Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары
Мазмұны:
Кіріспе
«Нарықтың мәні, құрылымы және қасиеттері» деген курстық жұмысымда, мен, нарықтың мәні мен ерекшеліктерін, нарықты ұйымдастырудың мәні мен оның өзекті мәселелерін, нарықтың даму тарихы мен теориясын, оның ішінде Қазақстан нарығының тарихын, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы қарастырдым.
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Курстық жұмысымда нарықтың әлеуметтік-экономикалық табиғаты, оның пайда болу тарихы туралы сөз еттім. Нарық дегеніміз не екендігін айта отырып, оның түрлерін, құрылымын, атқаратын қызметтері мен өмір сүру шарттарын айттым.
Нарықтың Қазақстанда дамуын әңгімелеп, Қазақстанда нарықтың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екендігін жаздым.
Нарықтың бағаға еркіндік әкелгендігін, еркін бәсекелестік орнағанын, еңбек өнімділігі артып, тұтынушы мен өндіруші арасында байланыс орнағанын, Қазақстан рыногында тауар молайғанын айта келіп, нарықтың кемшіліктері де бар екендігін де айттым. Оның қандай кемшіліктер екендігін атап өтіп, сол кемшіліктерді жою жолында жасалынатын жұмыстар қандай болу керектігін көрсеттім. Менің ойымша, Қазақстанда нарықты дамыту жолы орта және шағын бизнесті дамыту. Ол үшін мемлекеттің рөлі өте үлкен.
«Нарық пен мемлекеттің екеуі де маңызды. Экономиканы осының немесе басқасының жоқ жағдайында басқару - бір қолмен шапалақтағанмен тең» - деп бекер айтылмаған.
Нарық жағдайы өте қатал. Соған байланысты мемлекет шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасап, проценттік ставканы азайту, арендалық төлемді, салықты азайту секілді жұмыстар жасауы керек деп ойлаймын.
Нарық жағдайында жұмыс жасауды біздің жаңа дамып келе жатқан жас республикамыздың нарықпен айналысатын адамдарының көбі түсінбейді. Осыған байланысты консалтингтік қызмет туралы да айтып кеттім.
Нарықтың даму тарихы және теориясы.
Нарық қатынастарының даму кезеңдері.
Нарықты
стихиялы түрде дамушы немесе еркін
нарық, монополиялы нарық, реттелмелі
нарық деп бөледі. Стихиялы нарық
капитализмнің алғашқы
Монополиялық нарық 19-ғасырдың аяғында 20-ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүреді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктен ірі кәсіпорындар жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасады.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндірушіге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субьектілеріне қаржы-несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық конъюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама-ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танып отыр. Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу бағдарламасын көрсетуден бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.
Қазақстандағы нарықтың даму тарихы.
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құлиеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстрады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық
қатынастарының пайда болуының ең басты
шарты-өндіріс құрал-
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бала түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С.Бәкішевтің мәліметтері бойынша, шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Қазақтардың күнкөрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бұзылды. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақтың «Қазақстан және қазақтар» деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі. XIX ғасырлардың орта тұсында қазақтар арқылы отарлау өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кері әсер етті. Қазақтар алған байтақ жер бөліктері, көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен, егін шаруашалығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты. 1848 жылы жүз десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз жыл өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге егін еккен, бұл қырғыздардың бұрыңғы егіннің 7 пайыздайы ғана1. Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы егін шаруашылығы құлдырап кеткен. Осы бір ғана мысал нені көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді. Оны Т.Әбдіразақов көрсеткен мынадай мәліметтер де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 пайызы қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 1913 жылы 5,4 миллион пұт астық жинап, оның 4 миллион пұтын астық нарықтарына сатқан. Ал 1893 жылдың өзінде ғана Ақтөбе уезінде қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісі жарты еседей артық болған. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкімет тарапынан қорғау) нарық саясатын жүргізеді. Бұдан біз нарықты экономиканың негізгі белгілерінің бірі - бәсеке күресі Қазақстанда да болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы, сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылықтың ыдырауына, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ оны түгелдей іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп дамуының артта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россияның отарлау саясатымен байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналысуына бөгет жасалды. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайданылады, кең байлықтарын алу қасақана теріс тәсілдермен жүргізіледі, олардың тек қана аса бай, қол күшімен ғана алынатын орындары пайданылады. Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі дәуірдің өн бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойына да) аграрлы-шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау, қисапсыз алым-салық қазақ халқының экономикалық жағдайының құлдырауына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. Осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып, оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қазірде тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық мақсат - демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болып табылады. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды. Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарларымен толтыру. 1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен қабылданған. Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасында былай деп жазылған: жекешелендірудің негізгі мақсаты - мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеумен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтандырылған-жоспарлы экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Екінші кезеңінде (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекоммуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және валюта, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік нарығын құру болмақ.
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарын алып дамуымен сипатталады, соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсатына жетумен, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюымен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.
Қазіргі заман нарық теориясы
Батыс елдерінің шаруашылық саласындағы саясатын анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді, шартты түрде екі негізгі бағытқа бөлуге болады. Оның біріншілері - еркін нарықты және экономикаға мемлекеттік араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындарды либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын «неолиберализм» мектептерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридмен (1912 жылы туған) деп атайды. Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Ол өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) деген кітабындағы идеяларды «классикалық теория» деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталандыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады. Жұмыспен қамту процесінде мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж.М.Кейнстің жұмыссыздық туралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады. XX ғасырдың 30-шы – 80-шы жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсианстваның әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен қатар нарықтың автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын. Өздерінің зерттеулерінде, олар бірінші кезекте ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәуір бөлігін алып оның тиімді сұранымды және толық жұмыспен қамтуды қолдау үшін пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады (зейнет ақы, жәрдем ақша, халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.). Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше, мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады, оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттеп отырады.
XX
ғасырдың 70-жылдарында болған
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр. Бұған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның неоклассикалық синтез теориясы барынша айқын дәлел бола алады. Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономика мен микроэкономика арасындағы алшақтықты жояды. Реттемелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да «еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек қана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмайды» деп есептейді. Сонымен бірге «белгілі бір ақылға сиымды шекте» бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. «Толық жұмыспен қамту» жағдайында «шекті пайдалылық», «шекті еңбек өнімділігі» теориялары түрінде көрінетін, сөйтіп Самуэльсон үшін күн мен табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай «заңды күш» алады.
Жалпы неоклассикалық синтезді жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол экономиканы реттеудегі мемлекеттің жетекші ролі жағдайындағы жоғарыда көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады. П.Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» ғылыми-техникалық революцияға, экономиканы реттеуде мемлекеттің, ірі корпорациялар мен кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шарт сияқты нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің негізгі жағдайларын да қосады. Бұндай ұсыныстардың мақсаты - мемлекеттік бақылауды күшейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсеңдету үшін әлеуметтік маневр жасау әдісін кеңінен қолдану.
Біздің
алдымызда да нарықтық экономиканы
реттеудің дүние жүзінде
Нарықты ұйымдастырудың әдістері және оның өзекті үш
мәселесі
Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың екі негізгі әдістері белгілі: әміршілдік және нарықтық. Шаруашылықты басқарудың бұл әдістері бір өндіріс шеңберінде бірге өмір сүре алмайды. Егер шаруашылықты басқару таза нарық құралына негізделсе, онда ол орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлау нарықты қабылдамайды.
Соңғы
кездері экономиканы
Бұл
әлі толығымен зерттелмеген, дегенмен
әкімшілдік әдістен нарықтық әдіске
көшу жолын жеңілдету деп есептеуге
болады.
Суретте
: Экономиканы ұйымдастырудың
әдістері
Шаруашылықты
әміршілдік - әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру
өндірушінің үстемдігіне
Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық сұрақтарды алдын-ала саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп өндірістің көлемі мен бағасын анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске негізделген экономикада өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек?) шешу мақсатында әрекет етеді.
Не өндіру керек? Бұл жағдайда, тұтынушы бір немесе басқа тауарды сатып алуды таңдау арқылы өз белсенділігін білдіреді. Егер тұтынушы белгілі бір тауарлар түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар өндірудің көбеюін ынталандырады. Бұндай механизм біз бұрын ойлағандай экономикадағы бассыздық пен бұлдырлық емес, керісінше, оның сынаудан өткен тәртібі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық механизммен әрекет етуі, бейнелеп айтқанда, автоматтандырылған сипатта болады: тауарға сұраным артса, баға өседі, онда тауар өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және керісінше - сұраным азайып баға төмендесе оны азайтады.
Қалай өндіру керек? Ол тауар өндірушілердің арасында болатын күресімен анықталады. Тауар өндірушілер үшін бір-ақ жол бар, ол белгілі бір баға саясатын ұстану арқылы бәсекелесін ұту және белгілі бір пайда табу. Ол үшін аз шығынды кажет ететін арзан және сапалы өнім шығару керек. Ал ондай өнім қандай тауар өндірушілерде болады? Әрине, ол өндірісте ҒТП2 элементтерін кең түрде жүзеге асырған, жоғары білікті кадрлары бар кәсіпкерлерде болады. Қысқасы, нарық ҒТП жетістіктерін ендіруді, тұтынушыға қажетті өнім өндіруді ынталандыратын факторларды іздестіруге мәжбүр етеді.
Кім үшін керек? Бұл сұрақ, сұраным мен ұсынымның арақатысына байланысты. Бұл жағдайда нарықты өндірушілердің саны мен құрамы, олардың табыс деңгейі және т.б. көрсеткіштеріне қарай зерттеу қажет.
Жоғарыда көрсетілген шаруашылықты ұйымдастырудың сұрақтары барлық экономикалық жүйелерге тән өзекті мәселелер болып табылады, бірақ олар әртүрлі шешіледі.
Шетелдік
мамандардың пікірінше
Нарық механизмінің
мәні және ерекшеліктері.
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникасымен және азаматтың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру құқығын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу, табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап түру мүмкін емес.
Нарықтық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық, ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды. Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.

- Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі
- Қазақстан энергетикасы
- Қазақ теледидарындағы жастар бағдарламалары
- Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы
- «Қазақтелеком» АҚ қаржылық есептілігінің мәнділік деңгейін анықтау
- «Қазақтелеком» АҚ қаржылық есептілігінің мәнділік деңгейін анықтау
- «Қазақтелеком» АҚ-ның құрылуы және басқару құрылымы, ұйым қызметінің тиімділіг
- Қазақстан туристік индустриясының проблемалары мен шешу жолдары
- Қазақстан Ұлттық банкінің пайыздық саясаты
- Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру
- Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік іс-әрекетін менеджменттің принциптер негізінде зерттеу
- «Қазақстан Халық Банкі» туралы жалпы мәлімет
- Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту
- Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі