Қазақстанда инвестициялық қызметтің дамуы

                                                    Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1    Мемлекеттің  инвестициялық қызметінің негізгі  мәні.............................5

 

    1. Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы.......................................5
    2. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар..............................................................................................................8
    3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің қалыптасу ерекшеліктері.....................................................................................................10

 

  1. Қазақстан экономикасының дамуындағы шетелдік инвестицияның ролі....................................................................................................................13

 

    1. Шетел инвестициялары: Қазақстан экономикасына құйылу серпіні...................................................................................................................13
    2. 2011 жылы Ақтөбе облысының негізгі капиталына салынған инвестицияны талдау....................................................................................................................15
    3. Мұнай өндіруші салалардағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайы................................................................................................................16

 

  1. Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы.........................................24

 

Қорытынды..........................................................................................................30

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................32

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат  тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы  институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай  да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау  нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі  капиталдың ұдайы өндірісіндегі  мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне  қарай негізгі капиталға салынатын  инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық  инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі  капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан  қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден  өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық  айналыс құралдарының қорларын толықтыруға  жұмсалатын қаражат.

Курстық жұмыстың тақырыбы – «Қазақстанда инвестициялық қызметтің  дамуы».

Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазақстандағы шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды басқару тетіктері мен бағыттары болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстанда шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіруді ілімдік-әдістемелік негіздеу, сондай-ақ инвестицияларды тиімді пайдалануды жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттелетін тақырып бойынша  көптеген теориялық және практикалық  мәселелерге қатысты ресейлік және шетелдік зерттеушілердің, сонымен  бірге қазақстандық ғалымдардың  еңбектері қолданылды. Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін қарастырылатын мәселе бойынша отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, үкімет қаулылары, заңдар мен нормативтік құжаттар, Президенттің жолдаулары, мемлекеттің даму бағдарламалары қолданды.

Зерттеу барысында ғылыми жаңалыққа ие келесі нәтижелер алынды:

- инвестициялық орта мен  ұдайы өндіріс үрдісін жүзеге  асырудағы инвестициялау қажеттілігі  негізделді;

- инвестициялық қызметті  реттеудегі мемлекеттің ролі  мен қызметтері сараланды;

- Қазақстанның жекелеген  аймақтары бойынша мұнай өндіру  саласына инвестиция тарту мен  пайдалану ерекшеліктері анықталды;

- мұнай өндіру саласын  мемлекеттік реттеу негізінде  инвестициялық стратегия айқындалды;

- мұнай өнімдері нарығын  зерттеу негізінде осы салаға  инвестицияларды тарту тетіктерін  жетілдіру бойынша ұсыныстар  жасалды;

- 2015 жылға шикі мұнай  және газ өндірудің пайдалылық  деңгейіне әсер ететін көрсеткіштерді  зерттеу арқылы болжам жасалды.

Қазіргі әлемдік қаржы  дағдарысы жағдайында шетел инвестицияларын  мұнай өндіру саласына тарту және тиімді пайдалануды жетілдіруді  зерттеу қажеттілігі ұлттық экономикалық қауіпсіздікпен және қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастарымен байланысты болғандықтан, курстық жұмыстың тақырыбы бүгінгі таңда өзекті болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі мәні

 

1.1Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы

 

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы  шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын  айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі  күні қолда бар ақшаны, мүлікті  және басқа да заттарды , яғни капиталды  қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс  табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі –  уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен  қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың  жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін  өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың  маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз –  шаруашылық субъектісіндегі белгілі  бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын  салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік  қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды  қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне  қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор – қор нарығында  құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз  – табыс табу және капиталды ұлғайту  мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып  табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс  істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа  немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық  қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз  – халық шаруашылығының әр түрлі  салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін  ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі  қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :

1. Инвестициялаушы елдегі  капиталдың мол қорлануы;

2. Дүниежүзілік шаруашылықтың  әр түрлі бөліктеріндегі капиталға  сұраныс пен ұсыныс арасындағы  тепе-теңдіктің бұзылуы;

3. Жергілікті рынокты  монополизациялау мүмкіндігі;

4. Капитал экспортталатын  елде арзан шикізат пен жұмысшы  күшінің болуы;

5. Саяси тұрақтылықтың  және қолайлы инвестициялық ахуал;

Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:

  • өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
  • портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құнды қағаздарға алу үшін);

Ішкі инвестициялық ресурстар  өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел  капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. 1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады. 2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді. 2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56.9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп. 2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды. Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады. Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді. Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады. 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді. Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған. Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді. Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа (19.8%) келеді. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.

 

 

1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық   бағыттар

 

Республиканың әлеуметтік –  экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің  басты мәселелерін анықтауға  себепші болады. Олардың бірі болып  инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде  заң шығаратын негіздер мен ұйымдық  құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың  қаржылық ресурстарын пайдалану  мен шетел инвестицияларын тарту  жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік  инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары  құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның  ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру  қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел  инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің  Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін  құру жөніндегі ” ҚР Президентінің  Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан  Республикасындағы инвестициялық  қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық  процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу. Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық  деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты  назар аударылады. Бұл үшін салалық  министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған  әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы  қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды  дайындауы керек. Бағдарламалау  кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің  мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды  ұзарту бюджеттік процеске арналатын  таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі  шешімдер мынандай факторларды ескеруі  қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық  жағдай; - инвестициялар бойынша  ұсыныстардың нақты аспектілері , соның  ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес  беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің  міндеті болып табылса, инвестициялық  жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың  қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік  инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық  жүйесін құру мен жоғарыда аталған  функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау. Қазақстанда  “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды  жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

- инвестициялық қызметті  қамтамасыз етудің заң шығарушы  кепілдері;

- жеңілдіктер мен артықшылықтар  жүйесін белгілеу (мемлекетті сол  немесе басқа кәсіпорындар мен  ұйымдарға олардың қызметіне  қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен  жеңілдіктер мен артықшылықтар  беруі);

- Қазақстан Республикасының  мүддесін инвесторлар алдында  көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік  органның болуы.

Заңда тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл  қолдаудың мақсаты- экономиканың басым  секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел  дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы  инвестициялық климат жасау болып  табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың  ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

- жаңа технологияларды  , алдыңғы қатарлы техника мен  ноу- хау енгізу;

- жоғары сапалы тауарлар  мен қызмет көрсетуге ішкі  нарықтың қанығуы;

- отандық тауар өндірушілерді  мемлекеттік қолдау мен ынталандыру  ;

- экспортқа бейімделген  және импортты алмастырушы өндірістерді  жетілдіру;

- ҚР- ның шикізат базасын  ұтымды және кешенді пайдалану;

- менеджмент пен маркетигтің  қазіргі әдістерін енгізу;

- жаңа жұмыс орындарын  құру;

- жергілікті кадрларды  үздіксіз оқытудың, олардың мамандық  деңгейін жоғарлатудың жүйесін  енгізу;

- өндірісті күшейтуді  қамтамасыз ету;

- қоршаған табиғи ортаны  жақсарту.

Басқару процесі үшін инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру  мен оны бұзудың шарттары мен  тәртібі қарастырылған. Тікелей  инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар  бойынша Мемлекеттік Комитет  болып табылады. Ол ҚР- на тікелей  инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру бойынша мемлекеттік  органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық  жобалардың іске асырылуын бақылауды  жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

 

1.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің қалыптасу ерекшеліктері

Инвестициялық қызмет инвестицияларды  салу үдерісін сипаттайды. Ол берілген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға  ынталы заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттің тәжірибелік мақсатты кешенін қамтиды.

Инвестициялық қызмет экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатын көздейді. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық, өндірістік үдерісті қамтиды және оның кейбір мәселелеріне (мысалы, негізгі өндіріс  қорларын жөндеулен өткізуге, жаңа техниканы өндіруге) әсер етеді. Сондай-ақ, инвестициялық қызметке қаржы салу және арнайы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жатады.

Қазақстан Республикасында  инвестициялық қызмет заңдармен  реттеледі және бағдарламалық мақсаттық  сипатқа ие.

Инвестициялық қызмет –  бұл инвестицияларды салу және инвестициялау, инвестицияларды жүзеге асыру бойынша  тәжірибелік қызметтер жиынтығы. Сонымен қатар, инвестициялық қызмет инвестордың инвестициялық объектіні  таңдауы және құруы, оны пайдалануы мен жоюы, қажетті қосымша салымдарды жүзеге асыруы  мен сыртқы қаржыландыруды тартуы бойынша инвесторлардың қызметін түсіндіреді.

Қазақстан Республикасының  заңында инвестициялық қызмет –  жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы  жөніндегі ие кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған  және алған, тіркелген активтері  жөніндегі қызметі деп көрсетілген.

Жалпы инвестициялық қызметті құқықтық реттеудің 2 нысаны бар:

1) Ұлттық құқықтық реттеу;

2) Халықаралық құқықтық  реттеу.

Ұлттық құқықтық реттеу нысаны – бұл инвестициялық қызметке байланысты және оны реттеуге бағытталған  сол елдің аумағында әрекет ететін заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер  кешені.

«Инвестициялар туралы»  Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 8 қаңтардағы №373-II Заңы ҚР инвестициялық  қызметті реттейтін негізгі заң  болып табылады. Осы заңның қабылдануына байланысты «Инвестициялар туралы»  ҚР Заңы, «Шетелдік инвестициялар» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Заңы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің «Шетелдік  инвестициялар туралы» ҚР Заңын  күшіне енгізу тәртібі жөнідегі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қаулысы, «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 28 ақпандағы ҚР Заңдары  күшін жойды.

ҚР инвестициялар туралы заңдары ҚР Конституциясына негізделеді  және «Инвестициялар туралы» ҚР Заңы мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерден тұрады. Сонымен қатар, бұл заң  мемлекеттік бюджет қаражатынан  инвестицияларды жүзеге асыруға, коммерциялық емес ұйымдарға, оның ішінде білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни мақсаттар  үшін капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейді.

«Инвестициялар туралы»  ҚР Заңы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестицияларды  ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды. Қазақстан Республикасында  инвестицияларды жүзеге асырған  кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.

Инвестицияларды жүзеге асыру  кезінде туындайтын және Қазақстан  Республикасының өзге де заңдарының қолданысына байланысты «Инвестициялар туралы» заңының ережелері Қазақстан  Республикасының осындай заңдарына  қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері  қолданылады.

Ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету мақсатында ҚР заң  актілерінде инвестициялық қызметте шектелетін немесе оган тыйым салынатын  қызмет түрлері мен аумақтары  белгіленген. Сонымен қатар, бұл  заңда инвестиция, инвестициялық  қызмет, инвестор, инвестициялық преференция  ұғымдарына анықтама берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан экономикасының дамуындағы шетелдік инвестицияның ролі

2.1 Шетел инвестициялары: Қазақстан экономикасына құйылу серпіні

Нарық қатынастарына негізделген  Қазақстанның жаңа замандағы дамуындағы экономикалық реформалардың басты  бағыты – мемлекеттің экономикалық өсуі мен экономиканың тиімділігін  арттыратын мемлекеттің инвестициялық  саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру. Үкіметтің реформаларды тереңдету  негізінде экономиканың құрылымдық өзгертуін қамтамасыз етуі мен ішкі көздер есебінен қаржыландыруды шектеу шартында республика экономикасына  шетел капиталын тарту маңызды  орын алады.

Қазақстанға тартылатын шетел  инвестицияларының басым бөлігі – тікелей инвестициялар. Салықтық түсімдер түріндегі экономикалық тиімділік, ұлттық жеткізушілерді ынталандыру  мен ішкі нарықты кеңейтуден басқа  тікелей шетел инвестициялары менеджмент, маркетинг, логистика, т.б. салаларының  дамуына, кадрларды жетілдіруге  ықпалын тигізеді.

Қазақстанның Ұлттық Банкінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан  экономикасына 1993 жылдан 2008 жылға дейін 89,7 млрд. АҚШ долл. тікелей инвестициялары тартылды. Өткен жылмен салыстырғанда, 2008 жылы тікелей шетел инвестицияларының  ағымының өсуі 7,3 % (19.8 млрд.долл.), ал 2006 (10,6 млрд.долл.) жылға қарағанда, 2007 жылы ол 73 % (18,5 млрд.долл.) құрады.

2004 жылдан 2008 жыл аралығында  Қазақстан шетел мемлекеттеріне  құйылған тікелей инвестициялары 809млрд АҚШ долларын, 2008 жылы шетел  тікелей инвестицияларының жалпы  ағымы 4,24 млрд АҚШ құрады, 2007 жылмен  салыстырғанда, 60,9 %-ға (2,64 млрд.долл.АҚШ) жоғары.

Жалпы тікелей шетел инвестицияларының  құрылымында есепті кезеңде Нидерланды (жалпы түскен шетел тікелей инвестициясынан 22,0%), АҚШ (10,4%), Ұлыбритания (9,1%), Франция (6,1%), Кайман аралдары (Британдық) – 4,9%, және Канада (4,8%) басым орынға ие болды. ТМД елдерінен шетел тікелей инвестицияларының түсуі 10,6%-ға өсті, яғни 887,3 млн.долл. құрады (1-кесте).

 

Кесте 1 – Негізгі инвестор-мемлекеттерден келетін жалпы шетелдік тікелей  инвестициялардың құрылымы

 

       Мемлекеттер

                 2007

                2008

млн.АҚШ.долл

      %

млн.АҚШ.долл.

     %

Жалпы, оның ішінде:

18453,4

100,0

19809,1

100

Нидерланды

3147,8

17,1

4349,4

22

АҚШ

2462,1

13,3

2059,5

10,4

Ұлыбритания

909,3

4,9

1797,2

9,1

Франция

1022,6

5,5

1203,8

6,1

Кайман аралдары (Британдық)

9,3

0,1

976,5

4,9

Канада

314,1

1,7

944,8

4,8


 

Қызмет түріне қарай жалпы  шетел тікелей инвестицияларының  құрылымында тікелей инвестицияларының  басым бөлігі жылжымайтын мүлікке, жалпы тікелей шетел инвестицияларының  сомасынан 40%, тау-кен өндірісіне – 15%, қаржы саласына – 11%, өңдеуші салаға – 9% салынады.

2009 жылдың 1 қаңтардағы жағдай  бойынша Қазақстанда шетел капиталының  қатысуымен 19109 кәсіпорын тіркелді.

Инвесторларға тиімді салалардың бірі ретінде бұрынғыдай мұнай мен  табиғи газ (негізгі капиталға салынатын  жалпы инвестицияның 35%-ы), жылжымайтын мүлікпен операциялар (21%), көлік пен байланыс (14,5%), өңдеуші сала (9,6%) саналады.

Шетел тікелей инвестицияларының  ағымы да бұл жағдаймен сипатталады. Тартылатын инвестициялар көлемінің  өсуін айта кету керек, алайда, шикізат  секторына салымдар өңдеуші секторға қарағанда, жоғары болып қала беруде.

2010-2014 жылдарға арналған  Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық  даму бағдарламасына сәйкес шикізат  емес секторларына инвестицияларды  тарту мақсатында тиімді инвестициялық  климатты қалыптастырумен қатар  тікелей шетел инвестицияларды  тартудың жалпы және жекелеген жолдарын қарастыру іске асырылады.

Әлеуетті шетел инвесторларымен  қарым-қатынастың институционалды  механизмдері жетілдірілетін болады.

Бұл мақсатта:

- Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту мен шетел инвесторларының құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша ұлттық холдинг пен мемлекеттік органдардың қызметін бақылау мен реттеу мақсатында ҚР Премьер-Министрдің басқаруымен комиссия құру;

- Тікелей шетел инвестицияларды тартуды қамтамасыз ету үшін мамандандырылған бөлімшелерді құру, төмендегілерді қоса:

- әлеуетті мақсатты инвесторларды іздестіру мен анықтау;

- әрбір инвестормен жұмыс істеу үшін «жол картасын» жасау мен іске асыру қарастырылды.

Бұдан басқа Қазақстанның тартымды инвестициялық имиджімен  жұмыстар да:

- ақпараттық-презентациялық іс-шараларды өткізу;

- инвесторларға серіктестерді табуға көмектесу, қажетті ақпараттарды ұсыну жалғастырылады.

Сонымен қатар шетел инвесторларын  тартуға бағытталған Сыртқы істер  министрлігінің де жұмыстарын күшейту  қарастырылған.

 

 

2.2 2011 жылы Ақтөбе облысының негізгі капиталына салынған инвестицияны талдау

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып  табылады. Бұл инвестициялық қызметтің  неғұрлым белсенді және ірі ресурстар  бар мүшелер. Сондай-ақ оларды ұйыммен  және тұрғындармен жинақтарды тарту  олардың инвестициялық ресурстар  трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша  туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық  процессті қаржыландыру нарықтық тетікті  бір қалыпқа келтіру Қазақстан  Республикасы экономиканың дамуының басты  проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрылымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.

Қазақстандағы болашақ басты  міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларына бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.

ʺИнвестицияʺ деген сөз  латынның ʺинвестʺ (салу) дегенінен  шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген  сұрақтарға жауап туады. Капиталды  салады, оның көптеген түрі болады:

Сөйтіп, нені салуға болады? Ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған  пайдалары, жай адамдардың жинаған  ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен  қабілеттілік ʺноу-хауʺ, әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұны инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес, салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.

Инвестиция дегеніміз  – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік  және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интеллектуалдық  құндылықтар.

Инвестициялық қызмет бұл  – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Инвестициялаудың тар  кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен  бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу  және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат  құрылысына. Қандай болмасын кәсіпорынның материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер  мұның бәрін ʺнағыз капиталʺ терминіне  қосып айтады.

Бүгінгі таңда Қазақстан  экономикасының дамуы негізінен  инвестицияның көп мөлшерде тартылуына тікелей байланысты. Өйткені еліміз өндірісінің жалпы деңгейі мен  оның даму болашағының деңгейі қазіргі  өндіріс ауқымынан 10 есеге артық  болып табылады. Бұл шамаға жету үшін шетелдік инвестицияларды тартумен қатар, отандық инвестицияның да үлесінің артуын басты орынға қойып, ұлттық инвесторлардың инвестициялық саясатын өндірістің өнеркәсіп және өңдеуші саласына тартуына ынталандыруымыз керек.

2011 жылғы қаңтар-қазанда  Ақтөбе облысының негізгі капиталына 281628,2млн.теңге инвестиция салынды,  бұл өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,1%-ға өсті (2-кесте).

Осы аталған ішкі инвестицияларды  дамытудың бірден-бір көзі жағдайы  жақсарған отандық корпорациялардың, екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің және сақтандыру компанияларының инвестициялық  саясатын дамыту және оларды ұлттық экономиканы  дамытуға деген ынталарын арттыру  болып табылады. Осылардың ішінде әсіресе негізгі капиталды инвестициялауда әр түрлі корпорациялардың алатын орны ерекше, себебі банктер көбінесе ақша-несиелік операциялармен айналысады, ал өндіріс және тағы басқа корпорациялар өндіріске тікелей инвестиция тартуға икемді болып келеді.

Қазақстанда инвестициялық қызметтің дамуы