Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

                       Мазмұны

Кіріспе..................................................................................

I. Инвестиция түсінігі және мәні..........................................5

    1.1 Инвестициялар мәні және олардың нысандары..............5

    1.2 Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.....................................

    1.3 Инвестицияның қызметті жетілдіру жолдары.......

II. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары............................

2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары

2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасында қолдану........................................

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ЗАҢНАМА...............................

      3.1  Инвестициялық  заңнаманың  пайда  болу  және  даму  тарихы

       3.2  Қазақстан  Республикасындағы   инвестициялық  заңнама  дамуының  негізгі  кезеңдері..................................................33

Қорытынды.........................................................................

   Қолданылған әдебиеттер.......................................................50 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                
 

                                        
 
 
 
 
 
 

                                         Кіріспе 

   Бұл тақырыпты алғандағы мақсат  еліміздің  инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету .

   Оған  дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың  басындағы экономикалық ахуалынан  неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе  ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына  инвестицияның тигізген әсері мол  болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел  инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі  Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді  әріптес екенін барша инвесторларға  көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға  өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс  табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге  қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге  басқаша айтқанда, қандай да бір  табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің  жиналысындағы «Қазақстан – 2030»  барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.

   «Шетел  инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері  бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі  мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың  еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

   2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан  Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі  Индустриялық - инновациялық даму  бағдарламасын әзірлеген: 

   Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік  шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын  жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға  жұмсалатын болады.

   Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын  іске асыру мақсатында даму институттарының  жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады.

   Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып  жатқан Ұлттық қор бар.

   Қазақстанның  инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін  қазақстандық компаниялардың құрылуына  жәрдемдесуге тиіс.

   Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс - қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор  құрылып, оған инновациялар мен венчурлық  кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі.

   Инвестициялық саясат. Он жылдықта  әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған.

   Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты  міндет ретінде алға қойылып отыр.

   Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты.

   Экономикалық  өсімнің жоғары қарқынын тұрақты  ұстап тұру үшін біздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың ІЖӨ -ге қатысты жалпы жинақталу көлемін 28 пайыз деңгейіне дейін жеткізуіміз  керек. Соның ішінде мемлекеттік  инвестициялардың ІЖӨ жөнінде 2-ден 4 пайызға дейінгі өсіміне жету шарт.

   2003 жылы мемлекеттік бюджеттің асыра  орындалатыны, сөйтіп көкейге қонымды  маңызды деңгейге - бір триллион  теңгеге жақындайтыны қазірдің  өзінде білініп отыр.

   Сондықтан, 2003 жылдың ішінде–ақ бюджетті нақтылай түсу қажет, ал экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс  істейтін мемлекеттік  ірі кәсіпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған жоспардан тыс  түсімдерді  Ұлттық қорға жіберу керек.

   Осыған  орай мен Үкіметке 2003 жылдың бюджетін Парламентте нақтылаған кезде артылған қаражатты жинақтауға, сондай-ақ әлеуметтік дамуға  бағыттауды тапсырамын.

   Мемлекеттік инвестициялар . Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында :

   - Даму банкінің жарғылық капиталын  ұлғайтуда және оның кредиттік  жадығатын молықтыруға – 12 миллиард  теңге;

   - құрылатын Қазақстан инвестициялыққорының  жарғылық  капиталына – 23 миллиард  теңге ;

   -  құрылатын Инновациялық  қорға  – 36 миллиард теңге;

   - Экспортты сақтандыру жөніндегі  корпорация құру үшін -7.7 миллиард  теңге жіберуді ұсынамын.

   Жеке  инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті.

   Банктердің  жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға  берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді.

   Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп  отырады. 
 
 
 
 
 
 

     

      1. Инвестиция түсінігі және мәні

            1.1 Инвестициялар мәні және олардың нысандары.

     Экономикадағы инвестицияға әр түрлі көзқараста анықтама беріледі. Жалпы алғанда – бұл табыс алу мақсатында капитал салу.

         Қаржы көзқарасыны  алғанда – бұл бағалы қағаз  сатып алу, оған ақса салу. Инвестицияларды  қаржыландыру үшін жинақ ақшаның  бөлігін бөлу қажет., осыған байланысты инвестициялар келешекте өнім шығаруды арттырып, оны тұтыну үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды қарастырады. Макроэкономикалық тұрғыдан инвестициялар  нақты маңызға ие болады, олар негізгі  өндірістік қорларға(негізгі капиталға), тұрғын үй құрылысына және запастардың өсіміне салынатын салымға жұмсалатын шығын ретінде қарастырылады. Бағалы қағазды сатып алу макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан, инвестициялау болып саналмайды.

   «Инвестициялар  туралы» ҚР Заңында инвестициялар  – бұл мүліктің барлық түрлері (жеке адам тұтынатын тауарларды қоспағанда), сондай-ақ лизинг шарты жасалған сәттен бастап қаржы лизингінің заттары, сондай-ақ инвестор заңды тұлғаның қаржылық капитал салатын оларға құқықтар немесе кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын тіркелген активтердің ұлғаюы.

   Ұлттығ  қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі  фазаларында инвестициялау процесі; инвестициялайтын объектілерді құру жөніндегі  қызметті жүзеге асыру; және ең соңында  ір түрлі салаларда  жаңадан құрылған қорларды пайдалануға беру сияқты әрқалай  көрінеді. Инвестициялау процесінде жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің, өтеу және қорланудың көздері мен  міндеттері тоқайласып, инвестицияларда  ерекше құрылымдық бөлімшелердің айрықша  нысандары мен түрлерін туындатады. Халық шаруашылығы құрылымының тұрғысынан алып қарағанда инвестициялар күрделі құрылыс пен құрылыс атериалдары өнеркәсібі, күрделі құрылысқа бағдарланған машина жасау салалары инвестициялық саланың ерекше кешені ретінде қарастырылады.

   Инвестициялар мен инвестициялық қызметтің  келесідей сипаттамалары жеке аталады.

   Инвестициялық қызмет-бұл инвестициялардың салымы және оларды іске асыру жөніндегі практикалық іс-қимылдар.

   Инвестициялық қызметке жеке де, сондай-ақ заңды, оның ішінде шетелдік тұлғалар, мемлекеттер  мен халықаралық ұйымдар қатысуы  мүмкін.

   Инвестор-бұл  шешім қабылдайтын және меншікті немесе қарызға алынған ақшалай, сондай-ақ инвестициялық жобаға өзге де тартылған және олардың мақсатқа орай пайдалануын қамтамасыз ететін мүліктік зияткерлік құндылықтар.

   Қаржы емес т активтерге қаржы салымдары  мен инвестициялар жатуы мүмкін. Инвестициялар ақша салымының көзі бойынша меншік  және тартылған  көзге : меншік нысаны бойынша:отандық  және шетелдікке, мемлекеттік және жеке меншік көзге бөлінеді.

   Қаржы салымдары деп басқа заңды  тұлғалардың бағалы қағаздарына  ақшалай қаражаттың, материалдық  және басқа да құндылықтардың салымы, мемлекеттік және жергілікті қарыздардың пайыздық облигациялары, елдің аумағында құрылған басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдары, кәсіпорындардың шет елдердегі капиталы,, сондай-ақ заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға берген қарызы аталады.

   «Инвестициялар  туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес портфельдік (қаржы) инвестициялар-басқа  кәсіпорындардың акцияларына, облигацияларына, басқа да бағалы қағаздарына, активтеріне  салынатын салым. Қаржы салымы нақты  өндіріске салынатын инвестициялардың қосымша көзі болуы мүмкін. Портфельдік инвестициялардың бөлігі-материалдық өндірістің әр түрлі салалары кәсіпорындарының акцияларына салынатын салымдардың өзінің тегі бойынша өндіріске салынатын тікелей инвестициялардан ешқандай айырмашылығы болмайды.

   Кәсіпорын жүзеге асырған қаржы салымы қарыз  бен кредитті өтеу мерзіміне байланысты ұзақ мерзімдіге (бір жылдан асатын) және қысқа мерзімдіге (бір жыл ішінде табыс алатын) бөлінеді.

   Қаржы емес активтерге салынатын инвестициялар- бәл негізгі капиталға салынатын инвестициялар, күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар, жер телімдері мен табиғатты пайдалану объектілерін сатып алуға жұмсалатын инвестициялар, материалдық емес активтерге (патенттер, лицензиялар, бағдарламалық өнімдер, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық әзірлемелер және т.б), материалдық қаражатының запасын арттыруға салынатын инвестициялар.

   Негізгі капиталға салынатын инвестициялар  деп негізгі қорларды сатып алуға, құруға және ұдайы жаңғыртуға (объектілердің жаңа құрылысы, оларды кеңейту, қайта жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыру, машина, жабдық, құрал мен аспаптар сатып алу, негізгі отарды қалыптастыру, көп жылғы өсімдәктер және т.б аталады) жұмсалатын шығындардың жиынтығы аталады.

   Материалдық емес активтер – бұл жер телімдерін, табиғатты пайдалану объектілерін пайдалануға арналған патенттер,лицензиялар, құқықтар, авторлық құқықтар, ұйымдастыру шығындары, сауда белгілері, тауарлық белгілер, бағдарламалық өнімдер, нау-хау жіне т.б.

   Негізгі құралдарды  күрделі жөндеу жабдықтарды, машиналарды, көлік құралдарын, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеуге бөлінеді.

   Материалдық айналым қаражатының запасын  толықтыруға жұмсалатын инвестициялар  – бұл айналым қаражатының  запасқа түсімінен және олардың  кетуінен пайда болатын шығын  және өнімнің запасқа түсуі мен  олардан алудың арасындағы айырма ретінде  анықталады.

   «Инвестициялар  туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес нақты инвестициялар  – жаңа кәсіпорын құруға және жұмыс  істейтін кәсіпорындарды қайта жаңартып, техникалық жарақтандыруға жұмсалатын салым. Кәсіпорын бұл жағдайда-инвестор, ол қаражат салып өзінің өндірістік капиталын – негізгі өндірістік қорларды және оныі жұмыс істеу үшін қажетті айналым қаражатын арттырады.

   Осы орайда меншікті және тартыл,ан құралдар инвестициялық процесті қаржыландыру көзі болып табылады.

   Меншікті  құралдарға:

  • Кәсіпорындар мен ұйымдардың иелігінде қалатын пайда;
  • Амортизация;
  • Қорланым;
  • Сақтандыру органдары залалды өтеу түрінде төлейтін сомалар жатады.

   Тартылған қаражаттың құрамына:  

  • Банктердің кредиттері, акция сатудан түскен қаражат, қайырымдылық және өзге де жарналар мен қаражаттар;
  • Қарызға алынатын қаражаттың сан алуан түрлері, оның ішінде кредиттері;
  • Мемлекеттік және жергілікті бюджеттің қаражаты;
  • Бюджеттен тыс қорлардың қаражаты;
  • Шетелдік инвестициялар жатады.

   Негізгі капиталға салынатын инвестициялар  өзінің технологиялық құрылымы бойынша  құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар  мен жабдықтар, құралдар мен аспаптар; негізгі құралдарды күрделі жөндеу; өзге де күрделі жұмыстар мен қызметтердің түрлерінен құралады.

   Негізгі қорларды ұдайы өндірістің бағыттары  бойынша негізгі капиталға салынатын  инвестициялар жаңа құрылыс салуға, жұмыс істейтін кәсіпорындарды кеңейту, қайта жаңартуға, техникалық қайта  жарақтандыруға және жұмыс істейтін қуаттарды қолдауға жұмсалатын инвестицияларға  бөлінеді.

   Шетелдік  инвестициялар қаржы емес активтерге салынатын қаржы инвестициялары мен инвестициялардың құрамдас бөлігі болып табылады. 
 
 
 
 

          1.2  Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметіндегі                   тенденциялар. 

   Қазақстан Республикасы республика экономикасына  инвестиция тарту саласында елеулі нәтижеге жетті. Мемлекеттің ұстанған инвестициялық саясатының арқасында  жоғарғы экономикалық нәтижелерге  қол жеткізді. Елдегі инвестициялық  ахуалдың жақсаруы емлекет қызметі  басымдылығының бірі болып табылады. Тұрақты және мақсатты жұмыс жүргізудің арқасында Қазақстан, халықаралық сарапшылардың ба,асы бойынша, ТМД елдері арасында инвестициялық реформа жүргізудің көшбасшысы болып танылады.

       Standart & Poor’s, Moody’s Investors Service және FitchIBKA халықаралық рейтингтік агенттіктердің  инвестициялық рейтингті, «инвестициялық»  кластағы (ВВС) кредиттік рейтингті  тағайындауы, Әлемдік банктің  2003 жылы Қазақстанды инвестиция  салуға ең тартымды жиырма  елдің қатарына енгізуі республикадағы  инвестициялық ахуалды растайды.

         Қазақстан өзі таңдаған инвестициялық саясатта инвесторлармен жасалатын қарым-қатынастарда тұрақтылық пен айқындылық, заңнама нормаларының ашықтығы, инвесторлар мүдделерінің қорғалуы, жергілікті және шетелдік инвесторлар  үшін тең жағдай жасау, бұрын жасалған келісімшарттардың орнықтылығы қағидаларын ұстанады.

   2000 жылдан бастап жалпы экономикалық  жағдайдың тұрақтануының және  кәсіпорындар мен ұйымдардың  қаржы жағдайының жақсаруының  нәтижесінде инвестициялық және  құрылыс қызметі жанданды. 2000-2006 жылдар аралығында Қазақстанда  негізгі капиталға салынған инвестициялардың  көлемі 3,4 есеге ұлғайып, 2007 жылы  негізгі капиталға салынған инвестициялардың  көлемі 3234193 млн теңгені құрады  немесе 2006 жылмен салыстырғанда  11,3%-ға артты, ал 2008 жылдың сәуір-желтоқсан айларында негізгі капиталға 3836141 млн теңге салынды. 2009 жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 373,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 9,7%-ға аз.

   Мемлекет  экономиканың шикізат емес салаларына инвестиция салу үшін жағдай жасайды. Ірі инвесторларға бірқатар жеңілдік беру қарастырылған тиісті заңнама  базасы әзірленіп кабылданды.

   Инвестициялық салық преференцияларын беру арқызы өндеу өнеркәсібінің тіркелген  активтеріне инвестиция тарту жөніндегі  саясат айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Республикада инвестициялық қызметтің  құқықтық өрісінде сапалы өзгерістер орын алды.

   Қазақстан отандық және шетелдік инвесторлардың қызметін реттейтін «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 9 қаңтардағы №373-II Заң қабылданды. Аталмыш Заң шетелдік және отандық инвесторларға арналған заңнаманың біріңғай талаптары түріндегі құқықтық режимді сәйкестендіруге мүмкіндік берді.

   Мемлекет  инвесторларға инвестициялық қызметті көтермелеуге бағытталған бірқатар инвестициялық преференциялар беру кіретін тікелей инвестицияларды  қолдайтын белсенді іс-шаралар қолдануда.

   Осындай преференцияларға салықтық, кедендік преференциялар, сондай-ақ табиғи гранттар беру жатады.

   Республикада  шетелдік инвестициялардың жаңа инвестицияларын  жылжытуға қатысты Қазақстан  Республикасының инвестициялық  мүмкіндіктерін көрсету жөніндегі  белсенді ақпараттық жұмыс бағдарламасы іске асырылуда. Шетелдік ықтимал инвесторлармен қарым-қатынас орнату, шетелдік инвесторлардың түсініктемелерін жақсы қабылдайтын  заңнама процесін қалыптастыру жөнінде  іс-шаралар жүзеге асырылуда.

   Белгілі халықаралық орталықтарда еліміздің  тартымды инвестициялық имиджін  қалыптастыру және шетелдік инвесторларды  көптеп тарту жөнінде халықаралық  конференциялар, тұсаукесерлер, семинарлар мен жөңгелек ұстелдер ұдайы өткізіледі.

   Осыған  байланысты жүргізілетін инвестициялық  саясатта еліміздің инвестициялық  ахуалын одан әрі жақсартуға, шелдік жіне отандық инвесторларға ең төмен  саяси және өаржы тәуекелімен  еліміздің экономикасына инвестицияларды  кедергісіз салу үшін мүмкіндік беруге ерекше назар аударылады.

   Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында инвестициялық саясаттың өңірлік  аспектілері күшейтілуде. Өңірлердегі  инвестициялық сачсат орта мерзімді бағдарламалармен байланыстырылып  жүзеге асырылады және өңірдің экономикалық-географиялық ерекшелігіне байланысты сараланады. Қазақстанның әр бір өңірінде кісңпкерлер  бизнестің таңдалған бағытын  шығармашылықпен ойластырған жағдайда инвестициялық преференция алады.

   Орталықтандырылған  жүйеден шаруашылық жүргіздің нарықтық негізіне көшудің нәтижесінде инвестициялық  қызмет түбегейлі өзгерді. Осы саладан  мемлекеттің кетуіне байланысты күрделі құрылысты қаржыландыру практикасы өзгеріп, кәсіпорындардың инвестициялық қызметін меншікті қарыз қаражатының есебінен кеңейтуге жол ашылды, енді шетелдік инвестицияларға тәуелділік күшейді, осының барлығы инвестицияның көздері мен оның көлемінің өзгеруіне ісер еткен шешуші факторға айналды.

   Осының  нәтижесінде  инвестициялық қызметте келесідей тенденциялар белең алды.

   Біріншіден, экономиканы реформалау жылдары  меншік нысандары бойынша барлық қаржыландыру көздерінің есебінен күрделі  салымдардың құрылымы айтарлықтай  өзгерді. Мәселен, егер 1992 жылы мемлекеттік  меншіктің үлесі 81% -ды, муниципалдық меншіктің үлесі - 6%-ды құрды, араласы (шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындарды қосқанда)-10%-ды, жеке меншік 3%-ды құраса, 2006 жылы меншік нысандары бойынша  күрделі салымдардың құрылымы мүлдем басқаша қалыптасты: мемлекет меншіктің үлесі 11,6%-ға дейін төмендеп, жеке меншіктің үлесі 65,1%-ға , шетелдік үлес 23,3%-ға дейін ұлғайды. 2009 жылы шетелдік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын өндеу өнеркәсібінің салалары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесі 12%-ды құрады.

   Екіншіден, мемлекет өзінің инвестициялық салаға қатысуын қысқартты. Бюджет есебінен қаржыландырылатын  негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесі 1992 жылы инвестициялардың жалпы  көлемінің 16,6%-ын құраса, 2006 жылы осы  көрсеткіш 11,2%-ға дейін төмендеді. 2009 жылдың бірінші тоқсанында өндеу  өнеркәсібінде негізгі капиталға  салынатын инвестицияларды республикалық  бюджеттен қаржыландыру жүргізілген  жоқ.

   Үшіншіден, күрделі салымдарды қаржыландыру көздерінің құрылымында елеулі өзгрістер орын алып отыр: экономиканың мемлекеттік  емес секторы қаражатының ұлесі  артып, халықтың жеке меншік тұрғын үйге жұмсалатын қаражатының көлемі ұлғайып  келеді. Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда 2006 жылы тұрғын үй құрылысының қарқыны 5,1 есеге ұлғайып, 2008 жылдың қантар-желтоқсан  айларында тұрғын үй құрылысына 44335 млн теңге салынды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 83,9%-ды құрады.

   Кәсіпорындардың меншікті қаражаты күрделі салымдардың  негізгі көзі ретінде өзінің маңызын  жойған жоқ. Экономиканы реформалау жылдары инвестициялық процесті орталықтан жекелеудің тұрақты тенденциясы  қалыптасты, осы қаражаттың үлесі  үнемі артып келеді.

   Инвестициялық процесті жандандыру ішкі нарықтан мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін тартылатын қаражаттың үлесін қысқартуға; қаржыландыру көздерін кеңейту мақсатында мемлекеттің қарызға алынған қаражаттың бөлігін қайтару жөніндегі кепілдігін беруге; мемлекеттің инвесторлармен және басқа да кредиторлармен тәуекелді бөлісу негізінде инвестициялық жобаларды кредиттеуге қатысуына қорланымды неғұрлым тиімді пайдалану үшін кәсіпорындарды сауықтыру мен банкроттық механизмін қолдануға ықпал етеді.

   Инвестициялық қызметі мемлекеттік реттеу ҚР-ның  әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуына бағытталған инвестициялық  саясат жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Инвестициялық қызметті мемлекеттік  реттеу:

  • Мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларға сәйкес;
  • Мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару арқылы;
  • Преференциялар, салық ставкалары мен жеңілдіктері сараланған салық жүйесінің көмегімен;
  • Жекелеген аумақтардың, салалардың, өндірістердің дамуына дотация, субвенция, бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек көрсету арқылы;
  • Қаржы және кредит саясаты (бағалы қағаз шығарып, оларды айналысқа жіберу), амортизациялық саясаттың баға белгілеу саясаты нысанында;
  • ҚР аумағында белгіленген қолданыстағы заңнамаға, жерді жіне басқа да табиғи ресурстарды пайдалану ережелеріне сәйкес;
  • Мемлекеттік нормалар мен стандарттардың сақталуын бақылап, сондай-ақ міндетті түрде сертификаттау ережесін сақтап;

   Орындау үшін тиісті заңнама актілері мен  қаулылар шығарып, оларды нақтылау, сондай-ақ белгілі бір экономикалық, оның ішінде инвестициялық саясат жүргізіп, елдің  инвестициялық қызметі мен экономикасына  ықпал етудің экономикалық да (жанама), сондай-ақ әкімшілік те (тікелей) әдістерін  пайдаланады.

                 1.3 Инвестициялық қызметті жетілдіру жолдары

   Инвестициялық қызметтің жақсаруына инвестициялар  мен жалпы инвестициялар саласын  ұйымдастыру мен басқаруға өзгеріс  енгізу ықпал етуі тиіс.

   Қазақстан Индустриялық-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған стратегиясы қаблданды. Стратегияда  жеке меншік сектордың бастамаларына  қолдау көрсету, ұлттық экономиканың шикізат  емес салаларының дамуы үшін қажетті  заңнамалық және институциялық жағдай жасау қарастырылады.

   Инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсетуде экономиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық  ахуал қалыптастыру және жұмыс істейтін өндірістерді қазіргі заман технологиялар  қолданып кеңейту, жаңа өндіріс ұйымдастыру  және оларды жаңартуға инвестиция салуға ынталандыру, қазақстандық мамндардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсаты қойылады.

   Инвестицияларды мемлекеттік қолдауда инвестициялық  преференциялар беру қарастырылады.

   Инвестициялық преференция беру «Инвестиция туралы»  Қазақстан Республикасының Заңында  реттеледі, Аталмыш Заңда инвестицияларды  ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздері белгіленіп, инвесторлар Қазақстан Республикасында инвестициялауды жүзеге асырған кезде олардың құқықтарына кепілдік беріледі, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары, дауларды инвесторлардың қатысуымен шешу тәртібі анықталады.

   «Инвестиция туралы» Заңда бұрынғы инвестициялық  заңнаманың өзін-өзі ақтаған және жақсы көрсеткен жақтары , сондай-ақ инвестицияларды көтермелеу мен  қолдаудың халықаралық тәжірибесі ескеріліп сақталған.

   Заңды инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың  қарастырылған жаңа механизмінде бірқатар елесідей елеулі айырмашылықтар бар.

   Біріншіден, отандық жіне шетелдік инвесторларды  қолдау мен көтермелеу, сондай-ақ олардың  тең дәрежедегі құқықтығы қарастырылған.

   Шетелдік  және отандық инвесторлардың теңдігі  иеліктен айыру мен мемлекет иелігіне алудан кепідік беру кезінде, мемлекеттік  органдар тексеріс жүргізгенде, инвестициялық  дауларды шешкенде, табысты пайдаланғанда, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың іс-қимылынан келтірілген зиянды өтеу кезінде әділдік табу қажет.

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты