Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы
КІРІСПЕ.......................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық
серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық
серіктестіктің құрылтай құжаты........................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ
СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ......................
2.1 Толық серіктестік...................
2.2 Сенім серіктестік...................
2.3 Жауапкершілігі
шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі
бар серіктестік...................
ҚОРЫТЫНДЫққққ
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Еліміздегі экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарының бірі кәсіпкерлік саясат болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда шаруашылық серіктестіктердің маңызы зор. Біз білетіндей азаматтық құқық жеке құқық саласы болып табылады. Азаматтық заңдар мен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет. Құқықтар мен міндеттердің иесі болу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.
Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлға дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады [1,26].
Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].
Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті бір адам құруы мүмкін немесе олар бір адамнан тұруы мүмкін. Алайда, бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі, бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі болуға тиіс. Толық және сенім серіктестіктерінде қатысушылардың саны екеуден кем болмауы тиіс.
Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, заңды тұлға және мемлекет шаруашылық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Мұнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматтар ғана толық серіктестіктердің қатысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады. Бұл шаруашылық серіктестіктерінің осы түрлерінің ерекшелігі болып табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты [4,100].
Ел экономикасында болып жатқан маңызды өзгерістер қоғамның кәсіпкерлік-құқықтық қатынастарға баса назар аударудың артуына ықпал етуде. Нарықтық экономикаға көшу барысында, мемлекет тез арада шешуді қажет ететін көптеген өзекті мәселелермен кездесті. Бұл мәселелердің қатарына шаруашылық серіктестіктердің қызметін құқықтық реттеу де жатады. Бірінші кезекте, бұл саладағы заңдарды жетілдіру қажеттігі болып отыр, себебі қабылданатын заңдардың рөлі мен мазмұны заман талабына сай болуы тиіс. Екінші кезекте, кейбір салық үстемелерінің жоғарылығы, кәсіпкерлік қызметтің баяу дамуына, шаруашылық субъектілер бастамаларының төмендеуіне алып келіп отыр. Осының нәтижесінде салықтарды төлеуден жалтару, кірістерін жасырып қалу және азайтып көрсету, кірістері жөнінде декларация беруден қашу сияқты көріністер орын алады. Ал, бұл көріністер өз кезегінде, нарықтық экономика бәсекелестігін әлсіретіп, мемлекеттің экономикалық жағдайын төмендетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты зерттеудің әдістемелік негіздерін, методологиялық негізін, жүйелі, салыстырмалы-құқықтық әдістемелік негіздер құрайды. Жұмысты зерттеу барысында шаруашылық серіктестіктер мәселесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ ғалымдарың еңбектері мен арнайы әдебиеттер қолданылды. Зерттеу мақсаты – шаруашылық серіктестіктердің құрылуы, оның түрлерінің бір-бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай құжаттары туралы түсінік беру.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:
1.Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу;
2.Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.
Қазақстанда кәсіпкерлік қатынастардың қалыптасуы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы шаруашылық серіктестіктердің маңызы және ерекшеліктері, шаруашылық серіктестіктердің заңды тұлға ретіндегі ұғымы мен ерекшеліктері, шаруашылық серіктестіктердің түрлерінің толық сипаттамасы, шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшыларының және қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін зерттеу, жан-жақты талдау. Дипломдық жұмыстың мақсатына ғылыми әдебиеттегі тұжырымдамалар басшылыққа алына отырып, материалдарды зерттеу және бағалау жолымен жету көзделген.
Жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік-құқықтық қатынастарының көптеген өзекті мәселелері қарастырылып, сондай-ақ осы құқық саласының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде салық төлеушілердің мүдделерін есепке ала отырып жалпы ғылыми негізде ұсыныстар мен тұжырымдар және қорытындылар беру қолға алынды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Шаруашылық серіктестіктердің құқықтық жағдайы, түрлері, қатысушылардың құқықтары өз кезегінде зерттеу объектісі болып табылады.
Шаруашылық серіктестіктерден туындайтын мәселелер күрделілігімен және көлемділігімен ерекшеленеді. Сонда да мен бұл еңбегімізде шаруашылық серіктестіктердің түсінігін, түрлерін қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып ашып көрсетуге тырыстық.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып түрлі таным тәсілдерін қолдану саласына, мәні мен құрылымына, ғылыми теорияларға негізгі талаптарды анықтайтын философиялық білімдер жүйесі табылады. Осы аталған жұмыста көзделген мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным тәсілдері пайдаланылды. Жалпы ғылыми тәсілдер ретінде диалектикалық тәсіл, ұғымдардың бөліктерін, жекелеген белгілерін талдау мен жүйелеу тәсілдері қолданылды. Құқықтық зерттеудің барысында келесі арнаулы тәсілдер: салыстырмалы құқықтану, сот тәжірибесін талдау тәсілі, формальдық-логикалық тәсілдер және тағы басқалары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде шаруашылық серіктестіктердің және оның түрлерінің жарғылық капиталын құқықтық реттеуге ерекше көңіл бөлінген. Құқықтың негізгі қайнар көзі – Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті – Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық кодекстің нормалары қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде шаруашылық серіктестіктерге көп көңіл бөлінген. Жоғарыда аталған тақырыпты зерттеу барысында отандық және шетел ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып осы тақырыпты жан-жақты зерттеп, өз алдымызға қойған ғылыми мақсаттарымызға жеттік деген ойдамыз. Отандық және шетел азаматтық құқық саласына еңбегі сіңген ғалымдар атап айтқанда: А.Г. Диденко, Ю.Г. Басин, Д.А. Колбасин., Төлеуғалиев Ғ., Жайлин Ғ.А., Лепесова А.К., Сулейменов М.К., С.И. Климкин., Е.Ш. Дүсіпов., О.К. Қағазов., О.С Иоффе., Мороз С.П. және тағы басқалары. Дипломдық жұмыстың негізгі қайнар көзі ретінде аталған ғалымдардың еңбектерін таңдадық.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау шараушылық серіктестіктердің құқықтық жағдайы мәселесіне арналған. Екінші тарауда шаруашылық серіктестіктердің түрлерінің құқықтық реттелу мәселесі қарастырылған.
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте заңды тұлғалардың ұғымы берілген: «меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады» . Заңды тұлғалардың түрлері екі түрге бөлінеді: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Азаматтық кодексте көрсетілгендей коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысанында құрылады. Аталған коммерциялық ұйымдардың басты мақсаты табыс келтіруді көздейді [6].
Қазақстан Республикасында жоғрыда көрсетілген коммерциялық ұйымдар туралы арнайы заңдар қабылданған, соның қатарына 1995 жылғы 2 мамырда қабылданған «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңды атап көрсетуге болады. Шаруашылық серіктестіктердің негізгі анықтамасы Қазақстан Республикасы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңында көрсетілген: «жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады». Шаруашылық серіктестіктердің құрылуы және қызмет етуі, сондай-ақ «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңымен реттеледі. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктердің құрылуы және қызмет етуі құрылтай құжатымен де реттеледі [2].
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарына нотариат куәландыруға тиіс жарғы және құрылтай құжаты жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде көрсетілгендей: «ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады». Құрылтайшылардың жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне тең сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс [7,43]
Сонымен қатар, шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн. Серiктестiктiң құрылтайшылары осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады. Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi [8,66].
Шаруашылық серiктестiгiнің құрылтайшылары тіркелгеннен кейін қатысушылар мәртебесіне ие болады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайда құрылтайшылар деп, келесі жағдайда – қатысушылар деп атайды.
«Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық «құрылтайшылар» «қатысушылар» болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға құқық бермейтіндіктен қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгенде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [9,125].
Жалпы ереже бойынша шаруашылық серiктестiктің құрылтайшысы заңды және жеке тұлға бола алады. Заңда шаруашылық серіктестік қатысушысы ретінде өкілдік, атқарушы және сот билігінің органдарына қатысуға тыйым салынады. Ал, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда шаруашылық серiктестiк қатысушылары ретінде осы мақсаттарда арнайы құрылған атқарушы органдар болуы мүмкін. Сонымен қатар, толық және сенім серіктестіктерінен басқа, бір тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкілеттігі оның бірден-бір қатысушысына тиесілі болады. «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңға сәйкес серiктестiктердің жарғылық капиталына, олардың мөлшеріне белгілі бір талаптарды қояды және осы арқылы серiктестiктердің әр түрінің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері, оны қалыптастыру және өзгертудің тәртібі мен мерзімдері айқындалады. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестері және тиісінше олардың шаруашылық серiктестiк мүлкінің құнындағы үлестері жарғылық капиталдағы салымдарына тең болады [2].
Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серіктестік мүлкіндегі өз үлесін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы. Шаруашылық серiктестiгінің жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарланғаннан кейін жол беріледі. Олар бұл жағдайда серiктестiктің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін орындауын және оның зиянды өтеуін талап етуге құқылы. Осы белгіленген тәртіпті бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделі адамдардың арызы бойынша сот шешімімен серiктестiкті таратуға негіз бола алады [10,130].
Шаруашылық серiктестiктің жоғарғы органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Егер шаруашылық серіктестікті бір тұлға құрған болса, жалпы жиналыстың өкілеттігі оның бірден-бір қатысушысына тиесілі болады. Сонымен қатар, шаруашылық серiктестiкте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп беріп отыратын атқарушы орган құрылады. Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Серiктестiктердің алқалы органдары ретінде басқарма немесе дирекция, байқаушы кеңес, заң актілерді және шаруашылық серiктестiгі қатысушыларының жалпы жиналысының шешімінде көзделген жағдайлардан басқа да органдар құрылуы мүмкін. Жоғарыда айтып кеткеніміздей шаруашылық серіктестіктерді басқаруды жоғарғы және атқарушы органдары жүзеге асырады. Іс жүзінде кейде заңды тұлғалардың құратын органдарын арнайы рұқсатсыз белгілі бір топқа жатқызу едәуір қиындық туғызады. Мысалы, бақылау кеңесін және де өзге де органдарын атқару органдарына жатқызу жөніндегі мәселе азаматтық құқық саласындағы айтарлықтай даулы мәселе болып келеді. Алайда, заң шығарушылар қазіргі уақытта осы ұстанымға бейім. Әдетте, құрылтайшылар атқарушы органдары, олардың түрлерін, құзыреті мен қызмет тәртібін өз қалауы бойынша анықтайды. Сонымен қатар, жоғарғы орган міндетті түрде құрылады, оның мәртебесі заң актілерімен белгіленген. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестік органдарының құзыреті, оларды сайлау немесе тағайындау тәртібі, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі, заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленеді [11,148].
Коммерциялық ұйым капиталды барынша мол жинақтай алатындықтан, заң акционерлік қоғамдар үшін ғана қаржы есебін жүргізуді көздеген. Алайда, заң актілері мен құрылтай құжаттары бойынша мұндай жағдайлар кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер үшін көзделуі мүмкін. Шаруашылық серіктестіктің қызметін мемлекеттік органдар тексере алады. Олардың бұл саладағы құзыретін заң актілері белгілейді. Шаруашылық серіктестігі қаржы есеп-қисабының дұрыстығына көз жеткізу үшін серіктестіктің немесе оның қатысушыларының мүдделерімен байланысы жоқ кәсіби аудиторды шақыра алады. Шаруашылық серіктестігін аудиторлық тексеру серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысының талап етуі бойынша соның есебінен кез келген жүргізілуі тиіс. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне аудиторлық тексеру жүргізу тәртібі заңдармен және серіктестіктің құрылтай құжаттарымен белгіленеді. Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, заңды тұлға мемлекет шаруашылық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Мұнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматтар ғана толық серіктестіктердің қатысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады. Бұл шаруашылық серіктестіктерінің осы түрлерінің ерекшелігі болып табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты. Шаруашылық серіктестік заң құжаттарында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады. Мысалы, «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» заңының 10-бабының 1-тармағы «жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір ғана қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестіктестігі бола алмайды» деп белгіледі [12,88].
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың:
1.Құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға;
2.Шаруашылық серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және кұрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен оның құжаттамаларымен танысуға;
3.Таза табысты бөлісуге қатысуға құқығы бар;
4.Құрылтай құжаттарының бір немесе бірнеше қатысушының пайданы бөлісуге қатысудан шеттетуді көздейтін ережелері жарамсыз болып табылады;
5.Шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен
есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқығы бар. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң кұжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылар:
1.Құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
2.Салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер және мерзімдер бойынша салып отыруға;
3.Шаруашылық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін [2].
Шаруашылық серіктестік оның қатысушыларының шешімімен ерікті түрде қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Оларды қайта құру мен таратудың өзге негіздерін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Шаруашылық серіктестік туралы» заң, «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» заң және басқа да заң құжаттары анықтайды. Мысалы, несие берушілерге жарғылық капиталды азайту туралы хабарламау шаруашылық серіктестіктер үшін осындай негіз болып табылады. Шаруашылық серіктестіктер заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түріне акционерлік қоғамдар немесе өндірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкін [13]. Толық серіктестік немесе сенім серіктестігі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болып қайта құрылған жағдайда акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушысы болған әрбір толық серіктес толық серіктестіктен немесе сенім серіктестігінен акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке көшкен міндеттемелер бойынша екі жыл бойы өзінің барлық мүлкімен субсидиялық, жауапты болады. Бұрынғы толық, серіктестіктің өзіне тиесілі акцияларды иеліктен шығаруы оны мұндай жауаптылықтан босатпайды [14,100]
Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 58-бабының 2-тармағына сәйкес шаруашылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін. Жоғарыда атап өткен шаруашылық серіктестіктердің түрлеріне қысқаша тоқталып өтсек. Толық серіктестік деп – толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестікі айтамыз. Толық серіктестік – шаруашылық серіктестіктердің ұйымдық-құқықтық нысандары ішіндегі ертерек пайда болған түрі. Серіктестіктің бұл түріне тұлғалық элемент тән және серіктестіктің міндеттемесі бойынша қатысушылардың жауапкершілігіне шектеу қойылмаған.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады. Қатысушылары жауапкершілігінің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік тәжірбиесінде толық серіктестіктер кең қолданыс таппаған. Сонымен бірге, көптеген батыс елдерінде сауда серіктесін немесе сатып алушыны таңдауда толық серіктестікке басымдық беріледі. Несие берушілерге жоғары кепілдікті сақтау мақсатында азамат бір ғана толық серіктестіктің, қатысушысы бола алады [14,110].
Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшерінен кем болмауы тиіс. Толық серіктестігінің ең жоғары органы – қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады, Серіктестіктің құрылтай шартында қатысушылардың көпшілік даусымен шешім қабылданатын реттер көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартыңда оның қатысушыларының санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір қатысушысының бір даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесіне сай белгіленетіндігі көзделуі мүмкін. Толық серіктестікті басқаруды осы серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзіреті құрылтай құжаттарында белгіленеді. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестіктің органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық ақпарат беріп отыруға міндетті [2].
Толық серіктестік қалған серіктестіктер түрлерінен өзгеше, толық серіктестікте тұлғалық жағдай барынша маңызды болады. Бұл серіктестердің толық жеке жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан толық серіктестікке қатысушының өз үлесін оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруіне болады. Үлес үшінші жаққа берілген жағдайда сонымен бірге толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі құқықтар мен міндеттердің бүкіл жиытығы соған ауысады. Толық серіктестіктің қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келісуімен құқықты мирасқор серіктестікке кіре алады. Құқық мирасқор қатысушының толық серіктестік алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серіктестіктің үшінші жақтары алдындағы бүкіл серіктестік қызметі кезінде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқық мирасқор толық серіктестікке кіруден бас тартқан немесе құқық мирасқорды қабылдаудан серіктестік бас тартқан жағдайда, оған қатысушы қайтыс болған күні белгіленген серіктестік мүлкіндегі үлестің құқық мирасқорлық негізінде өзіне тиесілі құны төленеді. Бұл реттерде тиісінше құрылтай құжаттарында көзделген мерзімде құрылтай шартында аталған серіктестік мүлкінің мөлшері азайтылады, бірақ ол үш айдан кешіктірілмеуге тиіс.
Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктен кез келген уақытта шыға алады, ол бұл жөнінде қалған қатысушыларға іс жүзінде шығатын мерзімінен кемінде 6 ай бұрын ескертеді. Бес жылға дейінгі мерзімге құрылған толық серіктестіктен мерзімінен бұрын бас тартуға дәлелді себептер болғанда ғана жол беріледі. Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында қатысушылардың серіктестіктен шығуы туралы өтініш беруінің өзгеше мерзімі көзделуі мүмкін. Серіктестіктің қатысушылары арасында серіктестіктен шығу құқығынан бас тартуға келісім жасау жарамсыз деп танылады [15,61].
Толық серіктестікке қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша және оған дәлелді себептер болған жағдайда, атап айтқанда, оның өз міндеттерін дөрекі бұзуы немесе іс жүргізу қабілетсіздігі байқалған жағдайда катысушылардың біреуін немесе бірнешеуін серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге құқылы. Толық серіктестіктен шығарылған қатысушыға шығатын кездегі балансқа сәйкес салған салымына қарай оның серіктес мүлкіндегі үлесінің құны төленеді.
Толық серіктестікке қатысушының жеке борыштары пайда болуы мүмкін. Қатысушының толық серіктестіктің жеке борыштары бойынша өз үлесін өндіріп алуға өтініш жасауына борыштарды өтеу үшін оның басқа мүліктері жеткіліксіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының несие берушілері толық серіктестіктен серіктестік мүлкінен ақы өндіріп алу мақсатымен борышқордың жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін бөліп беруді талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөліп берілуге жататын бөлігі немесе оның құны несие берушілердің бөліп беру туралы талаптары қойылған кезде жасалған баланс бойынша анықталады. Қатысушының толық серіктестік мүлкіндегі үлесінен ақы өндіріп алу оның серіктестікке қатысуын тоқтатады [14,116].
Толық серіктестіктің заңды тұлғалардың басқа түрлерінен мәнді айырмашылықтары бар. Тарихи тұрғыдан қарағанда, заңды тұлғалар жеке тұлға-кәсіпкердің кәсіпкерлік тәуекелде тұрған мүлкін өзге мүліктен айыруға мүмкіндік беретін құқықтық нысан ретінде пайда болған. Серіктестіктің біз қарастырып отырған нысанында жағдай өзгеше. Егер толық серіктестік таратылған жағдайда, оның барлық борыштарын өтеу үшін нақтылы мүлкі жетпейтін болса, серіктестік үшін жетпейтін бөлігі жөнінен оған қатысушылар ортақ жауапкершілікті өздерінің заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алынатын барлық мүлкімен өз мойнына алады. Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің борышы бойынша, егер заң құжаттарында өзгеше кезделмесе, оған өзі кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан жауап береді. Алайда заң құжаттарында бұл ережеден ауытқушылық та көзделген. Серіктестік мүлкіңдегі өз үлесінен астам бөлігіндегі толық серіктестіктің борыштарын өтеген қатысушы өзінің алдында серіктестік мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне тең үлестік жауапкершілігі мойнына алатын өзге де қатысушыларға тиісті бөлігінде кері талап қоюға құкылы [16,42].
Толық серіктестіктен өз қалауымен шыққан немесе серіктестіктен соттың шешімі бойынша шығарылған қатысушы, сондай-ақ қайтыс болған қатысушының серіктестікке кіруден бас тартқан құқық мирасқоры серіктестіктен өздері шыққан кезге дейін пайда болған серіктестік міндеттемелері бойынша серіктестіктің өздері серіктестіктен шыққан жыл ішіндегі серіктестік қызметі туралы есеп бекітілген күннен бастап, екі жыл бойы жауап береді. Өз үлесін бір қатысушыға немесе үшінші жаққа беру арқылы серіктестік мүлкіндегі өз үлесінен несие беруші ақы өндіріп алу арқылы шыққан қатысушы, сондай-ақ қайтыс болған қатысушының серіктестікке қабылдаудан қалған қатысушылар бас тартқан құқық мирасқоры серіктестік міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Толық серіктестік тоқтатылғаннан кейін қатысушылар серіктестік тоқтатылған күннен бастап екі жыл бойы ол тоқтатылған кезге дейін пайда болған серіктестік міндеттемелері бойынша жауапты болады. Толық, серіктестіктің заңда көзделген міндеттемелері бойынша өздерінің жауапкершілік тәртібін өзгертетін қатысушылардың келісімі жарамсыз болып табылады [17,98].
Заңды тұлғаны таратудың жалпы негіздерінен басқа, серіктестікте жалғыз қатысушы қалып, ол алты ай ішінде серіктестікті қайта құрамаса немесе жаңа қатысушылар қабылдамаған жағдайда да толық серіктестік таратылады. Толық серіктестікке қатысушылардың жеке жауапкершілігінің ерекшеліктеріне байланысты тұлғалық жағдай төтенше маңызды болады. Бір-біріне деген жеке сеніміне сүйеніп, серіктерінің іскерлік қасиеттері мен материалдық мүмкіндіктеріне үміт арта отырып, толық серіктер кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, қатысушылар құрамының өзгеруі серіктестіктің тоқтатылуына әкеп соғады. Алайда қатысушылар өз кәсіпорындарының өмір сүруін тұрақтандыра алады. Толық серіктестікке қатысушылардың біреуі шығып кеткен немесе қайтыс болған жағдайда, олардың бірі хабар-ошарсыз кетті, әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі не банкрот деп танылған немесе несие беруші бір қатысушы жарғылық капиталдағы оның үлесіне сәйкес келетін мүлкінен ақы өндіріп алған реттерде, егер ол серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделсе немесе қалған қатысушылар келісетін болса, серіктестік өз қызметін жалғастыра береді. Егер қатысушылардың бірі осы аталған негіздер бойынша серіктестіктен шығып кетсе, серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзге де қатысушылардың үлестері, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың салымдарына қарай көбейеді. Сонымен бірге құрылтай құжатта өзге ереже де көзделуі мүмкін [18,32].

- Қазақстан Республикасындағы шетелдік несиелендіру тәжірибесінің қолдануы
- Қазақстан Республикасында егемендіктің қалыптасуы мен дамуының мемлекеттік – құқықтық мәселелері
- Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект
- Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект
- Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері
- Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру
- Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары
- Қазақстан Республикасындағы фискальдық саясат
- Қазақстан Республикасындағы фискальдық саясат
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің механизмі
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні
- Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оның дамуы
- Қазақстан республикасындағы шағын кәсіпорын