Қазақстанда инвестициялық қызметтің заңнамалық қамсыздандуру

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ                                                                                                                 2

«Инвестициялар туралы»  ҚР Заңның негізгі 

тұжырымдары.........................................................................................................3

«Қазақстан Республикасының  Индустриялық

дамуының 2015  жылға арналған

Стратегияның» мәні мен мағынасы......................................................................8

Инвестициялық саясат туралы түсінік,

инвестициялық саясаттың 

мақсаттары мен міндеттері...................................................................................10

Инвестициялық  саясаттың  мемлекеттік  

реттеу құралдары. Инвестициялық 

саясатты жүзеге асыру  механизмі........................................................................13

Инвестициялық климат және

оны құрушы факторлар.........................................................................................15

«Шетел инвестициялар  туралы» «тікелей

инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы» 

заңдарды қабылдаудыңмақсаттары....................................................................17

Қорытынды                                                                                                         19

Әдебиеттер тізімі                                                                                                 20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Инвесициялар жалпы мемлекет үшін әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін, сондай – ақ шаруашылық субъектілер қызметіне маңызды. Инвестициялық үрдістің ұлғаюына негізінен қаржы нарығының дамуы, қаржы құралдың болуы, қаржылық институттардың қызметтері әсер етеді. Қазақстандағы нарықтық қатынастырдың қалыптасы үрдерісі инвестициялық қызметтің сипатын және шарттарын елеулі өзгертті.

«Инвестиция» термині  латын тілінен («invest») аударғанда – кейінен табыс алу мақсатында капиталға салым салу дегенді білдіреді.

Қазақстандық экономикада  «инвестиция» термині нарықтық қатынастарға көшу кезеңінен бастап қолданыла  бастады. Инвестицияның синонимі капитал  жұмсалмалы, бірақ тәжірибе көрсеткендей, «инвестиция» түсінігі кең мағынаны білдіреді. Ирнвестиция кәсіпкерлік қызмет аясындағы барлық мүліктік, қаржылық және интеллекті құндылықтарды білдіреді. Ал, капитал жұмсалымы инвестицияның бір бөлігі болып табылады және ол негізгі капиталға бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. «Инвистициялар туралы» ҚР Заңының негізгі тұжырымдары

Өндіруші салаға қарағанда, Қазақстанның өңдеуші салалары мен  иновациялық секторы шетел инвесторлары үшін тартымсыз болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттің негізгі міндеті ретінде тауар, қызмет көрсету өндірісінің ішкі өсуін қамтамасыз ету үшін инвестицияларды салуға жағымды жағдай жасау болып. Мемлекеттік қолдау салықтың жеңілдіктер арқылы жүзеге асырылады.

«Инвестициялар туралы»  Заңда отандық инвестордың құқықтары  мен міндеттері ең бірінші рет  бекітілді, шетел инвесторларына қойылатын  талаптар да өзгеріске ұшырады. Мұндай салыстыруды «Инвестициялар туралы»  ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар ескерегндегі (10.12.2008 ж. №101 –IV, 13.01.2009 ж. №135 – IV өзгертулерімен) үш Заңда талдау арқылы (кесте 4) анықтауға болады.

Инвесторға құқығы және қызуғушылықтары  толығымен қорғау берілді. Бұл келесідей  құжаттармен қамсыздандырылады  – Қазақстан Республикасының  Конституциясы, қазіргі Заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы ратифицияланған  халықаралық келісім – шарттар. Инвестор келесідей жағдайларда  залалдың шығынын өтеуді талап етуге құқығы бар: мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес емес қаулыларды шығару нәтижесінде; Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде.

Инвесторлар мен ҚР мемлекеттік  органдар арасында қол қойған келісімдер бойынша шарттардың тұрақтылығына  Қазақстан Республикасы кепілдеме  береді. Тек, тараптардың келісімімен шартқа өзгеріс енгізген жағдайлар ғана есепке алынбайды.

Кепілдемелер келесі жағдайларда  қарастырылмайды: 1) Қазақстан Республикасының  заңнамасындағы өзгерістер және (немесе) ҚР халықаралық келісім – шарттардың және (немесе) өзгертулердің күшіне енуі салдарынан импорт, өндіріс, акцизделетін тауарларды сату тәртібі мен шарттарының өзгерісі; 2) ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және адамгершілікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар.

 

 

 

Кесте 4. Заңдардың тұжырымдардың салыстырмалы сипаттамасы

Қорғау шалалары мен инвесторларға кепілдемелер

«Шетел инвестициялар  туралы» ҚР Заңы

«Шетел инвестициялар  туралы» ҚР Заңы

  1. Шетел инвестициялардың құқықтық режимі

1.ҚР территориясында инвесторлардың қызметін құқықтық қорғау кепілдемесі

  1. Заңнамасының өзгеруінен кепілдеме

2.Ұлтталандыру мен реквизиция кезіндегі инвесторлар құқықтарының кепілдемесі.

  1. Экспроприациясынан кепілдеме

3.Табысты қолдану кепілдемесі

  1. Табысты қолдану кепілдемесі

4.инвесторларға қатысты мемлекеттік органдар қызметінің жариялығы

  1. Меншікті валюта қаражатын пайдалану кепілдемесі

5.Дауларды шешу

  1. Шетел инвесторлардың залалалдарын жабу мен компенсациясы

6.инвесторлар құқығының басқа тұлғаға ауысуы

  1. Мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетінен кепілдеме
 
  1. Мемлекеттік тексеруі кезіндегі кепілдеме
 
  1. Шетел инвестицияларды тартудың жариялығы
 
 

 

Инвесторлардың құқықтары:

    1. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджетке салықты және басқа да міндетті төлемдерді төленгеннен кейінгі өз қызметінен алынған табысты өз қалауы бойынша қолдану;
    2. Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамаға сәйкес, ҚР территориясындағы банктерде ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында банктік шоттарды ашу.

Инвестицияларды мемлекеттік  қолдау инвестициялық префенцияларды

Беруді білдіреді. Инвестицияларды  мемлекеттік қолдаудың мақсаты  – бұл экономиканы дамыту –  үшін жағымды инвестициялық климатты құру; қазіргі технологияларды қолдану арқылы жаңа өндірісті құру, әрекет ететін өндірісті кеңейту, жаңарту үшін инвестицияларды ынталандыру, қазақстандық мамандардың біліктілігін жоғарлату; қоршаған ортаны қорғау.

Жеңілдіктер

«Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы

«Инвестициялар  туралы» 

ҚР Заңы

Басыңқы салаларға жұмсайтын  шетел инвесторларына жеңілдіктер берілді.

Басыңқы  салаларға:

  • Өндірістік инфрақұрылым;
  • Өңдеуші өнеркәсіп;
  • Астана қаласының объектілері;
  • Тұрғын үй, әлеуметтік аяның және туризмнің объектілері;
  • Ауыл шаруашылығы.

 

 

 

Жеңілдіктер түрлері

    1. Бес жылға дейін табыс салығын, жер салығын, мүлік салығын төлеуден босатылады. Одан кейінгі уақытта, 5 жылға дейін аталған салық мөлшерлемелердің 50% - ға дейін төмедетіледі.

 

    1. Мемлекеттік заттай гранттар

 

    1. Жобаны жүзеге асыруға қажетті құралдар, шикізат пен материалдар импортының кедендік бажынан толығымен не жекелей босатылады.

Келесіге қаражатты жұмсайтын  отандық және шетелдік инвесторларға жеңілдіктер беріледі:

  • Басыңқы қызметте тізіміне сәйкес;
  • Қазіргі технологияларды қолдану арқылы жаңа өндірісті құруға, әрекет ететін өндірісті кеңейтуге, жаңартуға;
  • Нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде.

 

Жеңілдіктер түрлері

    1. Мемлекеттік заттай гранттар
    2. Жобаны жүзеге асыруға қажетті құралдар импортының кедендіе бажынан босатылады




 

Қазіргі Заңға сәйкес уәкілетті  органмен келісім – шарт жасау  арқы келесідей инвестициялық префенциялар беріледі: 1) кедендік бажды төлеуден босату; 2) мемлекеттік заттай гранттар.

Инвестициялық префенциялары  келесі шарттармен беріледі: инвестициялық  қызметтің басыңқы қызмет түрлерінің тізіміне сәйкестігі; қазіргі технологияларды  қолдану арқылы жаңа өндірісті құру, әрекет ететін өндірісті кеңейту, жаңарту  үшін Қазақстан Республмкасы заңды  тұлғалардың бекітілген активтеріне  инвестицияны жүзеге асыру.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін құрал – жабдықтардың және оның топтама құрылғыштарының  импорты кезінде кедендік бажды  төлеуден босатылады. Кедендік бажды төлеуден босату арқылы келісім – шарттың әрекет ету мерзіміне беріледі, бірақ келісімді тіркегеннен бастап 5 жылдан жоғары емес мерзімге беріледі.

Уәкілетті органдар мемлекетік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын  басқвру аясындағы сәйкесінше мемлекеттік  органдармен, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірге мемлекеттік  заттай гранттар беріледі. Гранттар келісімге  сәйкес инвестициялық міндеттемелерді  орындаға кезде, уақытша қайтарамсыздық пайдалану немесе кейіннен қайтарымсыздықпен  жерді пайдалануға беруді қарастырады.

 Қайтарымсыздық тапсыру  үшін мемлекеттік заттай грантты  меншікке немесе жерді пайдалануға  беру уәкілетті орган тарапынан  жүргізіледі. Заттай гранттар  ретінде келесілер болады: жер  учаскілері, ғимараттар, құрылыс, машиналар,  құрал – жабдық, есептеу техникалары,  өлшеуші және реттеуші құралдар  мен құрылғылар, транспорт құралдары, (жеңіл автотранспорт емес), өндірістік  пен шаруашылық инвентарь.

      1. Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіппен, мемлекеттік заттай гранттардың нарықтық құны бойынша бағалауы жүргізіледі.
      2. Мемлекеттік заттай гранттардың максималды көлемі – Қазақстан Республикасы заңды тұлғалардың бекітілген активтерге  инвистицияның көлемінен отыз пайызынан жоғары емес.

Егер мемлекеттік заттай гранттың бағалық құны максималды көлемнен асатын болса, онда Қазақстан Республикасының  заңды тұлғасы айырмашылықты (мүліктің бағалық құны мен мемлекеттік  заттай гранттың максималды көлемі арасындағы) төлей отырып, сұраныстын мүлікті  алуға құқығы бар.

 

    1. «Қазақстан Республикасының Индустриялық дамуының 2015  жылға арналған Стратегияның» мәні мен мағынасы

Қазақстан Республикасының  Индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналаған Стратегияның мақсаты – бұл экономика салаларын әртараптандыру (диверсификациялау), дамытудың шикізаттық бағытынан кету арқылы елдің тұрақты дамуына қол жету. Стратегия Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық саясатын қалыптастырылады.

Индустриялды – инновациялық саясатының (инвестициялық саясатының) басты мақсаты ретінде өндеуші  өнеркәсібінде және қызмет аясында  бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған  тауарлар мен қызметтерді өндіру болып табылады. Сондықтан да, аталған  Бағдарлама елдің ғылымын және инновациялық қызметін ынталандыруға бағытталаған мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясатын белсенді жүргізуді қарастырады. Қойылған мақсаттарға жету үшін қаржы нарығын одан ары дамытуды, фискалдық, білім беру, монополияға қарсы саясатты, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру ұйғарады. Стандартту саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдік стандартқа көшуді қарастырады. 

«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы  бойынша бірқатар шаралар» ҚР Президентінің  Жарлығымен (13.10.2008 ж. № 669) және «13 қаңтар 2008 жылдың ҚР Президентінің Жарлығын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» ҚР Үкіметінің қаулысымен (17.10.2008 ж. № 962) «Самрұқ – Қазына ұлттық әл – ауқат қоры» АҚ («Қазына» дамытудың тұрақтандыру қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару бойынша қазақстандық холдинг» акционерлік қо,амдардың бірігуі нәтижесінде) құрылды.

