Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

Кіріспе

 

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шартты өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың босқа кеткені; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Сонымен, ақша –  бұл барлық тауарлардың құнын  өлшейтін, жалпыға балама айрықша  тауар.

Ақша – бұл  тауар айналысының құралы және ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналыссыз тауар айналысының  да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауалардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілгі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.

Нарықтық экономикада  ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi меншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.

     Ақша  нарықтық экономикада ақша - несиелiк  реттеуде айналыстағы ақша массасының  өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу және ұлттық жалпы өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылуда.  Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi.

Ақша - өндіріс  және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

    • жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
    • айырбас құнның дербес формасы;
    • еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;

Жалпыға тікелей  айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екінші тауарларды сатумен  байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар  өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен  өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

 Курстық  жұмыстың міндеті, ақша жүйесі теориясы. Ақша жүйесі, ол барлық ақша түрлерінің және валюталық бағамның басты элементі болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі міндетіне ресми ақшалардың бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы сонымен қатар монеталарды жасау кіреді. Курстық жұмыс тек қана ақша жүйесін теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Курстық жұмыс негізінен екі тараудан және бірнеше тақырыпшалардан, талдау мен қорытындыдан тұрады.

Бірінші, тарауда Қазақстанның ақша жүйесі туралы жазылған. Мұнда ақша жүйесінің элементтері және типтері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы зерттелген. Екінші тарауда Қазақстан Республикасының ақша агрегаттарына, ақша массасына талдаулар жасалынып, тиісті диаграммалары тұрғызылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

    1. Ақша жүйесі туралы түсінік

 

Жалпы мемлекеттік  заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан  және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің өзіне тән типтері  және элементтері болады.

Ақша жүйесінің  мынадай типтері болады:

–  металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды  тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

–  несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:

Биметаллизм –  жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің  үш түрі болады:

 –  қос  валюталы жүйе, яғни мұнда алтын  мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

–  қатар  жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда  бұл қатынас мемлекет тарапынан  белгіленген;

–  ақсақ  валюта жүйесі, яғни мұнда алтын  және күміс монеталары заңды төлем  құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік берілді.

Биметалдық  ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың  даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн төлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді.

Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Алтынға ауыстырылатын  құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты –  бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды  сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

– алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;

–  алтын монеталарды  құюға рұқсат етілді;

– толық құнды емес ақшалар  айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

–  алтын және шетел  валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын  болды.

Алтын құйма  стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг сияқты.

Алтын девиз  стандарты – банкноталардың алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір  елдің валютасына тәуелділігін көрсетеді. Германия, Австралия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз  стандарты бекітілген.

1929–1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды.

Алтын айналысынан  айырбасталмайтын несиелік ақшалар  жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу  механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.

   Қазақстан  Республикасының ақша массасының  құрлымына келесі ақша агрегаты  кіреді.

  • М0 – айналыстағы қолма-қол ақша;
    • М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп-шоттары мен басқа депозиттерінің заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығы және халық пен заңды      тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
  • М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды

               тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;

    • М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займы облигацияларын біріктіреді.

   Ақша  агрегатының құрылымы тұрақты  қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы  құралдарының дамуына байланысты  өзгереді.

   Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:

  • банкноталар мен монеталарды эмиссиялау есебінен;
    • орталық банктен коммероциялық банктердің несие алуымен;
    • мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметкенесие беруімен;
    • орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;
    • чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заем беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).

   Ақша  массасы көлемінің өзгеруіне  айналыстағы ақша массасының өзгермелігімен қатар оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.

Ақша массасы  айналымның баяулаулы – ұлттық жиынтық  өнімді орналастыру коеффицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ло жоғары конъюнктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. Ақша айналысының баялауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылсын және ақша массасының құрлымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрстеді.

 

    1. Ақша жүйесінің негізгі элементтері және типтері

 

Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:

    • Ақша бірлігінің атауы - Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
    • Ақша белгілерінің түрлері - егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді.
    • Эмиссия тәртібі - қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық Банктің қолма - қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
    • Ақша түрлері - заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
    • Валюталық бағам - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

   Ақша  жүйесінің типі: ақша - ерекше тауар  ретінде жүруіне, яғни жалпыға  ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі.

    • Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
    • Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша яғни алтын бір жолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

Металл ақшалар  мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып табылады. Алғашқы монеталар VII ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар қоса жүреді.

  Металл ақша айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі . Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған: алтын өндірісін  тауар өндірісі артынан ілесе  алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады. Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады. Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады. Сонымен, алтын айналдысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды. Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді. Оған мыналар жатады: Құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар; құнның қағаздан жасалған белгілері.

Несиелік  ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

   Несиелік  ақшалардың шығуы банктердің  несиелеу операциялармен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

“Вексель” сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

    Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

   Банкнота (ағылылшын сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай  айырмашылығы бар:

   мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

   кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсілкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

   Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

   Чектің  мынадай түрлері бар:

   ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

   атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;

   ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;

   мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

   есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

   жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

   кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.

   Чектің экономикалық сипаттайтын жаратылысы мынадай:

  • біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
    • екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
    • үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу құралы.

   Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпарттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

   Электронды  ақшалар пластикалық карточка  формасында болады. Олар екі түрлі  болып келнді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлуге арналған төлем құралы.

   Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

   Қазақстан  Республикасындағы екінші деңгейдегі  банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurokard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және тағы басқалар жатады.

   Қазіргі  кезде жалақы алуға арналған  дебеттік карточкалар да кеңінен  қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

   Несиелік  карточкалар бөлшек сауда айналымында  және қызмет сферасында қолданылады.  Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың  мынадай түрлері қолданылады:  банктік, саудаға арналған, бензин  сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

    1. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және

Ұлттық валюта - Теңге

  1991 жылы Кеңес Одағы  ыдырағаннан кейін Қазақстан,  ТМД-нің басқа мемлекеттерімен бірге    “рубль аумағында“ қала береді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банк атап көрсетілген. 1992 маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.

 Сөйтіп, Ресей Федерациясында  және одан тысқары жерлердегі  айналыста ақшаның үш түрі:1961 – 1991 жылы кеңес ақшалар, 1992 жылы  Кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 рубль). Ресей Орталық банк шығарған  ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.

1993 жылы 23 шілдесінде Ресей  Орталық банкі 1961 – 1991 жылы  кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 жылы 5 000 және 10 000 рубльдерді айналыстан  алу туралы хабарлады. Бастапқыда  олардың айырбасына бір апта берілді.

Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

Ресейдегі ақша реформасы  ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берілді.

1992 жылы бірінші жартысында-ақ  Қазақстан Республикасының жетекшілері  ендігі жерде рубльден күдер  үзіп, өз валютасын шығаруға бет-бұрыс  жасаған болатын. Жаңа ақшаларды   шығаруға ағылшынның “Хариссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

1993 жылы 12 қарашада  Қазақстан РЕспубликасының Президенті  Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев “ Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы “ Жарғыға қол қойды.          

    • 1993 ж. 15 қарашада сағат 8–де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;
    • 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы болып тағайындалады. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
    • Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18 аралығында екі валюта – сом және теңге – айналымда қатар жүрді.

   Қазақстан  Республикасының жасы 16-дан асқан  барлық азаматтары 100 мың сом ақша  айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі апнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі теңгенің валюталықкурсын  бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге тең болады.

   Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында  алғашқы ұлттық валюта-теңге енгізілді.  Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан  басшылары бір жарым жыл уақыт  өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар  сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырады. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорғат түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенді валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

15 қарашадан  18 қарашаға дейінгі аралықта халық  теңгемен және рубльмен де  есеп айырыса алды. Сондықтан  заңды тұлғалармен, сол сияқты  бөлшке сауданы жүзеге асырушы  және халық арқылы қызмет көрсететін  тұлғалардың ақшалай түсімдері  күнделікті қабылданды.Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық  бағамын: 1доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында  белгіледі.Келесі жылдары ол бірден өссіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын  қажет етті. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы ақшалар айналысқа  шығарылды. 1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп  айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады.

Сонымен Қазақстан  теңгесі соңғы жылдары тұрақты  төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталар  қатарына кіреді. Қазақстан ұлттық валютасының сәтті енггізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

Кез келген мемлекеттің  тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін  өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа  көптеген елдердің ұлттық валютасының  тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды.   Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді.

Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында барлық төлем  түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір  шектеусіз банктік шоттарға есептеу  үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады.

Ұлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және монета түрінде айналысқа енгізілді.

Банкнота - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот  фабрикасында, ал монета -  Өскемендегі  монета сарайында дайындалып шығарылады. 

Ұлттық Банк іс жүзінде жақсы жағынан көрінген технологияларды қолдана отырып, ақша белгілерін қолдан жасаудан қорғауды жетілдіру жөніндегі жұмысты  тұрақты жүргізіп келеді. Республикада ұлттық валютаны енгізгеннен бергі  уақытта ақша белгілерімен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі жинақталды.

Жаңа үлгідегі ақшаны айналысқа енгізу туралы шешім  бірқатар объективті себептер мен қажеттіліктерден туындады. 2006 жылдың 15 қарашасында екінші қатардағы жаңа үлгідегі банкноталар  айналысқа енгізілді.

Ескі үлгідегі теңгені 2006 жылғы жаңа теңгеге ауыстыру рәсімі әдеттегі нарықтық қатынастар режиміне өтті. Бүгінгі күн жаңа үлгідегі ақшалар ескі үлгідегі банкноттарды ығыстыра отырып, біздің әмиандарымыздан өз орынын алды.

Тайландтың  Бангкок қаласында 2007 жылғы 7-9 мамырда үкіметтік емес халықаралық ұйымы ұйымдастырған «Валюта мәселері жөнідегі халықаралық қауымдастық» конференциясында “Ең үздік жаңа валюта” конкурсында ҚР Ұлттық Банкінің номиналы 1000 теңгесіне орын берілді. Ол біздің дизайнерлеріміз және мамандарымыздың қорғаныш элементтерін әзірлеу бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі