Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері
Мазмұны
Кіріспе ..............................
1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы........................
1.1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және даму....................... 5
1.2. Банктердің нарықтық экономикадағы алатын орны мен рөлі .........10
1.3. Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы ..............................
2 Қазақстан Республикасында банк ісін ұйымдастыру және реттеу..........20
2.1 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері....................
2.2 Екінші денгейлі банктер.......................
3 Қазіргі кездегі Қ.Р банк жүйесінің дамуы және жетілдіру
жолдары.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.(Осы туралы 10-шы беттегі кестеден көре аласыз) Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадағы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банк – өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші. Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің технологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған елдердің барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының экономикалық ахуалының дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер ұлттық валютаның әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының төмен денгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жалпы экономикалық тұрақтылық және инвесторлар сенімін өсіруді қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикалық тұрақтылықтың перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа да мекемелердің қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тікелей тәуелді.
Курстық жұмыстың мақсаты- банк ісінің және банк жүйесінің дамуына, шығу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.
Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жұйе тек өзіне тән қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен және олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады, әрине банк жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі банктер көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мән береді. Дегенмен банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің, мазмұндарының қосындысы деп түсінбеу қажет. Банк жүйесінің мазмұны ғана емес, оны құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударады.
Банк жүйесін бір тұтас жүйе деп ұсынуымыз керек. Себебі, жеке бөліктерінің өзара байланыстары, керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға бейімделген. Басқаша айтқанда, егер бір банк жұмысын тоқтатса, оның клиенттері басқа банктерден бұрынғы қызметтерін, бұрынғы көлемде пайдалана алады.
Банк жүйесі әр уақытта өсу және жетілу жолында. Олай деуге себеп, ол күн сайын жаңа компоненттермен толтырылады, банк аралық және Ұлттық банкпен немесе Шетелдік банктер арасында жаңа қатынастар пайда болады.
Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары банкілік құпия болып саналады. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының қозғалысы немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесінде болмаса, оның сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары бойынша мұндай мәліметтерді тәртіп қорғау орындарының, салық органдарының өкілдеріне беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін растайтын құжаттары болса болды. Бірақ көп елдерде бұлай емес.
Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Ол дегеніміз, егер елде саяси ахуал, экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, аралымдылықпен өзгерте алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың өлшемдемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің проценттік саясатын өзгертеді немесе Үкімет ұлттық валютаның бағамын анықтау тәртібін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағамын қайта қарайды.
Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды тұлға бола тұра банктер өз қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен шығармайды. Олардың қызметтерін Ұлттық банк реттеп отырады. Ол үшін Ұлттық банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық мөлшерліктер белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер, банк операциясын жүргізуге берілген рұқсат қағазынан айырылуы мүмкін.
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кйінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы , Италияның жекелеген қалаларында Венеция, Генуе XIV – XV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының арекше институты ретінде тауар шаруышылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссы, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған. XVI – XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда саудагер-клиенттер арасында қолма – қол ақшасыз есеп айырысулардың жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жтробанктер өздерінің клйенттері арасындағы белгілі салмағы бар бағалы метелдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінң бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекеттке. қалаларға және артықшылығы бар компанияларға саудаға берді. Дегенмен де , деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады. Өкінішке орай , банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән тұғызады.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған.
Менің түсінігімше, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүнйежүзілік сауда орталығы болғандықтан ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заңның бірнші бабына сәйкес, “банк осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”. Сонымен қазіргі түсінікте “коммерциялық банк”(толықтырулар 22 беттегі кестеде) бұл ерекшк өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады. Жалпы Қазақстан Республикасының банктік жүйесін дамыту және оны жоғары дәрежеге жеткізу дұрыстап жүргізу болып табылады. Мен бұл тақырып бойынша банктің қызметін, оның атқаратын міндеттерін және банктердің түрлерін, ағымдағы жылдардағы жағдайын қарастырып өтемін. Сонымен банк бұл банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға және банк клиенттерінің шоттары мен салымдары, ол банктің жасаған операциялары туралы айтуға болмайтын ақпараттар болып табылады екен.
1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
1.1 Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ себебі, республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті.Осыған байланысты банктік жүйенің та-рихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз баиланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің мемлекеттік банкі өз қызметін 1860 жылы бастады барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол аиналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөитіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылыдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті. Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1924 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті. Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадаи ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343). Ипотекалық несие жүиесі мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен таңылды. Ол қарыз – жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.1917 жылы Қазан революциясынан кеиін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде мемлекеттік банк құрылды, кейінен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйесінің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктер мен бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік – капиталйстік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922 жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық – жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 жылы ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілд. 1926 жылы 1 сәуір қарсаңында КСРО – да 16 185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 – несиелік және қарыздық жинақ, сондаи – ақ 12424 – ауыл шаруашылық серіктестіктері болды. 1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік – Шіғыс мемлекеттік – капиталйстік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресеилік коммерциялық банк құрылды. Экономикалық социалистік секторының дамуына қараи кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы таратты.Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банк жәәне 1922 – 1925 жылдары арасында құрылған басқа да банктерге көшеді. КСРО – да 1930 – 1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелндіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды. Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкі болып қаита ұйымдастырылды. Социалйстік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына (1959 жылы оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылыс банк арасында үлестірілді)
ұйымдастырылған. Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы Ресеилік кооперативтік банк негізінде (1939 жылы Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 жылы таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған. Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі Цекомбанк 1959 жылы таратылды да оның кызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді. Барлық сапалық банктер саналы қаржыландыру және ұзақ мерзімді песиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкіде халық шарушылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиенлендіру шоғырландырылады. КСРО Мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды. Одақтас республиканың барлығнда, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекмелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принціпі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды. Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша аналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінді, әр бір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстаи алды.Осы банкте олар өз чвкерекоақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қома – қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма – қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді. Жалпы алғанда банктердің мамандандырылуы банк жүесінің жұмысын шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге түбегейлі өзгеріс енгізілген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп бөлімді, шіғынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезеңінде бюрократтық аппараттық жоғары деңгеилерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мембанкінің ролі әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамндырылған банктердің жұмысына ықпал ете алмады. Осы жағдайдан шіғудің бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк жүесін батыстағы үлгідегідей екі денгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып табылады. Банктік құрылымды қата құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын жоюы керек еді. 1988 жылға деиін КСРО Мембанкі – Орталық , коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды. КСРО Құрылыс банкінің Қазақ республикалық конторы қалады, өнеркәсіпте, көлік және басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы сауда банкі валютадағы және валютамен жасалатын операцияларға қызмет көрсетті. 70 – жыл бойы КСРО – ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік банктік ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ – түйек регламенттеу, сондай – ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша – несиелік қарым – қатынастар тәжірибиесі, паида болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеиді. Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар боиы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен құралдары мақсатты түрде жойылып отырды. Утопиялық идиологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз КСРО Мембанкі түріндегі бір деиңгейлі банктік пирамида құрылды, ол өз астына несиелік жүйені түгелдеи басып алды және бәсекелестіктің элементтерін, жарыс пен тәуекелдікті толығымен жоиды. Өз тәелсіздігін алғаннан кеиін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 жылы қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, “Қазақ КСР – дағы банктер және банктік қызмет туралы” заң қабылданды. Республикалық мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар Қазақстан Республикалық Ұлтық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік – коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіп банк – Қазақстан Республикасы акционерлік – коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкіне ауысты. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қаита өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды. 1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас кооперативтік, жеке банктер паида бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк сияқты және тағы басқа коммерциялық банктер құрылды. Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік және аумақтық принцип бойынша құрылады.
1.2 Банктердің нарықтық экономикадағы алатын орны мен
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең мңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және таурлы ақшалаи, қарым – қатынастардың дамуы тарихы тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір – бірімен өзара тығыз баиланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгеиіндегі басқарумен тікелей баиланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалы мүдделерін қанғаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уқытша паидалануына береді, ақшалаи есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің аналысына тікелей ықпал етеді. Қаржылық делдалдар осылаи қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады. Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісіне, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндетттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талп қойды. Нарықтық экономикада банктер монополистерге аиналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шіғып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүие “ертегідеи күшке” ие бола отырып “нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы” мүмкін. Карл Маркс келесіде “ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне” назар аударады. Банктершаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мне міндеттері негізінен эономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдеи, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принціптерді сақтауда көрініс табады. Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындаиды, яғни олраға қажеттіліктерді қкнғаттандыру арқылы әсер етуге баиланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма – қолсыз есеп аиырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді. Банктер есеп айырысу операцияларын жургізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қаитармағандығы үшін жоғары паиыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғаиды.
Сызба 1. Қаржылық – несиелік институттардың қаржылық делдалдар ретіндегі рөлі.
Дамыған елдердің экономикасында ертеде танылған екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Ал Қазақстанда мұндай жүйені құру тек 1987 жылы СОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің № 821 қаулысымен бекітілді (орталық эмиссиялық банктің және мемлекеттік мамандандырылған банктердің). Республикалық банктерге кеңестік республикалардың министрліктерінің құқықтары берілді. Несие жүйесін жетілдіру бойынша жүзеге асырылған іс – шараларға қарамастан, ол кертартпа болып қала берді. 1987-1988 ж.ж. жүргізілген банктік реформа нәтижесінде Мемлекеттік және Құрылыс банкісінің мекемелері негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіпбанкі және Тұрғын әлеуметтік банкі құрылды. Жинақ кассалары жүйесінің негізінде Жинақ банкісі, ал Сыртқы сауда банкі негізінде Сыртқы экономикалық банк құрылды. КСРО-ң Мемлекеттік банкі мемлекеттің Орталық банкі болып жарияланды. Құрылған мемлекеттік мамандандырылған банктер – Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғынәлеуметтікбанкі, Жинақ банкі – бұрынғы кезеңнің жүйесіне қатысты көптеген негативті белгілерге ие болды. Ол кезде үш банк: Мемлекеттік банк, Құрылыс банкі және Сыртқы сауда банкі іс-әрекет етті. Бұл банктер халық шаруашылығында несиелік ресурстардың еркін ағылуын қамтамасыз ете алмады, сондықтан борышқорлармен партнерлік қарым – қатынастар орнатылмады, Мемлекеттік банктің жалпы ақша айналымын басқарудың тиімді әдістері болмады. Несиелік саясатта проценттік ставкалар төмен небәрі 5-8 пайыз болып, олар тиімсіз, төмен рентабельді жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын несиелерге қосымша сұранысты қалыптастырды.
1988 жылы «Кооперация туралы» Заң қабылданғаннан кейін алғашқы кооперативтік банктер құрыла бастап, олар банктік қызмет сферасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына негіз салды. Осы кезден Қазақстанның банк жүйесінің дамуының бірінші кезеңі басталды. Кеңес Одағында мұндай банктің алғашқысы Шымкенттегі «Союзбанк» болды. Кооперативті статус банктерге мақсаттарды анықтауда, несиелеу шарттары мен мерзімдерін, проценттік ставкалар деңгейін белгілеуге еркіндік берді. Ол банк қызметінің әртүрлі формаларының дамуына алынған пайданы пайдалануға, материалды – техникалық базаның нығайтылуына және басқа да проблемалардың шешілуіне мүмкіндік берді.
Мамандандырылған банктер өз қарекетін әкімшілік территориялық принцип бойынша жүзеге асыру барысында кеңестік республикалардың облыстарында банктердің басқармалары ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде банктердің өз мекемелері құрылды. Жетпіс жыл бойы КСРО-ң банк жүйесінде, оның ішінде, Қазақстанның банк жүйесінде қатаң орталықтандыру және шоғырландыру орын алып, әкімшілік басқару басым болды. Қалыптасқан ақша – несие қатынастарының жүйесі және тәжірибесі туындаған нарықтық қатынастардың жағдайларына сәйкес келмеді. Бұдан кейінгі жылдары банк жүйесі елдегі саяси және экономикалық жағдайдың динамикалық дамуымен ерекшеленеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалаи қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды паидалану боынша бақылау жүргізеді, ақша аиналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшумен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда. Меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда, шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші ( арендатор ) және жеке еңбек қызметімен аиналысатын тұлғалар да осыған жатады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз – төл теңгемізді еңгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шіны 1994 жылы шілде айында 46 %-ға жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция 25 %-ға, төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13,5 %-ға, қыркүйекте 10,9%-ға тең болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем, сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды.
Банктік реформа кәсіпорындарды жекшелендіру қайта құруға және көп шығын шығаратын кәсіпорындарды тарату немесе қайта құруда өз үлесін алуы керек. Бұл шіғынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді шектеумен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп шіғынды кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан бөлініп және олардың жаңадан құрылған даму банкіне берілүі арқылы қызмет көрсетілүі қалған банктердегі нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырлануын брлдырмауы тиіс. Банктік жүенің реформасы инвестициялық қорлардың рөлін жоғарылату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешелеген кәсіпорындарды қайта құруға қолғабыс етеді. сауықтыру банкінің рөлі жекешелендіру бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шіғынды кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке меншік құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз. Банктік жүйенің рформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шіғынды мемлекеттік кәсіпорындарды қата құруды жасаиды. Жекешелендіруші кәсіпорындарға ресбубликада банктік реформаны құрудың барысында Қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл жерде әңгіме жекшелендірүші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мезімді несиесін беру мүмкіндігі туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен заң базасын жасау керек.
1.3 Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы
Банкті ұиымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнйы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.
Рұқсат Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі.Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін анықтаиды. Банктік заңдар мен заң актілерінде банктердің қызметінің ашылуы мен тоқтатылуы реттеліп отырады.
Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет:
- рұқсат беруге арыз;
- экономикалық негіздем;
- алдағы 2 – 3 жылдағы толықақпараттарды қамтитын іскерлік
болжалды жоспар;
- құрылтаишылар ұсынатын банк жетекшілерінің (төраға мен бас
бухгалтердің) кәсіби жарамсыздығы жайлы мәліметтер;
- құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы аудиторлық
қорытынды;
- жарғылық қор шотына қаражат салғанын растаитын құжат.
Сонымен қатар, бірлескен немесе шетелдік банк және де олардың еншілік банктерін құруға рұқсат алу үшін келесідей құжаттар қажет:
- құрылтаишы заңды тұлғалар үшін олардың заңды мәртебесін растайтын, жарғы немесе басқа да құжат және алдыңғы екі жылдың жарияланған брлнсы, Қазақстан аумағында шетелдік банк құруға немсе қатысу жөніндегі шетел құрылтаишыларының сәйкес органдарының рұқсаты, шетел құрылтайшысы келген елдің бақылау органының Қазақстан аумағында шетелдік бірлескен банкке қатысуына қарсы еместігі жайлы жазбаша анықтама;
- құрылтаишы жеке тұлғалар үшін: шетелдік беделді банктің осы тұлғаның төлем қабілеттілігін куәландыруықажет.
Заңды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары ретінде бола бастады. Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің құрылтайшысы және қатысушы бола алады. Кез келген құрылтайшылардың, қатысушылардың, қатысу үлесі мемлекеттен және еншілес банктерден басқалары үшін жарғылық қордың 35%-ан аспауы тиіс. Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз – құжатты алған мерзімнен бастап, 3 аидан аспайтын уқыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.
Рұқсат беруден бас тартудың себептері мынада: құрылтаишы құжатының жұмыс істеп тұрған заңдарға сай келмеуі, құрылтаишылардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы, банктің құрылтайшысының, басқарма және жетекші мүшелерінің алдағы қызметтеріндегі заңға қаишы әректтердің болуы, алғашқы екі жыл ішіндегі банктің меншікті қаражаттар есебінен активтік операциялар жүргізе алмауы. Қазақстан Республикасының банктерін тіркейтін кітапта тіркелгеннен бастап, банк заңды тұлға мәртебесін алады. Оған тіркеу номері және банктік операцияларын жүргізуге лицензия беріледі.Көптеген елдерде бнкті ашуға арнайы рұқсатты талап етеді, бірақ кей жағдайларда олар құрылтаишыларды тіркеүмен ғана шектелуі мүмкін.
АҚШ – та жаңа банк құру қатал тәртіппен реттеледі. өз қызметтерін бастау үшін банк, штаттың билік органдарынан чартер – лицензия алуы қажет немесе ақша аналысын федыралды чартер тексерушісі алуы керек. Сонымен бірге, банктің капйталының мөлшері ( кіші және орта қалаларда 100-200 мың доллар аралығында, ал ірі қалаларда әлде қаида жоғары) заңмен белгіленген минималды нормаға сайкес болуы қажет. Сондаи-ақ , жергілікті тұрғындардың жаңа банкке деген қажеттілігі, болашақта табыс алу мүмкіндігі , жетекшілер құрамының өкілеттілігі, тағы басқа факторлар ескеріледі. Банкті ашудың осған ұқсас тәртібі Германия, АНглия, Швейцария, Жапония және басқа да елдерге тән. Банктер және банктік қызметтер туралы заңға сәйкес банкті ашуға рұқсат беруде бас тартуды санамағанда, банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензия келесідей жағдайларда қайта қайтарылып алынуы мүмкін:
- рұқсат күннен бастап, 6 айдан аса уақыт ішінде банк өз қызметін
бастамаса;
- Ұлттық банк белгілеген пруденциялақ нормативтерді, Қазақстан
Республикасының жұмыс істеп отырған банктік заңдарды жүйелі түрде бұзу, Ұлттық банк белгілеген нормативтік актілерді бұзу жағдайлары анықталған кезде;
- заңмен белгілеген мәліметтер мен есеп берулерді жүелі түрде бұрмалау;
- осы заңмен және банк жарғысы, қарастырылған тыс операцияларды жүргізукезінде.
Банкті ашуға берілетін рұқсатты қайта қайтарып алу, оның таратылуы туралы шешімге саи келеді. Банк өз қызметін банк құрылтайшыларының шешімі бойынша осы заңның 68, 69, 70,71 баптарына сәйкес тоқтатады. Банк акционерлі құрылтаишылары бекіткен жарғы негізінде қызмет істейді.
Банк жарғысында төмендегідей мәліметтер болуы қажет:
- банк аты және оның орналасқан жері;
- банкпен жүргізілетін банктік операциялар тізімі;
- жарғы қорының мөлшері және банкпен құрылатын басқа да қорлардың
тізімі;
- банктің басқарма органдары, оны бақылау органы, олардың құрылымы,
құрылуы және қызмет ату тәртібі жайлы ереже;
- банкті тарату тәртібі.
Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және басқа да қорлар құрылады.
Жарғылық қор банктің міндеттемесін қамтамасыз етуінің негізі болып табылады да, ол акция шіғару немесе құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылады.
Алдын ала белгіленбеген шіғындар мен залалдарды жабу үшін банкте резервтік қор құрылады.Ол банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар есебінен жарғылық капиталының сомасының 25% көлеміне дейінгі мөлшерде құрылады және банктің басқкрмасының шешімі бойынша жұмсалады.

- Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру
- Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігінін арттыру
- Қазақстан Республикасындағы валюталы бақылаудың түсінігі, негізгі бағыттары және мақсаты
- Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері
- Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру,және халық жинақтарының динамикасы
- Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері
- Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Республикасындағы ақша – несие жүйесін талдау
- Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары