Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті
Мазмұны
Кіріспе |
3 | |
1 |
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік бюджеті – қаржы
жүйесінің категориясы ретінде |
4 |
1.1 |
ҚР Мемлекеттік бюджеті туралы жалпы түсінік |
4 |
1.2 |
ҚР Бюджет Кодексіне сипаттама |
7 |
2 |
Бюджеттік жүйенің қызметі |
10 |
2.1 |
Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету |
10 |
2.2 |
Қазақстанның қаржы саласындағы бюджеттің ролі |
13 |
3 |
Қазақстан Республикасының «Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры |
16 |
Қорытынды |
21 | |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі |
25 |
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егеменді Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастырып, оны одан әрі тереңдете дамытуда шешуші тұтқалардың бірі мемлекеттік бюджет болып табылады.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым–қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым–қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым–қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. Елімізде нарықтық экономика жағдайында тиімді мемлекеттік бюджет пен салық жүйесінің қалыптасуының ерекше мәні бар.
Бүгінгі таңда Қазақстан
өз дамуында сапалық жағынан
жаңа сатыға аяқ басты.
1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті –қаржы
жүйесінің категориясы ретінде
1.1 ҚР Мемлекеттік бюджеті туралы жалпы түсінік
Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді. Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол бюджеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді.
1) Тұтастық оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларынын бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
2) Дербестік оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қайнар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамассыз етуіне;
3) Теңгерушілік оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына;
Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюджет тұрақтылығы мен аймақтар және іс әрекет салалары аралығындағы ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет ол мемлекеттің барлық қаржы саястының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру.
Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық орта мерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің фунцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрнеді:
1) Мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының әрекеттесуінде;
2) әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;
3) салықты фискалдық құралдарды жетілдіруінде;
4) бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;
5) бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда;
6) республикалық бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда;
7) жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;
8) мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда;
Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша бюджеттік іс әрекеттің барлық сатыларында келесі негізгі мақсаттар шешіледі.
1) жеке салықтық пен басқа түсімдер бойынша және әлеуметті экономикалық даму болжамдары мен арнаулы бағдарламаларға сәйкес бюджет кірістерін анықтау;
2) бюджет шығындарын арнаулы және адрестік белгілер бойынша тағайындау;
Ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мен экономикадағы инфляциялық тенденцияны жеңуге бағытталған қаржылық құқықтылықтын тұрақтылықтын жалпы бағдарламасымен бюдждетті қиыстыру;
3) экономиканы ақталған қайнар көздер арқылы бюджет тапшылығын қысқырту мен жою;
4) әр деңгейдегі бюджеттер теңгерушілігі мақсатында мемлекет кірістерінің қайнар көздерін сол бюджеттер және аймақтар мен іс әрекет салалары арасында қайта бөлу арқылы бюджеттік реттеуді іске асыру;
5) әр түрлі үлкен ауқымдағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың пропорционалдығы мен теңгерушілігін қамтамасыз ету үшін болашақ бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлін жоғарылату;
6) заңды және жеке тұлғалар өздерінің салықтық міндеттемелерін орындау кезінде олардың қаржылық әрекеттері мен кірістерін бақылау.
Бюджеттік процестердің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті орган ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады.
Жоба жыл сайын Қазақстан халқына арналған Республика Президентінің Жолдауы, орта мерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағымды бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, ақша несиелік пен фискалдық саясатттың негізгі бағыттырының негізінде жасалады.
Ұсынылған құжаттар ұйғарымды болған кезде Республика Үкіметі бюджет жобасын қалыптастыру мен өкілетті органға ұсыну тәртібі және мерзімі жөнінде Қаулы қабылдайды. Сонымен қоса, барлық бюджеттік процеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру мен атқару тәртібімен басшылық етеді.
Елдің бюджеттік жайластырушылық пен бюджеттік құқықтарға негізделген бюджеттік процесс мазмұнымен оның іс әрекет кезеңдері анықталады. Жалпы айтқанда бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды:
1. Бюджет жобасын құрастыру;
2. Бюджетті қарау және бекіту;
3. Бюджетті атқару
4. Бюджетті атқару жөніндегі есеп беруді құрастыру мен оны бекіту.
Бюджет жобаларын құрастыру
толығымен Республика Үкіметі мен
жергілікті биліктің тиісті атқарушы
органдарына жүктелгендіктен, республикалық
және жергілікті бюджеттер жасаудың тәртібі
мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге
міндетті түрде тапсыратын қажетті құжаттармен
жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы
Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының
есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік
билік органдарына ресми түрде тапсырғанша
құпия сипатта болады.
Бюджеттік
жыл аяқталғаннан кейін әрекеттейтін
бюджет процесінің ақырғы кезеңі ол бюджет
атқару жөніндегі арнайы органдардың
есеп беруді құрастыруы. Арнайы органдар
ол республикалық бюджетті атқару жөніндегі
орталық өкілетті орган (Қаржы министрлігі)
және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі
тиісті органдар (әкімшілік). Есеп биліктің
өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда
ол белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі.
2011 – 2013 жылдарға арналған
1) кiрiстер – 3 948 087 032 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 2 543 733 998 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 78 639 307 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша–14 523664 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 311 190 063 мың теңге;
2) шығындар – 4 311 619 409 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредит беру – 39 099 011 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 140 103 892 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 101 004 881 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо –199 826 332 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 200 186 332 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы
активтерiн сатудан түсетiн
5) тапшылық – - 602 457 720 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,8 процентi;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 602 457 720 мың теңге.
Салық қызметі - бұл қаржылық бақылауды жедел жүзеге асыратын органдар. Салық органдарын Қаржы министрлігінің Салық комитеті басқарады. Салық комитеттері тек өзінен жоғары тұрған органға ғана бағынады.
Салық қызметтерінің жұмысы болып мыналар табылады:
а) салықтар туралы заңнаманың орындалуын бақылау, өз уақытында бюджетке салықтық төлемдердің төленуін және толықтылығын қамтамассыз ету;
ә) ведомстволық бағыныштылығына және ұйымдық-құқықтық нысанына тәуелсіз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тексеру;
б) салық салынатын табыстың дұрыс анықталуын бақылау;
в) барлық субъектілерді, сондай-ақ нақты салық салу объектілерін тіркеу;
г) мемлекет меншігіне өткен иессіз, тәркіленген мүліктерді есепке алу, бағалау, өткізу.
Салық қызметінің құқықтарына мыналар жатады; меншіктің әр түрлі нысанындағы ұйымдардан заң бойынша комерциялық құпияны білдіретін ақпарлардан басқа құжаттар мен мәліметтер алу; азаматтардың кәсіпкерлігі туралы заңнаманың сақталуын бақылау; табыс табу үшін пайдаланылатын ғимаратты зерттеу; құжат ұсынбаған жағдайда азаматтар мен кәсіпорындардың барлық операцияларын тоқтату; табыс жасырғанын куәландыратын құжаттарды алу;санкция мен айыппұлқолдану; мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін кәсіпорынды жою туралы сот пен арбитражға талап беру.
Салық қызметінің қызметкерлері үстінен шағымдануына болады. Қаржылық заң бұзушылықтармен, сондай-ақ , қаржы полициясы айналысады. Олар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, мемлекеттік қаржы ресурстарына ысырап жасау фактілерін анықтайды. Тауар–ақша қатынастарының дамуы әр түрлі меншік түрлерін туындатады, қаржы бақылауының әр түрлі нысандары мен құралдарының пайда болуы мен дамуын анықтайды қаржы нарығының қалыптасуына ықпал етеді.
1.2 ҚР Бюджет Кодексіне сипаттама
Қазақстан Республикасының
бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында күші болады және
барлық жеке және заңды тұлғаларға
қолданылады. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіндегі
көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік
мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкіне және
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
жергілікті атқарушы органдардың тиісінше
республикалық және жергілікті бюджеттерден
кезекті қаржы жылына ақша бөлу туралы
актілері, осы актілердің қайтарымды негізде
ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда,
ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін
күшін жояды.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады.
Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
1) бірыңғайлық принципі
- бюджет жүйесін ұйымдастырудың
және оның жұмыс істеуінің
бірыңғай принциптерін қолдану,
2) толымдылық принципі - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;
3) реалистік принципі
- бекітілген (нақтыланған, түзетілген)
бюджет көрсеткіштерінің
4) транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау;
5) дәйектілік принципі
- мемлекеттік органдардың
6) нәтижелілік принципі - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару
7) бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төмеңгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;
8) сабақтастық принципі
- өткен кезеңде бекітілген
9) негізділік принципі
- бюджет жобасына қандай да
болсын түсімдерді немесе
10) уақтылылық принципі
- республикалық және жергілікті
бюджеттерге, Қазақстан
11) кассаның бірыңғайлық
принципі - бюджетке барлық түсімдерді
бірыңғай қазынашылық шотқа
12) тиімділік принципі
- бюджет қаражатының бекітілген
көлемін пайдаланып, ең үздік
тікелей нәтижеге қол жеткізу
қажеттілігін негізге ала
13) жауапкершілік принципі
- тікелей және түпкілікті
14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.
2 Бюджеттік жүйенің қызметі
2.1 Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
Бюджеттік жүйенің қызмет етуін, және құқықтық қамтамасыз ететін орган Қаржы агенттігі болып табылады. Қаржы агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз процент қатысатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Мемлекет активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар;
Бюджеттік жүйенің қызметін қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері. Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:
-алдын ала (шығындалуға дейін жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады );
-ағымдағы ( шығындалу кезінде жүргізіліп , жоспар немесе сметамен салыстырылады);
-кейінге ( есеп материалдары
негізінде шығыннан кейін
Қаржылық бақылаудың әдістері (өткізілуі тәсілдері):
-ревизия ( барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметтері тексеріледі);
-инспекция (кәсіпорынның қаржылық жағдайы үнемі тексеріліп отырады);
-зерттеу (кемшіліктерін зерделеу);
Өндірістік күштердің
өркениетті дамуы тәжірибесі мен
әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам
қатынастары өндіріс
Бұған тек қана қабылданған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Экономикалық субъектілердің заңдарды сақтап отыруы мен оларға бекітілген жеке меншікті тиімді басқаруын бақылап отыру қажет.
Бақылау басқару тетігі
болғандықтан, басқарудың алға қойған
міндеттері мен шешімдеріне бағынады.
Сондықтан бақылау маңызы басқарудың
экономикалық және саяси заңдылықтары
қоғамдағы белгіленген
Бақылау қоғамдық даму үдерістерін басқарудың жүйесі болып табылады. Бұл халықтық демократиялық-құқықтық мемлекеттің саяси басшылығына, әлеуметтік басқаруына тікелей қатысты. Бақылау әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет. Ол бақылау кезеңіндегі обьектінің іс барысына бағыт бере отыра, басқару үдерісін басқарудың бекітілген ең жоғарғы үлгісімен бағыттайды.
«Бақылау» латынның «контра рутулус», яғни, белгіленген немесе болжанған белгілі бір оқиғаға не үдеріске «қарсы қою» деген мағынаны білдіреді. Бірақ ол «контроле» сөзінің негізін ала отырып, трансформацияға түсу арқылы «бақылау» мағынасын беретін болған.
Бақылау мәселелерін жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық саласы қызметіне және оны атқарушы, басқарушы қызмет нысанына жатады.
Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау қайта айналмалы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы өзіне қажетті деректреді жинап, оны тиімді басқаруда пайдаланады.
Бюджеттік жүйенің қызметін ревизиялық бақылау қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде бақылаудың негізгі мәні – шаруашылық жүргізуші объектінің заңдарды сақтауын қадағалау мен мемлекеттік тәртіптің бұзылуын анықтау деп түсіндіреді. Ал, шындығында, басқарушы субъект объектіні тексергенде оның жүктелген тапсырманы орындалу барысын тексеру үшін жүргізеді.
Бұл бақылау - басқарылушы объектілердің жұмысын тексеру және бақылап отыратын, әрі басқарушы тетік екенін білдіреді. Қаржылық бақылау объектідегі қабылданған шешімнің орындалу сатысын, оның тиімді жүзеге асырылып жатқанын анықтай отырып, ондағы кемшіліктер мен ауытқуларды басқарушы органдарға хабарлайды. Бұл объектідегі жұмысты уақытында жақсартуға мүмкіндік береді.
Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Бюджет жүйесінің қызмет ету заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдардың бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар өз алды бюджеттік құқықты көрсетеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады.
Бюджеттік кодексте барлық бюджет түрлері бойынша анықтама берілген, кірістер мен шығыстардың атаулары жазылған, бюджет атқару жөнінде есеп беруді құрастырудың тәртібі, оларды бекіту мен бақылау сауалдары қарастырылған.
Мұндай тиісті бюджет кірісі болып толығымен және норматив бойынша бөлініп түсетін салықтар мен түсімдер анықталған. Ұлттық қордың қалыптасу тәртібі, қайнар көздерімен пайдалануы және оны басқаратын Кеңестің функциялары Бюджеттік кодексте анықталған.
Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік органдар құрылымына Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Республикалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, Қазақтан Республикасының Үкіметі, бюджетті жоспарлау, атқару жөніндегі орталық өкілетті органдар, жергілікті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді.
Бюджеттік кодекс бойынша
Қазақстан Республикасы Президентінің
бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы
уәкілдігі республикалық
Бюджеттік кодекске сәйкес елдің заңнамалық органы Парламенті бюджеттік қатынастарды реттеу аумағында республикалық бюджетті және оған еңгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту, Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі есептерін қарастыру мен бекіту және басқа да қажетті уәкілдіктерді атқарады.
Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бюджеттік қатынастар аумағындағы уәкілдігіне сыртқы бақылау жүргізушінің тәртібін тағайындау мен оны іске асыру, мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарын жасау, қабылданған шешімдерді атқаруына мониторинг жүргіру жіне заңнамалы нормативтік актілерге сәйкес басқа да қызметтер кіреді.
Бюджеттік кодекске сәйкес
Қазақстан Республикасының

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы, өсу қарқынын талдау
- Қазақстан Республикасының мемлекетттік қарызы
- Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын жетілдіру
- Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты
- Қазақстан Республикасының мұнай-газ сферасындағы мұнай нарығының қызметін жетілдіру
- Қазақстан Республикасының мұрағат жүйесі
- Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы
- Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі
- Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді фискалдық саясат және оның 2010-2012 жылдарға арналған болжамы
- Қазақстан Республикасының қаржы саясаты
- Қазақстан республикасының қолма қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі
- Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесіндегі пластикалық карточкалар
- Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы динамикасы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы