Қазақстан Республикасының Парламенті
Кіріспе
Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған «бір буынды» өкілетті органының орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғарғы өкілді орган ретінде 1937 жылғы КСР Конституциясымен белгіленді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді. Парламент сондай-ақ заң шығару қызметін асыратын орган да болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бірінші рет Парламенттің екі палаталық ( Сенат және Мәжіліс) құрылымын бекітті. Мәжіліс Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс депутаттары жалпы сайлауларда сайланады. Сенатқа депутаттардың бір бөлігі жанама сайлау арқылы сайланады, енді бір бөлігін Президент тағайындайды. Сенат депутаттары әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін, жергілікті пікірлерді білдіреді. Сонымен бірге Сенат – бүкіл Республика органы. Сондықтан Мәжіліс қабылдаған заң жобасы Сенат мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.
Осы уақытта отандық ғылыми әдебиете соңғы жылдары негізінен Президентің, судьялардың, прокурорлардың, құқықтық мәртебелері туралы сұрақтар қаралады, ал Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі бойынша сұрақтар ғылыми аналогиялық әзірлемелер мүлдем жоқ. Заң ғылымында «Мәртебе» түсінігі ең алдымен оны әртүрлі таратушыларымен байланысты өзінің бөлек көрінулерінде, мысалы, жеке басының конституциялық мәртебесі, азаматтық құқықтық мәртебесі, Президентік конституциялық мәртебесі, қоғамдық бірлестіктің мәртебесі, судьялар мәртебесі және т.б.
Тақырыптың өзектілігі - демократияны дамыту үшін мықты, тәуелсіз заң билігінің салалары қажет, оның мүшелері өз қызметтерінің нақты кепілдіктері болуы тиіс, бұл ең алдымен олардың құқықтық мәртебесімен анықталады.
Парламент депутаттарының құқытық жағдайын қолданыстағы құқықтық қамтамасыз етуіндегі бар қайшылықтарды қайта құрастыру механизмдерін ұсынумен тәжірбиелік жұмысының маңыздылығы анықталады.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттарының құқытық жағдайы.
Зерттеу заты - Парламент депутаттарының құқықтық проблемалары мен әлеуметтік құқықтық жағдайының аспектісі.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының құқытық жағдайын реттейтін, Қазақстан Республикасының заңын зерттеуден тұрады.
Жұмыстың міндеттері: Парламент депутаттарының Конситуциялық мәртебесін зерделеу, депутаттық қызметтің нысаны мен міндеттерін сонымен қатар парламенттік әдеп сұрақтарын қарастыру.
- Қазақстан Республикасының Парламенті, құрамы мен құрылымы және қызметiнiң құқықтық негiздерiн қарастыру;
- Республика Парламентiнiң құзыретi және оны жүзеге асырудың ұйымдық нысандарын зерттеу;
- Республика Парламентiндегi заң шығару процесiмен танысу және Парламент Палаталарының Президентке Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға келiсiм беру, оларды қызметке сайлау, тағайындау және қызметтен босату жолдарын қарастыру;
Парламент заң шығарушы орган бола отырып, Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар. Қазақстан Республикасының Заңдары, соның ішінде Конституциялық заңдар, Парламенттің жеке қаулылары түріндегі заң актілерін қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс сондай-ақ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша дара сипатты қаулыларды қабылдайды.
Парламент пен оның Палаталарының өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заң сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға құқығы бар.
- Қазақстан Республикасының Парламенті
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жалпы – мемлекеттік өкілдік мекеме. Қазақстандық Парламент – жалпыхалықтық өкілді орган, сондықтан да республиканың бүкіл жұртшылығының еркін, мүддесін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ұлттардың ой-пікірлерін іс жүзіне асыруға күш-жігерін салады. Парламент өкілдік мәні ең алдымен оның Палаталарын қалыптастыру тәртібімен анықталады.
Парламент қызметінің конституциялық - құқықтық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясының VІ бөлімі , Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, 1997 жылғы 11 сәуірде, 1999 жылғы 12 наурызда Конституциялық заңмен енгізілген өзгертулер және толықтыруларымен, «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңы болып табылады [ 1 ].
Конституция Парламентті заң шығарушы орган ретінде сипаттайды, Парламенттің заң шығарушылық қызметі арқылы құқық тәртібін заңды тану негізі ретінде халықтық егемендік принципі іске асырылады. Соның нәтижесінде Парламент ел өмірін заңды түрде реттейді және құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.
Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган деп тану Қазақстан Республикасының барлық заңдары Парламенттің қарауынан өтіп, қолдауын табуы керек дегенді білдіреді. Дегенмен Парламеттің Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы бірден-бір орган емес екенін айта кету керек. Мұндай өкілеттіктер Президетте де, Қазақстан халқында да бар. Соңғы заңдарды республикалық референдум жолымен қабылдайды.
Заң шығарушы орган бола отырып Парламент атқарушы биліктің қызметіне бақылау жасайды:
а) Республикалық бюджетті бекіту
ә) Үкіметке сенімсіздік білдіру жолымен жүзеге асырады.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық
референдуммен қабылданған ҚР-
Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.
Парламент Палаталардың
бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұс
Парламент депутаты Конституцияға сәйкес, Парламенттің бірінші сессиясында, оның Палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға ант береді. Парламент депутаты императивтік мандатқа, қандай да болсын аманат пен тапсырмаға тәуелді емес. Ол Парламентте өзінің сенімі бойынша дауыс береді. Парламент депутаты қол сұғылмаушылық құқықты пайдаланады. Қандай да бір қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда Конституцияда көзделген тәртіппен, заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Парламент депутатының өкілеттігі оның кәсіпкерлік қызмет атқаруы, коммерциялық ұйымдардың басқарушы органының немесе қадағалаушы кеңесінің құрамына кіруі, сондай-ақ, жергілікті өкілді органға депутат болып сайлануы себепті тоқтатылады. Әр Палатаның өзінің өкілеттілік күші жүретін қызмет аясы бар, сонымен бірге олар бірқатар өкілеттіктерді бірлесе отырып жүзеге асырады.
Парламент өз Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкімшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелерді шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады; палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады. Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдайды; палаталардың үйлестіруші және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады.
Конституцияның 55-бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мыналар жатады: Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы сот төрағасын тағайындау және қызметтен босату, Президенттің Бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру; Бас прокурорды, Жоғарғы сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергілікті өкілетті органдардың өкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату; Президентті қызметтен кетіру туралы Мәжіліс көтерген мәселені қарау, т.б. [ 2 ].
1.1 Парламент қызметінің ұйымдық құқықтық нысандары
Парламент қызметінің негізгі ұйымдық нысаны сессия болып табылады. Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындалары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады. Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталып, маусымның соңғы жұмыс күні аяқталады.
Парламент құрамына Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары, Палаталардың бюросы, Палаталардың тұрақты комитеттері және Палаталардың бірлескен комиссиялары кіреді.
Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары тек кворум болған жағдайда ғана, Парламенттің жұмысын бастау үшін әрбір палатаның депутаттарының жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Палаталардың отырыстары ашық болып табылады. Заңдылықтармен көзделген жағдайда жабық отырыстар өткізілуі де мүмкін.
Конституциялық негізгі ережелері « Парламенттің және оның депутаттарының мәртебесі туралы » Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, Парламент Қазақстан Республикасы Парламетінің регламентін қабылдайды. Әрбір палата сондай-ақ өз қызметтерінің регламентін бекітеді – Мәжіліс регламенті және Сенат регламенті. Мәжіліс төрағасы Парламент сессияларын ашады, Палаталардың кезекті бірлескен отырысын шақырады, Палаталардың кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді.
Парламент Палаталарының төрағалары:
- Палаталардың кезекті сессияларын шақырады және оларға төрағалық етеді;
- Палаталардың қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды;
- Регламенттің сақтауын қамтамасыз етеді;
- Палаталардың үйлестіру органдарының қызметіне басшылық жасайды;
- Палаталар шығаратын актілерге қол қояды;
Конституиялық Кеңестің екі-екіден мүшелерін тағайындайды [ 3 ].
Парламент үйлестіруші және жұмысшы органдар құрады. Үйлестіруші органдар Палаталар Төрағалары жанындағы Сенат бюросы және Мәжіліс бюросы болып табылады. Бюро құрамына қызметі бойынша Палаталар Төрағаларының орынбасарлары және Палаталардың тұрақты комитеттерінің төрағалары кіреді. Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмыс органдары Сенат пен Мәжілістің тұрақты комиссиялары, сондай-ақ Палаталардың бірлескен комиссиялары болып табылады.
Палаталарда құрылатын тұрақты комитеттердің саны жетіден аспауға тиіс. Тұрақты комитеттер заң жобасын жасау жұмыстарын, Палаталардың жүргізуіне жататын мәселелерді алдын ала әзірлеу және талқылау үшін құрылады. Бірлескен комиссиялар Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін құрылады. Комиссияның құрамы Палаталар арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Әр Палата комиссия мүшелерін өз алдарына дербес сайланды.
Сонымен қатар, Парламент Палаталары Парламент және оның Палаталарының 47-баптың 1,2-тармақтарында, 57-баптың 5,6-тармақтарында көзделген өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында арнаулы уақытша комиссиялар құруы мүмкін.
Тұрақты комитеттер мен комиссиялар өз құзыреттері мәселелері бойынша шешім қабылдайды [ 4 ].
Қазақстан Республикасының Парламенті өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Парламент сессиясы Палаталардың, Палаталар Бюроларының, тұрақты комитеттерінің және Палаталардың бірлескен комиссияларының жеке отырыстарынан тұрады. Жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясын сайлаудың қорытындысы жарияланып, әр Палатада депутаттардың кем дегенде үштен екісі сайланғаннан кейін әрі кеткенде отыз күннің ішінде Президент шақырады. Парламент сессиясы Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысымен ашылады және жабылады.
Парламенттің кезекті және кезектен тыс сессиялары болады. Парламенттің кезекті сессиясын Мәжілістің Төрағасы шақырады және жабады, жылына бір рет – қыркүйек айының бірінші жұмыс күнінен маусым айының соңғы жұмыс күніне дейін өткізеді. Парламенттің сессиялары арасында Президенттің: 1) өзінің жеке бастамасы бойынша; 2) Палата Төрағаларының ұсыныстары бойынша; 3) Парламент депутатарының жалпы санының кем дегенде үштен бірінің ұсынысы бойынша Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын шақыруы мүмкін Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысы Президент белгілеген мерзім мен тәртіптте өткізіледі. Кезектен тыс бірлескен отырысты өткізу туралы ұсынысты енгізе отырып, Палаталардың Төрағалары және депутаттар оны өткізуге себепші болған мәселенің басын ашады. Палаталардың бірлескен отырысы әр Палатадан депутаттардың жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы болып есептеледі. Палаталардың бірлескен отырысы ашық өткізіледі [ 2 ].
1.2 Парламентті құру тәртібі және құрылымы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат төтө емес, жанама сайлау арқылы құралады. Сенат депуттатарын сайлау тиісінше обылыстың. Республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында жүргізіледі. Сенаттың жеті депутатын өкілеттік мерзіміне республика Президенті тағайындайды. Сенатқа әр облыстан, Республикалық маңызы бар қаладан және Республиканың астанасынан екі адамнан сайлайды. Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президентi тағайындайды.
Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады және төтө сайлау арқылы құралады. Алпыс жеті депутатты сайлау Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Мәжiлiс конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сайланатын жүз жетi депутаттан тұрады. Мәжiлiстiң тоқсан сегiз депутаты саяси партиялардан партиялық тiзiмдер бойынша бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнен жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжiлiстiң тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды [ 5 ].
Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Сенат пен Мәжiлiс депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі мерзімі Конституцияның 44-бабына енгізілген өзгертулерге және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және Парламенті және оның депутаттарын мәртебесі туралы» Конституциялық заңынан 2-бабына сәйкес мынадай болып белгіленді: Парламент Мәжілісі- бес жыл, Парламент Сенаты – алты жыл. Парламетттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезде аяқталады. Парламенттің кезекті сессиясы жылына бір рет өткізіледі, қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталып, маусымның соңғы жұмыс күнімен аяқталады [ 6 ].
1.3 Қазақстан Республикасы Парламентінің жауапкершілігі
Заңды жауапкершіліктің дәстүрлі төрт түрі теориялық түрде негізделеді және заңнамалық түрде регламенттеледі. Олар: азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және тәртіптік-құқықтық жауапкершілік. Демократиялық мемлекеттің құқық жүйесін қалыптастыруда және дамытуда Конституцияның маңызын алдыңғы орынға қоятын жаңа саяси-құқықтық болмыс құқық танушылардың алдына бұрын арнайы зерттеулердің мәні болмаған проблеманы шығарды. 1999 жылы ресейлік « Государство и право » журналы басқалардың қатарында конституциялық жауапкершілік туралы мәселе көтерілген құқықтық жауапкершілік проблемаларына арналған Дөңгелек үстел ұйымдастырды. Конституцияны тиімді қорғау тетігін құру конституциялық жауапкершілікті заңи жауапкершіліктің дербес бір түрі ретінде мойындамаусыз мүмкін емес деген пікір айтылды.
Конституциялық заңнаманы және оны іске асыру практикасын талдау конституциялық жауапкершілікті тек заңи жауапкершіліктің ерекше бір түрімен шектеуге болмайды деп санауға негіз береді. Конституциялық жауапкершіліктің заңи және заңидан тыс жауапкершілік нысандары бар.
Конституциялық жауапкершілік заңи, саяси және моральдық жауапкершілік нысанында көріне алады. Осы жауапкершілік түрлерінің барлығы Қазақстан Республикасының Парламентіне де тән.
Парламенттік жауапкершілік пен Парламенттің жауапкершілігін ажырата білу керек. Парламенттік жауапкершілік Парламенттің жауапкершілігіне қарағанда анағұрлым күрделі құбылыс. Парламенттік жауапкершілікті біз Парламенттің, Парламент депутаттарының, Үкіметтің, Үкімет мүшелерінің, басқа жоғарғы санаттағы саяси қызметшілердің Парламенттің алдындағы жауапкершілігі және Президенттің алдындағы Парламенттің жауапкершілігі деп түсінеміз. Парламенттің жауапкершілігіне жалпы Парламенттің, Парламент Палаталарының, Парламент Палаталары Төрағаларының, жеке депутаттың, депутат топтарының жауапкершілігі кіреді. Демек, Парламенттің жауапкершілігі Парламенттің өз шеңберінде орын алады және дербес тұлға немесе ұйымдасқан топ ретінде заң шығарушылық қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты. Жалпы Парламенттен басқа, аталмыш субъектілердің бір-бірінің алдында, сондай-ақ Парламенттен тыс функция атқаратын кейбір субъектілердің алдында жауапкершілік көтеретінің атап айта керек [ 7 ].
Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламент жауапкершілігінің субъектілері төмендегілер болып табылады: 1) Жеке депутат; 2) Депутаттар тобы; 3) Палаталардың Төрағалары 4) Жалпы Парламент. Аталмыш субъектілердің жауапкершілігінің түрлері мен негіздері әр түрлі және олардың Парламенттегі орнына және рөліне байланысты. Алайда, біздің пікірімізше аталған субъектілер қатарын толық деп санауға болмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы парламенттің жеке Палатасын – Сенатты немесе Мәжілісті дербес жауапкершлік субъектісі ретінде бөлмейді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Парламент Палаталарының бірінің қанағаттанарлықсыз, тиімсіз немесе обструкционистік қызметі үшін жалпы Парламент жауап береді. Осындай жағдайдың ерте ме, кеш пе көрінуге тиіс болатын бірқатар негативті қырлары бар.
Парламенттің жауапкершілігі мәселелерін жан-жақты регламенттеудің мемлекеттің, қоғам мен халықтың тағдыры үшін айрықша маңызды мәні бар. Осындай регламенттеудің қажеттілігі Парламенттің мемлекеттік билікті бөлу жүйесіндегі заң шығарушы орган ретінде алатын орнынан туындайды. Конституция Парламентті мемлекеттік билік тармақтарының біріне жатқызғанымен, Конституцияның өзінің қағидаларына сәйкес, ол мемлекеттік тетікте ерекше орын алды. Біріншіден, барлық жоғары және жергілікті мемлекеттік органдардың мәртебесі, құзыреті Парламент қабылдайтын заңдармен белгіленеді. Демек, Конституцияға және уақыт талаптарына сәйкес заңдар қабылдау үшін жауапкершілік негізінен Парламентке жүктеледі. Екіншіден, Парламент жоғарғы өкілді орган ретінде халықтың еркін білдіреді және оның атынан бой көрсетеді. Сондықтан да Парламент қабылдайтын заңдарда халықтың дара мемлекеттік билік көзі ретінде объективті шарттардан туындайтын ерікті көрініс табуға тиіс [ 3 ].
Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге конституциялық заңнамасын, сондай-ақ Парламенттің қызмет практикасын талдау оның төмендегідей жауапкершілік түрлерін бөліп шығаруға негіз береді: 1) саяси жауапкершілік; 2) құқықтық жауапкершілік.
Саяси жауапкершілік. Қазақстан Республикасының Парламенті заң шығарушылық функцияларды жүзеге асырады. Саясаттың заңи тұлғалануы болып табылатын заңдарды қабылдай отырып, Парламент заң жобаларын әзірлеу, оларды талқылау және қабылдау, басқа мәселелерді талқылау кезінде тек олардың мазмұнын заңи талдаумен ғана шектеліп қоймайды. Басқаша айтқанда, Парламентті тек заң шығарушылық қызметті жүзеге асырып қоймай, сонымен қатар саяси сипаттағы әрекеттер жасайды. Парламенттің саяси жауапкершілігінің негізі заң шығарушылық қызмет, сондай-ақ Парламенттің саяси сипаттағы әрекеттері, акциялары болып табылады. Әрине, кез келген саяси әрекеттер, акциялар Парламенттің саяси жауапкершілігі үшін негіз болып табыла бермейді. Заң шығарушылық қызмет тек заңдар қабылдау ғана емес, сонымен қатар оларды іске асырудың ықтимал теріс салдарларын болжай білу болып табылады. Сондықтан да « Нормативтік құқықтық актілер туралы » Заң, сондай-ақ Палаталардың және Қазақстан Республикасы Парламентінің регламенттері заң жобаларын әзірлеушілердің мүмкіндігінше заңдардың теріс салдарларын ескеруге міндеттілігін көздейді. Ең бастысы – Парламент өзінің конституциялық өкілеттіктерін толық, сапалы және тиімді пайдалану үшін өзінің саяси жауапкершілігін сезінуге, түсінуге тиіс.
Жеке депутат саяси жауапкершілік субъектісі болып табылмайды, өйткені бір адам Парламенттегі саяси жағдайға елеулі ықпал ететін саяси акциялар жасай алмайды. Егер бір депутаттың саяси акцияларын басқа депутаттар қолдаса, бұл Парламентке қалыпты заң шығарушылық қызметке кедергі жасайтын белгілі бір саяси жағдай қалыптастырады, онда депутат топтарының, Палатаның, жалпы Парламент туралы мәселе пайда болады.
Депутат топтарының саяси жауапкершілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясы Депутат топтарының саяси жауапкершілігін көздейді. Мысалы, конституция бойынша Президентке қарсы айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кем дегенде үштен бірінің бастамасы бойынша оның депутаттарының жалпы санының көпшілігімен қабылдана алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа заңнамалық келісімдері Парламент Палаталарының саяси фракцияларының саяси жауапкершілігін көздемейді. Болашақта, саяси партиялар нығайып, Парламенттің қызметіне ықпал ете алатын халде болатын уақытта, олардың саяси жауапкершілігін регламенттеу туралы мәселе өзекті болады. Басқа мемлекеттердің екі және көппартиялық Парламенттерінің Парламентінде орын алуы мүмкін көріністі бейнелейді.
Парламент Палаталарының саяси жауапкершілігі. Парламент Палаталары тек өздерінің өкілеттіктерін тиісті атқару мен Палаталардың ішіндегі саяси акциялар үшін ғана емес, сонымен қатар бірлескен өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін және бірлескен қызмет кезіндегі саяси акциялар үшін саяси жауапкершілік көтереді. Қазақстан Республикасының Конституциясы тікелей емес, бірақ жанамалы түрде Парламент Палаталарының әрқайсысының жеке тиіссіз заң шығарушылық, бақылау қызметі үшін саяси жауапкершілігін көздейді. Сенаттың Парламент Мәжілісіне сапасыз заңдарды қайтаруы, біздің пікірімізше тек салақ ұқыпсыз үшін, заң шығарушылық техникасы ережелерін бұзу үшін ғана емес, сонымен қатар саяси жауапкершілік сезімінің әлсіреуі үшін де, саяси ескертпенің көрінісі болып табылады. Егер осындай жағдайлар бірен-саран болса, онда бұл мән-жайға көңіл бөлмей-ақ қоюға болушы еді. Өкінішке орай, бұл олай емес. Палаталардың қызметіне сондай-ақ сайлаушылар да саяси баға береді.
Парламент Палаталары Төрағаларның саяси жауапкершілігі. Палаталардың төрағалары заң шығарушылық бойынша жұмысқа басшылық етеді, сондықтан оларға үлкен саяси жауапкершілік жүктеледі. Парламент Палаталарының төрағалары жай депутаттар ғана емес, олар жоғарғы санатты саяси қызметшілерге жатады. Оларды сондай ретінде мойындау, менің пікірімше, олардың конституциялық мәртебесінен туындайды. Мысалы, Конституцияның 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда, Президенттің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді. Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің төрағасына көшеді. Егер Палаталардың төрағалары өздерінің міндеттерін атқара алмаса, олар қызметінен қайта шақырылып алына алады. Бұл заңи емес, саяси сипаттағы шара.
Парламенттің саяси жауапкершілігі. Парламент халықтың алдында Конституцияға сәйкес заң шығарушылық функциясын жүзеге асыру үшін саяси жауапкершілік көтереді. Бұл жауапкершілік «виртуалды» сипатқа ие, өйткені сайлаушылар не депутаттарды қайта шақырып алмайды, не Парламентті тарата алмайды. Бірақ сайлаушылар түрлі тәсілдермен беретін Парламент қызметінің саяси бағасы оны қолдау және мақұлдау немесе сөгу түрінде көріне алады. Соңғы жағдайда сөз сайлаушылардың саяси органды жатсынуы, оған сенімін жоғалтуы туралы болып отыр. Бұл саяси дәрменсіздік үшін берілетін ең қауіпті саяси «жаза». Қазақстан Парламентінің қызметі оның депутаттарының өздерінің халықтың алдындағы саяси жауапкершілігін жалпы сезінетін және түсінетінін көрсетеді [ 8 ].
Парламенттің саяси жауапкершілігінің негізі өлшемі оны тарату болып табылады. Конституция Парламентті таратудың төмендегідей негіздерін көздейді: Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіруі, Парламенттің Премьер – Министрді тағайындауға келісім беруден екі мәрте бас тартуы, Парламент Палаталарының немесе Парламенттің және басқа мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы бітімсіз келіспеушіліктерінің нәтижесіндегі саяси дағдарыс. Екі палаталық құрылымы бар кейбір Парламенттерде ( Ресей федерациясы, Қырғыз Республикасы, Жапония және басқалары ) бір палатаны мерзімінен бұрын таратуға болады. Палаталардың бірін таратудың бірқатар басымдықтары бар: 1) құрамы толық болмаса да, жоғары өкілді және заң шығарушы орган функцияларын жалғастыра береді; 2) мемлекет заң шығарушы органсыз қалмайды, бұл төтенше немесе әскери жағдайдың себебінен заң қабылдау қажет болған кезде өте маңызды; 3) таратылған Палатаның жаңа құрамы сайланғаннан кейін Парламент жүргізіп отырған бағамның сабақтығы, дәйектілігі қамтамасыз етіледі; 4) кінәсі жоқ Палатаның депутаттары жазаланбайды; 5) материалдық шығындар мен адам күші анағұрлым аз талап етіледі. Болашақта Қазақстан Республикасының Конституциясында осы мән-жайларды ескерген дұрыс [ 9 ].
Құқықтық жауапкершілік. Қазақстан Республикасының Конституциясы төмендегілерді көздейді: 1)депутаттың; 2) Палаталардың төрағаларының; 3) жалпы Парламенттің құқықтық жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты депутаттық иммунитетті пайдаланады. Иммунитетттің аса маңызды элементтері сөз және дауыс беру бостандығы, сондай-ақ депутаттық қол сұғылмаушылық болып табылады. Республика заңнамасы Парламент депутатын қол сұғылмаушылықтан айыру рәсімін регламенттейді. Парламент Палаталарының депутаттары депутатты депутаттық қол сұғылмаушылықтан айыру туралы мәселені қарастырған кезде депутаттың саяси акцияларын Қылмыстық кодекстің баптарына әкеліп жықпауға тиіс екенін атап көрсетеді. Депутаттың үстінен тиісті құқық қорғаушы органдар берген материалдар төмендегідей конституциялық қағидаларға орай қарастырылуға және бағалануға тиіс: 1) депутат қылмыс жасаған жерінде ұсталса; 2) депутат ауыр қылмыс жасаса. Парламент палатасының депутаты депутаттық қол сұғылмаушылықтан айыру туралы шешімі саяси шара емес, конституциялық-құқықтық жауапкершілікті іске асыру болып табылады. Депутат саяси артықшылығынан емес, құқықтық артықшылығынан айырылады. Осыған байланысты бір конституциялық қағидаға назар аударуы қажет. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент депутаты қылмыс жасаған жерінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайда тиісті Парламент Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартыла алады. Көріп, отырғанмыздай, Конституцияда депутаттардың ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартыла алатыны көрсетілмеген. Егер Конституцияның қағидасын сөзбе - сөз түсіндіретін болсақ, онда депутат ауыр қылмыс жасаған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тек тиісті Парламент Палатасының келісіммен тартыла алады [ 7 ].

- Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің қалыптасуы мен дамуы
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары
- Қазақстан республикасының салық жүйесі
- Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын жетілдіру
- Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты
- Қазақстан Республикасының мұнай-газ сферасындағы мұнай нарығының қызметін жетілдіру
- Қазақстан Республикасының мұрағат жүйесі
- Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы
- Қазақстан республикасының отын энергетикасының комплексі және оның даму болжамы
- Қазақстан Республикасының пайыздық саясатты жетілдірудің іс-шаралары