Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және жетілдіру жолдары



 

Мазмұны:

 

 

Кіріспе                                                                                                                                                                  3

 

1. Нарықтық экономикадағы  ақшаның алатын орны

1.1. Ақшаның мәні мен мазмұны                                                                                                          4

1.2. Нарықтық экономикадағы  ақшаның алатын орны                                                        6

 

2. Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және  жетілдіру  жолдары

2.1. Реформаның  калыптасу ерекшелігі және оның тарихи маңызы                     16

2.2 Қазақстандағы 1993 жылғы   ақша реформасын  жетілдіру  жолдары      19

 

Қорытынды                                                                                                                                                    29

 

Қолданылған әдебиеттер                                                                                                                        30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Бұл курстық жұмыстың басты  мақсаты Қазақстан Республикасының 1993 жылғы  ақша  реформасының  қалыптасу ерекшеліктері мен  даму  жолдары туралы.

Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біре қайнасқан ерекше тауар. Яғни, ақша – тауар өндірумен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар. Оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама рөлін атқару. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «Жеке адам өзінің қоғамдық билігін де қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады.

Ақша – адамзаттың қажеттілігін өтейтін ажырамас бөлігі. Ақшаны адамзаттан бөліп қарастыруға болмайды. Адам ақшаны тауарларға ыңғайлы айырбастау үшін ойлап тапты. Миллиондаған ақша күнделікті тауарға айырбасталып отырады және керісінше. 

Осы курстық жұмыстың басты  міндеті Қазақстан Республикасының  ақша  жүйесінің қалыптасу мен  оның  даму  барысы  туралы  басты  мәселелерді  қарастыру. Ақша туралы сұрақтар, оның шығу тарихы, қажеттіліктері және т.б. қарастырылады. Ақша құндылығының дамуы, тауарға деген ыңғайлы альтернативасы ретінде суреттеледі. Соның барысында біз адамзатқа ыңғайлы емес бартермен соқтығыспаймыз.

Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін акша жүйесінің (толық немесе ішінара) жанғартылуын көрсетеді.

              Бұл курстық жұмыстың өзектілігі - жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты ақша реформасы -экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір шарасы және онын кезекті тұрақтылығын көрсетінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан Қазақстанда 1993 жылы жүргізілген ақша реформасы мемлекеттін экономикалык саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрақтылыққа және кезекті ақша-несие, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету мақсатымен жүргізілді.

              Осы курстық жұмыс жалпы кіріспеден, екі бөлімнен қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде: Нарықтық экономикадағы ақшаның алатын орны туралы айтып өтеді. Екінші бөлімде: Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері жетілдіру жолдары туралы қаралып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Нарықтық экономикадағы  ақшаның алатын орны

1.1. Ақшаның мәні мен мазмұны

 

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатыныстарын тудыра отырып, тауар реформасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы  объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген  зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айыбас құны ретінде көрінеді. “Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша”.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процессінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Алғашқы   қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады(1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай және т.б).

              Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталған тауар – барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құнның толық немесе кең көлемдегі  формасынан жалпы құндық формасында жасырын түрде өту басталды . Бірақ оның ролі бір туаурға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы Құндық эквивалент немесе ресімделінбеген  ақша формасы , әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылдық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әртүрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлісінің нәтижесінде  мал бағушылардың бөлініп шығуымен  мал (ірі қара) айырбас құнына айналды.  Олардың белгілі түрлері табиғи – климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы юолды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой , ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент құнның қызметін атқарды. Малды жалпы эквивалент  ретінде пайдалғанылғаны  туралы нақты дәлелдер әр түрлі  қолжазбаларда , қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда ,  поэзияларда кездеседі . Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланылғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металлдан  жасалынған ақшаларда “ өгіз” деген атау қойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния”  (ақша)  ”пекус” (”мал”) сөзінен шыққан.  ”Рупа” (“ мал”)  сөзі үнділердіңм ақша бірлігінің атауы “рупия”  негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл  ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды.  Ярослав Мудрый 1018 жылы былай деген  ”біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 құн, старостылардан 10 гривен  және боярлардан 18 гривеннен тұрады ”. ОЛ кездегі Қазынашы ”малшы” , қазына жинау орны – “мал ұстайтын орын” деп аталынды [1.12-26 бб].

”Капитал” сөзінің шығуы да малмен байланысты, өйткені ескі Герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

Солтүстік халықтары ең бірінші тауар  ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды.  Ежелгі скандинавтар  көлемі бойынша әртүрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі және т.б). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында      жалпы құндық  эквивалент ретінде қолданды. И Жүн ақшалар  Моңғолияда, Тибете, Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. 1610 жылы жаулап алынған  орыстардың әскери кассасында 5450 рубль күміс пен 7000 рубль жүн табылды.

Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ  Кари коптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке  тізілгендері  Ежелгі Үнді елінде,  Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағауларында,  Цейлонда және Филиппин  аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет кескінін  көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерде көрік берді.

Бақалшақ  ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ.

Әлемде әр түрлі ”экзотикалық” ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін  феи ақша айналысында қызмет етеді.       Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді [2. 25-32бб].

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, 1 құлдың құны 3 сиыр ,6 бұзау, 12 қойға теңестірілді.

Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана басталды. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды.

Металл ақшаларының артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б.  Металл ақшалардың кең таралуымен  ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек ,шеге , таға және т.б. формаларда ұзақ бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр, марка салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.

Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады [3. 11-65 бб].

 

 

1.2. Нарықтық экономикадағы  ақшаның алатын орны

 

Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама туріндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл ролге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етпейді, ол өндіріспен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқы тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады, "яғни акша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамас болігі болып табылады, ол шаруашылық өмірдін жағдайына және қоғамда болып жатқан   экономикалык үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал етеді, Ақша тауарлармен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы-несие жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұдырушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда (мобилизация) және оларды ұдайы өндірісте тиімді қолдан) үшін инвесторларға беруде жатыр. Осылайша, ақшанын экономикалык жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық экономикадағы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады. [4. 35-43бб].

Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды  шаруашылық қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке алу және бақылау құралы ретінде қолданылады.

Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі еңбекақы, сыйақы түрінде еңбек шығындарым құндық өлшеу және бақылау ретінде, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін, еңбектің саны мен сапасын бакқылау құрады ретінде, сонымен бірге енбек өнімділігін,  ынталандыру және арттыру құралы ретілде айқымдалады.

Ақшаның экономикадагы рөлі тауарларды, қызметтерді сату - сатып-алу бойынша экономикалық қарым-қатынастар субъектілері арасында килісімдік "міндеттемелердін орындалуын бақылау құралы ретінде айқындалады, яғни ақша арқылы өндірістік және саудалық қызметті жақсы ұйымдастыруға қатысты жабдықтаушылар мен сатып алушылардың материалдық жауапкершілігі артады.                                         

Мемлекеттер экономикасын акшалай-несиелік-реттеудегі ақшаның рөлі жоғары, онда бұл реттеу ақшаның монетаристтік теориясына негізделеді. Әрбір елде жыл сайын орталық банк тарапынан ақша массасын өлшеудің ақшалай бағыт-бағдары белгілемеді соған сәйкес ақша-несие құралдары көмегімен оны реттеу жүзеге асады.    

Мұндай ақша-несиелік реттеудің мақсаты - акша массасының өсуін тежеу, инфляцияны болдырмау, елдегі ЖІӨ-нің өсуін ынталандыр).

Осылайша, ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: ол трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл қозғалысы жүзеге асады, ол еңбекті мамандануы мен бөлінісін ынталандырады.

              Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысынын болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық со-циализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің "Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді.

Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: "Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердін табысты және дұрыс ағысынын болуы мүмкін емес.

XIX ғ. Социал утопистері - Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды, Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды. С. Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді - энедаларды пайдалануды ұсынды.

Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген".

Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді.   Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады электроникадан бастап зергелік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалыңдығы 3 мк. жуық. 4000 жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейін әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың т. құрады. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы - екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өндірілген.

Ресей XIX ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдын 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі 40%-ды құрады.

Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеуі қажет. [5. 55-63бб]

Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Респуб-ликасында (ОАР) алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-да әлемдік алтын өндірісінің 2/3-і өндірілсе, ал қазір 1/3-і ғана өндіріледі.

Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда.

Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр және олардың жылдық өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.

Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.

Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұныменен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздін ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%, индий - 35%. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

Құрамын өзгерте отырып (палладий 55%, индий 45%) червондық алтын алынды, бірақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестін тиімділігін көрсетпеді. Қазіргі ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның өзіндік құны өте жоғары және бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасының төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергелік бұйымдарды жасауда пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. "Ақша - зат емес, ол - қоғамдық қатынас".

Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон Крузоға олар керек болмаған.  Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрстетін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.  Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оиың үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

-         жалпыға тікелей айырбасталу;

-         айырбас құнының дербес формасы;

-         еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

              Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді.  Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып апынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеніді.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес.  Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

Жекелеген елдердін ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс  және қорлану құралы  болып,  алтын  белгілері (қағаздай   белгілері)   қағаз   және   несие   ақшалар   қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара бай-ланысының формасы ретіндегі әлеуметгік-экономикалық ма-ңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

              Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Акшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді. [6. 15-43бб]

Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті.  Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістін фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.

              Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызмет-терінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі -мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңыменен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.

Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен ал-тынның тройск унциясына (31,1 г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейін жетті.

Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.

Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады.

Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.

Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келді.

Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тау-арларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мем-лекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

-         тауар мен ақшанын қарама-қарсы қозғалысы;

-         оны   идеалды   ақшалар   емес,   нақты    (қолма-қол)

ақшалар орындайды;

-         ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте

тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар

емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша белгілері

орындайды.

Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсіндіріледі.

Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір - несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.

Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардын құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.

Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды.  Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және жетілдіру жолдары