Қазақстан Республикасы банктерінің пайыздық саясатының теориялық негіздері
Кіріспе……………………………………………………………
- Қазақстан Республикасы банктерінің пайыздық саясатының теориялық негіздері
1.1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні………………………………...........5-8
1.2 Пайыздық саясаттың теориялық аспектілері………………………….........
- Қазақстан Республикасы банктерінің пайыздық саясатына талдау
2.1 2006 – 2008 жылдардағы Қазақстандағы пайыздық саясатты талдау........13-15
2.2 Пайыздық саясаттың механизмдері және оның ерекшеліктері…………....15-17
- Екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатының даму перспективалары
3.1 Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибесі……………………....18-19
3.2 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары……………………20-21
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………....
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.
Бірінші бөлімде Ұлттық банктің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар Ұлттық банктің пайыздық саясаты, ақша – несие саясатының түрлері қарастырылды, сонымен қатар пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірбиелеріне сипат берілді.
Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды.
Екінші бөлімде, ҚҰБ-нің ақша – несие саясатының басты бағыттары, оны жүргізудің жолдары және реттеуі қарастырылды, сонымен қатар, ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысына сипат берілді. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының пайыздық саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға берілді. Монетарлық саясаттың негізгі бағыттары анықталып, оларды жетілдіру жолдары қарастырылды.
Осы бөлімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «банктердің банкі», қызметінің маңыздылығы және екінші деңгейлі банктердің қызметін қабылдау, қадағалау және бақылау жүргізу бағыттарына сипат берілді. Сонымен қатар, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктермен есеп айырысу операцияларын жүргізу қызметі қарастырылды. Және де Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2006 – 2009 жылдарға арналған ақша несие саясатына сипаттама берілді.
Үшінші бөлімде,
Қазақстан Республикасының
Яғни, Қазақстан Республикасының пайыздық саясатының қазіргі кездегі қиыншылықтары анықталды және одан шығудың жолдарына сипат берлді.
Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет –журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызды деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.
1. Қазақстан Республикасы банктерінің пайыздық саясатының теориялық негіздері
1.1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Ақша мемлекет пайда болмастан көп бұрын қолданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық, валютасы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады.
Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банкттік шоттарға ешкандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабыддау мен операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; занды және жеке тұлғалардан тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру жүргізіледі. Қазақстан Республикасының акша айналымынан қолма-қол тиынды алудын шектеулі мерзімі белгіленбейді және ол ақша айналымынан толык шығып қалғанша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша белгілері банкнот пен монеталардан тұрады. Банкнот пен монетаньщ көрсетілетін құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағыңда қолма-қол ақшаны шығару, олардын айналысын ұйымдастыру және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қолсыз эквивалентпен алу арқылы банкнот пен монеталарды банктерге сату нысанында жүзеге асырады.
Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің ақша жүйесі қалыптасты. [4, 78] Ақша жүйесінің элементі мемлекет белгілеген ақша айналымы болып табылады. Ақша айналымына қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы ақша қозғалысы жатады.
Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан Республикасындағы ақшалардың бірден-бір эмитенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі банкноттар мен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгерлікті анықтайды, олардын жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен монеталары олардың белгіленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және акша аудару үшін қабылдауға міңдетті, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсатылады және айырбасталады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банкнот пен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгірлікті анықтайды, олардың жасалып шығары-луы, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасында шығарылған банкнот-тар мен тиындардын көрсетілген құндық құрамы, нысаны және орнекті кескіндемесі болуға тиіс. Банкноттар мен монеталардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.
Қазақстан Ұлттық Банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған банкноттар мен монеталарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
Тозған және бүлінген, өзінің толык көлемінін кемінде жетпіс проценті сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлтгык Банкі және Қазақстан Республикасының банктері шектеусіз айырбастайды және жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге міндетті емес.
Банкноттар мен тиындарды құқық
Ақша бірлігін ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ақша бірлігінің колданылу тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілейді.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы — шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты темендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі; ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру; в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құраддары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құраддарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
- анктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
1.2 Пайыздық саясаттың теориялық аспектілері
Ақша-несие саясаты елден макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттіК ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.
Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.
Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.
Позитивті пайыздық ставканы Қазақстанның экономикасын және қаржысын сауықтырудың кепілі деп жиі айтылатынын атап еткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалар жылдарында қайта қаржыландыру ставкасын пайдалану қолайсыз болды. Тек 1994 жылдың екінші жартысынан бастап қана Ұлттық банк жанжақты сынға қарамастан позитивті ставканы белгілеуге көшті. Қайта қаржыландыру ставкасын 270 % -тен 300 %-ке дейін жоғарылату есебінен сұраныс инфляциясы төмендетілді, содан кейін бір айдан соң 340%-ке жоғарлатылды. Ставкалардың нақты мәні және оның нарықтық ставкамен сәйкестілігі несиелік ресурстар аукционында анықталды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде валюталык операциялар бойынша табыстылық пен салыстырғанда несиелік операциялар бойынша табыстылықтың жоғарылауы байқалды. Соның нәтижесінде шетел валюталарына деген сұраныс пен валюта бағамының тұрақтылығы байқала бастады. Қайта қаржыландырудың жоғарғы ставкасын ұзақ мерзімге ұстап отыру тиімді болып табылды және қайта қаржыландыру ставкасын 340% деп белгілеген кезден соң бір айдан кейін, яғни қыркүйек айынан бастап Ұлттық банк жылдың соңына дейін оның мөлшерін 230% ке дейін төмендетті. Осындай шараны инфляция деңгейінің төмендеуі және айырбас бағамының тұрақтануы байқалғаннан кейін іске асыру мүмкіндігі туды.
1995 жылы қайта қаржыландыру ставкасын одан әрі қарай 45% ке дейін төмендету осы жылдың қараша айында оның деңгейін 52,5% ке дейін жоғарлатуға өтті, соның нәтижесінде инфляция деңгейі 2,4%-тен 4,4%-ке дейін өсті.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, Ұлттық банктің ноталарының және банкаралық несиелер бойынша пайыздық ставкалардың мөлшері олардың нарықтық мөлшерімен сәйкес келіп отырды. 1994-1995 жылдары аралығында нақты нарықтық пайыздық ставкалар оң нәтиже, ал валюталық спекулятивті операциялар бойынша табыстылық теріс нәтиже берді.
1996 жылы ҚҰБ позитивті пайыздық ставканы белгілеуді жалғастырды. Тек қана 1996 жылдың ішінде қайта қаржыландыру ставкасы он рет өзгерді және жылдың басымен салыстырғанда 24 пунктке, ломбарттық несиелер бойынша пайыздық ставка 31 пунктке төмендеді.
Енді пайыздық ставкалардың пөзитивтілігін анықтайық. Дәстүрлі анықтамаға сәйкес ол инфляция деңгейін ескеретін нарықтық пайыздық ставканы білдіреді.
Яғни, [5,56] (5)
мұндағы, позитивті пайыздық ставка
- бұрын болған пайыздық ставка
- инфляция қарқыны.
Инфляция кезінде несие бағасынан және кредитордың табыс мөлшерінен басқа.пайыздық став-кара несиенің капиталдану құнын сақтау қызметі де кіреді.
Несиенің капиталдану құнын құнсызданудан сақтаудың пайыздық схемасының альтернативті әдістемесі болатынын атап еткен жөн. Бұл жағдайда берілген ссудалардан түсетін табысты көбейту міндеті екіге бөлінеді. Біріншісі — капиталдану құнын сақтау, екіншісі — табыс алу. Осындай әдістеме пайыздық схема кезіндегі кездесетін мәселелерден аулақ болуға мүмкіндік беруі мүмкін. Сонымен бірге, схема бойынша пайыздарды алу индекс есебін көрсететін индекстеуге қарағанда техникалык, жағынан қолайлы. Сонымен қатар, индекстеу кезектілік тәртіппен іске асырылады және соған байланысты біле тұра уақыттық интервалдың пайда болуына әкеледі. Бұл кезде нақтылық жоғарылайды, бірақ интервалдың әсерінен схема тиімділігі төмендейді, яғни төлеу уақыты басталғанша, инфляция оған тиісті құнның бір бөлігін жоюға үлгереді.
Инфляциялық күтілімдерді ескере отырып ставканы анықтауға негізделген пайыздық схема кезінде нақтылық төмен болады. Бұл жағдайда болашақтағы инфляция деңгейін жеткілікті мөлшерде бағаламау арқылы кредитор немесе оны артық бағалау арқылы қарыз алушы үтылады. Индекстік әдіс арқылы мәселелерді жартылай шешу уақыттық интервалды төмендетуі мүмкін. Біздің ойымызша, жоғары инфляция жағдайында экономикалық саясаттың бір міндеті оптималды пайыздық ставканы іздестіру болуы мүмкін. Яғни бұл жағдайда тиімсіз инвестицияны істен алуға және бір уақытта ставкалардың кері әсер етуінен экономиканы қорғауға мүмкіндік беретін деңгей деп түсіну қажет. Осы құралдың іске асырылуын қайта қаржыландыру ставкаларының мөлшерінің өзгеруін мысалға ала отырып қарастырайық. Егер Ор-талық банктің мақсаты несиелік институттардың несиелік патенциалын азайту болса, онда ол қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатады. Ұлттық банк алға қойылған мақсатына қол жеткізу үшін ақша нарығына тағы басқа әдістер мен де әсер етуі қажет (ең төменгі резерв бойынша ставканы жоғарлату жолымен және т.б.). Қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатқан кезде коммерциялық банктер үшін қайта қаржыландыру қымбаттайды, яғни бұл жағдай елдегі несие қүнының өсуіне әкеледі. Бірақ кейбір ірі коммерциялық банктердің орталық банктің пайыздық ставкаларды жоғарлатуына қарамастан өздеріне неғүрлым көп клиенттер тарту үшін өздерінің пайыздық маржаларын төмендетуге мүмкіндіктері болады. Коммерциялық банктерді қаржыландырудың альтернативті әдісі орталық банкте вексельдерді қайта есепке алу болып табылады. Осы форманың тиімділігі бұл операция кезінде кепіл талап етілмейді, ал гарант ретінде вексель беруші болады.
Сонымен бірге, вексельдерді қайта есепке алу экономиканың нақты секторына қаржылық қолдау көрсету құралы ретінде де көрінетінің атап өткен жөн. Бірақ, ҚРҰБ-де барлық вексельдер қайта есепке алына бермейді, тек вексельдік несиелерді алуға құқығы бар бірінші сыныпты эмитенттер тізіміне енгізілген кәсіпорындардың ғана вексельдері қайта есепке алынады. Мысалы, соңғы екі жылда Қазақстанда тек екі кәсіпорын ғана "Казатомпром" және "Қазақстан Темір Жолы" вексельді қайта қаржыландыру жүйесі бойынша несиелер алған. Осыған байланысты, ҚРҰБ-ң есептік ставкасы ақша-несие саясатының оперативті құралы және ақша-несие саясатының индикаторы ретіндеті езінің қызметтерін толық орындамай отыр.
Сонымен қатар, вексельдік қайта қаржыландыру жүйесінің дамымауы ҚРҰБ-ң 2004-2006 жылдар аралығындағы өзінің дамуында приоритет ретінде анықталған инфляциялық реттеу саясатына өту кезінде қиыншылықтар тудыруда. Соның әсерінен ақша-несиелік трансмиссияның адекватты механизмі жоқ болуда.
Өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларындағы ірі және орта кәсіпорындарда қайта қаржыландыру қаражаттарының ерекше тапшылығы байқалуда. Бұл ҚРҰБ-де осындай кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы және несиелік қабілеттілігі туралы ақпараттардың жоқтылығымен байланысты.
Біздің көзқарасымыз
бойынша, қайта қаржыландыру жүйесінің
жақсы дамуының кепілі Орталық банк жүйесінде экономиканың нақты секторындағы
Орталық банктің есептік ставкаларының өзгеруі ақша нарығындағы жағдайларды ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар құнды қағаздар нарығына да әсер етеді. Орталық банктің есептік ставкасының өсуі ақша нарығындағы несиелер мен депозиттер бойынша ставкалардың жоғарылауына негізделеді.
Бұл құнды қағаздарға деген сұранысты азайтады және олардың ұсынысын көбгайтеді. Құнды қағаздарға деген сұраныс банктер жағынан да азаяды, себебі олар үшін депөзиттер неғұрлым тиімді болып саналады.
Сөйтіп, Орталық банктің есептік және қайта қаржыландыру ставкаларының өсуі құнды қағаздардың нарықтық құнын төмендетеді. Ал Орталық банктің есептік ставкаларының төмендеуі, керісінше, несиелер мен депөзиттер құнының арзандауына әкеледі. Яғни, бұрын қарастырылған жағдайларға кері процестерді тудырады. Құнды қағаздарға сұраныс әседі, ұсыныс азаяды, соған байланысты олардың нарықтық құны жоғарлайды.
2. Қазақстан Республикасы банктерінің пайыздық саясатына талдау
2.1 2006– 2008 жылдардағы Қазақстандағы пайыздық саясатты талдау
Ұлттың банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе, 2005 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мүндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялың таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты керсеткіштерге көшу.
Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық, банктің инфляцияны төмендету максатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалың тұрактылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық, банктің тәуелсіздігі, Орталың банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
2006 - 2008 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы 2-кестеде беріледі (Қосымша А).
2-кестеден көріп
Инфляциялың таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2004 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (онық ішінде, РЕПО және вексельді есепке алу мелшерлемелері бойынша) рөлін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2006 — 2007 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.
2006 жылы Қазақстан Республикасында валюталың режимді либерализациялау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке келуіне жасалатын валюталық, бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитал қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық. режимді либерализациялау үш кезеңде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2007 жылы бастау көзделуде. Либерализациялау бағдарламасы толығымен 01.01.2010 жылы аяқталады деп күтілуде.
Осы жылы Ұлттық, банк Процессингтік орталық, базасында «Ұлттың банкаралың төлем карточкалар жүйесін» енгізу жұмыстарын қолға алуда.
Банк секторы саласында Ұлттық, банк тәуекелдері басқару жүйесін ендіру және ағымдағы қадағалау қызметін, оның ішінде жиынтық қадағалауды жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін жетілдіруде.
Ұлттың банк 2010 жылы қаржы нарығын реттейтін дербес органды құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер тәуекелін сақтандыру компаниясын құру да жоспарда бар.
2006 — 2008 жылдары Ұлттық, банк қаржы есебінің халықаралық
стандартына етуді көздеп отыр.
2006 - 2008 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі
көрсеткіштерінің, болжамы
Көрсеткіштер |
2005(бағалау) |
2006 |
2007 |
2008 | |
1. |
Инфляция жылына орташа, % |
5 |
4-6 |
7-8 |
9-10 |
2. |
Кайта қаржыландыру жылдың соңына |
7,5 |
6-7 |
5-6,5 |
4,5-6 |
3. |
Алтын-валюта резерві млн АҚШ доллары |
3008 |
3355 |
3541 |
3673 |
өзгерістер, % |
16 |
11,5 |
5,5 |
3,7 | |
4. |
Ақша базасы |
||||
млрд теңге |
207 |
237 |
268 |
304 | |
өзгерістер, % |
18,1 |
14,8 |
12,9 |
13,9 | |
5. |
Ақша массасы |
||||
млрд тенге |
707 |
865 |
1008 |
1168 | |
өзгерістер, % |
22,7 |
22,4 |
16,6 |
15,9 | |
6. |
Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері |
||||
млрд теңге |
544 |
671 |
788 |
910 | |
өзгерістер, % |
22,3 |
23,3 |
17,4 |
15,5 | |
7. |
Экономикаға беретін банктің несиелері |
||||
млрд теңге |
439 |
571 |
718 |
866 | |
өзгерістер, % |
58,8 |
30,1 |
25,7 |
20,8 | |
8. |
Халықтың теңгедегі мерзімді депозиттерінің орташа |
||||
өлшенген мөлшерлемесі, % |
13 |
11,0 |
9,0 |
7,5 | |
9. |
Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиенің орташа өлшенген мелшерлемесі, % |
17,5 |
16 |
15 |
13,5 |

- Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы банктік жүйесі
- Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы банктік жүйесі
- Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері
- Қазақстан Републикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету қорының қаржылық реформасы
- Қазақстан Республикалық бюджетіндегі салықтың кірістері,олардың құрамы.серпіні мен құрылымы
- Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)
- Қазақстан Республикасның ұлттық қоры
- Қазақстан Республикасы акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары
- Қазақстан республикасы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
- Қазақстан Республикасы банк жуйесі