Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Курстық
жұмыс
“Экономикалық
теория” пәні
Тақырыбы:
“Қазақстан Республикасының инфляцияға
қарсы саясаты”.
\
Мазмұны
Кіріспе
..............................
I.
Инфляцияның экономикада
жалпы рөлі ..............................
1.1. Инфляция
туралы жалпы теорияның
1.2. Инфляцияның
мәні және түрлері ............
1.3. Инфляция
саясаты ......................
II.
Қазақстан Республикасында
инфляцияны жүргізу
саясаты және инфляциямен
күресу жолдары ..............................
2.1. Инфляцияға
қарсы саясат және шаралар
..............................
2.2. Инфляцияға
қарсы күресетін
2.3. Инфляцияның
зардаптары және оны жою ......
Қорытынды ..............................
Әдебиеттер
тізімі ..............................
Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
“Инфляция” термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ –тың Азамат соғысы жылдары (1861 – 1865 ж.ж.) қағаз долларының (“гринбектердің”) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай – ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20 – сыншы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы
анықтамасы – тауар
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай – күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына
айналысқа артық ақшаның
қолайсыз төлем балансы;
үкіметке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны
монетарлық құбылыс деп санай
отырып, ол ақшаның құнсыздануы
мен тауар бағаларының өсуі
тұрғысында түсіндіріліп келді.
Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама – қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық шаруашылықтыңтүрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік – саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай – ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде
инфляция – бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты
болатын қоғамдық ұдайы
Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:
белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
инфляциялық сипаттағы
мемлекеттік бюджеттің
мемлекеттік берешектің көлемі.
Инфляция қаржы қатынастарын
өзгерістерге ұшыратады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық
I.
Инфляцияның экономикада
жалпы рөлі.
Инфляция – экономикадағы жалпы баға деңгейінің тұрақты көтерілуінен ақшаның құнсыздану процесі.
Нарықтық экономика кезінде
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бүл ерекше төлейалушылық сұранымның артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Қаржы қатынастары мен
Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілердің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама – қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дезинфляция деп аталады.
XX ғ. 70 – 90 – шы жылдарында бағаның өсуінің ерекшелігі, оның үзілмей жүріп отырыуымен, жалпыламалығымен, бір қалыпты еместігімен сипатталады.
Экономикалық әдебиетте инфляцияның мынадай түрлері аталады:
- Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», инфляцияға қарсы саясаттың инструмеентарийлеріне байланысты, инфляция айқын немесе басылған бүркемелі түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді. Басылған инфляция бүркеме, жасырын формада жүреді және ол өнім сапасының төмендеуі, ассортимент құрылымының өзгеруі, экономикадағы тапшылықтың өсуі, кезектегі тұрушылардың көбеюі арқылы көрінеді.
- Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ - нің дефляторы құрайды.
- Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық импульстарға байланысты, импортталған және
экспортталған инфляция болады. Елдің валюта курсы қатаң сақталып
тұрған жағдайда импорттық тауарлардың бағасының қандай болмаса
да өсуі, елге инфляцияны импорттайды.
- Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляцияның мынадай түрлері болады: жылына 10% – ке дейін болса орташа, немесе, жылжымалы инфляция, жылына 200% болғанда – секірмелі, немесе, «латындық», 200% артқанда – гиперинфляция (американдық экономист Ф.Кэган бойынша – айына 50% - тен артық болса).
- Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуінебайланысты, инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланстандырылмаған (теңестірілмеген) болып бөлінеді. Біріншіден бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Басқа макрокөрсеткіштер сәйкестікте өзгеріп отырады. Екіншіде тауарлардың бағасы секіріп өседі және бұл бір мезгілде жүрмейді, ал экономика өзгермелі жағдайға бейімделуге үлгере алмайды.
- Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.
- ЖҮӨ - нің көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.
- Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме – дәл болуына – болмауына байланысты, болжауға болатын және болжауға келмейтін инфляция болады.
- Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты «сұраныс» инфляциясы және «шығындар» инфляциясы болады.
