Қазақстан Республикасының мұрағат жүйесі

Кіріспе

       Елбасының «1998 жылды Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы» Жарлығы, "Қазақстан — 2030" стратегиялық даму Бағдарламасы және оның негізгі Ережелері, оны іске асыруға байланысты республика халқына арнаған Жолдауы еліміздің архив жүйесіне деген халықтың көзқарасын оятты. Бұқараның тарихи санасы, патриоттық сезімі дами түсті. Мемлекеттік архивтердің оқу залынан АҚШ, Канада, Қытай, Жапон, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген зерттеушілер жиі көріне бастады.

     Республиканың ақпарат құралдары арқылы 1998 жылдың тек алғашқы жарты жылдығында 300-ден астам мақала, 400 шамасында теле-радио хабарлары таратылды.

     Орталық архивтің "Егемен Қазақстан", "Казахстанская  правда", "Қазақ әдебиеті", "Ана  тілі", "Ваше право", "Заң", т.б. газеттер мен журналдардың беттерінде ашқан айдарымен "Алашорда басшылары", "Түркістан тарихы" туралы, қазақ халқының ұлтазаттық қозғалыстары, ашаршылық, т.б. тақырыптар бойынша материалдары жарияланды.

     "Қазақстан-1", "Хабар", "КТК", "Таң", "Рахат-АТВ"  телеарналарында ұлттық тарихымыздың маңы санап дами түсуде. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет басшыларының Минскі шарты көлемінде және ТМД мемлекеттері архив қызметінің өзара ынтымақтастық келісімі бойынша Ресей Федерациясы архив қызметі және Өзбекстан Республикасы мемлекеттік архивімен бірлесіп Түркістан қаласы тарихына қатысты құжаттарды табу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

  Еліміздің тарих ғылымының базалық көзін  кеңейту мақсатында Омбы облыстық мемлекеттік архивімен архив кұжаттарының  көшірмелерін  алмасу жөнінде келісім шарт жасалды.

    Республиканың архив жүйелерінің  материалдық-техникалық базасын  нығайту, архив ісін дамыту,

келешекте реформалау мәселесі Мемлекет Басшысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне баяндалды. Осы мәселе Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет және Білім, мәдениет, денсаулық министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.

       Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет орындарының архив ісінің маңызын түсінуі және олардың көмегі архивтердің нәтижелі жұмыс жасауына елеулі әсері тиді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    І-бөлім. Қазақстан мұрағаттары-кеңестік саяси репрессиялар тарихының дерек көзі. 

    XX - ғасырдағы өмір сүрген ірі тоталитарлық мемлекет КСРО тарихын зерттеуде қарастыратын үлкен мәселелердің бірі кеңес азаматтарының құқықтарын шектеген саяси репрессиялар тарихы болып табылады. Большевиктер мемлекет басына келгеннен-ақ саяси қуғынды бастады. Бүгінгі күні аталған тақырыпты дерек көзі ретінде зерттеу жүзеге асуда. Мәселені ашу үшін алдымен, мұрағат құжаттары анықталуы, ашылуы қажет.

  Деректану - бұл тартымды іздеу әлемі. Деректану - қандай да болсын нақты дерек-ті ғылыми жұмыста, практикалық мақсатта, жарияланымдарда, көркем әдебиетте, музей қызметінде пайдалану мүмкіншілігінің бағасы. Біздің заманымызда тарихшылар, тарихшы-мұрағаттанушылар алдында тарихи шындықты қалпына келтіру күрделі міндеті тұр [1, с. 528]. Кеңес кезеңінің деректерінің көлемді бөлігі мұрағат құжаттары екені белгілі. Сондықтан мұрағаттық материалдарды ғылыми айналымға қосу, сараптау тарихшылардың міндеті.

  Кеңестік саяси репрессиялар туралы дереккөздері Қазақстанның барлық мұрағаттарының құжаттары болып табылады. Дегенменен де, Кеңестер Одағы орталықтан басқарылған мемлекет болғандықтан, басқарушы-ұйымдастырушы құжаттардың көпшілігі Ресейдің орталық мүрағаттарында жатыр. Сондықтан да деректанулық талдауды толыққанды жүргізу үшін мәскеулік материалдарды пайдалану қажеттігі туындайды.

      1917-1956 жылдардағы кеңестік саяси репрессиялар туралы деректерді төмендегі мүрағаттардан таба аламыз:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты.
  2. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты.
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мұрағаты.
  4. ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша Комитетінің мұрағаты.
  5. Қазақстанның облыстық мемлекеттік мұрағаттары.

  Кеңестік биліктің ерекшелігі, большевиктер елді орталықтандырылған, мемлекеттік басқару органдарымен басқарды. Сондықтан да, Кеңес өкіметі жылдарында саяси реп-рессияны басшы органдар жүргізді. Бұл туралы 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында [2]. саяси репрес-сияны жүргізген мына мемлекеттік мекемелер аталады: КСРО Жоғары Соты мен оның сот алқаларының, КСРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Ішкі істер халық комис-сариаты-Мемлекет Қауіпсіздігі министрлігі-Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңес, КСРО Прокуратурасы мен КСРО ішкі істер халық комиссариатының Тергеу істері жөніндегі комиссиясы, Бүкілодақтық Төтенше Комиссия, Саяси бас басқармалары.

  Мұрағаттардағы құжаттар аталған мекемелер мен олардың бөлімшелерінің матери-алдары болып табылады. Мекемелер тарихын ашу арнайы мемлекеттік мұрағаттардың мәліметтерін пайдалануды талап етеді. Қазақстанның орталық мұрағаттарының жиырма-сыншы ғасыр тарихы жөніндегі материалдары - кеңестік басқару, атқару, сот, орындау мекемелер! құжаттары.

      Кеңес қоғамының тарихы бойынша келемді деректер тобын мекемелер, ұйымдар, өндірістердің іс жүргізу құжаттары құрайды. Басқару ақпаратты қайта ұйымдастыру, беру, бағалау үдерісі ретінде болады және әзірше қағаздық құжаттар ағымы формасында жүзеге асады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қүқықты, өкілеттілікті куәландырады және бекі-теді, дәйектейді. Құжаттардың тарихи дерек ретіндегі маңызы олардың қоғамдық дамудағы роліне және ондағы енгізілген мәліметтердің ғылыми тарихи құндылығына сай анықталады. Егер үздіксіз басқару практикасында құжаттардың белгілі бір тобына қажеттілік біртіндеп төмендесе, ал олардың тарихи дерек ретіндегі функциясы тұрақты болып қала береді [3, с. 393]. Мұрағаттық құжатты сипаттау, одан әртүрлі шектеулерді алып тастау, яғни мұрағаттық құжатты көпшіліктік мұрағат құжатына айналдыру-оның өзініңөмір сүруінің төртінші кезеңіне, тарихи дерек дәрежесіне өтуін білдіреді [4, сс. 36,40].

  Мұрағаттар деректерін пайдалану екі жолмен жүзеге асады. Біріншіден, мұрағаттар оқу залдарында жұмыс істеу, екіншіден, мұрағаттар шығарған құжаттар жинақтары материалдарын пайдалану. Сондықтан да, зерттеушілердің толыққанды жұмыс істеуіне мұрағаттанушылардың құжаттар жинақтарын шығару дәрежесі де әсер етері сөзсіз.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. Оның құрамына Қазақстан Коммуниста партиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтының партия мұрағаты секторы және Қазақстан Коммуниста партиясы Алматы облыстық Коми-тел мұрағаты сақталуын жүзеге асырған Кеңестер Одағы Коммуниста партиясы мүрағат қорының бір бөлігі енді [5,с. 9]. Кеңестік басшылықтың көптеген құжаттары осы мұрағат қорларында сақтаулы. Сондықтан да, аталған мұрағат қорлары кеңестік басқару мекемелері туралы мәліметтерді топтастырған. Саяси репрессияларға байланысты құжаттары бар мекеме қорлары төмендегідей болып табылады: РКП(б) Қырғыз (Қазақ) бюросы. 1918-1922 жж.; РКП(б) Қырғыз (Қазақ) облыстық комитеті. 1921-1925 жж.; БКП(б) Қазақ Өлкелік Комитеті. 1925-1937 жж. Жетісу облысы ерекше тағайындау бөлімінің штабы.1921-1927 жж.; Қазақстан Коммуниста партиясының Орталық Комитеті.1937-1991 жж.; Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің тұтқындар орындары басқармасының саяси бөлімі.1946-1961 жж.; Қазақстан Коммуниста партиясы Орталық Комитетінің саяси зерттеулер институты. 1931-1991 жж.

  Мұрағатта Алаш қайраткерлерінің кеңестіктер тарапынан қудалануына, Кеңес өкіметінің орнығуына, тәркілеу, ұжымдастыру, отырықшыландыру сияқты мемлекеттің жүргізген реформалары және олардың салдарларына қатысты деректер көп.

  Бүгінгі күні Қазақстандағы 1931-1932 жылдардағы аштық салдарынан қаза болғандарды ресейлік ғалымдар Ресейдегі, Украинадағы аштықтан өлгендермен қатар саяси репрессия құрбандары категориясына кіргізуге ұмтылуда [6], ал қазақ байларын тәркілеп, жер аударуды «кулактық жер аудару» деп атап, депортацияға жатқызуда [7, с. 32]. Бұл туралы 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай куғын сүргін құрбандарын актау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында [2]. «Саяси қуғын сүргіндер құрбандары ретінде сондай ақ КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады. Осы Занда саяси қуғын сүргіндерден зардап шеккендер ретінде ата аналарымен немесе олардың орнындағы адам-дармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын сүргіндер құрбандарының балалары, сондай -ақ қуғын сүргін кезінде он сегізге толмаған және оны қолданылуы нәтижесінде ата анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын сүргіндер құрбандарының балалары танылады». Сондықтан да аталған деректік материалдарды Қазақстандағы саяси репрессиялардың бір бөлігі ретінде зерттеу мәліметтері ретінде пайдалануға болады.

    Қорлардағы басқарушы ұйымдастырушы құжаттар саяси репрессияларға байланысты көптеген деректерді анықтайды. Материалдар арқылы жоғары жақтың басқару жүйесінде саяси үстемдікті жүзеге асырғанын көре аламыз.

  ҚР Президентінің мүрағаты саяси репрессияларға байланысты құжаттар жинақтарын шығарып отырған бірден бір мекеме. Қазақстан Республикасы Президентінің «1997 жыл-ды қоғамдық келісім және саяси репрессия құрбандарын еске алу жылы деп жариялауы туралы» Жарлығына байланысты аталған мүрағат «Политические репрессии в Казахстане 1937-1938 годах» [8, с. 336] атты құжаттық жинақ шығарды. Бұл еңбек кеңестіктердің елімізде жүргізген саясатындік саясатқа байланысты қабылдаған шаралары туралы көптеген мәліметтер бар. Көбінесе еліміздегі тарихшыларға аталған тақырып бойынша үлкен тарихи дерек көзі бола алады.

      Аталған мұрағат деректерін жариялаудағы тандалған тақырыптардың алуан түрлілігінің арқасында көптеген көкейкесті мәселелерді аша алады. Қазақстан тарихында құрбандары көп болған дәстүрлі қазақ қоғамын күйретуге бағытталған кеңестік реформаларды бейнелейтін материалдар да жарық көрді. Ол елімізде жүргізілген күштеп ұжымдастыру мен отызын-шы жылдардағы аштық мәселесін қамтиды. Сонымен қатар, Кеңестер Одағындағы кеңестік репрессивті саясаттың бір бөлігі арнайы қоныс аударушылар туралы құжаттық жинақтар шығарылуда . Жинақтар тақырыптардың зерттелуіне зор мүмкіндіктер беруде. Жеке қоғам қайраткерлеріне де арнайы құ жаттар жинақтары шығарылуда [10].

2.    Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты. Бұл мекеме отан тарихы бойынша Қазақстандағы ең үлкен мұрағат болып табылады. Мұрағат КСРО Мемлекеттік мұрағат қоры туралы Ережеге сай кеңес кезеңінің құжаттарын - мемлекеттік өкімет пен мемлекеттік басқару жоғары және орталық органдарының, қоғамдық және кооперативті мекемелер, ұйымдар және өндірістер қорларын, сонымен қатар жеке құжаттар, жанүялық қорлар мен коллекцияларды жоспарлы түрде жинақтады [11, с. 1,2]. Сондықтан да, мұрағатта кеңестік мемлекеттік мекемелер материалдары көптеп кездеседі. Атап өтсек, Кеңес өкіметінің орнау кезіндегі Қазақ әскери комитеті, Қазақ әскери революциялық комитеті, кейін КСРО кезіндегі РКП(б) Орталық Комитеті Қазақ облыстық бюросы, Қазақ КСР заң министрлігі, Қазақ КСР Прокура-турасы, Қазақ КСР Жоғары соты, Қазақ КСР Ішкі істер халкомы (НКВД) қорларында еліміз-де жүргізілген саяси репрессиялар барысы туралы мәліметтер бар. Басқа мұрағаттармен салыстырғанда, Орталық мұрағатта кеңес кезеңі хронологиялық тұрғыдан толық қамтылады. Құжаттар алдыңғы мүрағаттағы секілді басқарушы үұымдастырушы сипатта.

  Бұл мұрағатта большевиктер саясатына қарсылық, алаш қайраткерлерінің кеңестіктерге қарсы күресі, 1920-1930 жылдардағы кеңестіктердің дәстүрлі қазақ қоғамына шабуылы туралы материалдар да жеткілікті. Ал кейінгі орныққан мемлекеттік мекемелер құжаттарын басқа мұрағаттар құжаттарымен байланыстыра және салыстыра отырып, тарихи үдерісті анықтауда дерек ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, облыстық дәрежедегі кей-бір кеңестік органдар қорлары да бар. Дегенменен де, революцияға дейінгі құжаттармен салыстырғанда, кеңестік құжаттардың көпшілігі жергілікті мекемелерде сактаулы.

  Бірақ, осындай мол мұрағат қоры бар Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында құжаттар жинақтар шығару жағы толыққанды жүзеге аспай отыр. Тек қана кей-бір жинақтарда ғана аталған мұрағат құжаттарын кезіктіруге болады [12].

       3.Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мұрағаты. КСРО Мемлекет қауіпсіздігі министрлігі, Мемлекет қауіпсіздігі комитеті құжаттары сақталған арнайы мемлекеттік мұрағат. Онда Қазақстанда жүргізілген сот процестері мен айыптау қорытындылары, саяси репрессияға ұшыраған жеке тұлғалардың істері кездеседі. Аталған мұрағат материалдары әлі толық ашылмаған мәліметтер болып табылады.

    Дегенменен де, кейбір деректер ішінара жарияланып жүргенін айтып өтуіміз керек. Бұл, әсіресе, саяси репрессия құрбандары ұрпақтары шығарған еңбектерде кездеседі. Мәселен, саяси репрессиялар құрбандарының ұрпақтары С.Бөкейханов, М.Биленко, Л.Күдериналар өз еңбектерінде сот процестері, айыптау қорытындылары сияқты көптеген деректерді ашып көрсетті. Алаш қозғалысының өкілдерінің мәлімдемелері де құжаттық жинақтарда жарық көруде. Жалпы, мерзімді басылымдарда да кейбір құжаттар жарияланды, жариялануда [13].

     4.ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша Комитетінің мұрағаты. Аталған мүрағатта және оның көптеген облыстық филиалдарында Қазақстан территориясында орналасқан КСРО еңбекпен түзеу лагерлері туралы мәліметтер жинақталған. Филиалдардыңең ірісі Қарағанды қаласында жинақтаған. Өкінішке орай, КСРО да үшінші орыналған қазақстандық лагерлер жүйесінің көлемді деректік базасы ведомстволық мұрағат еншісінде қалып отыр. Оның үстіне жаппай саяси репрессияларға қатысты мұрағатты құжаттарға ғылыми техникалық өңдеу жүргізілмегендіктен, зерттеушілерге берілмеуде. Бұл материалдарға қызығушылық тек қана қазақстандық тарихшылар тарапынан ғана емес, сонымен қатар, шетелдік, қала берсе ресейлік зерттеушілер де өз азаматтары Қарлаг тұтқындары болғандықтан, олардың тағдыры туралы білгісі келеді. Бүгінгі танда 1929 жылдан 1942 жылға дейінгі кезеңдегі КСРО НКВД ІІМ Қарағанды лагері қамау орындарында болған сотталғандардың 22 768 жеке ісі өңделген және құпиясыздандырылған. Ал лагердің басқарушы, ұйымдастырушы құжаттары туралы мәліметтер тәртіпке келтірілмеген. Осы себептердің барлығы бүгінгі танда қазақстандық еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихының  зерттелуіне кедергі келтіріп отырғанын айтып өтуіміз керек.

      Енді құпиясыздандырылған тұтқындардың жеке істерін талдауға тоқталайық. Жеке істерде мынадай құжаттар бар: 1) жеке іс бойынша анықтама; 2) есеп парағы; 3) хаттамадан үзінді көшірме; 4) жауап алу құжаты; 5) қамалушының анкетасы; 6) қолының таңбасы; 7) жеке құжаттары; 8) қамауға алу туралы қаулы; 9) медициналық куәландыру хаттамасы; 10) жеке іске формуляр (14). Жалпы алғанда, жеке адамдар істері ақпараттық анықтамалық дәрежесінде. Оны іздестіру, анықтау дәрежесінде пайдалануға болады Бірақ, аталған мұрағат құжаттары туралы құжаттар жинақтары болмағанменен, кейбір деректері жарық кергенін айта кетуіміз керек. Бұл бізге мұрағатта қандай құжаттар сақталғаны туралы қысқаша ақпарат бере алады. Бірақ, құжаттар ғылыми айналымда мүлдем жоқ деп айта алмаймыз, кейбір құжаттар зерттеушілерге берілген. Көптеген еңбектерде деректер талданған, ал кейбіреулерінде көшірме құжаттар қосымша тұрінде берілген. Оларды «Я с вами во все дни до окончания века. Книга 1. Тяжелые времена гонений и репрессий 1931-1946 гг.» еңбегінде, зерттеушілер А.Кукушкина, Л.Михееваның диссертациялық еңбектерінде аталған мұрағаттың құжаттарын кездестіруге болады [15 сс. 25, 184]. Алдыңғы еңбекте Карағанды лагерінің картасы, лагерлер жүйесі мен оларға келіп түскен тұтқындар саны әр жылдарда салыстырылған кестөлер, схемалар, тұтқындардың саны туралы әртүлі мәліметтер, оларды айыптау корытындысынан бастап ату жазасы туралы үкімдер, жеке іске қатысты деректер бар. А.Кукушкинаның кітабында Ақмоладағы «отанын сатқандар» әйепдерінің лагері туралы аталган мұрағат кұжаттары кездеседі. Онда Мәскеумен арада жіберілген әртүрлі кұжаттар, Ақмола арнайы бөлімінің НКВД Қарлагы балансына қабылдануы, тұтқындарды қабылдау, ұстау режимі, апталық тамақ мәзірі, есеп карточкалары бар. Л.Михееваның жұмысында Қарағанды облысы, Шахта жанындағы аудандағы неміс және жапон әскери тұтқындары молаларының жоспарын, Қарағанды облысы, Ленин ауданы, Спаск поселкісінің жоспарын берген.

      Бұл мәліметтер арқылы аталған мұрағатта қандай құжаттар бар екенін шамамен білуге болады. Мұрағаттағы құжаттар лагердің құрылуы мен әртүрлі жылдардағы жағдайы, ондағы тұтқындардың саны мен құрамы, материалдық және әлеуметтік жайы материалдар болып табылады. Сонымен қатар, жергілікті мұрағат болғандықтан, сотталушылар туралы кеңірек ақпараттар алуға мүмкіндік бар. Ұйымдастырушы және баяндаушы құжаттар ғылыми айналымға енсе, Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің тарихы толық ашылары сөзсіз.

  5. Қазақстанның облыстық мемлекеттік мұрағаттары. Облыстық мұрағаттардың құжаттарының ерекшелігі, олар жоғарыдан берілген, жіберілген нусқаулар мен бұйрықтардың орындалғаны туралы жергілікті жерлерде орындалганы туралы нақты деректер сақталуында.

  Ең көп дерек Кеңес екіметінің орнауы кезеңінде және кеңес саясатына қарсылық туралы материалдар барлық дерлік облыстық мұрағаттарда кездеседі. Бұл негізінен, 1920-1930 жылдарын қамтиды.

  Коммунистер террорды кеңес милициясының міндетіне ауыстыруға тырысты. Азамат соғысы барысында большевиктер әскерилендірілген жүйе құрған болатын: BOXR Ерек-ше тағайындау белімдері (ЧОН), ішкі әскерлер, продотрядтар мен продармиялар. Азамат соғысының аяқталуына қарай жазалаушы органдар мен олардың жеке құрамы кебейе бастады. Бірақ ең басты жазалаушы орган барлық уақытта Бүкілодақтық төтенше комитет (ВЧК) болып қала берді [16, сс 16-17]. Аталған мекемелердің негізгі құжаттары жергілікті мұрағаттарда қорларында жатыр. Барлық облыстық мұрағаттарда дерлік аталған кезеңге байланысты құжаттар бар.

      Қазақстан территориясында орналасқан КСРО Лагерлер Бас Басқармасының еңбекпен түзеу лагерлері тарихы деректер облыстық мұрағаттарда да бар. Басты дерек көздері Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарының. Жезқазған қаласының   мұрағаттары.....Облыстық мұрағаттардың алдыңғылардан айырмашылығы, олардың территориясында орналасқан лагерлер туралы бастапқы мәліметтерді топтастыруында. Қазақстан жерінде орналасқан еңбекпен түзеу лагерлерінің бөлімшелері бар облыстарда мәліметтер сақталған. Алдыңғы орталық мұрағаттар деректері жергілікті мекемелер қүжаттарымен салыстырылып берілсе ғана, толық деректік базаны құрай алады.

   Жергілікті мұрағаттарда аз болса да, құжаттар жинақтары шығарылуда.

     Мәселен, Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттамалар орталығында 1920-1930 жылдардағы өлке тарихына байланысты еңбектер жариялануда [17]. Жинақтардан еліміздің шығысында жүргізілген кеңестік саясат туралы мәліметтер ала аламыз. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық мұрағаты да арнайы қоныс аударушыларға байланысты құжаттар жинақтарын шығарды [18]. Дегенменен, бұл материалдар облыстық мұрағаттардағы кеңестік саяси репрессияларға байланысты құжаттар кешенін толық аша алмайды. Сондықтан да, жергілікті бұл мәселені шешуге ұмтылу керек деп ойлаймыз.

       Аталған тақырыпқа байланысты мұрағаттарда материалдар өте көп. Кептеген құжаттар әлі толық анықталған жоқ, оған ең үлкен себеп құжаттардың кұпиясыздандырылмауы болып отыр. Бұл туралы халықаралық «Мемориал» Басқармасының төрағасы А.Рогинский былай деген болатын: «Сталинизмнің зерттелуі мен талдануы жолындағы үлкен кедергі саяси террор туралы мұрағаттық құжаттарға жіберілудің шектеушілігі болып отыр. Бұл шектеулердің себебі, біріншіден, жіберілу туралы кеп ережелердің ойға сыймаушылығы, екіншіден, көп құжаттардың құпиясыздандырылмауы. Жеке құпия сылтауымен зерттеушілер террорды зерттеу бойынша басты дерек мұрағаттық-іздестіру істерімен жұмыс істеу мүмкіншілігінен мүлдем айрылған» [7]. Бұл мәселелер қазақстандық мұрағаттарға да қатысты деп айтуға болады.

    Осындай қиындықтарға қарамастан, кеңестік саяси репрессиялар тарихына байланысты деректер кеп жариялануда. Ресейде бүгінгі күні XX- ғасыр тарихына байланысты көптеген құжаттар жинақтарының шығарылуы [19]. аталған тақырыптың деректерін алуға үлкен көмек болып отыр. Осы жерде кейбір қазақстандық мұрағаттарда құпиясыздандырылмаған құжаттарды ресейлік құжаттар жинақтарынан табуға болатынын айта кету керек. Бүны Кеңес екіметі тұсында қазақстандық мекемелер құжаттар бір данасын Орталыққа жіберіп отырғанынан деп ойлаймыз.

       Жалпы алғанда, кеңестік саяси репресссиялар тарихы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Бұған алдымен, мұрағат деректерінің қол жетерлігі мен жариялануы эсер етері сезсіз. Сонда ғана отан тарихының өзекті мәселелерінің бірі кеңес қоғамының тарихы ашылмақ. 
 
 
 
 

1.1. Мұрағат деректері және ұлттық идея

    Мұрағат деректері қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың қай саласында болмасын ерекше маңызды. Олардың ақпараттық әлеуетінсіз бір сүйем де ілгерілемейтін ғылым саласы болса, ол тарих ғылымы дер едік. Тіпті адамзат баласының ең көне дәуірін зерделейтін археологиялық зерттеулердің өзі кейінгі ғасырларда жинақталған мұрағат құжаттары арқылы толыға түсетіні бар.

    Қазақстан тарихына қатысты мұрағат деректері мен құжаттары дүниенің терт бұрышына шашырап кеткен. Соңғы жылдары ғана Қытай мұрағаттарынан орта және жаңа ғасырлардағы Қазақстан тарихынан мындаған деректердің табылуы осыған айғақ дәлел. Отан тарихына қатысты еліміздегі және таяу алыс шет елдердегі мұрағат деректері ұлттық идея эволюциясын дәйектеуге баға жетпес септігін тигізуде. Бұл заңды да. Өйткені әрбір халық бүгінгіні ғана қанағат тұтпай, болашағы үшін, ұрпағының ұзақ ғұмыры үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Ұлттық идеяның мәні де мәңгілікке ұмтылуда.

    Бұл бір көптен көтеріліп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгіртсек, екі бөліктен тұратынын көреміз. Бірі - ұлт, екіншісі - идея мәселесі. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдіс екені ақиқат. Осыдан үш мың жыл бүрын өмір сүрген Геродоттан тартып, кешегі  Колбинге дейін әрқилы мақсатқа сай Қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны арғы тегіміз сақтарды, салт-дәстүрімізді, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-білуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. Қазақтар да әлемнің саяси, тарихи, этникалық дамуынан бейхабар қалған жоқ. Дала даналарының орыс, қытай, қалмақ, өзбек, араб, парсы жұрттары жөнінде айтқандары бүгінгі күнге жетіп отыр.

       Ал қазақтардың өзін өзі танып білуге талпынысы байырғы түркілерден бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Арғы бабаларымыз шыққан тегін, тағдыры мен тарихын, қуанышы мен қасіретін «мәңгі тасқа» қашап жазса, беріде шежіре тарқата сөйлеу дәстүрі орнықты. Орта ғасырлардан жеткен «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме» дастаны, Ж.Баласағүнидің «Құтты білік», М.Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», М.Х.Дулатидің «Тарихи Раши-ди», Қ.Жалайыридің «Жами ат-тауарих», З.Бабырдың «Бабыр-наме» кітаптары қазақтану жолындағы асқаралы белестер екені сөзсіз.

     Жаңа дәуір мен XX ғасыр этностарды мидай араластырып жіберді. Отарлаудың зорлық-зомбылығынан жоғалып кеткен ұлттар аз емес. Бір ғана КСРО-ның өзінде 1926-1939 жыл-дар ішінде 194 ұлттан 100-ге жетпейтін үлт қалған екен. Осылайша ұлттану өзекті мәселеге айналды. Талай-талай ой-додалары өтті, том-том кітаптар жарық көрді. Ғалымдардың, саясаткерлердің, саяхатшылардың үздіксіз ізденісі зая кетпеді. Қоғамдық санаға адамдардың ұлтқа жіктелетіні аса зор құндылық ретінде орнықты. Бүгінде ұлтқа берілген анықтама ондап, жүздеп саналады. Біздің ойымызша, ұлт дегеніміз - өзінің қазақ (орыс, неміс, жапон...) екенін тарих тереңінен бастау алған төл санасымен ұғатын және басқалардан тілдік, рухани, геоса-яси, т.б. өзгешелігін айыра алатын адамдардың үлкен қауымдастығы.

      Идея - грек сөзі, образ, ұғым, түсінік мағыналарында қолданылады. Атқаратын міндетіне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседі. Мәселен, бірде ол сырт дүниені бейнелейтін қоғамдық сананың пішіні болса, енді бірде адамның басты сенімі орнына жүреді.

Шығарманың түпкі түйіні мағынасында да қолданылатыны бар. Біз қарастырғалы отырған ұлттық идея мәселесінің мәні ұлттың тілегі, ниеті, ойы дегенге саяды. Сондықтан да үлттық идеяны ұлт мұраты деп қабылдасақ, мәселенің тоқ етерін тапқанымыз.

    Қандай ғана болмасын үрдісті зерттегенде тарих ғылымы үш сұраққа жауап іздейді:

  1. Қашан пайда болды?
  2. Қандай даму белестерінен өтті?
  3. Бүгінгі жай-күйі нешік?

  Ұпттық идея тарихы да бүл сүрақтардан тыс тұра алмайды. Хронологиялық түрғыдан келер болсақ, Қазақстандағы ұлттық идеяның жасы - қазақ этносымен түйдей қүрдас. Ол қазақтармен бірге дүниеге келді әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерілді. Мұратсыз ұлттың ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкін емес. Ендеше үлттық идеямыздың бес ғасырдан астам тарихы бар екен. Оның өзі бірнеше дәуірден түрады. Қазақ хандығы түсында ұлттық идеяның өзегін мемлекеттікті нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру, бірде тілін, бірде тісін көрсеткен Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-катынас орнату, бәсекеге төтеп беру құрады. Асан қайғының:

                                          Еділ менен Ж айықтың

          Бірін жазға жайласаң,

          Бірін қыста қыстасаң,

          Ал қолынды маларсың

          Алтын менен күміске!

  - деген жыр жолдарында ұлттық мұраттың сол дәуірдегі аңсағаны - территориялық тұтастық, саяси еркіндік, әлеуметтік кемелдік, табиғат пен адам арасындағы үйлесім бейнлеген. Елдің бірлігін, ішкі тыныштығын, ханның ынсапты болуын, халықтың берекелі байлығын жырлаумен үлттық идеяны мемлекеттік саясат биігіне көтергендер қатарында Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет жыраулар тұр. «Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама» жылдарында Отан қорғау үлт мүратына айналды. Ақтамбердінің:

          Жауға шаптым ту байлал,

          Шепті бүздым айғайлап,

          Дұшпаннан көрген қорлықтан

          Жалынды жүрек қан қайнап,

          Ел-жұртты корғайлап, ,

Өлімге жүрміз бас байлап, - дейтіні осыдан.

  Жақсы менен жайсаңның басын өлімге байлаған XVIII ғасыр Абылай хан дүние салуы-мен қазақтың маңдайындағы бағын ұшырды. Ресейдің бодандығына кірген қазақ қоғамы әлеуметтік-саяси және территориялық түтастығынан айрылды. «Бөліп ал да билей бер» са-ясатынан туындаған әрбір саяси күш, әлеуметтік қауым өз биігіне, көздегеніне лайықұлттық идеяны дүниеге әкелді. XVIII ғасырда Абылай мен Әбілхайырдың, XIX ғасырда Махамбет пен Баймағамбет сұлтанның, Кенесары мен Қоңырқұлжаның, XX ғасыр басында Сәкен мен Мағжанның, Әліби мен Әлиханның үстанган үлттық мүраты барша қазаққа ортақ еді деп, сірә, ешкім айта алмас. Иә, бұлар әрісі - туған халқына, берісі - соңынан ергендерге қызмет еткісі келді. Бірақ, уақыт өзі көрсеткендей, біреулері ат төбеліндей азшылықтың мұратын жа-лаулатса, екіншілері - барша қазақтың болмаса да қалың көпшіліктің мұрағатын дөп басып таба алғаны ақиқат. Орталықтанған мемлекеттің болмауымен қоса біртүтас ақпараттық кеңістіктің жоқтығы да жалпы ұлттық идеяның өрісін тарылтты, жолын кесті. Сырым, Махамбет, Кенесарылар ұлттық идеяны қарулы күрестен тапса, Шокан, Абай, Ыбырайлар ағартушылықтан, Әлихан, Ахмет, Міржақыптар Алаш автономиясынан, ІІІоқай тұтас Түркістанды құрудан, Әліби, Сәкендер таптық жіктелуден олжалады. Ең пәрмендісі әрі халыққа тиімдісі Алаш автономиясы лттық идеясы екенін енді ғана ұғындық қой.

Қазақстан Республикасының мұрағат жүйесі