Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оның дамуы

                        Жоспар

Кіріспе

І Экономикалық саясат принциптері мақсаты мен  қайшылықтары

1.1. Экономикалық  саясаттың қалыптасуы мен субьектілері

1.2. Экономиканы  реттеудің әлеуметтік экономикалық  мақсаттыр

1.3. Экономикалық  саясат мақсатының қайшылықтары

ІІ Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының ерекшеліктері

2.1. Мемлекеттік  экономикалық саясатының негізгі  түрлері 

2.2. Қазақстан  Республикасының қазіргі салық  жүйесіне сипаттама және бюджет  салық саясаты

2.3. Қазақстандағы  ақша несие саясатының мәні  мен құралдары

ІІІ Қазақстандағы  экономикалық саясаттың тиімділігін  арттыру

3.1. Қазақстан  2030 даму стратегиясының жүзеге  асырылуы

3.2. Қазақстан  экономикалық саясатының тиімділігін  арттыру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

           Тақырыптың өзектілігі: Әлемде бәсекеге қабілеттілік бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Бұл әлеуметтік дамудың,  экономикалық өсімнің негізгі жетістік жолы. Нарықта тауарлар мен қызметтердің еркін және әділетті өндірілуі мемлекеттердің бәсекеге  қабілеттілігін анықтайды, яғни бұлар халықаралық нарықта сынаудан өтіп, сонымен қатар ұзақ жылдар бойы өз халықтарының кірістерін дамытады.

     Бұл міндет Қазақстан экономикасы дамуының сапалы да жаңа кезеңін ашқалы отыр. Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы модернизациялауды аяқтап, енді бәсекелестік қабілеті бар елді жасауға ұмтылуды білдіреді. Қазақстан бүгінгі күні бәсекелестік рейтингі жағынан әлемде 61 орынды алады екен.

     Қазақстанның  сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы  орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған  кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар  саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталмаған технологиялық кешендер құрып, өндіруші салаларды  экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

     Курстық жұмыстың мақсаты: негізінен мемлекеттің экономикалық саясатын анықтау болып табылады.

     Курстық жұмыстың міндеттері:

    • мемлекеттік саясаттың демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуын қарастыру;
    • экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың ерекшеліктерін ашу;
    • мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуын айқындау;

   Курстық жұмыс негізінен кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І Экономикалық саясат принциптері мақсаты мен қайшылықтары

1.1. Экономикалық саясаттың  қалыптасуы мен  субьектілері

          Нарықтық экономика, оны біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі. Нарықтық экономика дамыған сайын, оның бір-бірімен байланысты, экономикалық әлеумсттік, демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық-экономикалық құрылымдары (объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып-өзгсеіп, бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі. Мезгілі жеткен кезде олар шешімі күрделі әлеуметтік, экономикалық, саяси қиыншылықтарға соқтыруы мумкін, бірақ осының жалпы басым нәтижесі - нарық механизм тиімділігінің артуы болады. Бұл заңдылық нарықтық экономиканың барлық тарихи даму кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау формаларының пайда болуынан бастап, ұлттық-мемлекеттік шеңбердегі нарықтық шаруашылықтардың қалыптасуын қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарық түрлеріне дейін  тоқтаусыз жалғасып келеді.

    Мысал ретінде XVIII ғ. соңы - XIX ғ. бас кезінде Баты елдерінде болған процестерді алуға болады. Бұл кезең адам зат тарихында әлеуметтік-экономикалық прогрестің мәнін терең түрде  өзгерткен, өнеркәсіптік революция  (өнеркәсіптік төңкеріс) деп танылған процеспен сипатталады. Нәтижесі экономикалық дамудың қарқынды өсуін тудырған жаңа сапалық даму деңгейі. Экономикалық өсу қарқыны артуы жәні нарықтық қатынастар ауқымының кеңеюі нәтижесінде тауарларды көптеп (жаппай) өндіру әдісі машиналық-индустрия өндірістің негізгі белгісі болады. Тауарларды жаппай (көптеп) өндіру бір өнімге (өнім өлшеміне) кеткен өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. Өнімнің арзандауы өндіріске тартылған халық санының өсуі және табыстардың артуы нарық айналымын елеулі түрде кеңейтті.

    Өндірістің техникалық дамып-өсуі - кездейсоқ болған уақиға емсс. Оны тек адамзат қоғамындағы білімнің қордалануымен ғана  түсіндіруге   болмайды.   Ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы экономикалық қажеттіліктен туындайды. Сауданың өсіп-кеңейюі, айналымдағы тауар-ақша массасының артуы бәсекелестікті өршітті. Оның үстіне Европаның шектеулі аумағында халықтың саны өсіп, экономикалық кеңістік тарыла түсті; бұл жағдай да бәсекелестікті одан әр асқындырып жіберді. Бір-бірімен қарсыластық, басқалардан жоғары экономикалық нәтижеге ұмтылу, өндірістегі өз орнын  сақтап   қалу   мақсаты   іскерлер  қауымының   көптеген өкілдерін жаңа техникалық және технологиялық шешімде іздестіруге итермелеп, ынталандырды.

    XVIII-XIX ғғ.  экономикалық өзгерістер көптеген басқа әлеуметтік-экономикалық процестердің өзара байланыстарына нақты айтқанда, нарық механизмі мен мемлекет арасындағы байланыстарға жаңаша негіз қалады. Шаруашылық жүйенің күрделенуі мемлекеттің қолдау, түзету, үйлестіру әрекеттерін арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндеті  нарық инфоқұрылымын құру болды, немесе экономикалық дамуды құқықтық институттар мен тәртіп нормаларымен қамтамасыз ету,  экономикалық дамудың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфоқұрылым нарық механизміне, оның тиімдірек қызмет атқаруы үшін қажет болды.

    Осы  айтылған экономикалық ақиқаттылықтардың өзара табысу (нарық-өндірістік революция, нарық-мемлекет) тиімділігінің жоғары болғаны сондай, XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында экономиканың өсу қарқыны тіпті шамадан тыс артып кетті. Ол кезде шаруашылық жүйенің жалпы экоромикалық тепе-теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді. 1929-1933 жылдардағы бүкіл әлемдік-экономикалық дағдарыс та соның қасіретті айғағы. Осыдан кейін: мемлекеттің экономикаға қатысуын жаңа деңгейге көтеріп, шаруашылық механизмі мен мелекеттің  жан-жақты  және тұрақты қолдауын қажет ететін болды. Осылай «экономикалық саясат» деп аталатын құбылыс (фономен) пайда болды.

    Өзгеріп кеткен жағдайда мемлекет инфроқұрылымдық сипатты шаралар жүйесін күрт кеңейтті. Бірақ нарық механизмнің жаңаша өзгерген түрінің негізгі қажет еткені – нарықтық экономиканы сырттан  реттеп үйлестіру әдістері болды.  Нарық механизмінің өзін - өзі іштен реттеу мүмкіншілігінің шектеулі екені айқындалып, оны енді сырттан түзетіп реттеу қажеттігі артты.

    Сырттан реттеп - түзету шаралар жүйесіне үздіксіз дамитын нарықтық экономиканың жалпы экономикалық тепе – теңдігін сақтап тұру жатады. Тепе – теңдік ұғымының өзі экономикалық ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік ренк алды. Әлеуметтік сақтандырудың көп тармақты жүйесін жасау қажет болды.

    Экономикалық саясат элементтерінің алғашқы жасалған кезеңін ХІХ ғасырдың соңынан бастаған дұрыс. Мысал ретінде бұл жағынан басқалардан озған Германияны алуға болады. О. Бисмарктің нұсқауымен Германияда әлеуметтік қорғау туралы заңдар қабылданды, соның негізінде жаңа сфера өмірге келді.

    Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі – оның жеке – жеке қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай экономикалық саясат теорияда «нүктелік» (точечная) стратегия деп талады. Оның шеңберінде экономикалық саясаттың жекелеген түрлері практикада қолданылады:  кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік. ХХ ғасыр бас кезінде осындай «шашыранды» саясаттың орнына оның жаңа нұсқасы келді.

    Кең ауқымды да кешенді экономикалық саясат жасап оны жүргізуге қуатты ықпал жасаған және мәжбүр еткен  бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар болды. Соғыс қоғам өмірінде өте өткір саяси - әлекметтік және экономикалық проблемалар жүйесін қалыптастырды.

    Бірақ сонда да нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіншілігіне деген сенімді түпкілікті үзген - жоғарыда айтылған, 30-шы жылдардың әлемдік экономикалық дағдарыс болды. Мемлекеттің араласуы аймақтық қана емес, жалпы экономикалық, ал кейінірек - халықаралық сипат алды.

    Арнайы әдебиеттерде экономикалық саясаттың көптеген анықтамалары кездеседі. Солардың ішінде ГФР елінің белгіл ғалымы X. Гирш қысқа, бірақ мазмұны терең анықтама берген еді. Гирштің пікірінше, мемлекеттің экономикалық саясаты - экономикалық процестердің бағытын бір арнаға түсіру үшін жасалған, оларға ықпал ету, немесе олардың ағымын алдын ала анықтап, тікелей реттеу шараларының жиынтығы.

    Мемлекеттік реттеудің іс-шаралар жүйесінде оның әр түрлі, мысалы, практикалық және ғылыми, жақтарын бөліп анықтауға болады.  Практикалық жағы -  бұл мемлекеттік реттеудің нақты іс-шаралар жиынтығы. Теориялық жағы бүл ұлттық экономиканың ең тиімді дамуына ықпал жасайтын   жағдайларды,   себептерді  және   іс-әрекеттерді   жүйелі түрде зерттеу;  оның ғылыми аспектісіне экономикалық саясаттың үлгілерін және болжау-бағдарламасын жасау да жатады.

    Ғылыми экономикалық сананы қалыптастыру – экономикалық саясат теориясының маңызы зор міндеті болып саналады. Нақты алғанда, мемлекеттің міндеті – «жалпы жағдайды жасау, ал оның шеңберінде әрбір шаруашылық субъектілері рационалды шешімді өздері қабылдап, іс әрекет қылу қажеттігін түсіндіру».

    Экономикалық саясатта жалпы – экономикалық процестерге ықпал жасаушы және нақты шаруашылық салаларын реттеуші әдістер бөліп көрсетіледі. Соңғыларына мемлекет қызметкерлерінің еңбек ақысын реттеу, жоғары және жалпы білім беру  мекемелерін  қаржыландыру, ұсақ кәсіпкерлікті қолдану тағы басқа жатады.

    Институционалдық және салалық анықтау принциптеріне сәйкес аграрлық, өндірістік, сыртқы экономикалық, әлеуметтік саясат түрлері анықталады. Функционалдық анықтау белгілеріне сәйкес экономикалық саясаттың коньюнктуралық, құрылымдық, баға валюта, несие және қаржы нұсқаларын анықтауға болады.

    Экономикалық саясаттың қалыптасу жағдайын қарастырып болған соң, оны мынандай үш қағидалық анықтамамен анықтауға болады.

    1. Экономикалық саясат әрқашан да екі фактордың: шаруашылық жағдайының тоқтаусыз өзгеруі және экономикалык сана мен ойлау деңгейінің ықпалында болады. Осы факторлар өзара байланысты келеді, сонымен бірге, олар шартты түрде бір-біріне тәуелсіз болады.

    Қоғамның дамуымен бірге экономикалық сана мен сенім де өзгереді, экономикалық құндылық ұғымының мазмұны ауысады. Осыған байланысты, тіпті, дәстүрлі міндеттемелердің өзі де жаңаша көзқарасқа сәйкес шешіледі.

    2. Дамыған елдерде қалыптасқан тәжірибе көрсеткендей, экономикалық саясаттың тиімділігі сол елдің нақты жағдайына неғұрлым жақын жасалса, соғұрлым жоғары болады екен. Экономикалық саясат елдегі саяси күштердің арақатынастарын, өндірістік-техникалық мүмкіншіліктерін, әлеуметтік құрылымының жағдайларын, мемлекеттік мекемелердің жалпы экономикалық және жергілікті тәртіптерін есепке алып, ескеруі қажет болады екен.

    3. Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды құрал болады. 
 
 
 
 

1.2. Экономиканы реттеудің  әлеуметтік экономикалық мақсаттар

           Экономикалық саясат негізінен мемлекеттің атрибуты болып табылады. Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатта анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы және даму стратегиясын бағдарламасында Н. Назарбаев экономика саласындағы яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде рыноктық жүйеге өтуді жалғастыру болатындығын атап көрсетті:

     ▪ І кезең (1992-1995 жылдар) макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну рыногын тауарлармен толтыру;

     ▪ ІІ кезең (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізат  базасын өзгертуге қадам басу үшін телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту үшін, сонымен бірге дамыған тауар және валюта рыноктарын, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар мен интеллектуалды меншік рыноктарын қалыпатстыру үшін қажет.

     ▪ ІІІ кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамытумен, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жетумен, Қазақстанның әлемнің индустриалды елдер қатарына кіруі мен әлемдік саудада позициясының нығаюымен сипатталады.

     1997 жылдың қараша айындағы ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы шығарылды, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.

     Қойылған  мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезеңде болуы қажет:

  • 1998-2000 жылдар;
  • 2001-2010 жылдар;
  • 2011-2030 жылдар;

     ХХ  ғасырдың басындағы Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының бес басты бағыттары болды:

     - әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;

     - басқарудың тиімділігін арттыру;

     - өндіріс секторларына несие беру;

     - экономикалық шикізат бағдарын  өзгерту;

     - аймақтық диспропорцияларды жою.

     Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдылығы біздің экономикамыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады. Әзірге осы мәселені шешуге байланысты құрылымдық саясат жоқ. Отандық шикізаттың жаңа бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларын құруда, ауыл шаруашылығы өңдеу өнеркәсіптерін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегия, импортты алмастыру бағдарламасы болмады.

     Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай  өндіру үшін машина жасау өнеркәсіптерін дамыту міндеттері қойылды. Бұл тек өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.

     Осы жұмыстың негізгісі бәсекеге қабілетті  баға мен технология сапаны қамтамасыз ету, мынадай міндет қойылды бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсіптерін құру.

           Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтар дамуындағы диспропорциялар және әсіресе солтүстік пен оңтүстік аудандардағы диспропорциялар, оңтүстік аудандарда солтүстік аудандарға қарағанда жұмыссыздықтың басымдылығымен болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдарлары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.

           Ауыл шаруашылығы  мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа жұмыс орындарын  құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастыратын көші қон саясатын жасау міндеті қойылды. Осыған байланысты тағы да мәселе, яғни кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы мен одан әрі дамыту мәселесі қойылды. Осы жерде халықты жұмыспен қамту, азаматтық құқық, халықтың табыстары, рыноктың конъюнктурасын жақсарту, нарықтық бәсекені қажетті деңгейде ұстау мен дамыту сияқты үлкен проблемалардың бастаулары қиылысады. [1. 215]

           Еліміздің Президенті әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде, соның ішінде білім беру мен жаңа мамандықты игеру ісінде, қала берді  бизнестің әлеуметтік тұрақтылыкты сақтау алдындағы жауапкершілігін күшейтуде жеке секторды бұл іске катыстыратын мезгіл жеткенін айтты.

     Әлемдік  экономикалык тәжірибе жүргізілетін реформалардын  табысты болуы тиімді әлеуметтік саясат ұстанғанда ғана мүмкін болатынын көрсетіп берді. Қоғамдағы  бойда тұмшаланған белсенділік пен жаңа мүмкіндіктердің жаркьірай ашылуына нақ сол ғана күшті серпін береді. Және бұл ешкімнің күдігін тудырмайтын аксиома екендігінде дау жоқ.

     Сондықтан адам факторын дамытуға яғни білім  беруге, денсаулық саласын әлеуметтік қамсыздандыруға, сақтандыруға және ғылымға қаражат салуға көңіл бөлу қажеттілігі туындайды.

     Осы міндеттер Қазақстан экономикасы  дамуының сапалы да жаңа кезеңін ашқалы отыр. Ол дегеніміз өтпелі кезең  жағдайындағы модернизациялауды аяқтап, енді бәсекелестік қабілеті бар елді жасауға ұмтылу қажет. [1. 16]

      ХХІ ғасыр қарсаңындағы Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-саясатының бес басты  бағыттары бар:

- әлеуметтік  ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік  қызметті одан әрі дамыту;

- басқарудың тиімділігін арттыру;

- экономикалық  шикізат бағдарын өзгерту;

- аймақтық  диспропорцияларды жою;

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының осы бағыттарына кеңінен  тоқталу қажет.

      Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп  – ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды роль беріледі.

      Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері қазақстан шикізатын өңдеуді  кеңейтуге, негізделген өндірістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажет. [2. 269]

      Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егемен және тәуелсіз мемлкет ретінде қалыптасып өркенитеті демократиялық құқықтық қоғам құру жолын түскен ел.

     Демократиялану  процесінің әр елдің өзіндік ерекшелігін сәйкес түрлі кезеңдерде жүзеге асырылатыны белгілі. Осыған орай Қазақстандық қоғам саяси жүйенің түрлі салаларында демократиялық құндылықтарды орнықтырудың бастапқы кезеңінде даму үстінде.

      Экономикадағы түбегейлі өзгеріс адамның еңбекке қатынасын қалыптастырып, оның атқарған жұмысына қарай берілетін еңбек ақыны талап етеді. Осыған орай мемлекеттің дамуымен халқының материалдық ахуалы ролардың күн көрісі мен жалақысымен анықталады.

     Тәуелсіздік жылдарынан бері саяси-экономикалық реформалардың дамуының жолының басты кепілі ретінде біле отырып, халықтың тұрмыс деңгейін жоғарылатудың бір көрінісі- жалақы саясатын жетілдіру болып табылады.

      Мемлекеттің  даму жолында өнім өндіру мен жалақы саясатын жетілдіру мақсатында бірқатар бағыттарды анықтау қажет:

  • кәсіпкерлік жолды анықтау;
  • өндірісті жандандыру;
  • стратегиялық мақсаттарды анықтау және жүзеге асыру шараларын жүргізу;
  • интенсивті даму бағытын қарастыру;
  • өнім өндіру желісін дамыту;
  • еңбек өтеміне сәйкес жалақы төлеу балансын ұстану;

     Аталмыш стратегияның екінші көздеген мақсатын жоғарыда атадық. Ол жаңа экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен ғылым негізінде дамыған экономика, яғни тек  өнім тауар шығаратын экономика емес, білімге білім қосып, ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа технология туғызып, соның негізінде дамитын экономика.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.3. Экономикалық саясат  мақсатының қайшылықтары

           Мемлекеттің билігі елдегі әртүрлі өндірушілер мен  тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп, олардың еңбекпен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет. Экономиканың мемлекеттік реттелуі кейде иерархиялық жүие ретінде құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде заң шығурашы және оны атқарушы билік тармақтары ажыратылып, олардың қызмет атқару шектері айқындалған. Парламентте экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып, бекітіледі немесе қайтарылады.  Қабылданған экономикалық саясаттың өмірге енгізіліп, оның іске асырылуын атқарушы билік тармағы – үкімет жауап береді. Үкімет кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын мемлекеттің әртүрлі мекемелеріне бөліп береді.

     Қызметтерді бөлісу принципі мемлекеттің ұйымдық  – саяси типіне байланысты. Соңғысы  федарациялық немесе орталықтандырылған мемлекет болуы мүмкін. Федеративті құрылымда экономикалық саясаттың үш себъектілік деңгейлері анықталады: федералдық,  аймақтық және жергілікті.

     Мемлекеттің экономикалық саясатының экономика жағдайындағы сипатына бірнеше бағыттарды айқындауға да болады.

     Мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік  қызметке монополиялық құқық тек  қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика  кәсіпкерлік қызмет үшін тек қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге  әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар қажеттіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.

     Кәсіпкерлік қызметті құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің  алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік  құрылым, халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.

     Кәсіпкерліктің  субъектілері экономикалық қызметтің әртүрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

     Өтпелі  кезеңде кәсіпкерлік қызметтің  дамуы кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған  қызмет Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.

     Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі  және тәуекелсіздікке өз бетінше  жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.

     Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік  негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

     Кәсіпкерлікті дамытудың басты ісі нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

     Атап  көрсеткендей ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлін  әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады.

     Батыс елдердің экономикалық әдебиетінде  шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала»  деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес-бұл өсу үстіндегі  бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта  сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен  мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет». [2. 30] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ  Қазақстан Республикасының  экономикалық саясатының ерекшеліктері

2.1. Мемлекеттік экономикалық  саясатының негізгі  түрлері

           Дамып келе жатқан немесе өтпелі экономикалы елдердің экономикалық дамуы бұл жай ғана ішкі жалпы өнімнің адам басына шаққандағы өсу қарқыны емес, бұл экономиканың өсуі, яғни ішкі жалпы өнімнің сапалық тұрғыдан өсуі.

     Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2015 жылға арналған стратегиясына сәйкес негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталады. Ұзақмерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында басты назар ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасауға аударылатын болады.

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оның дамуы