Сонымен, инфляция қоғамдағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арасындағы сәйкестіктің жойылуының нәтижесі болып табылады. Ақшаның сандық теориясының айырбас теңдеуіне сүйене отырып, жиынтық сұранысты ақшаның ұсынысы мен оның айналым жылдамдығының көбейтіндісі деп, ал жиынтық ұсынысты шығарылған өнімнің физикалық көлемі мен баға дәрежесінің көбейтіндісі деп, тұжырымдауға болады. Айналымдағы ақша санының немесе оның айналым жылдамдығының қандай болмасын өсуі жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі және керісінше. Жиынтық сұраныстың өсуін тудыратын, ақша массасының көбеюінің бірнеше себептері болады: экспансионистік қаржы саясаты, мемлекет
саясаты,
бюджет тапшылығын «баспа станогі» арқылы
өтеу, несиені кеңейту тәртібі, инвестициялық
бум, тұтынушылық талғаудағы құрылымдық
өзгерістер және басқалар.
1.1.
Инфляция туралы
жалпы теорияның
түсінігі.
Тұрақсыздығы экономиканың
Инфляция – негізінен қағаз ақша айналымына ғана тыс құбылыс. Мәні жөнінен ол айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарының құнсыздану процесі.
Осы айқындаманың сырттай қарапайымдылығына қарамастан инфляцияның іс жүзінде дамуы көптеген факторларға тәуелді өте күрделі процесс екендігін де ескеру керек. Ол мемлекет өзінің өсе түсіп отырған шығындарын қағаз ақшалары қосымда эмиссиялау (шығару) жолымен табуға ұмтылу сияқты теріс экономикалық саясаттың да салдары болуы мүмкін. Инфляция қоғамдық ұдайы өндірісті дамытудағы тұрақты сәйкессіздіктері (пропорцияның жоқтығы) салдарынан да орын алуы мүмкін (“бағалық”) артпалығын күтуі де, кәсіподақтардың еңбекақыны артыру жолындағы күресі және басқа да көптеген жайлар да әсерін тигізеді. Осынау бөлекше құбылыстың мәніне көз жеткізу үшін инфляцияны түрлері және дамыту қарқына қарай бөле білу қажет.
Қағаз ақшаның құнсыздануы және тауар бағаларының өсуі инфляцияға әкеліп соқтыратыны ескертілген.
Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелділігі мүлдем өзілген, ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтерді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігінен де асып кетті.
Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сосын барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Жоғарыдағыны ескере отырып, мынандай қорытындыға келуге болады.
Қазіргі заманғы инфляция – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі.
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі, екінші – тауардың жоғалуы.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР – да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл рынок шартына сәйкес) және тепе – теңдіктен төмен болады.содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады.
Қажет тауарды іздеуде сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп, бұдан
ақша өндірісті айналым өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде
тауар өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.
Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірнеше белгі қажет:
- Бағаның өсу қарқыны (баға индексі)
- Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.
- Инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы.
Бірінші белгі тұрғысынан баяу (ползучий, умеренный) инфляцияны ажыратады, мұнда баға баяу өзгереді, әдетте жылына 10%, Секірмелі (голопирующий), мұнда бағаның өсуі жылына жүздеген процентпен өлшенеді; Гипенинфляция, мұнда бағаның өсуі 1000% - н жоғарылайды және ақша айналымы толық бұзылады.
Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады; тең және тең емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты өзгермейді, ал тең емес инфляцияда - әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.
Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді рынок жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның 10% - ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Инфляцияны сұраныс және ұсыныс инфляциясы деп екі түрге бөледі.
Сұраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі сұраныс жағынан бұзылады. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуіне итермелейді.
Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндіріс шығынының өсуіне байланысты, бағаның өсуі. Бұның салдары жалақының өсуіне және энергия мен шикізатқа бағаны көтереді.
Шығынның өсу қайнар көздері және экономика дисбалансының факторлары:
- Мемлекет. Ол бағалы қағазды шығару арқылы шығынды өсіреді, бұл фирманың қызмет көрсетуін жоғары бағамен төлейді және несие – қаржылық механизм жолымен жүргізіледі.
- Кәсіподақтар. Олар жалақының өсуін талап етеді, бұдан шығын да өседі, одан кейін баға өседі, сосын – жалақы мөлшерінің жаңа өсімі қайталанады. Нәтижесінде “инфляциялық серіппе” пайда болады.
- Ірі фирмалар. Олардың монополиялық жоғары баға қоюға мүмкіндіктері бар және инфляциялық процеске мүмкіндік туғызады
әлемдік экономикалық әдебиетте осы үш факторды инфляцияның
басты себептері деп атайды.
Инфляция салдары бір мағыналы емес. Кейнс біркелкі инфляция
экономика
үшін пайдалы екенін, ақша массасының
өсуі іскерлік белсенділікті
- халықтың жағдайы қатып қалған жалақымен нашарлайды, олардың тұтынуы шектеліп, қор жинаулары қысқарады
- ақша эмиссиясы бүркелмелі жолмен мемлекеттік орындар көптеп шығарады.
- кәсіпкерлік қызмет деңгейі түседі және капитал өндіріс ауқымынан шығады, шет елге және айналым ауқымына ұмтылады.
1.2.
Инфляцияның мәні және
түрлері.
Инфляция – бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай – ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуін түсіндіреді.
Инфляция - бұл кез – келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция келесідей факторларға байланысты болып келеді:
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
- экономикадағы қамтитін аумағына байланысты жергілікті және әлемдік инфляция;
- жүру қарқынына байланысты – біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы (бір қалыпты емес) инфляция;
- даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция – онда бағаның
- өсу қарқыны жылына 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция – онда бағаның өсу жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейін (ал кейде 100 процентке) жетеді; ұшқыр инфляция (гиперинфляция) – онда бағаның өсуі жылына 100 проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 процентке өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса оны стагфлияция деп атайды;
- әсер ететін факторлар бойынша – сұраныс инфляция және шығын инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы көтеріліп, соның салдарынан төлем қабілеті бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылап, бағаның көтерілуіне соқтырады.
Ақша массасының «көтерілуі» себептерінің ең негізгісі - әскери шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе – күнге өмірде қолдануға жарамайтындықтан оның ақшалы эквиваленті бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады, немесе ақша нарығына мемлекеттік зайымдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың азаюы және бағаның төмендеуі сияқты жағымды көріністер байқалып, ал қорытындысында тепе – теңдік орнайды. Сондықтан аз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады, себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан әрі бүкіл экономикада бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауынан, оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына себепші факторлар әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектелуі ұсыныспен салыстырғанда айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарлатады және ақшаны құнсыздандырады.
Сұраныс инфляциясы келесідей факторлардың әсерінен туындайды:
- әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың
- азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде
- ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
- мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқы және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
- несиелік экспансиялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
- импортталған инфляция, яғни шет ел валюталарын сатып алу
- барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;
- ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
Шығын инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақы өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төменденуіне, қолданып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады: бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық серіппе” теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әр бір өлшамінің шығыны көтеріліп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердің тек біреуі ғана. Сонымен қатар тауар өндірісі шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары көтерілуіне байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығынының өсуі бүкіл әлемде болатын заңды процесс.оған қарсы тұратын фактор - өнімнің әр бір өлшемінің шығындарын төмендететін жаңа технологияны пайдалану.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан – жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жоболауыншаинфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыру мүмкін. Ал дамушы елдерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Дамушы елдерде инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады, оларды 80 жылдардың аяғы 90 жылдардың бас кезінде экономикалық тепе – теңдік жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогы мен үнемі индекстеу механизімінің қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1990ж ақшаның құнсыздануы 8500 пайызға, Перуде – 8291,5 пайызға жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе – теңдіктің жоқтығы байқалып,

- Қазақстан Республикасының кеден органдары
- Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары
- Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары
- Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері
- Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
- Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
- Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
- Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау
- Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
- Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
- Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
- Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызмет тимдилиги
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты