Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы динамикасы

Жоспар

 

Кіріспе.................................................................................................................3

 

1    Лизингтің теориялық  аспектілері...............................................................5

    1. Лизинг түсінігі және даму тарихы...................................................5
    2. Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері.....................8
    3. Лизингтік операциялар есебі...........................................................11

 

  1. Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы динамикасы.................12

2.1 Қазақстанда лизингтің даму  жағдайын талдау..............................12

2.2 Өндірістік кәсіпорындардың  дамуындағы лизинг рөлі................17

2.3 Әртүрлі субъектілер үшін  лизингтің артықшылықтары 

мен кемшіліктері.....................................................................................20

 

Қортынды...........................................................................................................24

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Менің курстық жұмысымның  тақырыбы «Лизинг оның түрлері  және қатысушылар құрлымы». Лизинг  экономика өмірінінің ең қиын  кезеңдеріне қатысады, сатып алу  және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.

Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

 Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі  құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру  техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа  және қоймаға арналған құрылғыларды  лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

 Банктердің лизингтік операциялары  несиелік операциялармен ұқсас  болып келеді. Алайда, лизингтің  несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизин корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған.Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.

Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания “Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең  болды.  Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары “Локафранс”, “Слибай”, “Локабай”, “Софимобай”, “Слиминико”, т.б..

Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар “Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардыңлизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.

60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.

Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі “АҚШ – Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды.  Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан “қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.

Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:

1. Лизинг маркетингтің белсенді  бөлігі ретінде қызмет атқарады:

а) машина – техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;

б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;

2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:

а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;

б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.

3. Лизинг – экономикалық жоспардың  ұйымдастыру формасы:

а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;

б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.

Бірінші бөлімде, лизингтің қалай пайда болғаны, тарихын және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы жеке – жеке тоқталамыз.

 Екінші бөлімде, лизингтің артықшылықтары  мен кемшіліктері және лизингтік  келісімшарт туралы мәселелер  қарастырылады. Яғни лизинг беруші  мен алушы, жабдықтаушы мен жалға  беруші және банк пен кәсіпорындар  арасындағы келісімшартты білдіреді.

 

 

 

 

1. Лизингтің теориялық  аспектілері

1.1 Лизинг түсінігі және даму тарихы

Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизинтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б.э.д. 384 / 383 - 322 ж.ж.) “Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.

Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар сол уақытта өте қымбат болған якорьларды саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорьлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді.     Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales). 

1572 жылы Ұлыбританияда тек қана нақты лизингті қолдануға рұқсат беретін заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды.  

1930 жылдары Генри Форд  өз автокөліктерін өткізу мақсатында  жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік  бизнестің бастамашысы ретінде  Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары  алғаш рет автокөліктерді ұзақ  мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды. 

Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т.б.. АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа “лизинг” терминінің енгізілуін (ағыл. lease – жалға беру) “Белл” телефон компаниясының операцияларымен  байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.

Сан-Францискода белгілі болған “United States Leasing Corporation” американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд.$, ал 80 жылдары олар110 млрд.$-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.

АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компания- лар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модифи- кациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар “қаржы-лизингтік қоғамдар” деген атқа ие болды.

Батыс Еуропада алғашқы алғашқы қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж.ж. пайда болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, т.қ. салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.

Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания “Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең  болды.  Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары “Локафранс”, “Слибай”, “Локабай”, “Софимобай”, “Слиминико”, т.б..

Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар “Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардыңлизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.

60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.

Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі “АҚШ – Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды.  Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан “қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.

КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 “бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.

1991 жылдың маусым айында  халықаралық кеңес-неміс лизингтік  компания “Евролизинг”құрылып, ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан – Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы “ Насиональ де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан – Батыс Германияның ірі лизингтік компания - “Митфинанц ГмбХ” болды.       

 

Лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері

Әлемдік тәжірибеде “лизинг” термині ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды жалға беру негізінде, әртүрлі мәмілелерді белгілеу үшін қолданылады.   

Аренда келісім-шарты жасалу мерзіміне байланысты арендалық операциялардың үш түрі бар:

  • Қысқа мерзімді аренда (рентинг) – бір күннен бір жылға дейін;
  • Орта мерзімді аренда (хайринг) – бір жылдан үш жылға дейін;
  • Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – үш жылдан жиырма жылға дейін.  

Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді лизингте де бірнеше анықтамалар бар. Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease – уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді.

    1. Лизинг – бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.  
    2. Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты. Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құраларды, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы қосатын, жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттардың құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің амортизациясын ескеретін, анықталған арендалық төлем негізінде беруді білдіреді.

Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алатын және оған ұзақ мерзім периодына беретін, мамандырылған (лизингтік) компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни, лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан лизингті кейде “несие - аренда” деп атайды.

Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады.

Лизингтік қаржыландырудың несиеден айырмашылығы:

Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларды реттеу 2000 жылдың шілде айында қабылданған “Қаржы заңынан” кейін ғана қолға алынған болатын. Бүгінде бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан, көптеген өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы техникалық жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға қорларындағы қаржылары жете бермейді және де барлығының да банктерге кепілдік қойып, несие алуға мүмкіндіктері жоқ. Осындай сәттерді ескере отырып, лизингтік компаниялар ашылып, жұмысы да сол бағыт бойынша жүргізіледі.

Қаржылық лизингте лизинг алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап етілмейді, тек қана алынған соманың жарты ақшасын құйса болды. Яғни, аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін игере алады  және лизингтік қаржы операциялары кезінде екінші рет қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері жоғары. Оны лизингтік компаниялардың керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен түсіндіруге болады.

 

1.2 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері

Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады. 

Лизингтің нысандары:

  1. Қатысушылар құрамына байланысты:
  • тура лизинг - келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
  • жанама лизинг - келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.

 

  1. Мүлік нысанына  байланысты:
  • жылжитын мүлік лизингі - ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.
  • жылжымайтын мүлік лизингі - ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады).
  • қолданыста болған лизинг мүлігі.

 

  1. Мүліктің өтелімділігі бойынша:
  • толығымен өтелінетін лизинг - келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
  • жартылай өтелінетін лизинг - бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

 

  1. Амортизация деңгейіне байланысты:
  • толық амортизация деңгейі;
  • толық емес амортизация деңгейі.

 

  1. Қызмет көрсету мөлшері бойынша:
  • Таза - мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
  • Толық - мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.
  • Жартылай - мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

 

  1. Нарық секторына байланысты:
  • Ішкі - келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
  • Халықаралық - келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг:
    • импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
    • экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.   
    • транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.  

 

  1. Лизингтік төлемдер сипатына байланысты:
  • ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
  • өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
  • аралас төлемді лизинг.

 

  1. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:
  • нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.
  • жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
  1. Қаржыландыру әдісіне байланысты:
  • мерзімдік лизинг - бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
  • жаңғыртымалы лизинг - лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады. 
  1. Жалға алынатын мүлікке қатысты:
  • таза лизинг - бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
  • толық лизинг - бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.

 

Лизингтің түрлері:

  1. Қаржылық лизинг

Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.

 

Қаржылық лизинг келесі негізгі белгілермен сипатталады:

  • Үшінші тұлғаның қатысуымен;
  • Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
  • Лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
  • Қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.

 

Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.

Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады. 

  1. Жедел лизинг

Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.

 Жедел лизингтің негізгі  объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).

Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады.  Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға  мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.

 

1.3 Лизингтік операциялар есебі

     Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция.Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:

1) лизинг беруші мен лизинг  алушы арасында;

2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;

3) лизинг алушы мен банк арасында.

 Әдетте мәмілеге келу алдында  клиентті толық талдаудан өткізеді.Лизингте  ең маңыздысы,бұл келісімшарт  соңында құрал-жабдыұтың белгілі  бір қалдық құнының қалуы.Ол  үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының  сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен,ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

 Іс жүзінде кез келген  лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:

1.Объектісі.

2.Жабдықтау мерзімі.

3.Лизингке алу мерзімі.

4.Лизингке берушінің меншіктік  құқы.

Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

Лизинг келісім жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

    

 

 

2 Қазақстан Республикасының  лизингтік дамуы динамикасы

2.1 Қазақстанда лизингтің даму жағдайын талдау

ТМД елдерінде, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда ішкі нарықта лизингтік құрылымдардың қалыптасуы 1989 жылдан басталады. Осы жылы КСРО- да комерциялық банктер лизингтік операцияларды енгізе бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:

 

  1. Аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және «Қазконтракт» карпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
  2. Екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
  3. Жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
  4. Лизингтің халықаралық формалары-экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

 

Республикадағы алғашқы лизингтік кәсіпорындар акционерлік қоғам нысанында коммерциялық мен жабдықтаушы-өткізуші ұйымдардың қатысуымен құрылды. 1989 жылы құрылтайшысы «КРАМДС-Банк», «КРАМДС-снаб» және «Казлегснабстың» базасы болған «КРАМДС-лизинг» акционерлік қоғамы құрылды.

1990 жылы Қазақ КСР-ң Госнаб  бұйрығымен «Прокат и лизинг-95»  жүйесіндегі 5 жылдық мақсатты жалға  беру мен лизингті дамыту бағдарламасы жасалынған болатын. Кейін бұл жүйенің материалдық ресурстар Министрлігіне, одан соң «Казконтракт» корпорациясына қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде бақылау жоғалды.

Қазақ КСР-ң Госснаб жүйесіндегі лизингтік фирмалардың бірі 1990 жылдың 7 ақпанынан бастап жүмыс істеген техникалық құралдар лизингі жөніндегі «Казтехлизинг» кәсіпорны. Оның құрылтайшылары-«Казмашкомплект» көтерме-делдалдық фирма мен Қазақ КСР Госснабтың көтерме сауда инвестициялық коммерциялық банк (Инвестснаббанк). Құрылу кезінде оның жарғылық қоры 2 млн. Рубль, оның ішінде «Казмашкомплект»-49%, Инвестснаббанк-51%.

1990 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша  Қазақ КСР-ң Госснаб бойынша  лизингтік мәмілелердің көлемі 3,5 млн.рубль болды, оның ішінде 2,4 млн. Рубль көлеміндегі мәмілелер  «Казтехлизинг» үлесіне, ал қалғаны басқа аймақтардағы 10 жабдықтаушы басқармаларға тиесілі.

1990 жыл бойынша «Казтехлизинг»  кәсіпорны 18 лизингтік келісім шартты  жасасты. 1991 жылдың 5 ақпанында Алматы  қаласының Совет аудандық халық  депутаттарының кеңесінің атқару  комитетінің шешімі бойынша құрылтайшысы Қазақ КСР-ң Госснаб-ң Инвестснаббанкі болған.

 

«Инвестлизинг» шағын ұжымдық кәсіпорны, ал 1991 жылы 19 ақпанында Алматы қаласының Совет аудандық халық депутаттарының кеңесінің атқару комитетінің шешімі бойынша құрылтайшысы Қазақ КСР-ң Госснабының «Алма-Атакомплект» болған «Алма-Ататехлизинг». Ол Алматылық облыстық жүк және қалалық автобасқармасына автотранспорт, қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорынға компьютерлер мен оргтехниканың, «Агрореммаш» ғылыми-өндірістік бірлестікке тоқарлық станоктарды, «Брандт» медицина-техникалық орталығына лицензияланған медициналық жабдықты лизинг бойынша берді.Бұл лизингтік қызметтерді көрсетуден түскен пайда 1992 жылы бойынша 3731 млн. Рубль болды.

1992 жылдың ортасында Қазақстанда  экономиканың мемлекеттәк емес секторында 120 коммерциялық банк және 20 лизингтік компания қызмет етеді. Олардың ішінде «КРАМДС-лизинг», «Алма-Ата техлизинг», «Техника-лизинг», «Туранбанк» Қазақстандық акционерлік банктің еншілес фирма «Туранлизинг», СП «Казтехлизинг» және т.б.

 

Қазақстанда лизингтің дамуы төрт арна арқылы жүреді:

 

1. Техникалық құралдарды жалға  беру жөніндігі жұмыс істеп  отырған «Казконтракт» корпорациясының  аймақтық көтерме-делдалдық фирмалар  мен компаниялар құрамындағы  кәсіпорындармен беттері;

2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары;

Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы динамикасы