Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясатты жетілдіру жолдары
Кіріспе.......................
1. Фискалдық саясаттың әлеуметтік– экономикалық
мәні
1.1 Фискалдық саясаттың түсінігі мен мәні..........................
1.2 Фискалдық саясаттың халықаралық тәжірибесі....................
2. Қазақстан Республикасындағы фискалдық
саясаттың негізгі бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының фискалдық
саясатының ерекшеліктері.................
2.2 Мемлекеттік бюджеттің толықтырылуындағы
фискалдық саясаттың ролі..........................
3. Қазақстан Республикасындағы фискалдық
саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы фискалдық саясатты
жүргізу бағыттары және оның даму болашағы......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымша
Кіріспе
Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыруына тиімді ықпал ететін негізгі элементтерінің бірі болып мемлекеттің фискалдық саясаты саналады. Фискалдық саясат мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының маңызды құрамдаушысы бола отырып, жоспарланған кезеңде инфляцияның орташа жылдық деңгейi бойынша белгiленген меженi, төлем балансының орнықтылығын, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң соңғы тұтынуының өсуiн және капиталдың жинақталуын қолдауға ықпал етуi тиiс.
Курстық жұмыстың өзектілігі-фискалдық саясатқа деген көзқарастарды жүйелендіру, мемлекет басқаруының барлық деңгейіндегі (макро және микро деңгейде) экономикалық жүйедегі фискалдық саясаттың орнын негіздеу, фискалдық саясаттың мәні туралы кешенді сипаттама қалыптастыру және осы саясатты әлеуметтік саламен байланыстыру факторларын анықтау қажеттілігі.
Курстық жұмыстың мақсаты – фискалдық саясаттың ролі мен мәнін, нарықтық-экономикалық жағдайларын зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу жоспарланған:
- фискалдық саясаттың
- Қазақстан Республикасында
- фискалдық саясатты жетілдіру жолдарын көрсету.
Қазақстанның қаржы саясатының экономикалық мазмұнын еліміздің дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылығына сәйкес ұдайы өндіріс циклінің нәтижесінде жинақталған қаржы ресурстарын, оларды бөлу мен қолдануына фискалдық саясат толық сипаттама береді.
Фискалдық саясат экономикалық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі және мемлекет міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін қаржы төңірегінде жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар жинағы болғандықтан қаржы жүйесін нығайту, яғни бюджетті қажеттілікке байланысты толықтыру және бюджетке келіп түскен түсімдерді әділетті қайта бөлу - экономикалық өсудің тұрақтылығына қажетті жағдайлар жасау қажет. Нарықтық экономикада бюджеттің кірісі салық жүйесінің құрылымына тікелей байланысты. Жалпы алғанда, салық жүйесі еңбек ақы төлеу, табыс, пайда, капитал және басқа да құндық көрсеткіштердің негізінен тұратындықтан, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтың рөлін анықтау қажет.
Қазіргі ғылыми-экономикалық еңбектерде фискалдық саясатты жүзеге асыру механизмін зерттеудің тұжырымдамасы толық өңделмеген.
Әлеуметтік салаға әсер ететін фискалдық саясаттың механизмін кешенді қалыптастырудың теориялық және практикалық сұрақтарын жүйелік өңдеу еліміздің экономикасы үшін маңызы зор, себебі ол еліміздің субъектілерінің дамуының әлеуметтік-экономикалык теңсіздігін жоюға, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-деңгейін көтеругс әсер етеді.
Фискалдық саясат құрылымдық және ақша-кредит саясаты шараларымен бірге экономиканы қалпына келтіруге және оның әрі қарай өсуін ынталандыруға жағдай жасауға бағытталады.
Жоғарыда аталған жағдайға байланысты, Қазақстанда фискалдық саясаттың жүзеге асырылуын зерттеу толық жетілмегендіктен және оның қазіргі талаптардың баламасына сәйкес келмеуі, осы мәселені ғылыми ізденістіруді талап етеді.
1. Фискалдық саясаттың әлеуметтік – экономикалық мәні
1.1 Фискалдық саясаттың түсінігі
мен мәні
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің үдерісін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, өңірлердің үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі.
Фискальдық саясат (бюджет-салық саясаты) — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Фискалдық саясаттың бірнеше мақсаттарын ажыратады:
- экономикалық цикл ауытқуларын қалыпқа келтіру (түзету);
- тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
- инфляцияның қалыпты жағдайында жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен байланысты. Фискалдық саясат салық төлемдерін алу, "қоғамдық тауарларды" өндіру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды./3/
Фискалдық саясат дискрециялық саясат ретіңде, яғни ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды (жұмыстылықты) өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі. Экономикалық циклдің саясатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Икемсіз (дискрециялық емес) фискалдық саясат экономикалық циклдің түрлі фазаларындағы — өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылатын автоматты немесе "кіріктірме тұрақтандырғыштың" іс-әрекетін қажет етеді.5/
Қазіргі экономистердің анықтауы бойынша, фискалдық саясат қаржылық саясаттың бөлігі болып табылады. Фискалдық саясаттың мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік- экономикалық құрылым мен үкімет басындағы тұрған әлеуметтік топтармен шарттасылған. Экономикалық негізделген фискалдық саясат салықтық жүйе арқылы орталықтанған құралдарды оптимизациялаудың мақсатының ізіне түсуде. Батыс экономистері фискалдық саясатты бөлек бөлмейді және мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін орындауын салықтар арқылы жүзеге асырудың қаржыландыруын түсіндіруімен, мемлекеттік шығындардың жағдайларын зерттеуінсіз салықтардың әсерін қарастырмайды.
Жұмыспен қамтылу, өндіру
көлемдерінің және инфляция қарқынының
өзгеру деңгейіне бағытталған
Дискрециялық емес фискалды саясат - бұл сондай-ақ жалпы табыстың циклдік ауытқудың нәтижесінде айтылған мөлшерлердің автоматикалық өзгеруі. Мұндай саясат тұрақтандырылған ықпал көрсететін ЖҰӨ өсу (кему) мерзіміндегі мемлекеттік бюджетке таза салықтық түсімдердің автоматикалық көбеюін (азаюды) болжайды./3/
Фискалдық саясат үкімет органдары мен басқарманың ғылыми негізделген және экономикалық мақсатқа сай тактикалық және стратегиялық құқықтық қызметтерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Фискалдық саясатты жүргізудегі бастапқы нұсқама болып тек қана құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, салық төлеушілерден салықтық төлемдерді төлету емес, сонымен қоса салық салудың ықпалының астында жиналған шаруашылық - экономикалық қатынастарды бүкілжақты бағалауды жүргізу. Сондықтан, фискалдық саясат - бұл бюджет - салықтық заңдардың үйғарымының автоматикалық орындалуы тиіс.
Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында өндірістің құрылымының өзгеруін, территориалды экономикалық дамуын, халықтың табыстылық деңгейін өзгерту мақсатымен ұлттық табысты қайта тарату үшін мемлекетпен фискалдық саясат қолданылады. Фискалдық саясаттың міндеттері келесілерге бағытталады:
- өзінің қызметтері мен міндеттерін орындау үшін мемлекетті қажет қаржы ресурстармен қамтамасыз ету;
- жалпы елдің шаруашылығын реттеу үшін жағдайларды жасау;
- нарықтық қатынастардың процессінде пайда болған халықтық табыс деңгейіндегі тепетеңсіздікті тегістеу.Халықаралық тәжірибеде фискалдық саясаттың үш тұрпатын бөледі.
Бірінші тұрпат - «алуға болатынның бәрін алу» принципімен сипатталатын максималды салықтар саясаты. Бірақ салықтардың көбеюі мемлекеттік табыстың өсімі жүктелмесе, бұл жағдайда мемлекетке «салықтық қапқан» дайын тұрады. Ставкалардың шектеулері анықталған және әр берілген жағдайда көптеген факторлардан тәуелді. Шетел ғалымдары бұл шектелген ставканы 50% анықтайды.
Екінші тұрпат - орынды салықтар саясаты. Ол кәсіпкерліктің дамуын және оны сәтті салықтық климатпен қамтамасыз етеді. Кәсіпкер максималды салық салудың астынан шығарылады, бірақ бұл мемлекеттік түсімдердің қысқару салдарынан әлеуметтік шаралардың шектелуіне әкеледі.
Үшінші тұрпат - салық салудың тым жоғары деңгейін қарастыратын фискалдық саясат, бірақ әлеуметтік қорлардың мағыналылығында. Салықтық табыстар әр түрлі әлеуметтік қорлардың көбейтілуіне бағытталады. Фискалдық саясат екі өзара байланысты әдістермен өткізіледі:
1) салықтық жоспарлау және болжау;
2) салықтық есептеме.
Жоғарыда айтылғандай, фискалдық саясат болашаққа есеп айырысумен өткізілетін, бұл салықтық стратегия, ал ағымды мемлекетте салықтық тактика. Бұдан, экономикалық дамудың тенденциясына жанаса ғылымдардың болжамын есепке ала отырудан объективті шындылығынан, қоғамдағы әлеуметтік жағдайының жайы, мемлекетпен жетілдірілетін салықтық стратегия келесі міндеттерді қудалайды:
- экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өндірістің циклдігін әлсіретуін, дамудағы сәйкестенбеулерді жою, инфляциялық процесстерді жеңу;
- әлеуметтік - пайданың өсімін ынталандыруды және халықтың табысының түсуін жаратпау жолдарымен белгілі әлеуметтік топтардың ықыласында ұлттық табиғатты қайта бөлу;
- қазыналық - мемлекеттің табыстарын көбейту;
- халықаралық - басқа елдермен экономикалық байланыстарды күшейту, төлем балансы қолайсыз жағдайларды жеңу үшін.
Фискалдық саясаттың өткізілу тұсында тактикалық іс - әрекеттердің негізделуі бюджет табыстарының құрылуында үлкен ролін ойнайды. Нақты нүктелі тапсырмалардың орындалуы бойынша салықтардың сәйкес жоспар кезеңі тұтас қатар өзара аралас іс - әрекеттерден құрылады:
- өткен кезеңде
экономикадағы пайда болған
- оптималды салық салудың
нұсқауларын бағалау, олардың
салықтық сынып қаржы - шаруашылық
қызмет тұрпаттарын, салық
- болашақ салықтық тәртіптердің артық көрінетін варианттарды негіздеу;
- өткен жылдың бюджеттің
орындалуының экспертизаның
- бюджеттік сыныпталудың
сәйкес статьялары бойынша
Мықты экономикада барлық фискалдық саясаттар үйлеседі. Қазақстан үшін фискалдық саясаттың бірінші тұрпаты үшіншімен үйлесуде сипатталады.
Қаржы саясатыньщ негізі болып фискалдық саясат, яғни үкіметтің салық салу жүйесіндегі және мемлекеттік шығындарды реттеуі төңірегінде жүргізетін бюджетті - салық саясаты саналады.
Фискалдық саясатқа мемлекеттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады, яғни бір жағынан салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толтыратын болса, ал екінші жағынан — оларды жұмсау қызметімен айналысады. Мемлекет дәл осы қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті халықтың қоғамдық игіліктері мен қызметтерін түтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.
Мемлекет халықтың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында белгілі бір әлеуметтік саясат жүргізеді. Ал мемлекеттің кірісті қайта бөлу функциясы, біз жоғарыда айтьш өткендей, мемлекеттің салық жүйесі арқылы, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламалары арқасында тұрмыс деңгейі нашарларға — мемлекетгік көмек көрсету, жұмыспен қамту аясында да белгілі саясаттар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттің фискалдық саясатының басты міндеті болып, салық ставкаларын үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту. Фискалдық саясатты жүргізу - еліміздің занды органдарының айрықша құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту және бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды.
Азаматтардың конституциялық құқығына байланысты әркімнің жеке табысына қарамастан жалпы білімге, жасына байланысты әлеуметтік қакмтамасыз етілуіне, мүгедектікке, асыраушы адамның жоғалтуына байланысты балалардың тууы мен тәрбиеленуіне, жұмыссыздарға және ауруына байланысты тегін дәрігерлік көмекке құқықтары бар. Басқаша айтқанда, әлеуметтік аяда, нарықтық механизмнің әрекеті әлеуметтік мемлекеттің имандылық принциптерімен шектеледі. Сондықтан да ақылы қызметтерді әсіресе дәрігерлік және жалпыға білім беруді үйлестіру, халық табысының дифференциациясымен және деңгейімен теңестірілуі қажет.
1.2 Фискалдық саясаттың халықаралық тәжірибесі
Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасындағы басты мәселелердің бірі фискалды саясатты жетілдіру және оны тиімді пайдалану болып отыр. Осыған байланысты экономикасы дамыған елдердегі фискалды саясатты қалыптастыру төңірегіндегі теориялық және тәжірибелік тәжірибелерін зерттеу маңызды мәнге ие болып отыр. Кез келген елде экономикалық ойдың тұтас саласы бар – ол басқа елдердің тәжірибесін өз елін өркендету мақсатында пайдалануды зерттейтін шет елдердің экономикасы.
30 жылдарға дейін Батыс елдерінде фискалды саясат ұлттық экономикаға әсер ету құралы ретінде қолданылмады. 1929-1933 жж аралығындағы дағдарысқа дейін фискалды саясаттың мәні бюджеттің балансын қалыптастыру мақсатында кірістер мен шығыстарды салыстыруға әкеліп тірелді. 1932 жылы бюджеттің маңызды жетіспеушілігін жабу мақсатында АҚШ-та салықтарды көтеру акциясы жүргізілді, ал ол өз кезегінде дағдарысты тереңдете түсті. Бұл жағдай туралы Э.Хансен: «Фискалды саясат пайдалы деп саналғанымен, қарапайым іске келіп тірелді – үкіметтік күрделі салымдарды жақсы уақыттан нашар уақытқа ауыстырды» деп жазды.
АҚШ-тағы 30-шы жылдардағы дағдарыс пен фискалды саясат мемлекеттегі экономиканың жағдайына әсер етуші күшті факторға айналды. Оның шаруашылық саясатында федералды бюджет қаржылық тұрақтылық құралы және экономикалық өсуді ынталандырушы құрал ретінде жоғарғы белсенділікпен толықтырылды.Инфляциялық тенденцияны ырықтау қажет болған кезде салықтарды көтеру мен мемлекеттік шығындарды қысқартудағы жалпы әдістемесі бір қалыпты жағдайға айналды және керісінше, құлдыраумен күресу үшін салықтарды төмендету мен шығындарды көтеру жүзеге асырылды./15/
Ұлттық экономиканың өсуі мен әлемдік шаруашылық байланысының күрделенуі осы қарапайым схемамен белгіленген тәсілдерді жетілдіру мен күрделендіруге әкелді. Бірақ қазіргі таңда нарықтық белсенділіктің дамуының жеңісін тек қана үкіметтік қаржыға ғана емес, сонымен қатар фискалды шаралармен жеке сектор шығындарына да әсер ететін координацияланған және өлшенген несие – ақша тетіктерінің үйлесімділігі әкеледі.
Сонымен нарықтық экономиканы реттеудің ақыры нәтижелігін көтеру үшін фискалды және несие – ақша саясатының үйлесімділігін пайдалану, атап айтқанда: нарықта мемлекеттік сатып алуды өтімділікті ұлғайту бойынша Орталық несие мекемесінің шараларымен келісу, ал ақшаның номиналды санын – салық салудың өсуімен немесе мемлекеттік шығындарды қысқартумен келісу арқылы жүргізу қажет. Аралас саясатты пайдалану қажеттілігі бірнеше альтернативті мақсаттарға бірден жету қажет болған жағдайда да пайда болады. Тұрақтандырушы саясат бір немесе бірнеше комплементарлы мақсатқа жетуге бағытталғанда, фискалды және монетарлы саясаттар бір бағытта болуы мүмкін – екеуі де экспансиондық, немесе рестриктивті – осыған байланысты олардың үйлесімді әрекеттерінің тиімділігі арта түседі. Бірақ бір уақытта екі мақсатқа жету қажет болған жағдайда - бір саясаттың рестриктивті нұсқасын, екінші саясаттың экспансиондық нұсқасымен үйлестіру қажет болады.
Енді фискалды саясат пен монетарлы саясатты осы байланысын тәжірибеде пайдалану мен қарастырудың мысалын сипаттап көрейік. /16/
Монетарлық талдау монетарлық саясаттың шығару мен бағаға әсер ететін тікелей түрін қамтамасыз етеді. Бірақ монетаристе фискалды саясатты тұтасымен басқаруға мүмкінді бар ма деген сұрақ туындайды?. Ол мүмкіншілік бар, өйткені фискалды саясат пайыс ставкасына әсер ете алады және ол өте маңызды. Бұл жағдай қалай жүзеге асады.
Тауар мен қызметтерге мемлекеттік шығындар өскен кезде нақты өнім шығару мен бағада қандай өзгерістер болады?. Біз нақты жалпы ішкі өнім мен баға деңгейінің және номиналды жалпы ішкі өнімнің өсетінін білеміз.
Монетарлы саясат пайыздық ставкаға әсер ететін жалғыз саясат емес, фискалды саясат та пайыздық ставкаға әсер етеді. Атап айтқанда: мемлекеттік шығындардағы өзгерістер немесе салық ставкасын төмендету пайыз ставкасын жоғары көтереді, осы уақытта рестриктивті фискалды саясат пайыздық ставканы төменге жылжытады.
Мемлекеттік бюджеттің теңгерімділік мәселесі американдық үкіметтің алдында ұзақ уақыт бойы тұр және осы сұрақты шешудегі фискалды саясат құралдарының ролі зор.
Үкіметтің басты мақсаты бюджетті ұзақ уақыт бойы теңдестіру болған жағдайда үкімет фискалды саясатты пайдаланды деп есептеп көрейік. Егер де жеке шығындар қайсібір себептер салдарынан төмендесе, мультипликатор жалпы ішкі өнім қисығын төменге жылжытады. Өйткені фирмалар мен үй шаруашылығынан түсетін салықтық түсімдер жалпы ішкі өнімнің төмендеуі салдарынан төмендейді, бюджеттік теңгерімділік жоғалады және нәтижесінде жетіспеушілік пайда болады. Қажетті тепе – теңдікті қайтару үшін үкімет жүргізетін саясатына байланысты мемлекеттік шығындарды төмендетуі немесе салықтарды көбейтуі қажет.
Сондықтан да тиімді фискалды саясат монетарлы саясат құралдарының жұмысына да тәуелді болады, қайсібір құралдың мақсаты мен жұмысына байланысты әрбір саясат әртүрлі қызмет етеді, яғни теңестірілген бюджет бір монетарлық саясатқа, жетіспеушілік пен артық көлем келесісіне тән болуы мүмкін. Бұл тұжырымды сипаттап көрейік. Мысалы, Конгресс пен президент теңестірілген бюджет жағдайында жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтары толық жұмыспен қамту деңгейінде қиылысады деп есептейді делік. Бұл жағдайда теңестірілген бюджет тиімді фискалды саясаттың нәтижесі болып табылады.
Сонымен қатар ФРЖ (федералды резерв жүйесі) мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігін жаба отырып ақша нарығындағы интервенция арқылы фискалды саясатпен тікелей немесе жанама түрде байланыста болады. Бюджеттік қарызды жабу үшін ақша базасы ФРЖ арқылы екі жолмен жүзеге асуы мүмкін.
Рестриктивті фискалды саясатты жүргізу (салықтарды ұлғайту) өндірісті интенсификациялау мен жеке инвестициялардың өсуіне деген ынтаны төмендетеді.
Қорыта келгенде монетарлы және фискалды саясаттардың біріккен жұмысы маңызды экономикалық көрсеткіштерге әкелді: бюджеттік шығындарды федералды деңгейде шектеу ұлттық жинақты ұстап тұруға және Федералды Резерв жүйесінде басқаша жағдайда мүмкін болмаған төменгі пайыз ставкасын сақтауға мүмкіндік берді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде АҚШ пен ФРЖ жүргізген монетарлы және фискалды саясаттардың қосындысы экономикалық дамуға негіз болады және дамушы елдердің экономикасына мысал бола алады. Тәжірибелік мысалдар негізінде несие ақша және фискалды саясаттардың үйлесімді әрекеттері арқылы экономикалық жүйеге бөлшекті және тұтас бақылау жасауға болатындығы анықталды және сонымен қатар ресурстарды тиімді пайдалануға, кәсіпкерлікке көлемді инвестицияларды жасауға, еңбек өнімділігінің икемді өсуіне, жұмысшылардың жалаұысына қолайлы әсер етеді./16/
Егерде әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, кез-келген елдің даму дәрежесі әлеуметтік аяға жұмсалған қаржы дәрежесіне тікелей байланысты. Қазіргі заманның өзінде, дамыған батыс елдерінің көбісінде инвестицияны әлеуметгік аяға, соның ішінде адамзат капиталына салу, ұлттық байлықтың материалды-заттай элементгеріне салынатын капитал салымына қарағанда әлдеқайда жылдам артуда. Сондықтан да бағытта, әлеуметгік жағдайға қарай бұрған кезде, қайта бағытталудың мақсаты мен соңғы нәтижесі болып, экономикалық өсудің негізгі көзі мен экономиканың ең негізгі факторы болып табылатын - адамзат капиталының өсуі ескерілуі қажет.
Нарық жүйесi дамыған елдерде бұл механизмдi қолдану тәжiрибесiн зерттей отырып, мынадай бiрнеше негiзгi қорытынды шығаруға болады:
Монетарлы саясаттың әскерiн “сезiнетiн” ұзақ мерзiмдi тәжiрибенiң басым болуы кейнсиандық ақша сұранысы теориясы мен оның трансмиссиондық механизмi әлсiздiгiнен пайыз мөлшерi және инвестицияға дем берудiң арасында байланыстың жоқтығы туралы қорытындысының қиынсыздығын көрсетедi, айқындайды. АҚШ-тағы бұл тәжiрибеге терең талдау жүргiзу нәтижесiнде П. Самуэльсон ақша массасының қысқаруының салдары болып келетiн несие бойынша пайыз мөлшерiнiң өсiмi бұл несиеге физикалық және заңды тұлғалардың қол жеткiзуiне қиын жағдай туғызатыны туралы қорытынды жасайды. Ал несиенiң қымбаттылығы мен қолайсыздығы, өз кезегiнде, дербес және мемлекеттiк инвестициялаудың қысқару иенденциясына әкеледi. Бiрақ бұл тенденция күштi трансмиссиондық механизмдi қолдану арқасында бiраз нивелирленуi (тегiстелiнiлуi) мүмкiн (яғни акцияны, қозғалмайтын мүлiктi, қолда бар тауарды iске асыру арқасында инвестицияны ынталандыру).
Көптеген жағдайда несиенiң арзандылығы (пайыз мөлшерлемесiнiң төмендеуi) депрессия жағдайында инфляцияны жеделдететiнi туралы қорқыныш бастан-бос. Бұл жағдайда несие, егер ол тек өндiрiстiк инвестициялауды жеделдетсе нарыққа шығарылған тауарлардың санын артырады. Мұнда, басқа да теңгермелi жағдайда (тұрақты баға мен ақша айналымының жылдамдығы) айналымдағы тауар массасының өзгеруiне байланысты ақша массасының өзгеру деңгейiн көрсететiн мультипликатордың абсолюттi параметрлерiн анықтау қиын емес. Егер бұл несие басқа құрылымға келiп түссе, онда ол ақша массасын көбейтiп, артық сұранымның пайда болуына әкеледi.
Егер фискалды және монетарлы саясат жалпы мемлекет мақсатында жүргiзiлетiн болса, онда пайыз мөлшерiнiң деңгейi (несиеге байланысты) мемлекеттiң бақылауы мен реттеуiнде болуы керек. Экономика мен фискалды саясатты дамыту (жетiлдiру) кезiнде несиенiң өндiрiстiк инвестицияны жеделдетудегi ролiнiң төмендеуi қисынсыз көрiну мүмкiн. Несиелiк және салық жеңiлдiктерiнiң берiлуi, сыртқы экономикалық тарифтiк саясаттың шамадан тыс икемдiлiгi – мемлекеттiк реттеудiң сенiмдi тетiктерi, мұнда АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапоияда, Оңтүстiк Кореяда, Францияда, Италия және т.б. елдерде қолданып талдау жасаған кезде айқындалды. Бiрақ бұл тәжiрибе ҚазақстанҮкiметi 1994 жылдың басында кез келген несиелiк және салықтық жеңiлдiктердiң алынып тасталынуы туралы шешiм қабылданғанда ескерiлмедi.
Батыстың дамыған елдерінің заң шығаруын оқып білгенде, ондағы қолданылатын салықтар мемлекеттік саясаттың маңызды рычагі ретінде нарықтық жағдайда экономиканың дамуына бағыттауға рұқсат береді. Басқа әдістермен қатар салықтық жүйе мемлекет пен экономиканың дамуына әсері үшін қолданылады.
Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады. Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы рететудің тікелей әдісі болып табылады, бұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.
2. Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясаттың негізгі бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының
фискалдық саясатының
Салықтардың ең маңызды қызметі барлық мемлекеттерге тән фискалды қызметі болып табылады. Фискалды қызметтің көмегімен мемлекеттік ақша қорлары құрылады және мемлекеттің қызмет етуі үшін қажетті материалдық жағдайлар жасалады. Онсыз өмір сүре алмайтын мемлекетке ақшалай қаражаттың нақты сомасын жұмылдыру секілді салықтың дәл осы фискалды қызметі арқылы салықтар өзінің қоғамдық міндетін жүзеге асыра алады.
Президентіміздің халыққа жолдаған “Қазақстан -2030” Жолдауында атап көрсеткен мемлекеттік сектордың бірінші кезектегі міндеті экономиканы тұрақтандыру болып табылады. Мұндай тұрақтылық ішінара фискальдық саясат құралдарымен жүзеге асырылады.
Фискалдық саясаттың көмегімен мемлекет экономиканың бірқалыпты өсуіне, бағаның тұрақтануына және халықтың еңбекке жарамды бөлігін жұмыспен қамтуға қол жеткізе отырып, экономикада инфляцияның алдын алуға шаралар қолданады.
Фискалдық саясат саласында экономиканың теңгерімді және сапалы өсу мақсаттарына қол жеткізу үшін:
- елді дамытуға тапсырылған көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ жағдайлардың өзгеруіне жедел ден қою мақсатында фискалдық құралдарды тиімді пайдалану (бюджет шығыстары, салық жүктемелерін реттеу, Ұлттық қордың қаражатын және бюджет тапшылығы және т.б.);

- Қазақстан Республикасындағы фискальдық саясат
- Қазақстан Республикасындағы фискальдық саясат
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің механизмі
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні
- Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оның дамуы
- Қазақстан республикасындағы шағын кәсіпорын
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі
- Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі
- Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлер
- Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
- Қазақстан Республикасындағы төлем балансының қиыншылықтарын шешу және дамыту жолдары
- Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы