Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру
әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика
және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика
кафедрасы
Курстық
жұмыс
Қазақстан
халқының депозиттері және оларды сақтандыру
Тексерген:Зейнолла
С.
Алматы
2008
Мазмұны
Кіріспе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде
1.1.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . . . . . . 5
1.2.Депозит
түрлері... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2-бөлім: ҚР депозиттер және оларды сақтандыру.
2.1.«Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның қайраткерлігі туралы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2.2.Депозиттерді кепілдендірудің теориялық және тәжірибелік негіздері: әлемдік және қазақстандық тәжірибе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .32
2.3.ҚР
депозиттерінің қазіргі жағдайы... . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
Пайдаланған
әдебиеттер... . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47
Кіріспе
Мен өз курстық жұмысымды жазғанымда Қазақстан Республикасының «Ұлттық банкі туралы» туралы, «ҚР Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлықтары және солар негізінде шыққан нормативтік құжаттар мен ережелерді басшылыққа алдым. Себебі, менің жұмысымның тақырыбы, яғни «Қазақстандағы депозиттер және оларды сақтандыру» жоғарыда аталып өткен заңдармен тығыз байланысты.
Менің бұл тақырыпты
Курстық жұмысымды жазғанымда мен мынадай мәселелерге тоқталдым:
- Депозиттер туралы жалпы мағлұмат беру
- Депозиттердің ерекшеліктеріне және сақталу мерзімдері мен сыйақы мөлшерлемесіне баса назар аудару
- «Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ-ның жалпы атқаратын қызметтеріне және екінші деңгейлі банктер мәжбүрлеп таратылған жағдайда атқаратын қызметтерін айқындау
- Жалпы халықты Депозиттерді Кепілденліру Жүйесі туралы мәліметтендіру және банк секторына деген халықтың сенімділігін арттыру
- Қазақстандық депозиттерді сақтандыру тәжірибесін АҚШ тәжірибесі негізінде салыстыру
- Қазақстанның депозиттік ұйымдарындағы депозиттердің жағдайына тоқталып өту.
Курстық жұмысым 2 бөлімді қамтиды:
- Банктер қаржы делдалдары ретінде
- ҚР депозиттер және оларды сақтандыру
Бірінші бөлімді, мен , ең алдымен коммерциялық банктердің, соның ішінде уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту қызметіне, тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін құрайтын депозиттерге тоқталдым. Бұнда депозиттердің пайда болуын, оның бір-бірінен айырмашылықтары мен бөліну ерекшеліктерін қарастырдым.
Ал, екінші бөлімде, теория мен
практиканы үйлестіру
1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде.
1.1Коммерциядық банктердің қызметтері мен операциялары
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс–әректтерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыпиасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пйдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады. /1/
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- Ақылы негізде депозиттерді тарату;
- Клиенттер мен банк–корреспонденттерінің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- Қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- Инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- Заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;
- Тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- Клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
- Коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай–ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
- Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
- Уақытында бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- Экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
- Қолма– қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- Инвестициялық қызметі;
- Клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос
ақшалай қаражаттарды жинақтау –
коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі–базалық
қызметі. Банк ресурсы банктің пассивтік
операцияларды жүргізуінің
Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.
Пассивтік және
активтік операциялар бір–бірімен
тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің
құрылымы мен сипаты кең жағынан
банктің активтік операцияларды
жүргізудегі мүмкіндігін
Банк ресурстарын
қалыптастырудың негізгі
Банктің өзіндік қаражатына жарғылық және резервтік қорлары, сондай–ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге қорлар, сақтандыру резервтері және жыл ішінде бөлінеһген пайда жатады.
Банктің жарғылық қоры (капитал) – банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық капитаолдың қалыптасуы әр түрлі болады. /2/
Банктің ұйымдық – құқықтық формасына қарамастан оның жарғылық қоры толықтай қатысушылардың – заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларының есебінен қаллыптасады әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк несиесінің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі–беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай қаражат жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.
Банктің жарғылық капиталына акционерлер (қатысушылар) салым ақшаны салумен қатар жыл сайын дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады.
Аударылатын дивидендтердің мөлшері, аударылатын кезегі мен тәртібі акциялардың түрлерімен және шығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция).
Банкке түскен пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидндтерді есептеу резервтік қордың есебіен жүргізіледі.
Коммерциялық банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған залалдың орнын толтыруға арналған, банк облигациясы бойынша төлем көзі ретінде әрі алынған пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебіен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25-100% деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор жарғылық қорға аударылады (капиталдандырылады) және оны есептеу қайтадан басталады.
Коммерциялық банктерде резервтік қормен қатар пайдадан аударудың есебінен арнайы қорлар (банктің өндірістік және әлеуметтік дамуына арналған) құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі.
Банктегі өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды орындау арқылы қалыптастыратын сақтандыру резерві жатады. Ол (сақтандыру резерві) – банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты кемуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады. Бұл резервті қалыптастырудың міндетті сипаты бар.
Банктегі өзіндік қаражаттың маңызды функциясы– банктің өз салымшылары арасындағы міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол шама ретінде қарастырылуы мүмкін, оның шегінде банк өз міндеттемесі бойынша жауапкершілігіне кепілдік береді. Банк іс–тәжірибесінде өзіндік қаражат ресурстардың ысырапқа ұшырауы салдарынан залалдың орын алатынына қарамастан банктің төлем қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін резерв ретінде саналады, өйткені, өзіндік қаражат акционерлерге міндетті түрдегі қайтарымға жатпайды. Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшері оның қызмет ауқымын анықтап береді. Әдетте, Ұлттық банк экономикалық нормативтерді банктердің материалдық базасын дамытудың көзі болып табылатын өзіндік қаражаттың мөлшеріне қарай белгіллейді. Оның есебінен банк өзіне қажетті үй–ғимаратты, машинаны, құрал–жабдықты, есептеуші техниканы және т.б. керек–жарақтарды сатып алады. Аталмыш шығынды қаржыландырудың тікелей көзіне пайданың есебінен қалыптасатын, банкті өндірістік және әлеуметтік жағынан дамытатаын қор жатады.
Өзіндік қаражаттың шамасын (мөлшерін) коммерциялық банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:
- Банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;
- Өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;
- Өзінің активтік операцияларының сипатына тәуелді;
- Ұлттық банктің жүргізіп отырған несие саясатына және несиелік ресурстар нарығының даму деңгейіне тәуелді.
Дамыған нарық жағдайында несие саясатын ырықтандыратын болсақ, коммерциялық банктер несие ресурстарына оңай қол жеткізеді, әрі банкке қажетті өзіндік қаражаттың деңгейін кемітеді. Қаржы нарығының жеткіліксіз дамуына қарай ұштастыра отырып несие саясатын күшейтетін болсақ, өзіндік қаражатты тұрақты түрде өсіріп отыруға тура келеді.
Бұл арада банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде арттырудың екі әдісі пайдаланылуы мүмкін:
- Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін;
- Пайданы немесе шығарылатын акциялардың санын (банк пайшыларының санын) арттыру.
Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру әрі оларды кейін капиталдандыру формасында жүзеге асырылады. Жылдың соңында пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруда (немесе жаңа пайшыларды тартуда) қосымша шығынды талап етпейді. Алайда, пайданы жинақтау өз кезегінде банктің нарықтағы позициясын әлсіретуге әкеп соқтырып мынадай жағдайға жол беруі мүмкін: пайданы жинақтау ағымдағы жылдың ішінде акционерлерге төленетін дивидендтерді кемітеді.
Отандық коммерциялыө банктер әбден қалыптасқан нарықта өз орнын (позициясын) тұрақты, сенімді, берік ету үшін әрекеттенетіні белгілі. Алайда, оларды көбінесе пайданы ұзақ мерзімді келешекте өсіруден гөрі ағымдағы дивидендтер проблемасы қинайды. Сол себепті де олар өзіндік қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен немесе жаңа пайшыларды тартудың есебінен арттыруды жөн көреді.
Коммерциялық
кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемесінің
өзіндік ерекшелігі мынада: оның көптеген
ресурстары өзіндік қаражаттың есебінен
емес, қарыз қаражатының есебінен қалыптасады.
Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның
негізгі түріне банктің өз клиентурасымен
жұмыс істеу процесінде тартқан (депозит
деп аталатын) қаражат және өзге несие
мекемелерінен қарызға (банкаралық несие
арқылы) алған қаражат жатады. /7/
1.2 Депозит
түрлері
Банк
ресурстарының құрылымында
Нарықтық
қатынастардың дамуына
Банктік тәжірибеде барлық ьартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- Депозиттік қаражаттар;
- Депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құррайды. Депозиттер банк үшін бірден–бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік
емес тартылған ресурстармен көбінесе
ірі коммерциялық банктер айналысады.
Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі
сомада сатып алынатындықтан да, оларды
көтерме сауда операциялар
Депозит (латынша depositum-сақтауғу берілген зат) – бұл клиент қаражатын банкке уақытша пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастар болып табылады.
Банктік депозит мінін зерттей отырып, З.С.Каценеленбаум депозиттің екіжақтылық сипатын атап көрсеткен. Депозиттер салымшылар үшін потенциалды қаражат болып табылады. Салымшы чек толтырып, оны циркуляцияға жіберуі мүмкін. Сол уақытта банктегі қаражат пайыздық сыйақы әкеледі. Олар салымшы үшін екі рөлде көрінеді: бір жағынан, ақша рөлінде, екінші жағынан, пайыз әкелетін капитал рөлінде. Депозиттердің қолма–қол ақшамен салыстырғанда артықшылығы – ол пайыздық сыйақы әкеледі... ал кемшілігі – капиталдың әдеттегі әкелетін пайызынан азырақ пайыз әкеледі. Осы төмендетілген пайыз кездейсоқ жағдай емес, бұл банк табиғатының негізі болып табылады. Өйткені, банктік депозит бойынша төлейтін пайызы өз қаражатын орналастырудан түсетін пайыздан төмен болады. Бұл жерде екеуінің қатынасы– ¼ болып табылады.
Депозит тек клиентке ғана емес, сондай –ақ банкке де пайдалы. Көптеген депозиттердің банкке ссудалық капитал құруға мүмкіндігі бар. Содан соң банк оны тиімді салаларға орналастырады. Депозиттер бойынша пайыз бен несие бойынша пайыздың айырмасы банктің табысы болып табылады. Банктердің осы табысты көбейтуге тырысуы ресурстық базаны көбейтуге ұмтылуына әкеледі.
Банктің «алтын ережесі» бойынша оның қаржылық талаптарының мөлшері мен мерзімі міндеттемелерінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес келуі керек. Осы ережеге сәйкес банктер ағымдағы шоттардағы қаражатты несиелеу ресурсы ретінде қолдана алмас еді. Алайда, әдетте клиенттер бір мезгілде барлық қаражатты алмайтындықтан, банктік қолма–қол ақша резерві тым көп болмауына да болады. Сонымен қатар, көптеген банктік операциялар қолма–қолсыз жүреді. Кассалық резерв ретінде қолданылмаған қолма – қол ақша қаражаттары банктің өтімділігін көбейтіп, несие беруге ресурс түрінде қолданылуы мүмкін.
Жалпы алғанда, депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент–банктердегі шоттарда орналастыруға байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі./7/
Салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- меррзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай–ақ, оларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай, т.б.
Салым
иелерінің категорияларына
- жеке тұлғалардың шоттары;
- кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың шоттары;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттары;
- қаржылық мекемелердің шоттары;
- шетелдік азаматтардың шоттары.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма–қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттаодағы қаражаттар. Талап етуіне дейінгі депозиттер ағымдағы есеп айырысулар үшін қажет. Мұндай шотты ашуға ниетті, ең алдымен клиент білдіреді, себебі оған есеп айырысып, төлемдер жүргізу қажет болады. Мұндай шоттар бойынша қаражат қозғалысы қолма–қол ақша түрінде, чекпен, аударыммен, басқа да төлем құжаттарымен ресімделуі мүмкін.
Қазақстан
Республикасының банктік
- мемлекеттің, акционерлік кәсіпорындардың және әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
- әр түрлі мақсаттарға тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Кемшілігі – шот бойынша пайыз төленбейді немесе өте төмен мөлшерде төленеді. Осылайша, талап етуіне дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез–келген уақытта ешқандай шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуіне дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуіне дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды. /4/
Талап етуіне дейінгі депозиттердің бір түріне контокорренттік шотты да жатқызуға болады. Контокоррент (итал. Conto corrente–ағымдық шот) – бұл банктің клиентпен арадағы барлық операциялары есепке алынатын бірегей шот болып табылады. Контокоррентте бір жағынан, банк ссудалары мен клиенттердің бұйрығы бойынша шоттарда жүргізілетін барлық төлемдер жүргізілсе, екінші жағынан – шотқа аударым, салым түрінде түсетін қаражаттар орналастырылады. Осылайша, бұл – активті–пассивті шот болып табылады. Кредиттік сальдо клиенттің өз қаражаты бар екенін білдірсе, дебеттің сальдо клиент займдық қаражат алып, несие бойынша қарыз екенін көрсетеді. Кредиттік сальдо бойынша банк клиент пайдасына пайыз есептесе, дебеттік сальдо кезінде өзі берген несие үшін клиенттен пайыз алады. Бұл жерде пайыз шот иесі пайдасына есептелетін пайызға қарағанда жоғары мөлшерлемемен есептеледі. Контокоррентті шоттар сенімді клиенттерге ашылады. Шот иесі қаражат түсімінен гөрі шығыны асып кеткен жағдайда арнайы құжат толтырмай–ақ банкпен келісілген шарт бойынша белгілі бір сомада несие ала алады.
Контокоррентті шотқа ұқсас овердрафты бар шотты айтуға болады. Бұд шот бойынша клиент пен банктің шартына сәйкес шот иесі шот қалдығындағы қаражаттан көп қаражат алуына болады. Яғни, бұл шотқа пассивті қалдық тән. Овердрафты бар шоттың контокорентті шоттан айырмашылығы – онда бір мезгілде басқа шоттар да ашыла береді. Ал, контокоррент шотта банктік операциялардың барлығы жинақталған. Сонымен қатар, контокоррент шоттар шаруашылық субьектілер үшін ашылса, овердрафты бар шоттар жеке тұлғаларға да ашыла береді.
Талап етуіне дейінгі депозиттерге банктердің корреспонденттік шоттары да жатады. Бір банктің басқа банктерге ашқан шоттары ностро–шот деп аталады. Керісінше, басқа корреспондент банктердің осы банкте ашқан шоттары лоро–шоттар деп аталады. Банктер арасында корреспонденттік қатынастар орнату кезінде жақтар осы шоттар бойынша овердрафтың болуын қарастырады. Кредиттік және дебеттік қалдық бойынша шекті мөлшері, мерзімі, пайыздық мөлшерлемелері банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар туралы келісім–шартпен анықталады. Лоро –шотта пассивті сальдоның құрылуы банк айналымында басқа корреспондент банктерден тартылған қосымша ресурстардың болуын білдіреді. Ал, активті сальдо – овердрафтың пайда болуын, яғни корреспондент банкке несие бергендігін көрсетеді. Ностро–шотта осыған қарама–қарсы қозғалыс болады.
Осылайша, лоро және ностро шоттар бойынша кредиттік сальдо банк балансында корреспондент банктен алған ресурстардың болуын көрсетеді. Көптеген банктерде талап етуіне дейінгі депозиттер тартылған қаражаттар құрылымында көп үлесті алады. Бұл банктік ресурсты қалыптастырудың ең арзан жолы болып табылады. Талап етуіне дейінгі депозит қаражатының жоғары мобильдігіне байланысты бұл шот қалдығы үнемі өзгерісте болып табылады. Шот иесінің қаражатты кез келген уақытта алып кету мүмкіндігі банк айналымында жоғары өтімділігі бар активтердің болуын талап етеді. Сондықтан банктер бұл шоттарға өте аз пайыз төлейді немесе тіпті төлемейді. Алайда, талап етуіне дейінгі депозит қаражатының жоғары қозғалмалылығына қарамастан, оның ең төменгі қалатын сомасын анықтап, соны тұрақты несиелік ресурсқа айналдыруға болады. Талап етуіне дейінгі депозит шотында сақталған және «мерзімді депозитке» ауыстыруға болатын қаражат үлесін келесі формула бойынша есептеуге болады:

- Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік іс-әрекетін менеджменттің принциптер негізінде зерттеу
- «Қазақстан Халық Банкі» туралы жалпы мәлімет
- Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту
- Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
- Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары
- Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі
- Қазақстан энергетикасы
- Қазақстан телеарнасындағы салт-дәстүрлерді насихаттау.
- Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде
- Қазақстан топырағының ауыр металдармен ластануы
- Қазақстан топырағының ауыр металдармен ластануы
- Қазақстан топырағының ауыр металдармен ластануы
- Қазақстан туристік индустриясының проблемалары мен шешу жолдары
- Қазақстан Ұлттық банкінің пайыздық саясаты