Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1. Мемлекеттік бюджет
– экономиканы мемлекеттік басқарудың
құралы ретінде.......................
1.1 Бюджеттің
экономикалық маңыздылығы................... .............................. .5
1.2 Бюджеттік
құрылым....................... .............................. .............................. ..8
2 Қазақстан Республикасының бюджет саясаты және оның қызметтері....11
2.1 Қазіргі жағдайда бюджетті
пайдалану..................... .............................. ...11
2.2 Қазақстан
Республикасы бюджет жүйесін
қалыптастыру..................
2.3 Экономиканы
мемелекеттiк реттеудегi
3. Қазақстан Республикасының
бюджет саясатын жетілдіру жолдары.......21
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, анықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі.
Осы
қаржы жүйесінің ең маңызды саласы
— мемлекеттік бюджет. Осы қаржы
жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына
жүктелген қызметтерін
Бюджеттің
рөлі, мәні және процедуралық аспектілері
экономикада нарықтық қатынастардың
белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі
өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын
жүзеге асыру бойынша негізгі
құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік
қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік
және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,
денсаулық сақтау және білім сферасын
дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік
қамтамасыздандыруды көрсету. және
де экономиканың нақты секторының дамуын
қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді.
Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің
институционалды негізінің
Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектор аралық, сала аралық, территория аралық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.
Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы әр түрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т.б. сұрақтарын шешедi.
Бюджет
мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық
мемлекеттiк органдардың өмiр
сүруiнiң қаржылық базасын құрайды.
Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау
органдары, атқару органдары, мемлекеттiк
мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын
ұйымдар сәйкес бюджет есебiнен өмiр
сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар
мемлекеттiк әлеуметтiк-
Бюжетті дұрыс пайдалану - қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми - техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай, дұрыс жұмыс істеуі болмайды.
Сол сияқты, біздің еліміздегі эконмикалық реформалау қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Қалыптастыру өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі.
Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республиңкасының бюджет саясаты және оның қызметтерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
-
Бюджеттің экономикалық маңыздылығын
ашу;
- Бюджеттік құрылымды қарастыру;
- Қазіргі жағдайда бюджетті пайдалану мәселелеріне тоқталу;
- Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыруын қарастыру;
-Экономиканы
мемелекеттiк реттеудегi
1 Мемлекеттік бюджет – экономиканы мемлекеттік басқарудың құралы ретінде
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы
Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өзіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес сала ретінде бар болуы, дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен алдынала объективті анықталған.
Ақша
құралдарының орталықтануы барлық халық
шаруашылығы масштабындағы
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін, мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы - адамдардың субъективті қалауы емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекеттің өндірілетін жоспарланған қарқынын және үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді телімдерінде шоғырланады [1,21б].
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет өзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады - жалпы мемлекеттік қаржыларды қанағаттандырады.
Бюджет
қатынастары арқасында ғылыми-
Біз көріп отырғанымыздай, мемлекетгік бюджет қаржылық қатынастардың анықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет құнды бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен сипатталады: Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;
Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен, экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;
Қоғамдық
өнімнің тауарлы түріндегі
Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктермен анықталады;
Бюджеттік
бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің
басқа салаларымен
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып бөлінеді. Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның кірісті бөлігіне салық, салықтық емес түсімдер жатады, ал шығысты бөлігіне - әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз етуге кеткен шығындар, мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және т.б. Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады [2,39б].
Мемлекеттік баланс концепциясы барлық мемлекеттік шығындар мен кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады. Алайда тәжірибеде бюджеттің шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін ішкі және сыртқы қарыз деп бөледі. Сыртқы қарыз көмегімен жабылатын жалпы тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет экономикасына ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде шығындардың өсуіне әкелсе, онда ол ішкі сұранысқа әсер ете алмайды.
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялық банктерден және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен алынған таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық факторларды анықтауда басты рөльді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай есептеудің нәтижелері нақты болмауы мүмкін, өйткені ол салықтық база эволюциясын есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай құрылым дезагрегаттық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегаттау керек.
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған кұн мөлшері табылады, табыс салығы үшін - салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т.б.
Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да (мысалы, салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін. Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп атауға болады.
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді. Мысалы: салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде өзгермеді деген шарт қойылсын. Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат үшін пропорционалды корректировка әдісі қолданылады. Бұл әдіс фактілі салықтық түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс, баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы есептеледі [3,97б].
Мемлекет
табыстарына қарағанда
1.2 Бюджеттік құрылым
Бюджеттік
жүйе – мемлекетте жұмыс істейтін
барлық бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Бюджеттен тыс қорлардың
Осыған сәйкес мемлекеттік бюджет екі деңгейдегі бюджеттерден – республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады. Сондай-ақ мемлекеттік қаржылардың ішінде бюджеттен тыс қорлар үлкен роль атқарады. Қазір мемлекетімізде тек екі бюджеттен тыс қорлар бар. Олар мемлекеттік Зейнетақы қоры және Ұлттық қор. Бұрын, 1999 жылғы Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданға дейін бірнеше бюджеттен тыс қорлар болған (жол қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргізу қоры, әлеуметтік қор, еңбекпен қамтамасыз ету қоры, табиғатты қорғау қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры, т.б.). Қазір бұл қорлар қысқартылған. Қазіргі кезде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер республикалық бюджетке барып түседі де, әртүрлі салаларға және территорияларға бөлінеді. Жергілікті бюджеттерге барып түсетін кіріс көздер бар, бірақ олар аз көлемде.
Мемлекеттегі
бюджеттер бір-бірімен тығыз
Бюджеттердің құрылысы: [4,217б].
1) Түсімдерден:
- кірістерден;
- алынған ресми трансферттерден, қайтарылған кредиттерден;
2) Шығыстардан:
- шығындардан, кредиттерден;
3) Бюджет тапшылығынан ( профицитетінен );
4) Бюджет тапшылығын қаржыландырудан (профицитті қолданудан) тұрады.
Мемлекеттік
басқаруды және мемлекеттік саясатты
жүзеге асыру үшін бірнеше шаралар
комплексі қабылданады. Оларды біз
бюджеттік бағдарламалар
Мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрі:
1. Салықтар.
Салықтар дегеніміз - мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін, мемлекеттің шығыстарының орнын толтыруға арналған - мемлекеттік қорлар құру үшін мәжбүрлі түрде, ақысыз, қайтарылмайтын, міндетті түрдегі ақшаларды алу болып табылады.Сондай-ақ, бюджетке салықтардан басқа да міндетті төлемдер келіп түседі. Оларға жататындар: алымдар, баждар, төлемдер.
2.
Алым сияқты міндетті төлемнің
құқықтық мазмұнын анықтау
а) Алым бір реттік төлем болып табылады, ал салықтық төлемдер үшін – тұрақты ұзаққа созылған қатынастар тән;
б) Алым салыққа қарағанда экономикалық мағынада салыстырмалы эквивалентті болып табылады, заңдық мағынада салыстырмалы қайтарылатын төлем болып табылады. Алым төлегені үшін субьект белгілі бір құқықтарды иеленеді немесе мемлекеттен қандай да бір рұқсаттарды алады.
в) Салыққа қарағанда, алымды төлеу салыстырмалы ерікті түрде болады. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға, егер қандай да бір қызметпен айналысқысы келсе алым төлеуге міндетті.
3. Баж.
Бюджетке
түсетін келесі міндетті төлемнің түрі
– баж болып табылады. Баж
дегеніміз заңды маңызды
а) Баж – бюджеттің, яғни жалпы мемлекеттің кірісі, ал алым – төлеушіге қызмет көрсеткен ұйымның кірісі. Сондықтан, классикалық теорияға сәйкес, баж – фискалды төлем, ал алым – чиновниктік төлем.
б) Баж – көрсетілген қызметтің бағасынан тәуелсіз алынады, ал алымның мөлшері – көрсетілген қызметтің бағасына сәйкес болады, яғни алым, мемлекеттік орган жіберген шығындардың орнын толтыруға тиісті.
4. Төлем.
Бюджетке төленетін келесі міндетті төлемнің түрі – төлем. ҚР бірнеше төлемдердің түрлері бар. Олар мемлекеттің меншігіндегі пайдалы қазбаларды пайдаланғаны үшін алынады.
Республикалық
бюджеттің кіріс көздерін атайтын
болсақ, салықтардың ішінде: корпоративті
табыс салығы, қосылған құнға салық,
акциздер, жоспардан тыс түскен табысқа
салық. Баждардан: біздің терриориямызға
алып кірілетін тауарларға, алып шығарылатын
тауарларға кедендік баждар, роялти, бонустар,
кедендік бақылау мен кедендік процедуралардан
түсетін түсімдер. Алымдардан: гербтік
алым, Қазақстан Республикасы территориясынан
автотранспорт құралдарының өткені
үшін алынатын алым, азаматтық әуе
кемелерін, теңіз, өзен кемелерін тіркегені
үшін алынатын алымдар, радиоэлектрондық
құралдарды тіркеу үшін алынатын алымдар,
дәрілік құралдарды, радиожелілік ресурстарды
тіркегені үшін алынатын алымдарды
айтамыз. Сондай-ақ, салықтық еместер
кірістер де бюджетті қалыптастырады.
Айталық, республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың пайдалары, Ұлттық
Банктің пайдасы, республикалық
меншіктегі кәсіпорындардың дивиденттері,
мемлекеттік лотореялардан
Ал,
жергілікті бюджеттердің кірістеріне
спирттің барлық түрлеріне, темекі өнімдеріне,
икра мен қызыл балыққа, қымбат металлдарға,
бензинге акциздер, әлеуметтік салықтар
және жеке табыс салығы, жеке тұлғалар
мен заңды тұлғалардың
2 Қазақстан Республикасының бюджет саясаты және оның қызметтері
2.1 Қазіргі жағдайдағы бюджетті пайдалану
2010 жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер көлемі 722 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд. теңге) деңгейінен 27,7% артық. 2009 жылдың тиісті кезеңімен (541,6 млрд. теңге) салыстырғандан есиелерді есепке алғандағы шығыстар 42% өсті және 2010 жылдың 1 қаңтарына 768,9 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің тапшылығы 46,9 млрд. теңге деңгейінде анықталып отыр [6,211б].
Есепті
кезеңде республикалық
Шығындардың
негізгі бөлігі - 35,2% әлеуметтік сала
мен жалпы мемлекеттік
2010 жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлімі мен 2008 жылғы республикалық бюджет жобасына салыстырмалы анализ.
Осы зерттеудің негізгі мақсаты, экономиканың осы сияқты салаларына мемлекеттік шығындар динамикасын жасау: [7,21б].
- денсаулық сақтау
- білім беру
- әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек
- тұрғын-үй шаруашылығы
- ғылыми зерттеулер
- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау Республикалық бюджет елдің негізгі қаржылық құжаты болып табылады. Оның негізінде Қазақстанның барлық аймақтардың бюджетің қамтитын мемлекеттік бюджет құрылады.
Өткізілген зерттеулер келесіні көрсетті:
2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігі 977 897 923 мыңнан 1 089 756 277 мыңға дейін көтеріліп, 11,44%-ке өсті.
2010 жылғы республикалық бюджеті толығымен пайдаланбады: 01.10.2010 кезеңіне ағымдағы жыл бюджеті 700 625 000 мыңға орындалып. ол 71,65% ғана құрайды.
2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде білім беру шығындары 20 757 348 мыңға өсті (57,11%). Соның ішінде білім беру шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5,24% құрып, 1,52%-ке өсті.
2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде денсаулық сақтау шығындары 25 658 814 мыңға өсті (85,36%). Соның ішінде денсаулық сақтау шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5,09% құрып, 2,04%-ке өсті.

- Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде шағын және орта бизнесті несиелеу
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері
- Қазақстан Республикасының еңбек кодексі
- Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары
- Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі
- Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның түрлері
- Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметі
- Қазақстан Республикасының банк реформалары
- Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметтері
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының Жобасы
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
- қазақстан республикасының бюджеті
- Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары