Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігінін арттыру

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..................................................................................................4

           1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ

    1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мен мәні....................4
    2. Бюджет жүйесі туралы ұғым, функциялары............................................6
    3. Бюджет процесін ұйымдастыру, бюджеттік жіктеу..............................14

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ   ОРЫНДАЛУЫ. КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ.

    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі

 мен борышы....................................................................................................21

    1. Мемлекеттік бюджеттің реттеудегі фискальдық

 саясатының нұсқаулары  мен салықтардың әсері........................................22

    1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының

құрамы мен құрылымы...................................................................................23

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.

3.1 Қазақстан Республикасының  бюджетінің кемшіліктері……………..26

3.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігінін арттыру.....................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының  Үкіметінің 1998-2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында орта кезеңде мемлекеттік қаражатты жұмсаудың басым негіздері, ішкі және сыртқы борыш жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді мүлтіксіз орындау, жаңа берешектердің жинақталуына жол бермеу, әлеуметтік сипаттағы шығыстарды оңтайлы қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру реформасын қолдау және инвестициялық қызметті жандандыруға көмектесу болып табылатындығы көрсетілген.

Қазақстандық бюджет республикалық стратегиялық басымдықтарын  жүзеге асырудың негізгі құралы болып  келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қорғанысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтық- бюджеттік реформалардың негізгі бағыттарына салықтық өкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламалау тәсілдерін ендіру кіреді.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі, жаңа бюджеттік жіктеудің мазмұны баяндалған. Қазіргі кезде бюджет жүйесі өте күрделі және мемлекеттің өмір сүруінде өте маңызды механизм болып келеді, өйткені мемлекет, бюджет жүйесі арқылы өзінің алдына қойылған мақсаттарын және еліміздің экономикалық әлеуметтік жағдайын реттейді, сондықтан мемлекеттік бюджеттің өзектілігі арқашан да маңызды болып келеді. Аталған тақырыпты таңдаған себебім – мемлекеттік бюджет еліміздің өмір сүруінің басты қаржы көзі болып келеді, және оның жақсы білуі қаржы мамандығының басты басымдылығы болып келеді.

Курсттық жұмыстың бірінші бөлімінде  мемлекеттік бюджеттің жалпы  сипаттамасы және оның қалыптасу көздері туралы және бюджет процесін ұйымдастыру мен оны жіктеуі тіралы айтылған. Екінші бөлімде еліміздің мемлекеттік бюджетінің жалпы орындалуы, оның кірістері мен шығыстары туралы толығымен айтылған. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қазіргі кездегі жұмыс істеуі, оның артықшылықтары мен кемшіліктері және оны шешу  жолдары көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Бөлім. Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі

    1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мен мәні

Қоғамдық өнімді құндық бөлу процесінде мемлекеттің кәсіпорындарымен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастарының айрықша саласы құрылады. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілерге тән және олар қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байлансты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуы мен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде  объективтік сипатқа ие. Қоғамдық өндірісті жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді.

Қаражаттарды орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында  қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру  үшін және жалпы экономиканың тұрақты  жұмыс істеуін қамтамасыз ету  үшін қажет. Бүкіл қоғам ауқымында  әлеуметтік мәдени шараларды өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржылар қажет.

Сондықтан мемлекеттік  бюджеттің объективті қажеттілігі  ұдайы өндірістің қажеттерінен, мемлекеттің  табиғатынан туындайды.

Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат, экономиканың басты секторларында шоғырландырып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасады. Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Нақты объективті бөлініс қатынастарының формасы болғандықтан айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрініс табады.

Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің  қаржы категориясына тән сипаты бар: бюджет қатынастары бөліністік сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді.

Кез-келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған  лайықты материалдық-заттық көрініс  табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында- бюджет қорында заттанады.

Қоғамдық өнім мен  ұлттық табыстың құндық бөлінісінің  тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті  ұлғайту, халыққа әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті экономикалық формасы. Бюджет қоры болу және қайта бөлуге байланысты пайда болатын құн қозғалысының процесін көрсетеді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру, оны жоспарлау түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен кәсіпорындардың, мекемелердің, халықтың қоғамдық қоғамдық өндіріске қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді.

Бюджет экономикаға  бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Бюджет механизмі- мемлекеттің ақшалай  қаражаттарының орталықтандырылған қаржы  құру және пайдалану нысандары мен әдістерінің жиынтығы, мемлекеттік бюджет еліміздің негізгі қаржы жоспары ретінде Республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.

Мемлекеттік бюджет материалдық  өндіріс саласында оның өсуінің стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке және қоғамдық қорлар қамтамасыз ету үшін пайдаланады.

Өндірістен тыс салалардағы  мекемелердің қызметінің дамуының басты  көзі- бюджет қаржысы болып табылады. Бұл саладағы мекемелер мен ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттің шығындары- жалпы мемлекеттің ауқымдағы әлеуметтік- мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес салалар құрылымын ұлғайтуда бюджеттің маңызы орасан зор. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көмегімен қалыптастыруға, оны пайдалануға, аумақтық пропорцияға әсер етуге болады.

Бюджеттің құрылымы мынадай  бөлімдерден тұрады:

«Кірістер»- үкімет қарыздарынан түсетін түсімдерді және алынған  ресми трансферттерді қоспағанда, бюджетке түсетін барлық түсімдерді қамтиды.

«Алынған ресми трансферттер»- «кірістер» бөліміне енетін түссімдерді  қоспағанда, бюджетке түсетін барлық түсімдерді қамтиды.

«Шығыстар»- мемлекеттік  борышқа қызмет көрсету жөніндегі  шығыстарды қоса алғанда, бюджеттен жұмсалатын барлық шығыстарды қамтиды., бұған несие беру және мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу бойынша бюджеттен төленетін төлемдер кірмейді;

«Несие беру, оның өтелуін  шегеріп тастау»-несие беру бойынша  бюджеттен төленетін төлемдер мен бұрын бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен түсімдерді қамтиды және таза несие беруді көрсетеді;

«Бюджет тапшылығы (профицитті)»- «кірістер» және  «Алынған ресми  трансферттер (гранттар)» бөлімдерінің жалпы жиыны мен «шығыстар» және «несие беру, оның өтелуін шегеріп тастау» бөлімдерінің жалпы жиыны арасындағы айырманы құрайды.

«Бюджет тапшылығы, (профицитін) қаржыландыру»- Үкімет қарыздары боойынша бюджетке түсетін түсімдер мен мемлекеттік  борыштың негізгі сомасын өтеу жөніндегі  қаражатты қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.  Бюджет жүйесі туралы ұғым, функциялары

 Бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген өз алдына жеке бюджеттің жиынтығы. 

Бюджет құрылысы дегеніміз- бюджет жүйесін құрудың принциптері, оның буындарын өзара байланыстырудың ұйымдық формалары.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі түрлі деңгейдегі бюджеттің  экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесі болып табылады. Бюджет жүйесінің құрылымы елдің ұлттық мемлекеттік құрылымымен анықталады.

Қазақстан Республикасының  ата заңында республикамыздың бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттерден құралатыны анықталған. Сондай-ақ республика аумағында қаржы, салық, ақша-несие, валюта және баға саясаты жүргізіледі; біріңғай салық қызметі жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:

  • республикалық бюджет
  • жергілікті бюджеттер, соның ішінде,
  • облыстық, қалалық бюджеттері, аудандық бюджеттері және арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттері.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет: Бюджет жүйесінің жіктелуі

Қаржы жылына арналған республикалық  бюджет- Қазақстан Республикасының  заңымен, жергілікті бюджеттер тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. Қаржы жылына арналған бюджеттен тыс қорлар мен арнайы экономикалық аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму қорларының бюджеттері осы қорлар туралы заңдарға сәйкес бекітіледі.

Қазақстан Республикасының бюджетінің құрылысы республикалық бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, толықтылығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі принциптеріне негізделеді.

Бюджет жүйесінің бірлігі  біріңғай құқықтық негіз, біріңғай бюджеттік жіктеуді пайдалану, бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасының бірлігі, ақша жүйесінің бірлігі арқылы қамтамасыз етіледі. Ол барлық деңгейдегі бюджеттердің кірістерді қайта бөлу, нысаналы бюджеттік қорлар құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы өзара іс-қимыл жасауына негізделген.

Бюджет жүйесінің біртұтастығы реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құрып, оларды ішінара бөлу арқылы жүзеге асырылады.

Бюджеттердің дербестігін  бюджет жүйесінің барлық буындарының заңмен бекітілген кіріс көздері республика заңдары белгілеген өкілеттіктер шеңберінде тиісті өкімет органдарының шешімдерімен қамтамасыз етіледі.

Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңестірілуі бюджет қаржы саясатының басты шарты, депутаттардың маслихат-жиналысында бюджеттер қаралып, бекітілген кезде бюджет тапшылығының шекті мөлшері белгіленеді. Бюджеттік тапшылық дегеніміз- үкіметтің қарызға алған сомаларын қоспағанда шығыстар көлемінің және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген несиелердің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуі. Республикалық бюджеттің құрамында бекітілген тапшылық мөлшері ұлттық валюта мен жалпы ішкі өнімге шаққандағы проценттермен көрсетіледі.

Республикалық бюджет негізінен  жалпы мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгіленетін жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан

Республикасының Парламенті палаталарының  бірлескен отырысында есепті жылдың 15 желтоқсанында кешіктірілмей бекітілуі  керек.

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылына арналған мемлекеттік бюджеттің  кірістері мен шығындары

 

 

 

 

Атауы

Млн. тенге

1. КІРІСТЕР

5 813 003,50

2. ШЫҒЫНДАР

6 268 972,00

3. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ

28 588,00

4. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

405 752,20

5. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

-890 308,70

6. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)

890 308,70


1-кесте: 2012 жылғы мемлекеттік бюджетінің кірістері мен шығындары.

 

Жергілікті бюджеттер  тиісті депутаттардың маслихатында қаралып бекітіледі.

Қазіргі таңда сан  алуан деңгейдегі бюджеттердің тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктері әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы кіріс базасын таратуда өкілеттің республикалық органдарының рөлі мен орны, жергілікті бюджеттер кірістерінің қаржылық теңестірілуінің дәйектері мен ұғымдары, қаржылық қолданудың бөлінуі, шығындарды қаржылау бюджеттерінің арасындағы ара-жіктер көрініс табуы тиіс.

Бюджет дегеніміз - мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асырылуына арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзге де кіріс көздерінің және түсімдерінің есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры. Мемлекеттік бюджетте мынадай көрсеткіштер көрініс табады:

1) мемлекеттің экономикалық  және қаржы тұрғысының мақсаттарының  өзара іс-қимылы;

2) түрлі деңгейдегі  бюджеттердің өзара іс-қимылы  және экономиканың әр-түрлі секторларымен бюджеттердің өзара іс-қимылы;

3) салық-фискальдық құрамдарға жетілдіру;

4) бюджеттен тыс қорларға  бөлінетін қаржының көздері мен  мөлшері;

5) бюджетке келіп түсетін  кірістердің және бюджеттен   жұмсалатын шығыстардың құрылымы  мен мөлшері;

6) жергілікті бюджеттердің теңдестірілуі;

7) мемлекеттік борыштың  өтелуін және мемлекеттің қаржы  операцияларын жасайтын ықпалын  ескере отырып, оның жай күйі  мен серпінділігін бағалау.

Жергілікті бюджеттен  жергілікті бағдарламалар мен шараларды  қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджет арқылы жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шаралардың бір бөлігін іске асыруға жол беріледі.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік аумақтық бөліністер аумағында арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істейтінін ескере отырып, өз аумағының бюджетін дербес жасайды және атқарады. Жергілікті өкілді органдар алдағы қаржы жылына арналған бюджетті және өткен қаржы жылының тиісті жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы есепті қарап бекітеді.

Арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерін арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдарда және Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» ережеде белгіленген тәртіп пен ережелер бойынша қаралады, бекітіледі және атқарылады.

Облыстық бюджеттің  және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінің арасындағы жалпы мемлекеттік салықтардың алымдар мен төлемдердің ара-жігін анықтауды жергілікті атқарушы органдар белгілеп, тиісті өкілді органдар қарайды және бекітеді.

Республика облыстарына  бөлінетін трансферттің көлемі мынадай мәліметтермен сипатталады.

Бюджет жүйесі туралы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланады:

Бюджет- мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген  салықтар мен өзге ден кіріс көздерінің және түсімдердің есебінен құрылатын орталықтандырылатын ақша қоры;

Бюджет жіктелуі- функционалдық, ведомсволық және экономикалық сипаттама  бойынша бюджетке түсетін түсімдері  мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың  топталуы;

Бюджет құрылысы- бюджет жүйесінің, оның құрылу принциптерінің ұйымдастырылуы;

Бюджет процесі- мемлекеттің  өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық деңгейдегң бюджетті жасау, қарау, атқарылуын бақылау және олардың  атқарылуы туралы есептерді бекіту жөніндегі заң арқылы регламенттелген  қызметі.

Мемлекеттік бюджет- республикалық  және жергілікті бюджеттің бірінің- бірі арасындағы өзара өтілетін операциялары есепке алынбайтын жиынтығы;

Мемлекеттік кепілдіктер- Қазақстан Республикасының қарыз  алушы өзінен алынатын соманы белгіленген  мерзімде төлемеген жағдайда несие беруші алдындағы берешекті ішінара немесе толық өтеу жөніндегі міндеттемесі;

Мемлекеттік займдар- Қазақстан  Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық банкі арқылы Қазақстан Республикасы заем алушы болатын заем қатынастары;

Мемлекеттік қарз алу- шарт немесе бағалы қағаздар түрінде көрсетілген мемлекеттік заемды тарту, игеру және өтеу процесі;

Мемлекеттік борыш- белгіленген  мерзімде игерілмеген және өтелмеген  мемлекеттік заемдар сомасы.

Мемлекеттік кепілдік берілген борыш- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар, белгілі-бір мерзімде игерілген және өтелмеген заемдар сомасы;

Мемлекеттік шот- мемлекеттің  барлық деңгейдегі бюджеттің және бюджеттен  тыс барлық қорлардың шоттардағы қаржы ресурстарын есепке алу  тәртібі;

Бюджет тапшылығы- үкіметтің қарызға алған сомаларын қоспағанда, шығыстар және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген несиелердің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуі. Республикалық бюджеттің құрамында бекітілген тапшылық мөлшері ұлттық валютамен және ішкі өнімге шаққандағы проценттермен көрсетіледі.

Бюджет кірістері- салық  және салық емес түсімдермен алымдардың, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде  келіп түсетін капиталмен жасалатын  операциялардан түсетін кірістердің  көлемі;

Мемлекеттің біріктірілген қаржы балансы- дербес жұмыс істейтін республикалық және жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың бірінің-бірі арасындағы өзара өтілетін операциялары есепке алынбайтын ақша қаражатының жиынтығы;

Жергілікті бюджеттер- облыстың, қалалық, бюджеттер, аудандардың бюджеттері және экономикалық аймақтардың бюджеттері,

Мемлекеттік борышқа  қызмет көрсету- мемлекеттік борыш  бойынша проценттерді, сақтандырушылық  байланысты жиынтық төлемдер;

Ресми трансферттер- тегін  және қайтарылмайтын болып түсетін  түсімдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар;

Бағдарламалар мен кіші бағдарламалар- белгілі-бір міндеттер  атқару үшін ұйымдар жүзеге асыратын шаралар кешенін білдіретін шығыстардың  жұмыс істеу сипаттамасының ұғымы. Бағдарлама шаралар кешенінің құрамдас бөліктері немесе нақты шаралар болып табылатын кіші бағдарламаға бөлінуі мүмкін;

Бюджет принципі- бюджетке келіп түсетін кірістер мен ресми  трангсферттер түсімдері жалпы  сомасының жалпы шығыстар көлемінен  және қайтарымды негізде бөлінетін  несиелерден асып түсуі. Республикалық бюджет профицитінің мөлшері ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге шаққандағы проценттермен есептеледі;

Бюджет шығыстары- бекітілген бюджет шегінде бюджеттен қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражат;

Резервтік қор- бір жолғы  сипаттағы тосын шығындарды қаржыландыру үшін бюджет қаражаты есебінен құрылатын қор, соның ішінде республикалық бюджеттегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға арнап орталықтандырылған қаражат;

Секвестр- заңдармен белгіленген  тәртіп бойынша бюджет шығыстарының бекітілген шекті пропорциялы түрде, белгілі-бір проценттерге шағып қысқарту;

Ерекшелік- бюджет қаражатын  жұмсаудың экономикалық сипаттамасын айқындайтын көрсеткіш;

Субвенциялар- нысаналы шығындарды немесе нысаналы бағдарламаларды  жүзеге асыру үшін төменгі бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерден бекітілген сомалар шегінде алатын ресми трансферттері;

Субсидиялар- бюджеттен  нысаналы шығыстарды қаржыландыру үшін ұйымдарға бекітілген сомалар шегінде  бөлінетін трансферттік төлемдер;

Есепті кезең- жаңа қаржы жылына енбейтін кезең, бұл кезең ішінде өткен қаржы жылында бекітілген қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген бюджеттік шығыстар бойынша қортынды операциялар жүргізіледі. Есепті кезеңнің ұзақтығын Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі белгілейді.

Қаржы жылы- күнтізбелік жылдың 1-қаңтарында басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын тұрақты бюджеттік есепке алу кезеңі. Қаржы жылына есепті кезең енбейді.

Функционалдық топ- жалпы  мемлекеттік міндеттерді орындау  мақсатымен бюджнеттен жұмсалатын төлемдер тобы;

Нысаналы қорлар- бюджеттің кіріс және шығыс бөліктеріне енгізілетін және арнайы белгіленген кірістер көздерінің есебінен қалыптастырылатын қорлар, олар нысаналы мақсат бойынша жұмсалады;

Таза несие беру- берілген және өтелген несиелердің жалпы  сомасы арасындағы айырма.

Бюджетке қатысты алғанда  функция осы экономикалық категорияға  тән қызмет ауқымын, оның мәнінің  іс-қимылдағы көрінуі, категорияға  тән қасиеттердің өзіндік бейнелеу тәсілдерін білдіреді. Функцияда категорияның қызметі бейнелейді, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Мемлекеттік бюджет бөлу және бақылау сияқты екі қызмет атқарады. Бөлу функциясының көмегімен қоғамдық жиынтық өнім және оның маңызды бөлігі- ұлттық табыстың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді. Орталықтандырылған қаражат қоры құрылып мемлекеттің тікелей қатысуымен қоғамдық қажеттерді өтеуге арналады.

Бақылау функциясы мемлекеттің  орталықтандырылған қаржы ресурстарын  толығымен қалыптасуына, тиімді қолдануына арналымды түрде пайдалануына бақылау  жасауына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджеттің бөлу және бақылау қызметі қоғамдық өнімнің алғашқы бөлігі мен қайта бөлуінде қатысумен қоғамдық қажеттерді өтеуге арналады.

Бақылау функциясы мемлекеттің  орталықтандырылған қаржы ресурстарын  толығымен қалыптасуына, тиімді қолдануына, арналымды түрде пайдалануына бақылау жасауына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджеттің  бөлу және бақылау қызметі қоғамдық өнімнің алғашқы бөлісі мен қайта  бөлуінде қатысуы біркелкі, олар бюджеттік  қатынастың тығыз байланысы екі  шетін көрсетеді.

Бюджеттік бөлу қызметі  аумақаралық, салааралық, сала ішіндегі, шаруашылық ішіндегі, өндірістік және өндірістік емес экономиканың секторларының арасындағы бөлікті қамтиды.

Аумақаралық бөлік салықтар мен түсімдердің әр деңгейдегі бюджет реттеуінің әр- түрлі түрлерін қолдану  арқылы жүргізіледі. Бұл бөліс әр деңгейдегі әкімшілік- басқару органдарының әлеуметтік- экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджет экономиканың секторларының арасындағы ұлттық табысты  бөлудің бірден-бір негізгі құралы боллып табылады. Бөлудің осы түрлерінің арқасында барлық экономикалық өлшемдік үйлестікте дамуына қол жеткізіледі. Мұның өзі республика өндірісін дамыту үшін, сонымен қатар артта қалған аймақтардағы экономика мен әлеуметтік тұрмыстың инфрақұрылымын көтеру үшін өте маңызды.

Демек, бөлу қызметі арқылы бюджет белгілі-бір қоғам қызметтерін  қанағаттандыру нәтижесінде қоғамдық өндіріске қатысушылардың барлығының экономикалық мүдделері, олардың қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі мен нақты еңбегі үшін ескеріле отырып қанағаттандырылуға тиіс.

Бюджеттің бақылау функциясының негізіне- бюджеттік қорлардың қозғалысы, бюджеттік түсімдер мен шығын  арналымдарының көрсеткіштері жатады. Өндірістік емес салалардағы мекемелер  мен ұйымдардың бюджеттен бөлінген қаражаттарды дұрыс пайдалануын бақылауға олардың қызметінің барлық жақтарын қаржы жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын, мақсатты түрде қаржы ресурстарын қолдануын қамтиды.

Қазіргі жағдайда бюджеттің  бақылау функциясының өзгеріп, қаржылық есептеудің автоматтандыру жүйесі дамып, компьютер жүйелері іске қосылып одан әрі дамытып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.  Бюджет процесін ұйымдастыру, бюджеттік жіктеу

Бюджет процесі- мемлекеттің  өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық деңгейдегі бюджеттерді  жасау, қарау, бекіту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың туралы есептерді бекіту жөніндегі заң арқылы регламенттелген қызметі.

Бюджет процесінің құрамдас бөлігі әр-түрлі деңгейдегі бюджеттер  арасындағы қаржы ресурстарын ішінара  қайта бөлініске салатын бюджеттік реттеу.

Бюджеттердің жобаларын  құрудан бұрын республиканың  әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары, бюджеттің ағымдағы атқарушының  талдау көрсеткіштері мемлекеттің  біріктірілген қаржы балансының жобасы әзірленеді.

Алдағы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының жобасы мақұлданғаннан кейін Үкімет қаулы қабылдап, онда бюджет қаражаты есебінен ұсталатын орталық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың бюджет жобасын қалыптастыру және оны қаржы министрлігіне табыс ету тәртібін, мерзімін белгілейді.Республикалық бюджет бойынша оны құрау кезеңі ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей Парламенттің талқылауына табыс етіледі.

Республикалық бюджетті бекіту және бюджетке өзгерістер мен  толықтырулар енгізу әуелі мәжілісте, содан кейін санатта мұқият талқылағаннан кейін палаталардың бірлескен отырысында шешіледі.

Талқылау қаржы министрлігінің баяндамасынан, экономика министрлігі  мен Ұлттық банкінің төрағасының, мәжіліс  пен сенаттың қорытынды жасаған баяндамасынан басталады.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет парламент  палаталарының бірлескен отырысында есепті жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірілмей  бекітіледі.

Егер Парламент кезекті  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде бекітпесе, Президент «Алдағы қаржы жылының 1 тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы» жарлық шығарды да, ол жарлық Парламент республикалық бюджетті бекіткенге дейін қабылданады.

Тиісті маслихаттар  алдағы қаржылық жылға арналған жергілікті бюджетті бекіткенге дейін 1 тоқсанының бюджетін атқару алдағы қаржылық жылға арналған жылдың бюджет жобасының 114 бөлігі мөлшерінде жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің  атқарылуын Қазақстан Республикасы Үкіметі ұйымдастырады. Тиісті әкімшілік аймақтық бюджеттің атқарылуын, бюджет қаржыларының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.

Бюджеттен бөлінетін  қаржы шығыстарының сметалардың  жасаудың, оларды бекітудің дұрыстығы  үшін және бюджет қаражатын тиімді әрі нысаналы пайдалануына бақылау жасауды қаржы министірлігі және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігінін арттыру