Қордың негіззгі бағыттары:

    1. Ұлттық экономиканы жаңартуға және әртараптандыруға әрекет жасау;
    2. Ел экономикасын тұрақтандыруға әрекет жасау;
    3. Компания қызметінің тиімділігін жоғарылату.

Ұлттық экономиканы тиімді жаңарту және әртараптандыру инвестициялық қызметті белсенді жүзеге асыру арқылы жүргізіледі, әсіресе экономиканың басыңқы секторында – мұнай – газ секүторлары, электроэнергетика, металлургия; химия, мұнайхимия; инфрақұрылым.

Стратегияның ұтымды іске асырылуы – экономиканың құрылымында  сапалық өзгерістердің болуы; адамдық, негізделегн тұрақты өсуге жету; сондай – ақ Қазақстанның әлеуметтік даму мен қоғам құрылғысының жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.  Инвестициялық саясат туралы түсінік,

инвестициялық саясаттың  мақсаттары мен міндеттері

Ел экономикасына капиталды  тарту маңыздылығын мойындағандықтан, біздің мемлекетіміз қаражатты шоғырландыру бойынша сәйкесінше саясат жүргізіп отыр. Осыған байланысты, Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің  әлщеуметтік – саяси және экономикалық саясаттардың құрамдас бөлігі болып  табылады. Өз кезегінде, Қазақстанның инвестициялық саясатына жатқызылады:

    • Аймақтық инвестициялық саясат;
    • Салалық инвестициялық саясат;
    • Шаруашылық субъектілердің инвестициялық саясаты.

Инвестициялық саясаттың  барлық түрлері бір – бірімен  байланысты. Жалпы мемлекеттік инвестициялық  саясаттың маңыздылығы – бұл  елдегі  инвестициялық белсенділікті  жандандыруға мүмкіндікті беруі.

Ацмақтық инвестициялық  саясат – бұл шетелдік, отандық инвесторлар үшін аймақтың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету және инвестицияны тиімді қолдану мақсатындағы мемлекет жүргізетін шаралар кешені. Аймақтың инвестициялық белсенділігіне келесідей факторлар әсер етеді:

    • Табиғи ресурстар;
    • Экономикалық әлеует;
    • Табиғи – климаттық жағдайлар.

Салалық инвестициялық  саясат келесідей мақсаттарда жүргізіледі:

  1. Басыңқы салаларды таңдау мен қорғау;
  2. Төмен табысты салаларға инвестициялау мақсатындағы мемлекеттік құрылымдық саясатты жүргізу;
  3. Ғылыми – техникалық прогресті жылдамдату және өндіріске жаңа технологияларды, еңбектің жаңа формаларын ендіру.

Шаруашылық субъектілердің инвестициялық саясатының мақсаты – бұл инвестиция көзедрін іздеу; оларды жаңа құрылысқа тиімді жұмсау, қызмет ететін өндірісті жөндеу, ұлғайту; инвестициялаудан нақты табыс алу. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі мемлекеттік экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясаттарға тікелей тәуелді. Бұл саясат арқылы мемлекет өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТП – тің жеделдетуіне, қоғамдық өндірістің құрылымын өзгертуге және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеді. Микро деңгейде жүргізілетін инвестициялық саясаттың тиімділігінен мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік – саяси саясатының соңғы мақсатқа жетуіне байланысты. Мұнда, соңғы мақсат ретінде Қазақстан халқын барлық діни және материалдық игіліктермен қамтамасыз ету болады.

Қазақстанның  мемлекеттік инвестициялық саясатының мақсаты – бұл экономикалық өсуді қамсыздандыру  мен еңбек өнімділігін жоғарлату үшін маңызды салаларды қолдау.

Әрбір елдің мемлекеттік инвестициялық саясатының міндеттері қойылған мақсаттарға байланысты. Мысалға, егер мемлекеттік экономикалық саясатының басыңқы мақсаты ретінде ауыл шаруашылығын дамыту болса,онда мемлекеттік инвестициялық саясатының негұізгі міндеті ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту болады. Егер, мемлекеттің саясатының негізгі мақсаты елдің қорғаныс қабілетін күшейту болса, онда мемлекеттің инвестициялық саясатының міндеті – қорғаныс өнеркәсібін қолдау.

Қазақстанның инвестициялық  саясаты жүзеге асыру үшін басыңқы  мақсаттарды таңдау келесі жағдайлармен байланысты:

    1. Басқа өндірісті инвестициялау үшін валютаның түсуін қамтамасыз ететін экспорттық әлеуетті дамыту;
    2. Елдің өмірге маңызды жүйені құрайтын салаларды мемлекеттік қорғау;
    3. Ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары болатын өнімнің салаларын және өндірісін инвестициялау;
    4. Жоғары сападағы өнімдердің өндірісін инвестициялау.

Осыған байланысты, инвестициялық  саясаттың басты мақсаты –  бұл экономикалық өсуді қамтамасыз ету деп белгіленеді. Н. Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» атты халыққа Жолдауында «қазақстандықтардың материалдық негіздеріне, көркею көздеріне, қауіпсіздігіне және әл – ауқатының жақсаруына көңіл бөлінетіні» аталды. Мұнда, тұрақты даму ретінде қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын, экологиялық қауіпсіздігін және экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін даму мойындалады.

Макроэкономикалық тепе –  теңдікке жету және тұрақты экономикалық өсуге шығу көп уақытта талап  етеді. Кезеңнің ұзақтығы бастапқы әлеуметтік – экономикалық жағдайларға байланысты.

Қазастандық ғалым – экономистер  мемлекеттік экономикалық саясатының мақсаты ретінде жалпы экономикалық тепе – теңдікке жетуді анақтайды. Бұл келесідей жағдайларды орындау  қарастырады:

  1. Тұрақты экономикалық өсу – өндірістің инновациялық технологиясын игеру нәтижесінде жалпылай және халықтың бір жанға шаққандағы нақты ЖІӨ – нің өндірісін жоғарлату;
  2. Экономикалық тұрақтылық – бағалардың, ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің тұрақтылығы, инфляция мен бюджет тапшылығының төмен деңгейі;
  3. Сыртқы экономикалық тепе – теңдік, яғни оң төлем балансын қолдау, сыртқы сауданың кері қалдығының өсуін алдын алу, елдің сыртқы қарызын бір деңгейде қолдау;
  4. Экономикалық әділдікғ яғни ел Конституциясымен кепілдендірілген көлемде барлық азаматтарды материалдық құндылықтармен, игілік қызметтермен қамтамасыз ету; барлық шаруашылық субъектілері үшін бірдей экономикалық жағдайларды құру; нарықтық бәсекелестікті дамыту және монополистердің қызметтерін реттеу.

Экономикалық саясаттың  құрылымында инвестициялық саясаттың  орны мен рөлін анықтау көңілге  алатын сұрақтардың бірі болып табылады. Инвестициялық саясат экономикалық стратегияларды жасауға бағытталған  басыңқы көрсеткіштерді және елдің  даму жолдарын бекітеді.

Қазақстанның қазіргі  экономикасы дамыған елге тән  сипаттамалары бар. Олар: жалпы халықтың сауаттылығы, ,һғылыми – зерттеу  мекемелер желісі, космостық зерттеулер. Өз кезегінде, дамушы мемлекеттерге  де тән құбылыстар бар. Атап айтқанда, экономиканың шикізаттық бағыттылығы, көптеген аймақтардың экологиялық  ластануы, шетел инвестицияларына қажеттілік, жаңа технологиялардың жеткіліксіздігі, инфрақұрылымдардың қарқында дамымауы. Қазақстанның даму жоспары «Стратегия –2030», «2015 жылға дейінгі Қазақстанның индустриалды – инновациялық даму Бағдарламасында», «Қазақстанның қаржы нарығының даму Тұжырымдамасында», сондай - ақ

Көптеген бағдарламалық  құжаттарда кқрініс табады. Бұл құжаттар жетекші мемлекеттік қаржылық, валюталық  органдардың біздің мемлекетімізді әлемдік нарықта орынды бекіту саясатын жүргізуін және әлемдік экономикаға  Қазақстанның интеграциялдау үдерісінің жүзеге асыруын куәландырады.

 

    1. Инвестициялық  саясаттың мемлекеттік реттеу құралдары.

 Инвестициялық  саясатты жүзеге асыру механизмі

          Инвестициялық саясаттың тиімділігіне  жету мемлекеттік реттеу құралдары арқылы жүзеге асырылады. Олардың ішінен негізгілері ретінде келесілер жатады:

  1. Ақша – несие саясаты. Ақша – несие саясаты – айналыстағы ақша массаны реттеу (айналыста ақша массаны шығару не алу);  валюта бағамын реттеу (егер экспортты ынталандыру кезінде – төмендетілген валюта бағамы қолданылады); % - дық мөлшерлемені реттеу («қымбат» ақша саясаты - % - дық мөлшерлемені жоғарлату; және керісінше).
  2. Фискалдық саясат (салықтық және кедендік жеңілдіктерді беру арқылы реттеу).
  3. Амортизациялық саясат – негізгі капитал құнын қайта бағалау; амортизация нормасының дифференциясы; жеделдетілген амортизацияны жүргізу.

Мемлекеттік амортизациялық саясатының тиімділігі амортизация  нормасының өзгеру кезіндегі нақты  экономикалық үрдістің деңгейімен анықталынады. Экономикасы дамыған мемлекеттерде амортизация компанияның инвестицияға деген қажеттілігінің 70 – 80% жабуға көмектеседі. Сондықтан да, аталған құралды тиімді қолдану үшін сәйкесінше мемлекеттік амортизациялық саясатты жүргізу және амортизацияны есептеудің әдістеріе жетілдіру керек.

  1. Инновациялық саясат. Ол өндірістік ғылым мен тыхниканың жетістіктерін ендіру арқылы жүргізіледі.

Қарастырылған құралдар инвестициялық  қызметті реттеудің жанама 

шаралары болып табылады. Инвестициялық қызметтің тиімділігіне инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмі тікелей әсер етеді. Ол келесі жағдайларды қамтиды:

    1. Нормативтік – құқықтық базаны жетілдіру.
    2. Инвестициялық саясатты жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдарды тағайындау.
    3. Инвестицияның сенімді көздері мен әдістерін таңдау.
    4. Тікелей шетелдік инвесторды тарту үшін жағымды жағадайларды жасау.

Инвестициялық саясатты қалыптастыру көп жағдайда инвестицияның сұраныс  пен ұсынысы арасындағы қатынастарды реттеу бойынша шаралар жүйесіне байланысты.

Қаржылық – экономикалық шараларға ұлттық қаржы нарығын  және оның ифрақұрылымын дамыту. Инвестициялық  саясаттың тиімділігі банк жүйесінің  дамуына, валюта биржаның, қаржылық институттардың қызметтеріне, қаржылық құралдардың  жеткіліктігіне тәуелді болып келеді. Қаржылық – экономикалық шараларға сондай – ақ салық салатын, несие саясатын, баға саясатын, валюталық реттеуді, осыған байланысты мемлекеттік органдардың қызметтері жатқызады. Нормативтік – құқықтық шаралар – құқықтық реттеу (инвестиция аясындағы экономикалық қатынастарды реттейтін заңнамалық кешен); нормативтік – құқықтық базаны жетілдіру. Әкімшілдік шараларға уәкілетті органдардың шетелдік инвестициялық жобаларды таңдау мен сараптау; кедендік шектеулер; валюта – қаржылық және несиелік операциялар арасындағы шектеулер жатады. Инвестициялық саясатты жүргізуде әлеуметтік – психологиялық шаралардың рөлі зор. Әлеуметтік – психалогиялық шаралар инвестицияны қаржылндыру көздері мен әдістерін таңдауда экономикалық субъектілердің талғамын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің ақпараттық қызметімен байланысты.

ҚР – да инвестициялық  қызметті реттеу үшін 1996 жылы инвестициялар  жөніндегі Мемлекеттік комитет  құрылған болатын. Ол келесідей қызметтерді  атқарды: - шетелдік инвестицияларды  жобаларды жүзеге асыруына қадағалау; - елде жағымды инвестициялық климатты жасау бойынша ұсыныстырды қабылдау.

Шетелдік инвесторлар  қызметінің тиімділігі және ҚР – на инвестицияларды тарту мақсатында 1998 жылы шетел инвесторлар Кеңесі құрылды. Кеңес төрағасы ел басшысы  тағайындалды. Кеңес құрамына шетелдік компаниялардың өкілдері, халықаралық  сарапшылар, қазақстандық экономистер  кірді. Кеңес 4 топтан тұрды: ағымдық  қызмет сұрақтары бойынша; заңнамалық сұрақтар жөнінде; салық салу сұрақтары  жөнінде; жағымды инвестициялық  климатты құру жөнінде.

Қазіргі уақытта, Қазақстанда  мемелекеттік инвестициялық саясатты жүргізуге жауапты мемлекеттік  уәкілетті орган Индустрия және сауда Министрлігі болып табылады.

 

 

    1. Инвестициялық климат және оны құрушы

факторлар

Инвестициялық климат түсінігі елдің инвестициялық белсенділігін  бағалау үшін қолданылады.

Инвестициялық климат– бұл инвестицияның қайтарымджылығын және жұмсау тиімділігін қамтамасыз ететін нормативтік – құқықтық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік шаралар кешені.

Елдің инвестициялық климатын бағалаудың көптеген әдістері бар. Дәстүрлі әдіс келесідей бағалауды қамтиды:

  • ЖІӨ, ұлттық табыстың, өндіріс көлемінің даму серпіні;
  • Нормативтік – құқықтық база;
  • Шетелдік инвестициялық ағаны;
  • Жинақ пен тұтыну арасындағы қатынасты анықтау;
  • Қаржы нарығының жағдайын бағалау (қаржылық институттардың, инфрақұрылымдардың болуы және т.б.)

Аймақтың, саланың, аяның  инвестициялық климатын бағалау  келесідей санаттарды (категорияларды) бағалаудан тұрады:

  • Инвестициялық әлеует;
  • Инвестициялық тәуекелдер;
  • Инвестициялық тартымдылық;
  • Инвестициялық белсенділік.

Инвестициялық әлеует макроэкономикалық сипаттамаларды, территорияның өндіріспен қамтылуы, халықтың тұтыну сұранысы ретінде сипат алады. Инвестициялық әлеует келесідей құрылымдардан тұрады:

    1. Ресурстік база;
    2. Еңбек әлеуеті;
    3. Өндірістік әлеует;
    4. Инвестициялық әлеует;
    5. Инфрақұрылымдық әлеует (географиялық, аймақтың орналасуы, өндірістік инфрақұрылым және т.б.).
    6. Қаржылық әлеует.
    7. Тұтынушылық әлеует.

Инвестициялық әлеует инвестициялық  тәуекелдерді ескергенде инвестициялық  климатты анықтаудың негізі болып табылады.

 

Инвестициялық климат = Инвестициялық

әлеует – Инвестициялық  тәуекелдер

Инвестициялық тәуекелдер инвестициялық шешімді қабылдаудың шектенулері ретінде болады. Инвестициялық тартылымдық инвестицияны жұмсау тарапынан инвестициялық объект сипаттамасын білдіреді. Яғни, инвестициялық тәуекелдерді ескере отырып, қызметті қамтамасыз етеді. Инвестициялық белсенділік негізгі капиталға инвестицияларды жұмсау үшін инвестициялық климаттың барлық артықшылықты жақтарының нақты көрінісін сипаттайды.

Қазақстанда инвестициялық қызметтің заңнамалық қамсыздандуру