Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары
Кіріспе
І Жергілікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
1.1. Жергілікті
басқарудың мәні мен
1.2. Жергілікті
өзін өзі басқару қызметтері
және оны ұйымдастырудың
1.3. Жергілікті өзін өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі
ІІ Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару және дамуы
2.1. Қазақстан республикасындағы жергіліктік өзін өзі басқарудың қазіргі жағдайы
2.2. Ақтөбе облысының жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері
ІІІ Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Мемлекеттік билікті
орталықсыздандыру мен қоғамды
демократияландыру аясында
Саяси жаңарудың барлық кешенінің шешімі жағдайдың тұрақсыздануына, азаматтық жанжалдар мен сілкіністерге жол берілмеуіне негізделген. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев саяси реформаларды жүзеге асыру жолындағы асығыстыққа өзінің қарсы екендігін үнемі ескерте отырып, саяси реформаларды іске асыру кезінде көп этностық қоғамда рухани келісім мен тұрақтылықты сақтап қалу қажет екендігін түсіндіреді. «Мен эвалюциялық дамудың, яғни қоғамды бірте-бірте, обьективті жағынан даярланған реформалаудың жақтаушысымын» - дейді Н.Назарбаев. Дербес дамудың өткен 20 жылында Қазақстан өзінің ұлттық мүделерін, сыртқы саяси бағдарлары мен іс-әрекеттерінің және ішкі саяси бағдарламасын белгілей алды.
Тақырыптың өзектілігі: Жергілікті өзін - өзі басқаруды аумақтық ұжым тікелей сайлау жолымен, сондай–ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарына іс жүзінде танылған қоғамдық өзін - өзі бақару комитеттері, жолдастық соттар, ерікті халық жастары, көше, үй және квартал комитеттері, халықтың өз күштерімен құрған өзге де ұйымдары жатады.
Жергілікті өзін - өзі басқару нысандарына халықтың жергілікті сұрау салуын, жиналыстары мен нысандарын, халықтың тұратын жеріндегі кәсіби және өзге де ерік білдірулерін жатқызуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – дамыған шетелдік мемлекеттердің жергілікті жерлердегі өзін–өзі басқару тәжірибелерін пайдалана отырып, экономикамызды көтеруге үлес қосу.
Жұмыстың негізгі мәселесіне – еліміздегі жергілікті өзін - өзі басқарудың мәні мен қоғам өміріндегі маңызы, оның құрылымы, қызметі мен облыстық деңгейде басқару әдістерін жан-жақты ашып көрсету.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың І
бөлімінде жергілікті басқарудың мәні
мен сипаты, шетелдік тәжірибесі келтірілген.
Ал ІІ бөлімде жергілікті басқару
органдарының қызмет негіздері ашылса,
жергілікті басқарудың француздық үлгісі
де көрсетілген. ІІІ бөлімде жергілікті
басқаруды мемлекеттік тұрғыдан реттеу
жағдайлары қарастырылған.
І Жергілікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен маңыздылығы
Қазақстан
Республикасындағы қазіргі
Жергілікті өзін-өзі басқару - "... шешім қабылдауды неғұрлым адамдарға жақындату, олардың сөзсіз жүзеге асуына мүмкіндік береді, өйткені барлық үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады".
Еуропалық Хартияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік істердің мардымды бөлігін регламенттеу және де оны басқару құқығы мен нақты қабілеті деп түсініледі.
Жергілікті
өзін-өзі басқару Еуропалық
Жергілікті
өзін - өзі басқару органдары
Қазақстан
Республикасының жергілікті және өзін
- өзі басқару мемлекеттік
Жергілікті өзін - өзі басқарудың құрылымдарына – азаматтардың тұрақты тұратын аумақтық құрылымдарда жеке өздері тұрғындар тобы жинақы тұратын және де тарихи, ұлттық және басқа да жергілікті мүдделерін ескере отырып, жергілікті деңгейдегі мәселелерге байланысты шешімдерін қабылдауға шақырылған, билікті жүзеге асыратын ұйымдастырылған нысан.
Жергілікті өзін - өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай –ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
Облыстық жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру нысандарына: тікелей сайлаулар, азаматтардың жалпы жиналыстары, азаматтардың конференциялары жатады.
Жергілікті өзін - өзі басқарудың функцияларына: облыс территориясындағы жергілікті істерді шешуге тұрғындардың қатысуын қастамасыз ету, коммуналдық меншікті және қаржылық құралдарды басқару, облыстағы аумақтардың дамуын қамтамасыз етуді, облыс тұрғындарына әлеуметтік – мәдени, коммуналды – тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету, облыс территориясында қоғамдық тәртіпті қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүдделері мен құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әрбір жергілікті өзін - өзі басқару органдары өздерінің жарғысын қабылдайды. Жарғыны өз бетімен дайындайды. Жарғы қабылдағаннан кейін жария етіліп күшіне енеді.
Жарғыда мына төменгідей ережелер көрсетіледі:
- жергілікті өзін - өзі басқару органының аты, құрамы, территориясының шекарасы, таңбасы;
- жергілікті өзін - өзі басқаруорганына қатысты мәселелер;
- халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысу формалары, тәртібі және кепілдігі;
- жергілікті өзін - өзі басқару құрылымы, оны құру тәртібі, жергілікті өзін - өзі басқару органының және лауазымды тұлғалардың өкілеттігі, олардың өкілеттігінің мерзімі;
- жергілікті өзін - өзі басқару органының нормативтік құқықтық актілерінің түрлері, қабылдау тәртібі және күшіне енуі;
- муниципалды қызметті ұйымдастыру шарты мен тәртібі;
- жергілікті өзін - өзі басқару өзін - өзі басқаруды жүзеге асырудың экономикалық және қаржылық негізі;
- жергілікті өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері; [1. 15б]
1.2. Жергілікті өзін өзі басқару қызметтері және оны ұйымдастырудың принциптері
Көптеген
Жергілікті өзін өзі басқарудың экономикалық негізі мына түрде қалыптасады.
а) Жергілікті өзін өзі басқару қауымның меншігі;
б)Мемлекеттік меншіктің жергілікті өзін өзі басқару органдары басқаруына берілген мүлігі;
в)қолданыстағы заңға сәйкес жергілікті қауымның қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі бар басқада меншік түрлері;
г)жергілікті қаржылар.
Өзін өзі басқарудың экономикалық негізін тану тек берілген негіздегі құрылымдық компоненттерін білу ғана емес, сондай-ақ заңдық аспектілерін де білу өте маңызды. Қолданыстағы заң негізінде бірқатар түсініктер қолданылады: меншік, мүлік, мүліктік құқық.
Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру тәртібі қабылданған.
Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті басқару мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.
Коммуналдық
меншік жалпы-халықтық немесе қоғамдық
меншіктің құрамдас бір бөлігі ретінде
аймақтық ұдайы өндіріс жүйесінде,
сонымен бірге жалпы
Осы мақсатқа орай коммуналдық меншікке байланыста экономикалық қатынастарды ұдайы өндіріс циклының кезеңдерінде көрсетуді қажет етеді. Ұдайы өндіріс процесіндегі өндіру кезеңінің маңызын жоққа шығармай отырып, сонымен бірге коммуналдық меншік үшін тұтыну кезеңінің ерекшелігін атап өту керек. Себебі коммуналдық меншіктің шын мәніндегі объектісі түпкі игіліктер болып табылады, ал оларды өндіру коммуналдық меншіктен басқа меншіктің басқа нышандарында жүзеге асырылуы әбден мүмкін.
Өндіру
кезеңіндегі меншік қатынасы өндіріс
құрал-жабтықтарымен жұмысшы-
Осыған байланысты, дәлірек айтсақ, өндірілетін игіліктердің ерекшелігіне қарай өндіріс құрал-жабдықтарын иемденудің негізінде еңбектің ерекше сипаты жатыр. Бұндай еңбектің шығыны, дербес сұраныммен реттелмейді, олар өндіріс процесінде тікелей қоғамдық немесе қоғамдық-қажетті еңбек сипатында болады. Одан басқа, өндіріс құрал-жабдықтарын иемдену мемлекеттің атқарушы және өкілетті органдар арқылы жүзеге асырылатын болғандықтан, айырбас кезеңіне дейін тікелей өндіріс процесінде еңбекті қоғамдақ есепке алу орын алады. Қоғамдық меншіктің негізгі объектілері болып табылатын монополиялардың өндіріс құрал-жабдықтарының буындық құрылымы кеңістікте еңбектің шығынының көрінуіне мүмкіндік бермейді, бұл оларды тікелей өндіріс кезеңінде бақылауды қиындатады. Сондықтан осы игіліктің түпкі тұтыну кезеңіне аударады.
Коммуналдық
меншіктің арнаулы өндіріс
Өндіріс құрал-жабдықтары мен коммуналдық меншік объектісіне шаруашылық жүргізудің жалпы шарты, оның нәтижесіне жатады. Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық секторға барынша сәйкес қызмет көрсету саласы коммуналдық меншіктің маңызды құрамдас бөлігі б.т.
Қазақстандағы 5175 мемлекеттік меншік объектілерінің 90,4% коммуналдық меншікке тиесілі, ал ол объектілердің 85-90% қызмет көсетуді өндіру ролін атқарады.
Қызмет көрсету саласы материалдық және материалдық емес салаларын қамтитын болғандықтан, олардың қызметі материалдық және таза қызмет көрсету болып бөлінеді. Материалдық қызмет көрсетудің нәтижесі тұтыну құны, оны тұтынушыға жеткізу коммуналдық меншік объектісінің экономикалық өткізілуін сипаттайды. Саяси-экономикалық тұрғыдан материалдық игіліктерді иемдену қатынасы өндірістің нәтижесін иемдену бойынша қатынастардың құрамдас бөлігі б.т.
Коммуналдық қызметке барынша тән жергілікті басқару, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және тағы да сол сияқты салалар таза қызмет көрсету өрісіне жатады. Әрине бұл салалардың игілігі зат нышанында көрінбейді, бірақ олар сондай игіліктерді өндіруде қолданылатын материалдық құрал-жабдықтардан мықты тәуелді болады. Таза қызмет көрсетуді өндіру қоғамның жеке тұтынуының құрамдас бөлігі болғандақтан, оларды өндіретін құрал-жабдықтар қоғам үшін ерекше сипаттағы тұтыну заты б.т. Таза қызмет көрсетуді өндірудің тағы бір ерекшелігі – бұл салада еңбек құн жасалмайды және қажетті материалдық шығындардың құнын еңбектің нәтижесіне аудармайды. Бұл жерде тұтыну құны тиімді іс-әрекет ретінде тірі еңбектің өзі түрінде көрінеді (айталық, оқытушының лекциясы, дәрігердің консултациясы т.с.с.). Нарықтық экономика жағдайында материалдық емес өндірістің игіліктері ақшалай бағаланатын және ондай бағаланудың ерекшелігін ескеру маңызды. “Егер нарықта материалдық өнімдердің тұтыну құны және құны болатын болса, ал қызмет түріндегі тұтыну заттарының құны және айырбас құны болады”.
Коммуналдық меншіктің қызмет көрсету объектілерін теориялық тұрғыдан негіздеу мынандай қорытынды жасауды қажет етеді.
1-ден,
бұл объектілер коммуналдық
2-ден,
әлеуметтік-қоғамдық маңызы
3-ден, ең бастысы мұндай объектілердің экономикалық және құқықтық статустарын барынша нақты айқындау қажет, онсыз олар өздерінің әлеуметтік-қағамдық ролін тиімді атқара алмайды.
Көп жағдайда қоғамдық игіліктерді өндіретін мекемелердің тиімді жұмыс жасауы коммерцеиялық емес ұстанымдар негізінде құрылады. Сондықтан “ондай игіліктерді өндірудің барынша сәйкес механизмі, сол мекемелердің жұмысын міндетті салық салу және азаматтардың сайлау құқы арқылы қоғамдық таңдау механизмін пайдалану негізіндегі бюджеттік қаржыландыру б.т.” Бюджеттік қаржыландыру жақсы жолға қойылған аудит және бюджет қаржы процесін бақылау, аккредитация, сертификация, аттестация, басқа да мемлекеттік бақылау жүйесін қажет етеді.
Коммуналдық меншік объектілері болып табылатын көптеген әлеуметтік-мәдени салалар “квазиқағамдық”, басқаша айтқанда аралас қоғамдық қызметтер көрсетеді.
Сондықтан оларды ұдайы өндіру механизмі мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардың болуын қажет ететін аралас экономика ұстанымына негізделіп құралады. Бір жағынан мұндай мекемелерде пайда табу олардың іс-әрекеттерінің басты түрткісі бола алмайды, ал екінші жағынан дербес игілік қасиеті бар функциялары таза коммерциялық негізде орындалуы мүмкін. Басқаша айтқанда, азаматтар үшін ақылы және тегінде қызмет көрсетуді,оларды бюджеттік, нарықтық және рақымшалық негізде көп арналы қаржыландыруды көздейді. Жалпы аралас қоғамдық игіліктерді өндіруде белгілі бір заңдылық бар: игілік жергілікті қауымдастыққа неғұрлым маңызды болса, солғұрлым ол пайдалы, себебі ондай игілікке мұқтаждық бар және адамдар оны төлеуге дайын. Пайда алу мүмкіндігі, берілген игілікті өндірудің экономикалық немесе экономикалық емес сипатын көрсетеді. Игіліктің жоғарғы пайдалылығы, егер әлеуметтік институттар мен заң тарапынан бөгет болмаса, объектінің нарықтық айналысқа өтуіне кепілдік береді.
Жоғарыда ұдайы өндіріс процесінің өндіру кезеңінде коммуналдық меншік объектілерін иеленуге байланысты қатынастарға талдау жасалды.
Бірақ меншік объектісі меншік қатынастарының пассивті жағы екендігін ескерген жөн. Ал оның активті жағын меншік субъектілері құрайды. Себебі меншік иесінің меншікті иемдену құқы, оны экономикалық өткізу мүмкіндігі болады. Меншік субъектілеріне жеке адамдар топтар, немесе адамдардың қауымдастығы жатады, шын мәнәнде меншік құқы сол тұлғалардың мүддесіне қарай өткізіледі.
Осы тұрғыдан алғанда меншік қатынасы «субъект-объекті, «субъект-субъекті болып айрықшаланады. Субъектілік-объектілік қатынастар меншік қатынасының бастау және материалдық алғы шарты б.т. Ал субъектілі-субъектілік қатынастар әлеуметтік-экономикалық сипатта болады, және меншік иелерінің арасында мүлікті, өнімдерді, тауарларды, басқа да құндылықтарды бөлу нышандарын тудырады. Қорыта айтатын болсақ меншік қатынастарының пайда болуы үшін субъектінің өзін-өзі меншік субъектісімін деп сезінуі, түйсінуі, объектінің және басқа субъектілердің болуы қажет.[2.10]
Коммуналдық меншік субъектілерінің ұдайы өндіріс процесіне қатысу ұснанымы және өздерін меншік иесі ретінде өткізу шамасына қарай құрылған құрылымы болады. Коммуналдық меншіктің негізгі субъектісі – жергілікті билік органдарына меншік иесі функциясына өкілеттік беретін нақты коммуналдық тұрғындары. Жергілікті деңгейдегі ауқымды қажеттіліктердің негізінде қалыптасатын тұрғандардың терриоториялық мүдделері жергілікті қауымдастық тұрғындарын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болады, ынталандырады. Көп жағдайда жергілікті қауымдастықтың мүдделері пәрменді, олар жергілікті адамдардың тұрмыс, әдет, дәстүрлерімен байланысты болады. Сондықтан жергілікті басқару органдары тұрғындардың нақты мүдделерінің жаршысы ретінде жергілікті өндірісті тұтынуға бағдарлауға, онда болатын өзгерістерге барынша сезімтал болуға мәжбүр етеді. Шын мәнінде аумақтық жергілікті мүдделер коммуналдық меншік қатынастарының көрінісі б.т. Коммуналдық меншік субектілерінің күрделі құрылымы өндіріс құрал-жабдықтарын және шарттарын, әлеуметтік сала объектілерін пайдалануы бойынша жергілікті билік органдары мен билік басында тұрған мемлекеттік органдардың арасында, меншік субъектілері мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің, жұмыс істейтіндердің салалық топтары мен кәсіпорынның ішкі ұжымдары арасындағы экономикалық қатынастарды анықтайды.
Коммуналдық меншік субъектісіне байланысты экономикалық қатынастар жүйесін біржақты құқықтық пайымдау жергілікті аумақтың құрылым мәселелерін шешуде қолбайлау болуы, тіпті жергілікті басқару органдары тарапынан коммуналдық меншік обектілерін иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты билік жолсыздықтарына жол беруі мүмкін.
Шын мәнінде коммуналдық меншік субъектілерінің құрылымына мемлекеттік биліктің коммуналдық органдары, жергілікті билік және басқару органдары, коммуналдық құрылым аумағына орналасқан мемлекеттік, аралас, мемлекеттік емес нышандардағы шаруашылық жүргізу субъектілері, негізгі субъект болып табылатын жергілікті қауымдастық халқы кіреді. Коммуналдық меншік субъектілерінің күрделі құрылымын осылайша анықтау олардың арасында орын алатын экономикалық қатынастардың ұдайы өндірісінің әртүрлі кезеңдеріндегі тиімді өткізілуін жүзеге асыруға мүмкіндік берер еді.
Ұдайы өндіріс процесін бөлу кезеңінде коммуналдық меншікте тұрған игіліктерді бөлу және ұдайы өндіру шартының ұстанымдарын айқындау қажет. Коммуналдық меншік игіліктерінің ерекшеліктеріне қарай олардың елеулі бөлігі жергілікті қауымдастық мүддесіне сәйкес қажеттілік бойынша бөлінеді. Бірақ субъектілердің тұрған жеріне және әлеуметтік-кәсіби статустарының ерекшеліктеріне қарай коммуналдық меншік игіліктерін тұтынуда теңсіздік орын алады.
Бөлу
кезеңіндегі «субъектілік-
Айырбас процесінде әлеуметтік институттар қатыса алмайтын жағдай орын алуы мүмкін, олар тек қана жергілікті қауымдастық тұрғындары атынан тапсырыс беруші және сатып алушы бола алады. Осыған байланысты коммуналдық меншік субъектілерінде алынатын игіліктерді төлеудің шамасы мен көлемі бойынша проблемалар туындайды. Тұрғындар әлеуметтік институттардың араласуынсыз игіліктерді өндірушілерден тікелей сатып ала-алмайтын болғандықтан, ондай институттар өндірушілерді таңдауда белгілі бір монополиялық үстемдікке, яғни игіліктің бағасын белгілеуде де артықшылыққа ие болады. Мұндай жағдайда негізгі субъектілік өкілеттігі бар ЖӨӨБ органдары тарапынан тұрғындар үшін тиімсіз баға жолсыздығына берілуі мүмкін. Бағаға байланысты туындайтын тұрғындардың шығынын өтеу үшін мемлекеттік және жергілікті бюджет тарапынан дотация берілуі қажет.
Ұдайы өндіріс процесінің түпкі нәтижесі тұтыну. Ол өндірістік және жеке тұтыну болып бөлінетіндігі белгілі. Коммуналдық құрылым деңгейіндегі қоғамдық игіліктерді тұтыну өндірістің жеке факторларын дамытатынын ескерсек, оның өзі жанама түрдегі өндірістік тұтынуға айналады. Жергілікті қажеттіліктерді қанағаттандыратын игіліктерді өндіруде қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтарын тұтынуда, оның көлемі мен сипатын берілген аумақтық құрылымның өндіріс процесін ұйымдастырушы жергілікті атқарушы және өкілетті органдар анықтайды. Бұл жерде ескеретін бір жайт – ол тұтынуды қамтамасыз ететін шаруашылық субъектілері коммуналдық меншіктен тыс басқа меншік нысандарында да болуы ықтимал. Жергілікті басқару органдары ондай субъектілердің шығынын әртүрлі алымдар мен салықтарға жеңілтік беру, жер салығын азайту сияқты шаралар арқылы өтеуге мүмкіндігі бар. Бұл арада ондай субъектілердің қызметкерлерінің терриоториялық құрылымның басқа тұрғындармен бірге коммуналдық меншіктің түпкі объектісі болып табылатын түпкі игіліктерді тұтынатынында есептен шығармау керек. Тұтыну бойынша субъектілік-объектілік қатынастарды есепке алу нарықтық экономика жағдайында табиғи туындайтын мемлекеттік, ұжымдық, жеке мүдделердің қайшылығын коммуналдық құрылым деңгейінде бесеңдетуге және үйлестіруге қолайлы ортаны қалыптастыруға мүмкіндік берер еді.
Жалпы,
коммуналдық меншікті қоғамның
ұдайы өндіріс процесі
Сонымен жергілікті өзін өзі басқару органдары муниципалды меншікті басқара алады, бұл коммуналдық меншік құрамына кіретін мүлікке қатысты меншік құқығын білдіреді.

- Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі
- Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның түрлері
- Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметі
- Қазақстан республикасының инвестициялық қызметінің мәні мен қаржыландыру мәселелері
- Қазақстан республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру
- Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстары
- Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
- қазақстан республикасының бюджеті
- Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары
- Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде шағын және орта бизнесті несиелеу
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері
- Қазақстан Республикасының еңбек кодексі