Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері



МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..........................................................................................................3

1 ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ

1.1 Қаржы активтеріндегі баға белгілеу үлгілердің капитал нарығында алатын орны............................................................................................................5

1.2 Баға белгілеудің  капитал нарығында қолдану шарттары................................................................................................................13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КАПИТАЛ НАРЫҒЫНДА ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің негізгі туындаған мәселелері............................................................................................17

2.2 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері...............................................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикада барлық табыстар ақшалай түрде жүргізіліп, өндіріс факторы бағасымен органикалық байланыста болады. Бұл бағаға нарықтың күштер кәдімдігідей әсер етеді: сұраным мен ұсыным ара-қатынасына; бәсеке мен монополия.Енді осы табыстардың түсуі мен бөліну механизмін толығырақ қарастырамыз.

Табыстардың негізгі түсу көздері мыналар:

а) жұмыскерлердің еңбек табысы- (жалақы,сыйақы және т.б);

ә) кәсіпкерлік табыстар (пайда)

б) меншік табыстары (салымнан алынатын проценттер, рента және т.б)

в) еңбек салымына байланыссыз түсетін әлеуметтік табыстар (мемлекеттен түсетін трансферттік төлемдер- жұмыссыздарға жәрдем ақы, әлеуметтік қамсыздандыру төлемі және т.б)

  Нарықтық қатынастарға көшкен елдерде осы табыстардың барлығы екі үлкен топқа бөлшектенеді:

а) кәсіпкерлік қызметтен (жалақы мен пайда) және еңбектен түскен табыс;

ә) заңды негізге алынған еңбексіз табыстар, оған жататындар: дивиденттер, банктегі салым пайызы, меншіктен табыс, оның ішінде арендаға өткізілген жылжымайтын мүліктен және еңбек шығынымен байланыссыз мемлекеттен алынатын жәрдем ақы мен төлемдер (зейнет ақы, стипендия, жұмыссызға және көп балалы отбасына жәрдем ақы) [1].

Құрстық жұмыстың өзектілігі: Нарықтық жағдайдағы қызметкердің пайдасы мен оны пайдалану және әлеуметтік қамсыздандыру жағдайының маңыздылығын көрсету.

Қурстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі уақытты қызметкердің  табысы мен жалақыдан тыс экономикалық пайдасы және әлеуметтік қамсыздандыру денгейі.

Курстық жұмыстың міндеті: Сыйақы мен еңбекақы мөлшері және әлеуметтік көмек жағдайы туралы толық мәлімет беру.

 

 

 

Курстық жұмыстың құрылымы: Жалпы курстық жұмыс кіріспеден,екі бөлімен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Бірінші бөлімінде жалпы қызметкердің табысы мен оның түрлері туралы талдау жұмысы көрсетілген, ал екінші бөлімінде кәсіпорындағы қызметкерлермен сыйақы мен еңбкеақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу жүйесі талқыланады.Сондай-ақ жалпы қызметкердің экономикалық пайдасы мен әлеуметтік қамсыздандыру жағдайы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНДЕГІ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ

1.1 Қаржы активтеріндегі баға белгілеу үлгілердің капитал нарығында алатын орны

Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ пайда болуы, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.

Баланс ұйымдар меншігіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелерді белгілі бір мерзімге қарай жинақтап көрсетуді қамтамасыз етеді.

Баланс бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын тәсілдегі элементтердің бірі. Біріншісі – актив, екіншісі – пассив. Әр түрлі көздерден алынған қаржылық активтер 2 үлкен топтан тұрады : ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер. Өндірістік процесте бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын активтерді ұзақ мерзімді, ал бір жыл ішінде пайдаланылатын және ақшаға айналатын активтерді ағымдағы акивтер деп атайды.

Ұзақ мерзімді активтерге материалдық емес активтер, негізгі құралдар, тауарлы – материалдық қорлар, дебиторлық қарыздар және ақша қаражаттары жатады.

Материалдық емес активтер – бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.

Материалдық емес активтер – нақты табиғи нысаны жоқ, сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.

Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамcыздандырулар, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және тағы басқалар жатады[2].

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Өндірістік емес құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй, коммуналдық, шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.

Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындардан тұрады.

Ағымды құн- бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн- бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

Сату (өткізу) құны- бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны- тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.

Амортизацияланған құн- негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады.

"ТМҚ кәсіпорынның едәуір маңызды активтерінің бірі және түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Қорларды есепке алудағы басты мәселелердің бірі актив ретінде тануға және келесі кезеңдерде тиісті түсім танылғанға дейін ауыстыруға жататын шығындардың көлемін айқындау болып табылады. Есепке алу жүйесі қорларды сатып алуға жұмсалған шығындар мен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды бөліп көрсетуге, яғни шығыс құрамасы ретінде қорлардың дайындалу процесінің аяқталатын және кәсіпорын қызметінің мәні болып табылатын өндіріс процесінен басталатын шекарасын айқындауға тиіс.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

1.Дайындалған, келіп түскен, босатылған материалдарды  уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.

2..Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.

3.Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.

4.Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.

5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.

6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және  олардың  жоспарлы  есептеу  бағасынан  айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар кұнын әр объектінің шығынына қосу.

Тауарлы – материалдық босалқылар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар,сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, және басқа материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім тауарлар[3].

Материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады:босалқыларды дер кезінде есепке алу; сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау;  босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік дайындау шығындары дайындалған қорлардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; өндірістік дайындау шығындарын өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және  дұрыс болуын бақылау ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында  субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары  мен  қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Материалдардың  түгел  және  дұрыс  сақталынуы  және  ұтымды  пайдалануы,   жұмсауы  үшін  алдын- ала  мыналарды  жасауы  тиіс:

1. Тиісті түрде жабдықталған  материалдық  қорларды  сақтайтын  қойма  немесе  бөлме  болуы  қажет және  бөлмелердің  әр  қайсысы  материалдардың  белгілі  бір  түрін  сақтауға  арналған  болуы  керек;              

2. Материалдар  қойманың  әр  бөлігінде  өздерінің  түрлері,  сорттары,  өнімдері  бойынша  керекті  кезінде  тез  алуға  және  босатқаннан  кейінгі    кезде  қалдығын  тексеруді  қамтамасыз   етіп,  орналастыруы  керек.

Материалдарға  жауапты  адамның  жұмысқа  алынуы,  жұмыстан  босатылуы  алдын- ала  келісуі  қажет.

Материалдарды  кіріске  алу  және  қоймадан  босату  жұмыстарына  қол  қою  құндылығына  ие  болған  қызмет  иелерінің  тізімін  белгілеу  де  субъекті  басшысының  немесе  ол  сенім  білдірген  адамның  жұмысы  болып  табылады.

Ақша қаражаттары. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінең тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттармен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардын арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле контрак (келісімшарт) бойынша шарттар түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен алатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпке орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек [4].

Ақша қаражаттын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын алады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспендеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операциялар түрлерін жүзеге асырады. Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай – ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады. Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма – қол ақшаны аударуды, төлем тапсырманы ұсынуды, чектерді беруді, вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді, төлем карточкасын пайдалануды, тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды, тапсырма – талап төлемдерін ұсынуды, инкассалық жарлығын ұсынуды, республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма, чек, вексель, тапсырма-талап төлемдері, кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады. Төлеші мен алушылар өзара есеп айрысу нысандарын келісім – шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады [5].

Дебиторлық борыш дегеніміз - белгілі бір қарым қатынасқа  байланысты заңды  және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай - ақ  жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден  аванс ретінде  алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен  материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Яғни осы субъектіге  берешек борышы  бар кәсіпорындар мен  ұйымдар, сондай – ақ және тұлғалар болып табылады.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір  жыл  ішінде  алынатын дебитор  лық борыштар  ағымдағы активтер қатарына есептелінеді. Олардың қатарына  жататындар:

-   ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық төлем;

-   тапсырылған  шоттар бойынша  алынуға тиісті   борыштар;

-   вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

-  кегізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі  арасындағы        түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

-  акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық борышы;

-   басқадай дебиторлық борыштар;

Дебиторлық қарыздар кірістермен байланысты айқындалады: өнімдердің реализациясы , тауарлардың өндірісі заңды тұлғалардың келісім шарттары негізінде өндіріледі.

Келісім шарттарда ақшалай жеңілдіктер туралы қарстыру керек.

Товарды сыртқа шығару счет – фактура және накладная құжаттарымен анықталады.

Сатып алушылардан дебиторлық қарыздары сомасы, бойынша бухгалтрлік құжаттарда есептеледі.

Сатушы мен сатып алушылардың есептесуі қолма-қол  және қолма қолсыз  түрде жүреді. Күмән келтіретін талаптар резервтері дебиторлық қарыздардың күмән келтіретін талаптары ЖШС   егер толық соманы қайтара алмаса жүзеге асырылады. Күмән келтіретін талаптар резерві  дебиторлық қарыздардың интерверизациясы нәтижесінде пайда болады

Қазақстан   Республикасы  Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі  Ұлттық   комиссиясының 1996 жылғы №2 «қаржылық есепті дайындау мен үсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы» -еп аталатын қаулысына сәйкес  «Дебиторлық  борыш иелік ету  құқықтарымен қоса, заңды құқықтарына  байланысты  актив  болып » – иелік  ету құқығын  қосқандағы заңды  құқықтарымен  байланысты активте қамтылған  болашақтан  экономикалық  тиімділік болып  табылады. Дебиторлық  берешек үш топқа бөлінеді: алынуға  тиісті шотта , алынған вексельдер  және басқалар[6].

Алынуға тиісті шоттарға;  ақшалай  қаражатқа, тауарға  көрсеткен  қызметке және  субъектілердің  ақшалай емес  активтеріне  деген  тілеп -  талаптары  кіреді . Дебиторлық  берешек алынуға тиісті  шоттарды төлеу  мерзіміне  немесе  борышты  өтеу  кетілетін күніне  қарай  ағымдық  және ұзақ мерзімді болады . Әдетте дебиторлық берешек шот – фактуралармен  расталады . «Алынған  вексельдер бабы  ресми борыштық  міндеттемелермен  расталады».

Мерзімде төленбеген  дебиторлық  берешек  ақталмайтын  болып саналады.  Ол  есеп  және қаржы тәртібін  бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік, тауарлық-матермалдық қорларды жіберуді  бақылаудағы  босансулар салдарынан пайда  болады.  Қазақстан   Республикасындағы  барлық  шаруашылық  субъектілеріндегі  табысты  есептеу тәсілімен айқындайтындықтан, күдікті  борыштар  бойынша  резерв  құру  қажеттілігі  туады . Олар тәуекел қоры  болып табылады, сол  немесе басқа  борыштың  өтелмей  қалуынан сақтандырады . Бухгалтерлік  баланста дебиторлық  берешек  күмәнді  борыштар  бойынша  резервті  есептен шығару  үшін  көрсетіледі. Күмәнді борыштар бойынша резерв  құру тәртібі  «табыс »  5  бухгалтерлік есеп стандарттарымен  және оған   «күмәнді  борыштар бойынша  резерв құру  тәртібі»  атты   әдістемелік  ұсыныстармен реттеледі.  Күмәнді  борыштар   бойынша резерв  есепті  кезен соңында  өткізілген дебиторлық  берешекті  түгендеу  қорытындылары   негізінде құрылады.  Күмәнді  борыштарды  бағалау  жөнінде екі тәсіл  бар: өткізу, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет  көлемінің  процент  тәсілі  , төлеу мерзімі  бойынша  шоттарды  есептеу  тәсілі.

1.2 Баға белгілеудің  капитал нарығында қолдану шарттары

Нарық пен баға ажырамайтын ұғымдар. Олардың бір қалыпты «өмір сүру ортасы» - нарықсыз – баға өзінің экономикалық мазмұнын жоғалтады, экономикалық байланыстарды пәрменді түрде реттеуші мүмкіндігінен айырылады.

Бағаның өз міндеттерін атқаруы – қоғамдық еңбек шығындарын жалғастыруы, айырбастың эквиваленттігін, өндірісті ынталандыру, сұраным мен ұсынымның арақатынасын реттеуі, нарықтағы тепе-теңдікке жетуі үшін – олар белгіленген бір дәрежеде икемді болуға және өздерін айқындайтын жағдайлармен бірге өзгеріп отыруы тиіс.

   Бағаның төмендеуі және өсуі тек қана құн заңының әрекетімен шақырып қоймайды, сонымен бірге сұраным мен ұсыныш заңының әрекетінен де тәуелді болады. Бірақ бұл тәуелділіктің сипаты өзгеше болады. Егер бірінші жағдайда баға динамикасының негізінде құнның қозғалысы жатса, ал екіншісінде – бағаның одан ауытқуы тұр.

2.      Нарық жағдайындағы баға құру стратегиясы.

Нарықтық баға ұсыну бағасынан төмен түсе алмайды, әйтпесе өндіріс пен өткізу тиімсіз болады. Неғұрлым бұл баға төменболса, соғұрлым аз тауар түседі, себебі көптеген өндірушілердің өндіру, бөлу және өткізу шығындары ол бағадан жоғары болады, сөйтіп тауар өндіруді тиімсіз қылады. Ұсыным бағасының өсуіне қарай өндірушілердің саны да нарыққа жеткізілетін тауардың көлемі де ұлғаяды [ 7].

  Қ.Р -ң экономиканы тұрақтандыру және нарыққа көшу кезеңіне арналған «Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» 1993 жылы халыққа сатылатын энергия көздерінің , темір жолдың, жүк және жолдаушылар тасымалдың бағдарламасы. Бағаны мемлекеттік реттеудің заңдар, жарлықтар, қаулылар түріндегіқұқықтық негізі жасалған.      

 

 

Бағаға әсер ететін факторлар

Фирма баға стратегиясын таңдау үшін оған қандай факторлар әсер ететінін  біле отырып,  оларды талдауы қажет. Көбінесе ол сыртқы  себептерден болады. Бағаға әсер ететін негізгі факторлар: шығындар, тұтынушылар, таар қозғалысына  қатынасушылар, бәсекелестер және мемлекет. Осы факторларға қысқаша тоқталайық.

1.      Шығындар түпкі бағаға аса қатты әсер етеді. Шығындар көлемі шикізат сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге , транспортқа, қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаражатқа байланысты. Бұл шығындар бағаны белгілеу кезеңінде есепке алынып, бағадағы пайданың үлесіне қарай баға деңгейіне белгіленеді. Баға деңгейі тұрақты болғанда, іс жүзіндегі шығындар  көлемінің өзгерісі пайданың әрқалай түсуін белгілейді.

2.      Тұтынушылар. Баға және сату көлемінің өзара тәуелдігінің екі себеппен түсіндіруге болады. Бірінші сұраныс пен ұсыныс заңынын әрекеті және баға икемділігі; екіншісі әртүрлі рынок сегменттері тұтынушылырының бағаға деген жауап әрекеті.

Бағаны қабылдау және тауарды сатып алу бағына қарай тұтынушыларды төрт топқа бөлуге болады:

      үнемдегі сатып алушылар тобы- бұл топтағы тұтынушылар тауар бағасына, сапасына, түр-түріне, яғни ассортиментіне көп көңіл бөледі және осы тұтынушыларға жарнама қатты әсер етеді;

      дербестендірілген сатып алушылар – бұлар тауар бейнесіне сатушылардың қызмет көрсету днңгейіне көңіл бөледі;

      этикалық сатып алушылар –  өздерінің сатып алуымен кішігірім фирмаларды қолдауға әзір және оларды тауарларына  қымьат баға төлеуге дайын;

      көңілсіз сатып алушылар- а дегенде тауарды пайдалануының ыңғайлығын және қолайлығын жоғары бағалайды [8].

3.      Тауар қозғалысына қатысушылар бағаны белгілеу үдерісінде маңызды рөл атқарады. Олардың пікірімен санасуға тура келеді, өйткені олар тауардың өткізу көлемін ұлғайтуға, жағымды тауар бейнесін жасауға, сатып алуды жалғастыруға өз ықпалын тигізеді. Тауар тез арада сатылуы үшін өндіруші түпкі бағаны қатаң бақылауға  алуы мүмкін, егерде:

1.      Тауар бағасы алдын ала келісіп белгіленсе;

2.      Бөлшек саудасы аз боса;

3.      Консигнация шарттарын пайдаланса;

4.      Тауар қозғалысына қатынасушылар пайда көлемін жеткілікті алса.

Көтерме және бөлшек саудадағы тауар қозғалысының негізгі қатынасушылары бағаны қатан қадағалауы мүмкін , егерде:

      өндірушіге өзінің маңызды екенін көрсете білсе;

      падасыз тауарды өткізуден бас тартса;

      бәсекелес өнімді қоса өткізіп, тұтынушының сатушыға деген адалдығын қалыптастырса.

4.      Бәсекелестер. Маркетинг тұрғысынан фирма әрекетінің ортасы талданады. Баға бақылауының жағдайына байланысты бәсеке ортасы 3 түрге бөлінеді:

      Бағаны рынок бақылайтын орта. Онда бәсеке деңгейі жоғары, тауар бір типтес, үқсас дап сипатталады. Бұл ортада фирма тауарын төмен бағамен ұсынса, ол тауарға сұраныс көбеюі мүмкін, өйткені тұтынушылар бағасы төмендеген таурға тез ауады. Ал басқа бәсекелестер жауап қайтару ретінде ұқсас тауарлардың бағасын төмендетуі мүмкін. Бірақ бәсекені баға «қақтығысына» айналдырмаған дұрыс болады. Сондықтан қолданған баға стратегиясының болашақ нәтижесін қарастыру аса маңызды іс.

      Бағаны фирма бақылайтын орта. Оған шектелген бәсеке тән және ұсынған тауарлардың ерекшеліктері болады. Бұл  ортада фирманың жұмыс істеуі және іс-әрекеті оңайлау болады. Тауардың бағасы жоғары немесе төмен болса да оны алушы тұтынушылар әрдайым болады.

      Бағаны мемлекет бақылайтын орта қоғамдық транспорт, энергетика, комуналды қызмет және де басқа салаларда кездеседі. Мемлекет орынадары тұтынушылардан және өндірушілерден жан-жақты ақпарат жинаған сол нақты баға деңгейін белгілейді.

5.  Мемлекет. Кәсіпорының бағаны белгілеудегі еркіндігін мемлекет шектейді. Бұл шектеуді 3 дәрежеге бөлуге болады:

* Мемлекет бағаның өзі белгілейді. Ол үшін келесі әдістерді пайдаланады: мемлекеттік прейскурант бьағасын еңгізу, еркін рынок бағасын бір деңгейде «қатыру», монополист кәсіпорындардың бағаларын жоғарыдан белгілеу.

* Мемлекет баға қою ережелерін бекітеді (реттелген бағалар қалыптасады). Бағаны реттеу әдістері: кейбір тауарларға бағаның жоғары деңгейін орнату, бағаның негізгі көрсеткіштерін реттеу нақты тауарлардың бағасын бірлік көтеру дәрежесін анықтау.

* Арамзалық бәсекеге және рынокты монополиялауға шек  қою үшін «рыноктық ойын» ережелерін орнатады. Ол үшін мелекет мына іс - әрекеттерді шектейді: кәсіпорындардың бағаны жоғары деңгейде сақтау мақсатымен келісім қабылдауына шек қояды, өндірушілердің өз бағасын жабдықтаушыларға және сауда орындарына күшпен міндеттеуіне шек қояды[9].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КАПИТАЛ НАРЫҒЫНДА ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің негізгі туындаған мәселелері

Әрбір экономика қандай да болмасын еңбек нәтижесі ақша бірлігіне бағаланбай өмір сүру мүмкін емес. Сонымен бірге нарықтық баға белгілеу бұл нарықтық баға сұраныс пен ұсыныс әдістерінің ара-қатынасын көрсетеді. Сонымен қатар  нарықтық заңдарының есебі керек. Сұраныс заңдары, ұсыныс заңдары мунда баға арақатынасы S/Д  олардың тепе-теңдік  деңгейіне байланысты. Еркін бәсеке заңы .

Баға паритеті (арақатынасы) ауылшаруашылығы үшін шығарылған ауылшаруашылық өнімдері және өнеркәсіп тауарлары мен қызметтері аграрлық сектор ҚР өте қажет.  90 жылға дейін ҚР толығымен өз сұраныстарын қамтамасыз етті. Баға паритеті 1992 жылы баға либерализациясынан кейін бұзылды. Өнеркәсіп өнімдердің бағасы түгелдей жіберілді, ал ауылшаруашылық өнімдерінің өсу бағасы біраз жылдар бойы тұрақты ұсталды [10].

Нарықтық экономикалық кезінде әлемдік бағалармен тығыз іс-қимыл жасайды бұл жағдай арнаушы тауар өндірушілердің бұйымдарды шығарудағы бәсекесі болды. Бәсеке кезінде бәсекелестердің шығындары мен баға деңгейі шығынмен бағамен салыстырды.

Баға экономиканың қуатты санаты ол көптеген экономикалық әлеуметтік саяси мен шешімдерді белсенді қабылдауғасонымен қатар мемлекеттің және әр түрлі рынок субъектілері қатысып өздерінің әрекеттік баға сапасына қолдана алады. Бағаның қызметі оның микро және макро деңгейлері арқылы функцияларынан көріне алады.

Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу үлгілерінің қалыптасу мәселелері