді ашу.
- Мемлекеттік. Бюрократиялықтың, сыбайлас жемқорлықтың, ақша сұраудың бар болуы.
Жою жолдары:
- мемлекеттік қызмет туралы реформаны әрі қарай енгізу;
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы тәртіп кеңесінің жұмысын жетілдіру;
- заңдардың толық сақталуын қамтамасыз ету; кіші бизнес субъектілері үшін бухгалтерлік есеп, лицензиялауды, сақтандыруды, тіркеуді жеңілдететін түрін енгізу;
- кіші және орта бизнес саласында жұмыс істейтін мемлекеттік басқару органдарының жұмысын толық дәрежеде мүлтіксіз болуын қадағалау;
- кіші бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдарда, банктерде, сақтандыру, нотариалды, заңды фирмаларжа қызмет алуын жеңілдету;
- кәсіпкерден ІІМ бөлімшелеріне түсетін арыздарға уақытылы, әрі оперативті жауап беру;
- Бизнес және жеке меншікті қорғау үшін құрылымды іске қосу.
- Ақпараттық. БАҚ-да мәселелердің таралуының тәжірибелік деңгейінің жоқ болуы.
Жою жолдары:
- ЖАҚ-да кіші бизнесті дамыту жайлы ақпаратты кеңінен тарату;
- интернет жүйесінде кіші бизнес беттерін құру, арнаулы буклеттерді, ақпарат парақшаларын, дайджестерді басылымға шығару;
- радио және теледидар бойынша арнаулы бағдарлама циклдерін ұйымдастыру;
- бизнестің өзекті мәселелері бойынша газет, журналдарда басылымдарды шығару.
2.2 Кіші және бизнестік даму шаралары, оларды іске
асырудың жолдары
Кіші кәсіпкерлікте «тез жараланатын» жерлері бар. Олар әлсіз стратегиялық басқаруда, яғни басшының ұзақ мерзімді шешімдері қабылдауда нақтылықсызбен, өзін-өзі қамтамасыз етуде ақпараттық жетіспеушілігі, қаржылық ресурстардың, өзіндік және жарналық тапшылығы, тәуекелділіктің жоғарғы деңгейі және әрекеттің тұрақсыздығы, сыртқы ортадан – банктер, мемлекеттік басқару органдары, ірі кәсіпорындары, ғылыми ұйымдарынан – қатты тәуекелділікте болуымен байланысты болады.
Соңғы уақытта республикада кіші кәсіпкерлік әлеуметтік функциялардан жиі-жиі босатылады. Әлеуметсіздендіру процесі стратегиялық жоспарлауда кіші кәсіпкерліктің өзінің жұмыскерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін қоғам алдындағы жауапкершіліктің азаюымен және олардың жалпымемлекеттік, муниципалды және әлеуметтік мәселелерді шешуде аз қатысуында айқын көрініс табады.
Кәсіпкерлік бостандық және әлеуметтік жауапкершілік принциптердің байланысы тек нарық мезанизмі арқылы ғана мүмкін емес. Ол үшін мемлекеттің сәйкес саясаты да қажет. Мемлекетке қатысты кіші кәсіпкерлікте екі негізгі функцияларды атап өтуге болады: реттеушілік және қолдау. Біріншісі кіші кәсіпкерлікте құқылы ортаны құруда, ұйымдастырушылық-әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес есептерді орындауда, бақылауда көрініс тапты. Қолдау функциясында кіші кәсіпкерліктерге дейін материалды, ақшалай, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетулерді жеткізумен байланысты әрекеттер орындалады.
Кіші кәсіпкерлік тек «астынан» әсер ету еркінен өмір сүргіш. Мемлекеттің басты мақсаты кәсіпкерлікті қысып-жаңшуда емес, оның әрекет етуі үшін экономикалық ортаны қалыптасытыру. Ашық көрсетілген түрде кіші кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты заңды және нормативті базаны құру мен жетілдірумен, іскерлік белсенділікті ынталандырумен, кәсіпкерлік әрекетті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымын қалыптастырумен тікелей байланысты. Жағымды экономикалық ортаны қалыптастыруда позитивті қоғамдық ойларды жетілдіруге ерекше орын бөлінеді.
Дамыған елдерде кіші кәсіпкерліктерге байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі кәсіпкерлік кішірейтілген үлгі болып табылмайтындығында және ірі фирманың дамуындағы аралық саты емес екендігіне қарамай, өзіндік ерекшеліктері және даму заңдылықтары бар ерекше модель ретінде қарау жатыр. Сол себептен, кіші кәсіпкерлікке ерекше қарау және оның әлсіз құрылымына сәйкес қолдау үшін арнаулы шараларды ұйымдастыру керек.
Кіші кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауы елдің мүмкіншілігіне, сол сияқты перспективалық және ағымдық мемлекеттік есептерді шешуге орай, жаңа жұмыс орындарының құрылуы немесе экономикасы артта қалып қойған аудандарды көтеруі, ғылымды көп қажет ететін өндірісті дамытуы немесе сыртқы экономикалық қызығушылықты көтеруі, кәсіпкерліктің араласуымен байланысты.
Мемлекеттің белсенді қолдауы жаңа кіші кәсіпкерліктің пайда болуын ынталандырады. Кіші кәсіпкерліктің дамуындағы мемлекеттің ықпал етуін көруге болады. Көп мемлекеттер экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі деп аталатын модельді ұстанады. Ол бойынша кіші кәсіпкерліктің балсенділігін арттырудың әсерлі, әрі иілгіш тәсілдерін қолдануы жатыр. Кәсіпорынның даму сатысы мен дәрежесіне орай қолдау дифференциалды болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Кіші кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауы туралы» заңында келесілер қарастырылады:
- мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алғашқы үш жыл аралығында қозғалмалы мүлік құқығын тіркеу үшін өндіріспен шұғылданатын кіші кәсіпкерлік субъектілердің төлеуден босатылуы;
- жерді пайдаланғаны үшін төлем актісіз өндіріспен шұғылданатын кіші субъектілерге жер участкілерін беруі;
- канализация, су, жылумен қамтамасыз ету, электр энергиясына қосқаны үшін; мемлекеттің қатысуымен екінші деңгейлі банктерде есеп-шоттарды ашқаны үшін төлемнен босатылуы;
- кіші субъектілердің қаржы-шаруашылық әрекетіне жылына бір реттен кем емес бақылауды белгілеу.
Кіші кәсіпкерліктің дамуын белсендету үшін кіші кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Орындалуы үшін жалпы басқарушылық Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеудің, кіші бизнесті қолдау мен бәсекелестікті қорғаудың Агенттігіне жүктелді. Бағдарлама құрастырушылары кіші кәсіпкерліктің ЖІӨ-ге екі жылдан кейін қосатын үлесі 22%-ға дейін артуына сенім білдірді.
Кіші кәсіпкерлікті несиелеудің басты қиыншылығы көп кәсіпкерлерде кепілге қалдыратын материалдардың болмауы болып табылады. Сол себептен коммуналды меншіктің объектілерінен аймақтық ликвидті кепілдеме фондтары құрылуда. Олар Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалыптасты.
Кіші кәсіпкерлікті дамыту Фондтың жұмыс әрекетіне облыс әкімдері тартылады. Олардың көмегі қалтырап тұрған әкімшілік ғимараттарды (жалға беру, қайтарымсыз, т. б.) кәсіпкерлерге пайдалануға беруінде жатыр. Мысалы, 2000 жылдың 1 қаңтарында республика аумағы бойынша 4394 пайдаланбайтын объектілер және ғимараттар анықталды. Кіші кәсіпкерлік субъектілеріне сатылғаны – 1835, жалға берілгені – 1778, өнімділік басқаруы – 700, қайтарымсыз төлемге – 432 объектілер болып табылады.
Басқарушылық органдардың көрсетілетін қолдауы таңдаулы екендігі бүгін ешкімге де құпия емес. Тендерлерді өткізгенде, несиелерді үйлестіргенде жеңістің үлкен бөлігін не қалыптасқан кіші кәсіпорындар, не сәйкес құрылымдарда жақсы қолдауы бар кәсіпкерліктер құрайды.
Ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар мен кәсіпкерлерді үйретуі бойынша Алматы облысында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін «Бірлескен әрекет туралы» республикалық мекетептер мен бизнес орталықтары арасында, «Екі жақты байланыс туралы» БҰҰ/ПРООН (UNIDO) жобасы мен Алматылық кәсіпкерлер Ассоциациясы арасында, Алматылық және Талдықорғандық стандарттау орталықтарымен, Алматылық сауда-өнеркәсіптік палатасымен келісім шарттарға сәйкес Талдықорған, Саркенд, Қапшағай, Алматы қалаларында, Шүнджі аулында «Кәсіпкерлікті дамытудың сұрақтары» атты семинарлар өткізілді.
Мемлекет кіші кәсіпкерлерге конкурстық негізде белгілі бір тауар түрлерін, жұмыстарды, қызмет көрсетуіне мемлекеттік тапсырыстарды орналастырғанда жеңілдіктер беруі тиіс. Ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың күнделікті сұранысын кіші кәсіпкерліктің субъектілерінің өнімін мен қызметін бірінші кезекте сатып алынуы арқылы қамтамасыз етуі керек. Мемлекеттік кіші кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдардағы бағдарламасында бюджеттік ұйымдардың Қазақстандық кіші кәсіпкерлердің шығаратын өнімдерімен бірдей импорттық тауарларды сатып алуына тиым салынады. Ірі компанияларға берілетін мемлекеттік тапсырыстардың бір бөлігін кіші кәсіпкерлерге конкурстық негізде үйлестіріліп берілуі тиіс.
Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық әрекетінің мемлекеттік қолдауы мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- кіші кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларда қатысуы;
- халықтың сақтандыруларын құнды қағаздар арқылы инвестицияға айналдыру механизмін құрастыруы;
- кіші кәсіпкерлікті қолдаудың арнаулы институттары мен фондтарының бюджеттен тыс бастауларын іске тарту облысындағы әрекетін белсендетуі;
- кіші кәсіпкерлікпен жұмыс істейтін коммерциялық банктер және басқа да қаржы институттары үшін жеңілдіктер жүйесін қалыптастыруы;
- кіші кәсіпкерлік субъектілеріне жоғары сапалы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы үшін тікелей қаржылық қолдау көрсетілуі.
Қазақстанда 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарының контексінде ең басты мақсаттарының арасында – ауылдың және кедейлік пен жұмыссыздықпен күресу мәселелерін шешу. Бұл мәселелерді шешу кіші және орта бизнесті дамыту арқылы, Қазақстан тұрғындарын көбірек кәсіпкерлікке кірістіру арқылы жүзеге асады.
Кәсіпкерлер үшін, сәйкес саясатты жүргізу мен кіші және орта бизнесті қоддау бағдарламаларын жасау арқылы кіші және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасауда ең басты рольді үкімет атқарады. Нарықтық экономиканы дамыту жолына түскен елдердің алдында мақсат тұр – өсім мен прогрестің тұрақтануына жағдай жасау.
Табысты кәсіпкерліктің шарттары осы негізгі принциптерге сүйенген:
- нарықтық экономикаға арналған, қатты құқықтық және әкімшілік құрылымдарға негізделген саясат;
- жаңа кәсіпкерлерді оқыту бағдарламалары;
- кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету.
Осы принциптерге сүйеніп, келесі 4 облыстарда мемлекеттік саясат жасалып өңделуі тиіс:
- меншік иелерінің құқығында;
- жалпы құқықтық жүйеде;
- мемлекеттік басқару жүйесінде;
- инфрақұрылымда.
Кіші және орта бизнесті дамытуға бағытталған үкіметтік саясаттың басты сфералары:
- салықтық нормалар;
- еңбек заңы;
- бюрократиялық процестер.
Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет көптеген жобаларды, заңнамаларды қолдануда. Оның септігін бүгінгі күндері бәріміз де көріп отырмыз.
2.3 Қазақстандағы кіші және орта
бизнесті дамыту жолындағы
Қазақстанда кіші және орта бизнесті қолдау және дамыту қашанда мемлекет қамқорлығында. Ол 1992 жылы «Кіші кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы», 1997 жылы «Кіші кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдардың қабылдануынан, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы наурызда «Кіші кәсіпкерлікті дамытуда мемлкеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойып, арнайы бағыт-бағдар беруінен айқын аңғарылады. Сондай-ақ 1999 жылдан бастап Қазақстанда кіші кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттері белгіленіп, ел экономикасының басымдық салаларында оның үлесін арттыруға ерекше көңіл бөліне бастады.
Қазіргі таңда жаңа бағдарлама қабылданды. Ол - «Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы».
Оны әзірлеу үшін негіздемелер: ҚР Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы, «Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсанындағы №358-і өкімі қолданылды.
Әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.
Бағдарламаның негізгі мақсаты: Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілер қызметі саласын барынша кеңейтуге және оларды жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері: Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негіз құру; экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік кедергілерді жою; кіші және орта кәсіпкерлікте көлеңкелі айналымды қысқарту; мемлекетке бейінді емес функцияларды рыноктық ортаға, бірінші кезекте, кіші және орта кәсіпкерлікке беру; кластерлік-желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйе құру және қамтамасыз ету; инновациялық экономикада кәсіпкерліктің қатысуы.

- Қазақстанда қылмысты саралау
- Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының мәселелері
- Қазақстанда пластикалық карточкаларды айналымға енгізу және оның дамуы
- Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
- Қазақстандық капиталды шетелге шығарудың мәселелері
- Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы
- Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі
- Қазақстанда инвестициялық қызметтің дамуы
- Қазақстанда инвестициялық қызметтің заңнамалық қамсыздандуру
- Қазақстанда инвестициялық қызметтің заңнамалық қамсыздандуру
- Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
- Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
- Қазақстанда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін шектейтін факторлар
- Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары