Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі

Мазмұны  

Кіріспе.....................................................................................................8 

1.  Шағын кәсіпкерліктің түсінігі және оның негізгі түрлері..............9

    1. Шағын кәсіпкерліктің мәні, мақсаты, ерекшеліктері................................9
    2. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны............................................14

1.3.    Шағын кәсіпкерлік қызмет түрлері..........................................................16 

2. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану...............20

2.1. Қазақстан Республикасындағы  тамақ өнімдерін өндіру жөнінде............20

2.2 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық талдау...........23

2.3. “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау........................................27 

3.   Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары..................................................................................30

3.1.    Қазақстан  Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың

мемлекеттік саясаты..............................................................................................30

3.2.     Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру

жүйесі және оны дамыту перспективалары........................................................33 

Қорытынды ...........................................................................................................36 

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................37  
 
 
 
 
 
 

       Аннотация 

            Курстық жұмыстың     тақырыбы:     Шағын кәсіпкерлік: мәні, мақсаты, түрлері 

       Зерттеу жұмысының объектісі - Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіпорындары. 

Курстық      жұмыстың       мақсаты - ОҚО      нарық жағдайындағы кәсіпорынның  өндірістік қызметін ұйымдастыру мақсатында олардың негізгі экономикалық көрсеткіштеріне және экспорт, импорт көлемдеріне талдау және оны жоғарлату жолдарын анықтау. 

Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тарау, 8 параграф, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыстың жалпы көлемі - 37 бет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Нормативті сілтемелер 
 

       
  1. Қазақстанның индустриалды - инновациялық даму стратегиясы 2003-2015жж. № 1096 от 17 мамыр 2003 жылы Қазақстан Республикасының Жарлығымен бкітілген.
 
       
  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2008жж Бағдарламасы 30 науырыз 2007 жылы, Қазақстан Республикасының Жарлығымен бекітілген
 
       
  1. ОҚО индустриалды - инновациялық дамуының стратегиялық жоспары 2004-2015 жылдарға, Шымкент, 2003 жыл.
 

       5. Н.Ә. Назарбаев, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Барлық 
қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-аухатының артуы, 
Алматы, Білім 2008ж
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Анықтамалар 

   Бизнес – кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушылар қажет қоғамда, қызмет сферасында алуға болады.

   “Шағын кәсіпкерлік” – пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге асады.

   Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

   Менің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі Шағын кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”.

   Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған  елдердегі Шағын кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі Шағын Шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді. 

   Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің Шағын кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

   Шағын кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

   Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар Шағын кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке Шағын кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, Шағын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.

   Ал  американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан  да сенімді болған. Іс жүзінде Шағын кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.

   19-шы  ғасырдың екінші жартысында бастау  алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан  бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар  талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе түсті.

   Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі  корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар.

    

      1.  Шағын кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері 

    1. Шағын кәсіпкерліктің мәні, мақсаты, ерекшеліктері
 

   “Кәсіп  ету” – қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.

   Әкімшілік – бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді  сақтай отырып, экономикалық жүйенің  шағын кәсіпкерлік түріне негізделген.

   Соңғы уақыттарында Қазақстанда шағын кәсіпкерлік дамуда. Шағын кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.

   Шағын кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.

   Шағын кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.

   Шағын кәсіпкерлік – бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.

   Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз  көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ “жолы болғыштық” ойлай алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді.

   Оқытудың  негізгі міндеті - әрбір адамға көмек  көрсетуге тырысу.

   Шағын кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау – кәсіпкердің кез-келген жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.

   Философиялық  көзқарас тұрғысынан шағын кәсіпкерлік – жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.

   Кәсіби  мағынада Шағын кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.

   Кәсіпкер  үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан  бұл жерде ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің (1867 - 1933) мына сөзі орынды : “Егер сіз болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде болмайды”.

   Шағын кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз күшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі.

   Бірақ кез-келген бизнесменді кәсіпкер деп  атауға болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол шағын кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды орындайды.

   Күнделікте  өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен  айналысатындардың барлығын жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан Шағын кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-құлық түрі ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:

  • Ең жоғары пайдаға ұмтылу;
  • Тәуекелге баруға дайын;
  • Жаңаға ұмтылу ұйымдастыру – шаруашылық жаңашылдық.

   Қазіргі жағдайда Шағын кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. өз өнімінің үнемі жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре алады.

   өндіріс сферасындағы шағын кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды табу және қалыптастыру және оны дайындау (жасау) жолымен қанағаттандыру, тауарды ретінде өнімдерді (орындалған жұмысты, көрсетілетін қызметті) сату.

   ҚР  Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер – заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын (нишасын) табуы керек.

   “Шағын кәсіпкерлік” және “бизнес” түсінігі бір қатарда тұрады және оларды синоним ретінде жиі қолданды. Бұл расында да туыс категориялар.

   Бизнес – кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушылар қажет қоғамда, қызмет сферасында алуға болады.

   Табысты бизнес, іскерліксіз жетілдірілмеген, үнемі дамусыз ойға сыйғысыз, яғни бизнес Шағын кәсіпкерлікте құрылады.

   Шағын кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммериялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке Шағын кәсіпкерлікті түсінеді.

   Шағын кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды.  Өндірістің  үш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі.

   Австриядан  шыққан, жұмыс орны американдық ғалым  экономист Иозеф Шумпетер өндірістің төртінші факторы ретінде – Шағын кәсіпкерлікті көрсетті.

   Экономикалық  қызметтің өндірістік факторы ретінде  Шағын кәсіпкерлік туралы айта отырып, экономикалық қызметке қатысушылардың Шағын кәсіпкерлік мүмкіндігін, іскерлік, Шағын кәсіпкерлік белсенділігін айтады. Бұл екінші фактордың, яғни еңбектің, еңбек қорларының сапасы.

   Шағын кәсіпкерлікті барлық үш негізгі факторлар әсерін күшейтетін белсендіруге қабілетті қозғаушы күш көзқарасы тұрғысынан жеке фактор деп санауға болады.

   Кәсіпкерлер мен шағын кәсіпкерліктің маңызды қасиеттері ұтқырлық, қимылға бай, бастамалық, ізденіс болып табылады.

   Шағын кәсіпкерлікке ұйқышылдық, тыныштық тоқырау жат. “Шағын кәсіпкерлік” атауына толық сәйкес ол жүзеге асыратын істің табысын қамтамасыз етуге бағытталған, ойдағы мақсатқа жетуге, пайдалануға күші мен шараларын кәсіп етеді.

   Ол  шығындардың және пайданы жоғалтудың алдын алуды қарастырады. Осылайша Шағын кәсіпкерлік – бұл тірі, үнемі жаңарып отыратын, тұрақты жұмыс көзі.

   Шағын кәсіпкерліктің жүздеген анықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық анықтамасында “Шағын кәсіпкерлікке” мынадай анықтама беріледі.

   “Шағын кәсіпкерлік” – пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.

   Шағын кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19-ғасырда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж.Б. Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған.   

   Кәсіпкердің жеке мәртебесі (меншік иесі немесе оның тапсырмасы бойынша қызмет етуші  адам), қызмет мақсаты – әлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе табыс  алу және атқаратын қызметтері –  шығармашылық (шаруашылық тәуекелге  байланысты коммерциялық идеяларды ойлап шығару және іске асыру), ресурстық (ақпарат, қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру), ұйымдастыру (ресурстарды қолайлы түрде біріктіру және олардың қолданылуын бақылау).

   А. Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: “Ол өз қызығушылығын ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. өзінің қызығушылығының артына түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына қызмет етеді”.

   “Кәсіпкер”  түсінігі белгілі эволюциялық кезеңнен өтті. Мысалы 1725 ж. Р. Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді. А Бодо (1797 ж.) кәсіпкер – қабылдаған ісіне жауапкершілік алатын адам, яғни жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады және кәсіпорынды басқарады. 1876 ж. Ф. Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оған пайыз алатын және кімнің өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп көрсетуді ұсынды. 1934 ж. И. Шумпетер кәсіпкер – жаңашыл, жаңа технологияны жасайды деді. Д. Маклелланд бойынша кәсіпкер – қуатты адам, тәуекел жағдайында жұмыс істейді.

   Г. Друкер (1964 ж.) кәсіпкер – бұл кез  келген мүмкіндікті ең жоғары тиіммен  қолданады.

   А. Шапиро (1975 ж.) кәсіпкер – бұл бастама  көтеруші адам деп санайды.

   Тәуекел жағдайында жұмыс істей отырып, ол туындаған сәтсіздікке толық жауапкершілік алады. Р. Хизрич (1985 ж.) Шағын кәсіпкерлік – құны бар жаңа бірдеңені жасау процесі, ал кәсіпкер - өзіне қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел алып, қажетті уақыты мен күшін жұмсап, ақысына ақша алады және жетістігіне қанағаттанады.

   Сонымен, Шағын кәсіпкерлік – пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді қоғамдық көмекпен үйлестіру негізіндегі қызмет болып табылады.

   Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Шағын кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.

   Шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер т.б. түрінде шығады. Кәсіпкердің бастапқы шешімі дегеніміз негізін қалаушы, ұзақ мерзімді шешімдер. Бұл бір-ақ рет қабылданатын шешімдер, әрі қарай оны түзеуге болмайды, өйткені бұл біршама құқықтық мәселелер мен материалдық шығындармен байланысты. Мұндай шешімдерге жатады:

 А) ұзақ мерзімді шағын кәсіпкерлік шешімдерді анықтау;

 Б) өндірісті орналастыру үшін орын таңдау.

   Шағын кәсіпкерлік мақсат – бұл белгілі уақыт ішінде жету, қажет қалайтын жағдай.

   Мақсатты  қалыптастыру кезінде келесі үш элементті  дәл анықтау қажет:

 А) мақсаттың мазмұны, қандай жағдайға жету қажет және мақсатқа жету деңгейін анықтау, белгілеу.

 Б) қалаған мақсат көлемі, мақсат шексіз немесе шекті қалыптаса ма?

 В) мақсаттың уақыт факторы. Әрбір  мақсат үшін сұрақ анқтау қажет, қойылған мақсат қандай кезеңге дейін немесе қандай уақыт ішінде жету керек.

   өндірісті орналастыру орнын таңдау туралы шешімді, тек жаңа ұйымдастырылатын кәсіпорын үшін емес, жекелеген өндірісті кеңейту кезінде қабылдау қажет. өндірісті орналастыру орнын таңдау кәсіпорынды құру кезіндегі негізгі шешімдерге жатады. Орынды дұрыс таңдамаса болашақта орынды ауыстырып жөндеу де қиын, шаруасы көп және үлкен шығындармен байланысты. Орналастыру орынын таңдау кезінде кәсіпорын басшылығы өндірісті орналастыруға болатын әртүрлі орындардағы шығындар мен пайданы салыстыру кезіндегі рентабельдіктің жалпы принципы шешуші болып табылады.

   Шағын кәсіпкерліктің маңызды белгілері.

  • Шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауда еркін.
  • Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.
  • Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.

   Кәсіпкердің көрсетілген маңызды белгілері  өзара байланысты және бір уақытта  әрекет етеді. Шағын кәсіпкерлік үнемі жаңалықтармен байланысты. Экономикалық қызметтің бұл жағына И. Шумпетер және А. Маршал назар аударды. Егер И. Шумпетер Шағын кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың теңдігін көрсетті, ал А. Маршал қоғамдағы кәсіпкердің нақты ролі, олар өздерінің жаңалықтарымен тек жаңа тәртіп құрып қана қоймайды. Қоғамдағы конструкциялық жетілген процестерді жылдамдатуын да, - деді.

   Кәсіпкер - өндірістің және қоғамның өмірін ұйымдастырудың бұрыңғы нысандарын табанды түрде  бұзады. Экономикадағы революционер әлеуметтік және саяси революцияның бастаушысы. Кәсіпкер қоғамның экономикалық дамуындағы басты тұлға бола отырып, үнемі “бүлінгенді қалпына келтіруді” жүзеге асырады. Қоғамда Шағын кәсіпкерлік пен жаңашылдық өзара бір тұтасты құрайды деп қорытынды жасауға болады.

   Шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағадайлар қажет:

  • Экономикалық;
  • Құқықтық;
  • Әлеуметтік және басқа.

   Экономикалық  жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып  ала алатын тауар түрлері, тауарды  ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп  болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы  күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.

   Шағын кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талғам мен сәнге сәйкес тауарларды алуға ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі мүмкін.

   Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар біршама роль атқарады.

   Әлеуметтік  жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа  қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде  оның бизнестің ұсынған еңбек  ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді.

   Кез келген Шағын кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші орында шағын кәсіпкерлік қызметті реттейтін, Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы:

  • Кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарпайымдылығы мен жылдамдығы;
  • Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;
  • өндірістік Шағын кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық заңдылықтарды жетілдіру;
  • Қазақстан кәсіпкерлерінің шет елдермен бірлескен қызметінің дамуы. [1. 4 – 10 беттер]
 
    1. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны.
 

   Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа  Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа болашақты ашты.

   Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:

  • Ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
  • Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;
  • Монополияға қарсы әлеуеті бар;
  • Ғылыми – техниалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;
  • Нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді.

   Шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономиканың даму негізі.

   Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді жеңу оңайға түспейді.

   Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты. Сол арқылы Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз жасалды.

   Қазақстанда меншік иесіне өз мүлкін иелену, пайдалану  және басқару құқығын берілген, заңмен бекітілген (ҚР азаматтық кодексі).

   Меншіктің үш құқығы бар.

     Бірінші құқық мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыру мүмкіндігін заңдақ қамтамасыз ету.

   Екінші  құқық пайдалы қасиеттерді алу, сонымен қатар одан пайда алу мүмкіндігін береді.

   Үшінші  құқық мүліктің заңдық тағдырын анықтау мүмкіндігін заңмен қамтамасыз етеді.

   Меншік  құқығы мен экономикалық тиімділік  арасында нақты байланыс бар. Экономикалық ғалымдар төрт маңызды тиімді бөліп  көрсетеді:

  • Ынталандырушы;
  • Капиталды жинау;
  • Икемділік;
  • Мақтаныш.

   Заңдар  жүйесі меншікті ең жоғары өнімді пайдалану  үшін ынтамен қамтамасыз ету қажет. Меншікті жеткілікті қорғау кезінде, табыстың қандай-да бір бөлігі міндетті түрде  жинау мақсатына арналады. Меншік иелеріне ресурстарды қолданудағы  икемділік әрбір жекелеген жағдайда олардың қызығушылықтарына максималды сәйкес ресурстарды алуға мүмкіндік береді.

   Меншікті  иелену және басқару меншік иесінің  өз жетістіктеріне, өзінің шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне мақтаныш тудырады.

   Өзіндік жеке меншік меншіктік немесе (жалға алынған) өндіріс құралдарын қолданып, жеке (жанұялық) еңбекпен жасалған материалдық және рухани құндылықтар болып табылады.

   Жеке  меншік өркениетті қызметтің басты  факторы. Ол өзінің осы тарихи миссиясын  орындауы қажет. Жеке меншік біздің экономикалық процестерге ең қолайлы ықпалын көрсетеді.

   Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметтің заңдық негіздері 90 жылдарда жасала бастады. Осы бизнес түрінің дамуы және қалыптасу сұрақтарын реттеуге бағытталған заңдар, заңдық және басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданған және қызмет етуде.

Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі