Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру,және халық жинақтарының динамикасы
«Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру,және халық жинақтарының динамикасы»
Кіріспе.......................
1.1.Депозит салымдар
және оның мәні................
1.2.Депозит және депозиттік
салымдарды сақтандыру жүйесі........................
II-тарау.
2.1.Қазақстанның бөлшек
депозит нарығы................
2.2Қазақстанның қаржы
2.3.Қордың 2010-2012 жылдарындағы стратегиялық
міндеттерін бағалау кестесі...
3.1. Халықтың 2010-2012жылдарындағы
ЕДБдағы банк депозиттері мен
міндетті күнтізбелік
3.2. Крістер мен шығыстар..........
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Мен бұл депозитті
сақтандыру: шетелдік және халық
жинақтарының динамикасы
1.1.Депозит салымдар және оның мәні
Депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – Банкке (соның ішінде Ұлттық банкке) олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшаға (депозиторға) қайтарылуы тиіс ақша сомасы.Банктік депозит – салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қоылып қайтарылу шарты негізінде берілген ақша қаражаттары.Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады: банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға; депозиттік операциялар әрекет етуі керек; банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялар мен қарыздырды беру бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет; депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді болып келеді: халықтың ақшалай табыстарының көлемі; олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі; салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі; елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әрбір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көптеген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшыны таныстырып, толық және ақысыз кеңес беруі тиіс.Ағымды операцияларды жүргізу барысында барлық операциялар депозиторға берілген жинақ кітапшасында есепке алынады. Кезекті операцияларда шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың төлеуінің жинақ салымдарын құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланылады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданылады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б. мақсаттарға. Әдетте ол халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бөлігін құрайды. Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификат болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшермен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды еңгізгендігін күәландыратын ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға және салымшының өзінде қалатыны, берілмейтіні болады. Ақшаны мерзімнің аяқталуымен тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуі мүмкін.Сонымен жинақ салымдарына (шоттарына) мынадай сипаттама беруге болады: ақша қаражаттарының сақталуының нақты белгіленген мерзімі болмайды; салымды кез келген уақытта хабарламай алуға болады; шотқа ақша қаражатын салу немесе алу кезеңінде жинақ кітапшасы депозиторымен ұсынылады. Ол кітапшада ақша қаражаттарының барлық қозғалысы көрініс табады. Жеке тұлғалармен ашылатын жинақ салымдарының мынадай түрлері бар: мерзімді жинақтаушы салым; қосымша толықтырылатын салым; ағымдағы жинақтаушы салым. Мерзімді жинақтаушы салым бойынша нақты мерзім белгіленеді немесе осы салымды шоттан алынатын мерзімі белгіленеді. Мерзімді жинақтаушы салым бойынша төленетін сыйақы мөлшері басқажинақтаушы салымдарымен салыстырғанда жоғары болып келеді. Қосымша толықтырылатын жинақтаушы салымы. Бұл шотқа алдынала келісілген ақша сомалары аударылып отырады. Жинақталған қаражат белгіленген күнде беріледі (жаңа жылда, мектеп бітірген кезде және т. б.). Ағымдағы сақтандыру салымы – негізінен жалақыны аудару үшін пайдаланылады. Бұл шот бойынша ақша қаражаттары келіп түсуі және аударылуы еркін жүзеге асады.
1.2. Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру жүйесі
Қазақстандық
салымшылардың коммерциялық
Қордың банктік
шоттары тек Ұлттық банкте ашылады.
Қордың ақшаларын орналастыру
1) Қор активтерінің 80 пайыздан
кем емес мөлшерінде
2) Ұлттық бнктегі салымдарға 10%-тен астам (депозиттерге)
Қор мына негізгі қызметтерді атқарады:
- қатысушы-банктің
еріксіз таратылуы жағдайында
оның салымшыларына (
- активтерді басқаратын;
- қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді;
- қор жарғысында қарастырылған және қазіргі ережелерге, сондай-ақ Ұлттық банктің басқа да құқықтық-нормативтік актілерінде қарастырылған басқа қызметтердіде атқарады.
Қор қызметтерін атқаруда мынадай құқықтарды иеленеді:
- Ұлттық банкпен ақпарат алмасу және жеке тұлғалардың, қатысушы-банктердің банктік құпияны құрайтын ақпараттардан басқа салымдардың (депозиттердің), міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісі болып табылатын салымдардың (депозиттердің) жалпы сомасы мен қаржылық жағдайы туралы мәліметтер алып отыруға;
- Ұлттық Банкке қатысушы банктердің қазіргі ережелер мен банктік заңдама талаптарын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;
- Қазіргі ережелер
мен бекітілген тәртіп бойынша
қатысушы-банкті жеке
- салымшылардан (депозиттарлық)
еріксіз таратылатын қатысушы
банктерден салымдар бойынша
төленетін өтемақы
- салымшыдан берілген
банктің салымшыларға қормен
өтемақы мөлшерінде еріксіз
- қатысушы банкті тарату
комиссиясының құрамына өз
- өз құзыретінің шегінде басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Өз қызметтерін жүзеге асыру барысында қор:
1. еріксіз таратылатын қатысушы банктерге регрестік талап қою құқығын иеленеді;
2. Ұлттық банкке өзінің
қызметі жайлы қаржылық есеп
беру, соның ішінде Ұлттық банк
анықтаған тәртіпте, формада, мерзімде
аудиторлық ұйым растаған
Қор басқармасының өкілеттілігі:
1. Банктерде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесіне енгізу туралы шешім қабылдау.
2. Қазіргі ережелерге
сәйкес қорға міндетті
3. Банк қатысушы-банктерді
инспекторлық тексеруден
4. Қатысушы-банкті жеке
тұлғалардың салымдарын
5. Қор активтерін Ұлттық
банкке келісім бойынша
6. Еріксіз таратылатын
қатысушы-банктердің салымдар
7. Агент-банкті иаңдайды.
8. Қор басқармасының төрағасын сайлау және Қордың лауазымды тұлғаларын тағайындау.
9. Қордың жыл сайынғы
кірістер мен шығыстар
10.Қазіргі ережелерге
сәйкес басқа да
Қордың лауазымды тұлғалары
мен қызметкерлері өз қызметтерінжүзеге
асыру барысында қатысушы-
Қатысу банктердің міндеттері:
1) Уақтылы және толық
көлемде міндетті күнтізбелік
және басқа да жарналарды Қор
басқармасының шешіміне сай
2) Мәліметтерді уақытында
және толықкөлемде Қорға
3) Еріксіз таратылған
қатысушы-банк туралы сот
4) Жеке тұлғалардың салымдарын
міндетті ұжымдық кепілдендіру
жүйесінің объектісі болып
5) Клиенттеріне өзінің
жеке тұлғалар салымдарын
6) Салымшылар алдындағы міндеттемелердің уақтылы және толық орындалмауын туғызатын жағдайлар жайында Қорды дереу хабардар ету.
7) Қорға еріксіз таратылу
жағдайындағы қатысу-
8) Қазіргі режелерге сәйкес
басқа да талаптарды орындау.
Банктер өтініш пен құжаттарды
бергеннен кейін міндетті
Банктер жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылып, қатысушыкуәлігі мына жағдайларда қайтарып алады:
- қатысушы-банкке
депозиттер қабылдауға жеке
- жыл
бойында бірнеше мәрте (екі
немесе одан да көп) Қорға
жарналарды кешіктіріп
- қазіргі ережелер
мен белгіленген басқа да
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылған жағдайда және оның қатысушы куәлігі қайтарылғаннан кейін қатысушы банк, банк реестірінен шығарылады. Қатысушы банкке жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылғандығы туралы Ұлттық банк осы шешімді қабылдағаннан кейін үш күн ішінде қайтарып беруге міндетті.Қор басқармасының қатысушы куәлігін беру немесе жеке тұлғалардың міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен банк қатысушы-банкті шығару туралы шешімі үш жұмыс күн ішінде республикалық баспа беттерінде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жариялануы тиіс.Банк-қатысушының әрбір салымщысына Қор келесі тәртіптегі салымдары бойынша өтем жүргізеді:
- 200 000 теңгеге дейінгі салымдар бойынша – 100 % сомасы қайтарылады;
- 200 мыңнан 400 мыңнан
теңгеге дейінгі салымдар
- 400 мыңнан 600 мың теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80 % + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 %;
- 600 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80% + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 % + 600 мың теңгеден асқан соманың 40%;
- 800 мыңнан 1 млн.теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80% + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 % + 600 мың теңгеден асқан соманың 40 % + 800 мың теңгеден асатын соманың 20%;
- 1 млн теңгеден астам сома бойынша 80 % 200 мың теңгеден + 60% 200 мың теңгеден + 40 % 200 мың теңгеден + 800 мың теңгеден асатын соманың 20 %;
- 60 % 200 мың теңгеден + 40 % 200 мың + 20 % 200 мың теңгеден + 1 млн теңгеден соманың 10 % мөлшерінде;
Бір салымшының салымдарының
барлығы қосылып бір салым
ретінде қарастырылады. Өтем ақы
теңгемен жүргізіледі. Шетел валютасындағы
салым сомасы сол салым орналастырылған
банк-қатысушының еріксіз
-халықтың ақшалай
-олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
-салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
-елдегі банктік жүйенің
даму деңгейі және ондағы
Салымшылар алдында өз
міндеттерін атқару үшін Қор Ұлттық
банктен, ҚР үкіметінен, басқа ұйымдардан
қарыз алуға құқығы бар немесе
Ұлттық банктің ресим қайта
1) Салымдар бойынша бойынша
толық көлемде өтемдері өтеу
үшін қатысушы-банктер
2) Алғашқыда қалыптастырылған
резервтік сомасы жеткіліксіз
болған жағдайда Қордың
3) Салымдарды өтеу үшін
резервтің алғашқы
Салымдарды өтеу үшін Қордың
қарызға алынған ақшалары, сондай-ақ
Қордың жарғылық капиталының
есебінен төленген өтелу
Жеке тұлғалардың барлық депозиттері
Кепілдендіруді қамтамасыз етудің максималдық көлемі 400 000 теңге 700 000 теңге
Кепілдендірудің қамтамасыз ету төлемі төленеді Депозиттік валютада Теңге бойынша
Кепілдендірудің қамтамасыздығының төленуінің басталуы сот шешімінің күшіне енуінен бастап 7 жұмыс күн ішінде сот шешімінің күшіне енуінен бастап 14 жұмыс күн ішінді
Кепілдендірудің қамтамасыз етілуінің төленуі банк-агент арқылы Төлем басталғаннан кейін 3 ай мерзім ішінде Төлем басталғаннан кейін 6 ай мерзім ішінде
Кепілдендірілген депозиттер бойынша сыйақының максималдық көлемі Қормен бекітіледі Қормен бекітілмейді (әр банк өз бетінше бекітеді)7 шілде 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозитті міндетті сақтандыру » заңы бойынша, депозиттік кепілдендірудің жүйесін жаңарту және салымшылар алдында кепілдендірудің тартымды түрлерін ұсыну туралы құқықтық негіз құрылды. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір салымшыға деген сақтандырудың максималдық көлемі 700 000 теңгені құрайды.Ал қазіргі уақытта жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемін сақтандыру деңгейі теңге бойынша 700 000 теңге, ал шетел валютасы бойынша 360 000 теңге немесе 90 пайыз мөлшерінде және депозит сомасының пайызы Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын 50% есебінде қайтарылу жағдайыменен қайта қаралып, бекітілді.
II-тарау
2.1.Қазақстанның бөлшек депозит нарығы
Сыртқы нарықтан ресурстарды тарту мүмкіндігінің болмауы ресурстық база ретінде ішкі депозиттердің әлеуетті тартымдылығын елеулі арттырды. Алайда, қорландырудың ішкі көздері дәстүрлі түрде барынша шектелген болуынабайланысты клиенттердің банк жүйесіне деген сенімін сақтау проблемасы өте көкейкесті болып қалып отыр.
Осы міндеттерді шешу мақсатында мемлекет жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемақы көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады, ол 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін бес миллион теңгені құрады. Кепілдік берілген өтемақы көлемінің көбеюіне байланысты ҚР Ұлттық Банкінің Қорды барабар қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында Қордың жарғылық капиталы 110 млрд. теңгеге дейін жеткізілді. Қабылданған дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қордың жарғылық капиталы бұдан әрі де жыл сайын 01.01.2012 қарсаңына дейін 10%-ға көбейтілетін болады. Бұл шаралар банктерге қатысты қоғамдағы үрейлі көңіл-күйдің алдын алуға мүмкіндік береді. 12
Экономикадағы және банк жүйесіндегі жағымсыз үрдіске қарамастан халықтың банк секторына деген сенімі жоғалған жоқ. Өткен жыл ішіндегі халықтың екінші деңгейдегі банктердегі салымының өсуі шамамен 29%-ды құрап, 2010 жылдың басында абсолюттік мәні 1,9 трлн. теңгеге жетті. 01.01.2010 қарсаңында салымдардың жиынтық көлемі 6 621 млрд. теңгені құрады, бұл 01.01.2007 мезетіндегі көрсеткіштен 2,5 есе көп1-кесте.
ЕДБ салымдарының өсіңкілігі (резидент еместердің шоттарын есепке алмағанда)
қаңт.07 |
қаңт.08 |
қан |
09 |
қаңт.10 | |||||||||||
ЕДБ-дағы салымдар (млрд. теңге), оның ішінде: |
2 630 |
3 384 |
5 256 |
6 621 | |||||||||||
ЕДБ-дағы жеке тұлғалардың салымдары (млрд. теңге) |
1 039 |
1 420 |
1 481 |
1 891 | |||||||||||
кезең ішіндегі %-дық өзгеріс |
77.3% |
36.7% |
4.3% |
27.7% | |||||||||||
ЕДБ-дағы заңды тұлғалардың салымдары (млрд. теңге) |
1 591 |
1 964 |
3 775 |
4 730 | |||||||||||
кезең ішіндегі %-дық өзгеріс |
108.5% |
23.4% |
92.2% |
25.3% | |||||||||||
Жалпы алғанда, қазақстан банктеріне жеке тұлғалар салған депозиттердің көлемі екі жыл ішінде 1/3 есеге өсті: дәлірек, 2008 жылы – 3% және 2009 ж. – 29% өсу қарқыны орын алды.
Ірі салымдар көлеміндегі өзгерістер 2009 жылы депозиттік негіздің өсуінің анықтаушы факторы болды, осы өсім 15 млн.теңгеден асады – 660 млрд. теңгеден 869 млрд. теңгеге дейін немесе 32%. Мерзімді депозиттердің көлемі 1-ден 5 млн теңгеге дейін – 87 млрд. теңгеге елеулі өсті. Одан басқа, жылдық өсім шамамен 65 млрд. теңгені құраған ағымдағы шоттардағы қалдық ақшалардың өсуі, сонымен қатар, талап еткенге дейін салымдар көлемінің 33 млрд.теңгеге өсуі маңызды роль атқарды. Кепілдік берілген өтемақы сомасы 2008 жылдың IV тоқсанынан бастап 5 млн. теңгеге дейін артқаннан кейін жеке тұлғалардың 5 млн теңгеге дейінгі мерзімді депозиттерінің жиынтық көлемі 489 млрд. теңгеден 580 млрд теңгеге дейін немесе 19%-ға өсті.
5 млн. теңгеге дейінгі сома шоттары барларды қоса алғанда ЕДБ-дағы жеке тұлғалардың шоттарының жалпы саны 99,8%-ды, ал мұндай депозиттердің мөлшері 45%-ды құрады.
Қордың болжамдары бойынша, ЕДБ-дағы жеке тұлғалардың депозиттік базасы шамалы қарқынмен ғана өсетін болады.
2.2.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ
НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛЫ ЖӘНЕ 2010-2012 ЖЫЛДАРДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Қазақстан экономикасына жалпы шолу
Алдыңғы екі жыл қазақстанның қаржылық секторы мен тұтастай экономика үшін ұзаққа созылған дағдарыс кезеңі болып табылды, ол әлемдік экономикадағы белсенділіктің баяулауы қаржылық және тауар нарықтарының тұрақсыздығымен, экономикалық өсу мен республикадағы ішкі сұраныстың азаюымен, негізгі экспорт тауарларына, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның құлдырауымен сипатталды.
Шикізат тауарларына әлемдік бағаның елеулі ауытқуы өтімділік тапшылығы жағдайын шиеленістіре түсті. Мысалы, 2008 жылғы шілдеде Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы шамамен 147 долларды құраса, ал 2008 жылдың аяғында мұнай бағасы 3,7 есе төмендеп, баррелдің бағасы бар болғаны шамамен 40 долларды құрады.
2009-2010 жылдар республиканың негізгі экспорт тауарларына бағаның біртіңдеп қалпына келуімен ерекшеленеді. Мемлекеттердің көпшілігі дағдарыстың салдарларымен күрес үшін қабылдаған қазыналық және монетарлық сипаттағы шаралары олардың экономикаларының 2009 жылдың екінші жартысында біршама жандануына алып келді. Көптеген дамушы елдердің өсуін қалпына келтіруде тауар нарықтарындағы бағаның, әсіресе энергия ресурстарына бағаның өсуі негізгі мәнге ие. Мысалы, 2010 жылдың сәуірінде мұнай баррелінің бағасы 85 доллардан асты және болжауларға сәйкес, шикізат тауарларына баға орта мерзімді келешекте сақталатын болады, бұл жақын келешекте Қазақстанның экспорттық түсімінің көбеюіне болжам жасауға мүмкіндік береді.
Шикізат тауарларына әлемдік бағаның өсуі, сонымен қатар Ұлттық банк 2009 жылдың басында жүргізген бір сәттік девальвация экономиканың экспорттық-бағытталған салаларын қолдады, яғни өткен жылдың 2-жартысынан бастап өндірістің қалпына келу динамикасын және қаржылық көрсеткіштердің жақсартылғанын көрсетеді.
Тұтастай, 2009 жылы ЖІӨ 1,2%-ды құрады. Экономиканың өсуін сақтауға мемлекеттік қолдаудың маңызды көлемі, сондай-ақ өткен жылдың екінші жартысынан бастап әлемдік тауар нарықтарындағы баға конъюктурасының жақсаруы ықпал етті.
Мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарлама және оның нәтижелері
Ағымдағы әлемдік дағдарыс Қазақстанның экономикасына бірнеше себептер бойынша елеулі әсер етті, олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

- Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері
- Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары
- Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар
- Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері
- Қазақстан республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылырдың салықтары мен ставкалары
- Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері
- Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру
- Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігінін арттыру
- Қазақстан Республикасындағы валюталы бақылаудың түсінігі, негізгі бағыттары және мақсаты
- Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері