Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды
мемлекеттік техникалық университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
саясат
Орындаған: Медеубек Н.Ө.
Тексерген:
Жұманбаева Т.К.
Қарағанды
2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................
- Инвестиция саясатының мазмұны, инвестицияларды мемлекеттік
басқару
жүйесі........................
- Қазақстанда
инвестициялық саясаттың қалыптасуы....................
.......8 бет - АҚШ-тағы
инвестициялық саясаттың тәжірибесі....................
..........12 бет
- ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ......................
14 бет - Мемлекеттік
инвестициялық заңнамалары...................
......................14 бет - Қазақстан кәсіпорындарындағы инвестициялық ахуалды талдау.....16 бет
- Шығыс Қазақстан өңірінің инвестициялық саясатын бағалау..........18 бет
- ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫ
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.......................
- Инвестициялық
саясатты дамытудағы мәселелер.....................
.........20 бет - Инвестициялық
саясатты жетілдіру жолдары.......................
...............21 бет
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Курстық
жұмыстың актуалдығы. Қандай да болмасын
мемлекеттің тұрақты
Қазақстанның әлеуметтік, өндірістік потенциалын ќалыптастыру, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, жалпы алда тұрѓан әлеуметтік-экономикалық жоспарларды іске асыру инвестицияларсыз мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі кезенде инвестициялық процесті қай жағынан болмасын зерттеу, соның ішінде әлеуметтік салдарын талдау - өмірдің өзі талап етіп отырған заңды ќұбылыс.
Қазақстандағы инвестициялық процестің дамуы алғашқы кезеңде дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі элементі болып табылатын шетел инвестициялармен тікелей байланысты болды. Халықаралық капитал ќозғалысының ХХ ғасырдың аяғында қарқындап дамуы дүниежүзілік экономиканың интернационалдандыру процесінің басталуына, халықаралық кәсіпкерлік пен қарыз капиталы кеңістігінің адам айтқысыз кеңеюіне әкелді. Бұл процесс жаңа нарықта шұғыл игеруге кіріскен жеке кәсіпкерлік пен қарыз капиталының Қазақстан сияқты өтпелі-транзиттік экономика елдеріне ұмтылысын күшейтті. Ал , еліміздің қай саласында болмасын жүріп жатқан оңтайлы өзгерістерді одан әрі дамытуда, экономикамыздың дамуын тұрақтандырып, әлеуметтік саласын өркендетуге инвестициялардың маңызы зор болатын.
Әрине, бұндай жағымды процесті біртіндеп, Қазақстанның ішкі мүмкіншіліктерін қоса отырып, дамыта түсу керек. Соңғы кезде ондай мүмкіндіктер пайда болуда. Дегенмен де ішкі қорлар, қаржылар әлі жеткіліксіз, сол себепті экономикамызға инвестицияларды тарту маңызды мәселе болып ќала береді. Тек олардың қызметін заңдардың негізінде дұрыс реттеп, халқымыздың әл-аухатын көтерудегі ролін арттыра беруіміз ќажет. Инвестициялар өндірістің экономикалық өсуіне ғана емес, әлеуметтік ортаға да ықпал ететінің ескере отырып, аймақтың, жергілікті билік пен басқару орындарының инвестициялық қызметті дамытуға байланысты мәселелерді шешудегі белсенділігін арттыра беру ќажет.
Қурстық
жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы
инвестициялық саясаттың
-инвестициялық
саясаттың мазмұнын, инвестицияларды
мемлекеттік басқарылу жүйесін
- Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуын зерттеу;
- АҚШ-тағы
инвестициялық саясаттың
- Қазақстандағы инвестициялық заңнамаларын зерделеу;
- Қазақстан
кәсіпорындарындағы
- Шығыс
Қазақстан өңірінің
- Қазақстанның
инвестициялық саясатын
Курстық жұмысты жазғанда авторлар: Нұрғалиев, Бердалиев, Осиповалар және газет - журнал материалдарын пайдаландым.
Курстық
жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды
және пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
- ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Инвестициялық саясаттың мазмұны, инвестицияларды мемлекеттік басќару жүйесі
Инвестициялық саясат – инвестициялардың неғұрлым басым бағыттарын айқындайтын шаралар жүйесі: өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның, т.б.), аймақтық, елдің ішінде де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де қаражат (инвестиция) салудың көлемін, ќұрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық шешімдерінің жүйесі.
Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестициялық саясат мынадай жолдармен жүзеге асырылады мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару салық жеңілдіктерін беру демеу қаражат бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру тиісті несие саясатын, баға белгіленімін амортизациялық саясат жүргізу нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ, міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау. Қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың арқасында жаңа технологияларды, озық техника мен ноу-хауды енгізу ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен және ќызмет көрсетулермен молықтыру отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру Қазақстан Республикасының шикізат базасын ұтымды әрі кешенді пайдалану менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу жаңа жұмыс орындарын ашу жергілікті кадрларды оқыту жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ету қоршаған табиғи ортаны жақсарту міндеттері шешіледі.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.[4, 45]
Қазақстандағы
мемлекеттік инвестициялар
Инвестицияларды
мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық
белсенділікті қамтамасыз ету кіреді.
Бұл елдің экономикасына
Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы ќажет: Жоспарлау; Бағдарламалау; Бюджетті дайындау; Орындау.
Жоспарлау
кезенінде әлеуметтік-
Бағдарламалау
кезеңіндегі басты мақсат - жоспарда
бекітілген мақсаттарды қызметтің
мемлекеттік бағдарламаларын
Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынадай факторларды ескеруі қажет: бюджет орындалатын, микроэкономикалық жағдай; инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде экономикалық аспектілер.
Егер инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бюджеттік мекемелердің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтық қосымша шараларын қабылдау қажет.
Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды басқарудың тиісті институционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар. Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
- экспортық несиелер; инвестициялық және тауарлық;
- дамуға ресми көмек қаржылық және техникалық;
- инвестициялық тікелей және портфельдік.
Кредитор
(несие беруші) - елден тауарларды
немесе қызметтерді сатып алу шарты бар
экспорттық несиелер. Инвесициялық несиелер
технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп
беру мақсатымен, ал тауарлық несие - дайын
тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен
беріледі.
1.2
Қазақстанда инвестияциялық саясаттың
қалыптасуы
Экономикалық жүйенің бір саласы ретіндегі инвестициялық процесс ішкі және сыртқы факторлардың күрделі өзара ықпалдастығы жағдайында жүреді. Өзінің ұзақтығы жөнінен инвестициялық процесс инвестициялық циклдың тууынан бастап, оның тиімділігінің алдын ала аталған көрсеткіштеріне жеткенге дейін созылады.
Инвестициялық қызмет – нәтижесіне көптеген факторлар әсер ететін күрделі, әрі уақыт пен кеңістікте үзіліссіз жүретін процесс. Сол себепті инвестициялық қызметті уақыттылық, функциялық және аумақтық бағыттағы жүйе ретінде қарастыру қажет.
Қазақстандағы
инвестициядық процестің
1.Қазақстан
посткеңестік кеңістіктегі
2.
Инвестиция тартудан алдыңғы
қатарда тұруына қарамастан
Әрине, шетел инвестициялары қазіргі уақытта қай елде болмасын экономиканың жанданып өсуіне себеп болып отыр. Олар Қазақстан экономикасын демонополизациялау процесінде жоғары роль атқарып, еркін бәсекелестікке, өндірісті дамытып, реттеу мен ынталандырудың нарықтық механизмдерінің қалыптасуына әсер етіп және осыған сәйкес жүргізілген шаралардың арқасында терең инфляциядан шығуға мүмкіндік берді.
3.Келесі
бір атап көрсететін жағдай, Қазақстанды
тікелей инвестициялау
4.Республикаға
тікелей инвестицияларды
Одан
да басқа инвесторлар аймақтардың
мұнайлы-газды аумақтарын барлап, жұмыс
жүргізгендері үшін олардың әлеуметтік-
Инвестициялық процестің даму тенденцияларының ең басты ерекшелігі-оның шикізат өндіруге бағыттылығы. Мысалы, 1993-2001 жылдар арасында Қазақстанға келген шетел инвестицияларының 65,5 пайызы мұнай-газ секторына жұмсалып, ал өндеуші өнеркәсіптеріне олардың 12,4 пайызы ғана жұмсалған. Сондықтан, экономикамыздың қазіргі жағдайында халықаралық нарықта шикізатқа сұраныстың өсуін дұрыс пайдаланып қалуымыз керек.
Экономикамыздың дамуын тек қана мұнай-газ секторындағы кірістерге тәуелді болмауы үшін ұлттық экономиканың көп векторлығын дамыту қажет. Ол кезегінде бұл саясат әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, әлеуметтік қолайлы орта қалыптасуына қол жетізеді. Отын-шикізат көздерін өндіру инвесторлар үшін тартымды жағдайда өндеуші өнеркәсіптеріне инвестиция салымдарының тапшы болуы бұл секторлардың пайдалылығы мен тиімділігі арасындағы алшақтықты терендете түседі. Өндеуші кәсіпорындарға инвестициялардың аз жұмсалуы экономиканың құрылымдық жүйесінің деформациялануына әкеліп, оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан да экономикамыздың тұрақты дамуын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін шетел инвестицияларымен қатар отандық инвестицияларды жандандырып, өңдеуші секторларымызды дамытып, экспортты ұлғайтып, ел ішіндегі жұмыссыздықты азайтуға, халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік туғызу қажет.
Инвестициялық
процестің қазіргі кездегі
Келесі атап көрсететін бағыт - ол инвестициялық қызметті қаржыландырудағы мемлекеттің ролі артып, үлесінің көбеюі. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдерден қай жағынан болса да кейін қалуды азайтуда мемлекеттің ролі, оның экономиканың маңызды салаларындағы инвестицияларды реттеу қызметтері ерекше жүйелі болуы қажет. Сонда ғана ел тұрғындарының мүдделері дұрыс ескеріліп, шешіліп отырады. Сонымен, 2003-2015 жылдардағы индустриалды-инновациялық даму стратегиясына орай жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процестің жаңа бағыттары дамыту болып табылады.[4, 145]
Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі - шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.
Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет. Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірісітік қызметін өтімді етуге мүмкіндік туғызады.
Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгіле бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.
Бұл қағидалар экономикалық мақсатқа сәйкестілік - ол сол немесе басқа әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз қажеттілігінен туындай отырып анықталады; әлеуметтік - экономикалық тиімділік кез келген нысанда шетел инвестицияларын тартудың бірден-бір шарты. Бұл қағида шетел компанияларының қатысуымен болатын жобалардың жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын халықтың жұмысбастылығын арттыруды пайымдайды; экономикалық-экологиялық қауіпсіздік - егемендік қауіпсіздігінің қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға, қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірушілерді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуі тиіс. Бұл қағиданы қолдану ұлттық ресурстардың жекелеген түрлеріне шетел капиталының еркін кіруін шектеу қажет.
-Шетел инвестияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы. Бірде бір мемлекет, бірде бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын серіктестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды; экономикаға шетел инвестияларына басымдықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Сондықтан Республикада 2000 жылға дейінгі кезеңге тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ең маңызды өндірістердің тізімі бектілген. Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада: ел белгілі бір елдердің, олардың компанияларының, фирмаларының инвестицияларына олардың экономикалық жағдайын , әлемдік экономикалық жүйедегі орыны, экономиканың нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдықтар беруі тиіс;
- Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі - осы процесті басќарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жетклікті хабардарлығын қамтамасыз ету болып табылады;
- Ең соңында, шеел инвестицияларын тартудың әлемдік тєжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері бар: экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.
Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезеңде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе. Ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді.
Мемлекеттік
инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде
жүзеге асырылуы қажет:.Жоспарлау;.
Жоспарлау
кезеңінде әлеуметтік-
Бағдарламалау
кезеңіндегі басты мақсат - жоспарда бекітілген
мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына
өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар
бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша
ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске
арналатын тандаудың сол бәсекелестік
қағидаларына негізделу ќажет.
1.3
АҚШ - тағы инвестициялық саясатының
тәжірибесі
Капитал нарығы АҚШ-тағы капитализмнің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Компаниялар өздерінің зауыттарын және ғимараттарын салуға, ұшақтарды, поездарды және кемелерді сатып алуға, телефон желілерін орнатуға тағы басқа түрлі жобаларға қаржы алу үшін осы нарықтың көмегіне сүйенеді және де басқа түрлі жобаларға қаржы алу үшін, атап айтқанда, зерттеулер мен дамыту жұмыстарын жүргізуге қажет қаржыны капитал нарығынан алады. Қаржының көп бөлігі зейнетақы қорларынан, сақтандыру компанияларынан, банктерден, басқа қорлардан және коллеждер мен университеттерден келеді. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың да қаржылары көбейіп келеді.
Егер өзге мақсатта қаржы керек болып қалған жағдайда өздерінің құнды қағаздарын және кәсіпорынның акцияларын сатып жіберуге мүмкіндіктері болмаса, кәсіпорынның акцияларын сатып алушылардың саны аз болар еді. Құнды қағаз нарығы мен басқа да капитал нарығы инвестициялардың акцияларды үздіксіз сатып алу және сату барысында жұмыс істейді.
Аталмыш нарықтар Америка экономикасында басқа да қызметтерді атқарады. Олар инвесторларға пайда әкеледі. Акциялардың немесе басқа да қаржылай активтердің құны өскен сайын инвесторлар байи түседі; қаражаттарының бір бөлігін сауданы қолдауға және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге жұмсайды. Инвесторлар болашақта кәсіпорынның қаншалықты пайдалы болатынын ескере отырып, акцияларын күнделікті сауда-саттыққа салады; сонымен бірге, акциялардың бағасы корпорация басшыларына инвестициялардың қызығушылығы жайлы мәлімет береді.
Акциялардың құны инвесторлардың үкімет саясатына көзқарасын бейнелейді. Егер үкімет экономика және компанияның кіріс әкелуіне зиянын тигізетін саясатты қабылдаса, инвесторлардың ойынша нарық төмендейді, ал егер бұл экономиканың өрлеуіне көмектесетін болса, онда нарық өседі. Бұл орайда кейбір сарапшылар американдық инвесторлардың қысқа мерзімі пайданы ғана көздейтінін сынайды, олардың айтуынша, компаниялар немесе саясатшылар ұзаќ мерзімді табыс әкелуге шара қолдануға ықыласты емес және құнды қағаздардың құнын тоқтататын қысқа мерзімді өзгертулерді талап етулері мүмкін. [1, 45]
Ашық қорлардың арқасында нарыққа қоғамның араласуына кең жол ашылды, олар жеке салушылардың атынан қаржыны әртүрлі құнды қағаздарға салады. Қоғамдық қорлар өздерін толық машықтанған деп сезінбейтін немесе мыңдаған жеке акциялардың иігінен таңдап алуға уақыты жоқ, өз ақшаларын мамандардың көмегімен іске қосатын кіші инвесторларға қоғамдық қорлар жағдай жасайды. Қоғамдық қорлар акцияларын әртүрлі топтарын ұстап тұрғандықтан сол акция иелерін жеке акциялардың құнына байланысты болатын қатты сілкіністерден қорғайды.
Ашық қорлардың әртүрлі инвесторлар топтарының қажеттілігін өтейтін көптеген түрлері бар. Кейбір инвесторлар қаржыларының тез арада пайда әкелуін қаласа, екіншілері болса капиталдың ұзақ бағалануын күтеді. Кейбіреулер инвестицияны дәстүрлі консервативті түрде салса, екіншілерінің мүмкіндіктері жоғары, сондықтан да тез арада пайда әкелетін салаларға жұмсайды. Кейбір іскерлер тек қана өндірістің нақтылы саласын немесе шет ел компанияларының акцияларын және нарық стратегиясын ғана қадағалап отырады.

- Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы инфляция
- Қазақстан Республикасындағы инфляция
- Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендіруді дамыту
- Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері
- Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары
- Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар
- Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері
- Қазақстан республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылырдың салықтары мен ставкалары
- Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы