Қазақстан телеарнасындағы салт-дәстүрлерді насихаттау.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ.......................
2.1 Қазақстан телеарнасындағы
қазіргі бағдармалары және олардың салт-дәстүрлер…………………………….....
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ…………………………………...
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі
Салт-дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақтың мәдениеті, тарихы, асыл қазынасы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл ережелер Қазақстан әр түрлі минталитеттері бойынша, әлеуметтік жағдайларына байланысты орындалады. Осы күнге дейін салт-дәстүрлерді халыққа насихаттаумен Қазақстан телеарнасы біршама жылдар бойы айналысады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа жұмыс істегендіктен әртүрлі бағдармаларды, репортаждарды әдеби шығармаларды шығарады.
Зерттеу жұмысының нысаны Қазақстан телеарнасындағы салт-дәстүрлерді насихаттау.
Зерттеудің міндеті мен мақсаты: жұмысты жазу барысындағы мақсатым Қазақстан телеарнасының қазіргі таңда халыққа болашақ ұрпаққа салт-дәстүрлерді үгіттейтінін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері
Курстық
жұмыс жазу барысында Намазалы
Омашевтің «Қазақ
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-зерттеу
жұмысында Қазақстан
Зерттеу жұмысының практикалық және теориялық маңызы: Бұл жұмысты жоғарғы оқу орындарында оқытушылар мен студенттер әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, талдау тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: бұл жұмыс үш бөлімнен, яғни кіріспе, негізгі бөлім қорытындыдан тұрады.
2.1 Қазақстан телеарнасындағы қазіргі бағдармалары және салт-дәстүрлер
Қазақ ұлттық телеарнасы - бiрiншi ұлттық қазақстандық телеарна. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы "Қазақстан" ұлттық телеарнасы"Қазақстан" қонақ үйі 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан "Қазақстан" ұлттық телеарнасы деп аталды. Телеарнада күніне қазақ тілінде 4 рет, орыс тілінде 4 рет жаңалықтар топтамасын беретін ақпараттық талдау бағдарламасы дирекциялары, "Ел" (қоғамдық-саяси және әлеуметтік - экономикалық хабарлар) шығармаластық бірлестіктері жұмыс істейді. "Мезгіл", "Бар мен жоқ", "Қатардағы жауынгер", "Ақжүніс" топтама хабарлары беріледі. Екі тілде "Достық" тележурналы шығып тұрады. "Мир" телеарнасының тапсырмасы бойынша "Достастық жаңалықтары" беріледі. Телеарнаның 13 облыстық және 1 қалалық (Семей) бөлімшесі бар. Оның хабарларын 2003 жылы Қырғызстан , Өзбекстан,Ресейдің Қазақстанмен шекаралас 12 облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аудандарының тұрғындары көре бастады.
Бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі медиа құрылым болып табылады. Телеарнаның техникалық әлеуеті Республика аумағының 100 пайызына жуық аумағына, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, заманауи телетаратылымның барлық талаптарына жауап береді. Қазіргі заманғы ең үздік құрылғылар техникалық аса күрделі тікелей трансляцияларды жүргізуге де зор мүмкіндік туғызып келеді. Мәселен, Мемлекет басшысының елдің барлық облыстарымен жүргізген телекөпірлері немесе әскери мерекелік парадтар, НАТО Саммиті, ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, дүбірлі Азиада сияқты көптеген шаралар Ұлттық телеарнаның толықтай техникалық қолдауы арқылы өткізілді.
Бүгінгі таңда Ұлттық телеарна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп. Әлемнің түкпір-түкпірін қамтитын тілшілік желі жаңалықтар қызметіне елдегі және төрткүл дүниедегі барлық маңызды оқиғаларды шұғыл түрде жариялап отыр.
«Қазақстан» Ұлттық
арнасы көрсетілімдерінің елеулі үлесі
көркем фильмдер мен сериалдардың трансляциясына
беріледі. Телеарна эфирі барлық фильм
жанрларын ұсынып отырады - әлемдік классика,
детектив, комедия, арт-хаус, триллерлер
және экшн - фильмдер. Қазір қазақ елі көрермендеріне
түрік және корей халқының үздік телесериалдары
көрсетіліп келе жатқанына бірнеше жылдың
жүзі болды. Ал, негізгі орын отандық «Қазақфильм»
киностудиясының туындаларына беріліп
жүр. Ұлттық арна түрлі жанрлардағы бағдарламалар
шығарумен қоса көркемсуретті фильмдер
жасаумен де айналасып келеді.
Қазір
жобалар өндірісінде телехабарлар таратудың
виртуалды студиясы сияқты ең соңғы жетістіктері
кеңінен қолданыла бастады. Графикалық
технологияның дамуына байланысты жарық
қою құпияларын жіті пайдалану арқылы
жүзеге асатын виртуалды декорациялар
жасау мүмкіндігі пайда болды. Телеарна
өндірістің, сондай-ақ бейнеконтентті
өңдеу мен сақтаудың сантаңбалық технологиясына
көшкен. Бұл жүйені іске асыру жеделдікті
көтерумен бірге телеарна шығармашылық
бірлестіктерінің еңбек өнімділігін арттыруға
зор мүмкіндік туғызады. Бүгінде белгілі
бір оқиғаны жан-жақты қамтып көрсете
алатын «Қазақстан» телеарнасындағыдай
он екі камералық жылжымалы телевизия
құрылғы ТМД елдері телевизиясының көпшілігінде
жоқ. Бұл техниканың ең соңғы буыны саналады.
Бүгінде танымдық-тағылымдық, көңілашар-ойын-сауық, спорттық бағдарламалары өндірісінде көшбасшы орын алып, ұдайы даму үстіндегі телеарна 2012 жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласындағы Қазмедиа орталығынан хабар тарата бастады. HD форматқа толықтай көшкен телеарна медиа кеңістіктегі әлеуетін жыл сайын ұлғайтуда .[2]
Қазақстан телеарнасы Қазақстанның ұрпағын тәрбиелеу мақсатымен, оларға салт-дәстүрлерді әдеп-ғұрыптарды білу,орындауды үгіттеп, бірқатар бағдармалар құрастырып көрсетілуде. Оларға қазақ халқының ойындарын, ас мәзірін, көркем әдебиет фильмдері, адамдардың ой қабілетін дамыту бағдармалары, көркем поэзия, қазақ халық әндерін жатқызуға болады.
Жалпы салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,
ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар
бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған
ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда
қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста
бір мәдени топты екіншісінен айыратын
және бейресми жолмен реттейтін қабылданған
мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік
әрекеттерді жөнге келтіретін терминге
жатады. Көптеген ғасырлардың
барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен сал
Қазіргі таңда бұл әдеп-гұрыптар мен салт-дәстүрлер әлі күнге орындалып, айтылып ары қарай жолын жалғастырып жатыр. Бұндай тарихи мәдениетті ұмыту қазақ халқы үшін мүмкін емес шарт. Салт- дәстүрлерді Қазақстан әр түрлі минталитеттері бойынша, әлеуметтік жағдайларына байланысты орындалады. Осы күнге дейін салт-дәстүрлерді халыққа насихаттаумен Қазақстан телеарнасы біршама жылдар бойы айналысады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа жұмыс істегендіктен әртүрлі бағдармаларды, репортаждарды әдеби шығармаларды шығарады.[4]
Бүгінгі күнде балалар назарын ойындар
аударып жатыр. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие
үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін
бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие
беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар
мен адамның айналадағы дүниемен жеке
тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық,
адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын
халқымыздың мәдени рухани мұрасының,
салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына
дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Осымен байланысты бағдарлама халқымызға
тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік,
т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген
қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән
ерекшеліктер.[3;31]
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен салт-дәстүрлер арасындағы байланыс
Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Осы ойындардың бірі көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70 – 80 кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз, өзбек тілінде “Улак тартыш”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды. Қазақстанда 1949 ж. Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді. Намыс дода ертедегі жігіттердің бір-бірімен жарсатын ойын ретінде жаңартып көрсетеді. Бағдарламаның мақсаты – ұлттық ат спорты түрлерінің бірі әрі бірегейі көкпарды өзге де командалық спорт түрлерімен терезесін теңестіру. Ұлттық ат спорты түрлері Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігімен бірлесе отырып, көкпар ойынын әлемдік деңгейге алып шығуға талпыныс жасау. Әрі ұлттық арна ұлттық спорт түрлерінің бірден бір насихатшысы екендігін әйгілеу. «Көкпар. Ұлттық ойын» телебағдарламасы екі жолмен жасалады. Біріншісі: Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігі мен «Көкбөрі» Халықаралық федерациясының жоспарындағы республикалық біріншіліктерді түсіру. Екіншісі: Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігі мен «Көкбөрі» Халықаралық федерациясы тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының біріншілігін өткізу. Бұл біріншілік көкпарды телевизияның барлық сұранысына сай түсіру үшін өткізіледі.
Ас адамның
арқауы демекші қазақ халқы бұл тақырыпты
ерекше тындап, қарайды. Сондықтан Қазақстан
телеарнасы ас мәзірі бағдарламасын да
құрды. Қай халықтың болмасын дастарқаны,
сол халықтың тұрмыс салтына, әдет-ғұрпына,
тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі.
Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен
болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан
өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз,
сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей
малдан алынатын өнім түрлері. Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін
қонаққа деп сақтаған. Екі- үш қонақ көрпесі,
екі- үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ
тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра
қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні
«шық бермес шығайбай» атандырған. Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау,
қонақасының жай- жапсарын жетік білу
ата- бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз,
дәстүріміз дей отырып ортаға қонақтарды
шақырамыз. Қазақи ас мәзәрәне ең басты
мына тағамдарды жатқызуға болады. Қазақша
ет- асу үшін жылқы еті болсын, сиыр еті
болсын жуылып салқын су құйылған қазанға
тұтас салынады да отты басыңқырап қойып,
бабымен қайнатылады. Бір қайнағаннан
соң, көбігі алынады да, одан әрі ауық-
ауық сапырылып қойылады. Сонда көбігі
тарайды. Ал еттің бар маңызы сол көбігінде
болады. Ет қайнап жатқанда оған салынатын
қамыр дайындалады. Ол үшін алдымен еленген
ұн шұңғыл ыдысқа салынып, аздап су құйылады
да шикі жұмыртқа жарылып қамыр иленеді.
Содан кейін дөңгелектеп күлше қалпына
келтіреді де әлгі табақ 30-40 минут төңкеріліп
қойылады. Сонда қамыр көтеріледі.Қамырды
оқтаумен жұқалап жайып (1-1,5 мм), 8х8 сантиметр
мөлшерінде төртбұрыштап кесіледі. Айранды
пісіп сары май шайқалады.
Қымыз- биенің ашыған сүті. Шұбатты
көбінесе торсықта немесе ағаш күбіде
ашытады. Салт- дәстүрдің көрінісі қонақжайлылық
туралы айтылған мақал- мәтел мағнасын
түсіндіру. «Барымен базар», « құдайы қонақпыз»-
деп келген адамды кеудесінен итермей,
жылы шыраймен қарсы алып, шамасы келгенше
сый-құрмет көрсетіп аттандыру парыз. «Қырықтың бірі Қыдыр», « Қонақ пен бірге
құт келеді» - мұнысы қонақты қума, оның
шарапаты тиеді, бірінен болмаса, екіншісінен
құт келеді дегенді білдіреді.
«Адам болар бала қонаққа үйір»
- деген қонақ әңгімесіне балалар әрқашан
құмар болады.
Бір айта кететін жайт- Қазақстан кең байтақ өлке. Соған орай оның түкпір- түкпіріндегі салт- дәстүр де әр түрлі.
Қазақ тележурналистикасының даму жолындағы негізгі бағыттарды экандағы бағдарламалардың түрлік және мазмұндық үндестігімен тамырластыра отырып саралауға ден қойдық. Олар: әлеуметтік-саяси, көркемдік-танымдық, ойшылдық-поэтикалық, талдау-проблемалық, танымдық бағыттар ретінде қарастырылды. Телепублицистиканың экрандық ерекшеліктері, тақырыптық- мазмұндық сипаты, көркемдік-идеялық мән-маңызы С. Масғұтов, С.ОРазалинов, Қ. Игісінов, Қ. Қорғанов, Ғ. Шалахметов, С.Әшімбаев, Н.Иманғалиұлы, С. Байхонов, М. Ерғалиев, Ж. Ерман, Б. Омаров, Б. Құсанбек, Ғ. Боқаш т.б. телепублицистердің бағдарламалары арқылы талданып, сараланады. Әр халықтың жүріс тұрысы, мінезі,рәсімі әртүрлі болып , әрбір істі өз рәсімінше біледі. Халық рәсімі жалғыз тергеуге керек болып қоймайды, халықтың шежіресін білуге һәм тұрыс-жүрісінің жайын,мінезін,ойын білуге де керек.Әйтеуір кім халықтық рәсімін білмесе , ол кісі халықтың өзін де білмейді. Бірақ халық арасында жүрмегендіктен, рәсімнің қайсы бірі уақыт өткен сайын ұмытылады,яки жүріс-тұрыстың, мекенінің жайына қарай оған қосылады, не бұзылып, бір түрге түседі. [1;18]
Теледидардағы алуан жанрлардағы ақпараттарда телепублицистика сарыны мен пайымды талдау да, телекөрерменнің жеке пікірлері мен өрнекті ойлары да, жұртшылықтың белгілі бір құбылысқа өзіндік көзқарасы да қатарласа жүріп, өзектесе өрбиді. Бірмізгілде телепублицист өзі көтеріп отырған мәселеге көрерменнің назарын аударып, оларды ой-толғақ әрекетіне қатарластыра алып шығады. Мәселен, «Алтыбақан” хабары – таза, бабиғи, ұлттық бояуы қанық, реңі қою, халық табиғатына жақын, ауыл тұрғындарының салт-дәстүр аясындағы өнерін дамытуға арналса, «Кездесуде” жазушының шығармашылық өмірін жолын аудиториямен әңгімелесу арқылы таныстыру, ал «Сұхбатта” қаламгердің шығармашылық зертханасын ашу, өмірлік ұстанымын айқындау, азаматтық болмысын танып-білуге тележүргізушілердің бағыт ұстанғандығын байқауға болады. Әсіресе, жан әлемін құпиялап ұстайтын жазушылардан сыр тартып, өзектесе ой өрбітіп, қалтарыстағы көзге көп шалына бермейтін асылдарын көпшілікке жайып салатын тележүргізушінің шеберліктерінтеледидардағы жаңаша ізденіс, тың үлгі деп бағалауға болады.[5]
Автордың ізденісі мен ақыл-ойынан, режиссердің өзіндік қолтаңбасы мен оператордың қырағы көзінен экранға шектелген дүние ғұырының қысқалығын мына жайлардың астарынан іздеуге болады. Біріншіден, басшылықтағы жиі-жиі ауыс-түйіс. Басшы не журналист болсын, экранға өз ойы, өз пікірі, өз жобасымен келді. Демек, бұрын көрерменге көзтаныс, эфирге сіңісті бола бастаған көркем дүние көрерменімен қош айтысады. Бұған Ш. Мұртаза кезінде «Таңшолпан”, «Шарайна”, «Тайбурыл”, «Жігіттің сұлтаны”, «Қыз сыны” т.б. телебағдарламалар дәлел. Екіншіден, уақыт ағымының өзі заман тынысына орай, аудиторияға жаңа түр, соны пішіндегі хабарлар легін әкелді, не оны уақыттың сұранысы тудырады. Сондықтан бағдарлама легінің өзгеріп, түрленіп, сипатын, түрін өзгертіп отыруы заңдылық. Үшіншіден, бүгінде шетел арналарының түрлі бағыттағы бағдарламаларының көптігі. Олардың техникалық мүмкіндіктері, жүргізушінің аудиторияны меңгеруі, көтерген тақырыбының өзектілігі, көрерменнің хабармен бүтіндікке айналуы секілді сипаттардың бағдарлама өзегінен көрініс табуы. Осы орайда: «Бүгін ұлттық сана жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесі түгіл, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс тұл ”,деген Президент сөзі орынды.
Тағы келесі бағдарлама Ғибратты ғұмыр. Бұл бағдарлама Әдебиет, өнер, мәдениет, саясат, әлеуметтік салаларда ел-жұртқа танылған қоғам қайраткерлері, тұлғалар туралы деректі желілік фильмдер. Белгілі қоғам қайреткерлер туралы тереңірек , ал онша тіпті мүлде естімеген қоғам қайраткерлері туралы білуге болады. [6;210 б.]
«Жарқын бейне» - өмірден өтсе де, өшпейтін із қалдырған, аты аңызға айналаған азаматтарды еске алу бағдарламасы. Негізгі мақсат: «Олар кімдер? Несімен есте қалды?», - деген сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі ұрпақты елін сүюге, жерін қадырлеуге, тұлғаларды ардақтауға үйрету. Бағдарламада тұлғаны көзі көргендер, жақын-жуықтары естелік айтады.
Сонымен қатар көпшілік адамдардың сүйіктісі Шәмші атаның тапағаты бағдарламасын да көруге болады. Екінші курстың аяғында тіл және әдебиет факультетінің студенттері кең байтақ Қазақстанның әр аймағына фольклорлық практикаға аттанған едік. Топ кураторы, ұстазымыз, қазір ғылым докторы, Асылбек Жартыбаев бастап біз қостап, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданына жол тарттық. Келген күні-ақ жергілікті қонақүйге орналасып алдық. Сөйтсек бұл қонақүйге атақты Шәмші ағамыз да тоқтаған екен. Онға жуық студент бар біздің топ алғашында ұлы композиторды көруге ғана ынтық болдық. Бірақ ол кісі бізге «назар аударады –ау, бізбен сөйлеседі-ау» деген ой үш ұйықтасақ, түсімізге кірмеген. Өзі әрлі әндеріне қосқан сонау Сарыарқалық жастар осынау жасампаз жанға бірден ұнадық білем, соңынан ерген шенеуніктерге мойынсұнбай қайта-қайта бізден ел-жұртымыздың амандығын, өзі білетін адамдары туралы сұрай береді. «Жақсымен өткізген бір күн бір сағаттай-ақ өтеді де кетеді» дейді халық даналығы. Шындығында, Шәмші ағамызбен әңгімелескен бір күн бүкіл өміріме азық болғандай. Ел арасындағы алып- қашпа әңгімелердегідей емес екен Шәмші. Өте мейірімді, жанашыр, асқан парасатты, қазақ десе, өзегін жұлып берердей өр, энциклопедиялық білім иесі. Тіл және әдебиет факультетінің студенттері болған соң ба, ол кісі біздің ойымызға тамызық болсын дегендей, әдебиетіміздің ақтаңдақ тұстары туралы сауалдарды қарша боратты. Кейін Шәмші аға қойған сұрақтар ғылыми семинарларда көптің талқысына салынды да. Ол кісі әңгіме айтқанда «майын тамызып» айтады екен. Шұрайлы әңгімелерін тыңдап қана қоймайсыз, сол әңгімелердің ішінде өзіңіз жүргендей боласыз. Шәмші ағаның әңгіме айту шеберлігін әлі ешкімнен байқағаным жоқ. «Сендерге ел жұрт қарап бойын түзейді, шырақтарым, білімді болыңдар. Көп ізденіп, көп көріңдер. Ұлтымыздың бай тілі мен әдебиетінің тағдыры сендердің қолдарыңда. Сендер бақыттысыңдар ғой!»-деген сөздері әлі жадымда. Түлкібасқа келген сапары аяқталған сәтте, ол кісі барлығымызды өз бөлмесіне шақырып, қонақасы берді. Бұл да біз үшін күтпеген жаңалық еді. Ертесіне аудандық фотоательеге арнайы барып суретке түсетін болып уағдаластық. Алматыға аттанарда күзде болатын мерейтойына барлығымызға шақыру билетін таратты. Өкінішке қарай, ұлы композитордың шығармашылық кешін біз кейін теледидардан көрдік...
Сол сияқты «Телқоңыр» бағдарламасының мақсаты – қазақтың дәстүрлі ән өнерін насихаттау, бабалар мұрасын жалғастырушы дәстүрлі әншілерді елге танытып, қолдау көрсету, ынталандыру. Сонымен қатар, бабалардың мәңгі өшпес мұрасын қайта жаңғыртып, өз әнін өзіне қайтару арқылы халықтың талғамын көтеру. Сонау алыс заманнан жеткен асыл мұраларымыздың бір саласы - халық әндері мен халық композиторлары туындыларының шығу тегімен таныстырып, олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.
«Әлі есімде» Идеясы: Ән - халықтың жүріп өткен жолдары мен тағдыр-талайынан сыр шертетін шежіре. «Елу жылда ел жаңа». Әр заманда өркениет әлемі өз әуенін талап етеді емес пе?! Дәл осы заңдылықтың негізінде өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, А.Жұбанов, Ә.Еспаев, Қ.Мусин, Б.Байқадамов, С.Мұхамеджанов, Б.Жамақаев, Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов, Н.Тілендиев, С.Бәйтереков, К.Дүйсекеев, Е.Хасанғалиев сынды көптеген дарынды композиторлардың шығармалары ұлттық музыка мәдениетіне жаңаша леп әкелді. Және осы тұста біршама күміс көмей, жезтаңдай бұлбұл әншілер халыққа танылды.[2]
Ақын, композитор, әншілердің шығармашылық
бірлігінен туып, тыңдарман жүрегінен
орын алған тамаша туындылар музыка сыншылары,
журналистер мен режиссерлердің зерттеп,
зерделейтін негізгі нысанына айналды.
Әрі, Қазақстан эстрадасының ауқымы тек
қазақ әндерімен шектелмеді, олар, тіпті,
идеологиялық шеңбердің шегінен шығып,
бұл жанрдың нағыз жауһарларын жасады.
Жобаның негізгі күретамыры қазақтың
эстрадалық музыкасының тарихы болмақ.
Мақсаты: Нәзік лиризмімен,
ғажайып қуаттылығымен, ана тілді әсем әуезімен
бағаланатын, уақыт өткен сайын құлпырып,
жасампаздығымен жаңаратын қазақтың эстрадалық
музыкасын насихаттау. Сол арқылы жас
ұрпаққа ұлтымыздың ұлы дарындары жайлы
мағлұмат беру.
Танымдық, әрі музыкалық «Телқоңыр» хабарының жүргізушісі, арнайы шақырылған қонақтары және көрермендері болады. Қазақтың дәстүрлі әндерінде автор, орындаушы, жеткізушілеріне қатысты даулы мәселелер жетерлік. Сондықтан хабарда ток-шоу сипаты да жоқ емес. Мысалы, бір жылдары науқаншылдықпен «асыра сілтеніп», халық әндерінің ішіндегі кәсіби өресі жоғары «Гауһар тас», «Алқоңыр» сияқтылары Сегіз сері деген, өмірде болмаған бір авторға телінгені бар. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Жаяу Мұсаның әні делініп жүрген «Сұрша қыз» Балуан Шолақтың әні болып шықты. Белгілі бір әннің ондаған орындаушысы бар. Олардың әрқайсысы бір-біріне ұқсамайды. Қазір насихатталмай, ұмытылып бара жатқан әндер қаншама.
Халық әндерін, халық композиторлары әндерін ырғаққа салып, жаңаша орындап жүрген әншілер де аз емес. Олардың қайсысы қалай орындайды? Жаңаша орындап, жаңғыртып жүр ме, әлде әннің нақышын бұзып, қадірін кетіріп жүр ме? Дәстүрлі ән өнеріндегі ұстаз-шәкірт мәселесі. Көп жағдайда белгілі бір әнші-ұстаздан дәріс алған шәкірттер өзіндік қолтаңбасы жоқ, көшірмеге ғана айналып жатады. Бұл да талқылауға тұратын жағдай.
Әр бағдарлама бір немесе екі әнге және сол әндердің төңірегіндегі мәселелерге, орындалуына қатысты жайларға арналады. Хабарға 10-12 адам (музыка зерттеушілер, дәстүрлі ән өнері жайлы жазып жүрген жазушылар, белгілі эстрадалық әншілер, әйтеуір әнге қатысы бар адамдар) арнайы шақырылады. Ән жұмбақ бағдарлмасы Жобаға әрқайсысы үш адамнан тұратын екі команда: қазақ эстрадасының жұлдыздары өздерінің туған-туыстарымен немесе достарымен бірге қатысады. Олар ойынның 4 кезеңінен өту арқылы қазіргі әндер мен халық әндерін, композиторларды, ән авторлары мен орындаушыларын бес саусағындай білетіндіктерін дәлелдеулері қажет. «Ән-жұмбақ» бағдарламасының жүргізушісі барқыт үнді белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы көрермендерге әдемі әзілімен, орынды тапқырлығымен тамаша көңіл-күй сыйлай отырып, қатысушылардың музыкалық сауаттылығын «тексеретін» болады. Жұмбақтап жасырылған әуенді жаңылмай табуға еліміздің танымал эстрада жұлдыздары Лұқпан Жолдасов, Жолбарыс Сейфуллин, Мұрат Қожа, «Жігіттер» тобы, Мәдина Сәдуақасова, Аша Матай, Нұржан Керменбаев, Айқын, «Ринго» тобы, Тұрсынбек Қабатов, Маржан Арапбаева, Нұрлан Әлімжан және т.б. өнер тарландары белсене кіріспекші. Бағдарламаны музыкамен көркемдеуге қазақстандық бэнд «Studio 54» тобы және шоу-бизнес әлемінде жуырда ғана «Өкпе» атты әнімен танылған Динара Қайырғожа ат салысады. Топ мүшелері шоу-бизнеске жаңа аяқ басқанымен, өздері шығарған әндерін көптен бері орындап жүрген талантты музыканттар болып табылады. «Studio 54» бэнды бағдарлама көркемдігін арттыра түсері сөзсіз. «Ән-жұмбақ» бағдарламасы көрермен назарына дүйсенбі мен бейсенбі күндерінің аралығында ұсынылады.
Ең жанға бататын намысымызды жандыратын бағдарламалардың бірі «Сол жылдар» Идеясы XX ғасырдың 20-шы жылдары бастау алған Қазақстанның жаңа мәдениеті жайлы тарихи-талдау, танымдық бағдарлама. Бағдарлама зерттеу жанрында құрылады. Негізгі кейіпкерлер - отандық мәдениеттің қалыптасуына, дамуына ат салысқан тұлғалар. Бағдарламада мұрағат материалдары пайдаланылады және тақырыпқа орай, кейіпкерлер әңгімесі жазылып алынады. Мақсаты: Мәселен, 1958 жылы Қазақ телевизиясы құрылды. Осы Қазақ телевизиясының қалыптасуын өзек ете отырып, бір жылдың мәдени тарихына шолу жасау. Мысалы, 1967 жылы кейіннен қазақ эстрадасына жаңа серпіліс әкелген «Досмұқасан» ансамблі дүниеге келді. Бір ғана осы ансамбльдің төңірегіне сол жылдардағы қазақ эстрадасының дамуы мен шарықтауына тоқталып өту. Яғни, негізгі мақсат - еліміздің 1920 жылдан бергі мәдениет тарихындағы елеулі оқиғаларды ескеру арқылы, отандық мәдениеттің тарихын түгендеу, тереңіне үңілу.
«Қыл қалам» Идеясы: «Қазақстан суретшілерінің антологиясы» - бұл сонау Әбілхан Қастеевтен бастап, бүгінгі жас шеберлерге дейін қысқаша жинақталған қазақстандық суретшілердің телеэнциклопедиясы іспеттес. Әр бағдарлама танымдық және эстетикалық қырлары бар, бас-аяғы жып-жинақы эссе болады. Бағдарлама тылсым өнердің негізін қалаушылар, авангард, мүсін, графика т.б. болып бірнеше бөлімдерден құралуы мүмкін. Мақсаты: Қазақстандық суретшілердің әлемнің айтулы қылқалам шеберлерінен артылмаса, кем түспейтіндігін насихаттау.
«Кітапхана» Идеясы: Қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетінің тарихын негізгі екі бағытта бағалау байқалады. Олар: өз алдына дамып келе жатқан XVII ғасырға дейінгі қазақтардың көне түркілік ауызша және кәсіби әдебиеті, ал, екіншісі: жаңаша классикалық жазба әдебиет. Бағдарламаның негізгі өзегі - қазақ әдебиетінің кеңінен танымал шығармалары мен көне жәдігерлері туралы осы сала мамандарының пікірлерін халыққа жеткізу. Мақсаты: көрермен назарына қазақ әдебиетінің ғажап туындылары жайлы тың деректер ұсыну, ғаламтор жаулап алған жастар санасын кітаптың қадіріне, құндылығына аудару.[2]
Қазақстан телеарнасы Қазақстанның ұрпағын тәрбиелеу мақсатымен, оларға салт-дәстүрлерді әдеп-ғұрыптарды білу,орындауды үгіттеп, бірқатар бағдармалар құрастырып көрсетілуде. Оларға қазақ халқының ойындарын, ас мәзірін, көркем әдебиет фильмдері, адамдардың ой қабілетін дамыту бағдармалары, көркем поэзия, қазақ халық әндерін жатқызуға болады.
Экрандағы телеавторлар мен шығармашылық және техникалық топтың әрбірі теледидар табиғатын ескере отырып, өздерінің біліктілігі мен парасат-пайымының деңгейінен көрермендеріне үлгі-өнеге тұтар ғибратты шынайы көркем туынды ұсынуға ұмтылыс танытқан. Сондықтан олардың шығармашылық ерекшелігін мына бағыттардан қарастыруға болады..
Біріншіден,
теледидар сценарийіне айқын, анық
айтылатын, жарқын, жарасымды сезілетін,
ауызекі сөйлеуде әлеуметтік
мәні басым, толғақты әрі толымды
ой қосылып, өмірдегі азаматтық
мұрат бейнелі, отты, қуатты сөздермен
айшықталды. Екіншіден, ағартушылық-тәрбиелілік,
рухани-мәдени бағыттағы
Осы нұсқауларды орындау арқылы Қазақстан телеарнасы үлкен дәрежеде , ең үздік телеарна екенін көрсетеді. Қанша телевединие болмасын осындай бағдармалар құрып қарапайым халықты да , болашақ ұрпақты, да саясат меңгерушілерін де қазақи салт-дәстүрге оқытуды көбі өз қолына алмайды. Себебі бұл оңай нәрсе емес. Бұл жай салт-дәстүр емес бұл ата-бабалардан келе жатқан өнеге. Қазіргі таңда бұл әдеп-гұрыптар мен салт-дәстүрлер әлі күнге орындалып, айтылып ары қарай жолын жалғастырып жатыр. Бұндай тарихи мәдениетті ұмыту қазақ халқы үшін мүмкін емес шарт. Салт- дәстүрлерді Қазақстан әр түрлі минталитеттері бойынша, әлеуметтік жағдайларына байланысты орындалады. Осы күнге дейін салт-дәстүрлерді халыққа насихаттаумен Қазақстан телеарнасы біршама жылдар бойы айналысады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа жұмыс істегендіктен әртүрлі бағдармаларды, репортаждарды әдеби шығармаларды шығарады

- Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде
- Қазақстан топырағының ауыр металдармен ластануы
- Қазақстан топырағының ауыр металдармен ластануы
- Қазақстан топырағының ауыр металдармен ластануы
- Қазақстан туристік индустриясының проблемалары мен шешу жолдары
- Қазақстан Ұлттық банкінің пайыздық саясаты
- Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру
- Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары
- Қазақстан Респулликасының кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жол
- Қазақстан Респулликасының кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолда
- Қазақстан Ресубликасының қаржы және валюта нарығы
- Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жыл аралығындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері
- Қазақстан телеарнасындағы қазіргі бағдармалары және салт-дәстүрлер