Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары
Мазмұны
Кіріспе
1 Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi
2 Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдардың мәселелері
2.1 Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
2.2 Қазақстандағы шөлейттенудiң мәселелері
3 Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бөлігі Африка құрлығына келеді. мысалы ,Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650 – 700 км шамасында жылжыған, ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 миллион тұрғыны жарамды жерлердің Шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр болады.
Шөлейттену процесі Орталық Азия елдері мен Қазақстанда да жылдам қарқынмен дамуда. Түрікменстанда ұзындығы 1000 км Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып, шөлге айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м-ге төмендеп, аумағының азаюы салдарынан 2,5 миллион га-дан астам жер қу тақырға айналды. Бұл өңірден жыл сайын 75 миллион т тұз желмен көтеріліп, 100 км және одан да шалғай өңірлерге жайылуы салдарынан Шөлейттену процесі одан әрі үдей түсіп отыр.
Арал түбінің тұзы Тянь-Шань мен Памирдің мұздықтарына жетіп, олардың еруіне ықпалын тигізуде; Арал өңірі тұздарының тіпті Солтүстік мұзды мұхиттан да табылғаны анықталып отыр. Сондықтан БҰҰ-ның эксперттері Орталық Азия аумағындағы елдер өзара бірлесу арқылы кешенді іс-қи¬мыл¬ға (орман-мелиорац., гидро-тех., сексеуіл егу, т.б.) және табиғатты ұтымды пайдалануға (малды жайып бағуды реттеу, жер-су қорларын тиімді қолдану, т.б.) тезірек көшсе ғана бұл мәселе оң шешімін тауып, нәтижесін береді деген тұжырым жасады.
Шөлейттену процесінің кең етек алуына байланысты дүние жүзінде 17 маусым –Шөлейттенумен күрес күні деп белгіленіп, 1997 жылы “Шөлейттенуге қарсы күресу” туралы Конвенция қабылданған. Қазіргі уақытта дүние жүзінің эколог-ғалымдары Шөлейттенуді мүмкіндігінше тежеу үшін күш салуда. мысалы , ауыл шаруашығы әдісі, яғни, тақырланып қалған және адам пайдаланбайтын жерлердің көлемін азайту үшін – терраса салу жиі қолданылады, т.б.
Болашақта халқымыздың саны 2024 жылы 18 млн. жетпек. Ең бастысы ауыл шаруашылығы саласының нарық талабы мен сұранысына бейімделіп дамуын қамтамасыз жасайтын, жер ресурстарының құнарлығы екенін естен шығармауымыз қажет. Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаның екінші кезеңіне сәйкес, 2009-2010 жылдарда, тұрақты жер пайдаланудың нормативтік талаптары мен экология-экономикалық тетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттілігі туындап отыр. Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі байқатқандай, ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы үшін ойластырылған, жүйелі мемлекет деңгейіндегі экология-экономикалық тетіктерді жетілдіру қажет.
Жер
құнарлығын арттыра отырып, ауыл шаруашылығы
өнімдерінің түсімін молайтуға және сапасын
жақсартуға қол жеткіземіз. Нарықтық тауар-ақша
қатынастарына сәйкес, бонитет балы жоғарлаған
сайын олардың бағасы да жоғарлайды. Ауыл
шаруашылығындағы өндірілген өнім, оған
кеткен шығынды толық ақтап, жер иесіне
пайда әкелуі қажет. Егіс алаңдарының
ұтымды құрылымын әзірлеу кезінде, егістіктің
құнарлығы жоғары алқаптарын ең түсімі
жоғары, экономикалық жағынан тиімді дақылдарға
бөлу қажет. Егістіктің топырақ құнарлығын
біле отырып, түсімді мол беретін дақылдарды
орналастыру керек. Қазіргі қаржы дағдарысы
жағдайында ауыл шаруашылық жерлерін
пайдалану мен қорғауды мемлекет қатаң
бақылауға алудың қажеттілігін әлемдік
тәжірибе көрсетіп отыр. Сонымен қатар,
ауыл шаруашылық жерлерін меншіктің қай
формасына жатуына қарамастан, жылда
құнарлығын арттырып отырудың экономикалық
тетіктерін жетілдіріп отыруға тиіспіз.
Сонда ғана ауыл шаруашылығы саласының
тұрақты дамуына қол жеткіземіз және әлемдік
стандарттарға сай сапалы өнімді өңдеп,
әлемдік рынокта өзіміздің лайықты орнымызды
алуға көмектеседі. Сапалы ауыл шаруашылық
өнімдері халқымыздың әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартып, ұлттық экономиканың
тұрақты дамуына оң ықпал жасайды және
егістік жерлердің дағдарысын тоқтату
мүмкіндігіне ие боламыз.
Ауыл шаруашылық жерлерінің өнімділігін арттыру арқылы халқымызды сапалы азық-түлікпен және еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін және ДСҰ мүшелікке кіруде, ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлығын арттыруды басты назарда ұстауы тиіс. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын дамытудың жоғары қуаттылық мүмкіншілігі және егістік алқаптары аудандарының көптігінен әлемнің озық елдерінің қатарында бола алады. Ауыл шаруашылығы саласы елімізді сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз жасауда және ел экономикасының қуаттылығын арттыруда, табиғат тепе-теңдігін сақтауда айрықша маңызды орын алады. Егістік жерлердің құнарлығын арттыру нарықтық экономикадағы шешуін кейінге қалдыруға болмайтын өзекті де күрделі мәселе қатарына жатады. Осыған орай, ғылымға негізделген ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлығын арттырудың экология-экономикалық тетіктерін жетілдіру - аса маңызды экономикалық шара болып табылады.
Зерттелім мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi туралы ұсыныстар енгізу.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеу барысында келесі міндеттер қарастырылған:
- Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi бағалау әдістерінің және пайдалану әдістерінің ғылыми-теориялық негіздерін жүйелеу;
- Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi талдау;
- Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi жетілдіру.
1Қазақстандағы
жердiң шөлейттенуi
Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды.
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн.
2004 жылдың барысында шөлейттенудiң көлемi мен құрғақшылықтың терiс әсерiнiң алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарлама әзiрлеу және бекiту қажет.
Бағдарламаның
негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн
болдырмау және жердiң тозу ауқымын
қысқарту, шөлейттенумен күрестiң
экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл
шаруашылығы жерлерiнiң
Экономикалық бағалау деп ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер сапасын экономикалық бағалау көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады. Бірақ егемендік алғалы отандық жер ресурстарының құнарлығын арттырудың экономикалық мәселелерімен айналысқан ғылыми еңбектер өте аз болып отыр. Тіпті аймақтар деңгейінде ауыл шаруашылығы айналымынан шыққан жерлердің экономикалық мәселелерін көтерген еңбектер тапшы екенін айтуға тиіспіз. Жер ресурстарын экономикалық бағалау ұлттық экономикамыздың өзекті де күрделі экономикалық мәселесі екенін айтуға тиіспіз. Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың сапасын бағалау және жер қорын экономикалық бағалау. Топырақ сапасын бағалау экономикалық бағалаудың негізгі және алғышарты болып табылады. Жердің сапасын бағалау үшін оның әртүрлі табиғи қасиеттері өнімділігі тұрғысынан және оған әртүрлі климаттық жағдайдың топырақ түрінің әсері айқындалады.
Көптеген еңбектерде топырақты агроөндірістік тұрғыдан топтастыру және жерді пайдалану жөнінде ұсыныстар беріледі. Олардың бір тобы мәселені топырақ карталарын жасау арқылы шешеді, екіншілері жерді өндіріс құралы ретінде бағалайды. Бүгінгі таңда топырақ бонитетін бағалаудың бірнеше жолдары бар. Оларды екіге бөлуге болады:
1)
топырақтың қасиетіне
2) жерді өнімділігіне байланысты табиғи қасиетін ескеріп бағалау.
Бонитет балдары: топырақтың құрамындағы шірінділердің (гумус), тұздардың, минералдардың шамасына, топырақты суды сіңіру қасиетіне, ауаны өткізуіне байланысты анықтайды. Негізгі бал бонитеті топырақтың 50 см қабатында шірінділер (гумус) шамасына сәйкес белгіленіп, басқа қасиеттері бойынша саралаушы коэффициенттер қолданылады. Аудан, аймақ және нақты жерлер бойынша орташа бонитет балдары есептеліп, олар дәнді дақылдардың көпжылдық орташа түсімімен салыстырылады. Бұл көрсеткіш жерден алынатын өнімдерді болжауға, жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіш арқылы жерді тиімді пайдаланылғаны бағаланады.
Балл бонитеттерін пайдаланып ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бағалауға болады. Экономика ғылымында жер ресурстарын экономикалық бағалауда 2 пікір бар: шығындық және ренталық. Біріншісі бойынша мұнда бағалаудың негізіне жерді пайдалануға жұмсалған еңбек құралдардың шығынын жатқызады. Аталған әдісті академик С.Г.Струмилин ұсынған.
Құнарлылық – топырақтың өсімдікке қажетті қорек мөлшерін тауып беру қабілеттілігі. Құнарлылық 3 бөлінеді: табиғи; жасанды; экономикалық.
1
сурет – Егістік жерлердің
топырақ эрозиясы
Топырақ
эрозиясы 3-ке және қорғау шаралары 2-ге
бөлінеді, 1-2 сурет: ұйымдастырушылық:
жерді пайдалану құрылымдарын жақсарту;
ауыспалы егіншілік. Агротехникалық: жерді
өңдеудің озық технологиясы; минералдық
және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану;
зиянкестерге химикаттар қолдану.
2 сурет – Топырақ эрозиясынан қорғау шаралары
Құнарлығын
қорғау шараларын жасау алдында
экология-экономикалық есептеулер жүргізіледі,
содан келесі шаралар жүзеге асырылады,
3 сурет.
3
сурет – Егістік жерлердің
құнарлығын қорғау шаралары
Жерден
не алсаң, соны қайтарумен үнемі айналыссақ
қана егістік түсімі жоғарлайтынын естен
шығармау керек. Яғни, топырақ құнарлығын
арттыра отырып пайдалансақ, тұрақты өнім
алуға қол жеткіземіз. Топырақтың құнарлығын
арттыру жолдары мен әдістерін адамдар
ғасырлар бойы үнемі іздестіріп келеді.
Бірақ адамдар жерден қандай нәрлі заттарды
ауыл шаруашылық дақылдары арқылы алып
кетсе, соны қайтаруды ұмытпауы керек.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны
қорғаудың экологиялық кодексі және ауыл
аумақтарды дамыту арнайы мемлекетте
қабылдаған заңдар негізінде жүзеге асады.
2
Қазақстан Республикасында шөлейттенуге
қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдардың
мәселелері
2.1
Қазақстандағы өлейттену
Табиғи
және антропогендiк факторлар
Қазақстандағы
шөлейттену процесiнiң дамуына ықпал
ететiн негізгi табиғи фактор құмдардың
(30 млн.га-ға дейiн) және сортаңданған жерлердiң
(127 млн. га) кең таралуына алып келетiн
климаттың құрлықтылығын және құрғақшылығын,
су ресурстарының кедейлігі мен бөлуiнiң
бiркелкiлiгін айқындайтын елдiң iшкi құрлықтық
жағдайы болып табылады. Жерлердің жұтау
процестерiн дамыту үшiн жағдай, құрғақшылықтың
әсерi кезiнде топырақ құраудың маусымдық
ерекшелiктерiн бұзу кезiнде жасалады.
Сондай-ақ топырақ-өсiмдiк жамылғысының
әлсiз жинақылығы және оның серпiндiлiгi
шөлейттенудің алғы шарты болып табылады.
Қазақстанның бұл табиғи ерекшелiктерi
антропогендiк әсер етулерге табиғи ортаның
әлсiз тұрақтылығымен белгілi (қолда бар
деректер бойынша елдiң шамамен 75% аумағы
экологиялық тұрақсыздандырудың жоғары
қатерiне ұшыраған).
Қазақстандағы шөлейттену процестерiнiң
туындауына және дамуына алып келетiн
антропогендiк факторлар, ең алдымен шаруашылық
қызметiнiң мынадай түрлерiмен байланысты:
малды жаю; егін шаруашылығы; жер қойнауын
әзiрлеу; өнеркәсiптiк, әскери және азаматтық
объектiлердi, суландыру және желiлiк құрылғыларды
салу және пайдалануға беру. Шөлейттену
сондай-ақ, орманды жоспарсыз жаппай кесудiң,
мал азығы мен отынға бұталар мен жартылай
бұталарды шабудың, орман және дала өрттерiнiң,
жүйесiз рекреацияның, елдi мекендер аумағында
қоқыстарды ұйымдастырудың, топырақтардың
және улы заттармен жер асты суларының
ластануының, көлiктiң әсер етуiнiң нәтижесi
болып табылады.
Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi конвенцияда
қабылданған өлшемдерiне сәйкес айқындалған
Қазақстанда шөлейттенудiң басты тұрпаты
мыналар болып табылды: өсiмдiктердiң жұтауы;
топырақтың сулы және желдi эррозиясы;
топырақтың сортаңдануы және қарашiрiнсiзденуi;
топырақтың, грунт және жерасты суларының
химиялық ластануы; жердiң және гидрологиялық
режимнiң техногендiк бұзылуы.
Өсiмдiк жамылғысының жұтауы - бұл ормандардың, жайылымдық жерлер мен шабындықтардың жұтауы түрiнде көрiнiс беретiн шөлейттенудің ең көп тараған және сырттай айқындалатын процесi.
Республиканың
есептiк ормандылығы орман
Соңғы
он жыл iшiнде орманжайылымының жұтауына
0,52-ден 0,47 дейiн, яғни 10%-ға кемiген, олардың
тығыздылығының төмендегенiн көрсетедi.
Ормандылықтың төмендеуi және жасанды
орман өсiру көлемiнiң қысқаруы Қызылқұм,
Мойынқұм, Сарыесiк - Атырау және басқа
да массивтердiң басым шөлейт бөлiгiнде
жайылымдардың азуы мен жұтауының өсуiне
алапатты қауiп төндiредi.
Соңғы 40 жылдың iшiнде қылқан жапырақты
ормандардың өнiмдiлiгi 7% кемiген, майқарағай
ағаштарының ауданы 13% кемiген, Кендi және
Оңтүстiк Алтай ормандарында ағаштардың
жұтауы неғұрлым байқалады. Жоңғар және
Iле Алатауында өсетiн алма ормандарының
ауданы 24% қысқарды.
Шөлдi өзендердiң алабындағы ормандар
өте қатты жұтауда. Осы ормандардағы өзен
ағыстарын реттеу нәтижесiнде топырақ
ылғалдылығы кемiгендiктен түрлердiң қажетсiз
өзгеруiне әкелiп соғуда. Мысалы, Оңтүстiк
Қазақстан облысының Шардара ауданындағы
Сырдария өзенiнiң алабында тұранға ағашының
шамамен үштен бiр бөлiгi шыңғылдың қажетсiз
бұталарына айналды.
Жайылымдар мен шабындықтардың жұтауы.
Тың жерлердi жаппай жырту Қазақстанның
дала экожүйесiне неғұрлым керi және кешендi
әсерiн тигiздi.
Жайылымдықтарды жыртқан сайын, малды
өнiмдiлігі төмен жерге ығыстырған, сонымен
бiрге мал басын көбейту салдарынан қалған
тың жай-күйiндегi жайылымдардың жүктемесi
ұлғайды. Құнарлы жерлердiң басым бөлiгiн
жырту, көл маңы етегі және қазаншұңқырларының
ылғалды сор шалғындарын қоса алғанда
малды өнiмдiлiгi аз, кәрiзденбеген, сортаң
аумаққа ығыстырды және жинақтады.
Барынша
жұтауға, ауылды жерлерге, шалғайдағы
малшаруашылығына, сиыр сауу құрылымдарына
және құдықтарға iргелес жайылымдар ұшыраған.
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
басқару жөнiндегi агенттiгінiң деректерi
бойынша 2004 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
188,9 млн. га-дан соңғы дәрежелi жұтауға
26,6 млн. га жеткен, ол күштi және өте күштi
шөлейттенгенiн көрсетедi. Республиканың
орманды-дала және дала аймақтарында жерлерiнiң
34,8 млн. га жерiн жайылымдар құрайды, оның
5,6 млн. га өте қатты жұтаған. Жайылымдардың
жұтау процесiнiң өсу үрдiсi байқалуда.
Қазақстанның 5,0 млн. га ауданында шабындықтар
бар. Шөлейттену салдарынан шабындықтардың
ауданы қысқаруда, оларды улы өсiмдiктердiң
басуы, бұталардың көбеюiнде, шалғындық
өсiмдiктердiң ресурстық қана емес, сонымен
қатар, суды реттейтiн рөлi де толық немесе
жартылай жойылуында көрiнiс бередi.
2.2
Қазақстандағы шөлейттенудiң мәселелері
Топырақтың
жел және су эррозиясы. Қазақстанда
топырақтың жел эррозиясымен туындаған
шөлейттену далалы, құрғақ далалы, жартылай
шөлейттi және шөлейттi ландшафтарды қамтыған.
Жел эрозиясының әсерiнен топырақтың жұқа
бөлшектерiнiң ұшып кетуi және топырақтың
құмдануы болады. Егістік жерлердiң желмен
үрленген қабатында қарашiрiннiң құрамы
азаяды, сiңiрiп алу көлемi қысқарады, карбонаттылығы
көбейедi, агрохимикалық және сулы-физикалық
қасиеттерi нашарлайды.
Бүгiнгі таңда Қазақстанда егістiк жерлерде
дефляцияның зияндығының әлсiздiгiне оның
қысқаруына байланысты болжау жасауға
болады. Алайда, республикамыздың қуаңшылық
аймақтарында, әсiресе қатты жұтаған жайылымдарда
жер эррозиясының күшею қауiптiлігі бар.
Суармалы жерлердi кеңейту жөнiндегi бағдарламаны
iске асыру барысында суландыруға сорғытылмаған
және тұздалған топырақтардың ауқымды
алқаптары тартылды. Көлемдi суландырудағы
өңiрлердiң су және экологиялық проблемаларының
басты себебi болып жетiспеушiлiк емес,
осындай табиғи жағдайдағы басқа елдерде
судың үлестік шығыстарынан орташа алғанда,
бiр табан жоғары тұратын, суды үнемсiз
пайдалану болып қалуда. Бұл суды тасымалдаудың
қарабайыр технологияларымен, экономикалық
ынталандырудың және оны үнемдеу дәстүрiнiң
болмауымен белгіленедi.
Зop сүзгi шығындары мен суғарудың үнемсiз
емес нормалары қайталама тұзданудың,
батпақтанудың және су эрозиясының негiзгi
себебiне айналды, ал кәрiздi сулардың төгіндiсi
өзендердiң тыңайтқыштармен, пестицидтермен
ластануына және жоғары минералдануына
алып келдi. Алапаттың салдары Әмудария,
Сырдария және Iле өзендерiнiң ластануы
мен су балансының бұзылуына әкелдi. Олардың
ықпалы Балқаш және Арал өңiрiнiң экологиялық
және экономикалық проблемалар кешенiне
де әсерiн тигiздi.
Арал өңiрiндегі экологиялық шиеленiс
осы ғасырдың ең қайғылы оқиғаларының
бiрi болып табылады. Шөл орталығында орналасқан
теңiз қоршаған өңiрлердiң табиғи-климаттық
және экологиялық жағдайына қолайлы әсер
еткен және Арал өңiрiнiң кең аумағында
ылғалдылықтың реттеушiсi, оңтүстiк шөлдерден
келетiн аңызақ желдерден қорғаушы болды.
Теңiз жоғары биологиялық өнiмділiкке ие
болды, маңызды балық шаруашылығы, аң шаруашылығы,
көлiк және рекреациялық мәнi болды.
Әмудария мен Сырдария өзендерiнiң су ресурстарын суғаруға экстенсивтi пайдалану нәтижесiнде теңiз екi су қоймасына - Yлкен және Кiшi Аралға бөлiндi. Өзендердiң күзгi жайылуы қысқарды, тоғай және қамыс тез майды, фауна мен флораға бай көптеген теңiз маңы көлдерi құрғап қалды, құмды шөлдердiң шекарасы кеңейдi, климаттың құрғақшылығы күшейдi, ауаның ылғалдылығы 10-18% азайды, аязсыз кезеңнiң ұзақтығы 30-35 күнге қысқарды. Сортаңдану және батпақтану нәтижесiнде ғана Сырдария өзенiнiң бассейнiнде жыл сайын ауыл шаруашылығы айналымынан суғарылатын жерлердiң 10-15% шығады. Жайылымдардың өнiмдiлiгi 2-3 есе азайды және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi қысқарды.
Арал қасiретiнiң әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық салдарлары зор. Арал өңiрi аудандарында төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптасты және мұнда соңғы 15-20 жылда жұқпалы аурулар, әсiресе, iш сүзегi, туберкулез, вирусты гепатит, сондай-ақ онкологиялық аурулар ұлғайды.
Осындай
проблемалар Балқаш маңы өңiрiнде
де туындауы мүмкiн.
Гидрографиялық желiнi жаппай реттеудiң
төтенше терiс салдары болды. Малды суару
және жеткiлiксiз гидрологиялық негiздерсiз
суғарылатын жайылымдарда дақылдарды
суғару мақсаты үшiн өзен қазаншұңқырлары
мен шағын өзендердiң сағаларында жайылмалы
ағыстың бiраз бөлiгiне кедергi келтiретiн
көптеген бөгендер, тоғандар, апандар
салынды. Резервтегi судың бiраз бөлiгі
ұтымды пайдаланылды, қалғаны - сүзгі және
жерасты ағысына ағу салдарынан жоғалды.
Көптеген көлдер кеуiп қалды, қалғандарында
- олардың шаруашылық-ауыз су, балық шаруашылығы
және рекреациялық маңызы құнсызданып,
судың минералдануы бiраз артты. Жерүстi
ағысының бiраз бөлiгiн жоғалтқан көлдер
мен шағын өзендерде судың өзiн өзi тазарту
процесi әлсiредi және коммуналдық және
өнеркәсiптiк ластаушылардың шоғырлануы
өстi.
Ретке келтiрiлген өзендерде қарқынды
су жайылуларының қысқаруы жайылма экожүйелердiң
жұтауына: жайылма топырақтарының сортаңдануына,
құнарлы шабындықтардың өнiмділігінiң
жоғалуына, тоғай ормандарының қысқартуына
алып келдi.
Топырақтың дегумификациялануы және сортаңдануы. Барлық жайылымдық жерлер мен жайылымдарда дегумификация процесi тiркелген. Қарашiрiндiнiң азаюы егiндi нелiктен шығару жолымен қоректi заттарды қалпына келтiрiлмейтiн шығарылуымен байланысты. Суғарылатын топырақта қарашiрiндiнi жоғалту өзен атырауларында ағысты реттеу және қоршаған аумақтардың шөлейттенуi, сондай-ақ ирригациялық эрозия нәтижесiнде болуда.
Суармалы емес жайылымның жалпы аумағынан дегумификация есебiнен әлсiз деңгейінде - 4,5, орташа - 5,2 және жоғары деңгейiнде 1,5 млн. га шөлейттенген. Суармалы жерлердiң қарашiрiнсiздену үлесi 0,7 млн. га-ны құрайды.
Алдын
ала мелиоративтiк iс-шараларсыз ауылшаруашылығы
дақылдарын себуге арналған қолайлы жер
көлемi 23,3 млн. га-ны құрайды. Қалған жерлер
арнайы iс-шараларды талап етедi: сортаңданған
жерлердiң мелиорациясы, сортаңданған
жерлердiң мелиоративті жай-күйiн жақсарту,
су және жел эрозияларының алдын алу. Қазақстан
Республикасы Жер ресурстарын басқару
жөнiндегі агенттiгiнiң деректерi бойынша
сортаңданған және сортаң жерлер 94,9 млн.
га-ны - 42,1% құрайды. Топырақ эрозиясы 30,5
млн. га-ны - 13,0% қамтиды.
Шөлейттенудiң факторы ретiндегi суармалы
топырақтың сортаңдануы проблеманың екi
үлкен аспектiсiне ие: ағынсыз бассейндерде
сортаң шөлдердiң өсуi және суармалы жерлердiң
қайталама сортаңдануы. Сортаңданған
топырақтардағы шөлейттенудің ерекшелігі
олардың аймақтық және құрылымдық әртүрлiлiгiмен
байланысты. Сортаңданған топырақтың
үлесi барлық суармалы жерлер аумағының
шамамен 20 % құрайды. Суарылмалы егiн шаруашылығындағы
қалыптасқан жағдай өсiмдiк өнімiнiң жиынтық
өнiмiн 1,6-1,8 есеге азайтты.
Көлдер мен басқа да су қоймаларының құрғап қалуы кезiндегі топырақтың сортаңдануы да Қазақстанның ерекшелiгi болып табылады. Суландыруды тоқтату немесе жедел азайту грунт суларының төмен түсу деңгейiнiң артуына топырақ құраудың гидрологиялық режимiнiң өзгеруiне, топырақтың құрғауына және шөлейттенуiне алып келедi.
Топырақтың және грунт суларының ластануы. Соңғы екі онжылдықта ауыл шаруашылығы жерлерiн химиялық өңдеуден арнайы заттармен топырақтың химиялық ластануы, өндiрiстiк қалдықтарды орналастыру, сарқынды суларды, атмосфералық төгiнділердi қалалар мен өнеркәсiп орталықтарына төгу қауiптiлігі қатты өстi. Топырақты мал шаруашылығы кешендерiнiң сарқындылары да ластайды.
Жер асты суларының ластануы Қазақстанда өте кең таралған және оның әсер етуi салдарынан мынадай фактор ретiнде қаралады: жерлердiң шөлейттенуi, топырақтың, өсiмдiктердiң қайталама сортаңдануы, ауыз сумен жабдықтау жағдайының нашарлауы. Пайдалы қазбаларды өндiрудiң және ұқсатудың кәсiпорындары, химиялық және улы қалдықтары бар басқа да өндірістep, мал шаруашылығы кешендерi, қала агломерациялары және т.б. неғұрлым үлкен ластануды құрайды.
Техногендiк шөлейттену. Қазақстандағы индустриалдық өндiрістi дамыту және пайдалы қазбалар кен орындарын әзiрлеу көлiк және инженерлiк инфрақұрылымды салумен, су және жер ресурстарының жедел алынуымен және ластануымен, экожүйелерге тiкелей және жанама терiс әсер етумен сүйемелдендi. Осы әсер етудiң түрлерiмен қатар, техногендiк шөлейттену процестерiне әуе бассейнiне улы заттардың шығарындылары бiраз әсер еттi, тiптен, өсімдiктерге улы өнеркәсiптiк шығарындылардың тiкелей әсер ету жағдайы да байқалған.
Автожолдар жүйесi де техногендiк әсерiн тигiзуде. Республикада олардың жалпы қашықтығы шамамен 100 мың км, оның жартысы қатты жамылғымен қамтылған, яғни 1 км аумаққа жалпы пайдаланудағы 0,036 км жол келедi, ал қатты жамылғымен - 0,017 км. Автокөлiк үшiн жолсыз учаскелердiң жалпы қолжетiмдiлiгi кезiнде олардың өте сирек желiсi ретсiз қозғалысқа алып келдi, оның нәтижесiнде тұрақты емес жолдар шөлейттенудiң маңызды факторларының бiрiне айналды.
Қоршаған
ортаға әсер көрсететiн желiлiк
Техногендiк шөлейттенудiң ерекше нысандары қазiргi уақытта, республиканың 6% аумағын алып жатқан, ғарыш, әскери және бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағының шегiнде көрiнiс бередi. Бұл ретте, олардың әсер ету аймағы егер, оған зымырандардың ұшу трассасын енгiзсе, бiраз ұлғаяды. Жерлердi тiкелей алып қоюды қоспағанда, полигондардың терiс әсер етуi атмосферада жанбаған зымыран бөлшектерiнiң фрагменттерiнiң және басқа да ұшу аппараттары бөлшегiнiң құлауында, ұшыру орындарында және құлаған бөлшектердiң маңында аса улы зымыран отынының төгiлулерiнде, оттегi жануының зор көлемдерiнде және зымыранды ұшыру сәтiнде озон қабатының бұзылуында көрiнiс бередi.

- қазақстан республикасынын ұлттық банкі
- Қазақстан Республикасының ақша базасы және ақша агрегаттарын талдау
- Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
- Қазақстан Республикасының ақша реформасы
- Қазақстан Республикасының әлемдік саясаттағы орны
- Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуын басқарудағы негізгі мәселелер
- Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
- Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
- Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
- Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
- Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы
- Қазақстан Республикасында шетел инвестициясының таратудың мәселелері