Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері
Мазмұны
| Кіріспе | 3 | |
| 1 | Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері | 5 |
| 1.1 | Екінші деңгейлі банктердің түрлері | 5 |
| 1.2 | Екінші деңгейлі банктердің атқаратын негізгі қызметтері | 7 |
| 1.3 | Екінші деңгейлі банктердің банк жүйесіндегі орны мен маңызы | 10 |
| 2 | Екінші деңгейлі банктерде активті және пассивті операциялар | 14 |
| 2.1 | Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жүргізетін активті операциялары | 14 |
| 2.2 | Банктер жүргізетін пассивті операциялардың мәні | 20 |
| 2.3 | Банктің активін және пассивін тиімді басқарудың, оның бәсекелестік қабілетін арттыруға ыпқалы | 26 |
| 3 | Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру | 32 |
| Қорытынды | 35 | |
| Қолданылған әдебиеттер тізімі | 36 |
Кіріспе
Екінші деңгейлі банктер экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Екінші деңгейлі банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi және осының негiзiндегi қаржы рыногында басты делдал болып табылатын екінші деңгейлі iске асырады.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек.Тiптi соңғы уақытта бiздiң елiмiздiң банктiк жүйесiнен ТМД елдерi тәжiрибе де алып жүр. Бұл әрине үлкен жетiстiктерiмiздiң бiрi деп санаймын. Мұндай жетістіктерге жетуімізге Ұлттық банктің жүргізген тиімді саясаттары мен сол негізде қызмет етіп отырған екінші деңгейлі банктердің қосқан үлесі орасан зор болып табылады.
Мiне, сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы “Екінші деңгейдеі банктердің активті және пассивті операцияларының даму» деп таңдалды.
Бұл тақырыптың өзектілігі екінші деңгейлі банктердің бүгінгі таңдағы рыноктық қатынастар дамуына байланысты олардың қызметтері мен атқаратын операциялары да қоғам талабына сай күннен-күнге даму үстінде. Өйткені XXI ғасыр талабына сай банктердің бүгінде 200-ге тарта атқаратын операциялары мен қызметтері бар. Ал біздің енді ғана егемендігін алғанына 17 жыл болған және өзінің банктік жүйесін құрғанына биыл 2008 жылы 13 жыл болып отырған еліміздің бұл саласы дамытуды және әлем талаптарына сай қызмет етуді қажет етеді. Сондықтан бүгінде еліміздің екінші деңгейлі банктерінің арқаратын негізгі қызметтері мен олардың қаржылық, есеп айырысу, делдалдық, коммиссиондық, инвестицияық, депозиттік операцияларын дамытудың қажеттігі туындап отыр.
Себебі, еліміздің алдағы жылдары Бүкіл Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болуға ұмтылысы, 2007 жылдан бастап Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығына айналуға өтініш білдіруі, ұлттық экономикамыздың қаршындап дамуы еліміздің банк жүйесін дамытуды, соның ішінде коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастыру мен құруды талап етуде. Сондықтан менің бұл жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттерім келесідей болмақ:
- Екінші деңгейлі банктердің Банктік жүйедегі орны мен рөлін, олардың экономика тиімді дамуындағы маңыздылығын қарастыру;
- Екінші деңгейлі банктердің негізгі атқаратын қызметтерін атап өту, оларды талдау;
- Бүгінгі таңдағы екінші деңгейлі банктердің активті және пассивті операцияларын, олардың заман талабына сай жаңадан пайда болған түрлерінің қызмет ету механизмін талдай келе оларды басқару негізі туралы айтып өту;
-
Екінші деңгейлі банктердің қызметтері
және операциялары бойынша мысал ретінде
соңғы жылдарға статистикалық анализдер
жасау, оларды талдау және болашақтағы
даму барысын айқындау болып табылады.
1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктер және
олрадың
экономикадағы қызметтері
- Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Несие
жүйесін екі түсінікте
Бір жақты шағымда- арнайы қаржылық-кредиттік институттардың жүйесі немесе жиынтығы.
Бірінші түсінігі несие капиталының жылуымен байланысты және несиенің әр түрлерін қарастырады.
Екінші – несие жүйесі несие-қаржылық мекемелердің жиынтығы ретінде бос ақша капиталдарын, кірістер мен қорларды шоғырлайды да оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халыққа несие ретінде береді.
Несиелік жүйе мемлекеттегі ақша айналымын реттейді, экономикалық қатынастар пайда болуына жағдай жасап, жеке және заңды тұлғаларға әр түрлі қызмет атқарады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипаттама ұстайды. Несие мекемелерінде ақша сақтау несиелік қорларын құрылуын білдіреді, олардың экономикаға және халыққа қажеттілігіне үлестіру – несие беру.
Қазіргі несие жүйесі несие капитал нарығының негізгі элементі болып келеді және келесі негізгі институционалдық бөлімшелерден тұрады:
а) Орталық Банк, мемлекеттік және жартылай мемлекеттік банктер;
б) банктік сектор:
- коммерциялық банктер;
- жинақтау банктер;
- инвестициялық банктер;
- ипотекалық банктер;
в) сақтандыру секторы:
- сақтандыру компаниялары;
- зейнетақы қорлары;
г) арнайы банктік емес несие –қаржылық институттар:
- инвестициялық компаниялар;
- қаржылық компаниялар;
- қайырымдылық қорлар;
- коммерциялық банктердің траст бөлімдері;
- несие жинақтау ассоциациялары;
- несиелік одақтар.
Осындай сызба көптеген өндірістік дамыған мемлекеттерге тән - әсіресе АҚШ, Батыс Еуропа мемлекеттеріне, Жапонияға.
Классификация негізінде несие ұйымдары қызмет көрсету мінездемесін алатын болсақ, қазіргі кредит жүйесінің үш маңызды элементтерін айқындауға болады:
- орталық (эмиссиялық) банк;
- коммерциялық банктер;
- арнайы кредиттік мекемелер (сақтандыру, жинақтау т.б.).
Банк
(италияның “banco” сөзінен
Банк – коммерциялық ұйым болып келеді, заңға сәйкес банктік қызметті атқара алатын заңды тұлға.
Банктер ақша айналым саласында істейді және күрделі ақшалық, несие-қаржылық қатынастардың реттеу функциясын атқарады.
Нарықтық
экономика жағдайында банктердің көптеген
түрлері бар. Олардың әр түрлі
белгілері бойынша
Меншік формасы бойынша:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- кооперативтік;
- жеке меншік;
- аралас.
Ұйымдардың құқықтық түрі бойынша: ашық және жабық қоғамдар.
Функционалдық тағайындау бойынша:
- эмиссиялық;
- депозиттік;
- коммерциялық.
Орындалған
операциялар сипаттамысы
- әмбебап;
- мамандандырылған;
- салалық.
Қызмет көрсету бойынша:
- аймақтық;
- аймақаралық;
- халықтық;
- ұлттық.
Филиал саны бойынша: филиалдық емес және көпфилиалдық.
Банктер мәнінің әдістемелік негіздері:
- банк мәні талдаудың макродеңгей қызметімен байланысты;
- банктердің көптеген түрлеріне қарамастан оның мәнін бір қалыпты қарастыру керек;
- банк мәні оның өзгешелігін сипаттайды;
- банк мәні – оның құрылымын ерекше объектісі ретінде қарастыру;
- банктердің әр түрлі түсініктері болады.
Несиелік іс – банк негізі. Банк мәнінің талдауы оның құрылымымен тығыз байланысты. Банк құрылымын банк ұйымдастыру ретінде түсінуге болады.
Нарық жағдайында банктер келесі функцияларды атқарады:
- ақша кірістерінің және қорларының мобилизациясы және оның капиталға аударылуы;
- ақшалы және функционалдық капиталистерге кредиттік делдалдық;
- төлем кезіндегі делдалдық;
- несие құралдар айналымының құрылуы.
Қазіргі
кездегі банктер қызметтері әр алуан.
Бүгінгі таңда олар көптеген әр түрлі
операцияларды орындайды. Несие
мекемелрі кеңестік қызмет атқарады,
заңдық және экономикалық бағдарламаларды
талқылайды.
1.2
Екінші деңгейлі
банктердің атқаратын
негізгі қызметтері
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн айтып өтейiк:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына берiлiп , өндiрiстiң кеңеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор. Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басқару қызметiн де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi : банктiң облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот ашу есеп-несиелiк және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.
Сонғы кездерi коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерiнiң арасындағы бәсеке күшшейе түсуде. Бәсеке банктердiң жаңа қызмет түрлерiн iздестiруге , клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерiн өсiруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгерiп, қаржылық кәсiпкерлiкте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердiң экономиадағы ролi артуда.
Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi деңгейiндегi коммерциялық банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық банк арасындағы негiзгi қаржы делдалы болып табылады . Қазiргi кезде коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге жуық әр алуан өнiмдер мен қызмент көрсете алады . Мұндай кең көлемдi операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып қолайсыз жағдайдың өзiнде пайдалы жұмыс жасауға септiгiн тигiзедi.
Депозиттiк – қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролiн орындайды. Банктiң бұл қызметi екi жаққа да пайда әкеледi. Салымшылар үшiн өздерiнiң депозиттерi айналыс құралы қызметi мен өтiмдi активтер қызметiн атқара отырып, кей жағдайда оның үстiне пайыз әкеледi. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарыздарды пайдаланады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретiнде iскерлiк операциялар жүргiзiп уақытша бос қаражатын тарту мүмкiн емес .
Коммерциялық банктердiң басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бiр қабiлетi ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Банктердiң ақша жасау мүмкiндiгi экономика үшiн өте маңызды. Ол тиiмдi несие жүйесiн iске асыра отырып , экномиканың өсуiне қажеттi жағдай туғызады. Банк несиелерiнiң жетiспеушiлiгi және өте жоғары пайыз мөлшерлемесi тұсында өндiрiстi кеңейту кеңейту мүмкiн емес.
Банк қызметiн – банк пен клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс әрекеттрдi орындауын сипаттауға болады. Қазiргi кезде негiзгi дәстүрлi қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлiгiнiң осы операциялар бойынша пайыздық операциялардан алады .
Коммерциялық банктер негiзiнен өз клиенттерiнiң шаруашылық қызметтерiне қызмет көрсетумен байланысты несиелiк есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрiмен айналысады .
«Қазақстан Республиксындағы банктер және банктiк қызмет туралы» Заңға сәйкес коммерциялық банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негiзде депозиттердi тарату;
- клиенттер мен банк корреспонденттердiң шоттарын жүргiзу және оларға кассалық қызмет жүргiзу;
- қайтарымдылық, мерзiмдiк және төлемдiк шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзiмдiк несиелер беру;
-инвестицияланатын қаражаттар иелерiнiң немесе иемденушiлердiң тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетiлген тәртiппен бағалы қағаздарды шығару;
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргiзу;
- банктiк операциялар бойынша брокерлiк қызметтердi көрсету, клиенттердiң тәуекелi бойынша олардың агенттерi ретiнде әрекет ету;
- коммерциялық мәмiлелердi қаржыландыру;
- клиенттердiң тапсырмалары бойынша сенiмдiк операцияларды (қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару)
- лизингтiк операцияларды жүзеге асыру.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердiң алғашқы дәстүрлi-базалы қызметi. Бұл қаражаттардың негiзгi бөлiгiн депозиттер құрайды. Ал бұл экономикадағы босақшаларды айналысқа шығарып салымшыға да және халық шаруашылығына да өз пайдасын тигiзедi.
Коммерциялық банктердiң екiншi басты қызметi – экономиканы және халықты несиелендiру. Сонғы жылдары екiншi деңгейдегi банктердiң несиелеу үлесi артуда, оған әсер етiп отырған негiзгi себеп ол Ұлттық банктiң банктiң проценттiк пайызына ставкасының түсуiмен байланысты болып отыр.
2006
жылғы қараша айындағы
Кесте 1- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне коммрциялық банктерден бөлiнген несиелер. ( млн. теңге )
| Жылдар | 12.2001 | 12.2002 | 12.2003 | 12.2004 | 11.2005 |
| Банктiк несиелер | 148880 | 276218 | 489417 | 672407 | 924283 |
| Оның iшiнде шағын бизнеске | 39857 | 74202 | 121954 | 145515 | 210623 |
| - қысқа мерзiмдi | 20423 | 40115 | 60153 | 63043 | 80943 |
| - ұзақ мерзiмдi | 19434 | 34107 | 61801 | 83467 | 120718 |
1.3
Екінші деңгейлі
банктердің банк жүйесіндегі
орны мен маңызы
Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi.
Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады. Рыноктық жағдайда банк жүйесi екi деңгейлi болып келедi: Орталық банк, бірінші деңгейлі, және екінші деңгейлі банктер немесе бұдан кейін коммерциялық банктер.
Қаржылық делдалдар болып табылатын коммерциялық банктер осылай қоғамда ақша капиталын салааралық, ауданаралық, экономикалық шаруашылықтарда үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметiн атқарады.
Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Банктiк
жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi
негiзiнен экономиканы жалпы

- Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары
- Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар
- Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері
- Қазақстан республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылырдың салықтары мен ставкалары
- Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы
- Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері
- Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру
- Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігінін арттыру
- Қазақстан Республикасындағы валюталы бақылаудың түсінігі, негізгі бағыттары және мақсаты
- Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері
- Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру,және халық жинақтарының динамикасы